Экономикалық Одақ жайлы


Жоспар:
Кіріспе
1 ТМД ТАРИХЫ
1. 1 1993 - 1995 жылғы ТМД ішіндегі интеграциялық процесстер.
1. 2 1993 жылы 24 қыркүйектегі қойылған Экономикалық Одақ жайлы Келісімнен кейінгі ТМД аймағындағы өзгерістер
1. 3 1995 жылы қаңтардағы Кедендік одақ жайлы келісім және оның инеграциялық маңызы
2 ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2. 1 Интеграциялық процестерді зерттеудің мәселелері
2. 2 Интеграциялық жақындасуының ішкі және сыртқы себептері
2. 3 ТМД интеграциялық проблемалары мен болашағы
3 ТМД-ның ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
3. 1 ТМД-ның Қазақстанға әсері
3. 2 Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
6
6
7
13
17
17
22
27
31
31
35
37
39
Кіріспе
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық әлеуеті мықты, саясаты орнықты мемлекет ретінде құрмет тұтатын Қазақстанның осы жиырма жылдағы жүрген жолы, Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы ғылыми зерттеушілерге лайықты арқау бола алатындығы анық.
Қазақстанның тәуелсіздігін алысымен пайда болған негізгі мәселе елдің саяси және экономикалық дамытудың анағұрлым тиімді жолдарын таңдау, Республиканың халықаралық қатынастардың әлемдік жүйесінен алатын орны мен ролін анықтау мәселесін шешу тұрды.
Біздің жұмысымыз КСРО-ның таралуы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының рөлі мен орнын қарастырады.
Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықтың демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ТМД-да ынтымақтастықтың толық құқықты мүшесі ретінде қалыптасуының өзінде саяси және экономикалық негіз бар.
1990 жылы 25-қазанда қазақ елі үшін тарихи маңызы зор құжат-мемлекеттің егемендігі туралы Демокрация, осы 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды. Бұл екі тарихи құжат Қазақстанның шалғай және таяу көрші мемлекеттермен қатынастарының жаңа үлгілерін орнатып, жас тәуелсіз мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жан-жақты сипаттағы шараларды бекітті. Қазақстан Республикасы алғашқы қадамдардан бастап саяси - құқықтық принциптерге сүйеніп өмір сүре бастады.
КСРО-ның ыдырауы, тұтас бір қоғамдық саяси жүйенің жоқ болып кетуі ғасырымыздың басты оқиғаларының бірі болғаны рас. Осы құбылыстың салдарынан әлемдік дамытудың барысы түбірімен өзгерді, мұның әлі де ұзақ уақыт бойы әлемдегі күштердің орналасуы мен халықаралық қатынастардың дамуына ете беретін болады.
Тәуелсіз, егемен Қазақстанды құру жағдайында оның КСРО ыдырағаннан кейінгі ТМД-ғы интеграциялық процестерді ролімен алатын орнын анықтау саясатшылар, отандық тарихшылар және әлеуметтану ғылымын зерттеушілердің назарындағы мейлінше өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені, қазіргі кезде Еуразия басты саяси алаңға айналып, дүниежүзілік геосаяси маңызға ие болуда.
1991 жылдан бастап Қазақстан және ТМД мемлекеттері жаңа билік жүйесін құруға көшу экономикалық интеграцяи мәселелерін алға тартты. Бұл проблемалардың ара-жігін анықтап, зерттеу нысанасының бір қыры.
Зерттеу жұмысының өзгелектілігі оның қолданбалы маңыздылығында болып отыр.
Айта кету керек, ТМД-ны құрудағы Қазақстанның рөлін көпшілікке таныс болды. Бұл біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың бірнеше ұсынысымен байланысты болды және соның ұсынысымен 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшыларының «тең құқықты Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құраймыз» деген қорытынды шешімге қол қойған келіссөздері болып өтті. Бұл шешім 1991 жылы 8 желтоқсанында Минск қаласында қол қойылған Беларусь Республикасы, ресей Федерациясы мен Украинаның ТМД-ны құру туралы Келісім шартының хаттамасында бекітілген болатын.
Қазақстан Республикасы КСРО мұрагер мемлекеті ретінде қарусыздану, қару-жараққа бақылау орнату және басқа да сенімді нығайту шаралары салаларындағы маңыздыкелісім-шарттардың қатысушысы болды.
Бірақ, ТМД негізіндегі интеграция бұрынғы Одықты қайта құру дегенде білдірмейді. Экономикалық дағдарыстардан бәріміз «бірге және тең дәрежеде» болашақты ойлай отырып, өзара тиімді интеграцияны тереңдету жолын ұстана отырып, өзара тиімді интеграцияның тереңдету жолын ұстана отырып шығу керектігі басшылыққа алынды.
Экономикалық кеңістікті құруға бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық бағыты 1993 жылы мамырда өткен Мәскеулік саммиттің барысында өзінің шынайы көрінісін тапты. Қатысушы мемлекеттер бірауыздан экономикалық одақты құруды қолдап, ТМД мүшелерінің шешімді түрде терең интеграция жолымен жүретіндігі, осы мемлекеттердің ортақ экономикалық кеңестікте тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың, еңбек қызметтерінің еркін жүріп-тұруы үшін ортақ нарық, ал бара-бара экономикалық Одақ жолында Кедендік Одақ құруды, одан әрі кедендік тарифтерден біртіндеп босату, қандай да болмасын тарифтік есем кедергілерді алып тастауды бастапқы міндет етіп қойды.
Тақырыптың өзектілігін негіздейтін факті - қазіргі кезде Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерімен белсенді қарым-қатынасы және жасалып жатқан екі жақсы, көпжақты келісімдер. Мемлекеттер арасындағы қатынастардың көлемінің кеңеюі және дамуына байланысты ТМД органдарының іс әрекеті күрделеніп, кеңейе түсуде.
Халықаралық қатынастардың тарихы көрсеткендей, мемлекеттер арасында экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени салаларында толыққанды қатынастар орнату кезеңінде мемлекетаралық институттар маңызды роль атқаратынын көреміз.
Қазіргі кезеңде отандық дипломатиялық қызметтің даму шеберінде алдығы кезекте оның практикалық аспектісі орын алады. Дипломатиялық сферада жұмыс істеуші мамандар үшін Қазақстанның ТМД елдерімен сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстарын ұйымдастыруда көмек ретінде ғылыми зерттеулердің қажет екендігі анағұрлым сезіледі.
ТМД елдерінің проблемаларын зерттеу, оның қазіргі тенденцияларын анықтау тәжірибесі Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуына негіз бола алады.
Курстық жұмысының мақсаты: Жүйелі түрде интеграциялық процестерді зерттеу және олардың халықаралық қатынасқа ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Осы орайда курстық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін туындайтын бірқатар міндеттер:
- ТМД интеграциясының идеялық негізін және құқықтық теориялық негіздерін ашып көрсету;
- ТМД-ң құрылуын қарастыру;
- ТМД-ғы интеграциясының факторларын көрсету;
- ТМД интеграциясының кездесіп отырған қиыншылықтары және кейбір проблемалары мен болашағын анықтау;
Курстық жұмысының негізі.
Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар - заң актілері, мемлекет қайраткерлерінің еңбектері, дипломатиялық құжаттар, ТМД елдерінің екі жақты және көпжақты келісімдері; баспасөз материалдары.
ТМД-ң қалыптасуы мен дамуын зерттеу мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған Қазақстанның сыртқы саясатын зерттеумен қатар кең көлемдегі құжаттық деректер негізінде жүзеге асырылды. Деректердің бірінші тобын халықаралық құқық принциптерінің негізін мазмұндайтын Қазақстан Республикасының заң актілері және құжаттары құрайды. Деректердің екінші тобына мемлекет басшысының үндеуі, мемлекет қайраткерлерінің, көрнекті дипломанттардың Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті бағыттарын анықтаған, дипломанттардың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін көрсеткен, олардың қызметіне баға берген баяндамалары, сөздері, сұхбаттары жатады. Атап айтқанда, ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Қ. Тоқаевтың себебі, бұл мемлекет қайраткерлерінің саяси оқиғалардың басында болғандықтан, еңбектерінің деректік дәрежесі өте құлды.
Тақырыптық ғылыми зерттелу деңгейі:
ТМД елдерінің интеграциялық процесі тарих ғылымында әлі толық зерттелмеген мәселелерінің бірі.
Әлемдік таризнамада мемлекеттер арасындағы өзара қатынас көбіне халықаралық келісімдер мен шарттарды, дипломатиялық келіссөз мен көпжақты конференцияларда талдау арқылы жүзеге асырылады.
Өзгермелі геосаяси жағдайдағы сыртқы саяси ведомствалардың құрылымдарының іс-әрекеті Американ ғалымы халықаралық және стратегиялық зерттеу орталығының консультанты З. Бзежинскийдің кітабында қарастырылған. ТМД тарихын автор халықаралық қатынастар тарихымен үйлестіре қарастырған.
1 ТМД ТАРИХЫ
1. 1 1993 - 1995 жылғы ТМД ішіндегі интеграциялық процесстер.
Біздің жалпы констатациямыз бойынша, ТМД тарихы бойынша айтарлықтай терең дәрежеде жүргізілген терең зерттеу жұмыстары жоқ деп айтуымызға болады. Официалды эксперттерде, саяси қоғамдастықта және жалпылық ойлау жүйесінде қарапайым келісмдер тізбегінен өзге еш нәрсе жоқ деп те айтуға болады. Осы істіің өз деңгейінде дамымауына өзіндік ерекше қарсылықтар мен ерекше себептер толы болды. Ал бүгінге дейін кң үлкен проблема - халықаралық-құқықтық жүйеде өз табиғаты бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы қандай орында алады және бұл дилемманы шешуде әр зерттеуші өзіндік жолды таңдап, бұны іске асырып отырды. Бұл істің аймағы және жұмыс құрамы құрылысы да әрқашан көптеген дау мен сынға тап болады. Ал жалпы дүниежүзілік дәрежедегі зерттеушілер бұндай типтес қоғамдастықтарды мемлекетеаралық интеграциялық топ деп те атайды. Көбінесе бұл істер ТМД тарихы, посткеңестік аумақтағы институттар эволюциясы және жалпы саяси структураның жаңа қадамы деп тебағаланып келеді. Әрине осындай зерттеуді қолына алған оқырман әрбір мемлекет саясатының ішкі саяси күштерінің мүделерінің бағытымен тұстас келуін бақылай алады. Босқа да орталық ауырлық нүктесі әркез мемлекетаралық қарым-қатынастар жазықтығында келеді деп пайымдалынады. Ал қоғамның жалпы қарастыруы бойынша Достастық бұл 1991 жылы құрылған формальды КСРО мемлекетінің орнын басқан құрылым ретінде қарастырылады. Бұл кезде тарихшы бола тұра мұны айтуға болады, яғни бұл ішкі процесстердің кейінгі процесстерге әсерін көрсетеді. ТМД дамуының қазіргі кездегі дамуының нәтижесі оның толық өмір сүру кезеңі бойынша тарихи маңыздылығын посткеңестік кеңістікте айтарлықтай келтіре алып, өзінің сипаты мен әкелген өзгерістер ауқымы бойынша олардың жетістіктері мен қателіктеріне деген терең зерттеу, нақтылау арқылы ғана жете алуымыз әбден мүмкін. Кенестік мемлекет құлағаннан кейін айтарлықтай қиындықтарға қарамастан ТМД бұл мемлекеттер арасындағы байланыстардың үзілуін айтарлықтай ауыртпалықсыз өтуінде орасан зор рөлін атқарып келіп отыр. Көбінесе бұл көпжақты және екіжақты негізде келісімдерге негізделген жетістіктерге байланысты ғана әскердің тең бөлінісі және әскери қарудың потенциалының қалыптасуында да өз рөлін атқарып, Кеңес одағынан қалыптасқан қарыздар жүйесін реттеуде де өзінің ілгері даму рөлін атқарды. Көбінесе ТМД структура құрудағы және принципиалды жаңа фактор ретінде қарастырылып, бұл тек мүше мемлекеттер емес, сонымен бірге бүкіл еуроазиатикалық жүйенің негізіне айналып қалыптасты. Арнайы институционалды және құқықтық базаны орнатқаннан кейін теңқұқылы диалогқа негіз пайда болды. Бұл сондықтан ТМД аймағындағы егемен, тәуелсіз мемлекеттер қалыптасуында өзіндік экономикалық реформа моделі және мемлкеттік жүйе қалыптасуындағы өзіндік жүйе ретінде қарастырылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына он алты жылдан асып отыр және сол өте қысқа мерзімнің ішінде ол өте ірі алға деген қадамдарды және кезеңдерді бастан кешірді. Қазіргі кезде бұл сатыларға деген көптеген көзқарастар мен эксперттік талқылау жұмыстар жүргізілуі ешбір толастамайды. Ал алғаш қалыптасу жылдары оның істері көптеген экономисттер мен политологтармен екі кезеңге анық бөлініп берілді. Бұл - 1993 жылғы Экономикалық одақ құрылғанға дейін, сонымен бірге екінші кезең - ортақ Экономикалық ықпалдастық аймағын құрауға бағытталған еді. Бірақ қалай дегенмен де, Достастық тың кей кезде ролі айтарлықтай көтерліп айтылып кетеді, сондықтан посткеңестік аймақта кейбір этаптардың өтуіне байлнысты арнайы коректировкаларды енізумен байланыстырылды. Сол кездің өзінде Достастық құрамындағы мемлекеттердің қазіргі жағдайын естен алмауымыз тиіс. Сондықтан қарастырылған көптеген арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижесі салыстырмалы түрде ғана қабылданып, арнайы қорытндыла мен шешімдерге келгенде толық түрде қабылданбауына толық түрде мүмкіндік туады.
1. 2 1993 жылы 24 қыркүйектегі қойылған Экономикалық Одақ жайлы Келісімнен кейінгі ТМД аймағындағы өзгерістер
Бірінші кезең, яғни 1991-1993 жылдардағы период бұл мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің және ұлттық суверенитетінің қалыптасуы, институционалды ТМД бет әлпетін құрап және оған деген әсерді орнатудағы өзіндік ерекшеліктерге толы болды. 1991 жылдан кейін қатысушы мемлекетердің негізгі мақсаты - Алматыда қабылданған келісімнің қыр-сырларын іске асыру болып табылды. 1991 жылы 30 желтоқсанда Минскіде және 1992 жылы 16 қаңтарда Мәскеуде ТМД мемлекет басшылары жиналып, өзінің басты көздеген нысаны болып Достастықтың құқықтық базасын және саяси структурасын құруға деген өз көмектерін тигізуге бел буған еді. Минскіде болып өткен келіссөздердің ең ірі жетістіктері - космостық кеңістікті біріккен зерттеу және қолдану туралы, КСРО бұрынғы шет елдердегі мүлкі жайлы келісімдерге жетуі еді. Сонымен бірге бұл келісімдерден маңыздылығы бойынша қалыспайтын әскери күштер мен шекарадағы бөлімдер, стартегиялық қарулар жайлы келісімдер қабылданды. Бұл кезде алғаш мүше мемлекеттердің әске ұстауға деген құқығы танылған еді. Сол кезде стратегиялық қарулар және ядролық арсеналға деген біріккен басқару және бақылауға деген ымыраға жеткен еді. Алғашқы кезеңде Достастық негізгі назары ұлттық шекараларды орналастыру және олардың толық қорғалуын қамтамасыз ету болып табылатын. Бұл жұмыстың нәтижесі 1993 жылы желтоқсанда қабылданған сыртқы шекараларды қалыптастырудағы ықпалдастық жайлы келісім Ашғабадта қабылданып, оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанға деген келісе отырып, олар сыртқы қорғанысты орнату олардың негізгі мақсаты және приоритетті мақсаты ретінде анықталады.
Ал организациялық документтердің арасында ең маңыздылардың бірі - 1993 жылғы қаңтар айындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Уставта құрылымның негізгі мақсаттары мен принциптері, мүше болу принципі олардың экономикалық, әлеуметтік, әскери-техникалық сфералардағы ықпалдастық атқарушы органдар тағайындалып, олардың қаржылық жағдайы қалыптастырылды. Осыдан келіп шығатыны уставқа сай мақсаттары:
- саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және өзге салалардағы қарым-қатынасты тереңдету және тәжірибемен айналысу;
- жан-жақты және көпжақты балансқа түсірілген экономикалық және әлеуметтік дамуды, интеграция, кооперацияны қарастырады;
- негізгі және айнымас азаматтар құқықтарын және бостандықтарын қалыптасқан халықаралық құқық және Қорғаныс кеңесімен айтқыза алмай кетіледі;
- азаматтадың сұқбаттасуы мен Одақ бойынша қозғалысына еркін рұсат етіледі;
- өзара саяси және құқықтық көмек мемлекеттер арасындағы араздық пен конфликттерге негізделген.
Бұл айтылып кетілген мәселелерді және өзге қиындықтарды сол кездегі органдар - Қорғаныс министрлер кеңесі, шекаралық заставадағы басшылардың кеңесінде өзіндк рөл атқарып отырады. Бұл кездегі ең маңызды деген экономикалық келісім бұл 1993 жылы 24 қыркүйектегі Экономикалық Одақ жайлы Келісім болып табылады. Бұл жайлы алғаш өз ойын 1992 жылы қазан айындағы Бішкектегі ТМД мемлекет басшыларының кездесуінде бұл істің өте маңызды екені ерекше атап өтілді. Сол кезде бұл Достастық алдындағы ең алдымен шешілетін мақсат болып орнатылып, оның алдындағы даму кезенінің талабы бойынша да бұл алдыңғы қатарлы іске айналды. Бұл кезде өзара қарама-қарсылық, жеке изоляция, тұрақты шаруашылық байланыстар үзілуі секілді шеттен тыс істермен бос өткізілген жылдар мемлекеттердің экономикалық жағдайын бір қадам да алға жүргізбегендігін анық көрсетіп берді.
Бұл қозғалыс нәтижесінде Келісімге өз қолдарын 9 мемлекет - Азербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өз қолдарны қойды. Ал Украина мен Түркмения бұл одаққа ассоциациялық қатысушы мемлекеттер ретінде қатысуға бел буды. Бұл документ ортақ кедендік және қаржы кеңістік одағын нарық жағдайында орнатудың кезеңдерге сарапталған құрылуын анықтап берді.
- Алғашқы кезеңі - кедендік салымдардың алынып тасталуы мен тауардың кедергісіз өткізілу құқығына ие мемлекетаралық ашық сауда кеңістігін құру;
- Кейінгі кезең - сыртқы сауда саясаты координациясы ортақ және шет мемлекеттерге деген ортақ кедендік салымдар мен тарифтер орнатуға құқылы кедендік одақ құрылуы;
- Үшінші кезеңде - капитал мен жұмысшы күшінің ортақ сауда нарығының құрылуы;
- Ал тәмамдаушы кезеңнің өң бойында ортақ бюджет, салық, кредиттік-қаржы және валюталық саясатын бірігіп отырып талқыға салу арқылы шешетін валюталық одақ құрылуы қарастырылады.
Бұл алғашқы жылдардың негізгі нәтижелерінің бірі - «рубльдік зонаның» жойылуы, содан әрбір мемлекеттің жеке купюраларының шығарылуы жеке экономикалық-қаржы институттардың қалыптасуында өзінді Экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің арасындағы қозғалу визаның керегінсіз іске атқарылуы, нәсілдік және этникалық бөлінуден мүлдем бас арылту, білім және квалификация деңгейінің ортақ бір негізі орнатылып, сақтандыру, пенсиямен қамтамасыз ету және миграцияны толастату жайлы сұрақтар алғаш негізге алынды. Одақтың жұмысын бақылауға алатын атқарушы және координациялық комитет және органдар құрылды. Бұл орайда ашық сауда кеңістігі; кедендік, салықтық және валюталық одақ құрылу мәселесін қарастыратын ортақ кредит-қаржы саясатының маңызы өте зор. Одақтың ішкі қарым-қатынасы екі деңгейде орнатылады.
- Өнеркәсіп орындары арасындағы;
- Қатысушы мемлекеттер арасындағы болып қарастырылады.
Алғашқысы болса өте үлкен маңызға ие, өйткені КСРО құлдырауы ондаған мың кәсіпорындар арасындағы байланыстылығы болады. Осы орайда негізі мәселелер - өнеркәсіп орындарына көмек көрсету және адамның мүлік, эффектілі жұмыс істеуге стимуляцияға шақыруы болып тұрады. Бұдан келіп шығатыны ортақ шешімдерге келе отырып, сауда үйлерді биржалар, банктер, сақтандыру компанияларын орнатудағы ортақ келісімдерге келе отыып, шешуге тырысуымыз тиіс. Ал бұл істі алғаш жолға қойған 1992 жылғы желтоқсандағы мемлекетаралық ТМД банкінің құрылғандығын жариялады. Ерекше атап өтуім тиіс, одан кейінгі жылдардағы ұлттық банктер және екінші дәрежедегі банктердің келісімдерге келе алуы мемлекетаралық банк мойнына салынған жүкті оңай өңгеріп әкеткен еді. Сондықтан бұл мысал көпсалалы координациялық типті Электроэнергиялық Кеңес, теміржол бойынша Кеңес, техника және технологиялық салалардағы Кеңес, үкіметаралық мұнай мен газ бойынша Кеңестердің жұмысын жемісті түрде жалғастыруды және саяси-қоғамдық рөлінің үлкеюін ұсынады. Осылар арасындағы ең құндысы инвестиция саласындағы Келісім болып табылады.
1994 жылы 15 сәуірде ТМД мемлекетерінің басшылары еркін сауда аймағы және Экономикалық одақты толық түрде тану жайлы келісімге өз қолдарын қойды. Сол күннің өзінде мемлекет басшылары өндіруші, коммерциялық, кредиттік-қаржы, сақтандыру және аралас трансұлттық корпорацияларды құрудағы және одан әрі дамытудағы ықпалдастық жайлы меморандумдық келісімге өз қолдарын қойды. Экономикалық одақ бұл өткенге қарай қадам емес, бұл қарым- қатынас деңгейінің жаңа және мәнді қадамы болды. Бұл өткізілген шаралар ТМД құрамындағы сол заманда жүргізілген саясаттың нақтылығын және экономикалық жағынан даму дағы оң саяси жетістік ретінде ерекшеленеді. Ал Экономикалық одақты құрудағы асқан қиындықты тудырған біренше өте маңызды фактор ерекшеленеді:
- көптеген мемлекеттердің жағдайы сол кезде мәз емес еді, яғни жағдайы толық және өте терең кризисті басынан кешіріп жатты, сонымен бірге әр уақыт ұлттық жағдайда инфляциялық өсімді ырықтындыра алмады;
- экономиканың тұрақтылығы және экономикалық саясаттың жүргізу тәсілдері сол кезде өзіндік ерекшеліктерге толы еді, бұл әсіресе қаржылық, бюджеттік және кредиттік саясатта өзінің көрінісін таба алды;
- тарифты және тарифсіз жүргізілетін сыртқы саудада бағаларды либерализацияға ұшыратудың алуан түрлі сатыда орнатылуында болып табылады;
- төлем қабылдау қатынастарын негіздеу, қатысушы мемлекеттердің бұл проблеманы екіжақты деңгейде шешуге тырысып, Келісімге қатысты емес төлемдік міндеттемелер реті де қарастырылып өтті;
- сондықтан кейбір мемлекеттердің мүдделерінің әр түрлі мерзімге байланысты бағдарламалық қатысу жайлы ерекше аталып өтіледі және кейбір меммлекеттер үшін бұл перспективті, ал екіншілер үшін стратегиялық мақсатқа және кейбіреулері үшін тек экономикалық кризистен өзге мемлекеттердің қолдауымен шығып кету жолы секілді мақсаттарға ие болатын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz