Торғай жазушылары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Торғай өңіріндегі тарихи тұлғалар

Т. ғ . к. Айткенов З. Ш.

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институтының ТҚ-31 тобының студенті Ермекбаева А. С.

Еліміз тәуелсіздікке жеткелі бері отандық тарих ғылымының ұлттық мүдде тұрғысынан пайымдалуы заман талабымен ғана емес, ғылыми сұраныстармен де тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойы тапталған тарихи сананы қалпына келтіріп, ұлттық мүддені басшылыққа алу бүгінгі таңдағы еліміздің жағдайында басты міндетердің біріне айналып отыр. Осыған орай тарихымыздың бұрындары бұрмаланып келген немесе айтылмай қалып «ақтаңдаққа» айналған тұстарын объективті тұрғыда ашып көрсету жолында еліміздің тарихшылары қыруар жұмыстар атқарып, ғылыми және қоғамдық сұраныстарға сай көптеген ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды.

Адам баласының тіршіліктегі қадір-қасиеті оның өткен өмір жолындағы жасаған жақсылықтарымен, өнегелі істермен өлшенеді. Әсіресе, Отаны мен ел-жұртына тигізген шарапаты, сіңірген еңбегі ешқашан елеусіз қалмақ емес. Сондай адамдардың қатарында халық үшін үздіксіз еңбек етіп, тер төккен ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымыз баршылық.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ қоғамдық ғылымдар, әсіресе тарих, тіл, әдебиет және өнер салаларының ұлттың рухани серпілісімен ұлттық сананың оянуы әлде қайда шапшаңдау жүре бастады. Осы оянған ұлттық сананың өз арнасымен дұрыс қалыптасуы үшін тарих ғылымының дамуымен толыққанды қалыптасуы күн тәртібіндегі басты қажеттілік болды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, Торғай өңірінен шыққан, қазақ зиялыларының ішіндегі шоқтығы биік тұрғындары Ахмет Байтұрсынов, Назипа Құлжанова, Міржақып Дулатов, Файзолла Сатыбалдыұлы, Әлмағамбет Оспанұлы, Сәт Есенбаев, Тәшібай Әлмұхамбетов тағы басқаларды айтуымызға болады. Осы аталған кісілердің қалдырған мұраларын таразылай, сараптай, талдай келе айтарым-бұл кісілердің айналыспаған саясаттың да, ғылымның да саласы жоқ. Білім беру ісін жолға қою, бұхара халықтың саяси сауаттылығын ашу, қазақ тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу, әдебиет саласындағы пайымдалуы, мемлекеттік құрылыс жөніндегі пікірлері осы күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ.

XX ғасыр - ақтаңдақтарға толы тарихи кезең. Қазақтың Ресей отаршылығына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесі XX ғасыр басында Алаш қозғалысына ұласты.

Алаш қозғалысы «Қоғамдық -саяси өмірге араласа бастаған кезден екі түрлі ұлттық мақсатта қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді» алдарына қойды. [1]

Солардың бірі 1909 жылы отаршылдыққа қарсы күреске араласқаны үшін Семей түрмесіне жабылған А. Байтұрсынов 1910 жылы жер аударылған. 1918-1919 жылы Алашорда қатарында болады.

.

1919жылы наурызда ескі оқиғалардың бұрынғы зиялылардың үлкен бір тобын басқарған. Халық ағарту комиссары Бүкілроссиялық Орталық Атқару комитетінің ҚазАССРОАК-нің мүшесі Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер 1925-29ж Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы профессор болды . [2]

Жазушылық творчествосы мысал жазумен басталды. Көптеген өлең жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады. Патшалық

Россияның қанаушылық, отаршылдық саясатын, шен- шекпенінің алдында

құлдық ұрған шиновниктердің опасыздығын сынады, сол кездегі миссионерлердің жүгенсіз қылығынан ел жұртты сақтандырды, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды. Өзі жазған және Н. А. Крыловтан аударған

мысалдарын құрастырып «Қырық мысал» кітабына енгізді. (1909жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет басылады. ) . Бұл жинағы мен талантты ақын ретінде танылады.

Ақынның екінші кітабы «Маса» (1911ж) Бұған енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты етектен тартар кемшіліктерді сынады.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жарыққа шығаруда да зор еңбек сіңірді. «Ер Сайын» жырында алғысөз бен түсініктемелер жазып Москвада жариялады (1923) «23 жоқтау» атты кітап шығарды. (1926) Әдебиетке қатысты ой пікірін Абай Құнанбаев туралы жазылған «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласында (1913) білдірсе, «Әдебиет танытқыш» дейтін (1926) Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі мәселелерді зерттеу жұмысы . Ол қазақ баласының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы»(1912), «Тіл құралы» (1914) ,

балалардың сауатын ашуға арнап «Әліппе» (1924), «Жаңа әліпби»(1926-28) жаңа оқулықтары мен ғылыми еңбектерін ұсынды. Өзінің бала оқытқан тәрбиесінде түйген методикалық нұсқасын «Баяншы» деген кітабында (1926)

білдіреді. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына

қазақша ғылыми термин жасап, марфалогиялық тұлға тәсілдерді жаңадан талқылады, соңында анықтамалар берді. [3]

А. Байтұрсынов өмірінің соңына дейін өз халқы үшін атқарған қызметі, шығармашылығы ұшан теңіз.

Қазіргі таңда А. Байтұрсыновқа арнап Қазақстанның көптеген мектептерінде есімі берілуде. Сонымен қоса Арқалық қаласында бір көше, Торғай облысының Жангелдин ауданында совхоз, көше Ахаң атымен аталады. Торғай селосында А. Байтұрсыновпен М. Дулатов атындағы әдеби

музей және осы қайраткердің қола ескерт кіштері бар.

Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш мәдениет қайраткері, педагог жазушы, журналист-публицист және аудармашы, белгілі революционер Құлжанова Назипа Сегізбайқызын атап кетуіміз қажет.

Шығыс әйелдері съезін ұйымдастырушылардың бірі. Семейде әдебиет және мәдениет саласындағы істер жетекшісі болды. Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына орай үлкен әдеби-этнографиялық кеш өткізіп, онда Абай творчествосы, хақында баяндама жасады (1914) . Семейде ойын -сауық кешін өткізді (1915) . Орыс география қоғамының құрметті мүшесі болды (1920) . 1920-24 жылдары А. Затаевич пен А. Бимбоэсқа бірнеше Абай әндері мен бірге «Ғайни-ай, сәулем», «Қыздардың зары», «Жылқыбай» т. б әндерін нотаға түсірді.

1920 жылдан бастап өмірінің соңғы жылдарына дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалаларында тұрып, «Әйел теңдігі», «Қызыл Қазақстан» газет журналында С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Есова сияқты көрнекті қайраткерлермен бірге қызмет істеді. Жас ақын Ш. Иманбаеваға қамқорлық жасап, оның «Шолпанның таңдамалы өлеңдері» атты жинағын С. Есова екеуі бастырып шығарды. Бала тәрбиесі мен педагогика саласында көптеген еңбектері жеке жинақ болып басылды. Назипа Құлжанованың қызметіне риза болған А. Байтұрсынов оған «Н. Қ. ханымға» деген өлеңін жазды. Сонымен қоса Н. Құлжанова өмірі мен творчествосы жайында М. Хакімжанова, С. Бегалин, Т. Жұртбаев тағы басқа ақын-жазушылар естеліктер, ғалым Р. Сыздықова, музыка маманы Қ. Мақанов зерттеу еңбектер жазды. Бұл естеліктерді жазған қайраткерлер Н. Құлжанованың жасаған қызметіне ғылыми еңбегіне оң баға беріп жоғары көрсетеді.

Сондай-ақ Торғай өңірінен шыққан, әйгілі қоғам қайраткері, ақын, қазақ халқының тұңғыш романисі, ұлы ғалым А. Байтұрсыновтың серігі Міржақып Дулатұлы.

Ауыл молдасынан хат таныған ол 1904 жылы белгілі ақын, ғалым А. Байтұрсыновпен Омбы қаласында танысып, бұдан былайғы өмірін онымен бірге өткізді. 1905 жылы Қарқаралыдағы революциялық шеруге қатысты. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының Оралда өткен съезіне қатынасып, 1906 жылы оның делегаттарының құрамына Петербургке барды. Осында 1907 жылы «Серке» газетінде өлеңі басылды. [4]

1905 жылдан бастап М. Дулатов әдеби тұрғыдан еңбек ете бастады. 1909 жылы әйгілі «Оян қазақ» атты өлеңдер жинағын шығарып есімі бүкіл қазақ еліне мәлім болды. Міржақыптың ақындық даңқын қазақ арасына кеңінен таратқан - “Оян, қазақ!” жинағы.

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамасты, -

Деген беташар бір шумақ өлеңінен танылады. “Оян!” сөзі- оның биік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы.

Ақын қазақты оятамын деп маса болып шыққан А. Байтұрсыновқа қосылып, ұйықтаған жұрттың зердесіне ой салады.

М. Дулатовтың Абай, Шоқан, Ахмет шығармалары жайында мақалалары «Қазақтар мен қырғыздардың шығу тегі туралы» құнды еңбегі, екі бөлімнен тұратын «Қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткіші» кітаптары оның терең білімді әдебиетші екенін дәлелдейді. М. Дулатовтың шығармаларының басты ерекшелігі ұлт-азаттық қозғалысымен тікелей байланысты және оның жалынды ұраны болды. Ақынның әр шығармасы әдеби туындылар шеңберінен асып саяси бағыт алып, күрес жолына түсіп отырды. Мұнда елдің экономикалық-саяси, әлеуметтік, қоғамдық, ағартушылық, демократтық көзқараспен биік тұрғыдан талдау жасалды. Сөйтіп, ол қазақ әдебиетіне жаңадан тың жол салды.

Ақын 1917-1919 жылдары «Алаш» партиясын ұйымдастырушы және оның басшыларының бірі болғаны мәлім .

Ұлттық ояну, Алаш қозғылысын ұымдастыру, Алаш партиясы мен Алаш-Орда үкіметін құру, Алаш әскрін жасақтау сияқты істердің бәріне де М. Дулатов бел, буып, білек сыбанып қатысқан, сондықтан ол Қазан жеңісін қабылдамаған. Бірақ Алаштың А. Байтұрсынов сияқты қайраткерлері кеңес үкіметі жағына шығып жатқан кезде, М. Дулатов та, өзге көп қайраткерлер сияқты, жаңа құрылысқа қызмет етуден жалтарған жоқ,

1928 жылы Қазақстанда зиялы қауымды қуғындау мен тұтқындау басталып оның қанды шеңгелі алдымен А. Байтұрсынов пен М. Дулатовқа түсті. Екеуі де өлім жазасына кесіліп, артынан 10 жылға жер аударылды. Жалынды қайраткер айдауда жүріп, 1935 жылы қазанның 5-жұлдызында Соловецкі лагерінде қаза тапты. Жазықсыз ақын 1988 жылы ақталды.

М. Дулатовты мәңгі есте қалдыру мақсатында қазіргі таңда Жангелдин ауданындағы ақынның туған жері «Қызбел» совхозындағы орта мектеп М. Дулатов есімімен аталады. Торғай селосында А. Байтұрсынов пен М. Дулатов атындағы әдеби муззей бар. Музей алдында Ахаң мен Жахаңның қола ескерткіштері орнатылған.

16 жасында құран-қари атанған Файзолла Сатыбалдыұлы зейінді, алғар, еңбекқор бала қарттар әңгімесін жасынан құлағына құйып, көп жайды аңғарып өскен . Сондықтан да болар, сол дәуірдегі қоғамдағы өзгерістерге сын көзбен қарап, шындығын айтқан .

Файзолла Ахмет пен Міржақыпты ардақ тұтып, адалдықтарын шүбә келтірмеген . Алғы күнге, әділдік пен шындық жеңетініне сенген .

Сондай-ақ “Жақсыдан шарапат” дгендей, “Ф. Сатыбалдыұлының арнайы алған біліміне сай жлды қумай, совет қызметіне араласуына, өлең жазумен шұғылдануына Міржақып Дулатовтың ықпалы, жәрдемі көп болған. Файзолла А. Байтұрсынов, М. Дулатов өнегесінен ғибрат алып, Асан Қайғадан бастап өз замандасы Әлмағанбет Оспановқа дейнгі аралықтағы ақындар мен шешендердің, билердің шығармаларын жинаған. Жақсылыққа-жақсылық дегендей Файзолла өлеңдерін сақтаған адамдар да көп. Әсіресе, Торғай, Батпаққара бойындағы ондай адамдарды жиі кездестіруге болады. Бұл- ақынға деген халық құрметі. ”

Файзолла өлеңдері Ахмет жырларымен үндесіп жатады.

Файзолла Сатыбалдыұлы жырлары сол бір қиын - қыстау, қырып-жою, ату-асу, айдауы мол азапты жылдардаң шежіресі іспетті, өмірі кейінгіге үлгі-өнеге. Оның өлеідері мен поэмаларының, ол туралы жазылған естелік-эсселердің, мақалалардың жарыққа шығуы қуанарлық іс.

Көкірегі алтын көмбе, шежіресі сыр, арманда өткен ақын жинағының “Шерлі жылдар, шеулі жырлар” деген аты да жақсы қойылған екен. Өйткені, Ф. Сатыбалдыұлының өлеңдері сән-салтанаты жарасқан шерулі керуендей.

Ғылым мен білімнің және өнердің құнарлы бір топырағы саналатын Торғай өлкесінде әр кезде де таланттар шығып тұрған. Солардығ бірі Әлмағамбет Оспанұлы . Бұл ақынның өзге тұстарынан басты ерекшелігі дін басы болған кісі. Қазан революциясына дейін түрлі діни оқу орындарын бітіріп келіп, елде бала оқытқан. Ал кеңес өкіметі орнаған соң жаңа заманды ықыласпен қабылдап, әр түрлі дәрежедегі жұмыстарға араласқан. Бірақ 1929 жылы басталған қуғын-сүргін кезінде адал істері заңсыз зая кетіп, жазықсыздан жазықсыз бірнеше жыл түрмеде отырып, елге келегн соң да сол баяғы “қоңырау” адамдарын аштырмаған. Жазған өлең, жырларын еш жерге ұсына алмаған. А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың қайта оралуы өздерінің замандастары Файзолла мен Әлмағамбеттің де қайта оралуына жол ашты. [5]

Әлмағамбет ақын халықтың арман-мұңы, елдің көрген қорлық-зорлығын, тілі мен дәстүрін өлеңдеріне арқау еткен. Ақынның мол мұрасын халық қолдан-қолға құпиялап көшіріп, таратып, ойын-тойларда, әр түрлі мәжілістерде айтылып келді.

Осынау ұзақта аумалы-төкпелі ғұмырында Ә. Оспанұлы көп нәрсені бастан кешті. Соның бәрін сәтіне қарай өлең етіп жазып жүрді. Қолда бар деректерге сүйенсек Ә. Оспанұлы өлеңді 15-16 жаста жаза бастағанымен нақтылы қағазға түсіп, жұртқа аян болғаны 24-25 жас.

Ә. Оспанұлы ғибаратты ағартушылық- демократтық бағыттағы өлеңдері көптеп сыналады. 1929 жылдан бастап Оспанұылының шығармашылығы мүлдем басқа арнаға ауысады. Бұл тұстағы көрген қуғын-сүргін жазықсыз жала, әр түрлі қысым ақын жүрегінен өлең болып өрледі.

Ә. Оспанұлының артында қалған мұра мол. Олардың бәрі дерлік ақынның өз қолымен хатқа түсіп, кітап болып түптеліп, мұқият сақталған.

Жасынан арабша, орысша мол білім алған Ә. Оспанұлы А. Байтұрсцынов пен М. Дулатовты өзіне ұстаз санаған. Ал ұзақ жыл арасы ажырамаған досы Файзолла Сатыбалдыұлымен үнемі пікір алысып, силасып өткен.

Қорыта айтқанда, Әлмағамбет Оспанұлы өз замагнының жыршысы болған ақын. Оның шығармаларын оқып отырғанда, өзі өмір сүрген уақыттың аумалы-төкпелі кезеңінің бүкіл мінезін танимыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс жазушылары мен ақындары қазақ өлкесінде (А. С. Пушкин, В. Гоголь, В. Даль және т.б.)
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Дала қоңырауы - Ыбырай Алтынсарин
Ұстаздық-ағартушылық қызмет
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Қазақ газеті және ХХ ғасыр басындағы көсемсөздің дамуы
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
С.торайғыров пен а.байтұрсынов, м.дулатовтың шығармашылығына арналған бейне фильм сценариі
1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық
Ыбырай Алтынсарин (Ибраһим)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz