Педагогиканың әдіснамалық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Педагогиканың гылымдық мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және
зерттеу аймағы
1. Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік-
экономикалық факторлары
Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен
дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шыныныда
да, әр ғылым саласы өз тарихына, зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық
негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты
аймағына ие.
Бұл тұрғыдан көпке мәлім "Барша заттың бастауын тапсаң, көп нәрсе
түсінерсің"-деген қанатты сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика пәнімен
танысуды да оның қысқаша болса да туындау және даму тарихымен, ол
зерттейтін проблемаларды акықтап, түсінуден бастаған жөн.
Ескеретін жәйт, аталған мәселелерді қарастыруда әрдайым екі тұжырымды
жадтан шығармау лазым:
1. Үлкен даму жолы қаншалықты шырғалаң және дәуір тозаңымен
көмескеленсе де, қай ғылым болмасын қоғам қажеттілігінен дамып,
қалыптасады.
2. Адамзат білімінің қай саласы болмасын ғылымдық дәрежеге көтерілуі
үшін тек ерекше, соған ғана тән зерттеу аймағы бөлініп, нақтылануы қажет.
Осы тұрғыдан алып қарасақ, педагогиканың жайы қалай? Он(ң ғылым ретінде
пайда болып, дамуының себептері неде? Оның жалпы заттық дүние мен білім
жүйесіндегі орны қандай?
Адамзат дамуының барысында білімдік педагогиканың саласы ең
ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті
болу үшін мәнді де маңызды жағдайға назар аударған жөн.
Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетгі тұрмысқа дайындауға немесе
тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді.
Шынында да, педагогика жөнінде сөз болғанда, әдетте, бұл термин оқу-тәрбие,
адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал тәрбиснің өзі
жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы
қалануымен бірге қайда болады. Еңбек құралдарын жасау, табиғат өнімдерін
меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс-әрекет пен қызметтік
тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрпаққа өткізуді мақсат-
мүддесіне айналдырды. Қоғамдық ілгерілеудіңөзі осы өмірге жаңадан енген
әрбір әулеттің өз ата - бабаларының өндірістік, әлеуметтік және рухани
құндылықтарын игерумен бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байьпып, өзінен
соларға жеткізіп беруі арқылы іске асып отырады және әрі қарай дамиды.
Сонымен жинақталган өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибсні келесі
әулетке жеткізіп отыру, адамзат қоғамының жасалуы мен дамуының алғы-
шаарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне, сондықтан да тәрбие
адамзат қоғамының дамуынак ажырамайды және оған ежелден-ақ тән құбылыс,
демек. Тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше іс-әрекет
ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылыған жоймаған.
Ал әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның сипаты
бір қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз
жетіліп дамуда болды. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және
адамгершілік тәжірибені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа
жүріп игеріп отырды. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық
қауым кезінде де күнделікті іс-әрекеттің қарапайымдылығанан бояған еді.
Сондықтан да бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола
алмады, яғни арнайы тәрбиелік мекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке
айналдырған адамдардың да қажеттігі әлі туындамаған кез еді. Құл
иленеушілік қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт сакталды.
Бірақ, уақыт өткен сайын тәрбие саласындағы бұл жағдай өзгере бастады.
Жер өндеу мен мал шаруашылығы, қолөнершілік бірте-бірте дамып, күрделенеді.
Адамдардың қоршаған дүние жөніндегі ілімдері қордаланып, келе-келе ғылымның
дамуына бастау берді. Жаңарған қоғамдық жағдайда өнідірістік тәжірибе мен
ғылыми біліктерді игеру снді арнайы және ұзақ мерзімді үйренусіз мүмкін
болмай қалды.
Өндірістік даму мен күрделену өріс алып, ғылым-білім қоры жинақталған
сайын, өсіп ксле жатқан әулетті тұрмысқа арнайы дайындаудың қажеттігі арта
түсті де, оларды арнайы ұйымдастырылған тәрбиеге тартудың маңызы барған
сайын күшейіп отырды. Осылайша, білім беру мен тәрбие қоғамның объективті
қажетгігіне айнанды және оның бұдан былай дамуының ең маңызды алғышарты
болды.
Міне осыдан бастап, адамзат қоғамының белгілі кезеңінде, дәлірек құл
иеленуші дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едәуір дамыған шақта
ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болып,
кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады.
Тәрбиенің дербес қоғамдық қызметі сипат ала бастауы адамдарда тәрбиелік
қызмет тәжірибесін жинақтап, қортындылауды ойластыру қажеттігін туындатты.
Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық
бшімдердің ерекше саласының қарқыны мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат
жөніндегі барша білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында
нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесінен басталып, XI
ғасырдың аяғына дейін сақталды.
2. Педагогикапың арнайы ғылым-білім саласына бөлініп шығуы және оның
көрнекті өкілдері
Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, XII ғасырдың басына
дейін педагогика философияның бір бөлігі ретіңде қарастьгрылып келді.
Шынында, осы күннің өзіңде де атақты философтардың қай-қайсыеы да тәрбие
мәселесін айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық проблемалардың қоғам
мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен XII
ғасырдың басында бөлектеніи шықты. Ағылшьш жаратылыстанушысы және философы
Фрэнсис Бэкон 1561-1626 1623 жылы өзінің "Ғылымның қадір-қасиеті және
жетілуі" атты трактатын жария етгі. Бұл еңбегінде ол ғьыымдарды сарапқа
сала отырып, олардың арасында педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы
деп бөлектеді. Осы ғасырда-ақ педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті
чех педагогі Ян Амос Коменскийдің 1592-1670 еңбектерінде беки түсті. Оның
теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз
маңызын жойған емес. Коменскийдің әйгілі "Ұлы дидактика" атты сңбегіндс
балаларды оқытудың негізгі теориялық мәсслелері мен оларды ұйымдастырудың
жолдары баяндалды. Өз еңбектерінде Я. А. Коменский балалардың адамгершілік
тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол "Аналар мектебі" атты кітабында отбасы
тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын паш етті.
Коменский ізімен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулі еңбегімен
көрінген ғылым өкіддері келіп шықты. Олардың ішінде аса көрнектілері
Англияда Джон Локк 1632-1704, Францияда Жан-Жак Руссо 1712-1781,
Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци 1746-1827, Германияда Иоганн Гербарт
1776-1841 және Адольф Дистерверг 1790-1866 т. б. болды.
Джон Локк өзінің "Тәрбие жөніндегі ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің
психологиялық негіздеріне жоне адамгершілік қалыптастыру мәселесіне үлкен
мән берді.
Баладағы тума қасиеттерді жоққа шығара отырып, ол нәрестені не сызса
сол болатын "таза тақтаға" теңеумен, тәрбиенің үлкен әсерлі күш екенін баса
айтты. Ал Жан-Жак Руссо, керісінше баланы табиғаттан дарынды деп таныды.
Осыдан, оның ойынша, тәрбие баладағы тума қасиетгердің дамуына кедергі
болмай, оған толық еркіндік беріп, әрі оның қызығулары мен құмарлығына
икемделуі тиіс - деген тұжырымға келді.
М. Г. Песталоцци педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие
мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің
маңыздылығын көре білді. Өзінің "Лингард пен Гертруда" шығармасында, ол
тәрбиенің адамгершілікке негізделуі, балаларға сыйластық қатынас және
оларда адамға деген мейірім мен қайрымдылыққа баулу хақындағы демократиялық
идеяларын дамытты. Күнделікті педагогикалық қызметінде Песталоцци
балалардың оқуы мен тәрбиесін олардың мүмкіндігіне орай еңбекпен
үштастыруға көңіл белді, балалар қауымы-ның тәрбиелік ықпалын пайдалана
білуді уағыздады.
Педагогикалық идеялары кейбір мәселелерде дағдарыс, сипатқа ие
болғанымен, педагогикалық теорияны өрістетуде елеулі рөл танытқандардың
бірі Иоганн Гербарт. Ол балаларды өрескел бұзық қол жазасымен тойтарып
отыру қажет, олардың тәртібін үздіксіз қадағалап, арнаулы жорналға жазып
отыру керек деп есептеді. Сонымен қатар, оның шығармаларында біршама
пайдалы идеялар да баршылық. Ол алғашқылардың қатарында оқыту мен тәрбиенің
психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті
қалыптастыру, үшін оның саналылыган көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау
қажеттігін жариялады.
Өзінің педагогикалық теориясын прогрестік-демократиялық бағытта
дамытқандардың бірі Адольф Дистервег. Ол өрістеткен аса құнды идеялар:
балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына
мән беру, сондай-ақ халық мұғалімдерін дайындау. XVIII ғ. Германияда
алғашқы рет мұғалімдерді дайындайтын арнайы оқуорны ашылып, онда ербкше
ғылыми пән ретінде педагогика оқытыла бастады. Осының бәрі педагогикалық
теорияның жедел дамуына себепші болып, ірі-ірі оқымысты педагоітардың
қалыптасуына мүмкіндік берді.
Сонымен, XII ғ. мен XIX ғасырдың аралығы педагогикалық теорияның үлкен
қарқын ала дамыған, аса құнды тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды.
Педагогикалық ойдың аса кемедденген орталығы Ресейде К. Д. Ушинский (1824-
1870), Н. И. Пирогов (1810-1881), В. И. Водовозов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымының ерекшелігі
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Пәндер