Бала тәрбиесі ата - ана үшін күрделі міндет


Атақты кеңес педагогі В. А. Сухомлинский ұзартылған күн тобының ғылыми әрі практикалық бой мұра қалдырды. Ол ұйымдастырылған ұзартылған күн тобының негізгі мақсаты оқу мен тәрбиенің бірлігі оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауға баулу кітаппен жұмыс істеуге үйрету танымдық ойлау қабілетін дамыту ойын әлементтерін пайдалану.
Ол ұзартылған күн тобындағы таза ауада өткізуді дұрыс деп санады, Мұғалімнің, тәрбиешінің маңызды міндеті - оқи білуге үйрету, оларға терең, берік білім беру, өздігінен дұмыс істеуге дағдыландыру. Ұзартылған күн тобында бұл міндет арнайы уақытта шешіледі, онда оқушылардың өз бетімен үй тапсырмасын орындауға уақыт бөледі. Оқушылар үй тапсырмасын дайындау процесінде сабақта үйренген материалды қайталайды және пысықтайды. Әрі алған білімді іс жүзінде қолдануға, әрі тереңдетіп, үйретіп және ол дағдыларын жетілдіріп, дамытады. Оқу - тәрбие жұмыс процесінде олардың өміріне қажетті табандылық, қажырлық, иницианивтік және т. б. қасиеттер қалыптасады. Оқушының өзінің ақыл - ой еңбегін ұйымдастыра білуге тәрбиелеу, олардың оқуға ынтасын дамытудың негізі болып табылады. Оқушылар үй тапсырмасын 1-1, 5 сағат орындайды, белгілі бір уақытта дайындайды. Олар оқуға сергек, байсалды, тынығып кіріскен өте маңызды. Серуендеуден соң тәрбиеші қозуды болдырмау үшін оқушылардың жүгірмеуін, әрі айқайлап сөйлемеуін қадағалайды. Үй тапсырмасын орындау тыныштық, іскерлік жағдайында басталады. Сабаққа дайындық кезінде тыныштықтық сақталып, сыныпқа басқалардың кіруіне рұқсат етілмейді. Сондықтан барлық ескертпелерін жай, естілер - естілмес жеке - жеке оқушыға жасалады. Оқушылар өз бетінше дайындық кезінде әр сабақтың арасында 15-20 минуттан кейін сергіту сәттерін жасатамын. Балаларды өз бетімен дайындауға уақытты тиімді пайдалана білуге үйретуге тырысамын. Ұзартылған күн тобында үй тапсырмасын орындауды ұйымдасытру және өз бетінше, еркін жұмыс істеуге тәрбиелеу үшін сынып жетекшісімен байланыс жасаймын. Әр оқушының мінезі, қабілеті берілген тапсырманы ұғынуы немесе ұғынуындағы кемшіліктері, ата - аналардың жұмыс орны, мамандығы берілген жұмыс жоспарының орындалу барысы, қоғамдық өмірге қатысы т. б. анықтап аламын. Мұғалім мен тәрбиеші болып, оқу - тәрбие үрдісінде кәсіптік бағдар беру саласында бірыңғай талап қоямыз. Ұғым дәрежесіне қарай нашар оқушымен жеке жұмыс жасаймын. Оқыту және тәрбиелеу, дүниетану әрбір мәселде төңірегінде ойланып, өз бетінше қорытынды жасауға үйретемін.
Оқушыға қазақ тілі пәні бойынша дайындық жасауға ол тапсырманы тексеру кезінде анағұрлым күрделі тәсілдерін табысты түрде меңгере алады, жазғандарын, оқыған ережелерін және басқа қойған талаппен салыстырады, жаттығуларды берілген тапсырмалардың бәрі орындалып, оған қосымша тапсырма беріледі.
Мұндай іскерлікке дағдыландыруға үнемі күш жұмсап, талап етемін, шығармашылық қабілетін дамытамын. Қазақ тілі пәнінде «Қызықты грамматика», «Сөздерді тез тауып, оқиық», «Шашыранды сөздерден сөйлем тауып құрайық», «Геометриялық фигуралардағы сөйлемдерден сөз таптарын табайық», «Жоғалған қосымшаны тап», «Сөзжұмбақ пен бейнесөздер шешейік» т. б. ойындар ойнату арқылы ережелердің түсінгенін, буындардан мақал - мәтел құрастырады, Фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасалады, өздері ертегі мәтіндер құрастырып жазады, сурет бойынша мәтіндер құрастырады. Математикадан өзінің жұмысын сауатты және саналы тексеру үшін арнайлы тәсілдер қажет. Оқушылар көпшілігі шығарылған есептерді тексерудің арнайы тәсілдерін меңгеру қажет. Оқушылардың шығарылған мысалдарын тексеру үшін кері есептер шығарудың маңызы зор. Мұғалім қайсыбір мысалдарды және есептерді шығару тәсілдерін оқып үйрете отырып, оларды тексеру тәсілдерін, қоса қарастырса, егер оқушылар мұндай тәсілдерді жүйелі түрде жаттығатын болса, мұғалім оны өзін - өзі тексеру әдістерін өздігінен тиімді пайдалануға жұмылдырып отырса, онда балалар математика бойынша әрбір жұмысты тексеруді үйренеді. Әрі өзін тексеру тәсілдерін іздестіреді. Жүйелі түрде өзін - өзі тексеріп отыру, оқушылар сондай - ақ іскерлік пен дағдыны жетілдіре беруге көмектеседі. Әрі жұмыстың маңыздылығына көзі жетеді. Оқушылардың танымдық ойлау қабілетін дамытуда математика пәні ерекше оны алады. Әрі есептер, әрі мысалдар ойлау белсенділігін қажет етеді. Оқушылар өздері білетін тапсырмалардан бастап орындай отырып, бірте - бірте күрделенілетін бағыттар құрайды. Ойын есептер, бас қатырғыш, жұмбақ - есептер т. б. пайдаланамын. Олар математикалық ұғымдарын кеңейтіп, есептеу шеберлігін арттырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, қызығушылққа үйретеді. «Өлең - тақпақ» есеп, санамақтар «Ойлан, тап», «Фокус», «Қызықты математика», «Есеп - жұмбақ», «Ғажайып математика алаңы», т. б. ойындар арқылы ауызша есептер шығардық. Балаларды оқуға, білімге құштарлығын арттыру мақсатында әңгімелер өткізіліп, түсініктер беріледі. А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин т. б. ақын - жазушылардың шығармаларын оқып, түсініктерін айтады. Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаевтың өлеңдеріне поэзия минутын өткіздім. Ақын - жазушылар шығармаларына суреттер салдырдым, өлеңдер шығарды. Жыл мезгілдеріне байланысты күз, қыс, егін жинау т. б. альбомдар дайындадық. «Табиғат - өмір бесігі» тақырыбында табиғатқа саяхатқа шықтық. Табиғатқа, мұражайға, саябаққа серуенге шықтық. Оқушыларды бейнелеу өнеріне жаттықтырып, өмірге деген қызығын арттырып, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Ұзартылған күн тобының жұмысын ұйымдастыруда дене тәрбиесі, кітап оқу, еңбек жұмыс маңызды. Оқушыларды тәрбиенің әр түрі патриоттық, эстетикалық, этикалық, адамгершілік тәрбиесіне байланысты іс - шаралар өткіздім. «Табиғат - өмір бесігі», «Қанатты достар», «Арқалық - туған өлкем» т. б. альбомдар дайындадық. «Мамандықтың бәрі жақсы», «Дос көңілі - шарайна», «Арқалық ғарыш айлағы», «Гүлденген менің Қазақстаным», «Тамаша адам өмірінен», «Өткен ғасырдың ағартушысы», «Әдептілік адамгершілік айнасы» т. б. тәрбие сағаттарын өткіздім. Жол жүру ережесіне байланысты сайыстар болды. «Жол жүру ережесін ұмытпайық», «Көшеде сақ бол», «Жолаушылардың міндеті» т. б. «Ардагерлер ешқашан қартаймайды» диспут, «Ешкім ешқашан ұмтылмайды» кездесу т. б. «Табиғат - алтын бесігім», «Білім әлеміне саяхат» интеллектуалды ойындар өткіздім. 2030 бағдарламасы бойынша Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жаны таза, рухани дені сау ұрпақ тәрбиелеу керек деп ерекше атап көрсетті.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл - ауқатына ел басшыларымыздың жолдауында аса көңіл бөлді.
Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, есірткелерді, темекі мен алкагольді қойып, тазалық - санитария шараларын сақтауға бағытталған.
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу жолдарын үйрету, басты байлық - денсаулық екенін түсіну, жақсы, саналы, дені сау азамат болу үшін әр түрлі іс - шаралар өткіздім.
«Ақ халатты абзал жан» тақырыбында медбикемен кездесу, әр түрлі аурудың алдын алу үшін диктанттар жаздық, сауалнамалар жүргіздім. «Бірінші байлық - денсаулық», «Деніңіз сау болсын!», «Жаман әдеттен аумақ болайық». «Тіршілік көзі - салауаттылық болашағы» т. б. тәрбие сағаттарын, «Дәрі - тіршілік нәрі», «Ас адамның арқауы» т. б. сайыстар, «Тазалық - денсаулық кепілі», «Жеке бастың гигиенасын сақтайық», «Көзіңді күте біл», «Тісті сақтайық» т. б. әңгімелер, «Денсаулық зор байлық», «Жаңа ғасыр азаматы - дені сау, бай адам» байқаулар мен интеллектуалды ойындар өткіздім.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030 бағдарламасында көрсеткендей, ұлттық, спорттық ойындарын үйреніп, өз денсаулығымызды күтіп шынықтыруымыз керек.
Денсаулық деген нағыз сұлулық. Ойымыз бен ақыл - біліміміз, тәніміз, жанымыз бен сұлу болуға тырысуымыз қажет. Салаутты өмір сүрейік, спортпен айналысып, қызықтыратын іске әуес болсақ, көңіл - күйіміз көтеріңкі болады. «Шынықсаң, шымыр боларсың» тәрбие сағаты, «спорт - денсаулық кепілі», «Көңілді старт», жарысы т. б. іс - шаралар жүргіздім.
Ұзартылған күн тобында үй тапсырманы бір орында ұсақ орындау көңілсіз болады, сондықтан әр пән ортасынеда, сергіту сәттерін, үзілістерін жасатамын. «Ойын - тәрбие құралы» дегендей, таза ауаға шыққанда, әр түрлі қозғалыс, ұлттық ойындар ойнатамын. Осылайша денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асырамын.
Ұзартылған күн тобында ата - ана орны оқу - тәрбие жұмыстарында ерекше. Бала тәрбиесі ата - ана үшін күрделі міндет. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі. «Баланың бас ұстазы - ата - ана» деп тегін айтылмаған. Ата - ана мен мұғалім, тәрбиеші біріге отырып, бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің үлкен екенін ұғынуымыз керек.
Әр балаларға айта отырып, олардың сана - сезімін, ақыл - ойын, әр баланың өзіндік ерекшелітерін байқау, өмірге көзқарасын, оқуға қызығушылығын, адамгершілік нормаларын қалыптасырып, жеке бас тұлғасын тәрбиелеп өсіреміз. Оқушының ата - анасы мен тұрмыстық жағдайымен танысу үшін, үйлеріне барып тұру, балалар туралы дәрістер оқып, балалар туралы дәрістер оқып, жалпы мектепте өтетін іс - шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата - ананы өнеге етіп мадақтап отырамын.
Ата - анамен біріге отырып, баланың денсаулығына өте көңіл бөліп, қамқорлық көрсетеміз. Оқушыға жан - жақты біріге отырып көмек беру, оны оқуға т. б. деген қызығушылығын, бейімділігін шығармашылығын дамытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz