Реляциялық мәліметтер қорын жобалау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Реляциялық мәліметтер қорын жобалау

2. 2. Транзакция ұғымы

2. 3. Реляциялық мәліметтер қоры кестелерінің мазмұнына қарай жіктелуі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Транзакция деп мәліметтер қорын біртұтастығын жоғалтпай бір күйден екінші бір күйге ауыстыратын әрекетті түсінеміз; оның нәтижесінде бұған қатысты кестелердегі деректер өзгеріске ұшырайды. Егер транзакция аясында мәліметтер қорына (МҚ) енгізілген бір өзгеріс нәтижесіз аяқталса, МҚ бастапқы қалпына қайтарылуы тиіс; демек транзакция кезіндегі барлық өзгерістер мәліметтер қорында не толық ескеріледі, не болмаса оның ешбірі есепке алынбай, МҚ транзакцияға дейінгі қалпында қалады.

Мысал ретінде азық - түлік қоймасынан тұтынушыларға қызмет көрсету мәселесіне қатысты ЗNҒ шартын қанағаттандыратын 4 реляциялық кестелерден тұратын МҚ карастырайық (1-сурет) .

Customer Product

1-сурет. ЗNҒ-ке келтірілген МҚкестелері

Бұл кестелерге МҚ қолданғаннан бастап қоймадан сатылған әрбір заттың санын есепке алатын ProductStatistic және әрбір тұтынушының қоймаға төлеген жалпы сомасын сақтайтын CustomerStatistic кестелерін қосайық (2-сурет) .

Сонда мәліметтер қорына қоймадан сатылған затты тіркеу әрекеті, яғни транзакциясы бірнеше амалдан тұратын болады:

- OrderProduct кестесіне сатылған зат туралы жазба енгізу;

- ProductStatistic статистикалық кестесінен сол затка сәйкес жазбаны тауып алып, SumQuantProduct жиегінің мәнін OrderProduct кестесіндегі Quantity мәніне арттыру; егер CustomerStatistic бұл зат әлі тіркелмеген болса, онда алдымен бұл затты (жазбаны) осы кестеге енгізіп алу керек;

2-сурет. "ҚОЙМА" МҚ кестелері

- CustomerStatistic кестесінен осы затты алған тұтынушыны тауып алып, жазбадағы Summa жиегінің мәнін осы жолы сатылған барлық заттардың жалпы сомасына арттыру; егер CustomerStatistic кестесінде бұл тұтынушы тіркелмеген болса, онда алдымен оның кодын осы кестеге енгізіп алу керек;

Мысалы, килосы 100 тг тұратын 400 кг күрішті (коды - 1) 2-тұтынушы Айжанға жіберуді қарастырайық. Егер осы туралы мәліметті деректер қорына енгізу кезінде қатеге ұшыраса, онда бұл транзакцияны кері қайтару керек, әйтпесе мәліметтер қорындағы деректердің растығы бұзылады. Егер қателік OrderProduct кестесіне жазба енгізу кезінде орын алған болса, бұл жазба кестеге енгізілмегендіктен басқа амалдардың орындалуы кестесінде күріштің 400кг-ға артық сатылғаны және CustomerStatistic кестесінде Айжан 4000 теңгеге артық сауда істегені туралы жалған ақпарат пайда болуына әкеп соқтырады. Ал егер транзакцияның бұзылуы, яғни қателік ProductStatistic кестесіндегі Quantity жиегінің мәніне арттыру кезінде орын алса, онда басқа әрекеттердің дұрыс аяқталуы бұл кестедегі мәліметтің нақты жағдайға сәйкес болмайтындағына душар еткізеді; сатылған күріштің 400 кг есепке алынбай қалады. Егер де транзакциядағы ақау CustomerStatistic кестесіне жазу кезінде болса, онда басқа әрекеттердің дұрыс аяқталуы бұл кестедегі мәліметгің жалғандығына себеп болады; тұтынушының 4000 теңгеге жасаған саудасы есепке кірмей қалады. Сондықтан транзакция толық аяқталмаған жағдайда одан толық бас тарту керек, бұл амал транзакцияны қайтару аталады.

Бұрын мәліметтер қорының кестелерінің арасындағы сілтеме үйлесімділік және оның аналық кестедегі жазбаны өзгерткенде немесе өшіргенде туынды кестеге әсер ету механизмін қарастырғанбыз. Жоғарыда қарастырылған мысал мәліметтер қорының семантикалық, яғни мазмұнды үйлесімділігін сақтау қажеттігін көрсетеді. Мазмұнды үйлесімділік мәліметтер қоры кестелерінің арасындағы байланыстың мағыналық қайшылыққа ұшырамауын анықтайды.

Шынымен, сатылған зат туралы мәлімет ProductStatistic кестесінде тіркеліп, CustomerStatistic кестесіне енгізілмей қалса мәліметтер қорының сілтеме үйлесімділігі бұзылмағанымен, мазмұнды үйлесімділігі бұзылады. Мұны оп-оңай тексеріп бақылауға болады: ProductStatistic кестесіндегі әр заттың сатылған санын Product кестесіндегі сәйкес өз бағасына көбейііп, көбейтінділердің қосындысын CustomerStatistic кестесіндегі барлық тұтынушылардың төлеген сомаларының қосындысынмен салыстыру керек; егер екі қосынды өзара тең болса мәліметтер қоры мазмұнды үйлесімді болғаны.

Реляциялық мәліметтер қоры кестелерінің мазмұнына қарай жіктелуі

МҚ кестелерін онда сақталатын деректердің сипатына қарай мазмұны бойынша және оларды өңдейтін қолданбалы бағдарламаның орындалуы барысында өзгеріске ұшырауына байланысты үш түрге жіктеуге болады.

Анықтама кестелер - МҚ-ның басқа кестелеріне қарағанда мазмұны көп өзгеріске ұшырамайтын белгілі бір объектіге қатысты анықтамалық деректер сақталатын кестелер. Әдетте мұндай кесте басқа түрдегі кестелерге "бірге-көп" байланысты master - басыңқы (негізгі, аналық) кесте болып табылады,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ
Деректер базасының архитектурасы
«Кітаптар магазині» мәлеметтер қорын құру
Деректер қорын басқару жүйелері
«Компьютерлік орталық» деректер қорын құру
«Есік-терезе» құрылыс дүкені деректер қорын құру
Мәліметтер қорын басқару жүйесі бойынша дәрістер
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz