Өзін - өзі танудың сапалық өзгерістері жасөспірімдік кезеңде тануының өзгерісін зерттеу


ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі танудың қалыптасуы мәселесі осы кезеңде мұндай көпфакторлы, көпжоспарлы процестің жаңа деңгейімен жаңа сипатқа ие болуына байланысты ерекше маңызды. Ол жасөспірімдердің қабілеттері мен индивидуалдық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл тіршілік әрекетін жүйелі түрде мақсатқа бағыттап, ұйымдастыруға да байланысты анықталады. Жасөспірімдердің өзіне-өзі жауапкершілік түсінігінің артуы, олардың өзін-өзі тануының сипатты белгілерінің бірі. «Өзін-өзі ересектерге ұқсатқысы келетін жеткіншекке қарағанда, жасөспірім өзін-өзі шынайы ересек ретінде түсінуге тырысады» және«Мен қандай ересекпін?»деген сұраққа жауап іздейді.
Жасөспірімдік шақта өзін-өзі тану жаңа сипатқа ие болады, яғни «Мен» бейнесінің қалыптасуы кезінде зейін өз жеке тұлғасын бағалауға аударылады: «Мен қандаймын» және өзін-өзі танудың дамуы жасөспірімдердің өзіне, өз мінез-құлқына, өзінің істері мен іс-әрекеттеріне жауапкершілігінің артуымен анықталатындықтан, осы процеске ықпал ететін тәрбиелік шаралар ерекше мәнге ие бола бастайды.
Жасөспірімдік шақта «өзін-өзі табуға» ұмтылу алдыңғы қатарға шығады. Бұл «өзін-өзі табу», «үнемі принципке сүйеніп отыру», басқа түскен қиындықты жеңу кезінде кейде ересектердің пікірі мен кеңестеріне де қарамай «тәуелсіз» болу сияқты түсіндіріледі.
Осыған орай Е. А. Щумилин былай деп жазады: «Мақсатты анықтап алып, оған жетуде кездескен бөгеттер мен қиындықтарды жеңу керек, сонда ғана сен «өзіңді-өзің табасың»-жасөспірімдер жалпы осылай өздерінің өмірлік ұстанымдарын анықтайды».
Жасөспірімдер айналасында болып жатқан оқиғалардан тыс қалғысы келмейді. Оларға «басқалардан қалып қалмау», «өмірдің мәнін сезіну» және т. б. маңызды.
Ересектердің жұмыс жасау атмосферасында өмір сүре отырып, және ересектік кезеңге бір қадамдары ғана қала тұра, жасөспірімдер қоғамдық жұмыстарға ұмтылады. Олар үшін қоғамдық жұмыс тәжірибе және өзін-өзі анықтауға мүмкіндік. Жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы жұмыстарға жұмылдыру әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық міндет. Сөзіміз дәлелді болу үшін П. Я. Ярмоленконың өндірістік тәжірибесі бар және мұндай практикадан өтпеген жоғарғы сынып оқушыларын салыстыру мақсатымен жүргізілген зерттеу жұмысын келтірейік. Арнайы бақылаудың нәтижесі көрсеткендей өндірістік ұжым жағдайында жоғарғы сынып оқушылары өз күшіне деген сенімсіздікті, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар алдындағы қорқынышты жеңеді, өзінің халыққа қажеттілігін сезінеді. Олардың өнегелілік идеалдары мен түсініктері, өмірдегі талпыныстары мен жеке өмірін жоспарлауы өмірдің талаптары мен қоғамдағы өз орнын тереңінен түсінуге қарай өзгереді. Осының барлығы зерттеушіге жоғарғы сынып оқушыларының қоры туралы мүмкіндік берді.
Идеал Менге ұмтылу жасөспірімдерде жоғарғы мотивтер мен сезімдерді, ерлік жасауға ұмтылуға тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер туғызады. Жоғарғы сынып оқушыларында қоғам өміріндегі өз орны туралы түсініктері, өзін тұлға ретінде тану белсенді түрде қалыптасады, бұл өз кезегінде өзін-өзі танудың жоғарғы деңгейін құрайды.
П. Я. Ярмоленконың пайымдауынша, жасөспірімдерде өзін-өзі танудың қалыптасуының негізгі шарттары олардың қоғамдық өмірдегі, мектептегі, жанұядағы орнының өзгеруі, қоғамдық пайдалы және еңбек әрекетіне жұмылдыра бастау және осыған байланысты оларға тәуелсіздікке жол ашу. Жасөспірімдер өз кезегінде, жеткіншектерге қарағанда өздерінің қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін сезіне отырып, пайдаға жарамды болуға тырысады. Осының барлығы жасөспірімдерде өмірлік бағытының қалыптасуының негізі болып табылады.
И. С. Конның пікірінше, жасөспірімдік кезең өзін-өзі танудың ең негізгі кезеңі болып табылады. «Жасөспірімдік кезеңде адам алғаш рет өзі туралы шыңдап ойлана бастайды және өзін-өзі тануға ұмтылады».
Көптеген авторлардың пікірінше, жасөспірімдік кезеңде тұлға өзін-өзі іс әрекет және қарым-қатынас субъектісі ретінде таниды. Жасөспірімдер өзін іс әрекет субъектісі ретінде тани отырып, олар өздерінің өмірдегі орнын да таниды. Осыған орай, И. С. Кон былай деп жазады: «Жасөспірімдер өзі туралы мен кіммін? деген сұрақты қоя отырып, ол тек өзінің жеке қасиеттері мен қоғамдағы орнын сипаттап беруді ғана талап етпейді, ол сонымен қатар мен кім бола аламын, менің мүмкіндіктерім мен перспективаларым қандай, осы өмірде мен не істедім және не істеуім керек? деген сұрақтарға жауап іздейді. Ал бұл сұрақтарға адамның іс - әрекетіне қатыссыз объективті түрде жауап беру мүмкін емес».
Жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі танудағы қызмет іс-әрекеттің жетекші түрін анықтау өзін-өзі анықтау процесінің ішкі жағдайы болып табылдаы. Осыған орай жасөспірімдік шақта оқу-кәсіби іс -әрекет барысында жүзеге асатын қоғамның кінәлылықтарын меңгерумен байланысты болатын іс-әрекеттің ерекше түрі жетекші болады. Кеңес психологиясында жасөспірімдердің өзін-өзі тануы олардың коғамдық қатынастар жүйесіндегі өз орнын белсенді түрде анықтауы ретінде түсіндіріледі. Л. И. Божович, И, С. Кон осы құбылыстардың негізгі белгісі ретінде жасөспірімдердің ересек адамдардың ішкі позициясын ұстануға, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінуге, өзінің өмірдегі орнын анықтауға, яғни өзін және өз мүмкіндіктерін тануға қажеттілігін көрсетеді.
Л. И. Божовичтің пікірінше, жоғарғы сынып оқушыларында оқу іс-әрекеті жетекші болып табылады.
И. С. Конның психикалық дамуды кезеңдерге бөлуінде жасөспірімдік шақта құнды - бағдарлау іс-әрекеті жетекші болып табылады.
М. С. Каганның пайымдауынша, жасөспірімдерге жоғарғы доминантаның өзгеруі тән, алдыңғы қатарға сананың құнды-бағдарлық іс-әрекеті, өмірдің мәнін іздеу және барлық өнегелік, саяси, эстетикалық идеалардың өздігінен анықтау шығады.
В. В. Давыдов жасөспірімдердің жетекші іс-әрекетіне қатысты келесідей пайымдау жазады: «Оқу - кәсіби іс-әрекет процесінде жоғарғы сынып оқушыларында белгілі бір танымдық және кәсіби қызығушылықтары пайда болады, зерттеу білігінің элементтері, өмірлік жоспарларды құруға және өнегелік идеаларды өңдеп шығаруға қабілеттері пайда болады».
Жасөспірімдік шақта баланың ересектермен өзара қарым-қатынасының күрделене түсуіне байланысты, өзін-өзі тану жаңа қасиеттерге ие болады және сапалы өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірімдік кезеңде бұл өзгерістерді С. Л. Рубинштейн былай деп түсіндіреді: Жасөспірімдік кезеңге қарай өзін-өзі танудың дамуы бірнеше сатылардан өтеді, «аңғырт хабарсыздықтан тереңірек өзін-өзі тануға қарай өзгере бастайды». Өзін-өзі танудың сапалық өзгерістері жасөспірімдік кезеңде тануының өзгерісін зерттеу. Ол үшін төмендегідей әдістемелер талданып, таңдап алынады:
- А. И. Краcилоның «Өзін-өзі тану дегеніміз не?» тест-сауалнамасы;
-тұлғаның 20 қасиетін ранжирлеуге негізделген өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі (С. А. Будасси әдістемесінің модификацияланған нұсқасы) ;
-Б. Лонг, Р. Зиллер, Р. Хендерсон өңдеген ««Әлеуметтік Менді» анықтауға символикалық тапсырмалар» проективті әдістемесі.
Зерттеу жұмысын жүргізу үшін сыналушылардың екі тобы құрылды: бақыланушы және эксперименталды топ. Зерттеу жұмысына Алматы қаласының № 140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары мен Абай атындағы Қақ¥Пу-дың филология факультетінің 1-курс студенттері қатысты.
Жүргізілген эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижесінде біз келесідей нәтижелер алдық:
1. Оқу процесінде жас ерекшелік факторының ықпалына байланысты 2 топтың өзін-өзі тану қабілеттерінде мәнді айырмашылық болады:
•11 - сынып оқушылары тәжірибеге көп жақын, олардың ойынша, оларда өзін-өзі тануды қажет ететін терең психологиялық мәселелер жоқ, сондықтан оларда өзін-өзі талдау тәжірибесі жоқ. Олар ішкі қайшылықтарды сыртқы себептер мен конфликтлердің нәтижесі ретінде қабылдайды, сондықтан практикалық іс-әрекеттегі жетістіктеріне қарамастан, тұлғалық сәтсіздіктерге жиі ұшырайды, мазмұн жағынан қарама-қарсы өмірлік құндылықтарды шатастырады.
1 - курс студенттерін «Адам жанының білгірі» ретінде санауға негіз бар және олар жалпы адамдарды, соның ішінде өзін-өзі танылады.
2. Жас ерекшелік факторының ықпалына байланысты оқу процесі барысында екі топтың өзін-өзі бағалауында айырмашылық болады:
•11 - сынып оқушыларының орта есеппен алғанда өзін-өзі бағалау деңгейі төмен болып шықты.
• 1 - курс студенттерінің өзін-өзі бағалауы салыстырмалы түрде жоғары деңгейді көрсетті.
3. Жас ерекшеліктеріне байланысты жасөспірімдердің әлеуметтік Менінде мәнді айырмашылық болады. Яғни әлеуметтік Менді анықтау әдістемеге сәйкес 6 пункт бойынша жүргізіледі: өзін-өзі, Мен күші, индивидуация, әлеуметтік ынталылық, идентификация, згоцентризм.
Нәтижесінде:
• 11 - сынып оқушыларының орта есеппен алғанда, өзін-өзі бағалаулары біздің осының алдында өзін-өзі бағалауға жүргізген әдістемеден алынған нәтижелерді дәлелдей және бекіте түсті, яғни өзін-өзі бағалаулары төмен, Мен күші әлсіздеу, ата-аналарының ықпалына әлі де болса тәуелді, өздерін өзгелерден ерекшеленбейтін, өзгелерге ұқсас ретінде және топтан бөлінбейтін, соның бір мүшесі ретінде таниды. Ата-аналарына көп ұқсағысы келеді. Эгоцентризм жоқ.
•1 - курс студенттерінің орта есеппен алғанда, өзін-өзі бағалаулары жоғарғы, Мен күші басымырақ, жоғарғы достары шығады, ата - аналарын өздерімен теңестіреді, өздерін өзгелерден ерекшеленетін адам ретінде таниды, топтан өздерін бөледі, бірақ топтың бір бөлшегі ретінде таниды, ұстаздарына ұқсағысы келеді. Бұл біздің ойымызша, 1 - курс студенттерінің кәсіби мамандықтарына байланысты оқу процесінде ұстаздарына еліктеуден туады. Эгоцентризм көрініс табады.
Сонымен, 11 - сынып оқушыларына қарағанда 1 - курс студенттерінің өзін-өзі тануы ішкі әлеміне, өзіне бағытталады. Керісінше 11 - сынып оқушыларында өзін-өзі тануға терең психологиялық қажеттілік жоқ.
Біздің ойымызша, 1 - курс студенттерінің өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарының артуы іс-әрекеттің күрделенуіне және қарым-қатынас шеңберінің кеңейе түсуіне байланысты болады.
Соншалықты үлкен және мәнді, сондықтан кеңес психологтары жасөспірімдік шақтың ерекшеліктерін суреттей отырып, осы кезеңнің басты өзгерісі ретінде өзін-өзі танудың дамуын есептейді.
И. С. Кон жасөспірімдер өздерін басқалармен салыстыру барысында ғана тани алады деп есептеді. Оның пікірінше, жасөспірімдердің өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарының артуы, олардың іс-әрекетінің күрделенуі мен оларға «ықпал ететін басқалар», яғни өзінің жүріс-тұрысы мен өзін-өзі бағалауында еліктейтін адамдар мен топтар санының өсуіне байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz