Қазақ хандығының ныға



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   


Қазақ хандығының құрылу қарсаңына (XIV - XV ғасырларда),
қазақ тайпалары Сібірден Сыр бойына, Ертістен Жайық жағасына дейінгі
жалпақ өңірге жайылып қоныстанған болатын. Осы дәуірді баяндайтын
ортағасырлық тарихшылардың шығармаларында қазақ даласының негізгі
тұрғындары ретінде қыпшақ, қаңлы, қарлық, үйсін, найман, керей, қоңырат,
маңғыт, тағы басқа тайпалар аталады. Бұлар қазақ даласының ежелгі
тұрғындары, сондай-ақ бұдан бұрын осы өңірлерде құрылған Ақ Орда,
Моғолстан, тағы басқа хандықтардың этникалық негізі еді.
Бұл тайпалар ішінде қыпшақтардың орны өзгеше болды, XIII
ғасырдың деректерінде Алтын Орда хандары Қыпшақ патшалары деп
аталды. Қыпшақтар XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбани ұлыстарын
біріктірген Ақ Орда халқының, ал кейіннен Әбілхайыр хандығы халқының
да едәуір бөлегін құрады.
Батыс сібір тайпаларымен көрші болып, оларға елеулі ықпал
еткен қазақ тайпаларының негзгі ұйытқысы қыпшақтар еді. Ертіс
өңірінің Торғай, Есіл далаларының қыпшақтары: құлан қыпшақ, қытай
қыпшақ, сағал қыпшақ, торыайғыр қыпшақ және мажар (мадияр) қыпшақ
бірлестіктеріне бөлінді. Тобылдың төменгі бойынан Ұлытау мен
Сырдарияға дейігі территорияда басқа тайпалардың едәуір бөлегі,
олардың ішінде наймандар, керейттер (керейлер), меркіттер мен оңғыттар
қоныс тепті.
XV ғасырда Ақ Орданың орнына құрылған Әбілхайыр хандығының
(1428-1462) халқы арасында қарлық, қоңырат, үйсін, найман, өкіреш
найман, қият, маңғыт, шынбай, итжан, тапғұт, дұрман, тубай, таймас, күшті,
отаршы, шап, қытай, барақ, ұйғыр, күрлеуіт, ішкі, ішкі маңғыт, тұман тағы
басқа тайпалардың болғандығы мәлім.
Қазақ хандығының құрылу қарсаңында, әрбір қазақ тайпасының
өріс-қоныстары ұлан-байтақ территорияны алып жатты:
Наймандар XIV - XV ғасырларда Ұлытаудан Есілге дейінгі
аудандардың көпшілігін қоныстанды.
Қоңыраттар XIV - XV ғасырларда Түркістан мен Қаратау
аудандарын мекен етті.
Арғындар XIV – XV ғасырларда Ертістен батысқа қарай орталық
Қазақстанды, ішінара Сырдарияны және батыс Жетісуды мекендеді.
Керейлер XIV - XV ғасырларда Жетісуда және Тарбағатайда,
сондай-ақ Ертіс бойында, Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендеріне
дейінгі өңірде өмір сүрді.
Дулаттар XIV - XV ғасырларда Іле, Шу, Талас өзендерінің
алқаптарында, Ыстықкөлден оңтүстікке қарай, сондай-ақ Оңтүстік
Қазақстанда Отырар жасыл алқабын мекендеді.
Қаңлылар Қаратау баурайы, орта Сырдария және батыс
Жетісудағы өздерінің ежелгі мекенінде болды.

Үйсіндер өздерінің байырғы заманнан бергі мекені Жетісу
өңірін қоныстанды. Тарихи деректердің айтуынша, Әбілхайыр хандығында
да үйсіндер болған.
Тарихи – и - Рашиди мен Раузат – ас - сафаның дерегіне
қарағанда XIV - XV ғасырларда Іленің сол жағасында және Янги (Тараз)
ауданында керейттер Шу өзенінің оң жағасында Арғындар мекендеген.
Жалайырлар Қаратау баурайын, орта Сырдария өңірі мен
Жетісуді қоныстанған.
Қазақ хандығының құрылуы осы ұлан - байтақ өңірді
қоныстанған қазақ тайпаларын және қазақтың этникалық территориясын
біріктірді. Қазақтың өз алдына халық болып қалыптасу барысын
біржолата аяқталды.
Қазақ хандығы – шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі,
феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері
Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың
біріңғай этникалық топ – қазақ халқы негізінде бірігуі арқылы XV
ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ
халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ
өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын осып шоғырландыруда,
қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы
заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата
аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан
үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-
Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының
құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.
Қазақ хандығын саяси – экономикалық база негізінде нығайту
үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Қазақ
хандығының алдына үш үлкен тарихи міндет қойылды.
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында
бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру ( бұл тәртіп
Әбілхайыр хандығындағы аласапыран арқылы бұзылған ) көшпелі
шаруалардың көкейкесті мүддесі еді.
2. Шығыс пен батыс арасындағы сауда керуен жол үстіне
орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса ( Түркістан
) тағы басқа қалаларды қазақ хандығына қарату. Бұлар осы өңірдегі
саяси – экономикалық және әскери – стратегиялық берік база болатын.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық
территориясын біріктіру, бұлардың ішіндегі маңдайалды маңызды міндет
– Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресу болды.
Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік
бірлестіктердің – Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси - әкімшілік
және сауда экономикалық орталықтары еді. Бұдан бұрынғы тарихта осы
Сырдария бойындағы қалаларды өзінің эканомикалық және әскери тірегіне
айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын биленудің басты шарты болып келген.
Сондықтан бұл қалалардың саяси – экономикалық және соғыс – стратегиялық
маңызы зор еді. Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері
өркендеген қалалы аудандар мен сауда-саттық жасауға тек даланың
әкімдері ғана емес, Дешті-Қыпшақтың шаруалары да ділгір болып
отырды.
Сырдария бойындағы қалалр мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін
күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр
хан еді. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен
Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл
одақ ойрат жоңғарларының тайшасы Амасанжының Моғолстанға шабуыл
жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы қазақ хандығына шабуыл
жасауынан тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті. 1468-жылы қыста
Әбілхайыр хан қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа
аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты.
Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының нығайуына және көлемінің
кеңейуіне үлкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң оның елінде
қиян – кескі қырқыс басталып, хандық ыдырай бастады: Өзбек ұлысының
шаңырағы шайқалды, ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі
Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті . Мұндай тиімді жағдайды
дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Әз Жәнібек бұдан
12-жал бұрын өздері ауып кеткен ата қонысы Дешті-Қыпшаққа қайта
оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың му
Шыңғысхан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда,
Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Дешті Қыпшақ даласы мен
Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұйтқымалы ұсақ хандықтардың және
осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен сұлтандар басқарған
түрліше феодалдық топтардың тынымсыз қырқыстарынан, соғыстарынан
қанжілік болан халық бұқарасы бұл тартыстарда тиятын, аласапыранды
аяқтататын біртұтас үкіметті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір
өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейкесті мүддесі еді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық
қырқыстар мен аласапырандылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс
бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде
бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан
қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша
тиімді пайдалануын, дер кезінде өріс-қоныс, жайлау - қыстауларына
көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз
етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді. Бұл жағдайлар
қазақ хандығының белін бекемдеп, беделі мен күш-қуатын арттырды.
Қазақ хандығында өмірдің оңала бастағандығын көрген қазақ тайпалары
басқа хандықтардың телімінен құтылып, қазақ хандығына қосылуға
талпынды. Бұл қазақ тайпалары мен олардың этникалық территориясын
біріктіруге тиімді болды.
XV ғасырдың ақыры мен XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарында
қазақ халқын құрайтын негізгі этникалық топтардың мемлекттік
бірлестігі халықтың бірігу барысын жеделдете түсті. Әбілхайыр мен Ақ
Орда хандықтарына қарағанда Қазақ хандығының ерекшелігі - оның
анағұрлым кең де берік этникалық негізі - қалыптасқан қазақ халқы
болды. Маңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен
тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы Ресей империясының Қазақстанда жүргізген реформалары
Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетін дамыту
Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы
Сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері
Қылмыстық-процесуалдық құжаттар
Анықтаудың алдын ала тергеудің өзге нысандарынан айырмашылығы
Ақмола облысы жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктері
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ хандығының нығаю жолдары
Пәндер