Файлдарды іздеу бағдарламалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

1-сұрақ

70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 - ші жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлердің дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютерлердің шығуы болды.

Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

1. мақсат қойып, соның нәтижесін алатын адам;

2. аппараттық жасақтау;

3. мәліметтер файлы;

4. компьютерді программалық жасақтау.

ДЭЕМ - сы мынадай құрамнан тұрады: орталық процессор, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық есептеу мен ақпарат өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады.

Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программаларлы, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

IBM дербес компьютерлері мынадай бөліктерден тұрады:

1. жүйелік блок-құрамында микропроцесссор, жедел жад, тұрақты есте сақтауыш құрылғысы, қоректену блогы мен енгізу - шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар;

2. мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей;

3. әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған пернетақта;

4. мәтіндік және графикалық ақпараттарды басып шығаруға арналған принтер;

5. графикалық курсормен басқарылатын құрылғы-«тышқан» графикалық тетігі;

6. сканер - графикалық немесе мәтіндік ақпараттарды оқуға арналған құрылғы;

7. модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы;

8. CD ROM - компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы;

9. желілік адаптер - компьютерлерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

2-сұрақ

Екілік санау жүйесі

Компьютерде әдетте ондық емес позициялық екілік санау жүйесі, яғни 2 негіздеуіші бар санау жүйесі қолданылады. Екілік жүйеде кез - келген сан екі 0 және 1 цифрлардың көмегімен жазылады және екілік сан деп аталады. Тек қана 0 және 1 цифрларынан тұратын екілік саннан ондық санды ажырату үшін екілік санды жазуда екілік санау жүйесінің индексіне белгі қосылады, мысалы, 110101, 1112. Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды. Екілік жүйенің маңызды құндылығы - цифрды ұсыну ыңғайлылығы және компьютер аппаратурасының қарапайымдылығы, жарым-жартылай екілік сандармен орындалатын арифметикалық және логикалық операцияларды жүзеге асыруға арналған арифметикалы-логикалық құрылғы.

Ондық сандар сияқты, кез-келген екілік санды екілік санға кіретін цифрлар салмағының айырмашылығын анық бейнелейтін қосынды түрінде жазуға болады. Бұл қосындыда негіздеуіші ретінде 2 санын қолдануға болады. Мысалы, 1010101, 101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады:

1*2 6 +0*2 5 +1*2 4 +0*2 3 +1*2 2 +0*2 1 +1*2 0 +1*2 -1 +0*2 -2 +1*2 -3

Бұл қосынды ондық сан үшін жазылған қосындының ережесі бойынша жазылады. Берілген мысалда екілік сан жеті санды бүтін және үш санды бөлшек бөліктерінен тұрады. Сондықтан бүтін бөліктің үлкен цифрі, яғни бірі 2 7 -1=2 6 -ға көбейтіледі, бүтін бөліктің нөлге тең келесі саны, 2 5 -ке көбейтіледі және т. с. с., кішкентайға, үшіншіге, дейін екінің дәрежесі кемуі бойынша цифрдің бөлшек бөлігі 2-3-ке көбейтіледі. Осы қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай отырып, 85, 625 санын аламыз. Осылайша, 1010101, 101 екілік саны 85, 625 ондық санына сәйкес келеді, немесе 1010101, 101 2 =85. 625 10 .

3-сұрақСегіздік санау жүйесі

Сегіздік санау жүйесі, яғни 8 негіздеуіші санау жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. Мысалы, 357 сегіздік санда жеті бірлік, бес сегіз және квадраты үш сегіз бар, яғни 357 8 =3*8 2 +5*8 1 +7*8 0 , мұнда 357 санының индексі «8» санау жүйесін білдіреді. Жазылған қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық әрекеттерді орындай отырып, 357 8 =239 10 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239 ондық санға сәйкес келеді.

4-сұрақОн алтылық санау жүйесі

Екілік санау жүйесін компьютерден тыс жерде қолдану өте қолайсыз. Сондықтан екілік санды жазуды қысқарту үшін 16 негіздеуіші бар санау жүйесі қолданылады. Бұл жүйені он алтылық деп атайды.

Он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрларды белгілеу үшін ондық сандарының мәні 10, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Мысалы, 3Е5А1 осы санды негіздеуіші 16 қосындысы түрінде есептеп жазсақ, мынаны аламыз:

3Е5А1 16 =3*16 4 +E*16 3 +5*16 2 +A*16 1 +1*16 0 .

Ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай және А=10, E=14 ескере отырып, 3Е5А1 16 =255393 10 аламыз.

5 . Компьютерді құрудағы Фон-Нейманның логикалық сызбанұсқасы .

Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін информация мен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері де қарастырылған.

Төмендегі принциппен жұмыс істеу машинаның Нейман принципімен жұмыс істеу принципі делінеді.

Дж. Фон Нейман принциптері:

1. Дж. фон Нейман машинасының негізгі блоктары: басқару блогы, арифметикалық - логикалық құрылғы, жад және енгізу - шығару құрылғылары.

2. Информация екілік жүйе бойынша кодталады және сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді.

3. Алгоритм команда деп аталатын басқару қызметші сөздерінің тізбектерінен тұрады. Алгоритм құрайтын командалар жиынтығы программа деп аталады.

4. Программа мен деректер бір жадта сақталады. Түрлі типті сөздер кодтау жолымен емес, пайдалану жолымен ажыратылады.

5. Басқару құрылығысы мен арифметикалық құрылғы бір құрылғыға біріктіріледі, оны орталық процессор деп атайды. Олар кезекпенен жадтап оқылған командаларды ашып, сәйкес түрде бір мәнде етіп орындайды.

6. Компьютердің негізгі құрылығылары.

Дербес компьютер - әмбебаб техникалық жүйе. Оның конфигурациасын қажеттілікке қарай икемділікпен өзгертуге болады. ЭЕМ - нің типтік толық жинағы төрт конструктивтік блоктан тұрады: жүйлік блок, дисплей, пернетақта, тышқан - тетік.

Жүйлік блок - ішінде компьютердің ең маңызды компоненттері орналасқан негізгі торапты білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды компоненттер:

  • Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т. б. )
  • Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптасыратын қоректендіру блогі;
  • Икемді магниттік дискіге жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы;
  • Алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.

Дисплей - деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.

Пернетақта - компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай-ақ оның жұмысын басқаруда пайдаланылады.

Тышқан - тетік - бұл информацианы компьютерге енгізудің манипуляторы.

Бұлардан басқа компьютердің жүйелік болгына мынадай құрылғыларды қосуға болады.

Принтер - информацианы қағазға басып шығаруға арналған.

Стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған.

Сканер - информацияны оқуға арналған оптикалық құрылғы.

Желілік адаптер - компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

Плоттер - графикалық информацияны шығаруға арналған.

Модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған.

CD-ROM - компакт - дискілерді оқуға арналған.

7. Сыртқы құрылғылардың типтері

ЭЕМ бірыңғай аппаратық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

  • Информацияны енгізу құрығылары
  • Информацияны шығару құрылғылары
  • Информацияны жинақтауыштар

Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрыларға пернетақта, тышқан, сканер жатады.

Шығару құрылғыларына принтер, монитор, плоттер жатады. Информацияны жинақтауыштарға оптикалық дисктер, стример жатады.

8. Бағдарлама және бағдарламамен қамтамасыз ету ұғымы.

Бағдарлама - магниттік тасмалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқалар жиыны

Бағдарламамен қамтамасыз ету - компьютерде белглі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық бағдармалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы бағдарламалар жиынтығы. Барлық бағдарламалық құралдардың жиынтығы мен олардың қажет ететін, компьютерде қолданылатын деректерін әдетте Software деп жиі атайды (Software - бағдарламамен қамтамасыз ету, Soft - жұмсақ, ware - өнім, яғни жұмсақ өнім), аппараттық құралдардың жиынтығы - hardware (hardware - аппараттық құрал, hard - қатты) .

Бағдарламамен қамтамасыз етудің үш тобын бөліп көрсетуге болады: жүйелік, инструментальдық, қолданбалы.

Жүйелік бағдарлама - деректерді өңдейтін компьютерлік технологиялардың барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін көмекші жұмыстардың көбін аппараттық құралдарымен автоматтандырады. . Жүйелік бағдарлама тобына операциялық жүйе, операциялық қоршам, архиватор, анивирустық бағдарлама және т. б. кіреді.

Инструментальдық бағдарламаны қамтамасыз ету адам қызметінің әр түрлі салаларында қолданылатын бағдарламаның барлық ықтимал дестелерін әзірлеуде қолданылады. Бұл топқа мыналар кіреді: бағдарлама мәтінін машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритімдік тілдердің трансляторы; бағдарламаның жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ жөндеуші -оның көмегімен бағдарламаны жазу барысында кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда айтылған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.

Қолданбалы бағдарлама - бұл деректерді өңдеудің информациялық технологиясы қолданылатын белгілі бір саладағы міндеттерді немесе міндеттер тобын шешуге арналған бағдарлама. Бұл бағдарламамен қамтамасыз ету белгілі бір бағдарламалық салаға бағдарланған қолданбалы бағдарламалар дестесін(ҚБД) және пайдаланушының проблемалық бағдарламасын қамтиды. Бағдарламалар дестесі біршама дәрежеде пайдаланушының информацияны түрлендірудегі белгілі бір процедураны орындайтын қолайлы әрі қарапайым құралдарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін интерактивті ортаны білдіреді. ҚБД-ға мыналар жатады: мәтіндік редактор, графикалық редактор, электрондық кесте, деректер базасының басқару жүйесі, жинақталған жүйе, сараптық жүйе, HTML редакторы, броузерлер, қаржылық талдау жүйесі, бухалтерлік бағдарлама, корректор, аудармашылар және электрондық сөздік, оқытушы білім бағдарламасы және мультимедиялық энциклопедия.

9- сұрақ. Бағдарламалық жабдықтау құрылғысы.

Прогаммалық жабдықтама-информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Прогаммасыз кез клген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. ЭЕМ прогаммалары екі топқа бөлінеді, олар:1. жүйелі прогаммалық жабдықтама, 2. қолданбалы прогрммалық жабдықтама. Жүйелі программалар ЭЕМ нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программамен байланыстырады. Жүйелі программалық жабдықтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:1) опрациялық жүйелер; 2) утилиттер; 3) сервистік программалар: Операциялық жүйелер -компьютердің прогаммалық құраладының ажырамас бөлігі, ол адамға барлық құрылғыларды басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программамен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағыттаоған ең негізгі, әрі маңызды программа. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Мысалы, антивирустік программалар, мәліметтерді архивтеу программалары, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін программалар. Сервистік программалар -әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалық жабдықтама-белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Қ. П. сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есепті шығара алатын қуатты маманданған жүйелерді жатқызуға болады. Олар белгілі мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оның пайдалану аймағы да шектеулі. Әмбебап программалық жабдықтама дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске асырады. Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндіріс тік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату-өндірісті жүргізу заңдылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз.

10-сұрақ. Әртүрлі бағдарламалардың қолданылуы.

Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап прогаммалық жабдықтаманың негізгі түрлері:мәтін редакторлары, графикалық редакторлар, электрондық кестелер, оқыту және ойнау программалары, информациялық жүйелер. Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында таюуға, абзацтарды туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мумкіндік береді. Графикалық редакторлар графиктік инфориацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де, өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегіг есептеу нәтижесі бойынша компьютермен жазу арқылы толтырылады. Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Компьютерлік ойындар-демалудың жаңа технологиясы. Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лаборатоиялық аспап әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Информациялының көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы «қағаздағы» мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, инфлрмация алу, тарату, пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтерді.

11-сұрақ. Операциялық жүйе ұғымы .

Операциялық жүйелер -компьютердің прогаммалық құраладының ажырамас бөлігі, ол адамға барлық құрылғыларды басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программамен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағыттаоған ең негізгі, әрі маңызды программа. Операциялық жуйе, яғни система(ОС) екі негізгі қызметті орындайды:1) барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бірбірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету; 2) әрбір адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіншілігін беру. ОС-тің негізгі мақсаты-программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, т. б. Сонымен ОС-адам мен компбютер аппараттық құралдарынын арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. ОС-тің атқаратын қызметін үш топқа жіктеуге болады; 1) мәліметті енгізу-шығарудың барлық түрлерінұйымдастыру; 2) компьютердің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру; 3) мәліметтерді сақтау мен иөңдеу жұмыстарын атқару. Компьютерлердің әртүрлі модельдеріне қарай ОС-тің архитектурасы мен мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS(PS) -DOS, WINDOWS 9x(WINDOWS ME), WINDOWS NT(WINDOWS 2000), WINDOWS XP, OS/2, LINUX(UNIX), Mas OS жатады. Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да теек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 9x(WINDOWS ME), WINDOWS NT(WINDOWS 2000), WINDOWS XP, OS/2, LINUX(UNIX), Mas OS көп мақсатты жүйелер болып есептеледі. Көп мақсаттылық-компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Көптеген IBM-үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі немесе көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.

12-сұрақ. Операциялық жүйенің функциялары .

Операциялық жүйелер -компьютердің прогаммалық құраладының ажырамас бөлігі, ол адамға барлық құрылғыларды басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программамен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағыттаоған ең негізгі, әрі маңызды программа. Операциялық жуйе, яғни система(ОС) екі негізгі қызметті орындайды:1) барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бірбірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету; 2) әрбір адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіншілігін беру. ОС-тің негізгі мақсаты-программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, т. б. Сонымен ОС-адам мен компбютер аппараттық құралдарынын арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. ОС-тің атқаратын қызметін үш топқа жіктеуге болады; 1) мәліметті енгізу-шығарудың барлық түрлерінұйымдастыру; 2) компьютердің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру; 3) мәліметтерді сақтау мен иөңдеу жұмыстарын атқару. Компьютерлердің әртүрлі модельдеріне қарай ОС-тің архитектурасы мен мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS(PS) -DOS, WINDOWS 9x(WINDOWS ME), WINDOWS NT(WINDOWS 2000), WINDOWS XP, OS/2, LINUX(UNIX), Mas OS жатады. Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да теек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 9x(WINDOWS ME), WINDOWS NT(WINDOWS 2000), WINDOWS XP, OS/2, LINUX(UNIX), Mas OS көп мақсатты жүйелер болып есептеледі. Көп мақсаттылық-компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Көптеген IBM-үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі немесе көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүйелер көптеген функцичларды орындайды:информацияны дисуіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, көптеген құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе компьютер іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін негізгі программа болып табыладлы.

Қоршам - бұл ОЖ-дың басқаруымен іске косылатын жән е осы ОЖ-мен адамның жұмыс істеуіне көмектеседі. Қоршам - программасы компьютердің барлық файлдық құрылымын: дискілерді каталогтарды және файлдарды зкраннан көрнекті (наглядно) етіп көрсетеді.

Мұндай программа мен командалық жол арқылы (в командной строке) MS DOS-тың күрделі командасын теріп жатудың еш қажеті жоқ. Файлдарды бар-жоғы бірнеше пернені пайдаланып, іздестіруге, көшіруге, ауыстыруға, жоюға, сұрыптауға, өзгертуге және іске қосуға болады. Қоршам-программасы командаларды MS DOS (DOS Navigator, Volkov Commander) тіліне «аударады».

Windows 9. х-тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардың ұзынсонар (длинные) информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды да назарға алмауға (допускаются даже пробелы), кез келген объектіні экранның кез келген жерінен ауыстыруға әрі экранның кез келген жерінен контекстік мәзірді (контексное меню) шақырып, контекстік кемекке жүгінуге болады.

ОЖ-дың бірінші нұсқасы Windows NТ нарықта алғаш рет 1993 жылы пайда болды, қазіргі уақытта оның 3. 5 және 4. 0 нұсқалары әр түрлі ұйымдар, банктер, өнеркәсіптік және жекелеген пайдаланушылар кеңінен қолданылып жүр.

Windows 2000 - көптеген сервистік пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілсе де, пайдалануда үлкен қиындықтары бар Windows NТ және Windows 9. х екеуінің мүмкіндіктерін біріктірген операциялық жүйе. Windows 2000 негізіңде оңтайландырылған нұсқа ретінде Windows МЕ - Windows9. х. -ны дамытушы болып табылатын ОЖ нұсқасы жасалды. Windows ОЖ-дың жаңа - 2002 жылғы нұсқасы - Windows ХР жасалды. Windows ХР Windows 2000-да пайдаланылған технологиялардың негізінде әзірленді. Ол үйдегі және кеңседегі компыотерде жұмыс істеуге қолайлы әрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows ХР жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан және қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каталогтың ішіндегі файлдың жазылуы
Phyton бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс
Вирусқа қарсы бағдарламалар
Файлдық жүйе функцияларына шолу
Ядро және процестер
Серверлердің бағдарламалы қамтамасыздандырылуы
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Информатика пәні дәрістер кешені
ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕСІ. MS DOS. NC, FAR MANADGER ҚАУАШЫҚ ПРОГРАММАСЫ
Операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz