Мектептердегі сурет және эстетикалық тәрбие: жағдайы және эстетикалық орталық құру ұсынысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СУРЕТ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ.

тарих болғалы адамзат қолынан туындаған жеті кереметтің аттарын, тіпті, соның ішінде ең көне, бірден бір сақталған Египет пирамидалары соның бірі екенін білмейтіндері де көп-ақ. Ал, осы пирамида былай қарағанда, түрі жағынан қарапайым-ақ. Оның жеті кереметтің бірінің санатына қосылатын себебін түсінудің өзі қызғылықты. Көне Греция, Голландия мен Италияның жаңа дәуірлеу кезіндегі өнерін, Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің өнер шежірелерін XXI ғасыр жастарының білуі, мәні мен сырын түсінуі міндетті. Өнер, мәдениет тарихын оқып-үйрену эстетикалық тәрбиенің негізі. Әлемнің ұлы философтары И. Кант, Ф. Шеллинг, Г. Гегель эстетикалық тәрбиенің өмірдің даму заңын түсінуге, жақсы мен жаманды айыруға, әсіресе, сұлулық әлемін терең ұғынуға себепкер болатынын кезінде атап өткен.

Эстетика туралы сөздікте оның тәрбиелік маңызы туралы былай делінеді: “Эстетическое воспитание-система мероприятий, направленных на выработку и совершенствование в человек способность воспринимать, правильно понимать, ценить и создавать прекрасное и возвышенное в жизни и искусстве. Его цель- содействовать всестороннему умственному, нравственному и физическому развитию членов общества, совершенствовать в них чувство прекрасного, вызывать желание творить по законам искусства красоты”. Мінеки, эстетикалық тәрбиенің қысқаша міндеті осындай. Ал, осы эстетикалық тәрбиенің мектептерде қалыптасқан жағдайы қандай. Шынтуайтында, онша мәз емес.

Эстетикалық таным- әдебиетке, өнердің барлық түріне тікелей қатысты болғандықтан, ол ән-күй, сурет, тарих, әдебет сабақтрында өтеді. Ол қалай өтеді, мәселе сонда. Мысалға, әрбір сыныпқа жоспар бойынша оқу жылында 31-32 сағат бөлінген. Оның көбі сурет салу техникасын үйрену, жанрлар бойынша жұмыс істеу, көрмелерге сурет әзірлеумен өтеді. Жылдық жоспарда көрсетілгеніндей, өнер тарихынан әңгімелер де өткізіледі. Бірақ, ол жүйелі емес. Мәселен, тек, Қазақстанның өнер тарихы, суретілердің өмірбаянын, олардың шығармаларының мәнін түсіндіруге ғана 15-20 сағат уақыт керек болар еді. Ән-күй сабағының жағдайы да осындай. Қысқаша айтқанда, эстетикалық тәрбиені өз деңгейінде жүргізуге бөлінген сағаттар жеткіліксіз.

Мен эстетикалық тәрбие беруді жақсарту жақтарын ойластырып, осы жазда қала әкімшілігіне “Эстетикалық тәрбие орталығын” ашуды ұсындым. Осыған орай, Байтұрсынов көшесі №21үйдегі бұрынғы “Айгүл” дәмханасының үлкен залын өзімнің кітапханаммен жабдықтап, эстетикалық тәрбие орталығына лайықтаған едім. Мұнда мыңға жуық кітаптар барынан қалалық әкімият хабардар. Өнердің өрістеу тарихы жайлы кітаптар да соншалықты жеткілікті болатын. Ондай кітаптарды қалалық кітапханалардан кездестіру қиын. Бұл кітаптар арқылы Италия, Франция мен Американың ұлы суретшілерінің туындыларымен танысуға болады. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж, Мәскеудегі Третьяков галереясы, Ватикан соборындағы Микеланджело, Рафаэльдің қолымен салынған ұлы полотнолармен танысуға болады.

Ұлы суретшілер Веласкес, Дюрердің шығармалары өз алдына бір төбе. Германиядағы Дрезден галереясындағы тұрған Сикстина Мадоннасын көруге Америка мен Жапониядан өнерді құрметтей білетін адамдар арнайы келеді екен. 1989 жылы Петербургтегі (ол кезде Ленинград) Эрмитажды аралағаным бар. Мұндағы 300-ден астам залда ең керемет классиалық өнер туындылары жинақталған. Эрмитажда әр күн мыңдаған адам болатынын көріп таңқалған едім.

Әдемілікке құштар, сұлулықты аялайтын адамдар ғой олар. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын тәрбиелі эстеттер солай болса керек.

Әдебиетті, музыканы, сурет өнерін түсіне білетін жоғары танымд, терең білімді ұрпақ тәрбиелеуде эстетикалық орталық ашу керектігін осындай негізбен айтқан едім.

Эстетикалық орталыққа қажетті мыңға жуық кітап пен орталық орналасатын орынды өзім ұсындым. Мұнда мектеп оқушыларының көркем суреттері көрмесін де жиі ұйымдастыру ойласқан. Тек, шешілмегені қаржы мәселесі болатын. Қала әкімінің орынбасары А. Шамшин дәл бүгінгі күні бұл шара үшін қаржы жоқ екнін, егер бұл игі іс жүзеге асқандай болса, алдағы бюджетті бекіткенде қарастыруға болатындығын түсіндірді.

Иә, әсіресе, осындай кітап, газет тапшылығы орын алып отырған кезде рухани байлығымызды жүдетпей, ұрпақ тәрбиесін жоғары деңгейде жүргізу-бүгінгі күннің маңызды міндетті екенін естен швғармаған жөн. Сондықтан, қалалық оқу бөлімі эстетикалық тәрбие мәселесін жетілдіруді қолға алса, уақыт талабына сай атқарылған бұл бір оңіс болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға оқыту: әдістері және эстетикалық тәрбие
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру және қалыптастыру
Қазақтың ұлттық тағылымдарын қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеге енгізудің теориялық және әдістемелік негіздері
Қазақ этнопедагогикасы және мектептегі эстетикалық тәрбие
Жан сұлулығы: эстетикалық және этикалық тәрбие
Мектептегі эстетикалық тәрбие: халық педагогикасын пайдалану
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі табиғаттың рөлі
Жасөспірімдердің эстетикалық тәрбиесі: жалпы білім беретін мектептердегі теориялық негіздер мен тәжірибелік мәселелер
Ұлттық тәрбие: этика-эстетикалық негіздері (оқулық)
Тәрбие үрдісінің мәні мен мазмұны: принциптері, эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz