Өзендер мен көлдердің ластануы
11. Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау
11.1. Судың күйлері жөніндегі негізгі түсініктер
Су қорларын қорғау табиғат қорғау пәнінің негізгі бір бөлігі
болып табылады. Табиғатты қорғау ерте заманнан бастау алады. Көне
заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатынын білгеннен
кейін табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толтырып,
қайтадан қалпына келуіне көмектесу керектігіне көздері жеткен.
Қазақ халқында халықтық табиғат қорғау дәстүрі ертеден
сақталған. Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап ( деген халық
мақалын есте ұстаған ата-бабамыз күзеуге, көктеуге, жайлауға және
қыстауға көшіп, қонысын ауыстырып отырған. Мұның түбірі табиғат
қорларын қорғауда, ләжі болса оны арттыруда жатыр.
Қазақ халқының табиғатқа жанашырлықпен қарағандығын ауыз
әдебиет үлгілерінен, ақын-жазушылардың шығармаларына кездестіруге
болады. Мысалы, Махамбет Өтемісұлы:
...Шырылдап ұшқан қасқалдақ,
Көрінде жатып көркеймес,
Ортайса көлдің қоғасы...
...Суда жүзген нән балық,
Шағала құсқа жем болар,
Үзілсе көлдің сағасы ( деп жырлайды.
Халқымыз әсіресе су көздерін қорғауға өте-мөте мән берген.
Суды қорғау деп адамзаттың Жер бетіндегі табиғи су қорларының
жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға
бағытталған әрекетін айтамыз.
Бұрынғы ТМД-ның басқа тәуелсіз республикалардың Негізгі
Заңдарына ...судың физикалық, химиялық және гидробиологиялық
қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы мен оның өзін-өзі тазарту
қабілетінің нашарлауының әсерінен адамдардың денсаулығына зиян
келтіруге, балық қорларының азаюына, сумен қамтамасыз ету жұмысын
нашарлатуға және тағы басқа да қолайсыз құбылыстарға әкеліп соғатын
ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан барлық су көздері қорғалуға
тиіс, ( деп жазылған.
Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының
тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің
өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен
пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып қалуын судың
ластануы деп атаймыз.
Әдетте су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда
ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жанқалары, күл-қоқыс, металл
сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын
қоқыстану деп атаймыз.
Судың сарқылуы деп адамдардың әрекетінің әсерінен тұрақты
сипатта су мөлшерінің кемуін айтамыз.
Су көздерінің ластану дәрежесі судағы зиянды қоспалардың
шоғырлануымен анықталады және халық шаруашылығы салаларының
талаптарына сәйкес бағаланады.Ең қатаң талаптар су пайдаланудың
шаруашылық ( ауыз су және мәдени тұрмыстық салаларына қойылады.
Себебі, ластанудың бірінші кезекте адамдардың денсаулығына қатерлі
екендігінде және олардың өмірлерінің санитарлық жағдайының
нашарлауына әкеліп соғуының мүмкін болуында.
Төмендегі көрсеткіштер судың жай-күйінің ең маңыздылары болып
саналады.
Денсаулық сақтау министрлігі енгізген судағы зиянды заттардың
шоғырлануының мүмкіндік шегі (ШМШ). ШМШ ( қазіргі кездегі су
санитарлық заңның негізі болып табылатын негізгі гигиеналық шама.
ШМШ-ның шамалары (мгл) су көздеріне түсуі мүмкін барлық заттар
үшін жасалған. Мысалы, бензон үшін ШМШ 0,5 мгл-ге тең, қорғасын
үшін -0,1, сынап үшін – 0,05, темір үшін – 0,5, бензин үшін – 0,1
мгл-ге тең.
Ластану дәрежесі ШМШ (ПДҚ)-нен жоғары ақаба соларды су
көздеріне құюға қатаң тыйым салынған.
Оттегінің биохимиялық қажеттілігі (ОБҚ – БПК) – суды ластайтын,
көбіне органикалық заттарды тотықтыруға қажетті оттегінің мөлшері
(мгл). Тұрмыстық ақаба сулар үшін оттегіне қажеттілік айтарлықтай
бірқалыпты және адамның су қажеттілігіне байланысты: адамдардың су
қажеттілігі тәулігіне 50 литр болған жағдайда ОБҚ – 600...800 мгл-ге,
тәулігіне 100 л болса – 300...400 мгл, тәулігіне 200 л болса – 150...20
мгл. Ал өнеркәсіптік ақаба сулар үшін ОБҚ өндірістің сипатына
байланысты кең көлемде құбылып отырады (50 мгл-ден бірнеше мың мгл-
ге дейін).
Судағы еріген оттегі мөлшерін, ондағы зиянды заттардың оттегін
пайдалануы мен судың оттегіне қану ара қатынасы арқылы анықтайды.
Су оттегіне негізінен судың атмосферамен жанасуы арқылы толығып
отырады, яғни су бетінің ауданына, судың жоғарғы қабатының оттегіне
қанығуына және су араласуының тездігіне байланысты. Судың толық
және қарастырылып отырған мезгілдегі қанығуларының айырмасын
оттегінің тапшылығы дейді және оны мгл-мен немесе толық қанығудың
процент (() есебінде көрсетеміз.
Сутегінің көрсеткіші (рН) судағы сутегі иондарының шоғырлануын
анықтайды және судың қышқылдық немесе сілтілік қасиетін көрсетеді.
Су пайдаланудың мәдени-тұрмыстық пункттерінде рН көрсеткіші 6,5...8,5-
нан аспауы керек. Табиғат суларының өзін-өзі тазарту процестері
үшін де рН осы мөлшерде болуы шарт.
Судың органолептикалық қасиеттері оның иісін, дәмін және ондағы
тасынды қоспаларды сипаттайды, олар адамға жағымсыз әсер етеді.
Бұл қасиеттер баллмен бағаланады (22-кесте).
Су пайдаланудың мәдени-тұрмыстық жерде судың иісі 2 баллдан
аспауы қажет.
Судың дәмін анықтау үшін де осыған ұқсас көрсеткіш қолданылады.
Әдетте судың дәмдік қасиеттері оның иістік қасиеттерінің шегінен
асқанда көрініс береді.
Ауыз су ретінде пайдаланылатын су көздері үшін судың түсі 20
см түтікшеде, ал басқа жағдайлардың бәрінде – 10 см түтікшеде
байқалмауы шарт.
22. Иістердің күшею көрсеткіші
Белгілері
Балл
(иіс жоқ) Иіс сезілмейді
(өте әлсіз) Пайдаланушыға сезілмейді, бірақ зертхана жағдайында
білінеді.
(әлсіз) Пайдаланушыға байқалмайтын, бірақ көңіл аударса сезілетін
иіс.
(елеулі) Суды ішуге жағымсыз ететін, оңай сезілетін иіс.
(анық, айқын) Өзіне көңіл аудартатын және суды ішуге ұнамсыз ететін иіс.
(өте күшті)
Суды ішуге жарамсыз ететін соншалықты күшті иіс.
Судағы ауру қоздырушылар. Соңғы жыодары су жолымен тараған
ауру қоздырушылар арқылы болатын жұқпалы аурулардың саны көбеюде.
Елді мекен, мал шаруашылығы және бірқатар кәсіпорындардың
(қасапхана, биофабрика, тері өңдеу зауыты, жүн жуу орны және т.б.)
ақабалары ауру таратушы (инфекциялы) сулар болып табылады.
Жер үсті суларын ақаба сулармен ластанудан қорғау
ережелерінде (1974 ж.): ...орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету
көздерінде ауру қоздырғыштар болмау керек ( деп көрсетілген. Бірақ
ауру қоздырушыларды анықтаудың қиындығына байланысты тәжірибеде
жанама әдіс қолданылады – ол судағы кездесетін ішек түтікшелерінің
(таяқша) саны арқылы. Адамның ішегінде бөлініп шығатын ішек түтікшелері
сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ерекше бейімделгіш келеді.
Біздің заңымыз бойынша ауыз суды қарапайым тазарту мен
дезинфекциялау үшін ондағы ішек түтікшелерінің мөлшері 1 литр суда 1
мыңнан аспауы шарт (1 мың коли-индекс). Сондықтан, ішек түтікшелерінің
көрсетілген шамағак дейін шоғырлануы жағдайында суда ауру қоздырғыш
микроорганизмдердің болуының мүмкіндігі аз деп есептеледі. Сонымен,
ережеге сәйкес тазартылған және дезинфекциядан өткізілгеннен кейін
бұл көрсеткіш 1 мың коли-индекске тең болған жағдайда халықты ауыз
сумен. Қамтамасыз етуші су көздері жеткілікті шамада таза деп
есептеледі.
Тасынды заттар. Тұрмыстық және өнеркәсіптік ақаба сулардың
құрамында едәуірн мөлшерде минералдық және органикалық тасынды
заттар кездеседі. Олар судың органолептикалық қасиеттерін
нашарлатады, кейде адам ағзасы үшін зиянды әсер етеді. Сондықтан,
жер үсті суларын ластанудан қорғау ережелерінде былай деп
көрсетілген: ақаба суды түсірерде ондағы тасындылардың мөлшері ауыз
суға пайдаланылатын су көздерінде 0,25 мгл-ден, ал демалыс орындары
үшін қолданылатын су көздері үшін – 0,75 мгл-ден аспауы шарт.
11.2 Табиғат суларының қазіргі жай – күйі
11.2.1. Мұздықтардың ластануы. Соңғы деректер Гренландияның
солтүстік-батысында мұздық құрамындағы сульфат (SO4) пен қорғасынның
(Pb) шоғырлану мөлшері 1945 жылдан бері 3 есе өскенін көрсетіп
отыр (11.1-сурет).
11.1-сурет. Гренландия мұздығындағы (С-Б) қорғасын мен сульфат
шоғыр-
лануының өзгеруі.
Сульфаттың өсуін минералды отындардың көптеп жағылуымен
түсіндіруге болады, яғни қышқыл жауын-шашынның әсері Гренландияға
да жеткенін көріп отырмыз. Қорғасынның шоғырлануы этилді бензинді
көптеп жағудан ғой деп ойлаймыз. Ал мырыштың (Zn) шоғырлануы
Гренландияда 1900-жылдан бері 2 дүркін өскені байқалады. Сынаптың
(Hg) мөлшері өсті ме жоқ па, ло әлі толық анықталып біткен жоқ,
себебі әртүрлі зерттеушілердің деректері бірінен бірі жүздеген есе
ауытқиды. Сонда да, өте жаңа деректерге сүйенсек, онда соңғы 200
жыл ішінде қар мен фирндегі сынаптың мөлшері өзгеріске ұшыраған
жоқ деуге болады.
Дельма мен Бутреннің Антарктидадағы сульфаттың шоғырлануына
жүргізген зерттеулеріне қарағанда, бұл аймақта 1950-1975 жылдар
аралығында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Бұл деректің Гренландияға
байланысты зерттеу қорытындыларымен сәйкес келмеуін қазіргі кезде
минералды отынның негізгі бөлігі Солтүстік жарты шарда жағылатынымен
түсіндіруге болады. Күкірт оксиді (SO2) жоғарғы тропосферамен
тасымалданады және экваторлық белдем бұл тасымалдауға кедергі бола
алады. Алайда, 1963 жылы Бали аралындағы Агунг жанартауының
жарылуына байланысты сульфат шоғырлануының шегі Антарктида
мұздықтарында айқын көрініс берді, себебі жанартау бүкіл жер шарына
тарайды. Сонымен бірге, бұл зерттеу жұмыстары Антарктидада қорғасын
мен мырыштың жоқ екендігін көрсетеді.
Тәңіртау (Тяньшан), Памир тау мұздықтарын зерттеу барысында
соңғы кездерде олардың құрамындағы Арал теңізінің құрғаған табанынан
көтерілген тұздардың тозаңдарының кездесуін көрсетіп отыр.
Ауада және жер бетінде өткізілген атом бомбасын сынау
барысында пайда болатын 239Pu және 240Pu изотоптары стратосфера
арқылы бүкіл жер шарына тарайды. 1...2 жылдан соң олар полярлық
аймақтарға жауа бастайды. Осы аймақтардан алынған мұз сынамаларының
радиобелсенділігінің шыңдары атом сынақтары белсенді жүргізілген 1946-
48, 1955-60 және 1963-65 жылдарға тура келетіні белгілі болып
отыр.
11.2.2. Өзендер мен көлдердің ластануы. Табиғат суларын қорғау
проблемалары әсіресе өнеркәсібі дамыған елдердің алдында өткір
қойылып отыр. Өндірістің дамуы табиғи қорлардың кемуімен бірге,
қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқты. Өндірістен шығатын
керексіз заттармен алдымен топырақ, ауа, су көздері ластанады. Бұл
ластану өсімдіктерге, жануарларға жағымсыз әсер етіп қана қоймай,
адам баласының денсаулығы мен өміріне де қауіп төндіреді. Мысалы,
Еуропадағы ең ірі Рейн өзенінің ағындысымен Солтүстік теңізге
жылына 24 млн тонна өндіріс қалдықтары құйылады, сөйтіп, Германия,
Голландия секілді мемлекеттердің 20 млн-нан астам халқының таза
ауыз сумен қамтамасыз етілуіне және олардың өміріне қауіп туғызуда.
Өзенде балық жоқ, шомылу адам үшін қауіпті. Адамдарды шомылдырмау
үшін өзен үстінде полиция тікұшағы (вертолет) бақылап жүреді.
АҚШ өзендері түгел дерлік күшті ластанған, әсіресе Огайо және
Потомак өзендері. Потомак өзенінің түбіндегі шөгінділердің қалыңдығы
3 метрге жетеді. Өзенде тіпті, су шаңғысымен серуендеуге тыйым
салынған, себебі шашыраған су тамшыларындағы ауру қоздырғыш
бактериялардан спортшыларға ауру жұғу қаупі бар. Тіпті, АҚШ-тың ең
сулы өзені ( Миссисипидің кей бөліктерінде шомылуға тыйым салатын
хабарландырулар қойылған. Ұлы көлдер жүйесінде Эри көлі өлуге жақын,
себебі бұл көлге жылына су құбырларымен 4,7 млн текшеметр лас
сулар мен 38 млн текше метр Кливленд, Детройт, Эри, Буффало және басқа
қалалардың автомобиль, болат құю және химия кәсіпорындарының қалдық
сулары құйылады.
Жапония өзендері де апатты жылдамдықпен ластануды бастан
өткізді. Кәсіпорындардың ақаба суларында кадмий, сынап секілді, суды
уландыратын химиялық элементтер көптеп кездеседі. Италия, Франция,
секілді аса ірі мемоекеттердің өзен көлдерінің жайы да осыған ұқсас
күй кешуде.
Біздің еліміздегі жағдай да мәз емес. Оған Арал аймағының
апат аймағы болып жариялануы толық мысал бола алады. Арал көлін
қоректендіретін, Орта Азия мен Қазақстанның ең ірі өзендері
Әмудария мен Сырдарияның сулары тыңайтқыш, өнеркәсіп қалдықтарымен
уланумен қатар толық сарқылуға ұшырап отыр. Мұндай жағдай Ертіс,
Нұра, Сарысу, Шу, Іле өзендерінің алаптарында да қайталануда.
Қазақстан Ғылым Академиясының география институтының зерттеулеріне
қарағанда (Достаев Ж., Омаров Т. Р., Тұрсунов А. А., Филонец П.П.) Нұра,
Ертіс өзендеріндегі судың құрамындағы сынап, қорғасын, мырыш, кадмий
секілді қатерлі ауыр металдардың мөлшері ШМШ-нен бірнеше ондаған есе
асып түсетіні белгілі болып отыр.
Су қорларын қорғау проблемалары біздің республикада да шегіне
жетіп отырғанына жоғарыда келтірілген мысалдар куә бола алады. Табиғат
қорғау шаралары су пайдаланудың аса шапшаң түрде өсуіне ілесіп
үлгере алмай отыр. Әсіресе, өнеркәсібі дамыған аудандарда орналасқан
кішігірім өзендер мен көлдер қиын жағдайда қалып отыр. Су
қорларының халық шаруашылық қажеттілігін қамтамасыз етуге
жеткіліксіздігінен бұл өзендер толық сарқылуға ұшырады. Оған Орталық
Қазақстандағы Кеңгір, Жезді өзендері, Іле Алатауының Кіші Алматы,
Талғар, Есік өзендері мысал бола алады. Осы өзендердің су қорының
жартысынан көбін Алматы, Талғар, Есік, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының
кәсіпорындары пайдаланады. Жазда, қалған су қоры суғару үшін алынады.
Былайша айтқанда өзен арналарында ағын су қалмайды деуге болады.
Есесіне өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кісіпорындары аталған өзендерге,
олардың табиғи су қорларымен шамалас лас суларды төгеді. Яғни,
бұл өзендердің арналарымен өз ағындысы емес, тазартудан өткенімен
кәсіпорындардың қалдық ақаба сулары ағады.
Сырдария, Әмудария және Ертіс өзендерінің төмендегі ағысына
орналасқан алабында арнамен химиялық қоспа, зиянды лас ақаба сулар
ағуда.
Судың сапасы ондағы зиянды қоспалардың қоюлығымен бағаланады,
яғни лас суды таза сумен сұйылту жәрежесіне тәуелді. Сондықтан
шұғыл түрде даму үстіндегі халықшаруашылығының қажеттілігі үшін
интенсивті түрде су алу жағдайында, тіпті қазіргі замандағы лас
суларды тазартудың озат тәсілдерін қолданғанның өзінде су көздерінің
ластану процесі одан әрі жалғаса бермекші.
Еліміздің түрлі аудандарындағы су көздерінің санитарлық жай-
күйлерінде, ондағы өнеркәсіптің шоғырлануына, сипатына және халықтың
тығыз орналасуына байланысты бірқатар өзгешеліктері болады.
ТМД-ның Еуропалық бөлігінің солтүстік және солтүстік батыс
аудандарында су көздерінің ластануы целлюлоза-қағаз, гидролиздік,
ағаш өңдеу, ағаш ағызу кәсіпорындарының қалдықтарына қарыздар.
Оралда, Кузнецк және Донецк аймақтарында су көздерінің
ластануына қара және түсті металлургия, коксохимия кәсіпорындарының
қалдықтары және шахты сулары кінәлі.
Батыс Сібір, Еділ бойы, Башқұртстан және Әзірбайжан жерлеріндегі
су көздері мұнай шикізаттарымен ластанады.
Ауыл шаруашылығы дамыған аудандарда (Украина, Молдава, РСФСР-дың
оңтүстік шығысы, Орта Азия республикалары) су көздері негізінен
пестицидтермен және тыңайтқыштармен ластанады.
Түрлі су объектілерінің сапасының өзгеру барысы біркелкі емес.
Судың сапасының жақсаруымен қатар нашарлауы немесе бірқалыпқа түсуі
(стабилизация) да байқалады. Жалпы, елімізде соңғы кездегі су
қорғауға көңіл аударудың күшеюіне байланысты соңғы уақыттарда
елеусіз болса да су көздерінің сапасы жақсаруға бет алғанын
айтуымыз керек. Бірақ, өнеркәсібі дамыған аудандарда орналасқан
кішігірім өзендердің көпнілігі, ақаба суларды жинайтын коллекторларға
айналып үлгірді, сөйтіп, іс жүзінде ол өзендерді халық игілігіне
пайдалану үшін жоғалтып алғанымызды мойындауымыз керек.
11.2.3. Жер асты суларының ластануы. Халықты ауыз сумен
қамтамасыз етудің аса бағалы көзі ( жер асты сулары ластануда.
Сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан жер
асты суларының ластануы оңай. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың
жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының
үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау,
өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас
өзендердің суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер
асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе,
химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су
қабаттарына лас, былғаныштар жер асты суларын жедел игеру кезінде
өтеді.
11.2.4. Әлемдік мұхиттың ластануы. Өзендер мұхиттар мен
теңіздерге көп мөлшерде өндіріс қалдықтарын, пайдаланылған лас
суларды, ауыл шаруашылық тыңайтқыштарын ағызып әкеледі. АҚШ-тың
ұлттық Ғылым Академиясының деректеріне қарағанда осы ғасырдың 70-
жылдары мұхиттарға құйылатын жанармайдың мөлшері жылына 10 млн
тоннаға жеткен. Мұхиттар мен теңіздердегі болатын танкер апаттары,
бұрғылау қондырғыларының істен шығуынан төгілетін жанармайлар мұхиттағы
тіршілік үшін өте зиянды. Мұндай апаттар саны жылдан жылға өсе
түсуде. АҚШ жағалау бақылауы 1976-77 жылдардың өзінде шамамен 12
мың апатты есепке алған. 1978 жылдың 17 наурызында Амоко Кодис
атты аса ірі танкердің жарылып суға батуынан 220 мың тонна
жанармай су айдынына жайылды. Бұл жарылыстан кейін 20 ай өткенде
жасалған ғылыми талдау апат ьолған аймақтан 3 жыл бойы устрица
аулауға болмайтындығын көрсетті.
Осы келтірілген дәйектердің бәрі теңіз, мұхит экологиясына
нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге атмосфера мен мұхит
арасындағы газ және энергия алмасуын бүлдіреді. Суға төгілген мұнай,
әсіресе мұхиттың полярлық аудандарында өте қауіпті. Ол жерде
температура төмен болғандықтан жанармайдың ыдырауы өте баяу жүреді.
Суға түскен өндіріс қалдықтары судағы оттегінің еруін баяулатады.
Бұл теңіз өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі үшін өте зиянды.
Жерорта теңізі жер жүзіндегі ең лас теңіз Адриат теңізі
экологиялық жағынан істен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz