АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІП



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ
ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір
субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы
айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз.
Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы мівдет екендігін жадымыздан
шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері"
деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы
құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық
қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар
мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал
азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие
болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар
(жекетұлға). Әрбір адам — құқық субъектісі Бірақ, құқықта субъектілердің
басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар,
кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып
табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар
мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар
және заңды тұлғалар деп бөледі Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан
Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды,
кәсіпорындарды жәнет.с.с. атайды.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ

Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан
Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және
азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады.
Сондықтан да азаматтық занда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы
емес, азаматтардың қүқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық
қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына
беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы 19-маусымда
қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң күші бар
Жарлығының 2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар
шетел азаматтары болып саналады." Қазақстан Республикасындағы олардың
азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлеке-тінің заңымен емес, Қазақстан
Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында
қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше
көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-
бабы 11-бөлігіне сәйкес, "Казақстан Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар
азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі". Егер заң құжаттарында көзделмесе,
азаматтығы жок адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде
азаматтық құқықты пайдаланады.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
1. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі кұқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық
қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның
14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тен, тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге кезқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
езге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық
қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай кұрылған. Азаматтық
кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін
тең дәрежеде екендігі танылған. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің
теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға
берілетін міндеттілій тендікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың
бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мы-салы, тұрғын үйді, машинаны)
мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің тендігі дегенде занда бұл
орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға
тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық
қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол
берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған:
иЗаң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды."
Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың
қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі
мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай)
айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі
қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша кұқықты жою қашан да уақытша сипатта
болады. Сонымен катар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай
субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық
қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір қүқыкты алу мүмкіндігінен
айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды
жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты
болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни
оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және
т.б. меншіктік құқығы жойылады Алайда, зандық жауапкершіліктің мұндай
шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жүмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей
тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік
мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің
мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтык құқықтар мен
міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Аза-маттық кодекстің 14-бабында бұл
мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де,
одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге;
мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-
тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін
шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа
азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң
құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге
қатысу; өнер табыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік
құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап
етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады".
2. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана
құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып
есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені,
ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала
тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да
өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай
кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде
іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.
Құқық қабілетгілігі адамның—құқық субъектісінің өлу імен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
(жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік
қүқықтар) мүрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар қүқықтық салдар тудырып
кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да
хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және
психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІП
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз
әрекеттерімен азаматтық қүқыктарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі
үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып
табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен
ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл
дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның
өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға
тілек біддіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық кабілеттілігі оның жасы
мен психикалық жағдайына қатысты келеді Ол өзіне азаматтық құқықпен
міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс.
Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет
қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматга құқық қабілеттілік
болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке
толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толык көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-
тармағына сәйкес заң қүжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат
етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап
толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және
отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі.
Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша
азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын
мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап)
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық
емес) және шектеуліге бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне
байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола
тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе езіне
міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау
қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау
жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің 17-бабы, 1-тармағы).
Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы
қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие
болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің
әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша
айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке
толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты.
Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;
ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды,
олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай
мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
— өздерінің занды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың,
қорғаншылары келісімінсіз-ақ ез бетімен жасаған мәмілелер;
— ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты
негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің
келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалакысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына
салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді,
яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының
келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны зандарда кәмелетке
толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-
тін 22-бабы, 1-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің
келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері
көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген
зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның
тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы
өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін,
сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы
жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда
езгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай
береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір
мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды.
АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай
салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді оз бетінше жасауға құқылы.
Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды
жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет
қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауатжершілікті мойнына
алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-
анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдаиға ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де
кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен
ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып,
нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет
қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде
азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны
әрекет қабілеттілігі бар деп танвды.

ҚОРҒАНШЫЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ
1. Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да
құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар ездерінің
құқықтарын қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? —
деген сұрақ туады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі.
Бұның мәні мынада: қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және
міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет
жасайды. Қамқоршылықтың мәні қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі
бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына
алатындығында, сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қиянаттардан
қорғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен
(мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және
қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп
танылатындарға да, қамқоршы адам та-ғайындалады. Мұндай адамдар жөнінде
қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге
асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке
толған әрекетке кабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық
жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі
мүлікке билік етуді қамқоршылыкқа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе
мүлкін сенімді басқару негізінде камқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін
қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды
қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады ("Неке және
отбасы туралы" Заңның 113-бабы).
2. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды түлғаның қүқық қабілеттіліп мен әрекет қабілеттіліп
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы
Банктік тәуекелдердің жіктелуі
Банктік тәуекелдер
Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Азаматтардың құқықтары
Қазақстан Республикасы құқық қабілеттіліктері
Әкімшілік құқық туралы ақпарат
Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі
Пәндер