Тілдесу - ақпарат алмасу кұралы
Жоспары:
1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік.
2. Тілдесу - ақпарат алмасу кұралы. Сөйлеу.
3. Сөз (сөйлеу) қызметтері.
4. Сөйлеудің түрлері.
Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық
қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгіме еткенбіз. Ал осы қатынастар
арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс - бұл
тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа
келіп, тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған
болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б.
өзара бөліседі, алмасады. Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде
қабылдануымен, субъекті белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде
көрінеді. Тілдесу қызметінің нәтижесі - өзгертілген, болмаса қайта жасалган
дүниелік не идеялдық енім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым
арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгіме тек бірдің екіншіге
бағытталған жай әрекеті, не оның ықпалы жөнінде емес, ал өзара, бір-біріне
болған әсері туралы. Тілдесу үшін міндетті түрде әрқайсысы өз алдына
субъектік мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы қажет. Қазіргі кезде жалпы
психология мәселелерінің көптеген шешімі осы тілдестік қатынастарды
зерттеуге байланысты болып отыр. Себебі психологиялық бейненің бір формадан
екіншісіне өтуі (мыс.: түйсіктің сезімге, сезімнің ойға, ойдың сөзге
т.с.с.), адам психикасындағы ашық сана аймағы мен бейсана байланысы, адам
көңіл шарпуларының ерекшеліктері, жеке адам зандылықтары т.б. осы тілдестік
қатынастың негізінде жасалады.
Тілдесу деген не? Тілдесу - біркелікі іс-әрекет қажеттігінен туындаған
адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл катынасы негізінсн
әнгімелесушілердің шара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпараталмасу
тіл қатынасының коммуникативтік сипатып кұрайды. Тілдесудің екінші тарапы -
сөйлеушілердің өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес,
сонымен қатар бір бірінін әрекетін, қылығын танып, оны өзгеріске келтіруі,
жауап беруі. Үшінші, ақырғы, тарапы тіл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың
бірін бірі қабылдап, өздерінің психологиялық бейнесін түзуі.
Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз:
коммуникативті (ақпараталмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу)
және перцептивті (адамның бірін бірі қабылдап, түсінісуі). Осы үш, бір-
біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол
қызметке араласқан адамдардың өзара катынасын ұйымдастырудың әдістерін
құрайды.
Тілдесу мен іс-әрекет өзара тығыз байланысты екені сөзсіз. Бірақ,
әңгімеге арқау болып отырған тілдесу кызметі іс-әрекеттің бір бөлігі ме, не
бұл екеуі өз алдына дербестігі бар, тендей құбылыс па? - деген сұрақ
туындайды. Бірлікті іс-әрекет барысында адам қажетсінуден міндетті түрде
басқа адамдармен қауым түзеді, сөйлеседі, пікір алысады, яғни байланысқа
келіп, өзара түсінісумен ақпарат алысып, беріседі. Бұл жағдайда тілдесу
қызметі іс-әрекеттің бір белігі сипатында қарастырылады, бірақ адам мүнымен
шектеліп қалмайды. Тілдесе отырып адам басқаларға өзінің ерекшеліктерін,
даралық қасиеттерін танытады (қазақтың аузын ашса, көмекейі көрінеді
деген қанатты сөзі осыдан). Өндірілген зат (кұрылган үй, отырғызылған
ағаіл, жазылған кітап, орындалган ән) бұл, бір жағынан, іс-әрекет нысаны,
ал екінші жағынан - адамның өзін-өзі қоғамдық тұлға ретінде көрсетуінің
қажетті құралы, себебі оның басқалардың мүддесіне бағытталған. Осы зат
арқылы адамдар арасындағы қатынас тіке емес, жанама сипат алады да,
өндіруші мен пайдаланушыға теңдей ортақ тіл байланысын туындатады.
Сонымен, іс-әрекет - тілдік қатынастың бір бөлігі, ал сезім іс-
әрекеттің құрам бөлігі, ал екеуі қосылып барша жағдайларда тұтас бірлікті
құрайды.
Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістері оған қатынасқан
адамдардың әлеуметтік қызметтерімен, қоғамдық қатынаста тұтқан орынымен,
қандай да қауымға мүшелігімен анықталады да өндіріс, өнім алмасу және оны
пайдалануга байланысты жағдайларға, сондай-ақ қоғамда орныққан заңдар,
ережелер, талаптарға сай әлеуметтік мекемелер тарапынан реттеліп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын тілдесу процесіне қатыспайтын
адамға тән психикалык құбылыстарды атау өте қиын. Іс-әрекетмен біртұтас
байланысқан осы тілдссу арқылы адам бүкіл қоғам жаратқан тәжірибені
игереді. Жеке адам дамуы тұрғысынан тілдесу барысында біріне-бірі қайшы екі
диалектикалық бағыт өзара байланысқа келеді: бір жағынан, жеке адам қоғам
өміріне араласады, адамзат топтаған тәжірибені игереді, ал екінші жағынан -
адамның даралығы айқындалады.
Тілдесудің жеке адам деңгейіндегі сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы
оның қызметі үш түрге бөлінеді: ақпараттық тілдесу, реттеу тілдестігі және
сезім білдіру тілдестігі. Осыдан тілдестік қатынастың үш түрлі мазмұны
ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал және адамдардьң бірін-бірі
түсіңуі.
Коммуникативтік процесте, біріншіден, ақпарат бір жакты біреуден
біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы, яғни бір
адамның өз ақпаратының мазмұнына сәйкес екіншісі жауап хабар алуға
бағытталган әрекеті үздіксіз жүріп жатады. Егер осы ақпарат тілдесу
барысында түсінімді қабылданса ғана, тілдескен адамдар үшін өз мәнділігіне
ие болады.
Екіншіден, адамдар арасындагы ақпарат алмасу сипаты қоғамда
қабылданган таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір біріне ықпалды әсер
ете алуына байланысты келеді. Бұл жағдайдагы коммуникативтік ықпал бір
адамның екіншісіне жасаған психологкялық әсерінс теңгеріледі.
Үшіншіден, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал
тілдесуге қатысқандардың тіл жүйесіндегі таңбаларды теңдей таныса ғана
пайда болады. Бірақ, ескеретін жәйт, бір сөзге тән мағынаның өзін біле
тұра, адамдардың бірін бірі түсініспейтін жағдайлары болады, мұның себебі
сол адамдардың әртүрлі әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктерінің болуында.
Төртіншіден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тіл қатынастары
кедергісіне ұшырауы мүмкін. Бұл, бір жағынан, әңгімелесушілердің өзара
сұхбат өзегін түсіне алмауынан, яғни әртүрлі көзқараста, нанымда, пікірде
болуынан, екінші жағынан, кедергілер сөйлесушілердің даралық психологиялық
бітістерінел немесе екеу арасындағы тілдесуге мүмкіндік бермейтін адам
аралық қатынастардың бейлеп алуынан туындайды.
Акпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Біздің
қолдануымыздагы бұл таңбалар - дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау
генетикалық байланыста, коғамдык еңбек желісінде, адамзаттың әлеуметтік-
тарихи дамуында қалыптасты. Сөйлеу процесі санамен реттеледі де, өз
кезегінде адамдар арасындағы тілдесулер қалыптасады. Сананың негізгі
қызметі болмысты өрнектермен бейнелесе, сөз бен тіл сол болмысты арнайы
қабылданған таңбалармен белгілейді. Болмыс бейнесінің белгісі (таңбасы)
ретінде сөйлеу де тілмсн бірлікті байланыста, Сөйлсу - тілдесу әрекеті, тіл
негізінде мағына білдіру, ықпал жасау, ақпарат беру, яғни сөйлеу -
әрекеттегі сана мен ойдың көрініс формасы.
Сонымен, сөйлеу - тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы.
Бұл қатынас айтушы және тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады.
Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне
сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды.
Тыңтушы сөзді кабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды.
Айтушы мен тындаушы арасындагы сөз түсіністігімсн белгілі ойды қабылдау
үшін, сол ойды өрнектеуге бағытталған екі түлғалы да ортақ сөздерді
жүйелестіру құралы мен ережелері болуы шарт. Мұндай құрал және ережелер
тобы сипатында көптеген әулеттердің өмір барысында өзара сөйлесуден
қалыптаскан белгілі бір ұлттық тіл қызмет етеді.
Тіл – сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі, ал сөйлеу
- ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік
қолданьшы. Тілдің өзіндс мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге
арналған әртүрлі таңба-белгілердің жиынтығынан тұрады. Ал осы қордан сөйлеу
үшін қажетті белгілі тілдік құралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз
тіркестері мен сөйлемдер, әуен, ырғак т.б.) іріктеліп алынған шақта ғана,
ой білдіру мүмкіндігіне ие боламыз.
Сөз негізінен екі қызметті атқарады коммуникативтік, сигни-
фикативтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың
көріну формасы ретінде танылады.
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені
баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді тындағанымызда біздің назарымыз
оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да
бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не
кұбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі жануарлардың қысқа
мерзімді, қылықтық күйін білдіретін аффектік тілінен ажыратылады.
Жапуарлар тілі ешқашан да нақты бір затты белгілі дыбыстық өрнекпен
таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздің бұл қыз-меті - сигнификативтік қызмет
деп аталады. Сөздін белгілеу қызметі нақты ұлт өкіліне түсінікті сөздерден
құралған тілдің кызметі. Осы қызмет нәтижесінде адам әртурлі заттардың
бейнесін жанама түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзі жоқ болған кезде
де олармен іс-әрекеттік қатынасқа түсе алады. Осыдан адам таныма еселеніп
байиды, яғни адам өзіндік сана қорында заттың тікелеі бейнесін сақтап,
таниды, оған қоса сол заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келеді.
Сөздің және бір, күрделірек қызметі бар. Ол арқылы заттарды талдап,
олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға
топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. Осыда сөз дерексіздендіру мен
нақтылау құралына айналып, қоршаш дүние заттарына байланысты тереңде жатқан
байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздің бұл екінші
қызметі сөз мағынасы терминімен белгіленеді. Сөзді игеру арқылы нақты
заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптаскаи байланыстар
мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренеміз. Сөйілесудің және бір қызметі
- коммуникативтік өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының
бірлігінен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бірігіп, сөз және сөйлем
формасына келуінен әлі сөйлеу шықпайды. Сөйлеу - заттық негізі бар мағына
болғанда ғана іске асады. Әрқандай сөздің (сөйлеу) белгілі зат жөнінде
баяны болып, екінші біреуге бағытталса ғана, өзінің коммуникатив қызметіне
сай болады. Сөйлеудің мағыналық мазмұнының өзегі-өрнектеген заты. Бірақ,
нақты белсенді сөйлесу барысында сөз өзінің белгілегенінен тыс көп хабарды
жеткізе алады, себебі сөз ағымы сезімдік әрекеттермен толығады: ым, ишара
т.б.
Адам тіліндегі көңіл-күй көрінісі үлкен маңызға ие. Сөздітек ақыл-ой
керінісі деп тану оның өрісін өте тарылтып жібереді. Сөзде, әсіресе оның
ауызша түрінде көңіл-күй танытатын көптеген сөйлеу бірліктері қосылады:
іркініс, ырғақ, әуен; жазба түрінде-тыныс белгілері, сөз орыны т.б. Сөйлеу
барысында біз тек білген ақпаратымызды ғана хабарлаумен тынбастан, әңгіме
арқауына болған, әңгіме тыңдаушыға болған өз көңіл толғаныс,
қатынастарымызды білдіреміз. Сөз неғұрлым өрнекті, әсерлі болған сайын,
одан сөйлеушінің келбеті, болмысы дәл әрі нақты көрінеді.
Сөз бір нәрсе жайында баяндаумен бірге ықпал жасау құралы да болып
қызмететеді. Адам тілінің ықпалдық қызметі - өте мәнді құбылыстардан. Ол
тікелей әрекет қылықты өзгертпегенімен қалайда тыңдаушының ой-санасына,
сезіміне қандай да өзгеріс ендіреді. Сөйлеу - әлеуметтік міндетті орындау,
тіл қатынасының құралы бола тұрып, саналы ықпал қызметін орындайды.
Сөйлеу процесінің негізгі тірегі - түсіну, түсінісу. Сөз қоғамнан тыс
болуы мүмкін емес, сөйлеу тілдесуге арналған және тілдесуде пайда болатын
әлеуметтік өнім.
Сөйлеу саналы әрекетке айналуы үшін әңгіме арқылы шешілетін мәселе
және оның мақсаты анық болуы қажет. Сонымен бірге, әңгіме барысындағы
міндеттің шешімі сол әңгіме жүріп жатқап жағдайға да байланысты. Бұл жағдай
әңгіме өзегі болған зат пен әңгімс бағытталған тыңдаушы қауымының сипатымен
анықталады. Әңгіме мақсаттары мен жағдайларын бірлікте қарастыра отырып,
адам не айту керек, қалай айту керек екендігін барластырады, осыдан өз
сөзін алдына қойған міндетін шешуге жарайтын саналы әрекетке айналдырады.
Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам аралық қатынас құралы.
Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз
кезегінде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық
болып бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу
түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында. Бірақ
олардың әр бірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл қатысынсыз және заттасқан
тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да,
әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі,
күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.
Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады.
Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба
сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі
жазба белгілср негізінде орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің
дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын
тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік
әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс. Осыдан, жазба
сөйлеудің ауызша сөйлеуден кейін пайда болып, әрі соның негізінде
қалыптасатынын түсінеміз.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп
аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз жіктеулер
болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс
жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты
өзгеріске түседі. Мысалы, телефонмен сөйлескендс сөз қыска, жедел сұрақ-
жауап кейпіндс байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап алуы мүмкін емес
телерадиодағы сөйлеу тіпті басқаша.
Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтық
сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілстін сөйлемнің
құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді. Өзара түсіністік мұндайда бұрынғы
әңгіме желісінен, тақырып барысынан және іс-әрекет мазмұнына орай жетіледі.
Ауызша сәз, әдетте, әңгімелесуге қосылған адамның ниет ықыласына, болмаса
қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретінде жүзеге асады.
Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды,
алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой
желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер,
дәрісбаяндар т.б.). Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлері
бірнеше рет іштен қайталанады, жоспары қайта түзілістерге түседі, орынды
сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер іріктеліл, таңдалады, көп жағдайда
ауызша сөйлеудің жоспары жазбаша түзіледі. Монологтық сөз құрылымы жағынан
күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы бір ізді, қатаң
логикалық талаптарға бағынады. Монологтық сөйлеу диалогтыкқа қарағанда
қиындау, сондықтан оның толық формасы адамзат тарихында кейінірек
қалыптаскан. Ал мұндай сөйлеу түрін оқушыларда қалыптастыру үшін мұғалімдер
арнайы міндеттерді жүзеге келтіре отырып, еркін әрі мәнді сөйлеу тәрбиесін
бүкіл оқу процесінде үзбестен жүргізіп барады.
Бұрын атағанымыздай, қалаған ақпараіты екінші адамға жеткізу үшін
таңбалар, нс таңбалар жүйесін қолданамыз. Осыған орай тілдестік қатыпас
ІІроцесінде вербалды (таңба ретіпде - соз, баян) және вербалды емес (таңба
ретінде – сөзден тыс белгі, ишаралар) байланыстар қолданылады.
Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сойлеу) қабылданған.
Мұндайда сөйлеу- лексикалық және синтаксистік екі припципті қамтыған
дыбысты тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесін түсінеміз. Сөйлеу -
тілдестік байланыстың ең өнімді әмбебап құралы, себебі мұның жәрдемімен
берілген ақпарат мағыналык толықтығын жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы
ақпарат таңбалық бекімін тауып, қажет кезде мағыналық шешімге келеді
(кодирование, декодирование). Әңгімелесудің ерекше түрі ретінде диалогтық
сөйлеуде хабарлаушылар рөлі бір ізді алмасып отырады, осыған орай біз не
жөнінде әңгіме болып жатқанын түсінеміз.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан,
әңгімелесушілер арасындагы бір біріне деген ықпал да жасалады, яғни өзара
бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір-бірінің іс-әрекет қылықтарын
үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Әңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындагы адамдардың сөз
саптау сипаты әртүрлі. Хабарлаушы үшін ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын
келеді, себебі ол алдымен мақсат қонып, кейін оны сөзбеп баламалайды. Ал
тыңдаушы үшін қабылданып ақпараттың мәні, оны сөзге келтірумен бірге
ұғылады.
Хабарлаушының айтқан ой мағынасының тындаушыға түснікті болғандығы
тыңдаушы хабарлаушы роліне еніп, өз сөзімен қабылданған ақпараттың
түсінікті екендігі жайлы белгі бергенде ғана айқындалады.
Тілдесудің мазмұндылығы, оның барысындағы әңгімелсушілердің бір-біріне
ықпал жасауьшан көрінеді. Ал бұл өзара ықпал жасау процесін айқын түсіну
үшін тілдестік қатынас әрекетінің құрылымын ғана біліп қою жеткіліксіз, бұл
орайда әңгімелесуге негіз болған түрткілер, тілдесу мақсаттары мен
ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие. Бұл үшін тілдесу барысында сөз
бен сөйлеуден тыс қолданылатын белгілерді ажырата алған жөн. Сөзбаян
қаншалықты әмбебап болғанымен, оның толық мәні тілдестік әрекет жүйесінің
сөзден тыс ишара белгілермен толықтырылғанда ғана ашылады. Осыдан вербалды
емес (сөзден тыс) тілдесу проблемасы туындайды.
Вербалды емес тілдесуде ең алдымен кору - қозғалыс жүйесіне байланысты
өз ішіне ым, ишара, пантойима т.б. қамтыған бегілер тобы өте маңызды.
Әрқилы дене мүшелерінің (бет бас, қол ұшы, иық т.б.) жалпы қөзғалысқа келуі
адамның көңіл-күй көрінісіл беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр
береді. Ал бұл ишара белгілер әртүрлі мәдениет иелерінде, яғни әртүрлі ұлт
өкілдерінде бірдей емес. Мысалы, казақ келіспесе басын шайқайды, ал
болғалар басын изейтін көрінеді.
Вербалды тілдесуге қосымша ретінде паралингвистикалық және
экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық
қосымшалар - бұл дауыс ырғағы, әуені, ал экстралингвистикалык дегеніміз сөз
барысындағы іркіліс. сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.
Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу
барысында өте маңызды жәрдемші (кейде дербес) роль атқара отырып сөз
мәнісін күшейту не кемітумен бірге, әңгімелесуге қатыс-қамдардың ниеперін
білдіреді. Сөзбен бірге қолдана отырып, вербалды емес белгілер де
адамдардың өзара байланысты қызмет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті
ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
Ишара, емеурін, қимыл әліппесін білетін адам қарсыластарының,
әріптестсрінің сырын еш қиналмай-ақ ұғып, қандай жағдайда қалай әсер етудің
жолдарын пайдаланады, өз мүддесін жүзеге асыру үшін түрлі әрекеітерге
барады. Тіпті адамның бетіне қарағанда, қай нүктенің калай әсер ететінін,
қай тұстан қандай қуат келетінін іштей түсініп, қалауына орай нәтижеге
жетуге әбден болады. Тек пиғыл, ниет таза болсын. Адамның ойлау мазмұнынан
төгілетін пайда, зиянның өлшемі шексіз. Әрбір сөз, әрбір әліппенің өз саны,
өз жүйесі бар, әрбір әріптің өз иесі бар. Біреуді жөн-жосыксыз ренжіту,
қиянат жасау, калай болса, солай сөйлеудің түпкі тамырында магнитті
толқындар жасырынған. Жақсы сөз - жарым ырыс, Жылы-жылы сөйлесең, жылан
інінен шығады, Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады
дейді. Науқасты сөзбен құлан таза айықтыруға болады, сөзбен өлтіріп
жіберуге, тыпырлатпай тастауға болады. Сөз төркінін түсінгендер мұны жақсы
біледі.
Адамгершілік тәрбиенің негізі отбасынан басталып, балабақша, бастауыш
сыныпта өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді.
"Адамгершілік тәрбиесі - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық
сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді
дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал
арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда
мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі
өлең, сурет, әңгімелер пайдаланылады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбеқ үстінде
этикалы қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет-дағдылары қалыптасады.
Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси-әлеуметтік саналылығын (гуманизм,
ұлт жандылық, отансүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани
байлығын молайтатын жүйелі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz