Жалпы Торғай тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

І бөлім.

І. 1. Торғай табиғаттары және тарихи деректер.

І. 2. Торғай өлкесіндегі елді мекендер тарихы.

ІІ бөлім.

І. 1. Торғай өлкесіне қатысты тарихи аңыз әңгімелер.

ІІ. 2. Жалпы Торғай тарихы.

ІІ. 3. Торғай өлкесінен шыққан танымал тұлғалар.

Кіріспе:

Ат жолын тартып мінген азаматқа, ұлтын сүйген ұлға қазақ жерінің қай түкпірі де жат болмасада, ата мекеннің жөні тым бөлек. Қыранның қанат қағысы ұясында байқалатын сияқты, ұланның да болмысы бітімі ұясында қалыптасады. Егіз ұлымның - ата мекен мен азаматтың арасында ыстық сезімнің ғұмыр бойы жалғасып жатуының себебін осы төңіректен іздеген жөн шығар. Бұл - мына жалпақ дүниенің тамыр - тиегін бағамдап көрген жұмыр басты пенденің қай - қайсысын мойындаған, дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

Ежелгі Торғай өңірі туралы сөз болғанда ең алдымен, осы араның төл перзенті халқымыздың аяулы ақыны Сырбай Мауленовтың:

Қызғанбаңдар ақындар,

Мақтауға оны қақым бар.

Мен туған жер кішкене,

Торғай деген атым бар.

Деп басталатын өлең шумақтары оралады. Арынды ақын «Мен туған жер кімкене» десе де Торғай үйренішті теңеумен айтқанда кәрі құрлық Еуропаның бірнеше мемлекеті сыйып кететін ешкімнің тақиясына тар келмейтін байтақ аймақ.

Сарыарқаның сауырында жатқан жалпақ дала Торғай алқабы боп аталады. Бұл алқаптың елді мекенінен елсіз жері көп-ақ. Осынау өңірдің қашан да қысы - қысылшаң, қызыл шұнақ аязды, жазы - жайма шуақ, аптаған ыстығы да баршылық. Адыр - бұдыр көз жетпес көсіліп жатқан мидай дала, меңіреу алқап. Жер бедері де байтақ даланың бет - бейнесін айқындай түскендей, әркідік бозғыл көде, белдеу - белдеу бетеге, қызыл күрең тобылғы, толып жатқан төбешік. Есепсіз етек алған оба, сай - сала, көл - көлшік толып жатыр.

Ал аспанда ақ сабанның көбігіндей мамық ақ бұлттар жөңкіле көшіп жүргені. Кейде қара бұлттарда қаптап, найзағайы шатыр - шұтыр, нөсер жауын әкеледі, тұтқиылдан дауыл да тұрып, даланың дегбірін кетіріп жатқаны.

Осы алқаптың нақ ортасында егіз қозыдай қапталдаса, қатарласа ағып екі өзен бар. Ол өзендер: - Қабырға, Торғай деп аталады. Осы өзендер бойындағы сыңсыған төрт түлік мал үнемі мәйек басып, мамырлап жатқаны. Иә, бұл екі өзен де ежелден мал баққан елдің құтты қонысы, береке бастауы.

Осы Қабырға бойын мекендеген қалың ел - қыпшақ руы. Соның ішінде түйішке деп аталатын рудан кеншім болып біраз ұрпақ өсіп - өрбіп, бірнеше ата тараған. Сол көншім руынан азын - ауқаты бар, төңірегінде атағы шығып, беделге ие болған Бұқарбай деген кісі бір кездері бір тайпа елді басқарып, ат арқасына мінген ауыл ақсақалы болған.

Бұқарбай ескіше оқып, көкірегі ояу, көзі ашық, саты мол, санасы жоғары адам болған деседі. Ол ағайын арасында инабаты мол белгілі кісілердің қатарында оқшау көзге түскен. Сөзге де шешен, иманжүзді, барынша кішіпейіл кісі екен. Ауылдастары оны «молдеке» деп атап кеткен. Дініне берік, жақсыға серік болғандықтан оны ауылдастары сый - құрметке бөлеп баққан. Ауыл - ағайын арасында дау - жанжал, қырғи - қабақ сәл - пәл кірбің бола қалса, «молдекеңе барыңдар, молдекең әділдігін айтсын» деп отыратын болған.

Ол кездегі ауыл бейнесі де ойыңа орала қалса, ішінен асыңды жерге қойып, өміріне еске түсіресің! Желі басындағы мама билердің жал - құйрығы сүзіліп, желідегі құлындардың шиыршық атып тұратыны қандай тамаша көрініс еді! Тай - құлындар тебісіп, желіні айнала шапқылап, шұрқырасып жүретіні де жарасымды еді - ау! Ауыл маңы ың - жың. Маңыраған қойдың, мөңіреген сиырдың, кісінеген жылқының ызыңы құлаққа бір түрлі жылы естілуші еді.

Ауыл үсті у да шу. Қой қоздап, қозы маңырап, қорада шу болып жататын шатың қызығы қандай еді! Ол кездері қой қосақтап сауылатын,

көктемде уызын, күзге қарай қою сүтін ішкен кездер есте сақталған. Оның дәмі әлі күнге қымызын айтсаңшы! Сары қымызды сапырып, дәмін татсаң, онан артық тәтті тағам болған ба?!

Жазғы жайлау, алақақотан тігілген ақшаңқан ақ боза киіз үйлер, үйме - жүйме жасақталған жасау, ойын - сауық . . осының бәрі көз алдынан тізіліп өткені кәзір көрген түстей тек елес болып қалды. Қалмағанда ше! Қазақтың бастан кешірген қайғы - қасыреті аз ба? «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» бері де неше түрлі сұмдықты бастан өткізбедік пе! Басқа халықтан гөрі қысымды, тепкіні көп көрдік емес пе? Қасақана істелген кешегі 1932-33 жылдарғы ашаршылықтан қаншама адам қырылды. Одан кейінгі отыз жетіні қайда қоямыз? Қазақтың талай- талай боздақтары қойдай қосақталып абақтыға жабылды, атылды, асылды ғой!

. . . Қысқы көріністер де көзден таса, көңілден сырт қалмайды. Жылқы малының жесен еті, ісшең сүті қандай сіңімді! «Жылқының етін жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді» деген емес пе!

Ит басына іркіт төгіліп, кеңшілік заманда өмір сүрген ауыл адамдарының беттерінен нұр тамып, дендері сау, көңілдері көтеріңкі болатыны да түсінікті. Қабырға бойының елге қоныс, малға жайылым болары ауа райына байланысты болатын-ды. Жауын көп жауған жылы шабындық мол болып, мал қыстауға жағдай жасалатын. Ал құрғақшылық жылы Қабырға қаңырап, ел үдіре көшіп, шөбі бар көрші елді сағалап, сарылатын. Ондайда көбінесе паналайтын Сыр бойы болатын - ды.

Ең алдымен жер - су аттары, елді мекендер, тарихи оқиғалар мен ерен тұлғалар кеңінен қамтылады. Топонимдер біз үшін тың жатыр десе де болады. Тіпті, екінің бірі «Торғай», «Тосын», «Өлкейік», «Шұбалаң» секілді іргелі атаулардың өзінің қайдан шыққанын біле бермейді. «Бәйтінің тамы», «Байтабанның соры», «Атан басы - Ақирек», «Сойқан

сай», «Екі қыз - Мүлкілән» ше? Тек атаулдың шығу тарихы емес, сол жерлерге жағырапиялық анықтамалар да жасалады. Тұрғындарының саны 50-ден асатын елді мекенінің бәріне әлеуметтік - экономикалық сипаттамалар беріледі. Өзен - көлдердің, табиғи және жасанды су көздерінің ауданы мен ұзындығы, басқа да өлшемдері қамтылады.

Сырттан қараған жанға сары дала көрінгенімен Торғайдың жануарлар және өсімдіктер дүниесі аса бай екені белгілі. Солардың бәрін егіжей - тегжей қамтуға, ғылыми сипаттама беруге Арқалық педагогика институты ғалымдарының, мектеп мұғалімдерінің, эколог мамандардың көмегі қажет.

Торғай облысы деген атаудың өзі екі рет (1868 және 1970) пайда болып, үшінші рет (1989 жылы) қалпына келтірілді. Торғай уезі, Торғай дистанциясы, Торғай дуаны, Торғай бекінісі, Тосын Шұбалаң, Қарақоға, Қайдауыл болыстары деген ше? Бірінші ауыл, жетінші ауыл дейтіндер қашан шыққан? Ауылдық Кеңестер қай кезде селсоқ Кеңестерге ауыстырылды? Екінші және оныншы ауылдар неге ізінен жоғалды? Міне, осы сұрақтарға энциклопедия бетінен жауап табуға тиіс. Кеңес заманында әр жылдарда болған мойын серіктіктер, қосшы одақтары, ауыл шаруашылығы және басқа да артельдер, ұсақ және ірілендірілген колхоздар, машина - трактор стансалары, беріректегі совхоздар, енді пайда бола бастаған ұжымдық шаруашылықтар мен қауымдастықтар туралы мағлұматтар да анықтамалық сипатта жазылады. Ұқсатушы және жергілікті өнеркәсіп буындарына, әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы кәсіпорындарға орын беріледі.

Торғай төрткүлдік өлкесі - Қазақстанның солт. -бат. Бөлігіндегі көтеріңкі үстірт. Батысы Оңт. Оралға және Мұғалжар тауына, шығысы Сарыарқаға, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстгі Шалқартеңіз ойысына жалғасады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 630

км-ге созылып жатыр; ендік бағытта 300км шамасында. Т. ү-н қақ жарып

Торғай қолатын өтеді. Негізінен олигоцендік теңіздік және миоцендік - континенттік шөгінділерден түзілген. Қазіргі рельефінің қалыптасуына ағын суларыдың эрозиялық әрекеті көп әсер етті. Ойыс бөлігін құмды массивтер алып жатыр. Климаты тым континенттік; январьдың орташа температурасы - 17 0 С, июльде 24-25 0 С. Жылдық жауын - шашынның орташа мөлшері 150-200мм. Табиғи жағдайына қарай Т. ү. 4 зонаға бөлінеді. Солтүстік Торғай көлді аймағы - қоңыр қызыл топрақты, көпшілік жері тың және тыңайған жер ретінде игерілген. Шоқ қарағайлы массивтер кездеседі, бидайық, бетеге, бот тағы басқалары өседі. Орталық Торғайға үстіртті - қыратты Қарғалытау, Қызбелтау, Торғай атыраптары жатады. Топрақтары тұздылау, қара жусан типтес өсімдіктер өседі. Оңтүстік Торғай шөлейтті аймағына Ащықарағай, Қараторғай, Үлкен Жыланшық өзендерінің жоғарғы бөлігі, Батыс және Шығыс Қабырға өзендерінің аңғары, Торғайдың кейбір салаларының алаптары кіреді. Саздақты, құмайтты топрақтарда жусан, боз, өзен аңғарларында қияқ, тал өседі. Шалқар - Нұра көлді аймағында Байқоңырдың көлді солтүстік - батысы мен Шалқар Нұра аралығы жатады. Сұр топрағында қара жусан, бұйырғын, ақ сексеуіл тағы басқа өседі. Негізінен жайылым. Темір рудасы, қоңыр көмір, боксит, марганец. Құрылыс материалдарының кен орындары табылады.

Бүгінгіні сөз етпес бұрын көне Торғай жерінде қанатты қазынаның қалай табылғанын, оны зерттеуге кімдердің еңбек сіңіргенін, ақ жортып, қаңбақ көшкен, ел - жұртсыз шөл даланың апталап соғатын қысқы дүлей бораны мен сақылдаған сары аязына, жазғы ми қайнатар аптап ыстығы менкенезені кептірер аңызақ желіне, көктем - күзгі сағызша жабысқан тартпа батпағы мен өкпеңнен өтер қара суығына қажыр - қайратын қарсы қойып, мекен - жай салған, алғаш кен қазған қандай ержүрек, батыр жандар екенін баяндай кетсек дейміз. Қызылқозы

(Арқалық тұрған жерді бұрын осылай атаған) деген жер атауының Арқалықпен алмасуы арасында қаншама батқан күн, атқан таң, шеккен бейнет, төгілген тер жатқанын білсін жұрт.

Табиғаттың Торғай даласының қойнауына әр түрлі пайдалы қазыналарды аямай, жомарттықпен төге салғанына қайранқаласыз. Мұнда боксит, темір, көмір, мыс, молибден және басқа кендер бар. Бірақ, осынау мол қазына сан ғасыр белгісіз болып, сырын жеті қабат жер астына жасырып келді.

1931 - 1932 жылдары М. Быкова басқарған экспедиция Түлкісай өзенінің жағалауынан тұңғыш рет боксит түйіршіктерін тапты. Бір жылдан кейін геологтар барлау жұмыстарының көлемін бұрынғыдан да ұлғайта түсті. Сөйтіп, геологтар осы аймақты картаға түсіріп, егжей - тегжейлі зерттеулері өзін ақтады да. 1937 жылы Қызылқозыдан мол кен көзі ашылды.

Елімізде елуінші жылдары алюминий өнеркәсібінің көптеген жаңа рудниктері мен заводтарын салу, ал бұрынғыларын қайта жабдықтау жөнінде үлкен міндеттер алға қойылды. Соның ішінде Павлодар алюминий заводы және шикізат базасы - торғай боксит рудниктеріне көмек көрсетілді. Бұл заңды да еді өйткені республикамыздағы түсті металлургияның жаңа саласы - алюминий өнеркәсібін өркендету мықтап қолға алынған - ды.

Геологиялық экспедицияның базасы, Қарағанды геологиялық басқармасының жұмысшыларды жабдықтау бөлімі орналасқан Атбасар станциясы Қызылқозыдан 240 километр қашықтықта болатын. Жазда болмаса қыста азық - түлік, басқа қажетті жабдықтар тек трактормен ғана тасылып, күн ашық болып тұрса, айына жиі дегенде екі қатынайтын.

Өздерін табиғат қоймасының қожасымыз деп санайтын кеншілер ерлігі әуел бастан белгілі емес пе. Олардың алаң көңілі карьерден алғаш

кенді көсіп алғанда ғана сабасына түсетінін кім білмейді. Алыста жалтырап жатқан көлді көрген жолаушы соған жетіп, сусынын қандырғанша қалай асықса, алғаш кен өндіруге жеткенше де солай асығады. Геологтар жағалай зерттеп, әр жердегі кен көзінің көлемін, сапасын айырумен әлек болып жүргенде рудниктердің алғашқы құрылысын салу күн тәртібіне қойылады. Осы мақсатпен 1955 жылдың сентябрінде екі бірдей ірі мекеме құрылды. Оның бірі - салынғалы жатқан Торғай - боксит рудниктерінің дирекциясы да, екіншісі сол құрылыстарды тұрғызатын «Тургайалюминстрой» тресі еді. Трест құрылысшылары бірден Арқалық руднигін салуды қызу қолға алды. Рудниктің директорлығына К. П. Лузин, бас инженерлігіне Қарағанды облысындағы Қоңырат- мыс руднигіне келген А. Г. Нестеров тағайындалды.

Рудниктің құрылыс базасы Есіл қаласында орналасты. Ол кезде бұл екі арада темір жол тартылмаған еді, сондықтан қатынас тек қана автомашиналармен іске асырады. Қыстың бораны мен көктемгі, күзгі лайсаң шақтарда автомашиналар жүре алмайды, қатынас жиі үзілетін. Сонда да құрылысты тоқтатпаудың қолдан келген шаралары жасалып жатушы еді.

Рудниктің салынуына байланысты кеншілер қаласы - болашақ Арқалықтың ірге тасы 1956 жылдың май айында қаланды. Бұрын ешқандай қоныс болмаған жапан далада қала орнату адам айтқысыз қиындыққа түсті. Қажетті құрылыс материалдары қыс кезінде трактор шанасымен тасылды. Орталықпен тек қана рауия арқылы байланыс жасалды. Азық - түлікпен қамтамасыз ету жайы да мәз болады.

1959 жылдың күзінде Есіл мен Арқалық аралығында темір жол қатынасы орнады. Бұл кен транспортының жабдықтарын тасуға қолайлы

жағдай туғызды, алғашқы экскаваторлардың бөлшектері келіп түсе бастады.

- Торғай геологиялық экспедициясы жұмысшыларының, инженер - техник қызметкерлері мен қызметшілерінің он бір жылдан аса уақыт бойы тынбастан жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Торғай сапалы, техникалық - экономикалық жағынан өндіруді арзанға түсетін боксит пен отқа төзімді балшықтың ірі көзі ашылып, қоры анықталды. Осы боксит пен отқа төзімді балшықты игеру мақсатымен Павлодар, Қарағанды қалаларынан қуатты заводтар салынуда. Демек, Есіл - Торғай темір жолы боксит рудниктерін салуды және іске қосуды тездете түспек. Бұл жолдың экономикалық мәні қандай зор болса, Қостанай, Қарағанды, Целиноград облыстарының темір жолға жақын маңдағы шаруашылықтарының қуатын одан әрі арттыруда, халықтың мәдени дәрежесін көтеруде атқаратын ролі де айтарлықтай екендігі даусыз. Іске сәт, болат жолдың ерлері, халық шаруашылығы жүктерін, жолаушыларды кідіріссіз тасуда үнемі табысқа жетулеріңізге тілектеспіз, - дегені ойға оларды дейді Жоғарғы ашут тасты руднигінің геологі Б. П. Виноградов.

Кеншілер 1961 жылдың 30 мартын ешуақытта ұмытпайды. Осы күні Арқалық руднигінің бірінші учаскесінде Ф. Р. Иммель басқарған экипаж кен бетін аршыды. Ал М. П. Демченко басқарған экипаж тау жынысын тұңғыш рет КРАЗ - 222 автосамосвалына тиеді.

Шоферлар Н. Стариков, Е. Фокин, Н. Коптяев, И. Карасев, Б. Сельшков Торғай бокситін бірінші болып тасу құрметіне ие болды.

Кен қазу 1961 жылы басталғанымен Торғай боксит рудниктерінің бірінші кезегі 1963 жылдың декабрінде пайдалануға берілді. Ал екінші кезегі 1968 жылдың февралында іске қосылды. Осы аталған уақытқа дейін кәсіпорында техникалық - жөндеу базасы болмады. Сол себепті жөндеу жұмыстарының 10 - 15 проценті ғана жабық орында жүргізілді.

Тарихымызды өзімізден қызғанып келген ұлы державалық отаршылық та күйреді. Сол бір тоталитарлық жүйе өткенімізді қағазға жазбақ түгілі, ауызша айтқызбады да. Бірен - саран кешегі заманда өткен шежіре қарттарды тыңдағымыз келсе, «олар ескілікті айтып естеріңді шатастырады» деп бізді тиып отырады. Ақыр соңында, не болды дейсіз ғой. Қайдан келіп, қайда тұрғаныңда білмейтін, кімнің нәсіл - несебінен жаралғанына да мағна бермейтін, сең соққан балықтай деп теңерлік тұтастай мәңгүрт ұрпақ дүниеге келді. Ата - бабасын білмеген олардың жақсылығынан мақтанып, рухтанып, соларға ұқсағысы келуді, жамандығынан жиреніп, бой түзеуді сірә, білер ме?

Еліміз егемендік алып, енді кімнің - кім екенін, ненің не екенін айта бастадық. Осыған да шүкіршілік! Еліне, халқына жаны ашыған журналист Болат Әлденов, жерлесіміз Мұхтар Ходенов, зейнеткер шежіресі Жиентай Ділдебайұлы ел шежіресін, ерлер тарихын жаза бастады. Менің де бүгінгі күні қолыма қалам алып, ой толғауыма осы жоғарыда аттары аталған қаламгерлердің ықпалы тиіп отыр. Бұл көнекөз қарттардан естіп, жадыма сақтағаным, жазба деректерді оқып, солармен салыстырып, зерделегендерім, қадірлі оқырман қауым. Ішінде артық - кемі болса, пендешілікпен сырттан сөз қуаламай, баспасөз бетінде пікір айтқандарыңызды қалар едім.

Кеше ғана осы жерді заңдандырып, қыстаулық етіп кестіріп алуға Қыпшақ ағайыннан бұрын мұрындық болған Арғын аға баласының бұл жолғы да болыстық еткен ерлігі мен қамқорлығына Сәбең бұл ауылдан дән риза болып аттаныпты. Шынында, осыдан кейін, бірең - сараң болмаса, Тастының бұрынғыдай бар елдің жайлаулық өзені емес, Құлан Қыпшақтың ата қонысы, қыстаулық мекені екенін, әркімдер - ақ мойындаған.

Қорытып айтқанда, Тасты өзені бойы Торғай өңіріндегі Құлан Қыпшақ ұрпағының менен өзге үш атаның, яғни, әкеміздің, атамыздың, бабамыздың асыл мүрдесі жатқан ата қоныс, ата қорым, алтын бесігіміз. Бұл өңірде біздің ата - бабамыз. «Өз үйім - өлең төсегім» дегендей, ұлы сезіммен малын өсіріп, кешегі Әбдіғапар, Аманкелді, Кейкі бастаған үлкен жорыққа дейін мамыржай күн кешкен құт өңір.

Сұлу мұнардың теңізінде толқып, көгілдір шеңбер тартып, көк жиекпен астасып, көсіліп жатқан кең жазық - Торғай даласы. Көлеміне Европаның кішігірім бірнеше елдері сыйып кететін осы бір алып аймақ тапшылық пен жоқшылықтың тақсіретін тартып, жойқын жорықтардың куәсі болып, талай рет ат тұяғымен тапталды. Талай рет көк ала жалын

оранды. Жазық дала оқ - дәрінің түтінін жамылып, көз жасымен жуылып, батырлардың қанымен суарылып, көшпелі елдей көкте шұбаған тырналар керуеніне мұңын шағып, көп ғасырды бастан кешіп, жабырқаңқы жүзі жадырамай жата береді. Дала бейнесі өзгергенше, жаңа заводтар салынып, жаңа қалалар пайда болғанша, тың төсінде қалың нудай бітік егін жайылғанша алда талай асулар жатты.

Шексіз - шексіз Торғай жері Октябрь жаңғырығымен оянып, дүр сілкінді. Торғай даласының жаңа тарихы басталды. Қазақ жерінде революцияның бесігі болған - даңқты ұлт - азаттық көтерілісі мен айбарлы азамат соғысының қаһарлы күндерін бастан кешірген бұл өлке халық қаһармандарының есіміне байланысты комиссарлар, партизандар өлкесі деп аталады.

Қазіргі Торғай облысының төңірегінде қазақ хандарына қатысты жер атаулары кездеспейді. Рас, Торғай мен Ырғыз аралығындағы Өлкейік өзенінің маңында Әбілқайыр және оның жасағы жерленген орын бар. Бірақ, ол да қастерлі орын емес, қасретті оқиға ізі есепті.

Хан билігінің қазақ үшін шартты ұғым болғанын кейінірек Орынбор генерал - губернаторы болған И. Неплюевтің, орыс тарихшысы В Бартольдтің жазбаларынан көруге болады. Әсіресе, А. И. Левшиннің кітабында бұл жағдайда «Как бы ни была бела кость ханского потомка, если себе значительного числа приверженцев, то голос его не делает перевеса в собраниях народныхъ» деп қадап көрсеткен. Хан билігінің шектеулі болғанын Шоқан да жазған.

Ежелгі ата мекенді азат етуге жарайтын жаңа жасақ құру оңай шаруа емес еді. Ұлы жүздің әскерлері әбден талқандалса, Орта жүз қолы да ауыр соққыдан кейін тоз - тоз болған. Тек ыдырамағаны - Ақтабан шұбырындыдыан тыс қалған кіші жүз жауынгерлері болатын. Бірақ, оның аржағында жымысқы жау - еділ қалмақтары тұр. Осы тұста Кіші жүздің ханы Әбілқайыр үлкен табандылық көрсетті. Ол өз жасағының

аттанысқа әзір екенін білдірді. Бірақ, қалың жоңғарды жалғыз оның жасағымен қаймықтыра алмады. Үш жүздің бірлігі ғана ата жаужы тойтара алады. Талқан болған әскерлердің басын құрамаққа 1724 жылдың өзінд - ақ қам жасағанды. Халық рухының мықтылығын тағы да уақыт танытты. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Малайсары және Өтеген сынды батырлар сол жылы өз қолдарын қайыра жинастырып, жан - жаққа сауын айта бастады.

Бостандық жолындағы күресте 1726 жыл - үлкен қимылдың басы болды. Сол жылы Түркістанның оңтүстік - шығысындағы жау қолынан тыс жатқан Ордабасында Үш жүздің басы қосылған келелі жиын өтіп, біріккен қазақ жасағы құрылды. Оны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән Интернет технологиялары
Ыбырай негізін салған қазақ мектептерінен білім алып шыққан белгілі ағартушы қайраткерлер
Торғайдың әскери губернаторы
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы
Ауылым - алтын тұғырым
Патша үкіметі
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Қазақ ауылының жағдайы
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz