Табиғатты қорғаудан сынып жұмыстары


Мазмұны
Кіріспе
І. АДАМ МЕН ТАБИҒАТ ОРТАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
1. 1 Басты мақсат-табиғат заңдарын меңгеру
1. 2 Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні мен сипаты
1. 3 Табиғатты қорғауды оқыту және оған тәрбиелеу
а) Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
ә) Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғауды оқыту
б) Табиғатты қорғаудан сынып жұмыстары
в) Абай - табиғат жыршысы
ІІ. ТАБИҒАТ СЫРЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2. 1 Оқушыларға табиғат сырларын үйретудің маңыздылығы
2. 2 Табиғат арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
а) Адамның табиғатсыз күні жоқ
ә) Өсімдіктер әлеміне саяхат
б) Су тіршілік - көзі
в) Табиғатта өткізетін сабақтар
ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК - ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
НӘТИЖЕЛЕРІ
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезде дүние жүзінде ғылыми - техникалық жетістіктің қауырт өсуі зиянды өнеркәсіп қалдықтарын көбейтіп, қоршаған табиғи ортаға және ондағы тіршілікке көп зиян келтіре бастады. Табиғаттың көптеген заңдылықтарын білмей оңай олжа табуға бағытталған өндіріс табиғатқа жасаған қастандықпен тең. Ел Президентінің "Қазақстан -2030" жолдауында "Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны" туралы айтқан. Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғатын аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу - қазіргі өмір талабы.
Туған табиғатты аялап, қорғау оқушының жалпы табиғи ортаның біртұтастығын түсіне білуінен басталады. Адамзатты қоршаған табиғи орта (су, топырақ, ауа, өсімдік, жануарлар) биосфераның жай құрам бөліктері емес, олар бір - біріне тығыз байланысқан біртұтас ғаламшарлық жүйе [31] .
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу кешенді жұмыс түрі. Қоршаған ортаны қорғайтын санамызда салауатты адамзаттар тәрбиелеуге бүкіл оқу тәрбие мекемелері, саяси ұйымдар, ғылыми орталықтар, оқу орындары, сондай - ақ әрбір жеке адамдардың біртұтас жұмыла атсалысуы өмір талабына айналады. Себебі адамдар тарапынан болған зиянды әрекет әлі де жалғасып, табиғи орта көркемдігі бұлінуде. Табиғатпен мәдени қарым - қатынасты қалыптастыру, адам экологиясы мәдинетін дамытуға қатысты екенін рухани қазынамызды жасаушылар қашан да дабыл көтеріп, араша түсіп, тәлім - тәрбие ісі шараларына жол салып келеді. Жалпы қазақ қаламгерлері өз туындылары арқылы сай - сүйекті сырқататын табиғи апаттардан қалай құтыламыз, ертеңгі күнге не қалдырамыз деген мәселелерді шешуді ғана алға тартпай, оның жолы ең алдымен, адам экологиясын дұрыстауды, туған өлке табиғатына жан- ашыр ұрпақ тәрбиелеуді жедел қолға алуды үндейді [32] .
Туған өлкемен мәдини қарым - қатынас дүние нанымын қалыптастырмайынша, табиғат сырына үңіліп, оны түсінетін, сезінетін сана- сезім дамытпайынша, табиғат пен қарым - қатынас жасауға үйрететін өркениетті ұстаным бағдарына қызмет ететін іс - шараларды жүргізуге барлық мектептен тыс әлументтік тәрбие мекемелерін жоспарлы түрде қамтымайынша табиғатты қорғаудың тек жалған ұран түрінде қала беретінін қаламгер түсіндірді. Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалу үшін табиғаттың атқарар қызметі зор. Табиғат бөлшектері жан - жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала, ми қайнатар құм дала, адамдар ойына сана, бойына күш, қадамына қанат беретін қайнарлар. Адамдардың экологиялық заңдарын түсінбегенін табиғаттың өмірінен бейхабарлығынан, тіршілік дүниесі бұліне беретінінен толық белгілі болды. Қадыр Мырза-Әли ақын жазғандай "Адам таза болмай, табиғаттың таза болуы мүмкін емес". Ендеше экологиялық тәрбиені баршаның бойына, әсіресе жас буындарға сіңіру үшін барлық құрылымдар жүйесінде кешенді жұмыстар жүргізу қажет. Мектептерде жүргізілген экологиялық оқу - тәрбие жұмыстары жаратылыстану пәндерінде оқылған тақырыптарды тереңдетуге ғана мүдделік танытпай, жас ұрпақтың табиғат сырын түсінуге бағытталған іздену жұмыстарына қозғаушы болуы керек. Себебі оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру күрделі үрдіс. Бұл үрдіс табиғат сұлулығын өздерінше суреттеу, қоршаған орта жағдайы арасындағы байланысты түсіну, экологиялық мәдениетті орнықтыру сатыларынан тұрады.
Еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет болып өмір сүру қажеттілігі, ұлттық сана - сезімнің сілкіністі бастан кешіруі, сөйтіп халқамыздың кешегісі мен бүгінін, ертеңін талдап - таразылау, болашағын болжамдау ісінің қолға алына бастауы, қоғамдық ғылымдар алдына сан салалы міндеттер қойып отырғаны мәлім. Ғылыми пікірлерге ден қояр болсақ, ұлттық тыныс - тіршілігіміздей маңызды мәселелердің бірі - "жан - жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу". Ал "жан-жақты мәдениетті тұлға" деген түсініктің ауқымын мейлінше зор. Аталмыш тұлғаның жан - жақты мәдениетті екені тек оның тарихи танымының пайдалылығы мен өлшенеді десек, осы бір талап тұғырнамасының байыпты бабы, сындарлы саласы оның экологиялық білімі. Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарас, осы аялай білуге құштарлық жан - жақты мәдениет тұлғаның бойынан табылуы тиіс қасиет. Абай пайымдауындағы "толық адам" ұғымының да кең мағынадағы қабылдануы осыған саяды. Адам мен табиғат арасындағы байланыста соншалықты мәнді. Өйткені, табиғат - адам мен қоғамдық болмыс өмір сүретін орта. Халқымыздың даналық сөздерінде, әдеби мұраларымыз бен тарихи құндылықтарымызда табиғи ортаны аялау, қорғау сияқты олардың үнемі айтылып отыруының сыры осында болу керек. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бағыт - бағдарламамызда белгіленген "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламамызда осынау өзекті мәселеге баса назар аударылған. Шындығында, табиғи тепе - теңдік пен сәйкестілік бұзылған ортада қалыпты қоғам, мәдениетті, зиялы адам қалыптасуы екі талай. Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектеріндегі "ұлттық мектептердің ұлы мұраттары" ретінде сан саналы мәселелердің қарастырылуы осындай қажеттіліктерден туындайды. Сол мәселелердің маңыздысы - этноэкологиялық тәрбие. Аталмыш тәрбие саласының басты нысанасы - табиғат қатал, одан бермесін тартып алу қажет деген сияқты тағылық пиғылға қарсы "табиғат - ана" деген аялау сезімі тұрғысындағы көзқарасты қалыптастыру. Бұл, арнаула орта білім беретін орындарының міндеті. Ендеше, этноэкологиялық білім берудің бағдарламасын жасау, әдіс - тәсілдерін анықтау, оның тиімді - тиімсіз тұстарын зерттеу сияқты іргелі шаруалар туындайды [31] .
Жұмыстың өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Табиғат сырлары арқылы оқушының дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін, дүниетанымын қалыптастыру.
Теориялық және әдістемелік негізі: Өзімнің жүргізілген эксперименттік жұмыстарым жалпы орта білім беретін мектептерде орындалды. Экологиялық білім-биологияны оқыту үрдісінде пайдалану теориялық материалдарды толық меңгеруге мүмкіндік беріп, оқушыларды биология және экологияға қызықтыра біледі деп ойлаймын.
Адам қоғамының қазіргі кездегі жедел дамуы оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері - дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану. Жұмысты жазу барысында экология тақырыбына қатысты қажетті әдебиеттерді, әдістемелік нұсқауларды, ғылыми журналдарды басшылыққа алдым.
І. АДАМ МЕН ТАБИҒАТ ОРТАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
1. 1 Басты мақсат - табиғат заңдарын меңгеру
Қоғам мен табиғи ортаның аралығындағы қарым-қатынас ертеден-ақ биологтардың назарын аударды. Көп уақытқа дейін бұндай назар аударушылық бір жақты болды философтар, тарихшылар мен социологтар сияқты биологтарда да негізінде табиғи ортаның адам өміріне әсер ету проблемасы қызықтырды. Бұл проблема тұрпайы биологиялық детерменизм рухында шешіліп келеді. Дегенмен бірталай уақыт өткеннен соң негізгі ой- пікір қоғам әсерінен табиғи ортаның негізгі өзгерістерін анықтау мәселесіне көшті. Мұндай жаңа теорияларды қарастыру өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Дж. П. Марш, В. В. Докучаев және А. И. Воейковтың еңбектерінен табуға болады. Бұл проблеманың маңыздылығы әсіресе қазіргі ғылыми техникалық ревалюцияның даму кезеңінде қарқынды өріс алды, яғни ХХ ғасырдың ортасынан бастап.
Адам баласының өмір сүруі мен ресурстары өндіріске пайдалану үшін табиғи ортаның сақтаудың қажет екендігі адам баласының алдында тұрған проблемалардың ең маңыздысы болды. Қоғамдағы ғылыми-техникалық күшті өсуі "табиғи" ортаны өзіне бағындыра отырып" адам баласы оның әсерінен құтылады деген теріс түсініктер туды. Ертеде Ф. Энгельс былай деп жазды: " біз табиғи ортаға басқа бөтен елдерге жүргізгендей билік жүргізбейміз…біздің бар билігіміз, басқа тірі организмге салыстырғанда біз табиғи ортаның заңдылықтарын дұрыс түсініп оны қолдана білеміз". Табиғаттың әрбір жеке заңдылықтарын менсінбегеніміз үшін жазды [8] .
Ф. Энгельс ол адамнан күтпеген зардаптары арқылы кек алады. Ауыл шаруашылығына қолдану үшін Грецияда, Кіші Азияда, Месопотамияда түп тамырымен ағаштарды құртқанда адамдар, осы арқылы жерлердің бос қалатынын, шөлдерге айналатынын білген жоқ.
Адамзат - табиғаттың бір бөлігі, сондықтан оны өмір сүру үшін адам баласы мен табиғи ортаның аралығында үздіксіз зат алмасу болып отыру керек (метоболизм) . Адам баласының жануарлардан бір айырмашылығы өндіріс құралдарын пайдалану нәтижесінде өмір сүруге қажетті заттарды жасады. Тікелей биологиялық метоболизм - адамзат организмінің физиологиялық функцияларын іске асыру нәтижесі (демалу, суды пайдалану, тамақтану) күннен-күнге өсіп отырған су мөлшерін, өсімдіктікті ағаштарды, минералды ресурстарды қажет ететін өндірістік немесе техногендік метоболизмге қарағанда аз. Мысалы, өндіріс қажеттілігіне жұмсалатын оттегінің мөлшері ондаған миллиард адам баласы демалар еді, өндіріске қолданылатын судың мөлшері адам баласы қажеттілігіне жұмсалатын судың мөлшерінен мың есе көп
Адамның табиғатқа бағыныштылығы азаймайды, керісінше күннен-күнге күрделі бола бастайды. Өткен кезеңдермен салыстырғанда дүние жүзілік шаруашылықта мұнайдың ролінің артуын еске түсірейік. Биогеографиялық процестердің өзгергіштігіне техникалық құралдардың сезімдігі жоғары.
Техникалық прогресс адам баласының алдында шексіз мүмкіндіктерді аша отырып, оны табиғи ортамен тығыз байланыстырады.
Әрдайым жекеленген елдердің облыстардың тіпті жергілікті жерлердің аралығында тіршілік жағдайлары бойынша айырмашылық бар. Адам баласының тарихи даму тәжірибесі табиғи ортаның адам өмірі мен қоғамдық өндіріске біртұтас жүйе ретінде әсер ететіндігі дәлелденді. Әрбір жекеленген табиғи компонент немесе элементтің әсері басқалармен тығыз байланысты.
Табиғи орта мен зат алмасу процесі сөзсіз қоршаған ортаны өзгертеді де сол өзі өзгерткен табиғи ортаны техногендік ерекшелітеріне амалсыз бейімделуіне тура келеді. Ертедегі аңшылармен жинақшыларда өзінің қоршаған ортаны өзгертіп отырды. Отты пайдалана білу егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының пайда болуы, металлургияны ойлап табуды. Машина индустриясының дамуы, суармалы каналдарды жасау. Адам баласының биологиялық ортаға қысым көрсетуінің негізгі кезеңдері осылай артып отырды. Бірақ тарихи даму сатыларында адам баласының табиғи ортаға әсерінің күрт өсуі қазіргі ғылыми техникалық эволюциямен тығыз байланысты. Ол жер шарындағы халық санының өсуі мен "демографиялық қопарылуымен" қатар жүріп отырды. Екінші дүние жүзілік соғыстан соң жер шарының халқы екі есе өсті. 1987 жылы 5 млрд. жетті. Дегенмен дүние жүзілік өндіріс одан күшті қарқынмен дамыды. Минералды ресурстарды және су көздерін пайдалану жылына 5 %-ке өссе, энергияны өндіруі 8 %-ке өсіп отырды. Қазіргі өндіріс салаларына су мен энергияны көп қажет ететін өнеркәсіптер мен алуан түрлі шикізат қорын пайдалану тән [9] .
Адам баласының табиғи ортаға әсерінің екі түрлі ерекшелігі бар. Біріншіден, ол өнеркәсіп дамуына қажетті табиғи ресурстардың таусылуымен сипатталса, екіншіден адам өмір сүретін ортаның нашарлауынан көрінеді.
Адам өмір сүретін табиғи ортаның қасиеттерінің нашарлауы өндірістік метобализмнің қосымша әрекетінің нәтижесі болып табылады. Өнеркәсіп пен энергетика салалары қоршаған ортаға көп мөлшерде жылу мен өнеркәсіп қалдықтарын шығарады, соның ішінде улы заттар. Оған жыл бойында қалалар миллиондаған тонна тұрмыс қалдықтарын, ауыл шаруашылық жерлер миллиондаған тонна улы химикаттар мен тыңайтқыштар қосады, оның бәрі биохимиялық айналымға қатысады. Орман ағаштарын жою біртіндеп атмосфера қабатындағы оттегінің азаюына соқтырады, өйткені ормандар олардың отын жағуға кеткен шығынын толтырып отыратын оттегінің негізгі көзі болып табылады
Қазіргі уақытта адам баласының алдында өзінің табиғи ортамен қарым-қатынасын жақсарту мәселесі тұр. Бұл мәселе көптеген ғылыми салалар үшін ортақ. Сондықтан оны жетік зерттеу үшін биологтар мен экологтардың негізгі түйінді мәселесі. Адамзат қоғамының табиғи ортаға жағымсыз биосистемалардың құрылымының даму ерекшеліктерінің өзгерісінен байқауға болады. Табиғат және адам деген ұғымның мағынасы бір-бірімен етіне байланысып кеткен. Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Адам табиғаттың бір бөлігі. Ал табиғат адамның әрекетіне тәуелсіз, ол адам шығуынан пайда болған. Адам ең қарапайым құралды пайдалана білген күннен бастап біртіндеп табиғатқа өз өктемдігін жүргізе бастады. Ол өз мекенінің айналасына қажетті өсімдіктерді өсіріп жануарларады қолға үйретті, жерді өңдеп табиғат байлығын пайдалану дәрежесі барған сайын арта берді. Адам үшін табиғат тіршілік ортасы, оның қайнар көзі болады. Өзінің еңбек ете білунінің арқасында адаи табиғат алдындағы дәрменсіздіктен арылып, оның ресурстарын қалауына қарай пайдалана алу сатысында көтеріледі. К. Маркстің сөзімен айтқанда "…жер-оның анасы"болды. Еңбек арқасында адам рухани жағынан да жетіле түсті, табиғаттың түрлі заңдылықтарын менгерді. Табиғат заңдылықтарын менгеру дәрежесіне көтеріле отырып, адам одан азық, жылу, жарық, дәрілік заттар өндіре бастады. Сөйтіп, адам өзіне қажеттінің бәрін де табиғаттан ала білуді үйренді. Алайда бұл әрекеттің бәрі де табиғатты бағындыру бағытында жүргізіледі. Адамның материалдық игіліктер өндіру әрекетінің нәтижесінде жердің құнарлығы кеміп, көптеген ормандар кесілді, су көздері ластанды. Адамның мұндай тұтынушылық әрекетініің зардаптары алғашында мардымсыз болды да, табиғат оның орнын оп- оңай толтырып отырды.
Адамзат қоғамы барған сайын өркендеп, оның табиғат ресурстарын пайдалану дәрежесі бұрынғыдан әлде қайда арта түсті. Жер бетінде сан мыңдаған фабрикалар мен заводтар, алуан түрлі кәсіпорындар, түрлі шикізаттарды өңдеу мен таукен өнеркәсібі, орман шаруашылықтары және тағы сол сияқтылар толып жатқан бірлестіктер пайда болды. Бұлардың бәрі де өздерінің қызыметін жылдан-жылға жетілдіріп, табиғат байлықтарын пайдалануды үздіксіз арттыра берді. Жерді игеру, суды пайдалану, түрлі дақылдарды өсіру, мал санын арыттыру, орман байлығын қажетсіну мөлшері үздіксіз арта берді. Табиғат дегеніміз диалектикалық материализмнің анықтауы бойынша, уақыт пен кеңестікте шексіз, оны ешкім де қолдан жасамаған және ол үздіксіз қозғалыста болып, дамиды және өзгеріп отырады. Табиғат - өзара байланысты құбылыстардың бірыңғай, өте күрделі комплексі. Табиғат дегенде біздің көз алдымызға жер, орман, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер беті, сондай-ақ әлем кеңістігі жөніндегі түсініктер келеді. Табиғат ұғымы жаратылыстану және басқа да ғылымдар зерттейтін органикалық және анорганикалық дүниені қамтиды. Табиғаттың барлық құрамды бөліктері, яғни элементтері қоршаған ортаны құрайды [1] .
Табиғат ресурстары дегеніміз - өнеркәсіпке қажетті шикізаттар, энергетикаға қажетті мұнай, тас көмір, газ, сондай-ақ адамның еңбегінен өсірілген астық, орман және тағы басқалары. Табиғат ресурстарына адамның өндірістік және басқа да мұқтаждықтарына пайдаланылатын, табиғатттың кез келген объектілері жатады. Атмосфера ауасы, су, топырақ, күн және космос радиациясы, пайдалы қазбалары, климат, өсімдіктер мен жануарлар- табиғат ресурстары. Табиғат ресурстарының маңызы, пайдаланылуы, оның бүгінгісі мен болашағы жөніндегі мәселелерге қызығатын жастарға елімізде кең жол ашылған, олар өздері қалаған мамандықтар бойынша тиісті жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан қажетті білім алып, лайықты маман болып шығады. Бұл қадамның зор маңызы бар екендігі даусыз. Өйткені адам қандай мамандықтың иесі болса да табиғат қорғау мәселесі- баршамызға ортақ іс. Адамның табиғат ресурстарын үнемі пайдаланып отыруы болмай қоймайтын процесс. Табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасы барған сайын кең көлем алып келеді. Бұл ғылыми негізделген тұжырымдарға сүйене жүргізілуі тиіс. Қазіргі кезде жер шарының белгілі бір аймағында орын алған экологиялық дағдарыс сол аймақпен шектеледі, біздің территориямыз мұндай дағдарыстан тыс қалады деп үміттенуге болмайды. Бүгінде экологиялық дағдарыстың шарпуы көптеген елдер мен мемлекеттерді, кейде көршілес құрлықтарды қамтиды. Тіпті бір елдегі өндірістің қалдықтары келесі бір елдің табиғатына кері әсерін тигізуде. Сондықтан табиғаты қорғау, қоршаған ортаны таза сақтау мәселесі қазірде дүние жүзілік сипаты алып отыр. Табиғат қорғау мәселесі тек сөз жүзінде іске асырыла алмайды. Адамның табиғатпен қарым қатынасындағы әрбір әрекеті оның сөзімен сәйкес келіп, өмірден нақты көрніс алуға тиіс. Әрбір жас өзінің отырғызған ағашы болуға тырысса, оны күтіп баптап өсірсе, ол бұл істен қанағат сезімін алары сөзсіз. Мұндай іс көптеген балалар мекемелерінде, мектептерде жүргізіліп те келеді. Көптеген жас жеткіншектер қорықтар мен мектеп орманшылығының істеріне ат салысып, өздеріне болашақ мамандықты таңдауда. Олардың нағыз табиғат серігі боларына сенім мол. [9]
Қорыта айтқанда, адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынас қоршаған ортаны сақтауға ғана бағытталмастан, адамның ондағы өтіп жатқан процестерді меңгере білуіне, оларды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлай білуіне де бағытталуы тиіс. Бұл секілді аса маңызды ғасыр проблемасын шешу міндеті бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру өмір - тұрмыс жағдайының ықпалынан, ғылыми білімді игеру үрдесінен және тәрбиелік қызметтің мақсаткерлік нәтижелерінен көрінеді; айналадағы орта туралы, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл тұрғыда жаратылыстану циклі пәндері ұлан-ғайыр рөл атқарады. А. И. Герцен жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімнің маңызын айта келіп, оның жастық ақыл-ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталатынын, осы кінәратсыз негізде оларға кең мүмкіндіктер ашатынын жазған еді.
Жаратылыстану циклі пәндерін оқи отырып, оқушылар табиғат құбылыстарының өзара байланысын, олардың пайда болу және даму себептерін, табиғатта болып жатқан өзгерістерді бірте-бірте ұғына бастайды, табиғат заңдарын меңгеру арқылы өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларын дамытуды басқаруға мүмкіндік туатынын және оның заңдылықтарына сүйене отырып, табиғатқа адамның өктемдігі жүретінін түсіне бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz