Менің қырғыз балаларын оқыту жөніндегі жоспарым мынадай


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Таныс даланың күзінен сіз көрген жапаны көрмеген болар едім, ал мұнда ешқандай тәжірибелікке көнбейтін табиғаттың қатерлі күшіне кез болдық. Құдайға шүкір, бәрін де ұмытатынмын, өйткені үйге келсем, мал жейтін бір уыс шөп, жағатын отын да жоқ, бәрі де, Торғайда өте сирек болатын, қалың жауған қардың астында қалыпты; сондықтан осының бәрін іздеу, биыл Торғайға айдалған малымның обалына қалмай, аман сақтау қамын ойлау менің көп уақытымды алды, қазірде солай болып тұр.

Әлі қыстың бас кезі ғана, ал малшыларымыздың халі қазірдің өзінде өте нашар; бұл қыстың немен аяқталарын білмеймін, әйтеуір әзірге жақсылық нышаны көрінбей тұр.

Осындай үй іші тіршілігімен жүрсемде, жаңа мектептер туралы жобамыздың нәтижесі жөнінде өте жиі және ұзақ ойлап, мазасызданудамын. Бас кезінде ісіміз ойдағыдай сияқты еді, ал қазір бұл мектептерді салу үшін біздің облыстық басқармада бірдеме істеліп жатыр ма, әлде әр түрлі жағдайлар бөгет жасап отыр ма, кім білсін? Қымбатты Василий Владимирович, қырғыздардың сауатын ашу жөніндегі барлық істің табысты болуы біздің жобамызды мүмкіндігінше тезірек іс жүзінде асыруда болып отыр ғой. Біз бәрін ойлаймыз, жобалаймыз, жазамыз («біз» деп отырғаным, әрине, үдкен адамдар, мектептердің саоынуы соларға байланысты), бірақ кейде жергілікті жағдайдан туатын шындықтан емес, жеке адамдардың намысынан туатын басқа бөгнттерге кездесіп отырамыз; бірақ халық өкпелі кезеңде тұрғанда қандайда болмасын өзіне адамгершілікке керекті нәр іздейді, бұл нәрді қажеттігіне қарай білімсіз надандардың қолынан алып ішеді де, онымен өздерінің сау организімін бүлдіреді.

Василий Владимирович, Сіз жұлдыздарға жақынсыз ғой, шамаңыз келгенінше, оларға ықпал етіп, жобаланған учишелердің салынуын тездетіңіз. Құдай туралы заңның бәрінде : «Құдай мейірімді де әділетті» делінген, Сізді құдай рақымынан құр қалдырмас! Ырғыз бен Торғайдағы жас мұғалімдер жұмысты жаман жүргізіп жатқан жоқ; мен оларға ризамын. Троицкідегі мұғалім Воскобойников Тройцкіден кеткісі келетін көрінеді; бірақ маған жазған қағазынан оның іскеолігін байқап, хат арқылы, Сіз жобалаған 450 сомға үміттендіріп, орнын тастап кетуге асықпауын сұрадым. Оның бұған не айтатынын білмеймін. Не істеу керек екенін білмегендіктен, оның екі қағазын Сізге жіберіп отырмын.

Мен мұндағы мұғалімдерге география сабағын «Географияның оқу кітабы, Математикалық, Физикалық және саясаттық географиядан жалпы мәліметтер, Төменгі дәрежелі оқу орындарының курсы. Құрастырушы К. Смирнов. түзетіп XX басылуы. С. Петербург Э. Арнольда баспаханасы. Лит. № 59» деген кітап бойынша оқытуды ұсындым. Бұл кітап қысқаша және түсінікті жазылғандықтан, маған өте ұнады. Сондықтан кітап магазиніне осы кітаптан әр мектепке 20 данадан жіберуді ұсынуға мүмкіндік деп таппас па екенсіз, ал ақшасын әр мектептің оқу жабдығына деп бөлінген ақшадан жіберуге болады.

Тарих сабағын Иловайскийдің оқу құралы бойынша оқытуға тура келіп отыр, ал бұл менің өзіме онша ұнамайды, бірақ бұдан басқа қолайлы оқулықты білмегендіктен шарасызбын. Маған Беллярминовтың «Жалпы және орыс тарихы жөніндегі элементарлық курсы» өте ұнады; бұл кітапта қысқаша түсінікті етіліп құрастырылған және керекті мәліметтердің бәріде бар. Тіпті сабақты осы нұсқау бойынша жүргізуге болмас па екен? Менің пікірімше, сабақ осы кітап бойынша жүргізілсе, балалар анағұрлым кең түсінік алады. Егер сіз менің пікіріме қосылатын болсаңыз, онда құдац үшін маған хабарлаңыз және бұл кітаптан әр мектепке жіберу туралы Орынбор кітап магазиніне де хабарлайсыз, ал мен керек болған жағдайда, бұл шығындардың орнын толтырудың айласын табуға тырысамын, не болмаса әр мектептен қалған қаржыға осы кітаптарды сатып алуға жұмсауды мүмкін деп таппас па екенсіз?

Менің қырғыз балаларын оқыту жөніндегі жоспарым мынадай:

1-класс

1) оқи білуге үйренгеннен кейін, менің оқу құралымнан бастау.

2) сонымен бірге көркем жазуға, орсытың жеңіл хрестомати ясын (Толстойдікін) оқуға дағдыландыру, орыстың бейтаныс сөздерін жазып алып, үйрену үшін дәптер беріп қою.

3) оқу құралдарын өту барысында қырғыз хрестоматиясынан жазба түрде орысшаға аудару.

4) кубиктер мен есеп шоттар арқылы ариметикалық есептер шығару.

2-класс

1) орысшадан қырғызшаға, қырғызшадан орысшыға аударып, оқығанын түсіндіру, граматикалық талдау жасау.

2) тарихты

3) географияны және табиған құбылыстарын.

4) бөлшекке дейін арифметиканы оқыту.

Соңғы жылы «жазбаша іс жүргізуді» жаздырып, оқытуға дағдыландыру керек.

Осылардың бәрі жөнінде маған пікіріңізді хабарлаудан бас тартпағайсыз.

Хатымның жалпы тәртіпсіз жазылғанына ғафу етіңіз. Василий Владимирович! Сізге мен ресми адам ретінде емес, аса қайырымды және ниеттес дос ретінде қарауға әдеттенгенмін, сондықтан менің хаттарым да дөрекілеу жазылды, мұны өзімде сеземін, бірақ қайырымы мол адамдарға басқаша түрде жаза алмаймын.

Менің шын жүректен жолдаған сәлемімді зайыбыңызға табыс етіңіз.

Сізге мейлінше берілген қызметшіңіз Ы. Алтынсарин.

1879 жыл 27 декабрь

Торғай қаласы.

Ас қадірлі Василий Владимирович!

Көптен бері Сізден ешқандай хабарым жоқ, сондықтан менің Сізге жазған хаттарым жетпей жүрген болар деп қауіптенем. Осы хатты жазудағы мақсатым - Сізге байланысты бір іс істегеніме кешірім сұрау. троицк училишесінің меңгерушісі Воскобойников хат жазған сайын мектеп үйінің қолайсыздығын айтып, маған шағым етумен болды, қай жағынан болсада мектеп үйі шынындада қолайсыз екен екі кластық училишені кішкентай ауыз үйі ғана бар бір бөлмеге орналастыру мүмкін бе, былайша айтқанда, пәтер үй жалдап алуға босатылған 300 сомға Троицкіден барлық жағдайы бар ең жақсы үйді таңдап алуға болмас па еді? Жаман үйді жақсы үйге ауыстыруға мүмкіншілік болып тұрғанда, оқушыларды үйшікте, мұғалімдерді ауыз үйде ұстау лайық па? Қарғыс атқыр жеке бастың мүддесі осы сияқты қоғамдық іске де кірісті, мұндай тәртіптің іске асуының себебі -әлгі айтқан үйшік уезд бастығының меншігіне қарайтын көрінеді, сондықтанмектеп сол үйшік Троицкідегі жақсы үйлермен барабар пәтер ақы төлейді екен. Мен не істерге білмегендігімді мойындаймын, өйткені, бір дағынан, жеке бастың мүддесіне бола, барлық әділетсіздіктен тысқары, мектепке азда болса, адам тұрарлықтай үйде тұруына кедергі жасау былай тұрсын, тіпті оқу ісімен балалардың тәрбиесіне де зиянын тигізетін осындай шарсыздықта қалдыру, екінші жағынан, келешекте мектеп ісін жақсату көпшілік жағдайда уезд бастығына байланысты болғандықтан, оны ашуландырып алу қаупі болды. Дегенмен, қаншалықты қиналсамда, ақырында, Воскобойниковтың орынды талабына құлақ аспауға болмады, сондықтанда «Округтық инспектор да Троицкідегі мектеп үйін қолайсыз деп тапты», -деп С-вқа қағаз жаздым. Міне, менің кешірім сұрап отырғанымда осы сөздерім үшін, өйткені ол сөздерім С-пен сізді қолайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін.

Мұғалім солай деп отыр деп көрсетем, онда мұғалім мен уезд бастығының арасында егес туарда, мектеп ісінің нашарлауына әкеп соғар және істі алға бастыру үшін менің де онымен жақсы қарым-қатынаста болуым керек қой деп ойладым да, Тройцкідегі училище үйінің қолайсыздығы жөнінде оқу бастығының жалпы қорытындысы ретінде сипаттама беруді керек деп таптым.

Бұл жерде мен біраз айла қолданңаныммен, бір жағынан, шындықта ғой. Қырғыздарда «Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді» деген мақал бар, міне мен де осы мақал бойынша істедім. Сірә, менің қазағым С-ты мазалаған болу керек, оның жақындары мектепті үйшік сияқты кішкентай бөлмесіне қайтадан көшіруді сұрап жүр, ал мен: оқу ісін басқарушылар алдымен мектеп үйінің қолайлы болу қамын ойлауды талап етеді, мұнысыз балаларға саналы білім беру де, дұрыс тәрбиелеуде мүмкін емес деп сыпайы түрде бас тарттым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менің өмірлік жоспарым
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Ыбырай Алтынсаринге дейінгі өлкедегі халық ағарту ісінің жайы
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
М. Әуезовтің Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру жолындағы ізденістері
М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Алтынсариннің кезінде салынған екі класты орыс - қазак мектебі үйінің планы
Үлкендерге арналған әңгімелер
Ыбырай жолы несімен құнды
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz