Қазақстранның өсімдіктері мен жануарларына жалпы сипаттама


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

I-тарау. Қазақстранның өсімдіктері мен жануарларына жалпы

сипаттама

1. 1. Қазақстанның өсімдіктке әлемі . . . 3

1. 2. Қазақстанның жануарлар дүниесі . . . 5

1. 3. Қазақстанның «Қызыл кітабы» . . . 10

II-тарау. Торғай өңірінің флорасы мен фаунасы

2. 1 Торғай өңірінің өсімдіктері мен жануарлар түрлері . . . 27

2. 2 Қазіргі таңда Торғай өңірінің сиреп бара жатқан, қорғауды

қажет ететін өсімдіктер . . . 29

2. 3. Қазіргі таңда Торғай өңірінің сиреп бара жатқан, қорғауды

қажет ететін құстар, аңдар . . . 41

Қорытынды . . . 45

Қосымша . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53

Кіріспе

Өсімдіктер дүниесі-нағыз тіршілік атаулының тірегі. Ол-өлі табиғат пне тірі табиғат арасындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар дүниесі өкілдаерінің организмі қабылдай алатындай етіп бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды. Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты рөлі- табиғатты көмір қышқыл газынан арылтып, оны оттегімен байытып отыруынада, яғни ұлы ғалым Қ. А. Тимирязевтің сөзімен айтқанда, «оттегі фабрикасының » міндетін атқарады. Өсімдіктердің «міндеті» мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны азотпен байытады, әрі ең бастысы - адамның күнделікті өміріне қажатті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарқанға қойылған қасиетті нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен алынатын өнім.

Жануарлар көптеген өсімдіктердің табиғи даму циклдарында, сондай-ақ өсімдік шоғырларының, фитоценоздарының қалыптасуында орасан рөл атқарады. Мәселен, өсімдіктердің көпшілігі насекомдардың, кейбір құстардың (колибри, балмен қоректенушілер т. б. ) және жарқанаттардың көмегі арқылы тозаңданады.

Жеміс, овощ, кейбір дәнді дақылдардың, беденің және басқа бірқатар ауыл шаруашылық дақылдарының, шығымдылығы едәуір дәрежеде оларды насекомдардың тозаңдандыруына байланысты болады. Көптеген өсімдіктердің таралу көлемі де жануарлардың әрекетіне байланысты. Құстар өсімдік тұқымын өте алыс жерлерге таратады.

Жануарлар ландшафтардың қажетті кампоненті болып табылады. Бірақ олар табиғат комплекстеріне тигізетін әсері негізінен өсімдіктер мен топырақтар арқылы көрінеді. Жануарлар табиғат жүйелерінің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар олардың орасан зор шаруашылық-экономикалық маңызы бар. Жабайы аңдар мен олардың тіршілік әрекетінің нәтижелері экономиканың алуан түрлі салаларында пайдаланалады. Жануарлар тіршілігінің көптеген өнімдері өнеркәсіп үшін шикізат ретінде қолданылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Торғай өңірінің сиреп бара

жатқан, жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануаларының маңызын, адам өміріедегі дәрілік өсімдіктерінің емдік қасиетін, химиялық құрамы, пайдасы мен қолданылуын анықтап, лоарды қорғау шараларын жүргізудің маңыздылығын қауымға жеткізу. Экологиялық дағдарстың алдын алу.

Зерттеудің жаңалығы: Зерттеу барысында кейбір қөұстардың қоқиқаз, жэорға, сұңқылдақ, аққу ұя салу, тынығу үшін саялайтын, тіпті соңғы кездері ұзын құйрық, ақ иықтардың кездеспейтініне көз жеткізуге болады. Тартылған көлшіктердің, тұзды көлдердің, теңіздің таяз жағалауларын, аралдарды мекендесе, ителгіні өзен жағасындағы ұялардан, дала төңірегінен дала қыраны, топырағы құнарлы жазық алқапта жылан жегіш қыран мекендейді. Ақбас үйрек «Сарықопа» қорығында ұя салған уақытта болады. Ұялары бұтаның арасында, су бетінде қалқып жүреді. Көптеген құстар Қазақстанда ұшып өтіп бара жатқанда кездеседі. Мысалы:аққұйрықты су бүркіт, кіші шалшықшы, қарабауыр бұлдырық. Қарабауыр бұлдырықты суат басында жөнсіз аулау, ұя салғанда адамдардың маза бермеуі құстаардың кетуіне итермелеуде. Шөп тектес өсімдіктерден тосын ашасы мүлде жойылған. Ал жыңғыл сексеуілді кездестіруге болады. Шренк. Борнов. Альберт. Биберштейн қызғалдақтары бұдан 10-15 жыл бұрын әсемділігімен көз тартса. Қазір Шренк қызғалдағы мүлде жойылған, кейбір түрлері сирек кездеседі. Бүгінде қызғалдақтар қалада 15-17 км қашықтықта бірең- сараң түрлері кездеседі. Жойылу себебі радиацияның әртүрлі экологиялық факторларының әсері.

1. 1. Қазақстанның өсімдіктер әлемі

Қазақстанда интродукцияланған, мидени дақылға айналдырылған және кездейсоқ әкелінген 500 түрін қаспағанда, шамамен 6025 өсімдік түрі бар. Жабайы өсімдіктердің 18 түрі космополит, 285-і голарктикалық түр. Бұлардың ішінде 535-і тек Қазақстанда кездеседі(эндемиктер) . Мұнда көптеген ботаникалық зона бар. Тау өсімдіктері өздеріне тән биіктік зоналар құрайды. Өзне-көл, батпақ, жайылма, шалғындық, көлтабан өсімдіктері ешқандай зонаға жатпайды. Су өсімдіктерінең түрі аз(63 гидрофильді түрі) . Олардың құрамында барлық космополиттердің жартысы бар. Бұл су өсімдіктерінің 52 %-і, яғни ең көне өсімдіктер. Республикамыздың өзен-көлінде реликт өсімдіктердің, мәселен, дүңгіршік, альдрованда сияқты насеком қоректілердің көп болуы тегін емес. Су өсімдіктерінің мәні:балық пен су құстары үшін қорек болады, олардың арасына балық уылдырығын шашады. Батпақ, өзен жайылмасы мен көлтабан өсімдіктерінің 450-ден астам түрі бар. Шалғынды, кейде батпақты жерлерде бидайық, тарғақ, айрауық, шалған атқонағы, шалғын бедесі, шалғын ноғатығы, кәдімгі бекмания, қамыс, қияқ, тау қияқ сияқты азықтық шөптер көбірек. Олардың оттасуынан өнімділігі әркелкі шабындық қалыптасқан .

Шөл зона өсімдігі. Оның арғы тегі бір кезде ( бұдан 40-50 млн. Жыл бұрын) Қазақстанның оңтүстік батысы мен Орта Азияны жайлаған көне саваналарға, сондай-ақ сол заманда қаулап өскен жапырақты ормандарға барып тіреледі. Саванналарда қатқыл жапырақты, кейде мәңгі жасыл жапырақты ағаштар басым болған. Сондай-ақ таудаған, пісте, сексеуіл, қоңырбас, бұршақ, шатырша гүлді, алабота сияқты осы күнгі өсімдік туыстары да кездеседі. Тоғайларда қазіргідей тораңғы өскен. Қазіргі кездегі өсімдіктер арасында көне заман қалдықтары- реликт өсімдіктер де аз емес. Климаттың өзгеруіне байланысты көне саванналардағы көптеген өсімдіктердің бейімделу эволюциясын . ең алдымен құм өсімдіктерінің сұрыпталу қарқынын арттыра түсті. Ыстыққа шыдамды өсімдік түрлері пайда болып, бұлардың көпшілігінің тамыры жүйесі тереңдеп, ылғал мен қоректік заттарды толық пайдаланылуцына, сондай-ақ олардың жемісі мен дәнін еспе құмнан қорғауға әбден бейімделді. Сондықтан да қазір Қазақстанда тап осылай бейімделген 250 түрлі өсімдік бар.

Қазақстан мен Орта Азия- сор өсімдіктердің бірден-бір ошағы. Топырақта тұз шектен тыс көп болуына байланысты мұнда тұзға да, құрғақшылыққа да төзімді, жапырағында шырыны мол өсімдік түрлері қалыптасқан. Республикамызда сор өсімдіктерінің шамамен 180 түрі бар, бұлардың 75-і алабота, 20-сы күрделігүлділер, 18-і қоңырбас, 10-ы кермек тұқымдасына жатады. Мұнымен қатар құрғақшылыққы төзімді басқа өсімдік түрлері де қалыптасқан. Шымда өсетін түрлері(мәселен, жуа), көп тамырлылар, шөптесін өсімдіктер көбейді. Мұның нәтижесінде шөлде ғана емес, далада да жаңа өсімдік түрлері пайда болды. Вегетациялық кезеңі өте қысқа өсімдіктер арасында да жаңа түрлер қалыптаса түсті-көп жылдық шөптер көктемде ғана өсетін бір жылдық шөптерге айналды(эфемерлерге), эфемероидтарда да осындай қасиет пайда болды. Қазір шөл өсімдіктерінің арасында 150 түрлі эфемерлер, сондай-ақ көп жылдық эфемероидтар бар. Шөл зонада мынадай өсімдік типтері кездеседі.

Сұр топырақты жерлерді алып жатқан ағаш-бұта құрамында пістемен қатар Регель алмұрты, таудаған, тобылғы, қаратау лепидолофасы, тікенекті бадам бар. Талас алатауы, Қаржантау мен Қаратау бөктері селдір орманды, мұнда сары долана, зеравшан аршасы басым.

Қоңыр және сұр қоңыр топырақты шөл даладағы шала бұта өсімдіктердің арасында ақ жусан, қара жусан, туран жусаны, ал гипсті қоңыр топырақта баялыш көбірек кездеседі. Мұнда түрлі эфемероидтар мен эфемерлер де бар. Көктемгі және күзгі жайылымның әр гектарынан 2, 0-3, 5 ц шөп түседі.

Құм топырақты шөл даладағы бұта өсімдіктерінің арасында жүзгін, құм сексеуілі, қоянсүйек, қылша түрлері, жапырақсыз қыланқұйрық және түкті жүзгін ағаштары басым. Мұнда бұта тәрізді аласа өсімдіктер мен көп жылдық шөптер де көп. Қыста және көктем басында жайылым ретінде пайдаланылатын бұл жерлердің әр гектарынан 2-8 ц шөп түседі. Сор топырақты шала бұта өскен шөл далада сарсазан, бұйрығын т. б. өсімдіктер басым. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады, гектарынаан 0, 5-3 ц шөп түседі. Қазақстанда әр түрлі сексеуіл өсетіназдаған тастақты дала да бар. Шөп түсімі шамалы. Далалық зонадағы өсімдіктердің де тегі тереңде жатыр. Бнтеге, бөденешөп, қызылбояу сияқты космополиттер тіпті саванналарда өскен Реликт өсімдіктерден сібір бетегесін, ши мен көп тамырлы жуаны айтуға болады. Зонада боз, бетеге, қырғыз бетегесі, қылтық бетеге, көде, еркек шөп бітік өседі. Олардың әр гектарынан 3-10 ц шөп түседі. Зонадағы жерлер түгелдей дерлік жыртылып бидай егілген.

Жайқала өскен жасыл өсімдіктер әлемі бай әрі сан алуан. Жер бетінде тек жоғары сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өсетіедігі белгілі. Ал төменгі сатыдағы өсімдіктер дүниесі болса, олар өз алдына бір төбе.

Өсімдіктер дүниесі- нағыз тіршілік атаулының тірегі. Ол-өлі табиғат пен тірі арасындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар дүниесі өкілдерінің организмі қабылдай алатындай етіп бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды. Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты рөлі- табиғатты көмір қышқыл газынан арылтып, оны оттегімен байытып отыруынада, яғни ұлы ғалым Қ. А. Тимирязевтің сөзімен айтқанда, «оттегі фабрикасының » міндетін атқарады. Өсімдіктердің «міндеті» мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны азотпен байытады, әрі ең бастысы - адамның күнделікті өміріне қажатті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарқанға қойылған қасиетті нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен алынатын өнім.

Егер адамдар өсімдіктерді отынға, баспана салу, тұрмыс заттарын, еңбек құралдары мен аң аулау қаруларын жасау үшін пайдаланып, оларды жинап азық етті, түрлі ауруларға қарсы ем ретінде қолданды. Кейін пайдалы деген өсімдіктерді өзінің мекен-жайына жақын егіп, адамдар егіндікпен айналысты. Мұнымен бірге жабайы өсімдіктер сырын тіршілік қажетіне пайдалануды жан- жақтылы кеңейтіп отырды. Мәдени дақылдардың мол өнім беретін пайдалы түрлерінің жаңа сорттарын алып, оларды егетін егін алқаптарын кеңейтті. Бүгінде адам баласы өзінің қажетіне өсімдікткердің екі жарым түрін пайдаланатын болса, соның мыңға жуығы мәдени өсірілетін өсімдіктер. Мәдени өсімдіктерді былай қойғанның өзінде адамдар жабайы өсімдіктер әлемінің ішінді негізінен көп мөлшерде пайдаланатыны -ағаштар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Шырыны мол, дәмаді жемістер мен жаңғақтарды тағам ретінде пайдаланса, өсімдіктерден эфир майлары мен хош иісті заттарды, шайыр мен смоланы, спитр пер каучукты және басқа да толып жатқан заттарды өндіреді, дәрілік шөптерді жинайды.

Пайдалы деген жабайы өсімдіктерді, практикалық маңызына қарай шартты түрде төмендегідей топтарға бөлуге болады.

  1. Ағаш беретін сүректі өсімдіктер(отын, бағана, шпал, тіреу, ағаш материалдары, фанера, т. б. ) .
  2. Өндіріс салалары мен медицинада түрлі заттар алу үшін пайдаланылатын өсімдіктер.
  3. Жас, піскен және консервіленген тағамдық заттар беретін өсімдіктер.
  4. Мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдіктер.
  5. Көгалдандыру мен безендіру мақсатында және топырақты эрозиядан қорғау үшін пайдаланылатын өсімдіктер.
  6. Өзіндік ерекшілігімен қасиетіне байланысты комплекстік түрде пайдаланылатын өсімдіктер.

Қазақстан флорасының 312 түрі ағаштар мен бұталар, олар жинақатлып, тоғайлар мен орман алқаптарын құрайды. Республика орман алқаптарының 19%-ті қылқан жапырақтылар, 13 % -ті жалпақ жапырақтылар, ал 54 % -ті сексеуілдердің, қалғаны бұталардың үлесіне тиеді. Республика территориясында мал азығына жарамды 400-ге жуық өсімдік өскен көк майса шалғынды жайыламдықтар мен шабындықтар да баршылық.

Жерімізде өсетін жабайы өсімдіктер арасында мәдени дәнді- дақылдарға туыстас жабайы арпа, қара бидай, кездессе, бағалы тағамдық жемістерден -Сиверс алмасы, өрік, қарақат, таңқурай, қой бүлдірген, жабайы жүзім сияқты өсімдіктер өседі. Ал шипалы өсімдіктердің түрлері болса, олар 500-ге таяу. Қазір медицина өнеркәсібінде соның тек 30-дан астамы ғана пайдаланылады. Шырғанақ, дермене, қырықбуын, қылша, қара аңдыз сияқты дәрілік өсімдіктерге де сұраныс жылдан жылға артып отыр.

Солай бола тұра, жерімізде толып жатқан себептерге байланысты өсер аумағы тарылып, сиреп кеткен өсімдік түрлері де жоқ емес. Мәселен, республика территориясында сирек кездесетін өсімдіктердің 306 түрі өсетін болса, оның 20 жойылып кету қаупі бар.

Міне, осындай сан алуан өсімдіктер дүниесін қорғаудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік маңызы ерекше.

Қазақстанның жалпы орман қоры 21, 6 миллион гектар аймақты қамтыған болса, соның 8, 6 млн гектары жасыл желекке оранып жатқан жерлер. Табиғаттың дархан қоры, халық байлығы орманды қорғау-мемлекеттік маңызы бар іс.

Айталық, республикамыздағы барлық орман қоры өзінің табиғаттағы рөлі мен халық шаруашылығындағы маңызына қарай үш топқа бөлінеді.

Бірінші топтағы ормандар- барлық мемлекеттік орман қорының 88% қамтиды, яғни 19, 2 млн гектар жерді алып жатыр. Бұл топтағы орман ағаштарының шаруашыық маңызынан гөрі экологиялық, яғни қорғау рөлі басым.

Екінші топтағы ормандарға ағаштары ертеректе көп мөлшерде кесілгендіктен қоры азайған, бірақ әлі де болса шаруашылық маңызы бар ормандар, әрі экологиялық сипаты да жақсы жетілген. Бұлар 88 мың гектар жерді қамтиды.

Үшінші топтағы ормандардың экономикалық маңызы басым болғандықтан, шаруашылыққа кеңінен пайдаланылады. Бұлардың көлемі 1, 7 млн гектар. Осындай шаруашылыққа және экологиялық маңызы ерекше Қазақстан ормандарында өсетін ағаштардың да түрлері сан алуан, осыған орай олардың орман ағаштарындағы ара қатынастары да әркелкі. Енді осы ағаштарға қысқаша тоқталып кетейік.

Май қарағай (пихта) . Бұл қылқан жапырақты ағаш республикамыздың- Шығыс Қазақстан жерінде ғана, ішінарн Жоңғар Алатауында өседі. Олардың жалпы көлемі 371 мың гектар шамасында. Май қарағайдың дінінің диаметріжарты метрге, биіктігі 30-35 метрге дейін жетеді, 150-200 жылдайм өседі.

Шырша. Қазақстаанда шыршаның екі түрі өседі. Олар Кенді Алтай жерінде таралған сібір шыршасы және Жоңғар мен Іле Алатауында өсетін Тянь- Шань немесе Шренк шыршасы, ол телеграф бағаналары мен шпалдар, музыкалық аспаптар және түрлі қарапша мен жәшіктер жасау ісінде кеңінен пайдаланылады.

Қарағай (сосна) . Республикамызда қарағай 600 мың гектардай жерді алып жатыр. Олардың реликті алқаптары-Қазақстанның ұсақ шоқылы аймақтарында, Қалбы жотасында, Батыс Сібір жазығында, Торғайда және Ертіс өзенінің жағалауында сақталған. Қарағай-биіктігі 40, дінінің диаметрі бір метрге дейін жнтнді, 500 жылдай тіршілік етеді.

Самырсын (кедр) . Реликті самырсын ағашы Кенді Алтай тауларының 1500-2300 метрге дейінгі биіктіктерінді өседі. Қазақстанда самырсын ағаштарының жалпы көлемі 41 мың гектар шамасында. Самырсын ағашы қарағайға ұқсас, бірақ қылқандары ұзын, әрі қою жасыл түстес болып келеді. 600 жылға дейін өсетін самырсын табиғаттың барлық қолайсыз жағдайларына өте төзімді.

Ұланғайыр қазақ жері өсімдіктер дүниесіне бай. Мұнда өсетін өсімдіктердің арасында дүние жүзі бойынша сиреп кеткен түрлермени қатар, тек қазақ топырағында өсетін эндемик және сонау көне дәуірден бері жойылып кетпей сақталып келе жатқан реликті түрлер көптеп кездеседі. Олар мыналар: ауыспалы қау, түпті жуа, регель қызғалдағы, алматы шиқылдағы, піскем жуасы, альберт қызғалдағы, грейг қызғалдағы, илария шырышы, кауфман қызғалдағы, телпек сүйсін, берқара терегі, түйесіңір, қатты жапырақты келерия, кәдімгі семсершөп, сөгеті сасыры, талас қайың, алтай рауғашы, жерсабын, жылтыр жанаргүлі, мерей шытырмағы, су шылымы, дермене жусан, Семенов кортузасы, Федченко юринеясы, Әулиеата триантемисі және т. б. жаталы .

Табиғатты, оның ішінде өсімдіктер әлемінің сиреп кеткен өсімдіктерді қорғау-республикамыздың өзге өңірлерінде де ұдайы ғылыми негізде ұштастырыла жүргізілетін маңызды істердің бірі.

1. 2. Қазақстанның жануарлар дүниесі

Ұлан байтақ Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 172, құстардың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 150-ге жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер(насекомдар, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар т. б. ) бұдан да көп. Тек насеком түрлерінің өзі- ақ 30 мыңнан асады. Жануарлар түрінің осыншалық көп болуы республиканың географиялық орнына, жер бедерінің дамуы мен жануарлар түрлерінің қалыптасуынның ұзақ та күрделі тарихына байланысты .

Қазақсатнның солтүстігіндегі орманды дала зонасында бұдан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақкекілік, көл айдындарының су құстары- аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Оңтүстікке қарай созылып жатқан Еділ жағалауынан Алтай тауы бөктеніне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далада суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ(үлкені, кішісі, жирені), ал құстан- дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, дала тиркушкасы, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны мен шабындық құладыны қоныстайды. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақбөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ауысады.

Едәуір бөлігін жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық зонаның батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда европалық қара күзен, жұпар тышқан, орман сусары да кездеседі. Жуырда бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылып кеткен құндыз да қайта пайда болды, қос мекенділерден Жайық өзендерінің аңғарында тарбақа орман бақасы т. б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекіліа, тырна, бозторғай көп. Сыңсыған қарағай -өскен тау сілемдері (Көкшетау қараты) бар далалық зонаның орталық бөлігінде бұлан, елік, сілеусін, қызыл тоқалтіс сияқты орман тұрғындары, аққоян, ақтиін (Ертіс бойындағы қалың орманда), бұлдырық, қаратоқылдақ, кәдімгі тоқылдақ кездеседі. Далалық зонаның шығысында (мұндағы аласа қыратты қоса есептегенде) суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы сияқты жануарлармен қатар аққоян, сілеусіе, елік, арқар мекендеген.

Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт зонада- саршұнақтар(кішісі, орташысы, сарысы ) мен қосаяқтың, құм тышқан мен толай қоянның бірнеше түрі мекендеген. Мұнда ақбөкен де, сондай-ақ 20-ғасырдың 40-50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл зонада құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай т. б. бар. Республиканың оңтүстігін тау бөктеріне дейін алып жатқан шөл зонада тек осында ғана мекендейтін бірнеше жануар түрлері бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғышлақ жартастарының арасында кездесетін үстірт муфлоны жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні-қарақал кездеседі. Жақында ғана мұнда гепард мекендейтін, қазір ол негізгі қорегі- қарақұйрықтың азайып кетуіне байланысты мүлде құрып кетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашық тұқымды өсімдіктер арқылы емдеу
Бірлестіктер мен экожүйелердің экологиясы (синэкология)
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Африканың ұлттық саябақтары
Тынық мұхиты
Іле алатауының физикалық-географиялық жағдайы.Улы өсімдіктердің улылық қасиеттерінің ерекшеліктері
Оңтүстік Батыс Азия
Дала өсімдіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz