Оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ БЕРУДІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Жалпы орта білім
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ
ҚР БМЖМС
Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ББК 74. 202
Ө 29
Ғылыми жетекшісі: М. Ж. Жадрина, п. ғ. д, профессор
Әзірлегендер: М. Ж. Жадрина, п. ғ. д, профессор, К. Т. Шерьязданова, психол. ғ. д., профессор; «Бөбек» Ғ. З. Байжасарова, п. ғ. к., доцент; Б. К. Құдышева, п. ғ. к. ; А. С. Сейтақов, бас ғылыми қызметкер; Ж. Ж. Әкімбаева, жетекші ғылыми қызметкер; Ұ. М. Әбдіғапбарова, жетекші ғылыми қызметкер, п. ғ. д., доцент; Р. О. Ізғұттынова, жетекші ғылыми қызметкер, п. ғ. к. ; Саинова Л. А., Калачева И. В.
Ө 29 Өзін-өзі тану пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010. - 30 бет.
4306
Ө
00(05) 06
ISBN 9965-695-57-1 ББК 74. 202
© «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық,
білім беру және сауықтыру орталығы, 2010
© Адамның үйлесімді дамуы институты, 2010
Барлық құқықтары қорғалған
Алғысөз
1 «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығының (ҰҒПББСО) Адамның үйлесімді дамуы институты ӘЗІРЛЕГЕН және ҰСЫНҒАН
2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы « » № бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ.
3 Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен КЕЛІСІЛДІ
4 Осы стандарт «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысының талаптарын, ҚР ЕР 40. 1. 01-2000 «Құрылуына мазмұндалуына, рәсімделуіне, мазмұнына және белгіленуіне қойылатын жалпы талаптар» есепке ала отырып әзірленді.
Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормалары жүзеге асырылған.
5 БІРІНШІ ТЕКСЕРІЛУ МЕРЗІМІ 2015 жыл
ТЕКСЕРУДІҢ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл
6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Осы стандартты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе ішінара өңдеуге, көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді
Мазмұны
1 Қолданылу саласы . . .
2 Нормативтік сілтемелер .
3 Анықтамалар
4 Жалпы ережелер . . .
4. 1. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты
4. 2. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың басты міндеттері
4. 3. «Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу объектілері
4. 4. «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы
4. 5. «Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны
5. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
6. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
7. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша базалық білім
мазмұны . . .
8. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. 1. Мектептің бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. 2. Мектептің негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. 3. Мектептің жоғары орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
9. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесін
ұйымдастыруға және жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар
9. 1. Оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
9. 2. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
10 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша
ұсыныстар . . .
Қосымша (анықтамалық)
Библиография . . .
9. 3. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-материалдық базаға қойылатын талаптар
1 Қолданылу саласы
Бұл стандарт ҚР БМЖМБС 2. 003-2002 негізінде әзірленді және білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жүзеге асыру жалпы орта білім беретін мектептерде, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз түрде;
- Білім беру аясындағы мекемелерде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу кезінде;
- Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру бағдарламаларын әзірлеу кезінде;
- Білім саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт білім беру ұйымдарында білім қызметін лиценензиялау, аттестациялау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін.
Осы стандарт «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру деңгейлеріне, оқу бағдарламаларына сәйкес келетін базистік, типтік және оқу жоспарларында кешенді түрде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
- Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпығы міндетті стандарты;
- Негізгі ережелер;
- 2. 003-2002 ҚР БМЖМБС-на сілтемелер жасалған.
3 Анықтамалар
Осы стандартта мынандай анықтамалар қолданылды:
Құзірет: Белгілі бір контексте қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін білім, іскерлік, дағдылар және өмірлік тәжірибелерді тиімді жұмылдыру даярлығы.
Рухани-адамгершілік білім беру: Арнайы ұйымдастырылған үдеріс:
1) әлемге эмоционалдық-құндылық қатынасынан негізделген адамзаттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесін игеруі; 2) оқушылардың рухани-адамгершілік салада нақты білімдік деңгейге қол жеткізуде, танымдық және тұлғалық мәселелерді шешуде жеке тәжірибесін қалыптастыруы; 3) тұлғаны дамыту, оның жеке тәжірибесі мен мінез-құлығын байыту, әлеуметтік және жеке тәжірибенің өзара әрекеттестігі, әлеуметтік іс-әрекеттің көп қырлы түрлерінде тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; 4) адамгершілік заңы тұлғаның өз заңы бола алатындай тұлғалық автономияны дамыту; 5) адамгершілік таңдау негізінде тұлға үшін маңызды мәселелерді шешу тәжірибесін қалыптастыру.
Оқушы портфолиосы: Оқытудың күтілетін нәтижелерін бағалаудың тиімді нысаны. Портфолионың міндеті - баланы өз тәжірибесін қорытындылауға, білімін жинақтауға, «өзін-өзі көрсете білуге» үйрету. Портфолионың педагогикалық міндеттері: оқушы белсенділігі мен оның дербестігін мадақтау, оларды оқыту мен бетінше оқу мүмкіндіктерін кеңейту, өзінің білімдік нәтижелерін жоспарлау, рефлексивті-бағалау дағдылары мен өзін-өзі бағалау әрекеттерін дамыту.
Құндылық: Ұмтылыстар мен мақсаттардың, ал абсолюттік мағынасында - болмыстың мәні. Жоғары мәнділігі нақты немесе басқа да объектілермен қатынастарда құндылықтар мәні болып табылады. Жоғары рухани құндылықтар: жақсылық, сұлулық, еркіндік, өмір мәні, ақиқат, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т. б. Жеке тұлғалық тұрғысындағы құндылықтық бағдарлар (олардың сипаты, мазмұны, әр түрлілігі, жоғары рухани құндылықтарға ие болуы) тұлғаның рухани даму деңгейін білдіреді.
Жеке тұлғаның құндылықтық әлеуеті: Жеке тұлғаның бағыттылығы, оның сенімдері, дүниеге көзқарасы, идеалдары, ұмтылыстары; өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асыратын дербес ерекшелік.
4 Жалпы ережелер
4. 1. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты: рухани-адамгершілік білім беру, төмендегі түйінді құзырлықтарды дамыту арқылы адамның үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:
- өзінің өмірлік позициясын анықтау;
- әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
- өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
- адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
4. 2. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:
- оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
- жалпыадамзаттық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрінісін қалыптастыруға әсер ету;
- білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжиребесін қалыптастыру;
4. 3. «Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу объекттері- субъектінің рухани тәжірибені және адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.
«Өзін-өзі тану» пәні адам өмірінің құндылықтық мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.
Өзін-өзі тану үдерісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарларын анықтауға:
1) адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі;
2) өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.
4. 4 «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы
«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы әрбір жас кезеңінде өз ерекшеліктері мен заңдылықтары болатын адамның өзін-өзі тану және өзін-өзі жүзеге асыруының үздіксіз үдерісімен байланысты.
4. 5. «Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны
Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану «Адам және қоғам» білім саласында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде міндетті пән ретінде оқыту көрсетілген.
5. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған оқу бағдарлама түрлері
«Өзін-өзі тану» оқу пәні шеңберінде негізгі оқу бағдарламасы жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі міндетті оқу пәндерінің мазмұнын өзін-өзі танудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді.
6. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Өзін-өзі тану пәнінің оқу жүктемесінің көлемі:
- Бастауыш білім беру деңгейінде - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
- Негізі орта білім беру деңгейінде - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
- Жалпы білім беру білім беру деңгейінде - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
7. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша базалық білім мазмұны
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық мазмұны рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі барынша жүзеге асыруына ықпал етеді.
Оқу бағдарламаларында базалық мазмұн бала дамуының жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы нақтыланады.
Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:
- Адамның өзін-өзі тануы
- Адам және қоғам
- Адам және қоршаған орта
- Адамзаттың рухани тәжірибесі.
Адамның өзін-өзі тануы. Өзін-өзі тану, адамгершілік, адам, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек, достық, махаббат, қарым-қатынас құндылықтарын оқытуды қарастырады.
Құндылықтарды оқып үйренуге және жеке тұлғаның үйлесімді дамуын біртұтас үдеріс тұрғысында ашу үшін өзін-өзі тану, адамның сезімі, эмоциясы және әрекеттері, рухани әлем, махаббат−өмір негізі, жеке даралық және интеллект, өмірдің мәні мен тағдыры, денсаулық, салауатты өмір салты, шығармашылық, рух, жан, тән, сана, интуиция және ұғыну, әркімнің жан дүниесіндегі адамгершілік заңы, дарындылық және қабілеттер, темперамент, мінез түсініктері қарастырылады.
Адам және қоғам. Адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық, этика, адамгершілік құндылықтарын оқытуды қарастырады.
Адамның қоғамдағы рөлін ашу үшін: басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау мәдениеті, адамгершілік мінез-құлық, адами қарым-қатынастар этикасы, отбасындағы өзара қарым-қатынастар этикасы, балаларды тәрбиелеу, ұрыс-керіс және дау-жанжалдарды реттеу, жағымды қарым-қатынас, әр адамның моральдық қағидаларды қатаң сақтауы, адамның әлеуметтік рөлдері, адам моральды иеленуші, кәсіби тұрғыдағы өз-өзіне сенімділік, ұрпақтар сабақтастығы, патриоттылық және азаматтылық, қоғамдағы әйел адамның және ер адамның рөлі, қоғамға қызмет ету түсініктері қарастырылады.
Адам және қоршаған орта. Табиғат, адам, үйлесімділік, сұлулық, жер, ғарыш, махаббат, әлем, денсаулық құндылықтарын оқыту қарастырылады.
Адамның өзіне және қоршаған әлемге құндылықтық қатынасын дамыту үшін: барлық жаратылыстың үйлесімділігі мен бірлігі, табиғаттың адамға әсері, адамның табиғатқа әсері, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемінің адамға әсері, қоршаған әлемнің сұлулығы - жан дүниені тәрбиелеу құралы, салауатты өмір салты, ғарыш, әлем заңдары түсініктері қарастырылады.
Адамзаттың рухани тәжірибесі. Даналық, ақиқат, әлем, зорлық көрсетпеу, шындық, қызмет ету, махаббат, өмір, адам, бақыт, өнер, шығармашылық оқыту қарастырылады. Құндылықтарды оқып үйренуге және адамзаттың рухани тәжірибесіндегі құндылықтарды ашу үшін: адамзаттың рухани мәдениеті, өнер түрлерінің адамға әсері, ақиқатты іздеу, мәдени мұра, әлем халықтарының салт-дәстүрлері, тамаша адамдар өмірі, адамзаттың рухани ұстаздары түсініктері қарастырылады.
8. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мектептің әр түрлі деңгейлерінде оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. 1. Мектептің бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Бастауыш білім беру деңгейін бітіруші оқушылар:
- бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, шындық, еңбек ету, қызмет ету, ақиқат, үйлесімділік, сұлулық, руханилық, адамгершілік сияқты жаңа ұғымдар, оған қарама-қарсы құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді білуі;
- адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктерді білуі;
- Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді білуі;
- шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін түсінуі, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай білуі;
- оқушы құқығы мен міндеттерін білуі және оларды қолдана алуы;
- табиғаттың маңыздылығын өмір сүрудің негізі ретінде түсінуі, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғат көздерінің тазалығын сақтай білуі;
- адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасай алуы;
- өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін білуі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінуі;
- денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы, денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінуі,
-салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін білуі және қолдана алуы;
- өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
- қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алуы;
- өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алуы, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алуы;
- адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата білуі, өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алуы, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алуы;
- этика ережелерін білуі және іс жүзінде қолдана алуы, мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алуы, адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алуы;
- топта, сыныпта, үйде өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлауы, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алуы;
- өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алуы;
- оқу кітаптарын саналы түрде таңдай білуі, өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алуы өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы тиіс.
8. 2. Мектептің негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Негізгі орта білім беру деңгейін бітіруші оқушылар:
- бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді білуі және еркіндік, тәуелсіздік, шыдамдылық, жәбірлемеу, ақыл, ерік, махаббат, ар-намыс, абырой, шығармашылық, мәдениет, өнер, даналық, адалдық, келісім, шындық, бақыт, өмір, махаббат сияқты жаңа ұғымдарды білуі;
- өздігінен білім алуы және өзін іс жүзінде көрсете білуі, өз бетінше шығармашылықпен айналысуға қызығушылық танытуы, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін мейлінше жүзеге асыруға ұмтылуы;
- адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы кеңейтілген түсініктерге ие болуы;
- үйде, өз айналасындағылармен рухани нормалар, адамгершілік қағидаттар негізінде бірлескен әрекетте достық қарым-қатынасты қолдауы, ұрыс-керіс, дау-жанжалдың жағымсыз екенін сезінуі, оларды жеңе алуы, ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара әрекет ете алуы;
- өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізіп, өзіне қарасты объективті пікір білдіре алуы;
- дербес және жауапты шешім қабылдай алуы және оны негіздей білуі;
- басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаттарына, ұстанымдары мен сенімдерінде берік болуы;
- адам мінезінің жағымды және жағымсыз сипаттарын, әрекеттері мен ниеттерін ажырата алуы;
- өзінің эмоциялық және психикалық жай-күйін басқара алуы, жағымсыз эмоция мен әрекеттерді тежей алуы;
- отбасылық дәстүрлерді білуі және құрметтей алуы, өзінің отбасындағы рөлін түсініп, туыстары және жақындарымен отбасында достық қарым-қатынасты сақтай білуі, жауапкершілікті сезініп, қамқор бола алуы;
- өзінің қайталанбас жекелігін сезіне білуі, өзгелердің жекелігіне құрметпен қарай алуы;
- әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейрімділік таныта алуы, өзінің адамдарға жанашырлығын нақты көмек арқылы көрсете алуы;
- дене және психикалық саулық үйлесімділігінің маңызын, салауатты өмір салтының мәнін түсінуі, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға тырысуы;
- өзінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін сезінуі, өз уақытын жоспарлай алуы;
- достық пен қарым-қатынасты бағалай алуы, шыдамдылық танытып, реніш пен түсінбеушілікті кешіріп, басқа адамды тыңдай алуы, түсіне білуі;
- түрлі жағдаяттарда өзін лайықты және жауапты ұстай алуы, эмоциялық жай-күйін басқара алуы, жағымсыз эмоцияларын, ниеттерін тежей білуі;
- адамның гендерлік айырмашылығын ескере отырып, олардың әлеуметтік рөлі туралы түсініктерді білуі;
- өз әрекеттерін айналасындағы адамдардың іс-әрекеттерімен теңдестіре алуы және бағалай білуі, әйгілі адамдар өміріндегі жақсы болуға көмектесетін құндылықтарды ажырата алуы;
- салауатты өмір салтына ықпал ететін түрлі дене әрекеттерін орындай алуы;
- қоршаған орта мен адам сұлулығын бағалай алуы, өзінің оларға қатынасын шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
- өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың мәнін түсінуі, жеке дара және ұжымда еңбек ете алуы;
- рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес жеке мақсаттары мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтай алуы;
- жағымсыз стереотиптер мен қатерлі әуестікті бағалай алуы, жағымсыз әдеттердің (маскүнемдік, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану және т. б. ) алдын алу тұрғысынан өз іс-әрекеттері мен өзінің дамуын бағалай алуы;
- өзінің және өзге халықтар мәдениеті, дәстүрі, салты және тілінің маңызын түсіне білуі;
- жағымды қарым-қатынас жасау құндылығын түсінуі, өзін-өзі бағалай білуі және оны мұғалімнің, құрбыларының, туыстары мен жақындарының бағалауымен салыстыра алуы;
- қоғамда мінез-құлық ережелерін лайықты сақтай алуы, өз қылықтары мен айналасындағылардың әрекеттерін бағалай алуы;
- өзінің әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі, өз бетінше шешім қабылдай алуы тиіс.
8. 3. Мектептің жоғары орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Жоғары орта білім беру деңгейін бітіруші оқушылар:
- жалпыадамзаттық, этномәдени, ұлттық құндылықтардың өзара байланысын және арақатынасын түсінуі;
- жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгеруі және оны күнделікті өмірде қолдана алуы;
- өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалай алуы, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алуы;
- жәбір көрсетудің және қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын білуі;
- өмірлік жағдаяттардағы тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі жайларды айырып, анықтай алуы, оларды сипаттай білуі және өз қатынасын білдіре алуы;
- болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алуы, өзінің жеке уақытын тиімді ұйымдастырып, ұтымды пайдалана алуы;
өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсінуі, өзара адами қарым-қатынастарды тани алуы және оны бағалай білуі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz