Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір проблемалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАН - АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ
“Психологиялық пәндер” кафедрасы.
Студент:
Омирбаева Жанар
Куламкадировна
020940 Психология
мамандығы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: “Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикалық
ерекшеліктерін анықтау”
Ғылыми жетекші: Тұран-Астана университетінің доценті
Сембинова Қ.Ө.
Рецензент:
Астана 2006
Мазмұны:
Кіріспе
1 Толық емес отбасының көкейтесті мәселелері 3
1.1. Толық емес отбасыларын зерттеген ғалымдардың 6
көзқарастары
2 Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық 12
емес отбасынан шыққан балалардың психикасының даму
ерекшеліктері
2.1 Толық емес отбасының қоғамдық жағдайы 19
2.1.1 Толық емес отбасы және оның құқықтық проблемалары20
2.1.2 Тәрбие берудегі құқықтар мен міндеттер 20
2.1.3 Толық емес отбасында баланы тәрбиелеу 22
2.2. Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір 25
проблемалары
2.3. Толық емес отбасынан шыққан балаларды зерттеу 37
нәтижесі
Қорытынды 45
Қолданылған әдебиеттер 47
Қосымшалар
Кіріспе
1. Толық емес отбасының көкейтесті мәселелері
Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси-
экономикалық қатынастар сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім,
тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып
отыр. Осы заманның тағы бір көңіл бөліп, жан-жақты қарастыратын мәселесі ол
- толық емес отбасылардың көбейіп бара жатқаны. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 27-бабында:
1. Неке мен отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи
құқығы, әрі парызы.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар, еңбекке жарамсыз ата-анасына
қамқорлық жасауға міндетті.
Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия,
әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып
қалыптасуындағы толық емес отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында 3.6. Ана, бала, аға ұрпақ: “Біздің стратегиямыздың
маңызды мәселесі –қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің – балалардың,
олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету.
Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады. Біз балалар мен
жүкті әйелдерді дәрі– дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы шаралар
қабылдадық, енді оларды іске асыратын боламыз.” деп айтылған.
2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі
балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге тұратын
кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, “Алтын алқа”, “Күміс
алқа” немесе I және II дәрежелі “Ана даңқы” белгілерімен марапатталған
аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 4000 теңгеге дейін
көбейтілуге тиіс.
2006 жылдан бастап, асыраушысынан айырылған 247 мың отбасына 300-ден
1000 теңгеге дейінгі сомада қосымша қолдау жасау қажет.
Осыдан шығатыны, қазіргі кездегі “Толық емес отбасынан шыққан
балалардың психикалық ерекшеліктерін анықтау” мәселесі Елбасымыздың
Қазақстан халқына жолдауында да өзінің көкейкестілігімен айрықша орын
алған. Өйткені біздің келешегіміз еліміздің гүлденуі, алдыңғы қатарлы
дамыған ел болу, жарқын болашақ, жан-жақты жетілген ұландардың дамуына
байланысты.
Демографтар отбасының екі жүйесін айырады: толық (ата-анасынан және
балалардан тұрады) және толық емес (балалардан және ата-анасының біреуінен
ғана тұрады). Көбінесе толық емес отбасында әкесі жоқ, онда бала
тәрбиесінің ауыртпалығы анасына түседі. Толық емес отбасының пайда болуының
ең басты себебі- ажырасу. Атақты демограф, профессор Б. У. Урланистың
айтуынша, бүкіл әлемде үш некенің бірі ажырасқан. Қазақстанда да бұл
тенденция көбейіп бара жатыр. Мәселен, Астана қаласының өзінде 2003 жылы
479, ал өткен жылы 513 ажырасу тіркелген. Сондықтан да біздің қоғамымыз
көркейіп, өркендеуі үшін отбасыларымыздың ажыраспай, бақытты да, баянды
өмір сүрулері керек.
Зерттеу мақсаты: Толық емес отбасынан шыққан балалармен педагогикалық
процесте әрекеттестік жасауында олардың психикалық ерекшеліктерінің ескеру
қажеттілігін көрсету.
Зерттеу міндеттері: 1. Әртүрлі ғалымдардың көзқарастарына талдау
жасау.
2. № 7 орта мектепте толық емес отбасында
тәрбиеленген балаларды анықтау.
3. Олардың психикалық ерекшеліктерін белгілеу,
себептерін көрсету.
4. Толық емес отбасын анықтау үшін сауалнамалар,
әдістемелер, тестерді қолданып ұсыныс жасау.
Зерттеу объектісі: Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикалық
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Толық емес отбасынан шыққан балалардыңт психикалық
ерекшеліктерінің болу себептерін белгілеу, оларды диагностикалау арқылы
анықтау.
Зерттеу болжамы: Егер толық емес отбасынан шыққан балалардың
психикалық ерекшеліктері дұрыс анықталса, олармен әрекеттесуді дұрыс жолға
қоюға болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар,
Г. Айзенк тесті (темпераментін және мінез-құлқын) т.б., табиғи
эксперимент.
1. Толық емес отбасыларын зерттеген ғалымдардың көзқарастары
Отбасы, толық емес отбасы және отбасындағы кейбір сәтсіздіктер әлі де
толық зерттелмеген тақырып. Өйткені әр отбасының өзіндік қулық, сыры
болады. Ішкі қарым-қатынастың да айтыла бермейтін тұстары көп-ақ.
Келесі белгілі ғалымдардың осы саланы зерттеулеріндегі айтарлықтай
жайлар бар.
Ғалымдардың мойындауынша, отбасы адамзат баласының өзі ғұмыр кешкен
тарихында жасаған ұлы құндылығының бірі. Осы заманғы ғылымда әлі күнге
дейін отбасының нақтылы айқындамасы жасалмаған. Көбінесе мынадай
анықтамалар жиі кездеседі:
1. Қоғамның биологиялық және әлеуметтік қайта түрленуіне қатысатын қоғамның
негізгі ұясы.
2. Үлкенді - кішілі дәрежеде заңмен, рухани нормалармен, салт-дәстүрлермен
басшылық жасайтын жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың айрықша
жүйесіне тән – спецификалық кіші әлеуметтік- психологиялық топ.
3. Ұзақ тарихи дамудың жемісі және отбасының басқадай айқындамалары.
“Баланың жеке басының қалыптасуына отбасындағы рухани хал- ахуал, оның
барлық жіктері тікелей әсер етеді. Отбасының мықты рухани атмосферасы
баланы дұрыс тәрбиелеудің маңызды шарты. Егерде сіздің өміріңіздің жалпы
бағыт-сипаты нашар болса, ең дұрысы, алдын-ала ойластырған жақсы
педагогикалық әдістемелердің өзі ешқандай пайда келтірмейді” деп есептейді
А.С.Макаренко.
Л.Н.Толстой балалардың тәрбиесі алдымен олардың ата-аналарының дұрыс
өмір сүрулеріне байланысты екендігін атап көрсетті. “Ата-аналар өз
кемшіліктерін түзете алмай және оны мойындамай, өздерін ақтауға тырысып,
балаларының бойындағы осы сияқты кемшіліктерге назар аудармаса, бала
тәрбиесінде барлық олқылықтардың туындауына сөз жоқ, әсер етеді. Кемшілік
атауына қарсы күрестегі бар гәп осында жатса керек. Балалар ересектерге
қарағанда сезімтал келеді, сондықтан да ата-аналарының кемшіліктерін
көрмеуімен бірге, ата-аналардың екі жүзділігін де тез аңғарады, оларға
деген құрметі сейіліп, айтқан тапсырмаларына немқұрайлылық таныта
бастайды”.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық
педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде,
Жүсіп Баласағұни, Сайф Сараи шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар
мұраларында, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, Абай Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж.
Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен, әлі толық
зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х.
Арғынбаев, Г. А. Уманов, К. А. Оразбекова, Ж. Қоянбаев, З. Әбілова, С.
Ғаббасов, І. Р. Халитова, А. Ш. Икрамова т.б. еңбектері бар.
Психологтар З.Матейчек, Х.Фигдор ажырасу әйелдердің көңіл-күйіне әсер
етеді, соның салдарынан олар ең сәтті, ыңғайлы педагогтік бастамаларын
жүзеге асыра алмайды. Өйткені ол өзінен және өзінің балаларынан әлеуметтік
теңсіздікті сезінеді.
Әкесіз қалған балалар қиын болып өседі. Мінез-құлқы басқаша болып
қалыптасады. Кәсіби педагогтардан (мектеп жасына дейінгі мекемелер,
мектептер т.б.) “толық емес отбасының баласы”, иә сол сияқты “толық емес
отбасындағы баладан қандай жақсылық күтуге болады?” деген сөздерді жиі
естуге болады. Кейде мектеп жасына дейінгі мекемелер қызметкерлері бұл
мәселе жөнінде баланың көзінше әңгіме жүргізеді, бұл әрине, баланың жанын
жаралайды.
Некесіз туған бала мен толық емес отбасы - өзекті, өміршең проблема.
Оған газет беттеріндегі пікір таласулар, ғылыми конференциялар,
монографиялар арналады. Югослав социологы Милана Босанацаның “Некесіз
отбасы” кітабынан кейбір мәліметтер келтірейік.
XIX ғасырдың екінші жартысында Дрезденде әрбір төртінші бала некесіз
отбасында туған. Ал Стокгольмде төрт баланың біреуі некесіз туған. Қазіргі
Югославиядағы әрбір жетінші бала некесіз отбасында тұрады. Бұл отбасы бұрын
ажырасқандар немесе ерлі –зайыптының мүлдем некесі қиылмаған. Отбасының
ыдырауы, некесіз байланыстың көбеюі отбасындағы бала санының азаюына әкеп
соқтырады. 4
Отбасында жалғыз бала өсіру (бұл жағдайдың өзінде бала мінезінде
психоневралогиялық ауытқу қауіпі туады), оның үстіне жалғыз басты ата-ана
(көбіне әкесіз) болса – бұл бала үшін өте-мөте қолайсыз жағдай.
Некесіз отбасы проблемасының әлеуметтік жағдайынан гөрі, психологиялық,
педагогика және балалардың психологиясына тереңірек көңіл бөлейікші.
Некесіз отбасында тәрбиеленген бала қалыпты отбасымен салыстырғанда ашушаң,
тұйық, көңілшек келетіндігін ашық айтамыз. Сондықтан да әйел адам өзінің
қара басының тән құмарлығын ғана ойлай қоймай, некесіз туатын баланың
болашақ өмірінің қандай болатынын ойлаған жөн секілді.
Кездейсоқ жалған махаббаттың “әсерінен” туған баланың анасы ұлы немесе
қызының қалай өсіп жатқанына онша назар да аудара қоймайды. Күндердің
күнінде бала әкесінің кім екенін сұрайды да, мұндайда көбіне аналары
әкесінің маңызды тапсырма орындау кезінде қаза болған деген жалған жауап
береді. Дегенмен бала шындықты білмей қоймайды. Мұның өзі баланың көңіл-
күйіне, жүйкесіне кері әсер етеді. Кейде басқа да теріс проблемалар
туындауы мүмкін.
Жасөспірімге ықпал ететін эмоциялық, әлеуметтік және сенсорлық (ата-ана
махаббатының саналық сипаты) әрекеттер жеткілікті-ақ. Оның бірі баланың
психикалық дамуын зерттеу.
Ағылшын ғалымның Джозефа Боулбидің “Ананың қамқоры және психиканың
бұзылуы” атты кітабы шықты. Бұл кітапта “ана қамқорының жоқтығы” деген
термин медициналық-педагогтік тұрғыдан табылған анықтама ретінде кеңінен
тарап кеткен. 5 Боулби анасымен баянсыз қарым-қатынаста болған баланың
даму проблемасын зерттеумен жарты ғасырдан бері айналысып келеді. Бұл
мәселеге арналған алғашқы еңбектер сонау 1914 жылдары жарық көріпті. Боулби
әсіресі балалар үйі мен жетімханаларда тұрған балалардың өмірін көп
зерттеген. Ол өз еңбектерінде көбінесе-көп орын алған шындықты көрсетуге
тырысқан. Жазушы болған соң кейде әсерлеу де болады. Боулбидің қаламынан
туған көптеген материалдарды жинақтай келе, былайша орташа сипаттама беруге
болады:
Баланың психикалық дамуына бөбек шағы (6 айдан бастап 12 ай аралығында)
өте маңызды.
Келешекте мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына, бірқалыпты өсіп-жетілуіне
ең керемет деген балалар мекемесі, немесе неше жерден мейірімді өгей шеше
болса да туған анасынан артық ешкім де әсер ете алмайды. Мұны естен
шығармаған жөн.
Анасынан еріксіз айырылған бала тәрбиесінен наразылық, күйіну сияқты
көріністер байқауға болады. Боулбидің айтуынша анасыз өскен балалар кекшіл,
қатал болады. Олар адамдарға қайырымдылық жасамайды. Боулби 1944 жылы
өзінің баукеспе ұры-қылмыскерлерге жүргізген зерттеулерінің қорытындысының
негізінде осындай пікірге келген бола тұғын, ал олардың бәрі де сол балалар
үйінде тәрбиеленгендер.
1983 жылы Нью-Йоркте “Отбасындағы бала. Психикалық проблемалар” деген
талдау еңбек жарыққа шықты. 784 парақтан тұратын бұл кітапта көптеген
цитаталар келтірілген, ғалымдардың сөздерінен үзінділер келтірілген. Алайда
нақтылы тұжырым аздау. “Бала мен отбасы” проблемалары жөніндегі АҚШ-тың
ғылыми әдебиетімен таныс адам бұны жақсы түсінеді. АҚШ-пен салыстырғанда
Қазақстандағы өмір басқаша. Міне, сондықтан да американдық отбасындағы
көптеген дәстүрлер мен әдістемелер қазақстандық адамдарға ерсілеу көрінеді.
Егерде байыптап зер салсақ, американдық салт-дәстүрлердің ішінде үйренер
сәттер де аз емес.
Американдықтардың пікірінше, ата-ана баланы психологиялық жағынан
ұстамды, күшті адам ретінде өсіргісі келсе тұрмыстың ауыр тауқыметіне
қарамастан сәбиі отбасымен бірге болуы керек. Қамтамасыздандырылған ата-
ананың ұлы мен жұмыссыз жүрген ата-ананың қызы 8-10 жасынан бастап,
балауыздық үшін ақша табудың жолына түседі. Баланы еңбекке жастайынан
үйретсек, ол психикасының жағынан бірқалыпты, талапкер болып өседі. Алайда
американдық бұл тәрбиенің жағымсыз жақтары да бар. Өйткені әр нәрсенің өз
шегі болады ғой. Қазақстандық балалар тәрбиесін жақсарта түссек елімізге де
көп пайда тигізері сөзсіз.
М.И.Буянов өзінің “Жайсыз отбасындағы бала” деген кітабында осындай
ортада өскен жасөспірімнің ауыр жағдайы жайлы баяндайды. 3
М.И.Буянов отбасының әр түрін атап көрсетеді. Оның кейбіреулері
мынадай: күйзелуге жақын, ажырасқан, толық емес. Толық отбасыларымен қоса,
ауызбірлігі жоқ, үнемі кикілжіңнен арылмайтын отбасылары да болады. Сырт
көзге қарағанда кейбір отбасы берік, ынтымақ-бірлігі жарасқандай
көрінгенмен, тереңірек үңілсек, ондағы жақсы ахуал тек көзбояушылық
екендігіне көзіңіз жеткендей болады. Шын мәнінде, мұндай отбасында түрлі
қайшылықтар көп болады, отбасы мүшелері бір-бірімен жауласпаса да, қарсылас
екендігі даусыз-ақ!
Тәрбие ісінде ағаттықтары орын алған отбасыларын жайсыздар қатарына
қосуға болады (М.И.Буянов). Ал бұл ағаттықтар әр түрлі болуы ықтимал:
баланы шексіз мәпелеуден бастап, мүлдем бақылаусыз қалдыру.
Зерттеу көрсеткендей (Е.П.Арнаутова, А.И.Захаров, Е.И.Кульчицкая т.б)
анасының (әкесінің) қайта отбасын құрған жағдайда баланың тәрбиесі өте
күрделі жағдайда өтеді. Отбасында өгей әке (өгей шеше) пайда болғанда
баланың анасымен, әкесімен қарым-қатынасы өзгере бастайды. Ата-ана
баласының ішкі күйзелісін (ол өз ойын ашық айта алмайды) аңғармайды,
сондықтан онымен қарым-қатынас орната алмайды.
Т.П.Гаврилова отбасы ыдырауының мектеп жасына дейінгі балаларға
қаншалықты ықпал ететіндігін көп зерттеген. Ата-ана мен балалар арасындағы
байланыстың бұзылуы өкінішті кикілжіңге әкеледі. Отбасының күйреуі бала
үшін – отбасы құрылымының, ата-анамен қарым-қатынастың, ата-анамен
байланыстың ыдырауына әкеліп соқтырады.
Ажырасу баланың алдында салмақты міндет қояды: ажырасқан ата-аналармен
жаңаша қарым-қатынас жасап, отбасында жаңаша рөл атқару қажет. Екі жарым,
үш жастағы балалар бұл құбылысты өте ауыр сезінеді. Үнемі жылай береді,
ұйқысы бұзылады. Мұндай пікірді шетелдік зерттеушілер З.Матейчик, А.Николи
де құптайды.
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер отбасының ерекшелігі мен құрылымы
және сұраныс принципімен байланысты болды. Мәселен, Е.П.Арнаутованың жұмысы
көкейкесті проблема – қайта некелесу кезіндегі бала тәрбиесіне арналған.
Ажырасудың көбеюіне байланысты отбасылардың қайта некелесу көрсеткіші
көбейіп кеткен. Осындай отбасыларында тәрбиеленіп отырған мектеп жасына
дейінгі мекемелердегі балалар саны 5 пайыздан 20 пайызға дейін жетеді.
Бала мен ата-аналар арасындағы туыстық қарым-қатынастың қиындау
себептерін әшкерелей отырып, Е.И.Арнаутова осындай отбасындағы баланың
көңіл-күйіне ерекше назар аударады. Ана мен бала арасындағы байланыстың
нашарлауы, сәбиіне деген сүйіспеншіліктің бірте-бірте сейілуі қатты алаң
туғызары сөзсіз. Сол себепті де қай ата-ана болмасын баланың бойындағы
қайғы –қасіретті толтыра алмайды. Дегенмен де бала мен ата-ана арасындағы
қарым-қатынасты жақсарту жөніндегі Е.П.Арнаутова ұсынып отырған әдістер
қайта некелескен отбасындағы психологиялық ахуалға ықпал етеді деген
ойдамыз.
Канада психологтары 6-11 жастағы 126 сау балаларды зерттеген. Олардың
58-і жайсыз отбасынан шыққан. Яғни, өмірлері күнде жанжалмен өткен. Ата-
аналарының арасында күнде төбелес, айқай-шу немесе ерлері әйелдерін ұрып,
қорлық жасайтын отбасылар. 33 ер бала мен 35 қыз бала жайлы отбасында
тәрбиеленген. Дәрігерлер алдыменен отбасындағы кикілжіңнің себептері мен
салдарын зерттеген. Оның балаларға тиетін әсеріне назар аударған.
Отбасындағы кикілжіңдік жағдай, жиі болып тұратын жанжал, отбасы
мүшелері арасындағы дау кімге болмасын зиянды құбылыс. Педагогтардың
айтуынша материалдық ауқатты отбасында “қиын” балалар көп болады. Ал
керісінше тұрмысы төмен отбасыларының балалары жақсы тәрбие алады.
Психотерапевт А.И.Захаровтың айтуына қарағанда ата-аналардың арасындағы
қарым-қатынастың нашарлауы балалардың көңіл-күйіне кері әсер етеді.
2. Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық емес отбасынан шыққан
балалардың психикасының даму ерекшеліктері.
Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде
отбасы адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйіспеншілік сыйлайтын
негізгі орта. Сондықтан бүгінгі күні отбасының мәні, отбасының тәрбиелік
рөлі арта түсуде.
Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы- отбасы тәрбиесі. Отбасында бала
еңбек етуге, өмір сүруге, әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді,
отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.
Әр уақытта “отбасы”, “туған үй” адам үшін ең басты ұғымдардың бірі
болып келген.
Отбасы тәрбиесі адам тағдырына да ықпал етеді. Өйткені, отбасы
беретін өмір сабағын балаға ең жақын адамдары- ата-анасы, ата-әжесі, үлкен
ағалары мен апалары береді, сол себептен оның тәрбиелік потенциалы мол,
онымен басқа адамдар, басқа тәрбие институттары тең келе алмайды.
Отбасы-мемлекеттің іргетасы. Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік,
бақытты, мерейі үстем болуымен тікелей байланысты.
“Отбасы - өзін-өзі сақтап, жалғастыру (ұрпақты) және әрбір мүшесінің
өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар
тобы”.
“Отбасы - кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік,
туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық,
материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар”.
Отбасы тәрбиесі күрделі жүйе, оған тұқымқуалаушылық, ата-ананың,
баланың денсаулығы, материалдық-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрмыс
деңгейі, отбасының құрамы, тұрып жатқан жері (қала, ауыл), отбасындағы
балаға деген ықылас т.б. ықпал жасайды. Әрбір отбасының негізгі
функцияларына ұрпақты жалғастыру және оны сапалы етіп тәрбиелеу жатады.
Отбасының типтері өте көп. Азаров Ю. бөлуі бойынша: идеалды- орташа-
нашар отбасы. Буянов М.И. қарым-қатынасқа байланысты: үйлесімді- толық емес-
ыдырауға жақын отбасылар. Педагог- психологтар жағымды және жағымсыз.
Миньковский тәрбиелік потенциалына қарай: 1) тәрбиесі күшті; 2) тәрбиесі
тұрақты; 3) тәрбиесі тұрақты емес; 4) тәрбиесі төмен; 5) тәрбиесі төмен
ұрыс-керіс болады; 6) маргиналды; 7) заң бұзатын; 8) қылмысты; 9)
психологиялық проблемалары бар отбасы.
Отбасының жаңа түрлері: қала отбасы, ауыл отбасы, әскери отбасы,
оралман отбасы, эмигрант отбасы, бай отбасы.
Осы заманғы отбасы күрделі эволюцияның кезеңді – дәстүрлі үйренішті
өмірден жаңасына (нуклеарлық) ауысуды бастан кешіреді. Отбасылық қарым-
қатынас, билік жүйесі өзгереді. Осыған байланысты ерлі-зайыптылардың рөлі
мен балалардың жағдайы да өзгереді.
Отбасы-қоғамның, отбасы мүшелерінің тұтас әрі әрқайсысын жеке алғандағы
мүддесі тоғысатын айрықша институт. Қоғамдағы алғашқы ұя ретінде отбасы
қоғам үшін, әр адам үшін маңызды функцияларды атқарады.
Отбасындағы функцияны сөз еткенде, ең алдымен біз отбасының ұжымдық
қызметіне, немесе жекелеген мүшелерінің қосар үлесіне, отбасының әлеуметтік
рөлі мен мәніне ерекше назар аударғымыз келеді. Отбасы функциясына қоғам
талабының, отбасының құқы мен мораль нормаларының, мемлекеттің нақтылы
көмегінің әсері көп-ақ. Сондықтан да отбасының функциялары үнемі жаңарып
отыруға тиісті. Мазмұны жағынан жаңаша сипат алады.
Отбасы функциясы – оның мүшелерінің белсенділігі мен өмірлік мұраттары
айқындалатын әдістер. Баланың тууы мен тәрбиеленуіне байланысты дәстүрлі
функцияларды атқаруда күнделікті проблемаларды шешуде отбасы адамға қиын
жағдайда өмір сүруге көмектесе алатын секілді психологиялық “қорған” бола
алады.
Қазіргі уақытта отбасының жалпыға бірдей классификациялық функциясы жоқ
десе де болады. Фунциялардың арасында байланыс, өзара қарым-қатынас мықты
болу керек. Сондықтан да бұл қарым-қатынастың өзгеруі басқа функциялардың
ойдағыдай орындалуына кері ықпал етеді.
Социолог А.Г.Харчев отбасының репродуктивтік функциясын басты қоғамдық
функция деп санайды. Оның негізі болып адамның өз ұрпағын жалғастыру
жөніндегі құлшынысы саналады.
Әр отбасы өзінше ерекше, бірақ та кейбір ерекшеліктеріне қарап, белгілі
бір топқа жатқызамыз.
Кеңінен тараған отбасының қатарына патриархалдық отбасын жатқызамыз.
Бұл отбасында бала да көп болады. Олар ата-анаға тәуелді. Балалар
үлкендерді құрметтейді, ұлттық, діни, дәстүрлерді сақтайды. Шаңырақта әке
жетекші рөл атқарады. Отбасының асыраушысы болғандықтан бәрі оған
байланысты.
Матрилокалды отбасында ана жетекші рөл атқарады. Бұл көп балалы отбасы
болады. Оның өз дәстүрі болады. Сол салт-дәстүрлер қатаң сақталады.
Қалай десек те кез-келген отбасында әйелдің рөлін ешкім жоққа шығара
алмайды. Патриархалдық сипаттағы отбасылар көп жағдайда селолық жерлерде
және шағын қалаларда жиі кездеседі.
Әр халықтың отбасы үлгілері де сан алуан. А.В. Мудриктің пікірінше осы
заманғы отбасы келесі топтарға бөлінеді:
1. Баланың жеке дамуына көмектесетін отбасы, мұнда жеке тұлға ретінде
“қалыптаспайды”. Мұндай отбасында бала мен ата-ана арасында эмоционалдық
жақындастық болады.
2. Ата-аналар ықпал ететін отбасында баланың тәртібінен бастап, ішкі
жан дүниесіне дейін бақылау жасалады.
3. Баланы жасанды мүсін немесе балшық ретінде қарайтын отбасында оны
тәрбиелеуге деген ықлас болады.
Сорокин отбасының үш түрін қарастырады:
1. Патриархалдық-қоғамдастық отбасында бала отбасы иесінің беделімен
дербес өмір сүруге дайындалады. Мұндай отбасынан бойында еркіндігі, білімі
жоқ, дәстүрдің құлына айналған мүгедек шығады. Мұндай үлгідегі отбасылар
еріншек, жалқау және артта қалған көшпелі халықтар Азия мен Шығыс Европа
елдеріне тән.
2. Тұрақсыз отбасы жастарды мемлекетке көбірек арқа сүйеуге үйретеді.
Ондағы мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді, айтқанға көне беретін
шенеуніктерді дайындау. Мұндай баланы өмірге қажетті талаптарға емес,
мемлекеттік қажеттілікке үйретеді. Олардың бағдарламасы бірдей. Бірақта ол
емтиханнан кейін ұмытылады. Отбастарынан мемлекет үшін қажетті шенеуніктер
аппараты шығады.
3. Жеке үлгідегі отбасы жас адамды өзіне ғана сенімділікке
тәрбиелейді. Олар өз біліміне, қабілетіне, ерік-жігеріне ғана сенеді. Жеке
бастама толық бостандық әпереді. Ата –аналар балаларын дербес өмір сүруге
ертеден тәрбиелейді. Олар балаларымен өздерімен бірдей дәрежеде қарым-
қатынас жасайды. Оларға өмірге қажетті білім береді.
Ю.П.Азаров отбасын жайлы және жайсыз үлгідегі екі топқа бөледі.
Жайлы отбасы:
( бала тәрбиесіне дайын (педагогтік тұрғыдан сауатты отбасы);
( ата-аналары өз балаларын қоғамның толық мәнді азаматы етіп
тәрбиелеуге ұмтылатын отбасы болып бөлінеді.
Жайсыз отбасы:
( кикілжіңі көп болады. Мұндай отбасында ата-аналар, ата-аналар
мен балалардың арасында кикілжің орын алады. Басқа
келіспеушілік қарым-қатынастар орын алуы ықтимал:
( педагогтік тұрғыдан қабілетсіз. Олар өз балаларына дұрыс
тәрбие бере алмайды.
( азғындық жолға түскен отбасында балалар да оған тез
бейімделеді, психологиялық-педагогтік әрекет шеңберінен тыс
“қатаң келіс” қажет. Мұндай отбасына “тәрбиелеумен” бірге,
негізінен әкімшілік және құқықтық шаралар да қолдану қажет.
Мұндай шараның бастаушысы, әрі үйлестірушісі болып
әлеуметтік мекеме қызметкері, мұғалім, мектеп, жоғары оқу
орны, кәмелетке жасы толмағандардың инспекциясы саналады.
Осы зерттеулерде біз көбінесе Ю.П.Азаровтың классификациясына
сүйендік.
Тәрбиедегі ағаттық
“Золушка үлгісіндегі” тәрбие немесе айқын, немесе жасырын эмоциялық
көрініс. Бір нәрсені үнемі қайталап, көрсете бергенді бала онша ұната
қоймайды. Сондықтан баланың төңірегінде қалыптасқан шындыққа көзқарасы да
әр түрлі. Жеке проблемаларын оңай шешем деген қиял босқа кетеді де, бойын
аяушылық сезімі билейді. Өзін сыйласын деген ниетпен ата-аналарына жағына
бастайды, жақсы оқумен, тіпті кейде бұзақылығымен де басқалардың көзіне
түсуге тырысады, ата-анасынан өш алғысы да келеді. Осы айтылғандарға
басқаша көзқараста бар.
Баланың ашу шақырып жүргенін, оның көңіл-күйін педагогтар мен
психологтар жақсы біледі. Оқушыға мұндай жағдайда қалай көмектесуге болады?
Ұлың мен қызыңа немқұрайлы көзқарас танытып жүрсің деп ата-анасына айтқан
жөн болар ма екен. Мұны ата-анаға кім айтуға тиісті? Бала сырқаттанып
психиатрға көрінуге барса, тым кеш болмай ма? Педагог пен психологтың
көмегімен жағдайды ерте түзетуге болады.
Теріс тәрбиенің тағы бір түрі - гиперопека немесе оны гиперпротекция
деп атайды. Оның екі түрі бар. Гиперопека жағдайында бала үнемі қамқорлыққа
бөленіп, қоршаған ортадан алшақтау жүреді. Ата-әже, ата-аналары өмірден
оңай алшақтатудың түрлі жолдарын біледі.
Гипоопека – сирек кездесетін құбылыс. Ол керісінше бала бойында
қадағалаусыздықты қалыптастырады. Бақылаусыз болғандықтан ол бұзақылыққа
тез бейімделеді. Осындай өкінішті жолға гиперопека да әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Отбасы құрылымына қарай:
1. Толық (әке-шеше, бала)
2. Толық емес (бала және жеке басты анасы немесе әкесі)
3. Үш буынды (әке-шеше, бала, ата-әже)
4. Нуклеарлық (бөлек шығып)
Толық отбасының бәрі бірдей жақсы тәрбиеге кепілдік бере алмайды.
Өкінішке орай өнегелі деген отбасының өзінде тәртіпсіз балалар кездеседі.
Отбасының “толықтығы” тәрбие берудегі жетістіктің кепілі бола алмайды, ал
отбасының “толық еместігі” міндетті түрде қиындыќтар туғызуы мүмкін емес.
Кей отбасында баланы өте қатал, салқын қандылықпен тәрбиелейді. Олардың
бойында жоғары моральдық жауапкершілік қалыптасады. Егер бәрі бір қалыпты
нормада тиімді, шамадан тыс кетсе – зиянды. Сырт көзге белгісіз, сабақ
үлгерімі жақсы мұндай балалар отбасына да қауіпті, түрлі психикалық
аурулармен сырқаттануы ықтимал.
Әжесі мен ата-анасының әр түрлі көзқараста болуы, әр түрлі талап қоюы
кең өріс алып бара жатқан құбылыстың бір түрі.
Тәрбие баланың сана-сезімі қалыптасуынан бұрын басталатындығы белгілі.
Ата-аналар оларға пайдалы ақыл-кеңес береді, өмірден жағымды мысалдар
келтіреді. Сондыќтан да сәбидің тәрбиесі алғашқы күннен басталып өмір бойы
жалғаса береді. Тек тәрбие берудің формалары өзгереді. Алайда адам еш
уақытта немқұрайлы бола алмайды. Сәбидің дене бітімінің және психикасының
жақсы қалыптасуына жылы киім, жақсы тамақ, қауіпсіздік пен медициналық
емдеу ғана жеткілікті емес.
Балаға биологиялық ќажеттілік пен қатар психикалық қажеттілік те
маңызды. Бұл бала өзін шын мәнінде жақсы сезінетіндей ерекше жағдайда
қанағаттандырылуы керек. Басты-басты психикалық қажеттіліктің қанша, қандай
екендігін дәл басып айту қиын. Ең бастысы әр отбасындағы тәрбие осы
ќажеттілік мүддесінен шықса болғаны. Отбасы мүшелерінің толық немесе толық
еместігіне тәуелді болуға тиісті емес.
Толық емес отбасында бір өзекті проблема бар. Ол тікелей баланың өзіне
байланысты. Психологиялық зерттеулер мынаны көрсетеді: толық емес
отбасындағы ана баласының сауалдарына тапқырлыќпен жауап бере ала білуі
керек. Баланың өзі үшін ашқан жаңалықтарына ден қойып тыңдап, істеген іс-
әрекеттеріне талдау жасап, түсіндіре білсе сезімдік жетілуіне көп көмегін
тигізеді. Ол үшін көп жұмыс істеудің қажеті жоқ, тек баланың өз күшімен
жаңа дүние ашуына жағдай жасаса болғаны. Балаға дұрыс аќыл-кеңес беріп,
қажет болған жағдайда қол ұшын бере білуі керек.
Әсіресе ата –аналары ажырасқан балалардың жағдайы өте ауыр болады. Олар
бастарына түскен өмірдің жаңа өзгерісіне тез көндіге алмайды. Мәселен, бес
жасар балаға “сені әкең алып кетеді, енді анаңмен ешқашан кездеспейсің, ал
анаң болса сені сағынып, қайғыға батады” деп түсіндіріп көріңізші. Бұл
жағдайда бала әкесінен қорқып, онымен кездесуден қашқалақтай бастайды. Бір
қарағанда анасының ойлағаны ойынан шыққандай, бірақ ананың бұл жеңісі көп
уаќытқа дейін баланың өмірге деген сенімсіздігін туғызу деген сөз.
Ата-анасының арасындағы кикілжің үйреншікті сипатқа айналса, баланың
оларға деген сенімсіздігі өз арнасынан шығып, патологиялық формаға көшеді.
Ата-анасы баласының күйзелісте жүргенін аңѓармауы да мүмкін. Өйткені олар
бір-бірімен айтыс-тартыста уақыттарын өткізеді.
Анасы бірнеше рет тұрмысқа шықты делік. Өгей әке баланы өзінше
тәрбиелейді. Алайда, бұл тәрбиеден оғаш қылық байқалмайды. Дегенмен де,
тәрбиенің әр түрлі болуының өзі теріс тенденция. Оның бала психикасына кері
әсер ететіндігі даусыз.
Егерде баланың сәбилік шағынан бастап қаз басқан әр қадамына дұрыс
бағасын беріп, онымен бірге қуанатын, күлетін, оның алғашқы жетістіктеріне
баға беретін адам болмаса, онда мұндай баланың толық мәнде моральдық
жағынан ержетуі екіталай. Оның өз құрбыларына қарағанда қабілеті төмен
болады. Ең бастысы оның оқуға деген құлқы төмендейді.
Отбасында әкесінің (анасының) жоқтығынан баланың пәлендей пайда табуы
қайдан. Керісінше бұл жәйт баланың жеке тұлға ретінде өсіп жетілуіне
кедергі жасайды. Өзіңіз байқап көріңізші: маскүнем, қатыгез, дөрекі әкеден
қандай пайда бар? Жүріс қылатын, жеңілтек әйел ше?
Ана тәрбиесіндегі қыз баланың ер адамдар жайлы түсінігі басқаша. Егерде
қыз бала төңіректегі көріністі ана басындаѓы трагедиямен байланыстырса,
онда тітіркенішті түсіністік қалыптасады. Оның жыныстық қатынасқа деген
түсінігі де бұлыңғырлау болады. Тіпті әке тәрбиесін көрмеген қыз бала үшін
ер адам образы бейне бір кинофильмдер мен теледидар хабарларының
кейіпкерлеріне ұқсайтын болады. Мұндай жағдайда бала өмірден тез күдер
үзеді.
2.1 Толық емес отбасының қоғамдық жағдайы.
Отбасылық өмірлері тыныш, әрі бірқалыпты өтіп жататын көптеген адамдар,
Заң кодекстерін ешқашан оқымаса да өздерінің міндеттерін аса
жауапкершілікпен атқаруда. Өз отбасының ұядай шағын шаңырағында өз
құқықтарын пайдалана отырып, маңайындағы адамдарға қатысты өз міндеттерін
де абыроймен орындайды. Алайда кикілжің кірген отбасының әдетке айналған
тұрмыс тәртібі бұзылып, отбасылық қарым-қатынас жөніндегі құқықтық
Заңдармен танысуға мәжбүр етеді. Мұндайда, ең алдымен нендей жағдай
болғандығын анықтау қажет.
Отбасылық кикілжің көп жағдайда жақын достардың, туыстардың немесе
қоғамдық ұйымдардың көмегімен жиі шешіледі. Алайда кейбір проблемалар жеке
бастың мүддесінен асып кетсе, онда отбасының бір, немесе бірнеше мүшесінің
құқықтық жағдайына әсер етеді. Онда бірінші кезеңде құқықтық ғылымға жүгіну
қажет. Заң адамдардың құқығын қорғауға тиісті. Құқықтық Заңдар көмегімен
ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалар өмірінде туындайтын түрлі даулы,
кикілжіңді мәселелерді шешуге болады.
Толық емес отбасы бірқатар айырықша әлеуметтік және заңдылық
проблемалар жинақталған отбасының тыныс-тіршілігінің мысалы болып саналады.
Толық емес отбасы құрамы жағынан айрықша сипат алады және оның құқықтық
проблемалары да айқын аңғарылады.
Құрамында ата-аналардың біреуі ғана және балалары енетін отбасы толық
емес отбасы деген ұғымды білдіреді. Толық емес отбасы мынандай себептен
қалыптасады. Мәселен, әйел некесін заңдастырмаса ол өз баласымен жеке
тұрады. Екінші себеп: ата-аналардың біреуі басқа ауданда тұрақты тұрып,
еңбек еткен жағдайда толық отбасы ішінара немесе толық мағынада
мәртебесінен айырылады. Үшінші себеп: ата-аналардың біреуі қайтыс болған
жағдайда толық отбасы құқығынан айырылуы мүмкін. Келесі себеп, ата-
аналардың біреуі отбасын мүлдем тастап, айырылысуды талап етсе.
Міне, осындай себептерден қазіргі қоғамда толық емес отбасы пайда
болуда.
2.1.1. Толық емес отбасы және оның құқықтық проблемалары.
Қазіргі таңда толық емес отбасының туындауының ең көп тараған
себептерінің бірі-ажырасу. Статистикалық мәліметтерде, неке бұзудың негізгі
көрсеткіштерін балалы отбасылары құрайды.
Ерлі-зайыптылар арасындағы неке сот шешімімен ажырасып, Заңдылық күшіне
енген жағдайда доғарылады. Бұған дейінгі неке ерлер мен әйелдердің өмірлік
ынтымақтастығы ғана емес, олардың жұбайлық құқықтары мен міндеттері
туындайтын құқықтық қарым-қатынас саласы болып есептеледі. Ажырасу жеке
сипаттағы құқықтар мен міндеттердің күшін жояды: бірге тұру, бірге ортақ
іспен айналысу, бір-біріне көмектесу т.б. Ажырасқан соң ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлікке иелік ету жөніндегі өзара міндеттері күшін жояды.
Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында көптеген проблемалар туындайды. Оның
алғашқысы: балалардың кіммен қалатындығы. Көп жағдайда бұл мәселе анасының
пайдасына шешіледі.
Заң жүзінде материалдық байлықтарды бөлу кезінде алдымен кәмелеттік
жасқа толмаған балалардың мүддесіне ерекше көңіл бөлінеді. Кәмелеттік жасқа
толмаған балаларға қажетті заттар оларды тәрбиелейтін ерлі-зайыптылардың
біреуіне беріледі.
Ерлі-зайыптылардың отбасындағы ролін анықтау үшін, алдымен олардың
балаларына жасайтын қамқорлығын назарға алған жөн. Балалардың мүддесін
қорғаудың әрбір нақтылы сәті ажырасқан ерлі-зайыптылардың мүліктік үлесін
айқындауға да әсер етеді. Сот шешімінде тепе-теңдік болуы мүмкін емес.
Балалар мүддесін қорғай отырып, үлес мөлшерін соттың өзі анықтайды және оны
негізге ала отырып ерлі-зайыптыларға тиесілі мүлікті бөліске салады.
2.1.2.Тәрбие берудегі құқықтар мен міндеттер.
Ата-аналар ажырасқанымен ортақ балаларының келешектегі тағдырын
ұмытпаулары керек. Олар ажырасқаннан кейін, балаларына бірлесе тәрбие беру
үшін отбасын қайтадан қалпына келтіре алмайды. Алайда олар өздерінің балаға
деген саналы көзқарстарымен отбасылық өмірдегі өзгеріс сарынын жұмсарта
алады. Ол үшін әуелі эмоциялық дағдарысқа жол бермей, баланың өмірдегі
үзілген үмітін нығайту керек. Екі жақтың салмақты мінез–құлқымен,
қайырымды, шуақты көзқарастарымен балаға жайлы жағдай туғызып, оның
эмоциялық тепе-теңдігін сақтауға болады.
Бала әлбетте анасымен бірге қалады. Алайда мұндай шешім қабылданбастан
бұрын сот жан-жақты ойластырып, бала мүддесін лайықты қорғай білуі керек.
Заң сотқа баланың қалыпты дамуы және сапалы азамат болып қалыптасуы үшін
қолайлы жағдай туғызуға жауапкершілік жүктейді.
Ортақ шешім шығару немесе ата-аналардың мәмілеге келуі үшін сот ата-
аналарды, олардың отбасылық қарым-қатынасын, бала туралы нақтылы анықтама
шығаруы керек. Сотқа ата-аналардан алған мәліметтер аздық етеді. Сондықтан
сот қосымша мәліметтер жинастырады, объективті шешім шығару үшін басқа да
деректерге сүйенеді. Сот -біздің қоғамдық мораль негізінде баланың тұлға
ретінде қалыптасуын және дұрыс тәрбие беру үшін ата-аналардың қайсысының
мүмкіндіктері артық екендігін анықтауға тиісті.
Ажырасқан ата-аналардың кәмілеттік жасқа толмаған бірнеше балаларын
тәрбиелеудің өзекті бір түйіні бар, бұл мәселе еліміздің жоғары сот
орындарының үнемі назарында болып келеді. Атап айтқанда кәмілеттік жасқа
толмаған балалардың бәрі ата-ананың біреуіне ғана берілуі керек. Мұндай
принцип практикада кездеседі. Ал балалар жастайынан бір-біріне бауыр басып,
бірге өскен апалы-інілі болса олар ажырасуға тиісті емес. Мұндағы ұстанып
отырған басты қағида ата-аналардың өздік қарым-қатынасынан, бәлкім ата-
анасы мен балалардың келіспеушілігінен бұзылған туыстық байланысты сақтап
қалу.
Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің құқыќтық проблемасы
психологиялық немесе педагоктік сипаттаудан әлдеқайда көкейкесті. Бұл
мәселенің бастысы – толық емес отбасының заңдылық құқықтығы. Бұл проблема
толық емес отбасындағы бала мен ата-ананың болашақ өмірінің құқықтық
негіздерін анықтайды. Сондықтан бала тәрбиесі жайлы шешім түпкілікті нәтиже
деп есептелмейді. Қарым - қатынаста түбегейлі өзгерістер туындаған
жағдайда, сот шешімін өзгертудің қажеттігі туындауы мүмкін. Бала
тәрбиеленген ортада оң өзгерістер байқалса, сот жоғарыда айтылғандай бала
мүддесіне сәйкес шешім шығара алады.
Жөн-жосықсыз дау-дамай емес, түсінбеушілік толық емес отбасындағы
баланың өзімен бірге тұрмайтын ата-анасы арасындағы кикілжіңге әкеліп
соқтырады. Бірін-бірі түсінетін ата-аналар өзара және балаларымен тіл
табыса алады. Мұндай жағдайда проблема туындауы мүмкін емес. Мәселен, әкесі
мен баласы кездесу жөнінде алдын-ала келіссе, оны асықпай байыппен кейін
жүзеге асыруға болады. Ата-аналардың мұндай қылықтары балаға игі әсер
етеді.
Отбасы және ата-аналардың міндеттері туралы Заң негізінен алғанда бала
мүддесін қорғау принципінен туындайды. Сонымен бірге заң ата-аналардың
құқықтық жағдайын да қорғайды. Мұндайда алдымен бала тәрбиесіне шешуші рөл
берілуге тиісті. Алайда баланың бірқалыпты дамуы үшін ең бастысы – ата-
аналардың екі жақты ортақ тіл табыса білуі. Ажырасқан ата-аналар өз
балаларымен бірге тұрмаған жағдайда бұл келісім олардың ата-аналық
құқықтары мен міндеттерін орындау кезінде белгілі бір жағдайда бұзылуы
мүмкін. Мәселен, баланы әжесіне берді делік. Егерде ата-аналары ерік-жігер
танытып, балаларының бірқалыпты өсуі үшін мүдделік білдірсе, көп жылғы
қалыптасқан оң тәрбиеге сүйене отырып, сот ата-аналардың баласымен өзара
сенімділік қарым-қатынас жасауын қалайды және де бұл талаптың сот арқылы
заңдастырылуы қажет те емес. Бұл бала мүддесін қорғауда ең тиімді, әрі
пайдалы әдіс. Сонымен, бір адамның ішкі жан дүниесіне бойлайтындай сот
органдарының заңдық сипатқа жатпайтын әрекеттерін қалайша жоққа шығаруға
болады.
Өкінішке орай көптеген ата-аналардың өрісі жетпегендіктен баламен
арадағы қарым-қатынасты сот төрелігіне ұсынады. Соттың шешімі ата-ана мен
бала арасындағы қарым-қатынасты заңдастырумен бірге, екі жақтағы ата-аналар
үшін заңдылық тұрғыдан міндетті болып саналады. Заң бойынша сот шешімі
бұлжытпай орындалуы керек. Сот шешімі орындалмаса онда заңдылық
жауапкершілікке тартылады.
Бала тәрбиесіне қатысты сот шешімін орындау отбасындағы құқықтық қарым-
қатынаста ең қиын мәселенің бірі саналады. Ата-аналардың біреуі сот шешімін
тағы да сот арқылы орындауды талап етсе, онда ата-аналардың екеуі де
қалыптасқан жағдайды өзгертуге қабілетсіз. Мұндай ата-аналар баланың зат
емес, тірі жан екендігін есте ұстаулары керек. Ол бұл өмірге әкелген
үлкендердің көмегіне әрқашан да зәру. Бала үшін соттасып жататын ата-аналар
өмірде қатал, қатыгез болады. Сот пен дау арқылы өмірдегі ең қымбат жан –
бала сенімінен айырылатындығын неге түсінбейді олар! Ата-аналар арасындағы
ұзаққа созылатын кикілжің баланы қуанышынан айырып, жүйкесін тоздырады.
2.1.3.Толық емес отбасында баланы тәрбиелеу.
Отбасы мүшелерінің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – отбасы
мүшелерінің кейбіреулерінің өзін материалдық жағынан қамтамасыз етуге
мүмкіндігінің жоқтығы. Сондықтан отбасы туралы Зақ мынадай талаптар қояды:
Отбасының барлық мүшелері өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктеріне
орай бір-біріне көмектесуге тиісті. Сөйтіп отбасының материалдық және
рухани жағдайы қамтамасыз етілмек.
Азаматтық өзара қарым-қатынас тұрғысынан алғанда ата-аналардың өз
балаларын материалдық жағынан қамтамасыз ету басты борышы болып саналады.
Отбасының бір қалыпты жағдайында оның экономикалық қызметі әлбетте жоспарлы
түрде дамиды. Ата-аналар өз балаларын тұрақты қамқорлыққа алады, асырайды,
киіндіреді, тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Заң тілімен айтқанда өздерінің
ата-аналық борыштарын орындайды. Бұл арада әңгіме балаларды қамқорлыққа
алудағы ата-аналардың өз борыштарын абыроймен атқарудағы әдістері болып
отыр.
Ата-аналары ажырасып, бөлек тұрған жағдайда отбасында мүлде басқаша
жағдай қалыптасады. Толық емес отбасында алғашқы ажырасқаннан кейін
материалдық жағдайлары күрт өзгереді.
Егерде ата-аналар ажырасқаннан кейін ақша мәселесін шеше алмаса, онда
баланы бағу үшін ата-аналық міндетті айқындау үшін сотқа жүгінеді. Соның
нәтижесі бойынша әкесі баласын күту үшін бұрынғы әйеліне ақшалай көмек
жасап тұратын болады. Әкесі баласымен бірге тұрмаса да, осылай қамқорлық
жасауға міндетті.
Алимент-кәмелетке келмеген баланың анасына олардың тұрмыстық
мұқтаждықтарына қажет. Ең маңыздысы бұл көмек тұрақты көрсетілуі керек.
Кәмелеттік жасқа толмаған баланы қамқорлыққа алу, оған дұрыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz