Торғай облысының өзені



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3

I.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4

1.Далалық- шөлейт жерлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. .4

II. Эксперименттік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.Тоғай жерінің территориялық шектелуі,климаты,
топырағы,жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..7

2.Торғай жерінің өзен-
көлдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.1. Торғай өзеніне қысқаша мағлұмат

2.2. Қабырға өзеніне қысқаша шолу

2.3. Қабырға өзені бойының өсімдіктер жабыны

2.4. Өзен аңғарындағы өсімдіктердің систематикалық

кестесін құру

2.5. Сирек кездесетін және қызыл кітапқа енген
түрлері

3.Жергілікті жердің өсімдіктерін биалогия сабағына

қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...24

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

Кіріспе

Өсімдік әлемі алғашқы қауымнакн бастап, қазіргі атом және космос
дәуіріне дейінгі адам баласының өмір сүруіне қажетті барлық мұқтаждықтарын
өтеп келе жатыр. Сонымен біргше өсімдіктердің адамзат қоғамы прогресінің,
мәдениетінің және ғылымының алуакн түрлі салаларының дамуына да қосқан
үлесі аз емес. Сондай-ақ, адамзат қоғамының бүкіл даму тарихына тереңірек
үңіліп, оның табиғаттың сұраепыл, дүлей күшіне қаерсы күресіне,
экономикалық жағдаиының өрістеуіне назар аударсақ, өсімдік дүниесі әрқашан
адамзаттың тіршілік тірегі болып бірге өсіп, бірге қайнасып кенле тжатқанын
байқаймыз.
Әр жердің өзіне тән ерекшелігі бар. Мысалы: климат жағдайы,жер
бедері, топырағы әр түрлі болса, өсімдікртердің сол ортаға бейімделуі де
алуан түрлі болады. Осыған орай бітіру жұмысымның.
Мақсаты мен міндеті: Қабырға өзені жағалауларының өсімдіктер түрлерін
анықтап, бір жүйеге келтіру және сол өсімдіктерді кеппешөптер,
коллекциялар, суреттер т.б.түрінде көрсету.
Көкейтестілігі: Торғай жерінің өзен*-көлдері жағалауларының, соның
ішінде Жангелді ауданы көлеміндщегі Қабырға өзені аңғарындағы өсімдіктер
жабынын зерттеп білу және сол өсімидік түрлернін жинақтау.
Ғылыми негізі: Өзен-көл жағалауларында өсетін өсімдіктерді анықтап
білу, оларды тұқымдастарға, туысқа топтастыру және сиректеп бара жатқан
түрлерін анықтау.

I. Әдебиетке шолу

1.Далалық – шөлейт жерлеріне сипаттама

Табиғат зоналарының таралуы географиялық ендікке, жер бедеріне және
жер бетінде жылу тмен ылғалдың таралуына байланысты.
Әрбір зона өзіне тән кулиматымен, топырағымен,өсімдігімен және
жануарларн дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа бір
зонаға ұқсас жеке участкелерн де кездеседі.
Қазақстанның жакзық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-
бірте орманды дала,дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Согнымен
бірге, бұл зоналарда топырак және өсімік жамылғысы батыстан шығысқа қарай
да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттық континенттің артуына
байланысты.
Дала зонасы Қазақстанның біраз территориясын, яғни реғспублика жер
көлемінің 26%-інен астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының
оңтүстігінен басталып,батыстан шығысқа қарай 2200км-ге созылған кең алқапты
қамтиды, шамамен 54(-50 (солтүстіктен ендік аралығында орналасқан.
Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің
солтүстігі, Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың сілімдері, Каспий
маңы ойпатының солтүстік және орталық аудандары жатады.
Даланың климаты континентті. Жазы ыстық және құрғақ келеді, ал қысы
қатаң, қары аз болады. Қаңтардың ортакша температурасы -16(,-18(, шілде
айында солтүстігінде (18(-тан, оңтүстігінде (23(-қа дейін жетеді. Жылына
300мм-ге дейін жауцын-шашын түседі, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен
оңтүстікке қарай азая береді.Климат жағдайлары егін шаруашылығымен
шұғылдануға толық мүмкіндік береді.
Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл,
Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді.Олардың жылдық ағысының
80(-і көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді.
Дала зонасының топырағы қара және қызғылт топырақ типіне жатадщы.
Солтүстігінің топырақ қабатында жоғарғы өнім жинауға болатын 6(-ке жуық
шіріні бар. Оңтүстікке қарай топыцрағы шірінді кеми түседі де,бірте-бірте
қуаң далаға тән қызғылт күрең топыраққа айналады. Бұл арадан сортаң
топырақты жерлер де кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше
күтімді қажет етеді. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда – боз,
бетеге, атқогнақ, еркек шөп, кермек, қаңбақ басым өседі.

Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды
өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас,
шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық
шалғындарынан мол пішен алынады.
Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында
орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900км-ге созылған. Ол
республиканың барлық территориясының 14(-ін алып жатыр. Зонаның оңтүстік
шекарасы 48( солтүстік ендік бойымен өтеді.

Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық
жауын-шашынның мөлшері 180мм-ден 3600мм аралығында болады. Көктемнің аяғы
мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, қысқы жауын- шашын өте аз.
Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22(-24(, кейде
ыстық 40(-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндері басым болады.
Қаңтардың орташа температурасы -15 -17(, ең төменгі температура зонаның
шығысында(-50(( байқалады. Шөлейт зонасында 3 мыңнан астам көл бар. Олардың
көбісінің суы кермек немесе ащы болады.
Шөлейттің топырағы – ашық қызғылт топырақ. Қызғылт күрең топыраққа
қарағанда огның құрамында шіріні аз болады. Топырақтың беткі қабатында
шірінді 2-3( қана. Саз топырақты жазық пен ойпаң учаскелерде, сортаңдар
едәуір орын алады.
Шөл дала зонасында даланың, әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік
жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедақ, боздан құралады. Кейде жусан
көлемді жерлерді алып жатады.
Жазықтар мен ұсақ шоқалардың аралықтарында сортаң және сор жерлер де
кездеседі. Сор жерлерде өсімдік өспейді, тек оның шет жағалауларында ғана
сортаң өсімдіктер өсведі.
Шөл даладағы өзен жайылымдары өсімдікке бай. ЩШөл дала зонасы егін
шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық қызғылт
топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады.
Дала ағаш өсімдіктері өспейтін тек ксерофилді ерекшелігі бар шөптесін
өсімдіктер өсетін жазық жер.
Дала деген орыс сөзі степь болып елдер тілдерінде таралған болуы
мүмкін. Себебі, неміс халқында stepee.Географиялық жағынан дала кеңістік,
геоботаникалық жағынан өсімдіктер типі.
Дала- шым түзетін астық тұқымдастар, кей жерлері тақыр, сирек жағдаида
бұталар, эдификатормен ксерофитті көж жылдық өсімидіктер өсетін уақытқа
тәуелді өзгерістерге ұшырап отыратын арнайы құрылымы блар, үлкен алқапты
кеңістікке орналасқан өсімдіктер ассоциациясы-бар, жазық, жайылымдық өңір.

Дала туралы өз ой- тұжырымдарын айтып еңбектер жазған, анықтама
берген ғалымдар: Эверсман Э.А.1870, Бекетов А.Н. 1874, Варминг Е.1895,
Талиев В.И.1895 және т.б.
Евразия даласында доминант болып аумақты ландшафт алып жататын боз
бетеге.Жаз ортасында желмен тербелген бетеге теңізге ұқсап тербеліп
теңселіп дала сәнін беріп тұрады. Бетегенің Евразия жерінде 15-ке тарта
түрлері өседі. Барлығы да шым құрып,жіңішке жапырағы бұралыптүтікшеге ұқсап
тұрады.
Бетегеден басқа Евразия далалы жерінде-көде; қооңырбас сияқты шым
түзетін злактар өседі. Климатына байланысты дала өсімдігінің құрамы да;
түрлері де солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріске ұшырайды.
Бұл региондағы дала зонасы 3 аймаққа бөлінген:
1. Солтүстік шабында дала аймағы. Жыл мезгілдерінде қарлы,
жаңбырлы мезгілдер болып ,қар, мұз ерігенде жинақталған су сай-тоғандарға
дала мен орман ағаштары аралас өскен жерлер кездеседі. Далалы жер деп
аталғанымен көгалды, шалғындыққа ұқсайды. Сондықтан да, бұл жерлерді
орманды дала деп атайды. Ылғалдылық пен су жеткілікті болғандықтан өте
сәнді гүлдейтін шөптесін өсімдіктер: жабайы сұлы, су оты, боз бетеге көптеп
кездеседі.
2.Оңтүстік бозды- бетеге бірлестігі өскен дала.Злак тұқымдастары
өсімдіктерінен құралған шымды дала. Дала өсімдіктері басым, орманды жерлер
қыр, жота, жыра сайларда ылғал молдау жерлерде кездеседі.
3. Шеткі шекарадағы оңтүстік аймағы- шым құраған дала өсімдіктері.
Ауа райында құрғақшылық басым. Оңтүстікке қарай құрғақшылық жалғаса келе
бірте-бірте шөлді, шөлейтті жерлерг ауысады.
Солтүстіктегі далалы, ашық жерлер биікте қалың өскен шабындық
өсімдіктер мен көмкерілген. Өсімдіктердің көп түрлілігімен ерекшеленеді.[6]

II. Эксперименттік бөлім

1. Торғай жерінің территориялық шектеулі, климаты, топырағы, жер бедері.

Торғай – қазақтың байтақ даласының ежелден әйгілі жерлерінің бірі.
Оның атағының кең жайылып даңқының аңызға айналып кетуі біріншіден, бұл
өлкеден атақты адамдардың шығуы болса екіншіден, жер су байлығының мал
шаруашылығына аса қолайлылығына байланысты болады. Өлкенің жер шұрайы
Сарыарқаның бел ортасына орналасуы, бір кездегі қазақ елініңкіндігі-
Ұлытауға шектес болуы да оның атағын көтере түсті.
Торғай- кәрі құрлық Еуропаның бірнеше мемлекеті сыйып кететін,
ешкімнің тақиясына тар келмейтін байтақ аймақ.
Торғай атауы тарихта XV-ғасырдан бастап кездесе бастайды, негізінен
Торғай өзені атына байланысты қойылған. Бұған дейін бұл өзен Сауық деп
аталған.
Торғай өлкесінің жер, суын, табиғат байлығын зерттеуде, ерте
басталған, 1730-1740 жылдары К.Миллер, 1825-1844 жылдары Г.Н.Фон-Генс, 1886-
1887 жылдары В. Гатесон, 1910жылы Б.А. Сколов және басқа саяхатшылар мен
зерттеушілер, ғалымдар осы ұлан байтақ жердің топырақ қабатын, өсімдігін,
жан-жануарлар әлемін зерттеп, тарихи Торғай өлкесі жайында зор ғылыми
мәліметтер қалдырды. 1
Торғай жері Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан.
Жерінің көлемі 37,6000 км. Ауданда 11 ауылдық округ, 3 село барлығы 34 елді
мекен бар.
Торғай өңірінің жер бедері негізінен жазық болып келеді. Географиялық
орны жөнінен Торғай жері өте қолайлы жайласқан, батысында орал
өнеркәсіпті ауданына, оңтүстік шығысында жан-жақты дамыған орталық
Қазақстан эканомикалық ауданына ұласады. Торғай үстіртінің Оңтүстік бөлігі
мен Торғай өзені аңғарына орналасқан. Солтүстік және шығыс жағын Сарарқаның
батыс шеті,Аққұм, Тосынқұм т.б Оңтүстік Торғай жазығы қамтиды.
Жангелдин ауданының жерінен торғай, Жыланшық, Қабырға, Өлкейік, Теке,
Қоңыраулы өзендері өтеді.Сонымен қатар аудан жерінде бірнеше көлдер бар, ең
үлкендері: Ақкөл, Жаман, Сарықопа, Жаркөл, Ашутасты, Татыр.Шаруашылықтарды
сумен қамдауға осы өзен, көлдердің суы пайдаланылады.
Жангелдин ауданының жері Солтүстік ендіктің 48(және52( параллелдері
мен Шығыс бойлықтың 61( және 68( меридиандары аралығында орналасқан.
Торғай өңірінің жер бедері негізінен жазық болып келеді. Ол Қазақстан
территориясының орталық бөлігін алып жатыр. Негізінен бұл өңірдің климаты
шұғыл континентті, яғни қысы ұзақ,суық және қарлы, жазы ыстық, құрғақ. ең
суық ай болып саналатын қаңтар айының температурасы -16с,-19(с, ал ыстық ай
болып саналатын шілде айының орташа температурасы +21-24с. Қыс айларында
күн ерекше күрт суытқанда ауа райы ыстық (42-44(с-қа жетеді. Торғай
өңірінде қараша айының бірінші онкүндігінде тұрақты қар жамылғысы пайда
болады.Қардың орташа қалыңдығы солтүстік бөлігінде 24см,оңтүстігінде 18см
жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 2708-280мм, көпшілігі жаз
айларында түседі.Сондай-ақ өңіріміздің топырақ жамылғысы алуан түрлі болып
келеді. Негізінен көпшілігі қара топырақ, қоңыр, ашық қоңыр, қызғылт қоңыр
топырақтар болып саналады. Сонымен қатар сор, сортаң,қабаттары да
кездеседі. Осылардың ішіндегі қара және қара қоңыр топырақ түрлері
солтүстік аймақтарда таралған.Ал қызғылт-қоңыр топырақтар жергілікті
жеріміздің орталық бөліктерінде таралған.Сонымен қатар ашық қызғылт-қоңыр,
қызыз және сұр топырақтар Жангелді, Амангелді, Амантоғай аудандарында,
Арқалық қаласы мен Жақсы елді мекендерінде кездеседі.Оның құрамындағы қара
шірік гумус-0,8, 1,3( мөлшерінде болады.Өңірдің Солтүстік бөлігі жусанды-
бетегелі дала болып келеді. Торғай жерінің территориясының көпшілік бөлігі
Торғай және Ұлы Жыланшық алаптарына жатады.2

2. Торғай жерінің өзен-көлдері.

Торғай – сары Арқаның дәл ортасында созылып жатқан қазақ даласының кең
жазық өлкесі. Торғай жері туралы 15-ғасырдағы жазбаларда кездеседі. Бұрынғы
Торғай облысы бойынша қарағанда, бұл территорияда 5-ірі және 46 кіші:
Торғай, Жалдама, Ишім, Терісаққан т. б. өзендері бар. 80-ге жуық көлдер
бар. Олардың ішінде ең ірілері Сарықопа, Ақкөл, Жаркөл, Ащытастысор.
Өзендердің ішіндегі ең ірісі- Торғай өзені. Ол Жалдама және Қарапторғай
өзендерінің қосылуынан пайда болып, Қаракөл көлінен шығысқа қарай 8-км-ге
жоғалады. Басты салалары: Ырғыз, Сарыторғай, Қайыңды, Өлкейік, Қараторғай,
Жалдама, т. б. Өзеннің жағалауы тегіс өзегінен бірнеше бөлініп шыққан
өзектің ені 45-100 метр. тосын құмы маңында және жағасы бірден 0,5-1,5 км-
ге дейін тарылады. Қар суы мен жаңбыр суымен, жер асты сулары мен толығады.
Суы ішуге жарамды. Торғай бассейінінің бірн қатар өзендеріне салаларының
үздіксіз құюынан, және де көптеген терең сулары бар су қоры болғандықтан
мал шаруашылығы үшін жақсвы жағдай жасалады. Өзеннің жағалауы шалғынды,
негізінен шабындық жерлер.
Торғай өзенінің суы иөндірістің көзі және комунальды су жабдығының
көзі ретінде, және егістікті суару үшін пайдаланылады. Өзқен бойында Торғай
селосы, Ақшығанақ, түйемойнақ тағы басқа тұрғылықты пунктер орналасқан.
Есіл өзені. Есіл де Торғай облысының ең ірі өзені. Есіл Тогрғайдың
басты су артериясы есепті. Алғабастан өріле басталып өзеннің арнасын бірте-
бірте түзеп, оны жайымен иілте келіп, Жарқайыңның алдынан 90-қа Есіл,
Петропавл жаққа қарайә шұғыл бұрылды. Есілдің сол жақ жағалауы тұтасы мен
географиялық біркелкі, жазық, сиректеу кездеседі. Оң жақ жағалауы – биік
жар, әрбір километрде өсімдік дүниесі өзгеріп отырады.
Терісаққан өзені. Терісаққан өзені Ишімнің сол жақ саласы, Жезқазған
мен Торғай облыстарының территориялық бойымен ағады.Ұзындығы 334 км. Ұлытау
тауынан бастау алып Ащыкөл көлінен солтүстікке қарай 10 км где Ешім өзеніне
құяды. Басты салалары: Ащылы, Шабдыр, көкпекті, Қайрақты. жоғарғы ағысында
ені 3-5 км-ге жетеді. Жағалауы екі жақты. Қар суы мен итолығады. Судың
орташа шығыны Балталы селосында 8,9м3 (сек. Суы ішуге жарамды, жазда орташа
ащы. Өзеннің жоғарғы және ортаңғы ағысындағы суларды пайдаланылады.
Сары өзен. Бұл өзен Амантоғай мен Жангелді адандары территориясында
Сары адырдан бастау алып, Сағыз селосындағы Сары қопа көліне құяды.
Ұзындығы 164 км. Орташ иірімді. Қар суы мен аздап жер асты суымен толығады.
Суы көктемде ішуге жарамды, мал суаруға, егістікті суаруға қолданады.
Қайрақты өзені. Өзен Жақсы және Қима өзендері бойымен ағады.Парчевка
селосынан 10 км-дей солтүстік шығысқа қарай бастау алып,Алғабас селосындағы
Ешім өзеніне құяды. Ұзындығы 106 км, 36 свелосы бар. Ені жоғарғы және
төменгі ағысында 90-100 м төменгі бөлігінде 40-60м. қар суы мен, бір бөлігі
жер асты суымен толығады. Суы ішуге жарамды, жұмсақ. Өзен бассейінінде 22
су қоймасы бар. олардың суы мал суаруға және жер суаруға қолданылады.
Қабырға өзені. Өлкейік өзенінің сол жақ селосы. Жангелді ауданының
территорясы бойымен ағады. Ұзындығы 144 км. Тік бұтақ пайда болған, басты
селолары: Қарабұтақ, Ақжар, Тұрлығұл сай және жалпы ұзындығы 198 км болатын
58 кіші салалары бар жағалауы үзілісті ені 15-20м. Иірімді ені 20-40м. Қар
суы, жер асты суы мен толығады.Суын шаруашылықта қолдануға болады.
Ақкөл көлі. Ақкөл Жангелді ауданының оңтүстік- шығысында орналасқан,
тұзды көл. Көлемі 62,3км2., ұзындығы 11,4 км, ені 8км. Жағалауының ұзындығы
43,3 км. Көл жағасына қамыстар өскен.Алакөл көліне Ұлы- Жыланшық өзені
келіп құяды.
Сарыторғай өзені. Торғай облысының өзені. Екідің селосындағы
Қараторғай өзеніне құяды. Ұзындығы 123 км. Қаражылан,ды және Сарлық
өзендерінің қосылуынан пайда болған. Басты салалары: Тамды, Терісбұтақ,
Қаншабұлған және т. б. жоғарғы бөлігндегі ені 1,5-3 км, өзеннің төменгі
сағасы, ені 100-200 м болатын, биік жерасты болады. Қар, жерасты суы мен
толығады. Суды егістікті суңаруға қолданады.
Сары-Қопа көлі. Жангелді ауданының көлі. 5 үлкен және көптеген кіші су
қорларынан тұрады. Торғай үстіртінің оңтүстік бөлігін алып жатыр. Көл түбі
бет жағынан шылаулы тұнба мен жабылған, су түбі сазды болып келеді.7(8(9(

2.1 Торғай өзенінің қысқаша мағлұматы.

Су өмірдің жаны деп бекерге айтпаймыз. Таза да тас жаратқандай салқын
су ішкенге не жетсін. Мөлдір бұлақты тамашаласаң, күмістей жарқыраған өзен
көліңде шомыласаң, теңізде шалқып жүрсең, өмір деп соны айт.
Өзендер адам өмірінеде маңызды рөл атқаратын сму байлығы. Өзендер
жер бетіндегі су айналымының күретамыры десе болғандай екен.Күн сәулесі
әсері мен буға айналып, мұхиттар айнасынан аспанға көтерілген сулар
атмосфералық жауын-шашын ретінде жерге түседі. Осы сулардың үштен бірінен
астамы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан оралады екен. Міне өзендердің
осындай да рөлі бар, міне осындай маңызды рол атқаратын дүниежүзілік
мұхиттың су қорын толтырып тұратын өзендердің бірі Торғай өзені десе де
болады. Жалпы Жангелдин ауданында 296 өзен мен жылға бар, бұлардың ішінде
бесеуінің ұзындығы 200 км ден астам. Басты өзендері – Торғай өзені.(3.
Торғай су бассейіні шөл даланы жарып ағады. Бейнелеп айтқанда ол бір
бөліктегі қазақ жерінің қан тамыры іспеттес. Бір емес екі облысқа Қостанай
мен Ақтөбе ортақ өзен. Шалқар алабындағы ұзындығы 390 км су жиналатын
алқабы 157000 км2 Жалдама, Қара Торғай өзендері қосылған жерінен басталып
Шалқар Теңіз сорында тартылып қалады. Өзен аңғар кең зерттелген
мәліметтерге жүгінсек, ылғалы мол болып, су жақсы тасыған жылдары арнасына
1млрд 50млн текше метрге толығатыны анықталған. Өзен жайылмасы жалпақ. Оң
жағынан Тоқанай, Тобылды, Қарыс. Сол жағынан Тентексай, Кенжетай және
Қабырға тармақтары бөлініп шығады.
Басты салалары: ҚараТорғай, Жалдама, Өлкейік, СарыТорғай, Қайыңды,
Ырғыз, Қабырға. Торғай өзені көбіне жауын шашын және жер асты суымен
қоректенеді. қараша айының басында қатып, сәуір айының аяғында мұз түседі.
Жылдық орташа су шығыны Крупская ауылы жерінде 16м3(сек. Торғай селосы
тұсында 8,30м3(сек –қа жетеді.
(Өзен жағалағанның өзегі талмас (,-деген халқымыздың қанатты сөзі
бар. Алайда, ең өкінішті жері жоғарыда келтірілген қомақты су көлемінің
көптеген бөгет- тоғандарға тіреліп, 75 000 шаршы метрдей қолдан жасалған
көл табандарға толып бөлшектеніп жерге сіңіп, ауаға ұшып дегендей, ел
қажетіне жетпей жатады. кейбір жылдары тіпті жарты жылға жетпестен өзен суы
мардымсыз болып қалады. Былтыр осы жағдай қайталанып Жангелдин ауданы
көлеміндегі өзеннің ескі суы жаңарып та үлгермеді.
Көне Торғай атырабында бұрын салынған 773 су ұстайтын бөгеттер бар.
Ел ішінде мынадай аңыз бар. XV ғасырда өмір сүрген дала философы Асан
Қайғы бабамыз өз халқына жайлы жер іздеп бүкіл қазақ даласын аралағанда
Торғай өзенін көріп қара суы бал татыған, ақ шабағы май татыған екен.
Торғай өзені адам баласы қызығып, тамсанатын өзендердің бірі десе артық
болмас еді, өйткені Торғай өзені бойында түрлі, дәрілік, улы, жем-шөптік,
техникалық, бояу және иілік заттар өндіретін, жалпы шаруашылыққа қажетті
өсімдіктер көптеп өседі. Өзенде мөңке, шортан, сазан, алабұға, аққайран т.
б. да сол сияқты балықтар бар.

2.2. Қабырға өзені туралы қысқаша мағлұмат.

Қабырға өзені Жангелдин ауданындағы өзен, Шалқар алабындағы су
жиналатын алқабы 3870 км2, ұзынды 144 км. Қарғалытаудың батысындағы
бұлақтардан басталып Боранбай совхозы тұсында Өкеік өзеніне құяды. Аңғары
жоғарғы бөлігінде тар, созақты жағасы тік, жарлы, жер асты, жауын- шашын
суы мен толығады, су деңгейі көктемде көтеріледі. Суы ащы жылдық орташа су
шығыны Өлкейік өзеніне құяр сағасында 1,10м3сек. Сол сияқты Торғай жерінде
Жаман Қабырға, Жалаң Қабырға деген де өзендер бар. Бұл өзендер Аманкелді
мен Жангелді аудандары территориясындағы өзендер. Торғай жерінде ұзындығы
252км, тереңдігі 26метр. Шақпақ ауылы тұсында Торғай өзенінен бөлініп
шығып, Түйемойнақ ауылынан 20 км жоғары Торғай өзеніне қайта құяды. Аңғары
кең, арнасы создақты ені 20-25 метр. Жайылмасы жалпақ өзен аңғары бойында
көптеген өсімдіктер жабыны бар, бұл өзендерде түрлі балықтарда кездеседі.
Қабырға өзенін шаруашылық қажеттілігіне пайдаланылады.
Өзінің таза еңбегімен атын шығарған адам егінші мұрап, Қыпшақ
Сейітқұл Маманұлы XVIII ғасырдың аяқ кезінде Қаратаудан отыз үйлі туыстарын
бастап келіп осы Қабырға өзені бойынан егін салған екен. Сейітқұл
бабамыздың сол мұрасы осы ғасырдың 50-жылдарына дейін маңызын жойған жоқ.

2.3. Қабырға өзені бойының өсімдіктер жабыны.

Далалық аймақтағың ең көп шабындық жері өзен мен көл жағалауларында
болады. Өзен жағалауында көктемгі су тасқыны кезінде тасыған судың құнарлы
заттарының тұнбасы қалады. Осы минералды тұздарға және ылғалға бай
топырақтан су қайтқанда ол жерге бидайық , арпабас, қоңырбас, бетеге өседі.
Олар қалың болып өсіп, көп өнім шабындық шөп алынатындай шөп жабынын
түзеді. Осы астықты өсімдіктермен бірге бұршақтұқымдас өсімдіктер-ақ бас
және қызыл бас беделер, жабайы сиыр жоңышқалар араласып өседі. Ылғал
топырақтардағы қалың астықты – түрлі шөпті шөп жабыны шалғындар деп атайды.
Өзен жағалауының батпақты жерлерін қамыс (құрақ( жауып жатады.Егер құрақты
сабақтары мен жапырақтары шырынды және жұмсақ болып тұрған уақытта, жаздың
бас кезінде шауып алса, одан малға шөп дайындап алуға болады.
Ал биік құрғақ қамыста қыста кесіледі, оны құрылыс жасауға
пайдаланады. Қамыстан қағаз, картон (қатырма қағаз) жасалады.
Өзен аңғарының құрғақтау жерлерінде бидайықжәне арпа бас өседі.
Оларда өте жақсы шабындық шөп береді. Ірілеу шабындық шөптер үлкен астықты
өсімдік- айрауықтан алынады.
Өзен жабыны әсіресе, мал суарылатын маңайда, яғни өзен көл
жағалауларында жаза жануарлар көп жиналатын (жайылатын) жерлер де
көп(күшті) өзгереме. Осы жерле,рде ірі арамшөптер- қалуен және сүттіген
өседі. Сүттігеннің сабақ жапырақтары жіңішке, қою жасыл түсті, гүлдері сары
жасыл. Егер өсімдікті жарақаттаса, одан ақ түсті шырын ағады. Оны мал тіпті
жемейді. Қой отары түнейтін қотандарында көптеген улы және жеуге жарамсыз
арамшөптер өседі. Көбінесе бұл жерлерде меңдуана кездеседі, оның гүлдері
қоңыр жағымсыз иісті болады. Оның тұқымы көкнәр дәнегін еске түсіреді,
бірақ оны ауызға салуға болмайды, өйткені, ол улы. Қазақстанның көптеген
далалық өзен көлдері жағалауларында қамыс пен жалпақ жапырақты қоға (май
қоға) қалың қопа (тоғай) түзеді қамыстардың кірпібас жіңішке жапырақты
қоға,қар қоға, елек шөп, теңге бас кезеседі.
Жағалау аймағының өсімдіктерінің үлкен көп жылдық тамырсабақтары
болады,олардың жапырақтарымен жер бетінің сабақтары күзде өліп қалады да
көктемде қайтып шығады.
Құрақты көбінесе (камыш) деп дұрыс атамайды. камыштың қазақша атауы
(өлең шөп( немесе (қоғажай(. Оның көл өлең шөбі, жағалық өлең шөп, үшкір
өлең шөп т.б. түрлері бар.
Өлең шөптің құрақтан айырмасы жапырақтары ұзын цилиндрлі, көлденең
кесіндісінде дөңгелек болады. бір немесе одан да жоғары метрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
Қостанай облысы аумағының топонимдеріндегі табиғат жағдайларының бейнелеу заңдылықтары
Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау
Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу
Ақтөбе облысының сулары
Атмосфералық жауын - шашын
Торғай өзенінің су режимін сипаттау
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Ақтөбе облысына сипаттама
Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері
Пәндер