Дамыта оқыту технологиясының түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе.
1) Дамыта оқыту мәселесінің тарихы.
Эльконин, Давыдов, Занков дамыта оқыту жөнінде.
ІІ. Негізгі бөлім.
Дамыта оқыту технологиясының түрлері.
2.1. Ақыл-ой Одиссеясы
2.2.ТРИЗ-оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындауы.
2.3.СТО және жазуды дамыту.
2.4.СТО-ны оқыту процесінде қолданудың ерекшелігі.
ІІІ. Практикалық бөлім.
IV. Педагогикалық тұжырым.

Кіріспе.
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім
беру тәжірбиелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын
қамтамассыз ететін жаңа технологияларды іздестіруге сүйеніледі. Ол оқытудың
жеке тұлғаға бағдарлануының үрдісі мен нәтижесін, оның әлеуметтік
тұрақтылығы мен қорғалуының құрамы қызметтерін қамтамассыз етеді. Оның өзі
оқытудың мақсаттары, мазмұны, түрлері мен әдістерін анықтау тұрғысы болып
табылады, оларға жаңа мазмұн-мағына береді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникация желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі
мектептер:
1) практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
2) қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіруі;
3) еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
4) орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді
көздейді.
Инновация (латын сөзі – жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту деген мағынаны
білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан,
жасал-ған, жуық арада пайда болған, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес
енгізілген жаңалық.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,
яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа консепцияларды
жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:
1) жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі;
2) өзгеріс;
3) құрал-әдіс-тәсіл.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту
мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық
технологияны игерген психологиялық-педагогикапық диагностиканы қабылдай
алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл
жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет
өтеді.
"Инновация" ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасай қойған
жоқ. Біз өз зерттеу жұмысымызда Ш.Таубаева мен Қ.Құдайбергенова берген
анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни "инновация" - бұл қойылған мақсатқа
жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа
қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде
берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз
еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат
пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
инновациялық-педагогикапық технологияны ендіруді міндеттейді.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық енгізу 4-кезеңнен тұрады.
1 – кезең жаңа идеяны енгізу. Ақпараттарды және жаңалықтарды
іздестіру.
2 – кезең жаңалықтарды ұйымдастыру, оқу-тәрбие үрдісіне жаңалық
енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
3 – кезең жаңалықтарды енгізу. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-
тәсілдерді қолдану.
4 – кезең жаңалықтарды бекіту. Оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген
жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- баланы өз бетімен әрекеттендіру әдістерін меңгерту;
- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- әр оқушының оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып жүрген технологиялар:
- дамыта отырып оқу әдістемесі;
- деңгейлеп сарапап оқыту технологиясы;
- модельді оқыту технологиясы электронды оқыту;
- қарқынды оқыту технологиясы.
Елімізде ғылыми жаңа технологияның қарқынды дамуымен қатар,
технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын жаңа заманның жаңа
тұлғасын қалыптастырудың кезі жеткен сияқты.
Ертеде данышпан ойшылдарымыз айтқан: "Тегінде, адам баласы адам
баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады" - деген
пікіріне сәйкес, қазіргі таңда жаңа заман ағымына сай, өзіндік жаңа білім
саласында түрлі дамыту істерінің дамып келе жатқанын ерекше атап көрсетуге
болады.
Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені "XXI
ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек?" деген сауалға жауап берері
анық. Еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім нәтижесінің
нақты көрсеткіші болмақ. Сондықтан да дамып келе жатқан қазіргі таңдағы
білімнің қай саласында болмасын оқытудың жаңа технологиясы тек сипаттама
түрінде ғана емес, шынайы проблемалық негізде болуға тиісті. Жаңа оқу
үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде жаңашыл-педагогтардың озық
дидактиктикалық идеяларында "Нені оқыту?", "Қалай оқыту?", "Сапасы қандай?"
деген сияқты мәселелерді шешуге бағытталған көптеген жаңаша жұмыстарын
көруге болады: В.Ф.Шаталов (тірек сигналдары), Р.Штейнердің (ерік таңдау
идеясы), С.Н.Лысенконың (оза оқыту), П.Эрдниевтің (ірі блоктар идеясы),
Л.В.Занковтың (дамыта оқыту), Л.С.Выготскийдің (жақын даму аймағы), т.б.
Аталған дидактиктердің біліміне сүйене отырып, қазіргі таңда оқытудың
әртүрлі жаңа технологиялары қарастырылып, оны қолдануды жүзеге асыруда
көптеген жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін беріп те үлгерді.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту,
яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-
педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға жаңа технологиялар
терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың
алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына
негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары
көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В.Занковтың
дамыта оқыту жүйесі, Номенскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Ш.Амонашвилидің
ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М.Монтессори технологиясы,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б. Педагогикалық
технологиялардың жан-жақты тараған, оң нәтижесін танытып жатқан бірқатар
түрлерін атауға болады:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойын арқылы ойын
дамыту технологиясы,білім беруді ізгілендіру технологиясы,модульдік оқыту
технологиясы,дамыта оқыту технологиясы.
Дамыта оқыту технологиясы - қүрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық
жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне
көтерілуі көзделіп, оқыту барысында оған лайық жағдай жасалады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің ролі мен атқаратын
қызметінде, әдіс-тәсілінде, т.б.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда.
Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі
мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Бірақ тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр
адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек
оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының
басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік
қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің
өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның
дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен
амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің
иесі - мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек.
Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі
тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны
дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан
ашуына мүмкіндік алады.
Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-
әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасаған болатын

1.1. Эльконин, Давыдов, Занков дамыта оқыту жөнінде.
В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең
алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы
қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан -
ортаққа, абстрактіліге, тұтастыққа бағытталған; жағдайдан, фактіден -
жүйеге; құбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында
дамитын баланың ойлауы В.В.Давыдов бойынша, эмпирикалық деп аталады.
Л.С.Выготский мен Д.Б.Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық
контексінде В.В.Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден гөрі: жалпыдан
жекеге, абстрактіден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық
әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде
дамитын баланың ойлауын В.В.Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін
дамытушы деп атады. Бұл жерде В.В.Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың
жетекші маңыздылығы, ең алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы
көрінеді деген Л.С.Выготский мен Д.Б.Элькониннің негізгі ережелеріне
сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады. ,
В.В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі
айырмашылықтарын келтіреді (бұл жерде білім термині абстракция,
жалпылау, ұғым үшін ортақ)
Эмпирикалық білім
1. Білім заттарды, олар туралы ұғымдарды салыстыру барысында пайда
болады; нәтижесінде оларда ортақ қасиеттер бөлінеді.
2. Талдау барысында генетикалық бастапқы қатынас, жалпыға
ортақ негіздеме, біртұтас жүйенің мәні ашылады.
3. Заттарды ойша қайта кұру ретінде пайда болатын білім түсінік
шеңберінен шығып, олардың ішкі қатынасы мен байланыстарын бейнелейді.
4. Іс жүзінде өмір сүретін біртұтас жүйе мен оның әртүрлі нышандарының
байланысы жалпыға ортақ және жеке дараның байланысы ретінде саналады.
5. Нақтылау біртұтас жүйенің жалпыға ортақ негіздемелерінің ерекше
және бірегей нышандарын бөлігі шығару түсіндіруден тұрады.
6. Білім ақыл-ой әрекетінің құралдарында, содан соң символ-
таңбалық құралдар арқылы көрінеді.
Теоретикалық білім
1. Білім тұтас жүйенің ішіндегі кейбір ерекшелік қарым-қатынастардың
рөлі мен міндеттерін талдау барысында пайда болады, қарым-қатынастар
генетикалық тұрғыдан жүйенің барлық көріністерінің бастапқы негізі болып
табылады.
2. Салыстыру барысында заттардың белгілі бір класқа қатысты бірқатар
жиынтығы бөлінеді (олардың ішкі байланысын ашпай ортақ қасиеттерінің
негізінде).
3. Байқауға негізделген білім, затты елестетуде оның сыртқы
касиеттерін бейнелейді.
4. Ортақ қасиет формалды түрде ерекше және жеке дарамен қатар
қойылады.
5. Білімді нақтылау пәндердің берілген класына кіретін мысалдар мен
иллюстрациялар таңдаудан тұрады.
6. Білімді зердеге тую құралы термин-сөздер болып табылады.
В.В.Давыдов мазмұнды абстрагирлеу және жалпылау барысында алынатын
теоретикалық біліммің сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта оқытудың негізін
құрайды. Генетикалық бастапқы негіздеме, ой-еңбек әрекетінің жалпыланған
тәсілін анықтау, қайта өңдеу үшін барлық қасиеттердің байланысын белгілеу
үшін салыстыру және қайта өңдеудің ғана емес, анализдің ойлау әрекетінің
(сәйкес синтездің де) маңыздылығы аталып өтеді. Теоретикалық білімнің тағы
бір маңызды айырмашылығы: оның қалаптасуы барысында біртұтас жүйе ішінде
жалпыға ортақ және жекенің байланыстары орнатылады, оның мәнін түсіну, ол
белсенді ойлау әрекетін ұйғарады (тек қана түсінік емес), үшінші, оны да
ерекше атап ету қажет, теоретикалық білімнің өмір сүру түрі. В.В.Давыдовтың
теориясында бұл, ең алдымен, ой-еңбегі қызметінің әдістері, әрекеттің
жалпыланған тәсілдері.
Теоретикалық білімнің және оқьпудың негізгі бағытын осылайша түсіну,
яғни абстрактіден нақтыға, қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа,
психологиялық тұрғыдан түсіндірілуіне негізделеді. Мысалы, В.В.Давыдов
саналықтың, көрнекіліктің, сабақтастықтың, ұғынымдылық, ғылымилықтың
жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардан басқа,
психологиялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады.
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық
айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбіреуі психикалық дамудың
әр түрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта
оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, дамудың
жылдамдығы мен мазмұнын заңды тұрғыдан білім берушінің әсер етуді
ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады. Үшіншіден, саналылық принципінің
әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда
мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту
шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В.В.Давыдов,
В.В.Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде
оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден,
көрнекілік принципін В.В.Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл
принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде
ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды
сипаттамасы, бұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық
көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта
оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс.
В.В.Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы
пәндерді игеру "Барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де
тұжырымдайды:
1. Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру, оқушылар,
оған қарағанда, жеке және нақты білімдермен танысу алдында жүреді;
соңғысында оқушылар өзінің бірыңғай негізі ретіндегі жалпы және
абстрактіден шығарады.
2. Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін
білімдерді оқушылар олардың пайда болуының шарттарын талдау процесінде
меңгереді, солардың арқасында олар қажетті болады.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік
талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың
мазмұны мен әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау
қажеттігі туды.Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық
материал көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жаткан саласына оқушылардың
танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуда.
Қазіргі педагогикалық технологияны обьективтік қажеттілік тұрғысынан
таңдап алуды талап етеді.”Оқыту технологиясы ”деген түсінік бүгінгі күні
дәстүрлі педагогикада көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды.ЮНЕСКОның
құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және анықтау
барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып
табылады.Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғы шарты деп
таниды.Бір жағынан оқыту технологиясы Бір жағынан оқыту тех

II. Негізгі бөлім. Дамыта оқыту технологиясының түрлері.
Өмірімізде болып отырған түбегейлі өзгерістер коғамымызға жаңа
талаптар қойып отыр. Бүгінде жоғары оқу орындарының музыка факультеттерінде
қазақ мектептеріне ән-күй мұғалімін дайындау сапасын көтеру ісі — ең басты
мәселенің бірі. Ол мамандардың іскерлігінің түп тамыры сырнай аспабын еркін
меңгеруінде жатыр. Музыка бөліміне түсушілердің бәрі дерлік музыка
мектептерін бітірмеген, ауыл-село балалары екенін былай қойғанда, олардың
жас мөлшеріне сай орындаушылықты меңгеруге тежеу болатын буындары қатып
кеткен ересек жастар екенін айтып кеткеніміз жөн. Ендеше, нота сауатын
танымайтын студенттің оқып, білім алуына күнде өсіп, дамып, қарқынды
адыммен алға басып отыруы керек, ол үшін оқытудың алдыңғы қатарлы,
әдістемелерін қолданып, маңызды үрдістерін сақтап отыру шешуші рөл
атқарады. Ол үрдістердің ең озығы — дамыта оқыту. Бұл мақсатты оқыту
сапасын жақсарту мақсатында пайдалану ісі — бүгінгі педагогиканың ұстанған
талабы.
Музыкалық білім беру саласында музыкант-оқытушының кемелінің әртүрлі
деңгейін көрсететін дидактикалық үш жүйе бар:
1. Догматикалық, яғни жаттау арқылы оқыту үрдісі.
2. Түсіндіру арқылы оқыту.
3. Дамыта оқыту.
Догматикалық оқытудың әдістемесі жаттығуға механикаландырылған
қайталауға, санасыз жаттытуға негізделіп, студент ойлау мүмкіндігінен
айырылады. Мұндай оқытудың мәні мынадай: Мен сияқты ойна, Менің айтуымша
істе, Менен кейін қайталап отыр, Мына саусақпен мына нотаны ойна, т.б.
Аталған талаптар үстірт үйрететін теріс жүйені көрсетіп, оқытушының
студентті өзіне бағындырып, үстемдік жасауына әкеп соғады. Мұндай оқытушы
студентті өз бетінше ойлауға, талдауға, қорытындылауға үйретпей, көзді
жұмып артынан ере беруді қолдайтын, жалған қамқоршы қызметін атқарады.
Бұл қағиданы ұстанған оқытушылардың жұмысы кертартпалыққа
соғып, ақыры студенттің музыкаға зауқы соқпай, тіпті музыкадан жеріп кетуі
мүмкін.
Түсіндіру арқылы оқыту мақсаты оқушы студенттің оқу материалын саналы
түрде ұғып алуы үшін, жүйелі әңгімелеп, егжей-тегжейлі түсіндіріп оқытуды
қайталайды. Оқытудың бұл түрі ноталы тексті талдап, әрбір үзіндіні
талқылап, анықтау арқылы, қиындықтардың көзін ашу жолын қарастырады. Осының
бәрі оқытушының жан-жақты түсіндіруі арқылы жүзеге асып, келесі шығармаға
да жұмыс осылай жүргізіледі. Түсіндіріп оқыту мақсаты білім беру саласында
жиі қолданып дұрыс деп табылса да, қарапайым әдістеме болып саналып
диалектикалык түрлендіруді талап етеді.
Түсіндіре оқыту мақсаты бүгінгі оқыту жүйесінде жетекшілік орын алып
отыр. Бірақ күнде өзгеріп, қайта құрылған қоғам оқу білімнің тез өріс
алуына байланысты, адамның үздіксіз саналы білім алуына қажырлы еңбек етуін
талап етіп отыр.
Дамыта оқыту жүйесінің де мақсаты студенттің білімпаздыққа
құштарлығын, күш-жігерін арттырып, ақыл-ой еңбегіне қолайлы әдіс-тәсілмен
қаруландырады.
Музыканттың шығармаға жұмыс істеу арқылы өз еңбегімен тапқан
орындаушылық нышаны, оның шығармашылық табысы, ендеше, оңың жұмысы нәтижелі
болары сөзсіз. Шынымен, студенттің ізденіп өз еңбегімен алған білімі берік
болады.
Дамыта оқыту мақсаты бұрынғы үйреншікті әдістермен қатар іске асып,
олардың дидактикалық бағыттылығын түбегейлі өзгертті. Бұл өзгерістің мәні
неде? Оның мәнісі — білімнің оқытушыдан студентке берілуінде емес,
студенттің оқытушы басшылығымен, оның бағыттай қадағалауымен білім алуында.
Оқытудың бас кезінен қолданылатын бұл мақсат түсіндіріп оқыту әдісімен
ұштаса отырын, студентгің ойлау дағдыларын бірте-бірте дамытып өз бетінше
жұмыс істеуіне үйретеді.
Әдістемелік әдіс-тәсілдерді жете зерттеп, білгірлікпен орынды қолдану
— оқытушының шығармашылық ізденісі. Соның нәтижесінде ол дамыта оқытудың
міндетті қызметін арттыра түседі.
Дамыта оқыту мақсатының мәні — (проблемалық) зерттеушілік жағдайды
туғызу арқылы білім алуға үйрету, яғни студенттің өз бетімен ойлап, түсініп
мәселенің дұрыс шешімін іздеп табуға талаптандыру. Мұның бәрі оқу-тәрбие
жұмысын жан-жакты қамтитын дамыта оқыту жүйесінің әдістемелік әдіс-
тәсілдері арқылы іске асады; соның кейбірін мысалға келтіріміз:
1. Музыкалық шығарманы талдаудың әр кезеңінде қолданылатын тәсілдер.
Бастапқы кезеңде жүргізілетін жұмыстың екі түрі;
а) Шығарма қиын болмаса, талдауды студенттің өзі жүргізеді;
ә) Қиындау шығарманы оқытушы сабақта студентке таныстырып
талдатқызады.
2. Студенттің өзбетімен істеген жұмысына қорытынды талдау жасау
тәсілі;
а) Үй жұмысының орындалу деңгейін талдау;
ә) Қателіктерді тузету мақсатымен орындаушыны тоқтату;
б) Сабақ қорытындысын жасау.
3. Оқытушының студентімен рөл алмасып оқыту тәсілі.
4 Шығарманы орындау үлгісін талдау тәсілі.
5. Сабақты жеке студентпен немесе топтастырып өткізу тәсілі.
6. Дайын бағдарламаны топтасып тыңдау тәсілі.
7. Студенттің өз бетімен дайындаған музыкалық шығармасын топтасып
тыңдау, талқылау тәсілі.
8. Жарыс тәсілі.
а) Есту арқылы таныс әуендерді орындау, оның гармонизацияланған
сүйемелін, транстгозициялауын орындау;
ә) Нотаны оқып-ойнау;
б) Таңдап алынған шығармаларды орындау;
в) Лайықтау мен өңдеулер.
9. Студенттің өз шығармашылық өсуін талқылау тәсілі.
10. Студенттің басқа бөлімдердің оқу ерекшеліктерімен танысу тәсілі.
Жоғарыда аталған тәсілдер бірнеше жылдар бойы іс-тәжірибеде қолдану арқылы
тексеруден өтіп, студенттердің бітгім алып, ақыл-ойының дамуына ықпалын
тигізді. Ол тәсілдер студенттердің музыкалык шығармаға өзбетімен жұмыс
істеу дағдыларын дамытып қалыптастырғандығын, оқытушы басшылығымен аз уақыт
ішінде анағұрлым көп шығарманы талдап, оларды меңгергендігін көрсетті. Топ
алдында ойнағанда студенттердің жауапкершілігі артып, араларында жарыс
туып, оның өзі оларды мектеп аудиторияларында, сахнада емін-еркін ойнауға
тәрбиеленгендігі, ал талдау барысында сырт көзбен байқағанын айтып,
пікірталас тудырып, өз ойын тұжырымдап жеткізуге үйренгендігі.
Қорытып айтқанда, музыкалық ойлау қабілетімен қатар жалпы ақыл-ой
кабілетінің, ой-өрісінің дамып, түбінде жаттығу арқылы түрлі киындықтағы
дағдыларды қалыптастырып меңгерудің нәтижесінде дамыта оқытудың түпкі мән-
мағынасы — оқуға үйрету мақсаты орындалады.
Музыкант-оқытушының оқыту жұмысында дамыта оқыту негіздерін сақтап,
әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, асқан шеберлікпен қолданғанда ғана жоғарыдағы
аталған міндеттер өз шешімін табады.
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту
теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа
сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің
бастауыш сатысының алар орны ерекше. Окушылардың білім берудің барлық
кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта
қаланатындығы баршаға белгілі.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның
практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды
"инновациялық процесс", немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп
жүрміз.
Мәселеге тереңдемей тұрып, алдымен "инноватика" ұғымының мәні,
латынның сөзінен шыққан, "жаңарту, өзгерту" мағынасын беретіндігіне
тоқталған дұрыс. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар,
бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге
өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.
Білім беру саласындағы жаңалықтар:
1. Ұйымдастырудағы
2. Технологиялардағы
3. Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі деп 3 топқа бөлінеді.
Француз ғалымы Э.Бранск педагогикалық жаңалықтардың 3 мүмкін түрін бөліп
қарайды.
1. Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік
идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық
өте сирек кездеседі.
2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен
ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар.
Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.
3. Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану жаңа
нәтижелер беретін жаңалықтар.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану
тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері
мектептердегі жаңару процестерін қызу қолдап жаңалықтарды жылдам қабылдап,
оларды практикада колдануда үлкен белсенділік танытуда. Енді педагогикалық
технология терминінің мәнін ашайық.
"Педагогикалық технологияға - В.Л.Беспалько — практикада іске асатын
нақты педагогикалық жүйе, жоба" - деген анықтама береді. Ал педагогикалық
жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған,
мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
-Оқытудың технологиялары — дидактикалық жүйенің құрамдас,
процессуалдық бөлігі. (М.Чошанов)
-Педагогикалық технологиялар — оқыту процесін жобалау, үйымдастыру
жөне өткізудің ойластырылған моделі. (В. М. Монахов)- деген анықтамалар
бар.
Ал Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер,
амалдар, тәрбис құралдары түріндеі 1 психологиялық-педагогикалық қондырғы
деп түсіндіреді. Технологиялық процесс — технологиялық бірліктердің арнайы
жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған.
Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму
теориясына негізделген.
П.К.Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуын,
ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
1. Колдану деңгейіне қарай (жаллы педагогикалық, пәндік, жеке
әдістемелік, модульдік)
2. Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік,
диалектикалық, метафизикалъгқ, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.)
3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік,
социогендік, психогендік)
4. Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативті-рефлекторлық,
биховиристік, гештальттехнология, дамытушылық)
5. Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік,
сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы)
6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік,
жалпы және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық)
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік
өрістсріне қарай төмендегіше топтауға болады.
1. Тілдік өріс.
Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге
арналған Н.А.Зайцевтің: каллиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға
үйретуге арналған Е.Н Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.
2. Математикалык өріс.
Бұл топқа П.М.Эрдниев және Б.П.Эрдниев т.б. жасаған технологияларды
жатқызамыз.
Республикада бастауыш мектептегі оқыту мазмұнны жаңартылды. Жаңа
мазмүнды ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық канша жақсы
болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін
меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясының мәні іске аспауы мүмкін.
Сол себепті бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін
қолдану қатаң талап етіліп отыр.

2.1. Ақыл-ой Одиссеясы
Енді осы технология қолданылған сабақ жоспарларын назарларыңызға
ұсынамыз. Ақыл-ой Одиссеясы - технологиясы арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ақыл-ой Одиссеясы мектеп бағдарламасы
1978 жылы Американың Нью-Джерси штатында басталды. Ал оның негізін қалаған
Самуэль Миклус деген американ азаматы. Сол жылы РОУАН колледжінде Құрама
штаттарының 28 мектебінен келген команда мүшелері әртүрлі шығармашылық
тапсырмалар шешуден жарысқа түседі. Осылайша бағдарлама өмірге келеді.
Содан бері бұл мемлекеттегі барлық штаттағы мектептер тәжірибесіне
еніп, әлемге тарап кетті. Қазір бұл бағдарламамен Австралия, Канада, Қытай,
Жапония, Албания, Мексика және ТМД мемлекеттеріндегі айналысатын мектептер
жыл санап өсуде.
Қазақстанда 1992 жылдан басталған бағдарлама бұл күнде 9 облыстың
мектептері тәжірибесінде еніп, 5-рет республикалык фестивальға оның
жеңімпаздары жиналды. Әр жыл сайын ең үздік командалар Еуропалық және
Америкада өтетін әлемдік фестивальға қатысуға мүмкіндік алып отыр.
"Ақыл-ой Одиссеясы" бағдарламасының негізгі мақсаты оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету.
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу"
дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол
жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: "... шығармашылық -
қайталанбайтын, тарихи - қоғамдық мәні бар, жоғары санадағы жаңалық ашатын
іс-әрекет", - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский
шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.Л.Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар
қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір
бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен "жаңалықпен" қатар бастамалылық,
белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, мына
төмендегідей қорытындыға келдік:
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне
белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге
болатындығы жайлы көп айтуда.
Шығармашылыкқа деген қажеттілік — күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол
барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару
процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен
айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл
- санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи
процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды.
Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды
басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Сын тұрғысынан ойлау және оны дамыту туралы психологиялық-педагогикалық көзқарастар
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру
Дидактиканың оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Пәндер