ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І.КІРІСПЕ.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І.тарау: ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТАРИХЫНАН.
І.І. ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ.
І.ІІ.ҰЛТТЫҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕР.
ІІ.тарау: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ.
ІІ.І.ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ.
ІІ.ІІ. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ.
ІІІ.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:
ІІІ.І.МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МӘНІ.
ІІІ.ІІ. БАБАЛАР ӨСИЕТІ.
ІІІ.ІІІ.МЕРЕКЕЛІК САБАҚ.
ІІІ.IV. ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ.
ІІІ.V. ШЕШЕНДІККЕ БАУЛУ.
IV.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Кіріспе

Егеменді елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді. Қазір барлық
жерде әрбір ұлт өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қалпына келтіріп, оны
жас ұрпақтың кәдесіне жарату мақсатында игілікті істер атқаруда. Егер
ұрпақтарымыздың парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп,
азаматтық деңгейін көтереміз десек, бойында ұлттық намысы бар ұрпақ
өсіргіміз келсе, бар күшімізді ғасырлар бойы сақтаған озық дәстүрімізді,
мдениетімізді, әдебиетімізді жинап дәріптеуге жұмсағанымыз абзал.
Бүгінгі қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында
жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті
қажеттігі туды. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани
қазынасымен, оның ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрып дәстүрлерімен неғұрлым
тереңірек танысу қажеттігі бірінші орында тұр. Өйткені, мұндай негіздерді
білмей өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән
ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз рухани байлығын арттыра түсу
мүмкін емес. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастықтарға қарап, тәрбие
барлық халықтар үшін біртұтас деп айтуға болмайды деген заңдылық осыдан
туындайды.
Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық
тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының
болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте
замандағы ата-бабаларының салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі
күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын этномәдениеті, ғасырлар
бойы қалыптасқан халықтық педагогикасы, озық дәстүрі болады. Халық
педагогикасында жинақталған бай қазынамыз – балалар әдебиеті, ертегілер,
батырлар жыры, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыздар, мақал-мәтелдер, шешендік
сөздер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. Халық педагогикасы – халықтың
ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім
тәжірибелер жиынтығы. Бірде-бір азамат өзінен бұрынғы аға-буынның ақыл-ой,
тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Халық келер ұрпағын
заман сай азамат ретінде тәрбиелеу үшін өзіне дейін қолы жеткен
жетістіктердің ең озық түрін пайдаланған. Өнеге, тәрбиеге толы бай
мұраларымыздың бірі – шешендік өнер.
Сондықтан да бала тәрбиеінде шешендік өнердің алтын орыны зор
болмақ. Оқушылардың тілін жетілдіру үшін, сөз мәдениетін дамыу үшін, ойын
ашып айту үшін, тоқсан ауыз сөздің тоқсан ауыз түйінін шығару үшін де,
тәрбие жұмыстарында ата - бабаларымыздың, би-шешендеріміздің қалдырған
нақыл сөздері мен өнегелі-үлгілі мақал-мәтелдері үлкен роль ақарады. Ол
болашағымыздың, яғни келешек ұрпақтың Отансүйгіш, елжанды, адамгершілігі
мол, тәрбиелі-өнегелі болып өсуіне үлкен ықпал етеді. Міне сондықтан да
әрбір тәрбие жұмысын жүргізуде шешендік өнердің, шешендік сөздердің алатын
орны ерекше.
Тақрыптың өзектілігі: Шешендік сөдердің шығу тарихы мен
шешендердің психологиялық ерекшеліктерін, асыл қасиеттерін тумысынан
болатындығынан туындайды. XVII- XVIII ғасырдан дами бастаған ғибратты
сөздер өмір шындығын, халықтық тұрмыс- салты мен тіршілігін, мінез-құлын,
қоғамның дамуын шбер де мәнді, құнды бейнеленуімен ерекшеленетінін
дәлелдейді.
Тақырыптың мақсаты: Шешенік өнердің алуан сипаттары шешендік
сөздің түрлері мен мазмұнын ашып көрсету. Сонымен қатар тақырыпты
талдаубарысында сөз мәдениеті талаптарын білу,сөйлеу этикасын жетілдіру.
Тілді әлеуметтік қызметке қолдану барысын көрсету болып табылады.
Тақырыптың мідеттері: Тақырыпқа байланысты ғылыми еректер
мен, еліміздің және шет елдік ғалымдарымыздың еңбектерін қамтып оқу.
Практикада жаңа технология элементтерін негізге алып шешендік сөздерді
оқыту әдістерін меңгеру. Ата-бабамыздан бізге келіп асыл мұра шешендік
сөзерді оқу-тәрбие жұмыстарымызда оқушыларымызың бойыда ұлттық
ерекшеліктерді игерту.
Зерттеу обьектісі: Шешендік өнердің даму тарихын зерттеу және
шешендік құдіретті сөздерінің халымыздың өмір тарихы мен тығыз
байлаыстылығын анықтау.
Зрттеу пәні: Шешендік өнерді үйренудің этнопедагогикалық мәні
болып табылады.
Ғылыми болжам: Еегер шешендік өнерді насихаттау оқушының
ойына адамгершілік қасиеттердің мол болуымен белгіленсе, онда оның тұлға
ретінде даралануының қоғамдық арнаа үлке үлес алуының кепілі болады.
Жұмыста қлданылған зерттеу әдіс-тәсілдері: Анализ, тарихи-
этнографиялық әдістер, тірек сызбалар.
Практиканың маңыздылығы: Ауыз әдебиеі жанрларын оқыту
барысында шешендік сөздерді оның бір бөлігі ретінде,әдістемелік құрал
ретінде қолдануға блады.Бұл жұмыс шешендік сөздерді қамтып қана қоймай,
сонымен қатар шешендік өнердің даму тарихына да тоқталады.Әр өнердің өз
тарихы болғандықтан, шешендік өнердің де тарихын атап көрсеттік.
Ы.Алтынсаринні өзі де "Қазақ хрестоматиясында" Жиренше шешен
мен билердің шығарған үкімдері мен ел аузында қалған өткір сөздерін
дәріптеген.Мұның өзі қазақ халқының қанына сіңген демократияшыл қасиеттің
бар екендігін дәлелдейді "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деп өз ойын
ашып айта алатындығын көрсеткен.Тіпті ата-бабаларымыздың балаларына сөз
мәдениетін үйрету үшін үлкен жиындарға ертіп апаратын болған. Ал қазіргі
кезде мұның бәрін жиып-теріп мектепте өткізілетін тәрбие жұмыстарында
біріктірген.Сайып келгенде бастауыш сынып оқушыларының тілдік, сөздік қорын
байыту,ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу үшін осы шешендік
өнердің маңызы зор екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Оқушылардың ана тілінде
өз ойын шешен де, шебер, жүйелі жеткізе білу дағдысын қалыптастыру бізге,
демек ұстаздарға жүктелген үлкен парыз.
2.1. Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы.
Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі деп Әл-Фараби
айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясыгың бірі –
тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның
рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды. Тәрбие алыс пен жақын
адамдарға және өзін қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетін
сақтата отырып, олардың адамгешілік құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізеді. Өйткені, өскелең ұрпақ ұлағаты ғақлия сөздерімен тыныс
–тіршілігімен, дәстүрлерімен тәрбиеленеді. Тәрбие үрдісінде ғана адам
рухани жетіледі. Адам тіршілігіне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес,
тәрбие де – адамзат тіршілігінің міндетті шарты.
В.Соловьев Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты
емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы деп
адамгершілік құндылығына ерекше тоқталған.
Тәрбие өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы. Еңбекке тәрбиелеу,
Отансүйгіштік тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, құқықтық
тәрбие, экологиялық тәрбие, экономикалық тәрбиесі, дене тәрбиесі, т.т. Осы
барлық тәрбиенің өзегі – адамгершілік тәрбиесі, бірақ ол жападан жалғыз
әрекет етпейді, ол осы аталған тәрбие түрлерімен бірлікте, демек,
адамгершілікпен қоса барлық тәрбие түрлері біріге келіп адамгершілік
сапаларын және адамзат құндылығын қалыптастырады.
Адамгершіліктің дамуында жеткіншектік кезеңнің орны ерекше. Жеткіншекте
дүниеге көзқарас қалыптаса бастайды, дамыған өзіндік сана пайда болады.
Жеткіншік санасының дамуына әсер етуші себептер: оның объективті түрде өз
мінез-құлқын таңдап алуға әсер ететін өмірлік жағдайлардың болуы. Осы
себептердің күшіне байланысты жеткішшектің мінез-құлқында маңызды алға
жылжу болады. Оның санасы адамгершілік ұстанымдарына, нормаларына
бағытталады.
Жеткіншек кезеңінде балалар қабылдайтын моральдік нормалдардың мазмұнды да
алға басуы бар. Егер мектепке дейінгілер мен төменгі сынып оқушылары
моральдің қарапайым нормаларын меңгерсе, жеткіншек жоғарғы мазмұндағы
нормаларды игереді. Жеткіншек қоғамдық әрекеттің қажеттігін сезінеді.
Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болса, сол
қоғам иелерін жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті
азамат етіп тәрбиелеу – мектептің, мұғалімнің, ата-ананың қоғам алдындағы
борышы.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде бұрыннан бергі
жиып келген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, елін-
жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті
тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен
тағлымдарын оқып, үйреніп өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа
баулу мүмкін емес. Себебі, Л.Толстой айтқандай, өткенді жақсы білмейінше,
келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар.
Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық,
эконосмикалық, экологиялық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-
бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әр –қайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік
бағдары, өзіне тән қызметі бар.
Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай
қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның
тәлім-тәрбиесі көп жылдар бойы біржақтылықпен жүргізіліп келді, жалпы
адамзаттық құнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана-сезімнің дамуына ,
рухани, мәдени байлықтың, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл
бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын,
тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеліп
соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың
қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел
баласына үйрету, санасын ояту – сынып жетекшілерінің, тәрбиеші
мұғалімдердің, ата-аналардың ең үлкен парызы болмақ.
Балалық шақта айнала қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен тану –
адамгершілктің ең басты негізі болып есептелініп баланың бойында ел
жандылық, Отансүйгіштік, отан жауларына деген өшпенділік сияқты
қасиеттердің қалыптасуының ұзақ үрдісі басталады. Бұл үрдістер мұғалімдер,
ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен педагогикалық-психологиялық тұрғыдан
басқаруды қажет етеді. Мұнда әлемдік педагогика, психология ғылымында
айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида бойынша әрбір
тәрбиеші, мұғалім балаланың рухани дүниесіне кіре білуі және баланың рухани
дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс
істеуді басшылыққа алу керек. Мұны білмейінше, бұған мән бермеген жағдайда
нағыз тәрбиеші бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді.
Мектеп жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етіп, ол белгілі
жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа
сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немес түзетеді. Сол
себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы,
адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс. Мектептегі адамгершілік
тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болшаққа
да бағытталуы тиіс.
Адамгершілік тәрбиенің тәрбиеленушінің дамуын қандай игі әсер ететіндігін,
тәрбие әсерімен оқушы қалай өзгеретіндігін, тәрбиенің әсерімен адамгершілік
кемелдің жаңа сатысына қалай көтерілетіндігін педагог жақсы білуі тиіс. Ол
үшін адамгершілік тәрбиесінің бүтін үлгісін жеке буындарға бөліп,
әрқайсысын жекелей бөліп қарау керек. Бұл үрдістің аса маңызды буыны –
адамгершілік сананы қалыптастыру.
Сана – сезімнің қалыптасуы бала мектепте бармастан бұрын, қоғам туралы,
жақын адамдардың өзара қатынасы туралы алғашқы ұғым-түсініктердің
қалыптасуынан басталады. Осындай алғашқы ұғым - түсініктер негізінде
өскелең адамның тұрақты көзқарасының сенімдері қалыптасады, бұл жағдай оның
мінез-құлқына әсер етеді, бағыт береді. Сондықтан тұрақты көзқарасты
қалыптастыру үшін балаларда күшті сезім туғызарлық мінез –құлқы мен ісінде
көрнекілік терең идеялы сенім керек. Осындай сенімділік ойлағанда ғана
емес, адам басынан кешкен жағдайда, өзінің іс –тәжәрибесінде дәлелденген
жағдайда тууы мүмкін. Сондықтан тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-
құлық нормалары жайлы түсіндіріп қана қоймай, балалар өз көзқарастарын
тексеріп көре алатындай, өмірде олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей
жағдай жасауы керек.
Оқушының сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді тәрбиелеу
негізінен баланың бұрынғы өз сенімдерін өзгерту және одан әрі жетілдіру
жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында туған
табиғат туралы қаншама айтқанмен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға әсер
етпеуі мүмкін. Ал енді табиғатқа саяхат жасаса, суретке түсіру, әңгіме
құрастыру жайлы тапсырма берілсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзік
сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда мұғалім ізгі сезімдерді
туғызып қана қоймай, оның бекуіне де жағдай жасайды.
Баладағы жаңа сезімдер қатты әсерленудің ықпалы мен жетілуі, өзгеруі
мүмкін. Әсерлену, әсіресе, өзгелердің істегенін қабылдау және санадан
өткізу үрдісінде пайда болады. Мәселен, тарихымыздағы ұлы бабаларымыздың,
батырларымыздың, хандар мен билеріміздің халқы үшін көрсеткен теңдесі жоқ
ерліктері туралы әсерлеп, көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өте қатты әсер
етіп, оның адамгершілік, елжандылық, Отансүйгіштік сияқты ізгі сезімдерін
оятады. Мұғалім ұжым өмірін жарқын да сезімге бай етіп ұйымдастыра алса,
бұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік
сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.
Адамгершілікке тәрбиелеу балаланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың
аса маңызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын
қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның
әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-
қасиет сияқты биік адамшылдық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.
Тәрбие үрдісі балаларға мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік жағын
ұғындыруды қамтамасыз етуі тиіс. Балалардың өз әрекеттері мен өзгелерді
түсінуі адамгершілікті бағалауына және өзін-өзі бағалауға үйренуге
мүмкіндік береді.
Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші баланың адамгершілік
жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі
болып табылады. Жетілгендік балалардың дағдылы және күрделі жағдайлардағы
адамгершілік мінез-құлқының тұрақтылығына, мінез-құлқының ересектер
бақылауынан біршама тәуелсіздігінен, өз әрекеттерінің адамгершілік тұрғыдан
қалай болатынын алдын-ала болжап білуден, іштей бақылауы ожданның пайда
болуынан, әрекеттердің моральдік жағын, өзінің адамгершілік қасиет иесі
екенін түсіне білушіліктен көрінеді. Адамгершіліктің дамуы – тәрбие
жұмысының жемісі. Бұл жүйенің өлшемі – тәрбие жұмысының пәрменділігі.
2.2. Шешендік өнер тарихы.
Шешендік - қадірлі өнер. Өнер алды-қызыл тіл деп қазақ бекерге айтпаған.
Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болсын күрделі қоғамдық,
мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, мәмлегерлері, ғалымдары, ойға
шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Шешендік өнер – қай заманда, қай қоғамда болса да қауымға, көпшілікке үлкен
әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, күш –жігерін тасытатын қуатты
құрал, күні бүгінге дейін құдіретін –қасиетін жоймаған өнер.
Әр қоғамның өзіне лайықты қарым-қатынасы қалыптасатыны сияқты, ойлау,
сөйлеу мәдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да болғаны даусыз.
Алайда, шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан V-VI ғасыр
бұрын шығып қалыптасқан.
Шешендік сөздер 3 түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал
құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып үш бөлімнен тұрады.
Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамның шығуымен, дамуымен
байланысты екенін қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Қазақ рулары
мен ұлыстары пайда болғаннан бері-ақ өз замандастарынан озат ойлы, шебер
тілді адамдар болғаны күдік туғызбайды. Алайда, шешендік өнердің шығып,
қалыптасуы қоғамның белгілі бір даму сатысымен, шешендердің шығуымен,
олардың сөздерімен межеленеді. Осы тұрғыдан алғанда біз қазақтың шешендік
өнерін тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған Майқы би мен
Аяз биден бастаймыз.
Майқы - өмірде болған тарихи адам, Шыңғыс ханға кеңесші болған, бытыраңқы
қазақ руларынан ел құрап, Алаша ханды бас қып қазақтың алғашқы хандығын
құрған, қазақ рулары мен ұлыстарының таңбаларын тасқа қашатып, ұрандарын
белгіліп берген қоғам қайраткері. Сонымен бірге ол артына аталы сөзі қалған
өз заманының айтулы шешені болған. Неш ғасыр бойы халық жадында сақталған
жіне Абай мен Мәшһүр Жүсіп растаған Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы
би дейтін нақыл да осы қазақ шешендерінің басы, халық шешендік сөздерінің
атасы деуге дәлел бола алады.
Майқы би заманынан бізге есімі мен сөздері жеткен екінші адам – Аяз би.
Тарихи аңыздарға қарағанда Майқы Қаратау өлкесінде, Аяз Арал теңізінің
жағасында өмір сүрген. Оның тарихи адам екендігін Арал теңізінің маңынан
табылған Аяз қаланың орны да дәлелдейді. Халық аңыздары бойынша Аяз әуел
баста ханға уәзір, кейін өзі хан болып ел басқарған. Ғасырлар бойы халық
жадында сақталаып келе жатқан Аяз би, әліңді біл, құрырсқа жолыңды біл
дейтін нақыл мен даналық, тапқырлық сөздер оның да шешен адам болғанын
аңғартады.
Бұрынға қазақ шешендерінің бір ерекшелігі – олар сөздерін жазып
дайындамаған, сөздері қағазда емес, халық жадында сақталған; ауызша тарап,
әлденеше кісінің, ұрпақтың өңдеуңнен өтіп қысқарған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Қазақтың шешендік сөздері арқылы студенттерді тапқырлыққа тәрбиелеу
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Шешендік сөздер түрлері
Қазіргі шешендік сөздер
Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер. Көркем шығарма стилі. Оның түрлері, эстетикалық қызметі
Қазақтың шешендік сөздері
Шешендік сөздер
Шешендік өнер негіздері
Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы
Пәндер