Татар тілі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған хрестоматиясына енген материалдарға зер сала қарасақ, оның балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылған ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қонымдылығы мен көркемдік әсерлігі есепке алынады. Сондай-ақ, осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз нұсқаларын таңдап талғап енгізу де нәтижесіз болған жоқ.

Ыбырай жастарды оқу-білім өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңдіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:

«Бір құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанда көңілге

Ықыласпен тоқылық!»-

деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу- білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген «Бір, құдайға сйынып, Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама-қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол білімділік пен надандықтың ара жігін ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылықты қатар, жарыстыра алып сйпаттайды. Осы орайда ақын алының оқудың пайдасын жарыққа балап:

«Оқысаңыз баллалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!»-

десе, надандықтың мән-жайын дейді.

Автор өзі үндеп отырған оқу білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына үлкен мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай ыждаһат, сабырлылық қажет екенін ескертеді . Сондай сарыла ізденудің арқасында қол жеткізілген оқудың азбаз, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ақын ойынша оқу- білім мәңгілік, ол жұтамайды, таусылмайды («оқу деген шыны-ды. Тұрған сайын шыныққан, Оқу білген адамдар, Май тамызған қылыштан») . Ал бұған қарама- қайшы тұратын ақын

«Надандықтың белгісі, -

Еш ақылға жарымас.

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны танымас . . .

Жөн білмеген наданға

Қыдыр ата дарымас»-

деп бейнелйді. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу - білімнің өмірдегі орнын, қажеттілігін баса көрсетеді. Осы орайда да Ыбырай бала жүрегіне жақын ата- ананың ертеңгі күнін көлденең тарта сөйлейді.

«Әлпештеген ата-ене

Қартаятын күн болар.

Қартайғанда жабысып

Мал таятын күн болар.

Ата-енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу.

Қартайғанда мал тайса,

Сүйеу болар бұл оқу ! »

дейді.

Әдебиетімізде бұған дейін оқу білім, өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы «Кел, балалар оқылық» өлеңінің мән -маңызы ашылып айқындала түседі. Ал ақынның осыған жалғас екінші «Өнер- білім бар жұрттар » атты өлеңін бастан аяқтың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымында жоқ техника тетіктері мен құрал- жабдықтарының іс-әрекет, қозғалысы мен адамға көрсетер қызметін суреттейді. Шынында, құлақ есітіп, көз көрмеген паровоз, пароход, радио, телеграф, телефон, газ, электр, самолет, т. б. секілді техника құрал - жабдықтарының қызмет - көмегі жас балалар үшін тек қиялдағы дүние секілді болатын-ды. Сондықтан бұларды қазақ балаларына айтып түсіндіру талабында ол ел өмірінде бұрыннан бар жұмбақтау тәсілін ұсынады. Мұның бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдеу қажет бола қоймас. Дегемен, мұның кейбір қырларына зер сала кеткенде артық болмас дейміз.

Автор сол таныс емес техника заттарының іс-әрекеттерін алдымен өз өмірімізде бар нәрселермен теңеу арқылы ұғындырмақ болады. Айталық, ол парвозды «аты жоқ құр арба» деп бейнелесе, ал суда жүзген кемені кәдімгі нән балыққа балайды.

8-9 бет.

Екеуінің де үлгі тұтатыны орыс әдебиеті болғандықтан, бұлардың көркемдік тәсәлдерінде көптеген үндестік, ұқсастықтар б олуы да заңды. Жоғарыда М Әуезов атап көрсеткен бірлік пен таңдырластық сыры кейбір шығармалардан, анығырақ айтсақ олардың таби ғат лирикаларынан айқын анғарылады. Дәл осындай өзара астасқан үндестікке көз жеткізу үшін, Ыбырайдың «Жазы» мен Абайдың «жазғытұры» деген өлеңдерінен бір үзінді келтіріп салыстырсақ та жеткілікті дер едік. Мәселен, Ыбырайдың өлеңінде

«Кеш болса күн қонады таудан асып,

Шаппаққа қызыл алтын нұрын шашып.

Аһ ұрып шүкірлікпен құшақтасар

Рхатпен кеш уақытында неше асық

Боз үйден таң алдында күйеу шыққса,

Артынан қарар жары жүзін басып

Адами зат сайран етер көңілі жай,

Секіріп ойын салар құлын мен тай

Қой маңырап сиыр мөңіреп шат болады,

Тасиды күркіресіп өзен мен сай»-

деп келетін шағын сурет Абайдығ аталған жырында

«Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, махын басып,

Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,

Көбелек пен құстарда сайда ду-ду,

Гүл мен ағаш майыфсып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су»-

Деп, ұқсас сарында сипатталатыны бар, алайда бұл, әрине, бірінінің шығармасын бірі білгендіктен емес, қайта көшпенді өмірдің қайталанатын көріністерінен туған үндестік, бірлік.

Ы. Алтынсаринның келесі «Өзен» атты өлеңі маужыраған әсем табиғат көріністерін жанды сурет арқылы көз алдына әкелгендей болады. Таулардан арқырай аөққан өзеннің салқын суы жер бетін құлпыртып, адам мен жан- жануарға, өсімдік пен ағаштарға нәр- қуат береді. Сөйтіп, ақын тасыған өзеннің жұртқа шексіз байлық, ырзық, рахат алып келетінін, судың таусылмас өмір көзі екенін нақты сипаттайды.

«Көңілдің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рахат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары

Шуылдап желмен бірге бас ұрады. »

Ы. Алтынсарин алғаш әдебиетімізде проза жанрының да негізін қалады. Балаларға арнап жазылған бұл әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып сол Хрестоматиясына енгізеді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікпен бауырмалдыққа, адал еңбекпен әділдікке, әдептілікпен сабырлыққа зейінділікпен білімді еркін игеруге шақырды. Ыбырай прозасының басты ерекшелігі неде дегенде мынаны айтуға тиіспіз. Қазақ халқының мәдени әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын жастардың өсіп жетілуіне қажетті үлес қосу еді. Сол тұста бізде балаларға жүйелі білім беретін оқулықтар былай тұрсын ғылыми педагогикалық еңбектерде жоқтың қасы еді. Бүкіл ел- жұрт, кәрі мен жас ақындар мен жыраулардың жырларындағы нақыл- насиқатпен, халықтық- ауыз екі педагогикамен ғана қанағаттанып келді. Сондықтан Ыбырай Хрестоматиясына енген өлең, әңгімелері арқылы балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, ғылымға негізделген оқулықтар жасады. Мұндағы әр алуан тақырыпты қамтитын әңгімелер де сол талапқа орай көлемі шағын болып құрылып, тәрбиелік мақсатқа қызмет етті. Ұлы ағартушы өз хрестоматиясының түзілім- міндеті туралы Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында былай дейді « қазақ балаларына, меніңше, мағыналы анегдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жібек құртының, көбелектерінің өзгерулері сияқты әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен мүмкін болғанынша өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын. Екінші кітабымды мен балаларға қызықты етіп табиғат құрылыстары, табиғат күштері туралы, тарих және географиялық- ғылыми әңгімелер келтірмекпін » Бұдан тұңғыш ұстаздың шәкірттерге ғылымның әр саласынан тыңғылықты білім беретін пәндік оқуды енгізуді ойластырғанын көреміз.

Ыбырай әнгімелерінің негізгі түиіні жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез құлыққа тәрбиелеу болып келеді ол ел-жұрттқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп күн көретін отырықшылыққа шақырды. Өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салды. Бұл тұста біз оның «Қыпшақ Сейітқұл», »Киіз үй мен ағаш үй» секілді шығармаларын атай аламыз.

«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұтпен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраға отыз үйлі тобының басшысы Сейітқұлдың ақылдылығымен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Сөйтіп адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер .

14-15 бет.

«Мұғалім баллалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмаған үшін өзін-өзі кінәлауға тйіс. Мұғалім баллалармен сөйлескенде ашуланбай күйгіліктенбей сабырлықпен сөйлесуі тиіс. Әрбір затты ықыласымен, шұбаланқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан қарапайым тілмен түсіндіру керек.

Алтынсаринның пікірінше, педагогикалық жұмыста барлық іс мұғалімнің оқытудың ең жақсы тәсілдерін табуында, баллалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Бүкіл жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа тұрпаттағы мектеп оқыушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, еңбекке және ой жұмысына үйретуге тиіс, олардың білімге және орыс тілі білуге ынтасын мейінше арттыруға тиіс.

Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарының есігі ашылуы, орыстың бай мәдениеті мен ғылымын менгеру орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін болатын нәрсе еді. Осындай пікірді Алтынсаринда А Құнанбайевта айтты.

Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училичелерде сабақтың екі тілде жүруін ұсынды. Оқыту жылдарының бәрінің де оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілімен қатар қазақ тілі де үйретілуге тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту ісінде орысшаны қазақшаға, қазақшаны орысшаға аударуду түрін қазақ тілінің құралы етіп пайдалануға тиіс.

Мұғалім Балғынбаев жолдас ( кейін Торғай обылысындағы қазақ мектептерінің инспекторы) Алтынсарин туралы естеліктерінде былай деп жазады «ол мұғалімдерге татар тілінен ешбір кем түспейтін сондай бай, өткір ана тілін елемеуді кою керек деп ақыл айтатын. Ол қазақ сөздерінің мақалдарының, жұмбақтары мен ертектерінің өткірлігін, шеберлігін өрістетіп, менгеру керек дейтін.

Алтынсаринның ана тілін қолдануды барынша жақтауы, мектепте ана тілін пайдалану жөніндегі бұл талаптары кейінен жоққа шығарылды, мектептер мен интернаттарда ана тілін де сөйлегені үшін оқушылар қатты жазаға ұшырады, мектептерде ана тілі және Алтынсаринның хрестоматиясы қолданудан шығарылды.

Оның жеке ескертулері бізді мынадай қорытынды жасауға итермелейді. Ана тілінде сөйлеу сауаттану, өзге тілді үйренудің қиыншылықтарымен салыстырғанда оқушы үшін едәуір жеңіл, оңай міндет. Сонымен, қатар көбінесе орыс-қазақ мектептеріне сегіз жастан емес, едәуір кешірек, кейде 15-17 жастағылар түсетінін, оның бер жағында кейбір оқушылардың мкетепте сауатты болып келетінін ескерген жөн.

Алтынсариннің мектебінде ана тілінде білім алу, тәрбие беру маңызды болды, ана тілін үйрету неғұрлым жоғары дәрежеде басталды. Балаларға неғұрлым түсінікті заттарды таныстыру, бұл заттар туралы жеңіл-желпі түсініктерді пайдалану қажет болған жоқ. Алтынсариннің оқу құралы неғұрлым қиын мазмұнды суреттеуден және баяндаудан басталады.

Балаларға ана тілінде оқу үшін қарапайым, қызықты, көңілді әнгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып, Алтынсарин балаларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсаринның хрестоматиясы оның зор шеберлігіне әнгімелердің қызықтылығына тақырыптарының байлығына және жанрлардың әралуан болуына негізделген. Оның табысты болуы да осыдан.

138-139 бет

Балаларға ана тілін оқытуда Алтынсарин кей кезде Л. Н. Толстойдың методикалык көз қарасын ұсыпады. Сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудәің даярлық сатысында ұзақ уақыт кідіруді қажет деп санамады. Мұндай даярлық оқушыларды «оқушылардың өзі ең жақсы тәсілді тапсын» дейтін әдетке үйреткен болар еді.

Әлбетте, балалардың рухани күшімен мүмкіншілігіне былай асыра баға беруге келісуге болмайды, өйткені мұның өзі ана тілін үйретуге жаттығуда оның граматикалық формаларын саналықпен меңгеру системасыздыққа әкеп соғар еді. «Тіл сезімін» дамыту, ана тілінде оқушылар мектепте өткенін сөздер мен сөйлемдердің қорын молайту, күмән жоқ, мұғалімнің басшылығымен сабақ пен жаттығудың әбден ойланған системасын керек етеді.

Орыс тілін оқытудың «аудармалық әдісін», Алтынсарин жасаған оқыту жүйесіндегі негізгі әдіс ретінде, оқушыларға ана тілін ауыз екі және жазба түрде мінсіз меңгеру талабын қояды. Оқушы ана тіліндеде, орыс тіліндеде ойлай білетін болуға тиіс. Сөздік міндетті оқу құралы болвп табылады, өйткені тіл жөнінде оқу материалын тиісінше іріктеп алатын қазақ граматикасы бұл кезде мүлдем болған жоқ еді. Бұл арада сол замандағы мекткптерде оқушылардың шариғат (дін) негіздерін өтуге мәжбүр болғанын, соған байланыстыарап жазуын меңгеруге міндетті болатынын, бірақ мұның өзі мұғалімнің міндетіне нгізәілмегенін айта кетуіміз керек.

Алтынсарин мектептегі оқытуды рыс графикасы негізіндегі жаңа алфабитті (әліппені) тұңғыш рет қолданды. Бірақ жаңа алфавитқа көшудің табысты болуы, оның пікірінше, бұл алфавит нағыз бұхаралық баспа сөзде- халыққа арналған түсінікті ғылыми кітаптардың және мектепке арналған оқу құралдарының қаруы болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін еді.

Сол заманның жағдайында қазақ мектебіндегі орыс тілінің рөлі туралы мәселе жөнінде Алтынсарин бірден- бір дұрыс жолға түсті- дәл осындай жолға өзінің замандастары, грузин, армиян, татар, чуваш мектептерінің алдыңғы қатарлы қайраткерлері де түскен болдатын. Бұл мәселе жөнінде Ушинский және балалардың ана тілін қатты қаділейтін алдыңғы қатарлы орыс қайраткерлерінің бәрі дәл осындай көзқарста болған еді.

«Орыс тілі» деген кітап дұрыс приципте құрылған «оқушылар бәрінен бұрын орыс сөздерінің формасында маңайындағы заттарды, олардың жағдайын, өздерінің үй тұрмысын, білім өрісін, қиялының, ақыл ойының мазмұнын- бір сөзбен айтқанда, өздеріне жақын сыртқы ақиқатты біліп дағдылануға тиіс»

Осы сияқты методиаклық пікірлерді Алтынсариннің сөздерінен де табамыз. Орыс тілі сабағының қасиеті, Алтынсариннің пікірінше, мынадай, оқушы ешқандай ауыртпалықты сезбестен, саналықпен жаңа сөздерді жинап, өз ақылын жаңа біліммен байытатын болуы керек. Алтынсарин мұғалімдерден методикалық шеберлікті талапр етеді, тәжірибе сабақтары және түсіндіріп оқу сияқты тәсілдермен әдістерді қолдануды талап етеді.

Орыс тілін алғашқы оқытудың методикасы Алтынсаринның «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралында» айтылған (ол Орынбор қаласында 1879 жылы асылып шыққан) . Мұғалімдерге арналған осы уақытқа дейін өзінің құның жоймаған, Алтынсарин құрастырған бұл құралдағы негізгі методикалық нұсқауларды мысалға келтірейік.

140-141 бет

«Орыстың бір сөзін білмейтін қырғыз балалары орыса мектептеріне түскенде оқытушылар әдетте оларға орыс тілін үйретуді неден және қалай бастау жөнінде қиыншылыққа ұшырайды.

Өзінің ана тілін білетін орыс балаларына арнап жазылған нұсқауды, әрине, бұл тілді білмейтіндер үшін қолдануға болмайды, сол себепті және лайықты оқу құралы болмағандықтан мұғалімдер мектепке жаңа түскен оқушыларға арнап не қолжазба сөздік жасайды, немесе оларға тура орыс кітаптарын қытып қояды ».

Оқушылар осы оқу құралды өткеннен кейін қазақ тілінен орыс тіліне аударып жазуды әрбір оқушының әзірлігіне сәйкес, оқу құралдың ақырында берілген үлгілерге лайық ұдайы жүргізе беруді ұсынамын.

Мұның үстіне осындай аударма үшін мен жасаіан «Қырғыз хрестоматиясы» өте жарамды болады, өйткеені бұл хрестоматия осы оқу құралдың жалғасы болуға тиіс. Іс жүзінде ауыз екі сөйлесу болмайынша, әрине, қандай тілде болса да емін- еркін сөйлеуді үйрену мүмкін емес, бірақ бөтен тілде ойланып сөйлей білуді үйрену, ү. йренгенде тез арада біліп кету біздің пікірімізше, жоғарыда айтылған әдіс бойынша ғана мүмкін болады.

«Оқу құралы бойынша оқытқанда, -деп жазады Алтынсарин өзінің мұғалімдерге берген нұсқауларымен кеңестерінде, - баллалар берілген сабақты грамматикалық негізге ережелерді, қазақ тілін ережелеріне ұқсас мысалдар мен теңеулер арқылы неғұрлым оңай сөздермен түсіндірілетін грамматикалық негізгі ережелерге үлгірмейінше алға кетпеу керек, орыс сөздерін айттқанда оқушы бұл сөздерді мықтап және дұрыстап айтпайынша оның соынан қалмау керек. Таза жазуда оларды анық жазуғ, әріптердің түрін дұрыс түсәруге дағдылануды үйретеміз, белгілі әріптің түрін жақсылап жазбайынша оқушыны ешбір алға жібермейміз.

Қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған дербес оқу құралды жасай отырып Алтынсарин «кітап» бойынщша қалай болса солай үйретуді- оқу кітабы бойынша жаттауды керек деп санамайды. Орыс тілін алғаш үйрету оныңт пікірінше, дұрыс сөйлей білуді, керекті сөз запастарын жинақтауды қамтамасыз ететін қызықты әңгіме айту, сөйлесу сабақтарынан құралуға тиіс. Оқушы белгілі мөлшерде сөйлеу материалын меңгеріп, орыс сөздерінің ерекшеліктерін айыра білуі тиіс.

Дәл осындай алдын ала әзірлік жасалғаннан кейін ғана әліппиге көшуге болады. Істі осылай жүргізу оқытушыға екігнші сатыны жеңілдетелді- пәнді оқытудың, түсіндіріп оқып берудің методикалық тәсілдерін пайдалануға, барлық оқу просецінің көрнекі және саналы борлуын қамтамасыз етуіге зор мүмкіншілік береді.

Қазақұ балаларының орыс тілін үйренуі туралы мәселе жөнінде Алтынсаринның методикалық идеялары тыңдауға дағдыландырылды (есіткенді аңғаруды), есіткендідұрыс айтып бере білуді, дыбыс шығарудағы, сөйлем мүшелерінің қызметін (артикулясия) қамтамасыз етуді бірінші орынға қояды.

142-143 бет

Грамматикалық ережелерді (азы- өзінің оқу құралында айтылған бастауы ережелер мөлшерінде) теориялық жағынан ұсыну керек емес, оларды ана тілімен салыстыруға кеңінен пайдалануға тиіс.

Қазақ балаларына орыс тілін оқытудың методикасы революсияға дейінгі орыс қазақ мектебінің практикасында орасан зор көңіл бөлерлік нәрсе болғаны даусыз. Ал Алтынсарин ұсынғандай, сөйлеуге үйретудің жазуға жаттықтырудың тәсілдері орыс тілінің грамматикасын үйренудің әдістері көбінесе К. Д. Ушинскийдың көздіде, қолдыда, құлақтыда, ттілдіде, зейіндіде уйрету керек, баланың барлық қабілетін арттырып, оның дербестігін күшейту керек деген методикалық нұсқауларына ұқсайды.

Революиға дейінгі мектептің практикасы орыстар оқымайтын мектептерде орыс тілін оқытудың әр алуан системаларын жасады.

Алтынсаринның методикалык цистемасында орыс тілі сабағын түсіндіру үшін ана тілін пайдалану- ана тілін оқыту болып табылмайды. Ана тілінде ауыз екі және жазба түрде жаттығуды, хрестоматиядан материялдар оқуды ол өз бетімен істейтін жұмыс ретінде кіргізді, бірақ орыс тілі сабағына қосымша құрал еткен жоқ.

Алтынсаринның жүйесіндегі аударма әдәсі сөйлеудің алғашқы даму сатысында ғана үлкен орын алды. Екінші және үшәншә сатыда табиғи әдіс басым болдды. Бұл әдісті қолдану орыс әліппесін және оқитын алғашқы кітаптарды пайдалануға маңайдағы заттар мен құбылыстар туралы оқушылармен әңгіме өткізуге тиісінше жол ашады.

1880-1883 жылдары орысқазақ мектептерінде Бунаковтың оқу кітаптары («мектепте және үйде оқуға арналған әліппемен кітап ») неғұрлым ойдағыдай пайдалан. ылды. 1881 жылғы есебінде Алтынсарин былай деп жазды . «мұғалімдермен бірге оқу кітаптарын қарап шықтық, екі кластық училишелердің бірінші кластарында Н. Бунаковтың оқуға арналған әліппесімен кітабы бойынша сабақ өткізуді қолайлы деген қорытындыға келдік, осындай жалпы пәкірге сәйкес Бунаковтың кітаптарын керекті мөлшерде жаздырып алдырғалы отырмын»

Орыстың алдынғы қатарлы халықтық мектебінің үлгісі бойыша қазақ мектебін құрға тырысып, Алтынсарин ұсынылған құралдардың қасиеттеріне немесе кемшіліктеріне сын көзбен қарады, өзінің күнделікті жұмысында мұғалімдер қолданылған оқытудың тәсілдері мен әдістерін тексеріп отырды. Онығ дидактикалық нұсқаулары заттарға қалай болса солай қарайтын, баланығ ақылын мұқалтатын формалдық әдісті жоюға бағытталған. Ол мәселен сандарды үйрету әдісіне нық дұрыс баға беріп мұғалімдерге бұл әдіске тым беріліп кетпеуді ұсынады.

144-145 бет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Татар халқының мәдениеті, тілі
Татардың дәстүрлі киімдері
Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар жайлы
«Оңтүстік Қазақстандағы татарлардың арасындағы этнотілдік үрдістер»
Татар ұлтының материалдық және рухани мәдениеті
Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz