Диссертациялық зерттеудің обьектісі
ӘОЖ 347. 9(574)
Қол жазба құқығында
КАРСАКБАЕВА ЖАДЫРА КАПИОЛДАНОВНА
Судьяның және сот орындаушыларының атқарушылық өндірісте алатын орны
6N0301 – Құқықтану
Заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
Рефераты
Қазақстан Республикасы,
Өскемен, 2010 г.
Жұмыс С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң
факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасында
орындалды.
Ғылыми жетекеші: Заң ғылымдарының кандидаты Рамазанова А.С.
Арнайы оппонент: Өскемен қаласының мамандандырылған экономикалық
сотының судьясы Кереева Т.Т.
Магистрлік диссертацияны қорғау ___ ______ 2010 ж. сағат ___
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысында заң ғылымдарының
магистрі академиялық дірежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады. Мекен – жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі,
55 – ші үй, оқу корпусы №5, заң факультеті, 302 дәрісхана.
Рефератпен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің ғылыми кітапханасының оқу залында танысуға болады.
(30 – шы Гвардияшылар дивизиясы көшесі, 34) және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
сайты: http:www.vkgu.kz
Автореферат ___ ______ 2010жылы таратылды
Азаматтық және азаматтық іс жүргізу
кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к.
А. Сабитова
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыстың құрылымы
зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сай келеді. Аталмыш жұмыс кіріспеден,
үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Ғылыми ізденуге негізделген Диссертациялық жұмыс 70
бетті қамтиды.
Диссертациялық жұмыста келесі анықтамалық сөздер қолданылды:
атқарушылық өндіріс , атқару құжаттарын орындау, борышкерді іздестіру
жөніндегі шығындар , заңға сәйкес сот орындаушысы , борышкер , өндіріп
алушы дегеніміз , атқару құжаты дегеніміз , айғақ , маман , сот.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез – келген мемлекеттің халықаралық
қоғамдастыққа толығымен және халықаралық нарықтық қатынасқа ішінара кіру
барысындағы бұлжымас шарттардың бәрі сот шешімдерінің заңдылық тұрғыдан
айқын реттелуі соған қоса оларды мәжбүрлі түрде орындаудың нақты
мүмкіндігінің қалыптасуы болып табылады.
Сот жүйесі жұмысының тиімділігі көп жағдайда сот орындаушыларына,
олардың өз жұмысын Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес мүлтіксіз
жүргізілуіне байланысты. Қалыптасқан дағдыдан кез – келген ауытқу
ізденушінің, жауапкердің немесе мемлекеттің құқығына зардабын тигізеді.
Елімізде сот шешімдерінің жартысына жуығының орындалмайтындығы тек сот
билігін реформалау мақсатын ғана жоққа шығарып қоймайды, сонымен қатар бұл
реформа қажеттілігіне күмән туғызуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қазақстан
халқына жолдаған Жолдауында мұндай құбылысты соттардың және тұтас алғанда
мемлекеттің беделін түсіретін кемшіліктердің бәрі ретінде атаған болатын.
Шындығында да, егер азаматтың немесе ұйымның құқығын, бостандығы мен заңды
мүддесін қорғаған сот шешімінің орындалуынан нақты нәтиже шықпаса, онда
заңның әділдігі мен сот шешімінің заңға сәйкестігінен не пайда? Бұл
проблеманы түбегейлі шешіп алмайынша, бізге сот төрелігі саласындағы озық
өзгерістер туралы айтуға ерте. Ал, сенімді атқару жүйесін қалыптастыру
дегеніміз – мықты әрі беделді сот билігін құрудың ең басты шарттарының
бірі. Бұл азаматтар психологиясында сот әділдіктің айнымас таразысы дейтін
сенім ұялатуы керек.
Күнделікті өмірде басқаша: сот орындаушыларына да, сот жүйесіне де
сенім азайып кеткен. Ендеше атқарушылық іс жүргізуде қайсысының міндеті
орындалмайды, қайсысының рөлі жоғары деген сұрақтар туындайды. Сот пен сот
орындаушысының іске қатысу проблемалары неде?. Және, ең негізгісі, сот
қаулыларын орындауда олардың рөлін реттестіру мен оңтайландыру үшін не
істеу керек?
Біздің жұмыста төмендегідей мәселелер мен проблемалар зерттелу
тақырыбының өзектілігін құрайды, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың
ролі қарастырылып, оларға талдау жасалады. Атап айтқанда, оған мыналар
жатады:
- атқарушылық іс жүргізудің нысаны, құқықтық реттеу амалдары,
нормативтік негіздері;
- атқарушылық іс жүргізудегі сот жүйесінің орыны мен ролі;
- атқарушылық іс жүргізудегі сот орындаушыларының орыны мен ролі;
- сот шешімдерін орындау кезінде сот пен сот орындаушыларының негізгі
кемшіліктері мен проблемалары, сондай- ақ олардың пайда болу себептері;
- атқарушылық іс жүргізуде сот жүйесі мен сот орындаушыларының іс –
қызметіндегі проблемаларды жеңу жолдары.
Осы және басқа да көптеген мәселелер мен проблемалар біздің зерттеу
жұмыстарымыздың өзекті нысаны болып табылады. Зерттеу жұмыстарымыздың
құрылымы атқарушылық іс жүргізудің проблемаларын анықтауға және сот пен сот
шешімдерін орындау органдарының оған қатысуына, оларды шешуге араласуына
ыңғайластырып құралған.
Атқарушылық іс жүргізу ұғымы, нысаны, әдістері мен жүйесінде егжей –
тегжейлі түсінік беріледі, пәні анықталады, сондай – ақ атқарушылық
өндірістің пәні болып табылатын қоғамдық қатынастың өзекті мәселелері
талқыланады. Атқарушылық іс жүргізудің реттеу әдістері мен оларды қолдану
негізі көрсетіледі және қолданудағы ақаулар мен оң әсер ету белгілері
ұсынылады. Атқарушылық іс жүргізу жүйесінің бөлімдері сараланады,
бөлімдердің қазіргі құқықтық қатынасты реттеудегі алатын орны қаншалықты
тимді, қолайлы екендігі көрсетіледі.
Ал, құқық жүйесіндегі атқарушылық іс жүргізудің ұғымы, ролі мен орнына
келетін болсақ, автор атқарушылық іс жүргізудің құқықтық кеңістікте алатын
орны мен ролін анықтап, өзекті мәселелерін дөп басып айта келе, сыни
көзқарас білдіреді. Атқарушылық өндіріске құқықтық тұрғыдан түсінік береді
және атқарушылық өндірістің нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың
қаншалықты құқықтық қорғалуын, қамтамасыз етілуін анықтайды.
Атқарушылық іс жүргізуге қатысты әрекет ететін заңдар мен нормативтік
құқықтық актілердің негізімен таныстырады, негізгі қызметі мен мазмұнын
түсіндіреді. Атқарушылық іс жүргізуде қолданылатын заңдарды толықтыру,
жетілдіру, қазіргі заман талаптарына сай келетін қоғамдық қатынастарды
реттеуге бейімдеу, реттеу жолдары қарастырылады.
Атқарушылық іс жүргізудің нысаны, құқықтық негізі және құқықтық реттеу
тәсілдерінде атқарушылық іс жүргізудің нысаны мен құқықтық реттеу
тәсілдерін қолданудағы негізгі мәселелереге басты назар аударылады. Автор
атқарушылық іс жүргізудің құқықтық реттеу әдістеріне толық талдау жасай
отырып, оларды тәжірибеде қолданудағы аса маңызды міселелерін ашып
көрсетеді.
Атқарушылық өндірістегі сот орындаушыларының алатын орны, міндеттері
мен функцияларында сот орындаушыларының сот шешімдерін орындау кезіндегі іс
қызметіне талдау жасай отырып, олардың роліне, орны мен проблемаларына
тоқталады. Автор бұл бөлімның мазмұнын ашу мақсатында екі бөлімшеге бөлген.
Жұмыстың бұл құрылымдық бөліміндерінде соттар мен сот орындаушыларының
атқарушылық іс жүргізудегі іс қызметі теориялық жағынана да, нақты қимыл
аспектісі жағынана да ашып көрсетіледі, проблемаларға талдау жүргізіліп,
олардың талдау себептері ашылып, шешу жолдары айқындалады.
Сондай – ақ бұл жұмыста сот қаулыларыны атқару жүйесіне сот пен сот
орындаушыларының қатысуын тәріпке келтіру жолымен атқарушылық іс жүргізуді
жетілдіруге бағытталған автордың сындарлы ұсынысы да бар. Түйін сөзде
зерттелген мәселелер бойынша қорытынды жасалған.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтырын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Конституциясымен, өзге
заңдарымен және сот жүйесінің іс әрекетімен қорғауға бағытталған, осыған
орай Атқарушылық іс жүргізу ұйымдарының тек ғана заңи емес, сонымен қатар
политикалық маңызы зор.
Қазақстан Республикасының судьяларының 3–съезінде еліміздің Президенті
сот жүйесі шешуге тиіс басты тапсырма ретінде сот қаулыларының орындалуын
ерекше бөліп көрсетті.
Өзіміз білетіндей, сот қаулыларының орындалуы – тәжірибе жүзінде сот
билігінің жоғары сатысы. Бұл байланыста қоғамның пікірімен келіспеуге
болмайды, сот жұмысы әсерінің бағасы және сот билігінің беделі қабылданған
шешімдердің саны мен сапасына тәуелді емес, сонымен қатар азаматтар мен
заңды тұлғаның шын мәнінде сот көмегімен бұзылған құқықтар мен заңды
мүдделердің қалпына келтірілуіне тәуелді.
Айтылғандар, республикада өткізілетін соттық заңи реформада
Атқарушылық іс жүргізудің жүзеге асуына атқару құжатының орындалуын
қамтамасыз етуге жауапты тұлғаның билігін арттыру мәселелерін шет қалдыруға
болмайтынына куә болатындай.
Жүргізілген сараптама бойынша, сот қаулысының уақтылы орындалуына әсер
ететін негізгі факторлар мыналар:
- орындалмаған нормативтік база;
- атқарушылық іс жүргізуде сот орындаушылар мен судьялар билігінің
дұрыс бөлінбеуі сот орындаушысының өз міндетін орындауда шынайы биліктің
болмауы;
- борышкерлердің төмен жауапкершілігі;
- сот қаулысының орындалуының төмен қадағалауы;
- сот орындаушысының әлеуметтік және физикалық қорғалмауы;
- сот шешімдері орындалуының квалификациялық және материалдық жағынан
төмен орындалуы;
Атқару ісінің сапасына соттың әсері жоғары болғанымен атқару ісінің
сапалы және уақтылы орындалуы сот орындаушысының жұмысына тәуелді.
Жұмыстың ауыртпалығы мен көптеген қиындығы сот орындаушысына
жүктелген. Сонымен қатар, сот актілерін орындауға қатысты көптеген сұрақтар
заңнамаларға сәйкес соттың формальді іс әрекетімен немесе құптауымен
айқындалған, бұл жағдайда сот орындаушыларының қызметі формальді
тәуелділікте болады және көптеген қиындықтарға әкеп соғады.
Соңғы уақытта осындай өзекті мәселелерге Қазақстан Республикасының сот
билігі органдары көптеп көңіл бөлуде, бұл мәселелердің шешімін таппай
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру мүмкін емес.
Азаматтардың құқығын қорғау механизімінің негізі – сот жүйесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында әркімге өз құқықтары
мен бостандықтарын және заңды мүдделерін сотпен қорғауға, білікті заң
көмегін алуға, заңда көрсетілген ретте заң көмегін тегін алуға кепілдік
берілген.
Пайдаланылған әдеби деректер. Қазақстан Республикасының құқық
жүйесіндегі атқарушылық өндірістің алатын орны ерекше, негұрлым салмақты
болғанымен, атқарушылық өндіріске қатысты судьялар мен сот орындаушыларының
қызметтік құзыреті құқықтық жағынан аса қуатты қорғалмаған. Жалпы
атқарушылық іс жүргізудің тарихына талдау жасайтын болсақ, бұл орайда
атқарушылық өндірісті реттеуге арналған заңдар мен нормативтік актілер
толықтырулар мен өзгертулерді қажет ететіндігі айдан анық, сондай – ақ
мемлекеттік тілдегі атқарушылық іс жүргізуге қатысты оқулықтар мен қайнар
көздері қоры жеткіліксіз. Бұл негізді дәлелдеу үшін 2009 жылы 29 тамызда
қабылданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын ескерген жөн.
Сонымен қатар, судьялар мен сот орындаушыларының атқарушылық іс
жүргізудегі құқықтық қызметін айқындап, талдап үшін Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Атқарушылық іс жүргізушілік және
сот орындаушыларының мәртебесі жайындағы, 1994 жылы 27 желтоқсанда
қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Жалпы бөлімі,
1999 жылы 13 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс
жүргізу Кодексі, 2004 жылы 10 сәуірде енгізілген өзгертулер мен
толықтырулар негізінде Заңдары басшылыққа алынды.
Сондай – ақ атқарушылық іс жүргізу сферасындағы айтарлықтай
мәселелерді көтеріп, судьялар мен сот орындаушыларының құқықтық мәртебесі
мен қызметіне қатысты құқықтық табиғатын әртүрлі қырларынан ашуға негіз
болған ғылыми еңбектер бар. Бұлардың қатарына А. Алибаев, Б.Ахмедов,
Л.Кусаинова, М.Мусин, Е.Сундетбаев, Ш.Тастенова, Б.Тургараев, О. Шналиев,
А.Сикенованың еңбектері мен зеттеуге негізделген пікірлері жатады.
Атқарушылық іс жүргізудің қалыптасу үрдісі мен даму деңгейін зерттеу
барысында, шет мемлекеттердің тәжірибесімен салыстырып саралауда судьялар
мен сот орындаушыларының құқықтық мәртебесі аясында қалыптасып отырған
өзекті мәселелерді зерттеуге П. Грешников, О. Золотухин, И. Кан, А. Ким, М.
Косова, Д. Малешин, Е. Натахина, Ю. Чайка, Г. Шнитгер және т.б. ерекше
атауға болады.
Дегенмен, сот орындаушылары мен судьялардың атқарушылық іс жүргізудегі
алатын орны мен құқықтық жағдайын заңи тұрғыдан қорғау, құқықтық құзырлығын
шынайы деңгейде қамтамасыз ету, сот шешімдерінің мүлтіксіз заңға сай,
уақтылы және сапалы деңгейде орындалуы заңи күшті талап ететін жарқын
еңбектерді қажет етеді. Ал, бұл саладағы тың мәселелер обьективті түрде жан
– жақты зерттеуді және ғылыми тұрғыдан дұрыс баға беруді мақсат тұтады.
Зерттеудің нормативтік негізін – Қазақстан Республикасының
Конституциясы, азаматтық заңдар, кәсіпкерлік, еңбек, отбасы қатынастары
аясындағы заң актілері, сондай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz