Сынып жетекшісінің қызметтері
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінің міндеттері
2.2. Сынып жетекшісінің жұмысындаш оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру
2.3. Сынып жетекшісінің қызметтері
2.4. Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру
2.5. Сынып жетекшісінің жұмысының мақсатын анықтауы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның негізгі міндеттері:
а) Жалпы білім беретін мектептің оқу сыныбындағы тәрбиелік жүйені анықтау.
ә) Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін айқындау.
б) Сынып жетекшісінің ең маңызды қызметтерін анықтау.
в) Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашу.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір
сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-
кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.
Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру
қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогакалық
әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі
қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп
құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті
ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.
Балалардың болашақ әлеуметтк жағдайға бейімдейді, олардың демалысына
қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес
сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру,
тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.
Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы
көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған
сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және
жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын
ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын
қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,
адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп,
жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны
мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда
тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және
дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың
нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін
тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп
ізденісті талап етеді.

Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді
қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылуы тәрбие
процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.
Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған
әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән
сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік,
саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда
белгілері болып табылатындары:
- спартандық тәрбие жүйесі;
- афиндық тәрбие жүйесі;
- діни тәрбие жүйесі;
- джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);
- адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың
жүйесі);
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені
ұйымдастыратын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанга дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде
арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70
жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда
болды. Олар ақсүйек жэне ауқатты отбасыларында бастапқы кезде күтушілер
кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804
жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі
үйретуші – ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарта (әйелдер
гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру
міндеті жүктелген.
1828 жылы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау
мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалардың тәрбиелеу ісін
ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да
("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің
тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не
нәрсеге бейімділігін, мінез-құлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу
тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап
оқуын қадағалуаға міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылы гимназиядағы сынып тәрбиешісі
Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері
мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болды: сабақта
тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-
қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу;
сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен
қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және
оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік
сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл
аударылды.
Бірақ та, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек
тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі,
оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі
онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан сынып тәрбиешілерінің
тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір
өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның
қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып
тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды.
Олардың маңызды міндеті – оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта
тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын
орындау т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын,
әр түрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене
қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне
басталды.
1913—1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда
болды: тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын
үйірмелер; қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештері, көрме
жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында
сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола
алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет
болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне
бірдей жүктелді Оларды топ жетекшілері деп атады. Негізгі міндет
коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл
бөлу. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды
ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл
бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардан ата-аналары жайында
мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың
өзін-өзі басқару ұйымына басшылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң
нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс бодды: оқу
процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке-дара білімдерін
жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау
т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы "Жалпы еңбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы,
мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтан оқьпу тәртібіне көшіруі, сыныптық-
сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп
өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны,
формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып
жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту
Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызметі де
бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа Ереже қабылданды. Онда сынып
жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі
нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары
туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны
қалыптастыруға ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық-саяси
тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу,
оқушылардың Оқушылар ережелерін үйренуі міндеттелді.
Осыдан 1971 жылы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде
сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек
тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет
пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің
барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және
тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар
субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым
қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін
шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді.
Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа
ізденпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес,
сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық
ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске
ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ықтымақтастық және
тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда
болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы
білім беретін жалпы орта мектептер педагогикалық әрекеті өзгеріске
ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да
өзгеруде:
-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
-сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің
қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің
педагогакалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып
жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, балшы тәрбиелеу ісі әлеуметтік ортамен өзара тікелей
белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып
жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани
білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе
отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен
мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқаа ие болуда. Дегенмен, сынып
жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара
байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытты сыныптағы оқушылардың әрекетін
ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта
туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.
70—80 жылдардағы мектептен өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші
негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып
жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі
жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие
жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс
жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әр бір баланың дене және психикалық дамуын
қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте,
негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық
жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, ұмытуға,
әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай
туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметгік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса
көңіл бөлінеді.
XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі
ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек,
әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын ендіру (әртүрлі орталықтар, мектеп
театрлары және т.б.). Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта
құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау,
кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие
мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы
(жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге
аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай
келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған
тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік
қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді,
әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін
пайдалануды жатқызады.
Тәрбие жүйесін құру бірнеше кезеңдерді болжайды:
- жүйенің қалыптасуы;
- ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;
- жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару және
жаңалықтарды ендіру;
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы
кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім
беру саласындағы қызметкерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында
жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады.
Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік
мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие
жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар:
тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді
дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеалды.
Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау
мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш
нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық
және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға
сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде
ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру
арқылы ғана анықтау мүмкін.
Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған
жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету
мүмкіндігі бар.
Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:
1. Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.
2. Тілдерді меңгеру.
3. Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.
4. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде
меңгеру.
5. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.
6. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.
7. Ұлттық мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың
жұмысы.
8. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып
сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).
9. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері. Басқа да тәрбие
жүйесінің нәтижесі бұдан кем емес. Әрине, бұл бағытта әртүрлі ізденістер
болуымүмкін, алайда, кез келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты
бар.
Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол
дегеніміз - мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары
қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге
асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы, Н.Е.Щуркова
келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:
а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;
б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі,
бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін
жағдай жасау.
Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау
нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.
Бірінші топ - әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік
қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының
қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен
әрекеттестік).
Екінші топ - диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс
ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).
Үшінші топ - адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық
критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).
Төртінші топ – даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен
жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-
әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).
Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы
тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міндеттерді бөліп қарау. Өйткені
оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы
ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:
1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
3. Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру.
4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.
Е.Н.Степанованың айтуынша сыныптың тәрбиелік жүйесі – бұл сыныптағы
әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруін ұйымдастыру тәсілі бұл
біртұтас өзара әсерететін компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз
етеді - дейді. Осыған байланысты компоненттер тізімі;
1. Жеке топтық компонент тәрбиелік жүйе құрамы балалар мен ересектер тобы.
2. Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің мақсат міндеті бірлікте, сыныптың
болашағы, тәрбие жүйесін құрудың кағидасы).
3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы түрі, форма бірлескен іс-
әрекетті ұйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі
басқару).
4. Уақытша-кеңістік компоненті (тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу
кезеңі т.б.).
5. Диагностикалық-талдау компоненті (тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің
тиімді өлшемі, ұжымды танып білудің әдіс тәсілдері, талдаудың формасы мен
тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).
Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды
адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.
2.2. Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушылардын жеке тұлғасын қалыптастыру
Сонымен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz