Маркс пен
Тәрбие- адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс,адамдардың
саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде
пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы- рулық қоғамға дейін адамдар
табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам
қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф.Энгельс
Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы және Маймылдың адамға
айналуында еңбектің ролі атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек
екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп
түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру
ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына
мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. Ол өмірге пайдалы, іске
қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты- ақылды
адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы,- деді Коменский,-
жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша,адам тек тәрбие
арқылы ғана адам болады. Коменский тәрбиенің ықпал ету күшін осылай көре
білді. Бүкіл тәрбие ісі Коменскийше табиғатқа тән,жалпы заңдылықтарға
сәйкес болуға тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап,
тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін
дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. Тәрбие бағыты жөніндегі
Руссоның негізгі педагогикалық талаптары- баланы қадірлей отыра,оның
қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың
табиғатын білу,баланың өзіндік әрекетін дамыту тәрбиенің негізіне айналуға
тиіс.
Оқыту және тәрбие барлық адамға берілу керек дей отырып,
Песталоцци қоғамды қайта құрудың негізгі құралдарының бірі- мектеп деп
есептеді. Адамды дамытудың,тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп санады.
Тәрбиенің мәні жөніндегі ұғымды Гербарт идеалистік философиядан, ал
тәрбиенің мақсатын этикадан шығарды. Ол этикалық теорияны тым метафизикалық
тұрғыда құрды.
Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег жалпы халықтық тәрбие
беру идеясын жақтады,яғни сословиелік тәрбиеге қарсы болды. Мектептің
мақсаты- азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі.
Жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып
жатуы қажет деп көрсетті.Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі
ретінде балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды. Адамгершіліктің пайда
болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғашқы рет
шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың дәлелдеуінше,адамгершілік
қоғамдық дамудың жемісі,ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты
дамиды,сондықтан таптық қоғамда адамгершілік те таптық сипатта болады.
Көптеген мысалдар арқылы,әсіресе, Коммунистік партияның
манифесінде Маркс пен Энгельс буржуазиялық моральдың таптық мәнін
әшкереледі. Буржуазиялық қоғамда адамгерщілік тәрбиесі сол үстем таптың
баюға құлшыны ұмтылу,еңбекшілерді шексіз қанау мүдделеріне қызмет
ететіндігін көрсетті.
Марксизмнің негізін салушылар жаңа пролетарлық моральдың теориялық
негіздерін анықтады:пролетариат диктатурасы мен социализм дәуірінде
адамгершіліктің негізі ең алдыңғы қатарлы тап- жұмысшы табының
адамгершілігі болады деп көрсетті. Жұмысшы табының адамгершілігі
қанаушыларға қарсы бағытталған халық бұқарасы үшін,сайып келгенде,бүкіл
адам баласы үшін қызмет ететін адамгершілік.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:адам баласының
қанаудан,езушіліктен құтқару,коммунистік қоғам орнату жолындағы күрес.
Осы күрес процесінде жұмысшы табының алдыңғы қатарлы өкілдерінің
арасында пролетарлық моральдың элементтері туады,олар:халыққа берілгендік,
жолдастық,өзара көмек,өз мақсатын жалпы істің салтанаты үшін
бағындыру,революцияшыл ерлік,тәртіптілік.
Толық мәніндегі пролетарлық мораль адамдар арасында шынайы адамдық
қатынастар орнаған Коммунистік қоғамда ғана қалыптасады.
Маркс пен Энгельс социалистік қоғамның адамына қажетті мынадай
адамгершілік сапаларын тәрбиелеуді ұсынады:социалистік Отанды шын жүректен
сүю, дүние жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру, яғни пролетарлық
интернационализм, социалистік гуманизм, шын мәніндегі коллективизм.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің барлық өмірі шынайы адамгершілік мінез-
құлықтың үлгісі болды. Олардың зор адамгершілігі,еңбекші халықтың барлық
жақсы қасиеттерін өз бойларына сіңіре білгендігі семьялық өмірінен
де,күрестес достарына қарым-қатынасынан да,еңбекке деген мейлінше
сүйіспеншілігінен де айқын көрінеді.Маркс пен Энгельстің өмірі мен тұрмысы
түгелдей адам баласының бақыттылығы жолындағы, коммунизм идеяларының
салтанат құруы жолындағы күреске сарып етілді.
17 жастағы Маркс өзінің Жас өспірімнің кәсіп таңдағанда ойлануы
деген шығармасында былай деп жазды: Егер біз көбінесе адамзат игілігі үшін
еңбек ететіндей кәсіпті қалап алған болсақ,оның ауыртпалығына мойымайтын
боламыз,өйткені,бұл-барша жан үшін жасалған құрбандық болады;біз
аянышты,мешеулі экономикалық қуанышқа бөленбей,бақытымыз миллиондарға тән
болса,біздің ісіміз тыныш,әрдайым әсерлі өмір сүретін боламыз,ал біздің
табысымыға мейірбан жандардың көз жасы тамшылайтын болады.
Сонымен К.Маркс пен Ф.Энгельс педагогикалық ой-пікірдің дамуында
революцияшыл төңкеріс болып есептелген,сол ойдың дамуында сапа жағынан жаңа
кезең ашқан пролетариаттың ғылыми педагогикасын құрды.
Марксизм тәрбиенің капитализм және социализм тұсындағы әлеуметтік
мәнін ашты. Маркс пен Энгельс коммуанистік тәрбие теориясының негіздерін
қалыптастырды,жас өспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми
тұрғыдан дәлелдеді.
Марксизмнің негізін салушылардың тәрбие жөніндегі ілімі пролетариаттың
халық ағарту және мектеп жұмыстарын ұйымдастыру күрестеріне теориялық құрал
болды,сондықтан да бұл ілім бүкіл ғылыми коммунизмнің ажырамас бір бөлімі
болып есептеледі.
Марксизмнің тәрбие және білім жөніндегі қағидалары жаңа тарихи
жағдайларға сай,яғни империализм және пролетарлық революциялар дәуіріне
сай,яғни империализм және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz