Бергі атасы


Ұлымыз -ұлықтымен, қызымыз-қылықтымен дос па?!
Педагогика-психология кафедрасының
аға оқытушысы Бижанова Ғ. Қ.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 - бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, қазақстан - 2030 бағдарламасында . . . Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді. . » делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Олай болса, «Ерте жастан бастап тәрбиелеу» тұжырымдамасын жасау да ұзақ мерзімді 2030 бағдарламасына сай іске асырылуы тиісті және кезек күтуге, кейінге қалдыруға болмайтын мемлекет деңгейінде шешімін күтіп тұрған мәселе.
«Ұлт тағлымы» журналында (№4-5/2001, 138-бет) Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясы Кәсіптік Білім Институты жасап ұсынған «Кәсіптік білімнің этномәдени танымдық тұжырымдамасының жобасы жарияланып, оның түсіндірме бөлігінде: Қазір Қазақстанда мәдениет жасаушы орта қалыптасып отыр . . . Білімге мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Алайда, « . . . халықтық педагогика саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер мардымсыз, педагогиканың әртүрлі аспектісіндегі мәдени-танымдық зерттеу некен-саяқ. Ғылымның басқа да салаларында да білімнің этно-мәдени танымдық мәселелері зерттеу объектісі болған емес . . . » делінген. Сондықтан «ерте жастан бастап тәрбиелеу»ғасырлар қойнауында білімді, мәдениетті отбасында қалай жүргізіліп еді, ол тағылымдардың сол заманғы ортаға, ол ортадағы отбасыларымен қарым-қатынаста болғандарға ықпалын- сол заманғы педагогика ғылымы оның басында жүрген ғалымдар оны қалай жүйеледі? Өз ізденістеріне арқау етіп, тұжырымдай алды ма, жасалса сол тұжырымдарды біз қазір қалай пайдалана аламыз деген ойды қозғау үшін төмендегідей өнегелі өмірлерден мысалдар келтірейік.
Ақын Абай Құнанбаевтың арғы бабасы Олжай батыр. Бергі атасы Ырғызбайдың әкесі момын, шешесі өткір тілді, өр мінезді Айпара. Болашақ ақын сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел анасы атанған әжесі Зеренің мол қазынадай аңыз-ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобағаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өседі.
Абай бала кезінен ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген.
Әкесі Құнанбай қажының да толғап сөйлер тереңдігі өз тұстастарынан асып, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен. Оның үстіне Құнанбай қажы медресе салдырып, туыстары мен өзінің балаларын оқытқан.
Міне, ұлы Абай ұлылық бастауын әуелі Құнанбай мен Ұлжанның бір-біріне деген ықыласынан, сыйластығынан, «Ата-әже-әке-шеше» одағынан, олардың мәдениеті, білімі, салт пен дәстүрінен алып, туған күннен, яғни «ерте жастан бастап» бойына сіңірген, туа бітті нәрестеде болатын қасиеттердің көзі ашылған. Одан соң атақты Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шөжелер бастаған өмір мектебі, одан соң әкесі Құнанбай ашқан медресе, Семейдегі «Ахмет Риза» медресесі, «Приходская школа» азаматтың асыл қасеттерін толықтыра түскен. Шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хавиз, Науай, Физули, Жәми, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, М. Е. Салтыков-Шедрин, Н. А. Некрасов, М. Ю. Лермонтов, Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, Ф. М. Достоевский мұраларын, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ғұламалар еңбектерін оқып, кемелденген. Ұлы Абай болып қалыптасуына, осы деңгейге дейін көтерілуіне басты себеп «Анадан мектеп, әкеден тәк-тәк» көруі деген қазақ пәлсапасына да келіп саятын секілді. Ерте жастан бастап тәрбиелеу нәтижесінің бір тағлымы осы да болар.
Осы тағылымды Абай өз ұрпағына жалғастырады. Әбдрахман, Мағауия, Ақылбай әкесінің өнегесімен өседі. Әбдрахман әскери білім алса, Ақылбай «Дағыстан» романтикалық поэмасын жазады. Мағауя оқиғасы Ніл жағасында болған Медғат-Қасым поэмасымен даралана білді. Демек, тәрбие арқауын тереңнен алып, бағдарлы түрде атадан балаға жүйелі жалғастырып отырса, «Ұлылық жеті атадан бір соғып отырады» деген аталы сөз расқа айналатыны даусыз ғой деп сенеміз.
Абай қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтінен жаралған» деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттерінің міндетті түрде тәрбиеленуі қажеттігі туралы педагогикалық түйін жасайды. Жетінші қара сөзінде былай дейді: « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп туса, біреуі білсем екен демек. Не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оғын қызығып, ауызына салып, дәмін татып, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, «ол немене», «ол неге үйтеді» деп, көзі көрген, құлағы есігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі өмірге жаңа келген нәрестенің жан құмары, «білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» дегендігі.
Ендігі А. С. Пушкиннің дүниеге келіп тәрбиеленуі кезеңіндегі кейбір сәттерге тоқталсақ. Пушкиндар туралы жазған Е. А. Маймин «Пушкин. Жизнь и творчество» деген кітабында айтылғандай, Александрдың әкесі Сергей бала тәрбиесіме айналыспаған. Оның есесіне жанымен көпшіл, астарлы өткір сөзді бағалаушы, кітап құмар кісі болған. Үйінде мол да, бай кітапхана жасаған. Осыдан соң ойлайсың, сонда әкесі өз баласының тәрбиесімен айналыспағаны - яғни, «аналар мектебіне» сенгені ме деп.
Тағы да ойлайсың. Айналысу деген күнбе-күн 24 сағат бірге болу дегенді білдіре ме? Ол айналысу деген былай құрылса: таңертең баласының көрпесін қымтап, тыныш ұйықтап, кешірек тұруы үшін есігін жабыңқырап, оның киінуі, жуынып, тамақ ішуі, тағы сол сияқты әрекеттері үшін үнемі біреуді баласының қасында жүргізу, көмек бергізіп қою сияқты болса, ол бала тәрбиесімен айнласықанға, сірә, жата ма екен.
Айналыспайды дейді. Бірақ отбасындағы барлық ахуалды, бір-бірін сыйлауды ата-баба дәстүрі бойынша жалғастыруға зер салып отырады. Үйде жақсы кітапхана жинайды. Көп оқиды. Оқығандарынан көп-көп қызықты әңгімелер айтып отырады. Кісілерді дұрыс қабылдайды, олармен дұрыс әңгіме өрбітеді. Бірақ бұның бәрін немересін, не баласын жетектеп жүріп атқармайды. Баласы мен немересі бұл кездері анау жерде әжесінің, не шешесінің жанында, не өзінше ойыншығымен ойнап жүрген шығар. Үлкен адам «айналыспаймын баламен» дейді. Адамзатқа, күннің, жердің, ананың әсері сияқты атасының, не әкесінің де ықпалын оның өздерінің іс-әрекеттерінен сіңіріп, жатқанын білмеуі, сезбеуі де мүмкін. Бірақ бұларды балам қайдан үйренген деп әкесінің таңқалуы педагогиканың, адам психологиясының қыр-сырын біле бермейтіндігінен әбден «нанымды» құбылыс.
ХҮІІІ ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген бала Абай да шешесі мен әжесі берген тәрбие уызын еміп өседі. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған чех педагогы Ян Амос Коменский еңбегі есіңе түседі де, ана құдіретіне амалсыз бас иесің.
Міне, осыдан келіп, «ерте жастан бастап тәрбиелеу» үшін нәрестені дүниеге әкелетін шешенің білімі мен мәдениеті, болашақ ананың ақылды болып қалыптасуына мемлекеттік тұрғыдан бағдарлы түрде қарау қажеттігі алаңдатады.
Еліміздің көркейіп, өркеиетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында да отбасы тәрбиесі көп айталады. Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге, әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды. Оның ойынша: отбасы беріктігі жақсы жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді.
Р. Нұрғаливтің философиялық сөздерінде отбасы - ол әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни, ата-аналары мен балаларының, аға-інілері мен апа-қарындастырының және бірге тым ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы деп айтылса, Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде отбасында бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, бала, ана) тобы деп анықтама берген. Ғалым-педагог өзінің зерттеулерінде отбасы балаға өмір жолын бастайтын және қоршаған орта туралы тиянақты да, терең әсер ететін ұжым екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық, пен өмірге деген көзқарастардың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді.
Әлемдік деңгейде «Баланың құқығы туралы конвенция» қабылданып, бала дүниеге келмей жатып қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылған. Мұның өзі бүгінгі балалар мен жасөспірімдар тәрбиесінің өте күрделі екендігін дәлелдейді.
В. Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгірімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сынытан кейін біртіндеп өзгере бастайтындығын түсіндірді. Ересектік кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады. Н. Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында « Баланы дұрыс түсініп, қарым-қатынас жасау үшін оны өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың өрісіне енуіміз керек» деп тұжырымдайды.
Бала жүрегі айнадай таза, мөп-мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп, қарауды қажет етеді. Л. Пинттің пікірінше, ата-аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін, оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез-келген ата-анаға педагогикалық такт қажет. Олар балаларды суықтап қалудан, әртүрлі аурулардан қорғап, алдын алып жүреді, дөрекі сөздер мен әрекеттер арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді дей келіп, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, елестету, педагогикалық такт, ұйымдастырушылық қабілеттердің болуын ұсынады. Ал О. Кунц «жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиеленгенде ғана қалыптасады» деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың мына жағдайды ескеру керектігін айтады: 1) білім; 2) отбасы ауаны, ахуалы; 3) педагогикалық такт және талап қоюшылық; 4) ата-аналар мен балалардың идеялық тұлғасы; 5) ата-аналардың әрекет бірлігі. Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің құндылығы арта түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz