Табиғат қорғаудан сынып жұмыстары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Химия, биология және география кафедрасы
Күндізгі оқу бөлімі
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:
Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиетті дамытудағы
биология пәнінің рөлі
Орындаушы: 0303 химия және биология мамандығының
4 курс
студенті Ғазизова Бақытты Серікқызы
Ғылыми жетекшісі: г.ғ.к., доцент АрМПИ, ХАА толық
мүшесі Аяпбекова Ә.Е.
Қорғауға жіберуге растаймын химия, биология және география кафедра
меңгерушісі г.ғ.к., доцент АрМПИ, ХАА толық мүшесі: Аяпбекова Ә.Е.
Қорғауға жіберуге растаймын күндізгі оқу бөлімінің деканы п.ғ.к., АрМПИ
доценті, АрМПИ доцент, ХАА толық мүшесі: Баймадиева
Ғ.Ә.
Арқалық 2005.
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
І. Адам мен табиғат ортасының байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-9
1.1. Басты мақсат-табиғат заңдарын меңгеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-12
1.2. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні мен сипаты ... ... ... .13-
18
І.3. Табиғатты қорғауды оқыту және оған
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ..19-22
а) Табиғат қорғауды оқыту
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22 -23
ә) Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғауды
оқыту ... ... ... ... ..23-24
б) Табиғатты қорғаудан сынып
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...24-25
в) Жеке пәндерде табиғат қорғауды
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
г) Абай – табиғат
жыршысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..28-30
ІІ. Оқыту жүйесіндегі адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ..31-32
2.1. Адамгершілік тәрбиесінің мәні мен жалпы сипаты ... ... ... ... ... ..33-35
2.2. Оқу сабақтарында адамгерішілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ...36-41
2.3. Табиғат арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... 42-
45
а) Адамның табиғатсыз күні
жоқ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 9-54
ә) Өсімдіктер әлеміне
саяхат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 55-58
б) Су тіршілік –
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 59-61
в) Табиғатта өткізетін
сабақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
62-65
ІІІ.Тәжірибелік – эксперимент жұмыстарының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... 6 6-69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .70-71
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .72
Кіріспе
Қазіргі кезде дүние жүзінде ғылыми - техникалық жетістіктің қауырт
өсуі зиянды өнеркәсіп қалдықтарын көбейтіп, қоршаған табиғи ортаға және
ондағы тіршілікке көп зиян келтіре бастады. Табиғаттың көптеген
заңдылықтарын білмей оңай олжа табуға бағытталған өндіріс табиғатқа жасаған
қастандықпен тең. Ел Президентінің "Қазақстан -2030" жолдауында "Біздің
табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы
бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай
қалғаны" туралы айтқан. Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын,
табиғатын аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу -
қазіргі өмір талабы.
Туған табиғатты аялап, қорғау оқушының жалпы табиғи ортаның
біртұтастығын түсіне білуінен басталады. Адамзатты қоршаған табиғи орта
(су, топырақ, ауа, өсімдік, жануарлар) биосфераның жай құрам бөліктері
емес, олар бір - біріне тығыз байланысқан біртұтас ғаламшарлық жүйе [31].
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу кешенді жұмыс түрі. Қоршаған ортаны
қорғайтын санамызда салауатты адамзаттар тәрбиелеуге бүкіл оқу тәрбие
мекемелері, саяси ұйымдар, ғылыми орталықтар, оқу орындары, сондай - ақ
әрбір жеке адамдардың біртұтас жұмыла атсалысуы өмір талабына айналады.
Себебі адамдар тарапынан болған зиянды әрекет әлі де жалғасып, табиғи орта
көркемдігі бүлінуде. Табиғатпен мәдени қарым - қатынасты қалыптастыру, адам
экологиясы мәдинетін дамытуға қатысты екенін рухани қазынамызды жасаушылар
қашан да дабыл көтеріп, араша түсіп, тәлім - тәрбие ісі шараларына жол
салып келеді. Жалпы қазақ қаламгерлері өз туындылары арқылы сай - сүйекті
сырқататын табиғи апаттардан қалай құтыламыз, ертеңгі күнге не қалдырамыз
деген мәселелерді шешуді ғана алға тартпай, оның жолы ең алдымен, адам
экологиясын дұрыстауды, туған өлке табиғатына жан- ашыр ұрпақ тәрбиелеуді
жедел қолға алуды үндейді .[32]
Туған өлкемен мәдини қарым - қатынас дүние нанымын
қалыптастырмайынша, табиғат сырына үңіліп, оны түсінетін, сезінетін сана-
сезім дамытпайынша, табиғат пен қарым - қатынас жасауға үйрететін
өркениетті ұстаным бағдарына қызмет ететін іс - шараларды жүргізуге барлық
мектептен тыс әлументтік тәрбие мекемелерін жоспарлы түрде қамтымайынша
табиғатты қорғаудың тек жалған ұран түрінде қала беретінін қаламгер
түсіндірді.Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалу үшін
табиғаттың атқарар қызметі зор. Табиғат бөлшектері жан - жануарлар
дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала,
ми қайнатар құм дала, адамдар ойына сана, бойына күш, қадамына қанат
беретін қайнарлар. Адамдардың экологиялық заңдарын түсінбегенін табиғаттың
өмірінен бейхабарлығынан, тіршілік дүниесі бүліне беретінінен толық белгілі
болды. Қадыр Мырза -Әли ақын жазғандай "Адам таза болмай, табиғаттың таза
болуы мүмкін емес". Ендеше экологиялық тәрбиені баршаның бойына, әсіресе
жас буындарға сіңіру үшін барлық құрылымдар жүйесінде кешенді жұмыстар
жүргізу қажет. Мектептерде жүргізілген экологиялық оқу - тәрбие жұмыстары
жаратылыстану пәндерінде оқылған тақырыптарды тереңдетуге ғана мүдделік
танытпай, жас ұрпақтың табиғат сырын түсінуге бағытталған іздену
жұмыстарына қозғаушы болуы керек. Себебі оқушылардың экологиялық білімі
мен мәдениетін қалыптастыру күрделі үрдіс. Бұл үрдіс табиғат сұлулығын
өздерінше суреттеу, қоршаған орта жағдайы арасындағы байланысты түсіну,
экологиялық мәдениетті орнықтыру сатыларынан тұрады.
Еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет болып өмір
сүру қажеттілігі, ұлттық сана - сезімнің сілкіністі бастан кешіруі, сөйтіп
халқамыздың кешегісі мен бүгінін, ертеңін талдап - таразылау, болашағын
болжамдау ісінің қолға алына бастауы, қоғамдық ғылымдар алдына сан салалы
міндеттер қойып отырғаны мәлім. Ғылыми пікірлерге ден қояр болсақ, ұлттық
тыныс - тіршілігіміздей маңызды мәселелердің бірі- "жан - жақты мәдениетті
тұлғаны тәрбиелеу". Ал "жан- жақты мәдениетті тұлға"деген түсініктің
ауқымын мейлінше зор. Аталмыш тұлғаның жан - жақты мәдениетті екені тек
оның тарихи танымының пайдалылығы мен өлшенеді десек, осы бір талап
тұғырнамасының байыпты бабы, сындарлы саласы оның экологиялық білімі.
Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарас, осы аялай білуге құштарлық жан -
жақты мәдениет тұлғаның бойынан табылуы тиіс қасиет. Абай пайымдауындағы
"толық адам" ұғымының да кең мағынадағы қабылдануы осыған саяды. Адам мен
табиғат арасындағы байланыста соншалықты мәнді. Өйткені, табиғат- адам мен
қоғамдық болмыс өмір сүретін орта. Халқымыздың даналық сөздерінде, әдеби
мұраларымыз бен тарихи құндылықтарымызда табиғи ортаны аялау, қорғау сияқты
олардың үнемі айтылып отыруының сыры осында болу керек. Тәуелсіздік
алғаннан кейінгі бағыт - бағдарламамызда белгіленген "Қазақстан - 2030"
стратегиялық бағдарламамызда осынау өзекті мәселеге баса назар
аударылған.Шындығында, табиғи тепе - теңдік пен сәйкестілік бұзылған ортада
қалыпты қоғам, мәдениетті, зиялы адам қалыптасуы екі талай. Соңғы жылдары
жарық көрген ғылыми еңбектеріндегі "ұлттық мектептердің ұлы мұраттары"
ретінде сан саналы мәселелердің қарастырылуы осындай қажеттіліктерден
туындайды. Сол мәселелердің маңыздысы - этноэкологиялық тәрбие. Аталмыш
тәрбие саласының басты нысанасы - табиғат қатал, одан бермесін тартып алу
қажет деген сияқты тағылық пиғылға қарсы "табиғат - ана" деген аялау сезімі
тұрғысындағы көзқарасты қалыптастыру. Бұл, арнаула орта білім беретін
орындарының міндеті. Ендеше, этноэкологиялық білім берудің бағдарламасын
жасау, әдіс - тәсілдерін анықтау, оның тиімді - тиімсіз тұстарын зерттеу
сияқты іргелі шаруалар туындайды[31].
Диплом жұмысының өзектілігі. Биология пәнінің үрдісінде
этнопедагогикалық білім берудің теориясы мен практикасы және табиғи
жағдайдың өзгеруі мен тұтастығын қарастырады.
Диплом жұмысының мақсаты. Биологияны оқып үйрену кезінде табиғаттағы
жекеленген элементтердің өзара байланыстарын анықтап, табиғатты сүюге, жас
өспірімдерді тәрбиелеуге және қорғауға ынталандыру .
Диплом жұмысының міндеті. Биологиялық зерттеу әдістеріне сәйкес келетін
білімді белсенді түрде меңгеруге және практикалық іскерлік пен дағдыны
қалыптастыру.
1. Адам мен табиғи ортаның байланысы.
Қоғам мен табиғи ортаның аралығындағы қарым-қатынас ертеден-ақ
биологтардың назарын аударды. Көп уақытқа дейін бұндай назар аударушылық
бір жақты болды философтар, тарихшылар мен социологтар сияқты биологтарда
да негізінде табиғи ортаның адам өміріне әсер ету проблемасы қызықтырды.Бұл
проблема тұрпайы биологиялық детерменизм рухында шешіліп келеді. Дегенмен
бірталай уақыт өткеннен соң негізгі ой- пікір қоғам әсерінен табиғи
ортаның негізгі өзгерістерін анықтау мәселесіне көшті. Мұндай жаңа
теорияларды қарастыру өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Дж. П.
Марш, В.В. Докучаев және А.И. Воейковтың еңбектерінен табуға болады. Бұл
проблеманың маңыздылығы әсіресе қазіргі ғылыми техникалық ревалюцияның
даму кезеңінде қарқынды өріс алды, яғни ХХ ғасырдың ортасынан бастап.
Адам баласының өмір сүруі мен ресурстары өндіріске пайдалану үшін
табиғи ортаның сақтаудың қажет екендігі адам баласының алдында тұрған
проблемалардың ең маңыздысы болды. Қоғамдағы ғылыми-техникалық күшті өсуі
"табиғи" ортаны өзіне бағындыра отырып" адам баласы оның әсерінен құтылады
деген теріс түсініктер туды. Ертеде Ф. Энгельс былай деп жазды: " біз
табиғи ортаға басқа бөтен елдерге жүргізгендей билік жүргізбейміз...біздің
бар билігіміз, басқа тірі организмге салыстырғанда біз табиғи ортаның
заңдылықтарын дұрыс түсініп оны қолдана білеміз". Табиғаттың әрбір жеке
заңдылықтарын менсінбегеніміз үшін жазды.[8].
Ф. Энгельс ол адамнан күтпеген зардаптары арқылы кек алады. Ауыл
шаруашылығына қолдану үшін Грецияда, Кіші Азияда, Месопотамияда түп
тамырымен ағаштарды құртқанда адамдар, осы арқылы жерлердің бос қалатынын,
шөлдерге айналатынын білген жоқ.
Адамзат - табиғаттың бір бөлігі, сондықтан оны өмір сүру үшін адам
баласы мен табиғи ортаның аралығында үздіксіз зат алмасу болып отыру керек
(метоболизм). Адам баласының жануарлардан бір айырмашылығы өндіріс
құралдарын пайдалану нәтижесінде өмір сүруге қажетті заттарды жасады.
Тікелей биологиялық метоболизм - адамзат организмінің физиологиялық
функцияларын іске асыру нәтижесі (демалу, суды пайдалану, тамақтану) күннен-
күнге өсіп отырған су мөлшерін, өсімдіктікті ағаштарды, минералды
ресурстарды қажет ететін өндірістік немесе техногендік метоболизмге
қарағанда аз. Мысалы, өндіріс қажеттілігіне жұмсалатын оттегінің мөлшері
ондаған миллиард адам баласы демалар еді, өндіріске қолданылатын судың
мөлшері адам баласы қажеттілігіне жұмсалатын судың мөлшерінен мың есе көп
Адамның табиғатқа бағыныштылығы азаймайды, керісінше күннен-күнге
күрделі бола бастайды. Өткен кезеңдермен салыстырғанда дүние жүзілік
шаруашылықта мұнайдың ролінің артуын еске түсірейік. Биогеографиялық
процестердің өзгергіштігіне техникалық құралдардың сезімдігі жоғары.
Техникалық прогресс адам баласының алдында шексіз мүмкіндіктерді аша
отырып, оны табиғи ортамен тығыз байланыстырады.
Әрдайым жекеленген елдердің облыстардың тіпті жергілікті жерлердің
аралығында тіршілік жағдайлары бойынша айырмашылық бар. Адам баласының
тарихи даму тәжірибесі табиғи ортаның адам өмірі мен қоғамдық өндіріске
біртұтас жүйе ретінде әсер ететіндігі дәлелденді. Әрбір жекеленген табиғи
компонент немесе элементтің әсері басқалармен тығыз байланысты.
Табиғи орта мен зат алмасу процесі сөзсіз қоршаған ортаны өзгертеді де
сол өзі өзгерткен табиғи ортаны техногендік ерекшелітеріне амалсыз
бейімделуіне тура келеді. Ертедегі аңшылармен жинақшыларда өзінің қоршаған
ортаны өзгертіп отырды. Отты пайдалана білу егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығының пайда болуы, металлургияны ойлап табуды. Машина
индустриясының дамуы, суармалы каналдарды жасау. Адам баласының биологиялық
ортаға қысым көрсетуінің негізгі кезеңдері осылай артып отырды. Бірақ
тарихи даму сатыларында адам баласының табиғи ортаға әсерінің күрт өсуі
қазіргі ғылыми техникалық эволюциямен тығыз байланысты. Ол жер шарындағы
халық санының өсуі мен "демографиялық қопарылуымен" қатар жүріп отырды.
Екінші дүние жүзілік соғыстан соң жер шарының халқы екі есе өсті. 1987 жылы
5 млрд. жетті. Дегенмен дүние жүзілік өндіріс одан күшті қарқынмен дамыды.
Минералды ресурстарды және су көздерін пайдалану жылына 5 %-ке өссе,
энергияны өндіруі 8 %-ке өсіп отырды. Қазіргі өндіріс салаларына су мен
энергияны көп қажет ететін өнеркәсіптер мен алуан түрлі шикізат қорын
пайдалану тән [9].
Адам баласының табиғи ортаға әсерінің екі түрлі ерекшелігі бар.
Біріншіден, ол өнеркәсіп дамуына қажетті табиғи ресурстардың таусылуымен
сипатталса, екіншіден адам өмір сүретін ортаның нашарлауынан көрінеді.
Адам өмір сүретін табиғи ортаның қасиеттерінің нашарлауы өндірістік
метобализмнің қосымша әрекетінің нәтижесі болып табылады. Өнеркәсіп пен
энергетика салалары қоршаған ортаға көп мөлшерде жылу мен өнеркәсіп
қалдықтарын шығарады, соның ішінде улы заттар. Оған жыл бойында қалалар
миллиондаған тонна тұрмыс қалдықтарын, ауыл шаруашылық жерлер миллиондаған
тонна улы химикаттар мен тыңайтқыштар қосады, оның бәрі биохимиялық
айналымға қатысады. Орман ағаштарын жою біртіндеп атмосфера қабатындағы
оттегінің азаюына соқтырады, өйткені ормандар олардың отын жағуға кеткен
шығынын толтырып отыратын оттегіні негізгі көзі болып табылады
Қазіргі уақытта адам баласының алдында өзінің табиғи ортамен қарым-
қатынасын жақсарту мәселесі тұр. Бұл мәселе көптеген ғылыми салалар үшін
ортақ. Сондықтан оны жетік зерттеу үшін биологтар мен экологтардың негізгі
түйінді мәселесі. Адамзат қоғамының табиғи ортаға жағымсыз биосистемалардың
құрылымының даму ерекшеліктерінің өзгерісінен байқауға болады.Табиғат және
адам деген ұғымның мағынасы бір- бірімен етіне байланысып кеткен. Адам
табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Адам табиғаттың бір бөлігі. Ал табиғат
адамның әрекетіне тәуелсіз, ол адам шығуынан пайда болған. Адам ең
қарапайым құралды пайдалана білген күннен бастап біртіндеп табиғатқа өз
өктемдігін жүргізе бастады. Ол өз мекенінің айналасына қажетті өсімдіктерді
өсіріп жануарларады қолға үйретті, жерді өңдеп табиғат байлығын пайдалану
дәрежесі барған сайын арта берді. Адам үшін табиғат тіршілік ортасы, оның
қайнар көзі болады. Өзінің еңбек ете білунінің арқасында адаи табиғат
алдындағы дәрменсіздіктен арылып, оның ресурстарын қалауына қарай пайдалана
алу сатысында көтеріледі. К.Маркстің сөзімен айтқанда "...жер-оның
анасы"болды. Еңбек арқасында адам рухани жағынан да жетіле түсті,
табиғаттың түрлі заңдылықтарын менгерді. Табиғат заңдылықтарын менгеру
дәрежесіне көтеріле отырып, адам одан азық, жылу, жарық, дәрілік заттар
өндіре бастады.Сөйтіп, адам өзіне қажеттінің бәрін де табиғаттан ала білуді
үйренді. Алайда бұл әрекеттің бәрі де табиғатты бағындыру бағытында
жүргізіледі. Адамның материалдық игіліктер өндіру әрекетінің нәтижесінде
жердің құнарлығы кеміп, көптеген ормандар кесілді, су көздері ластанды.
Адамның мұндай тұтынушылық әрекетініің зардаптары алғашында мардымсыз болды
да, табиғат оның орнын оп- оңай толтырып отырды.
Адамзат қоғамы барған сайын өркендеп, оның табиғат ресурстарын
пайдалану дәрежесі бұрынғыдан әлде қайда арта түсті. Жер бетінде сан
мыңдаған фабрикалар мен заводтар, алуан түрлі кәсіпорындар , түрлі
шикізаттарды өңдеу мен таукен өнеркәсібі, орман шаруашылықтары және тағы
сол сияқтылар толып жатқан бірлестіктер пайда болды. Бұлардың бәрі де
өздерінің қызыметін жылдан-жылға жетілдіріп , табиғат байлықтарын
пайдалануды үздіксіз арттыра берді. Жерді игеру, суды пайдалану, түрлі
дақылдарды өсіру, мал санын арыттыру, орман байлығын қажетсіну мөлшері
үздіксіз арта берді. Табиғат дегеніміз диалектикалық материализмнің
анықтауы бойынша , уақыт пен кеңестікте шексіз, оны ешкім де қолдан
жасамаған және ол үздіксіз қозғалыста болып, дамиды және өзгеріп
отырады.Табиғат - өзара байланысты құбылыстардың бірыңғай, өте күрделі
комплексі. Табиғат дегенде біздің көз алдымызға жер, орман, өсімдіктер мен
жануарлар әлемі,жер беті, сондай-ақ әлем кеңістігі жөніндегі түсініктер
келеді. Табиғат ұғымы жаратылыстану және басқа да ғылымдар зерттейтін
органикалық және анорганикалық дүниені қамтиды. Табиғаттың барлық құрамды
бөліктері, яғни элементтері қоршаған ортаны құрайды [1].
Табиғат ресурстары дегеніміз - өнеркәсіпке қажетті шикізаттар,
энергетикаға қажетті мұнай, тас көмір, газ, сондай-ақ адамның еңбегінен
өсірілген астық, орман және тағы басқалары. Табиғат ресурстарына адамның
өндірістік және басқа да мұқтаждықтарына пайдаланылатын, табиғатттың кез
келген объектілері жатады. Атмосфера ауасы, су, топырақ, күн және космос
радиациясы, пайдалы қазбалары, климат, өсімдіктер мен жануарлар- табиғат
ресурстары. Табиғат ресурстарының маңызы, пайдаланылуы, оның бүгінгісі мен
болашағы жөніндегі мәселелерге қызығатын жастарға елімізде кең жол ашылған,
олар өздері қалаған мамандықтар бойынша тиісті жоғары және орта арнаулы оқу
орындарынан қажетті білім алып, лайықты маман болып шығады. Еске сала
кетерлік жай: қазіргі кезде еліміздің көптеген жоғары оқу орындарының
студенттері "Табиғат қорғау" курсынан лекция тыңдайды. Бұл қадамның зор
маңызы бар екендігі даусыз. Өйткені адам қандай мамандықтың иесі
болса да табиғат қорғау мәселесі- баршамызға ортақ іс. Адамның табиғат
ресурстарын үнемі пайдаланып отыруы болмай қоймайтын процесс. Табиғат пен
адамның өзара қарым-қатынасы барған сайын кең көлем алып келеді. Бұл
ғылыми негізделген тұжырымдарға сүйене жүргізілуі тиіс. Қазіргі кезде жер
шарының белгілі бір аймағында орын алған экологиялық дағдарыс сол аймақпен
шектеледі, біздің территориямыз мұндай дағдарыстан тыс қалады деп
үміттенуге болмайды. Бүгінде экологиялық дағдарыстың шарпуы көптеген елдер
мен мемлекеттерді, кейде көршілес құрлықтарды қамтиды. Тіпті бір елдегі
өндірістің қалдықтары келесі бір елдің табиғатына кері әсерін тигізуде.
Сондықтан табиғаты қорғау ,қоршаған ортаны таза сақтау мәселесі қазірде
дүние жүзілік сипаты алып отыр. Табиғат қорғау мәселесі тек сөз жүзінде
іске асырыла алмайды. Адамның табиғатпен қарым қатынасындағы әрбір әрекеті
оның сөзімен сәйкес келіп, өмірден нақты көрніс алуға тиіс. Әрбір жас
өзінің отырғызған ағашы болуға тырысса, оны күтіп баптап өсірсе,ол бұл
істен қанағат сезімін алары сөзсіз. Мұндай іс көптеген балалар
мекемелерінде, мектептерде жүргізіліп те келеді. Көптеген жас жеткіншектер
қорықтар мен мектеп орманшылығының істеріне ат салысып, өздеріне болашақ
мамандықты таңдауда. Олдардың нағыз табиғат серігі боларына сенім мол. [9]
Қорыта айтқанда, адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынас
қоршаған ортаны сақтауға ғана бағытталмастан, адамның ондағы өтіп жатқан
процестерді меңгере білуіне, оларды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлай
білуіне де бағытталуы тиіс. Бұл секілді аса маңызды ғасыр проблемасын шешу
міндеті бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр
1.1 Басты мақсат- табиғат заңдарын менгеру
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру өмір -тұрмыс жағдайының
ықпалынан, ғылыми білімді игеру үрдесінен және тәрбиелік қызметтің
мақсаткерлік нәтижелерінен көрінеді; айналадағы орта туралы, табиғат пен
қоғамның даму заңдылықтары туралы ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл
тұрғыда жаратылыстану циклі пәндері ұланғайыр рөл атқарады. А.И.Герцен
жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімнің маңызын айта келіп, оның
жастық ақыл-ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталатынын, осы
кінәратсыз негізде оларға кең мүмкіндіктер ашатынын жазған еді.
Жаратылыстану циклі пәндерін оқи отырып, оқушылар табиғат
құбылыстарының өзара байланысын, олардың пайда болу және даму
себептерін, табиғатта болып жатқан өзгерістерді бірте-бірте ұғына
бастайды, табиғат заңдарын меңгеру арқылы өсімдіктер мен жан-жануарлар
ағзаларын дамытуды басқаруға мүмкіндік туатынын және оның
заңдылықтарына сүйене отырып, табиғатқа адамның өктемдігі жүретінін
түсіне бастайды.
Мұғалімнің оқушыларға ғылыми дүниетаным тәрбиесін беру жөніндегі
жұмысы биолоияның барлық курсы бойынша жүйелі жүргізілуі тиіс.
Биология курсының мазмұны оқушылардың санасына дүниетанымның дұрыс
негіздерін сіңіруге, олар үшін жеткілікті деңгейде ғылыми көзқарастар
мен сенім -наным қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектепте ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру төменгі
сыныптардың өзінде-ақ басталып, барлық оқу пәндерін одан әрі үйрену
үрдісінде тереңдетіледі. Бастауыш сыныптардың оқушылары табиғатану
сабақтарында, оқу барысында, табиғат мүйісіндегі және мектеп жанындағы
үлескідегі жұмыс кезінде, танымжорықтарда және басқа жағдайларда
қарапайым ғылыми мәліметтер алады. Бастауыш сыныпта табиғатты оқып
үйрену оқушылардың әлем және табиғат туралы ғылыми түсінігінің
қалыптасуы үшін кең мүкіндіктер ашады. Мұғалімдер жүйелі түрде, айқын
мысалдар арқылы табиғаттағы барлық нәрсе дамуда, қозғалыста болатынына
көз жеткізеді. Су буға айналады, гранит мүжіледі, өсімдік пен жан-
жануар өсіп, өркендейді, тағысын тағылар[8].
Табиғат туралы алғашқы мәліметтер алу кезінде-ақ оқушыларда
қоршаған әлемнің материалдығы туралы түсінік орнығуы тиіс. Заттарды
және табиғат құбылыстарын сезіммен қабылдау әлемнің материалды екенін
түсінудің алғашқы сатысы болып табылады.
Биология курсын жүйелі оқып- үйрену үрдісінде оқушыларда айналадағы
әлемнің материалдығы және оны білуге болатыны туралы ұғым
қалыптасады. Өмірлік үрдістердің материалдығына және тірі табиғаттың
құпияларын танып-білу мүмкіндігіне оқушылардың наным- сенімін
қалыптастыруда биологиялық бақылаулар мен тәжірибелердің ерекше маңызы
бар. Мәселен, өсімдіктің минералды қорек алу үрдісінің материалдығы
жөнінде мұқият, зерделі білім алуға, топырақтың құрамын зерттеуге
арналған зертханалық сабақтар, сұлы дақылдарына тәжірибе жүргізу, тірі
табиғат мүйісінде немесе мектеп үлескісінде өсімдіктерді үстеп
қоректендіру жәрдемдеседі.
Пәнді және табиғат құбылыстарын оқып -үйрене отырып , оқушылар
ағзалардың дамуы өмірлік жағдайға кіріптар екенін, ағзадағы өзгерістер
өсу мен даму арқылы болтынын құбылыстардың себептері мен олардың
салдарларын анықтайды, бақылау мен тәжірибелерден тиісті қортындыны
шығарады. Өз беттерінше бақылау арқылы оларда ғылыми білімнің
ақиқаттығына, күрделі тіршілік үрдістерін дұрыс түсінуге наным- сенім
қалыптасады. Өсімдіктерде болып жатқан фиозиологиялық үрдістердің
материалдығы фотосинтез жөніндегі белгілі тәжірибелерді көрсету арқылы
көз жеткізе дәлелденеді. Оқушылар микроскоппен жұмыс істеу
барысында оған қызығуын арттырыды, өйткені жай көзге көрінбейтін
тірі ағзаның ішкі әлемнің құрлысын білуге мүмкіндік алады.
Адам ағзасы туралы 8- сыныпта оқып-үйренетін физиологиялық
білім жүйесі оқушылардың тіршілік үрдісінің материалдығы туралы
ұғымның ғылыми негіз болып табылады.
Мәселен, рефлекстік үрдістің материалдық негізін құрбақаның жүйке
жүйесіне жасалған тәжірибелер айқын дәлелдейді.Оқушылардың өз
бетінше жүргізген жұмыс нәтижесінде қортындысы мынадай: рефлекс
жүйке жүйесіне тікелей қатысты. Оның барлық бөліктерінің біртұтастығы
жан-жануардың немесе адамның рефлекторлық жауабына байланысты болмақ.
Біздің оқушылар білімін арнайы зерттеуіміз мұғалімнің
ұйымдастырушылық және бағыт беруші дербес жұмысының ғылыми білім
ақиқаттығына күрделі тіршілік үрдістерін дұрыс түсінуге наным- сенімді
қалыптастыруға жәрдемдесетінін көрсетті.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу үрдісінің барысында белсенді
түрде "ақиқатты ашу" басталады. Сарамандық зертханалық жұмыстар
оқушыларды өмірдің материалдық негізі мен оның пайда болу
формаларының күрделілігіне иландыратыны айқындалады.
Әлемнің материалдығы туралы түсінікті және танып білуді нығайтуда
оқушылардың өсімдіктерді өсіру мен жан- жануарларды бағып күтуі
маңызды орын алады. Ғылыми білімге негізделген табиғатты өзгертудің
жоспарлы тәсілдерін іс жүзінде меңгерудің тәрбиелік мәні өте зор
[24].
Оқу- тәжірибе үлескілеріндегі жұмыстардың жақсы жолға қойған
мектептерде оқушылар ғылыми мәліметтерге арқа сүйей отырып, егінің
мол түсім беру себептерін ұғынып біледі. Тәжірибелердің айтарлықтай
үлесі өсімдіктердің өсіп, дамуына, өмірлік жағдайлардың ықпал етуін
анықтауға арналады,бұл бағдарламалық талаптарға сәйкес келеді. Үлгілі
мектептерде тәжірибе жұмыстарын бағалы материалдары бүкіл мектептерде
ғана қазынасы болып қалмай, практикалық қортындылар шығаруға және
ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берумен бірге пән сабақтарында теориялық
ережелерді дәлелдеу үшін де пайдаланылады.
Егу, тозаңдандыру және іріктеу жөніндегі тәжірибелер оқушыларды
өсімдіктер ағзасына адамның мақсаткерлікпен ықпал етуінің, соның
нәтижесінде өсімдіктер іріктемесін жақсартуға мүмкіндік туатындығына
иландырады [2]
Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың диалектикалық материализмнің
заңдары мен категорияларын түсінуі үшін жаратылыстанудың ғылыми
базасы ( материя формасы, даму үрдісі және оның қозғаушы күші, сандық
өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуы, жоққа шығару, табиғат пен
қоғамдағы өзара байланыс пен өзара үйлесімділік, кездейсоқтық және
қажеттілік, себеп пен салдар, мүмкіндік және шындық) мейлінше мол
қамталған. Алайда қоғамтану курсын оқыған кезде философиялық
категорияларды негіздеу мен түсінуде биология пәні мұғалімі білім
берудің осы заманғы ғылыми-теориялық мазмұнына баға тек қана
философиялық бағдар ұстап қоймай, сонымен бірге оқушылардың
биологиялық білімін пайдаланудың әдістемелік жолдарын анықтай білуі де
қажет. Жеке әдістемелік мәселелерге тоқтолған кезде биологияның теориялық
және дүниетанымдық жүйесін ұдайы бағдарға алып отырған жөн.
Жаратылыстану ғылымына сенімді қалыптастыру-бірте-бірте жүргізілетін
үрдіс. Ол ғылыми дүние танымның орнығуына байланысты және мектептегі
биология пәнінің басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстығының барысында
анықтала түседі.
1.2 Оқушыларға экологиялық тәрбие мәні мен сипаты
Табиғаттың дағдарыстың неғұрлым қауіпті көрністері -аймақтық
техногендік шөлейтену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы,
атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, биологиялық әр
алуандықтың тақтаусыз азаюы, тірі табиғаттың генетикалық қорының
бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен
өнеркәсіп апатарының белең алып қауіпті әрі улы қалдықтардың
қолданылуы, айналаны қоршаған ортаға ереен зиян тигізуде. Кейбір
аймақтарда жағдайдың ауырлағаны соншалық, тоқтатуға ырық бермей
тежеуге, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп
келеді. Яғни, тұрақты түрде табиғатты пайдалануды басқару мен сақтап
қалуды болжамдау мүмкіндігі де күрт кеміп барады. Еліміз қолайсыз
экологиялық ахуалды қазіргі кезде бастан кешіріп отырған
экономикалық дағдарыс олан әрі тереңдеп, әлументтік шиеленістің
ұшығуына итермелеп отыр, ал енді экологиялық және халақтың
әлументтік жағдайларын шешуде экономикалық қиындықтар тежеуде. Демек,
экологиялық ахуалға сай келетін шаралар, әрекеттер қолданбаушылық
халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар
туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын
тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал.
Соған орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-
бабында "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға
және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті" делінген. Бұл ата
Заңның халқымыз алдында қойып отырған талабы, біздің зерттеу
жұмысымыздың теориялық тірегі болмақ. Ата Заңымызда көрсетілген
талаптарды іс жүзіне асыруға мектептерде экологиялық сауаттандыру
мен оқушыларға экологиялық тәрбиені дұрыс ұйымдастыруға байланысты
екендігі баршамызға аян. 1991 жылы тамыз айынан бастап
Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа Заң қабылданып күшіне
енді. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның
барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың
экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді.
Ол мынандай тармақтардан тұрады:
а) республикада халыққа экологиялық білім беру орындары табиғат
қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім
беру жүйесін жүзеге асыру:
ә) жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие
мен білім берудің жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында
экологиялық жұмысты басқаратын маман кадрларды кәсіптік жағынан
даярлау, олардың біліктігін арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау;
б) құжатта ( 64-бапта) айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде
экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып, ол былайша
азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті
экологиялық білім мазмұнын алуда, оқу орындарының ұстаған бағдарына
қарамастан, барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық
білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
в) арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау
және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі арнаулы курстар оқыту
көзделеді.[14].
Қазіргі кездегі мектептердің алдында тұрған міндеттерінің бірі
жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды
табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген
ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді
пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның
экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта мектепте қалыптасып
келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Оқушылардың санасына адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау туралы
қағидаларды жеткізгенде, олардың сана-сеніміне тәрбиелегенде ғана
экологиялық апаттармен күресуге болады. Оқушылардың қоршаған ортамен
байланысында өз денсаулығын сақтау туралы ұғым қалыптасып,
күнделікті тіршіліктерінде қоғаммен қарым-қатынастардыңда табиғат
заңдылықтарын түсінген жағдайда ғана дамып жетіледі. Мысалы:
табиғат-адам- қоғам- өндіріс, қоршаған орта мен қоғам арасындағы
ара-қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі
бірлікте болуы тиіс.
Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған
экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл
прогресшіл адамзатты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік
проблеманы шешуге үлес қосу ғылымы мен техниканың міндеттері ғана
болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің
де басты және игілікті борышына айналуда. Ғасырлар бойы өзін
табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам, бойындағы
оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын психологиялық
тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын-алудың
бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Өйткені қоғам мен
табиғаттың өзара біріне-бір әсер ететіндігі туралы халаққа білім
беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшыллыққа алатын табиғатты
қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім
беруде мектептің алатын орны өзгеше. Экологиялық тәрбие жалпы білім
берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның
азамат ретінде қалыптасуына бағыт алған [16].
Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру проблемаларын
шешуге XVI-XVII ғ.ғ. ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Русса,
Г.Пестолци, Ф. Дистервег, А.Гумбольдт тағы басқалар классикалық
педагогикадағы прогресшіл ой- пікірлері баланың табиғатпен қатынасы
арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын
негіздеді. Олар баланың бойына игілікті имангерлікті дарытушы " табиғат
сезімін " тәрбиелеу туралы айта отырып, оның адамгершілік-
эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын ашты. Прогресті педагогика
жеке тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі зор екенін жоғары
бағалай келіп, " ... адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік
байланыста болған" деген басы ашық пікірді тұжырымдай түседі [23].
Табиғат - сұлулықтың өмірбақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан
да, ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірінен саналады. Баланың
бойына игілікті, ізгілікті дарытушы табиғат қорғау сезіміне тәрбиелеу
туралы К.Д. Ушинский айта отырып, оның адамгершлік - эстетикалық дамуындағы
табиғаттың маңызын аша түскен. "Табиғатпен егесу, зиян келтіру
жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның
табиғи күшін пайдалану ғана қалды"-дейді. Бұдан К.Д.Ушинскийдің
табиғаттың тәрбиелеу мәніне зор мән беретіндігін байқаймыз [5].
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан
көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы
ағартушылары Шоқан Уалиханов , Абай Құнанбаев, Ыбарай Алтынсарин
шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі-
табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл-кеңестер берген.
Халқымыздың мақтанышы, ғалым Ш.Уәлиханов туған халқымның табиғатпен
қарым - қатынасындағы әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын
табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының
тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ш. Уалихановтың табиғат жайында
қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта жас ұрпақты табиғат қорғауға
тәрбиелеуде бірбен-бір таптырмайтын құрал.
Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс-
тіршілігін бір-бірімен ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін
біртұтас дүние ретінде қарастырады. Табиғат- адамдардың өмір сүретін
ортасы. Адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды, ал табиғат адам
баласынсыз өмір сүре беруі мүмкін. Ұлы ақынның табиғат көрінісін,
табиғат кереметтерін суреттейтін табиғат құбылыстары, соның ішінде
жыл маусымдарын суреттейтін "Қыс", "Көктем", "Жаз", және "Күз"
өлеңдері жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына
енгізілген. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің оқушылардың табиғатқа
деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызы зор. Ол табиғаттың бар
байлығы адам баласына азық болып отырғандығын көрсете келіп: "Кім
өзіңе махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз" деп
өскелең ұрпақты табиғат-ананы аялап сүйе білуге шақырады[20].
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көзінің
қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге
боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз- әңгімелер
арқылы жетіп отырған.
Халқымыз қасиеті, жер- суларды "Әулие бұлақ, әулие ағаш " дегендей
құрметтеп, қорғап, көздің қарашығындай сақтай білген. Әсіресе, "Бұлақ
көрсең көзін аш", "Құстың ұясын бұзба","Ағаш ексең аялап, басыңда
болар сая бақ", "Бұлақты жер- тұрақты жер", "Орман- ағаш ел
дәулеті, жер сәулеті", "Сулы жер - нұрлы жер", "Аққуды атпа", "
Суын ішкен құдыққа түкірме", "Көлдің көркі - құрақ , таудың көркі -
бұлақ", " Дана көптен шығыды, дәрі шөптен шығады " сияқты ұлғатты
сөздер немесе " Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағашың сынбасын,
қанаттарың қайырылмасын "-деген туған жерін, елін жұртын,
табиғатын алақынға ұстап аялау жайлы айтқан қасиетті сөздер жас
өспірімдерді тәрбиелеудегі алатын орны ерекше.
Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие
берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндетттерін принциптерін
толық, әрі тұтас ашықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық
әдебиеттерде экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын
айқындауға және жалпы орта мектептерінде қай сыныптардан бастап
оқытуда экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы
ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене
қойған жоқ[13].
Психологиялық-педагогикалық және биологиялық оқыту әдістемесіне
байланысты әдебиеттермен танысу арқылы жүргізген зерттеулеріміздің
нәтижесінде жасаған қорытындымыз экологиялық тәрбие берудің мақсаты -
мектеп оқушыларының айналсындағы қоршаған табиғи ортаға, әмбебап
тұрғыдан, жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.
Жауапкершілікпен қарау немесе әмбебап көзқарас- әлеуметтік,
психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан қарағанда саралауға
болатын кең ұғым. Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына
жататындар:
а) табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін түсіну;
б) табиғатты халық қазынасы екендігін сезіну;
в) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білуі:
г) табиғатпен қарым- қатынасын жаратылыстану және ізеттілігін білім
мен тәрбие тұрғысынан негіздеп аалатындығын оқушылар түсінуі қажет.
Сонымен, мектептердегі экологиялық тәрбие берудің
тәжірибелерін және оның әдіснамалық пен теориялық жағынан зерттелу
жәйін қарастырудан туындаған тұжырым, оқушыларға экологиялық тәрбие
беруде басты ұстанымдарды ескеру керектілігіне көзіміз жетті:
1) Экологиялық оқу материалдарын оқыту біржүйелілікпен үздіксіз
жүргізу.
2) Оқу процесінде экологиялық тәрбие беруде пән аралық
байланыстардың болуы.
3) Экологиялық оқу материалдары әлемдік, ұлттық және өлкеллік
өзіндік мәселелерін айқындап, оны ұғындырып түсіндіруде өзара
байланыстылығын ашу.
4) Оқушылардың қоршаған табиғи ортаны танып білуде және оны
қорғауда, аялауда, көркейтуде интеллектуалдық және еріктік
эмоциялық тұрғыда жасайтын іс- әрекеттері мен қызметтері
біртұтастықпен бір- бірімен ұштасуы тиіс
Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға
тәрбиелеу.Туған жерін өлең - жырға, әнге қоспаған ақын жоқ. Себебі
туған жер- алтын бесік, кім-кімге де кір жуып, кіндік кескен
атамекені қымбат. Сондықтан да ақын Жұбан Молдағалиев:
Туған жерді анам демей не дейін,
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жермен асқақ менің ән- жырым,
Туған жермен асқақ менің мейірім- деп жырлады.
Туған жер дегенде алдымен көз алдымызға кең байтақ жазиралы қазақ
елі елестейді. Өйткені қазақ халқы үшін туған елден қымбат және
одан ыстық мекен жер бетінде болуы мүмкін емес, болмайды да,
Қаламы қарымды қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың:
" Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін",- деп аса зор
мақтаныш сезіммен жазған жыр жолдарын жас ұрпақтың жүрегінің
төрінен орнықты орын алуы да осы себептен.
Туған өлкенің торқалы топырағын басып, жұпар иісті кәусар
ауасын жұтып, көгілдір аспанына көз жүгіртіп, сылдырап аққан мөлдір
бұлағының суын ішіп, дархандығы мол даласын, орманды сай- саласын,
мұнаралы асқар таулы алқабын аралап өскен қазақ халқы қандай
бақытты десеңші! Осыншыма тамылжыған тамаша табиғат байлығын одан
әрі молайтып, әрі көркейтіп, көздің қарашығындай қорғап жүрулен
артық бақыт бар ма екен?
Табиғат пен адам - егіз ұғым. Бұларды бір- бірінен мүлде бөліп
қарауға болмайды. Осы арада ұстаз ағамыз Рыспай Сәтімбекұлының
мына жыр жолдары еріксіз ойға оралады:
Табиғат және адам - егіз ұғым,
Тереңіне ой жібер сен де мұның.
Ақылыңа сал- дағы ойланып көр,
Түсінерсің шындықтың сонда сырын.
Ұстаздар үшін шәкірт жүрегіне туған жерге деген зор
сүйіспеншілікке тәрбиелеу басты мәселенің бірі деп білеміз. Жас
ұрпақтың санасына бала кезінен табиғатты аялау сезімін ұялату
қажет деп ойлаймыз. Бала да жас көшет сияқты- қалай баптасаң
солай өседі. Ол үшін әрбір ұзтаз, ата - ана бала тәрбиесіне әсіресе
табиғаттық тәрбиеге ерекше мән беруі тиіс.Жүрегі таза, сезімі мөлдір,
жаны жомарт, табиғатты жанындай сүйе білетін адам ешуақытта
табиғатқа қатегездік көрсетпейді. Біз көптеген оқыс істеріміз үшін
табиғаттан үнемі кешірім сұрап үйренуміз қажет. Бір кезде "
табиғаттың бермесең тартып аламыз" деп те кеуде кердік. Енді оны
табиғат кешірмей, қазір қарымта қайтарып жатыр. Мен студенттер мен
ұстаздардың назарын осыған аударғым келеді. Ұл- қыздардың санасына
ізгілік қасиеттер аяушылық, сүйіспеншілік, қамқорлық, жаны ашушылық
сезімдерді егуді басты мақсатымыз деп санасақ дейміз[27].
1.3 Табиғатты қорғауды оқыту және оған тәрбиелеу
Жоғарыда айтқандай табиғатты қорғау мәселесінің аумағы мен
проблемасы кең. Ал оны оқытудың мәні қазіргі өте жоғары. XX
ғасырдың екінші жартысында адам баласының алдынан шыққан табиғат
қорғау проблемасы, оны оқыту және жастарды тәрбиелеудің қажеттігін
алға тартты. Табиғатты сүюге тәрбиелеу жұмысы бала екі аяғымен қаз
тұрып жүрген кезінен басталып өмір бойы - балалар бақшасында,
мектепте, жоғары оқу орында, жұмыс істеуге көшкен кезде жүргізіледі.
Тәрбие жұмысы тек осылай ғана үздіксіз жүргізілген жағдайда адам
санасында табиғатты қорғап, оның байлығын сақтау жөнінде тиянақты
көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады. Сондықтан
табиғатты қорғауда мұғалімнің роліне баға жетпейді[3].
Қарақшылар сияқты кейбір табиғатқа жағымсыз ықпал жасайтын
адамдардың зияны жөнінде көп айтылып жүр. Сайып келгенде адамдардың
саналы немесе санасыз түрде табиғатқа жасайтын зияны сол адамдардың
табиғат жөнінде қарапайым білімнің жетіспеуінен шығады. Қазіргі
кезде, әсіресе жастардың арасында табиғат тек адамның
қажеттілігін өтеу үшін ғана жаратылған деген өте зиянды түсінік
бар. Ең өкініштісі табиғатқа шыққанда қарапайым режим сақталмайды.
Табиғат адамға баға жетпейтін рухани қуаныш сыйлайды, оның қарымтасы
ретінде адамдар табиғатты қамқорлыққы алып, аялауы тиіс. Ал бұл
қарапайым шындық мектептерде, семьяда жастарға жете түсіндірілмейді
. Жанұя мен мектептің бұл проблеманың шешуде ролі өте күшті.
Табиғаттың даму заңдылықтарын оқыту мен адамдарды оған
сүйіспеншілікке тәрбиелеу жұмысына прогрессивті педагогтардың көбі
баса назар аударған болатын . Олардың барлығы бұл жұмысты балалардың
жас кезінен бастау керек екендігін айтқан. Мысалы XVII ғасырдағы чех
халқының атақты педагогы Я. А. Коменский " Мир чувственных вещей в
картинках" деген атақты трактатын жазды. Бұл балаларға түсінікті
етіп жазылған энциклопедия іспетті еңбек болды. Бұрынғы ұлы
педагогтар балалардың ойлау қабілетін арттыруға, адам санасында
эстетикалық сезім туғызуға табиғатты шебер пайдалана білген.
Табиғатқа деген адамның сүйіспеншілігін туғызу мәселесі В.А.
Сухомлинскийдің тәрбие жүйесінде үлкен орын алады.[18].
Әрине қазіргі кездегі мектеп программаларын Я. А.
Коменскийдің немесе революцияға дейінгі программалармен салыстыруға
болмайды. Педагог қайраткерлері мектептердегі табиғат сияқты
мемлекеттік деңгейдегі жұмыстарды, оны көріп тамашалаушы ғана емес
аялаушы, қамқоршы етіп тәрбиелеу керектігін жақсы түсінеді. Табиғатты
қорғау идеясы оқыту жүйесінің барлық түрінде және барлық пәндерде
белгілі орын алады. Одақтас республикалардың табиғат қорғау
заңдарында жастарды табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін
мектептердің химия , жаратылыстану, география пәндерінің программасына
табиғатты қорғау негізгі ендірілуінің қажеттігі қарастырылған .
Алайда мектеп программалары мен оқулықтарында табиғаттың
тіршілік жағдайы мен оны қорғау мәселесі талапқа сай
қамтылмағандығын көптеген мамандар дәлелдеп отыр. Бұл мәселеде
табысқа жету мектептерде оқу процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың
қалай жолға қойылатындығына тығыз байланысты. Мектеп оқушыларымен
табиғатты қорғау жөнінде тәрбие жұмыстары қажетті мөлшерде
жүргізілмеген жағдайда ондаған миллион оқушылар қала мен ауыл
айналасындағы табиғатқа қыруар зиян келдіреді. Ал тәрбие жұмысы
жақсы жолға қойылса, мектеп оқушылары табиғатты қорғау жұмысына
қыруар пайда келтіре алады. Біздің халқымыздың алдында тұрған
табиғатты қорғау проблемасын шешуде мектептер өз жұмысында
Орталық Комитетінің қайта құру жөніндегі қаулыларын орындауды
мақсат етіп алып, өз жұмыстарын қайта құру керек. Бұл үшін
мектертер мынадай жағдайлар ескеруі тиіс.
1) Бұған дейін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарымен тек
биология мұғалімдері айналысып келеді. Ендігі міндет - бұл жұмысқа
қоғамдық пәндерден бастап әдебиет, математика, еңбек, дене шынықтыру
пәндерінің мұғалімдеріне дейін түгел қатысуы керек. Себебі қоршаған
орта барлық адамға ортақ, сондықтан оның таза және қаз -
қалпында болуына тек биологтар емес барлық басқа мамандық
иелеріде жауапты.
2) Табиғатты қорғауға арналған сынаптан тыс жұмыстар бұған дейін
көбіне уақытты көңілді өткізу ( серуендеу, гүл теру) деңгейінен
аспай келеді. Кейде мұндай жадығай өткізілген " тәрбие"
жұмыстардың табиғатқа пайдсынан гөрі зияны көп болуы мүмкін.
Мәселен, экскурсия кезінде көптеген гүл жұлынады, орман шөптері
тапталады. Ендігі міндет - табиғат қорғауды оқыту мен тәрбие
жұмыстары мектептің барлық пәндерін программасыны енгізу тиіс. Ал
сыныптан және мектептен тыс жұмыстары табиғатты қорғау туралы
оқушылардың әр пәнде алған теориялық білімдерін бекіту,
тұрақтандыру мақсатында жүргізілуі тиіс;
3) көп уақыт бойы оқушылардың табиғат қорғау жұмыстарын
баланың ойыны ретінде қарастырылып, одан бір күлкілі қызықты жағдай
іздестірілетін. Әрине тәрбие жұмысы осылай жүрген жағдайда
оқушылар мектепті бітіргеннен кейін табиғт қорғау мәселесін
ойламайды да. Олардың ой өрісі қолдан жасаған құс ұясын ілу,
немесе мектептің айналасына гүл отырғызудан аспай қала береді.
Ендігі мақсат - оқушылар мектеп бітіргеннен кейін жоғары оқу орнында
немесе жұмыс істеген жерінде табиғаттың шынайы досы болуы тиіс;
4) соңғы жылдарға дейін мектептердегі табиғат қорғау жұмыстары
өлкетану, табиғаттану сабақтарымен алмастырып келді. Тіпті табиғат
қорғау жұмыстары алдына қойғн мақсаты түбірімен өзгеше, ккейде
табиғат қорғау режимне қайшы келетін шипалық өсімдіктердің жинау
жұмыстарымен де алмастырып келеді. Ендігі мақсат - оқушыларда
табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың
алдына табиғатты қорғап, оның байлықтарын тимді пайдалану
жұмыстарын мақсат етіп қоятындай тәрбие жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Себебі қазіргі ұрпақ болашақ ұрпақтың тіршілігін ойламай отыра
алмайды. Табиғаттың тек бүгінгі күні беретін пайдасын ғана
ойлап, болашақты ойламау табиғат қорғау саясатына жат[17].
Табиғат - адам баласының материалдық және рухани
қажеттілігіне жарайтын ең негізгі байлық. Адам өз еңбегінің қай
түрінде болмасын табиғатпен тікелей қатынаста болады. Осының өзі
табиғат байлығын жүйелі пайдаланып қоймай, оның қорын күнбе - күн
байытып отыруды қажет етеді.
Қоршаған ортаның ішінде адамға әсіресе жағымды әсер ететін-
орман, біріншіден орман мектеп оқушыларына оның экономикалық пайдасын
түсінумен бірге, эстетикалық сезімін арттырып, қуанышқа бөлейді.
Эстетикалық мәні жағынан орманға тек теңіз ғана таласа алады.
Екіншіден - орман байлығын қорғау мәселесін жақсы түсінген жағдайда
оқушылырға Отанға деген патриоттық ой туғызады. Үшіншіден -
өсімдіктерді бағып күту коллектившілдікке, еңбек етуге, мамандық
таңдауға баулиды.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру тек әдебиет, сызу
сабағының мұғалімдері арқылы іске асады деу қате. Әдемілік сырын
ашу биология оқытушысы өз тәжірибесін табиғат негіздерімен
қаруландырып қоймай, оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz