Әдепте қазақ хандары хақында мәселе көтергенде біз негізінде


Сәкен Созақбаев
Тәуке хан
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз,
Он сан алаш бірігіп,
Ойран болды жауымыз.
(Халық өлеңі) .
Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрынғы - соңғы тарихында басынан небір қилы замандарды өткізген. Олай болса талайлытағдыр өмірден із - түссіз өте шығуы мүмкін емес. Такрихтың терең - терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есімен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан уақиғалардың салиқалы соқпақтарынан аңғарамыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі - ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Халық өз басына қатер төңген шақтарда, тағдыры таразы басына түскен алмағайып сәттерде бар күш қайратын әлі зобаланға қарсы қойып, ақыл парасатымен, білегінің күшімен арашаға түсіп, сол жолда шыбын жанын аямаған, елінің, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпайды. Қайта уақыт өткен сайын қадір - қасиетін арттырып, төбесіне көтере түседі.
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының есімін атауға тыйым салып, коммунистік - тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел емес, тіпті өзіміз шөшитын құбыжық өмір болып суреттеледі. Тек тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған кең мен тепе - тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз.
Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой санасы куә. Сол тарих пен ой сана бізді көптен толғандырып келе жатыр. Әдепте қазақ хандары хақында мәселе көтергенде біз негізінде Абылай, Кенесары туралы деректерді баспасөз беттерінде молынан жариялап келеміз және халқымыз негізінде осы екі тұлға төңірегінде мәліметтер мен аңыз әңгімелерге қанық. Ал Тәуке хан туралы зертттеулер мүлде жоққа тән. Оның себебі негізінде Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазыналарында сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтан, тіпті бір - екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян.
Батыр да, хан да, қара да өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қол басшы ретінде де елеулі орын алған. Ал өз елінің өміріндегі дипломат - мәмілегер, данышпан айлакер қолбасшы, әдеттік құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Қай кезеңге де уақыт әмірші, әр адам, сол адамның қатысуымен өтер әр уақиға әмірші уақыт ерте ме, кеш пе әйтеуір бір оралмай қоймайды. Кім біледі осы қиыннан шығар, осы күнге дейін Тәуке хан жайындағы жазба деректер өте жұтан және оның есімі негізінен жоңғар шапқыншылығына байланысты бірен - саран тұста аталып, өмірбаяны реформаторлық қызметі толық дәрежеде зерттеле қойған жоқ. Халқына, еліне кеңінен танымал ірі ғалым, академик Салық Зиманов өзінің зерделі шәкірттерін жұмылдыра отырып, соңғы жылдары Тәуке ханның «Жеті Жарғысына» зерттеу жүргізіп, бірнеше құнды, мазмұны терең мақалалардың жарық көруіне ұйтқы болды. Оқырман қауым бұл басылымды жылы лебізбен қабылдады. Мұндай ізгі хабар, алғашқы ғылыми талпыныстар, әрине, Тәуке хан сияқты аса ірі тұлғаның барлық ғұмырлық реформаторлық және үлкен мемлекеттік деңгейдегі тарихи қызметімен ролін ешуақытта қамти алмайтыны ақиқат. Әзірге игерілмей, халықтың игілігіне жарай алмай келе жатқан бұл мәселе бұдан өзінің лайықты, тақырыпқа жан - тәнімен берілген зерттеушілерін тапса ірі мәселе ретінде, кең көлемде, мазмұнды мағынамен зерттелетіні хақ.
Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерттеулерде қарама - қайшы пікірлер бар. Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген пікір тұақты болып қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зерттеуші ғалым В. А. Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі орыс тарихнамасында сақталған құжаттарда 1716 жылдан мүлдем кездеспейді. Оның ойынша, осыған қарағанда Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы әбден мүмкін. Бұл мәселе болашақта негізінде қытай тіліндегі құжаттарды зерттеуде нақтылы анықталады деген ойдамыз.
Тегі жағынан алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есім ханның немересі, Жәңгір ханның баласы, Шежіре түрінде былайша көрінеді:
Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаумен өткізген, өзі жаумен кезекті шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Халық оны «Салқам Жәңгір» деп атап кеткен. Жәңгір хан туа біткен данышпан, көрегенді қайраткер және соғыстың әртүрлі айла - тәсілдерін, ұрыстың өзіндік ерекшеліктеріне пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде танылады. Ол қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда баға жетпес еңбек сіңірген, елінің тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында сүйіспеншілікке бөленген тұлғалы жан болғаны ақиқат, тарихи шындық.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ жеріннің шығысында жоңғар хандығы бас көретіп, қазақ еліне шабуыл жасауға құрылтай көлемінде шешім қабылдайды. Жоңғарлардың осындай жаулап алуға бағытталған саясатын дер кезінде түсінген «Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шобуылынына қарсы күресті. Онтүстік Шинжаңдағы Яркент хандығымен тату көршілес қатынас жасап, одақтастық байланыс ортату үшін екі рет елші жібереді, бұл елшілікті Жәңгір ханның балалары Тәуке, Абақ сұлтандар бастап барады».
Бірақ Жәңгір ханның бұл саясаты айдаһардай аузын ашқан басқыншыларды тоқтата алмады. 1643 жылы Жәңгір хан жоңғарлардың қазақ жеріне баса көктеп кірген 50 мың қолына қарсы тез арада жиналып, не бары 600 жауынгерді қарсы қоя алды. Ұрыс болған жердің ерекшеліктерін және инженерлік құрлыстар салудың нәтижесінде Жәңгір хан жоңғар әскерлерінің 10 мыңың қырып жіберген. Бұл мақтанышпен айтатын шайқас «ерекше әскер басылық ойлау жүйесінің үлгісі. Өйткені әлемдік әскери өнер тәжірибесінде шағын ғана отрядтың өзінен жүз есе дерлік саны басым қарсыласынаң күйрете соқы берген мысалдарды кездестіру қиын . . . ержүрек жауынгерлер дұшпанның жабуылын тойтарып қана қоймай, көмекке келген күштердің жеңісті шабуылы үшін жағдай туғызды».
Әкесі Жәңгір ханның ерлікке толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның да бойына дарығандығын аңғармасқа болмайды. Жоғарыда көрсетілгендей, Тәуке жас кезінен-ақ саясатқа жақын болған, әкесі оған жастығына қарамастан сенім арып, елшілікке жіберіп отырған.
Тәуке бала жасынан қазақ даласының бесігінде тербеліп, көшпелі өмірдің бар өсиет-өнегесін, ерлік- батырлық қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Табиғат алғыр етіп жаратқан жанның балалық шағы жайлы әр қалай аңыздарда, әңгімелерде болған- ақ шығар. Көп мәліметтер мен деректер қытай тілінде сақталып қалған деректерде, кітаптарда қолжазбаларды болуы әбден иқтимал. Осындай деректердің тапшылығына байланысты Тәукенің қай жылдардан бастап хан болғандығы туралы деректер, тарихи әдеибиеттерде әр түрлі. Қазақ сахарасының дарынды философы Шәкерім Құдайбердіұлы өзінің зерттеулерінде Тәукенің тек хан болып сайлануына қарай тоқталып, былай деп жазды: «Бұл Әз Тәуке Салқам Жәңгірдің қалмақ қатынынан туған баласы еді. Бұнан басқа Үргеніштегі Ғайып ханның қызынан туған Уәлибақы деген баласы бар еді. Жәңгірдің орнына әз Тәуке хан болғандығын, хандыққа өкпелеп Уәлибақы Ғайып ханға кетіп еді». Бұл мәліметтерден біз Тәуке ханның шешесі қалмақ екенің байқаймыз және Жәңгірдің тағын Уәлибақы емес, керсінше Тәуке басқаның кездейсоқ жағдай емес. Бұл негізінде Тәукенің ақыл-ой, парасатының терең болғанын тағыда айқындай түскендей.
Атап айтатын болсақ, бәріміз білетін еліміздің тарихында Тәуке 1680 жылы әкесінің тағына отырды делінген. Бұл дерек ешбір өзгертусыз кейнігі жылдары басылып шыққан тарихи әдебетерге де енді. Халқымыздың тарихында ірі құқықтық құжат болып саналатын «Жеті Жарғыны» зерттеуге елеулі үлес қосқан шығыстанушы, заңгер-ғалым Нұралы Өсеров өзінің кандидаттық диссертациясында «Тәуке 1678 жылы хан болды» деп тұжырымдайды. Бұл мәселеге байланысты Сәкен Сейфуллин де кезінде өз пікірін ортаға салған. Көрнекті жазушы кезінде былай деп жазған: «Жәңғірден кейін қазаққа Тәуке хан болды (1688 жылда) . Тәуке хан Ташкент ауданында тұрады. Тәуке ханның тұсында да қазақ ылғи қалмақпен қақтығысып тұрсада да өзге хандардың тұсындағы тыныс алмай жөңкілу, аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шыбын- шылығы аздау болып, тіршілік жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың ірі руларында билік жүргізген алты бидің аты шығады. Ұлы жүзде Төле би (Дулат Әлібек баласы), Орта жүзде «Қаздауысты Қазбек би», Кіші жүзде- Әлім руынан Әйтеке би, Қырғызда Кәкім би, Қарақалпақта - Сасық би, Қатаған- Жайма, басқа ұсақ рудан тағы бір би».
Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында Тәукенің хан болып сайлануы 1680 жылды қайталап жазған. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, осы күнге дейін қазақтың ілгеріде өткен кемеңгер ұлдарының бірі туралы зерттеулердің әлі де қарама- қайшы екендігін анық байқатады. Шын мәнәнде баға беретін болсақ Тәуке хан қазақ елінің ақылгөй, данышпаны, тірі кезінде «әз Тәуке» «адамзаттың данасы» деп аталынған, қазақ елінің ұлттың мақтанышы деуге әбден лайық. Әрине, қазіргі уақыттың жалпы әдебиетте қалыптасқан көзқарасты мойындай отыра біз Тәуке ханның таққа отыруын 1680 жылмен белгілейміз. Ал жалпы оның туған жылын анықтауды болашақ зертеушілердің үлесіне қалдырдық.
Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты
Тәуке хан қазақ елінің қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып сайланғаннан кейін қазақтың сол замандағы қоғамынның ішкі және сыртқы саяатына ерекше көңіл бөліп, сол кезеннің өзінде- ақ ұлт мемлекеттілігін халық аралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салады. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекеттігін нығайту үшін ең алдымен бет- бетімен ру- руға бөлінген, бір- бірімен қырылысып жатқан елінің ұлттық бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру басыларының алауыздылық қимыл- әрекеттерін қолдағы бар тәсілдін бәрін қолданып тыюды мақсат етті. Қазақ қоғамында дау, жанжалдың негізі көпелі елдің мал жаятың жайылымының, қоңыстың тарлығынан туып отырған. Экстенсифтік көшпелі қлғамда мал жаятын өрістің таралуы басқа аймаққа көшуге мәжбүр етеді, басқа рулардың қоныстарына мал жаюуға тура келетіне ақиқат. Малдың өсіп-өнуі, жетілуі тек шұрайлы жерге байланысты. Тәуке хан ішкі саясатта ең алдымен осы мәселені шешуге ат салысты. Ең алдымен үш жүздің жайлау, қыстау және күзеулерін Қазақстан территориясының ерекшеліктерін ескерумен бөлуге назар аударады. Үш жүздің білгір билерінің басын қосып, айларға созылған кеңестен кейін жайлымдардың барлығын тарихи қалыптасқан пайдалану негізінде бөледі. Бұдан былай жайлымдар ру- ру болып пайдалануға берілді және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп- қонуға мүмкіндігі бар. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін санына және мал мөлшеріне қарай бөлініп отырды. Еңдігі уақытта көшпелі қазақтар руларымен белгіленген жерге ие бола алған, сол жайылымның шеңберінде ғана мал жайып, көшіп-қонатын болған. Жерді пайдалану барысында дау туатын болатын болса, ру басылары, билер әділеттілікпен шешіп отырған.
Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздылықты тыю үшін сонымен қатар ел басқару ісін жақсатуды күн тәртібіне қойды. Бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігін құру үшін бірінші санатта тұрған мәселе Шыңғыс хан ұрпағынан тараған сұлтан, төрелердің және ерекше статусқа ие болған қожалардың, қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларын өзгертуге ден қояды. Ондағы мақсаты мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Қазақ қоғамында Шыңғыс хан заманынан қалыптасқан дәстүр бойынша ел басқару сұлтан, төрелердің маңдайына жазылған қағида болды. Соның нәтижесінде елді билеген сұлтандар басқару ісін өнері, ақылы, беделіне қарай емес, жиі-жиі жағдайда тек тұқым қуалаған атағы мен алып отыратын болған.
Көшпелі қазақ қоғамын зерттеуге үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым, академик С. З. Зиманов былай деп атап көрсетеді: «Қазақстан территориясында Шыңғыс ханың және оның балаларының, немерелерінің үстемдік ету дәуірі барлық жердегідей қорқыту және халықта қарыспай бағындыру мен көзге түсіп, жаңа ұрпаққа мұра ретінде сол үкіметтің беделінің алдында табынуды және олардың тұқымдарының ең жоғарғы билікті іске асыруға жаралғандығын мойындатты. Және мұндай көзқарас адамдардың санасына әбден сіңгеніне байланысты бұл қағиданы бұзу шыңдап зардап туғызуға әкеп соқтыратыны сөзсіз еді». Төре тұқым атанған бұл топтар қазақ қоғамында элиталық дәрежеге ие болғандықтан қарапайым халықпен неке құруға Шыңғыс хан ұрпақтарының беделін түсіру, хан ұрпағының қанын бұзу деп таныды. Тек қана өз іштерінен қыз алысқан олар экзогамиялық табу тәртібін орындалмағандықтан ұрпақтың ой-өрістік, даналық санасының төмендеуіне әкеліп соқтырғаны ешқандай дәлелді қажет етпейді. Оны азаматтың неке құру заңдылығы мыңдаған жылдар бойы дәлелдеді.
Тәуке хан қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалану мен халықтың, ел басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту қажеттігін сіңіруді саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды. Салыстырып байқайтын болсақ, Тәуке ханның саясаты І Петр жүргізген саясатпен ұштасады. Бұл шаралар өзінің нәтижесін де берді. Қазақ қоғамының саяси аренасына осындай саясаттың негізінде халық арасынан шыққан дарынды билер мен елдің тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауда ерлік танытқан батырлар көтеріле бастайды. Мемлекеттік аппараттың құрамында үлкен өзгерістер болды. Атап айтатын болсақ, басқару процесіне бұрын беймәлім болған «Билер кеңесі» енгізілді. Бұл мемелекеттік орган қазақ мемелекеттігінің саяси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, ішкі, сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор рол атқарды. «Билер кеңесі» сайланған алқалық орган ретінде талқыланған, қаралған мәселе бойынша қайта айналып қарауды қажет етпейтін шешім қабылдау дәрежесіне дейін көтеріле алған.
«Билер кеңесі»өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқарып отырды. Үш жүз рулары арасындағы шиеленісті дауларды шешуде, сепаратистік қимыл-әрекет жасаған сұлтандарды және жалпы трайболизмді тежеуде өлшеусіз роль атқарып отырды. «Билер кеңесінің» нақтылы мәселе бойынша қаралған істерінің шешімдері заң күшіне еніп, ханның өзі оны жоққа шығара алмағандығын айта кеткен жөн. Бұл мемлекеттік органның құрамына негізінен ру, ел басшыларының (ақылгөй ақсақалдардың) жиылысында бата алған, яғни сайланған от ауызды, орақ тілді шешендер, аймаққа танымал болған беделді адамдар және ұрыстарда ерлік танытқан батырлар енген. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деген сөз содан қалса керек. «Билер кеңесінің» құрамы қажет болған жағдайда кеңейтіліп отырған. Тәуке ханның тұсында «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер мен батырлар кірген. Бұл органның қазақ қоғамында беделінің артқаны сонша, тіпті Тәуке хан оның келісімінсіз, бекітуінсіз мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдауға құқы болмаған. «Билер кеңесі» өзінің мемлекеттік статусы бойынша ханның бейлігін шектеу құқына ие болған, көшпелі қазақ қоғамының тұрмыс- тіршілігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі парламенті және ең жоғарғы сот органы ханның ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім қабылдауы «Билер кеңесінің» құптауын талап еткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның қолында шоғырланған. «Билер кеңесі» шығарған заңдармен шешімдерді хан іс жүзіне асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен қабылдағанмен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша «Билер кеңесінің» ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселе бойынша тез арада шешуді талап ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл- әрекеттер жазауға құқылы.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымды қорыта айтатын болсақ, қазақ мемлекетігінің билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрлыстың «Ақсақалдар кеңесі» аттанған басқарудың нышандарымен ұштасқан құрылым екенің байқамасқа болмайды. Сондықтан Тәуке хан құрған мемлекеттік алғашқы құрлымдық құрылыстын ыдырауынның ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери-демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезеңде рулық құрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандары мен біте қайнасып жатады.
«Билер кеңесі» Тәуке хан құрған мемлекеттілікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Халық мүдесіне қызмет еткен, ішкі және сыртқы саясат жүргізуде тиімді, даналық қызмет атқарғанына тарихтың өзі куә. «Билер кеңесі» негізінде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жерінде орналасқан Битөбе, Мәртөбе сияқты жерлерде шақырылып тұрған. Тарихтан мәлім, Тәуке ханның тұсында, әсіресе 1698-1717 жылдар аралығында қазақ елінің территориясына жоңғар басқыншылары баса- көктеп кіріп, бибіт өмір сүріп жүрген көшпелі қазақ халқының кең даласын қанға толтырды. Дәл осындай қиын қыстау кезеңде Тәуке ханның ірі реформаторлық қасиеттері айқын көрінді. Ішкі әскери стратегиялық саясатта Тәуке хан қазақ даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап тауып, жаудың қарулы күштерімен жасақтарын әлсіретіп барып, ойсырата соққы беруді дағдыға айналдырды. Қазақ әскерінде Шыңғыс хан құрған әскери басқаруды қайта жандандырды. Әскерде қатан тәртіп орнатылды. Әскерде басшылық ету Он басы, Жүз басы, Мың басы болып қалыптасты. Мың басылыққа Тәуке ханның ұсынысымен «Билер кеңесі» аса ерлік көрсеткен ақылгөй батырларды бекіткен.
Бас қолбасшылық Тәуке ханның қолында болды. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың сарбазға жетіп отырған. Ал бейбіт өмір сүрген кезенде, қысқы мерзімдерде Хан ордасында 500-1000-ға жуық тұрақты жасақтар ғана болған. Олардың негізгі міндеті хан ордасын ішкі бүліктерден қорғау және ханның қауіпсіздігін сақтаумен шектеліп отырған.
Жалпы алып қарайтын болсақ 80 мыңнан аса әскер жинау қазақ хандығы құрылған кезеңнен бері болған оқиға емес еді.
Тәуке хан өлгеннен кейін билікке таласқан қазақ басшылары әскердің санның, сапасын да күрт төмендетіп жібергені тарихтан мәлім. Егер «Ұлы жүз қазақтары әз Тәуке кезіңде қару- жарақтары сай 50 мың атты әскер шығара алатын болса, жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейінгі жаудың екінші шапқыншылығынан кейін Төле бидің Тәуке хан моласын құшақтап жылаған шағында қолбасшы Қойгелді жинаған жасақ 5мың адамға да жетпеді. Мұның өзі талай жағдайды аңғартса керек»- деп атап көрсетті танымал тарихшы К. Нұрпейсов.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz