Спорттың балаларға берері көп
Жоспар
1.Кіріспе бөлім.
Спорт жайында мағлұмат.
2.Негізгі бөлім.
а)Спорттың баланың дамып, жетілуіндегі өзіндік ерекшелігі.
б)Ата-ананың спортқа деген қарым-қатынасы.
в)Спорттың тәрбиелік рөлі зор.
3.Қорытынды.
Аннонтация
Ата-ананың спортқа деген қарым-қатынасы атты бұл еңбегімде негізгі
таңдағаным спорт жайлы. Спорттың өзіндік ерекшеліктерін, оның бала
өмірінде қаншалықты маңызды екенін айтып өттім. Сондай-ақ, бүгінгі
замандағы отбасы өміріне, ата-ананың спортқа деген қарым-қатынасының қай
деңгейде, қаншалықты екенін жан-жақты көрсеттім. Және, егер ата-ананың
спортқа деген қарым-қатынасы көңіл көншітер жағдайда болмаса ұстаздар
тарапынан қолданар шараның да қандай болатынын ескердім. Жалпы алғанда ата-
ананың спортқа деген көзқарасының оңды болуы баланың келешектегі өмірінің
кемел болуында айрықша.
Кіріспе.
Соңғы уақыттарда елімізде спортқа деген көңіл жоғары деңгейге жетіп
отыр. Мұның басты себебі еліміз ел тәуелсіздігін алды, өзге елдермен саяси,
мәдени тұрғыда байланыс орната бастады. Ал сол шет мемлекеттермен иық
теңестіру үшін білім, ғылым, өнер, спорт сайыстарында мықты болуымыз керек.
Елдің ертеңгі жарқын болашағының бір кепілі спорт болса, оған неге көңіл
бөліп, назар аудармасқа! Осы себептен де спортқа деген көзқарас елімізде
күн санап өсіп келеді. Сондай-ақ, спорт оқушылардың дене болмысын
шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырса, оның тағы бір түйінді
мәселесі кел-келген оқушының тәрбие алуына да айрықша рөль атқарады.
Спорттық ойындар арқылы кез-келген оқушының педагогикалық, психологиялық
ерекшеліктерінеәсер ету мәселелері бүгінгі таңда педагогикалық зерттеуі
қажет көкейтесті мәселелердің бір болып отырғаны даусыз. Егір сіз
зерттеулер нәтижесіне жүгінер болсақ, бокспен шұғылданудың тәрбиелік
мүмкіндіктері мол екендіктерін атап көрсете аламыз. Өйткені, спорттың бұл
түрі бұлшық еттің жұмыс істеу қабілетін арттыруға, шыдамдылық пен еркіндік
тұрақтылығын көтеруге, еңбексүйгіштігін, батылдығын, шешімділігін,
ұстамдылығын, өз күшіне деген сенімділігін тәрбиелеуге, өз іс-әрекетін
басқаруға ептілігін, мақсатқа ұмтылуын, белсенділігін қалыптастыруға әсер
етеді. Бокспен шұғылдану, басқа да белсенді спорт түрлері оқушыларды
пайдалы қызметке тартудың тиімді құралы ғана емес, сонымен бірге олардың
денелік, еркіндік және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің де таптырмас
құралы. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай спорт қызметі жағдайында
педагогикалық әсер ететін мерзім: үздіксіздік және жүйелілік үздіксіз
спорт қызметі деп маманның жтекшілігімен ұйымдастырылатын, белгілі бір
мерзімді қамтитын, қиын жеткіншектердің адамгершілік сипатын іріктеп,
реттеп отыратын және олардың әрқайсысының өз мақсаты мен міндеттерін
айқындауға мүмкіндік беретін ден тәрбиесін айтамыз.
Спорт акциясы жағдайында жас жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу
жолдары мен қайта тәрбиелеу үрдісінің жүйелілігі туралы айтқанда, оның мына
төмендегі бөліктері мен ерекшеліктерін назарда ұстағанымыз жөн:
- Жас жеткіншектерді спорт үйірмелеріне тартудың құралдары мен
әдістерінің ерекшеліктерін білу;
- Спортпен шұғылданушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-
жаттығу сабақтарын арнайы жасалған жоспар бойынша өткізу;
- Үйірме жағдайында жеткіншектерді спорттық және қоғамдық пайдалы
жұмыстарға баулу;
- Спорттық сауықтыру және спорттық еңбекке баулу лагерлерінде
спорттық-сауықтыру мен спорттық еңбек ету жұмыстарын
ұйымдастыру;
- Жеткіншектердің бейімділігін анықтау мен мақсатты бағыттағы
қызметтерге қызығуға, ұмтылуға тәрбелеу.
Бұл жұмыстар адамгершілік қасиеттері,әдеттерді, мектепте, үйде, спорт
ұжымдарында оқу мен жұмысқа деген саналы қатынастарды және жауапкершілікті,
сөз бен істің бірлігін, мінез-құлықтың тұрақты моралдік-еркіндік дұрыс
қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Оқушыларға мақсатты бағытталған педагогикалық әсер етуші бөліктер
мыналар:
1. Оқу –жаттығу сабақтарында топтық және әңгімелесулер,
дәлелдеулер мен түсіндірулер барысында ұйымдастырылатын спорт
секциялары жағдайында педагогикалық әсер ететін әңгімелерді
қолдану. Ең маңыздысы, жаттықтырушының жеке басының үлгісі,
оның жоғары педагогикалық деңгейі, спорт мамандығына
дайындығы, әдістемелік дұрыс бақылау, оқу-жаттығу
сабақтарында, спорттық-бұқаралық іс-шараларда және қоғамдық-
пайдалы еңбекте белгілі бір жағымсыз әрекеттеріне тыйым салу,
спорт қызметі барысындағы мінез-құлықтың этикалық мөлшерлерін
сақтауға бағытталған жағдаяттық жаттығулар жасауға тарту,
жаттықтырушы-педагогтердің, мектеп директорының, сынып
жетекшісінің, ата-аналардың біркелкі талаптарын орындау,
спорттық ережелер мен қоғамдық тәртіпті оқу және жалпы білім
беру салаларында сақтау.
2. Спорттық-сауықтыру лагері жағдайында педагогикалық әсер ету,
ептілік пен дағдыны қалыптастыру, спорт жарыстарына белсенді
араласу, күн тәртібін, жеке бастың және ұжымдық гигиеналық
талаптарды сақтау, лагерлерде және туристік жорықтарда өзіне-
өзі қызмет көрсету.
3. Спорттық-еңбектік лагерлер жағдайындағы педагогикалық әсер,
яғни жеткіншектердің ұжымдық өндірістік еңбекке қатысуы.
Жас жеткіншектермен тәрбиелік жұмыстарда спорт қызметіндегі үздіксіздік
жаттықтырушы-педагогтен ұйымдастырушылықты, бірізділікпен дұрыс жоспарлай
білуді, ең бастысы, жалпы дене шынықтыру саласында педагогикалық әсер
етудің техникасын толық игеруді, жаңа жұмыстардың түпнұсқалық тәсілдерін
жасай білуді талап етеді. Мұнымен қоса жаттықтырушы-педагог өз
тәрбиеленушілеріне қамқор болмағы ләзім. Бұл сөз жоқ педагогикалық әсер
етудің белгіленген кешенін дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Адамгершілік қағидалар мен талаптарды жетілдіру негізін жеткіншектердің
сыртқы талаптарға саналы-эмоционалды қатынасы жатады. Адамгершілік тәрбиесі
рухани мәдениет үлгілерін игеру арқылы моралдік құндылықтарды меңгеру болып
табылады. Мұның нәтижесі жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді. Жеке
тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу барысында іс жүзіндегі нақты істерді
объективті талдауға және жеткіншектің өз әрекеттерінің мақсаттылығын
сезінуіне ықпал етеді. Ал оқыту барысында жеткіншектер адамгершілік
идеалдары туралы мәліметтер алады, бұл өмірдегі мағыналы мәселелерді,
парыз, ар-ождан қағидаларын дұрыс шешуге жол көрсетеді. Сондай-ақ, спорт
транс-ақпараттық білім беруге әсерін тигізеді.
Әуестенудің қалыптасуы күрделі жолмен өтеді. Оның қалыптасу деңгейі
тәрбиеленушілермен жүргізілетін сабақтардың әдістемесіне тікелей
байланысты. Ал, жас жеткіншектермен алдын алу шараларын жүргізгенде осы
жағдайды ескере отырып спорт секциясына тарту қажет. Спорттың балаларға
берері көп. Онымен айналысу бұлшық еттердің жақсы дамуын қамтамасыз етеді
және шыншылдық пен әділдікке ұмтылдырады, үлкен жауапкершілікке әрі
тәртіпті болуға баулиды.
Жас жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу олардың спортқа деген
тұрақты қызығуын оятып, дене тәрбиесінің алғашқы міндеттеріне шешуді іс
жүзінде іске асыру керек. Бұл орайда мынаны ескерген жөн: спортқа қызығудың
тұрақты қалыптасуы олардың теориялық түсініктілігіне деген қажеттілігіне
байланысты болады. Тек осы қажеттілік қана бокстан теориялық сабақтар
жүргізудің алғышарттары болып табылады. Бұл өз кезегінде оқушыларды
белсендің спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ал, жаттықтырушы-
педагог берген топтық немесе жеке тапсырмалар жас жеткіншектерді моралдік
тұрғыда қанағаттандырады. Ол олардың өз күшіне сенуге және қоршаған орта
үшін пайдалы қызмет жасауға деген қабілетін ұштауға жол ашады.
Ең бастысы, жас жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу мен қайта
тәрбиелеу алғашқы оқу-жаттығу сабақтарынан-ақ басталуы тиіс. Бірақ,
бастапқыда бұл үрдіс қозғаушы және дайындық сипатқа ие болса, одан әрі
қарай ұйымдастырушылық және бақылаушы сипатқа өтеді. Бұл жерде ерекше
назарда өзін-өзі тәрбиелеу дағдаларын қалыптастыруға аудару үлкен маңызға
ие.
Тәрбие міндеті аспектісінде дене тәрбиесіндегі мынадай мәселелерді:дене
шынықтыру және спорт аясында әдеміліктің болуын дұрыс бағалау, басқа да
сезімдерді тәрбиелеу үшін эстетикалық мөлшерін қалыптастыруды қарастырады.
Дене тәрбиесі мен білім беру мүмкіндіктері мұнда үлкен орын алады.
Ақыл-ой мен эстетикалық тәрбиенің өзара байланысы таным аясына
істелетін білім жиынтығын беруде эвристикалық мінезге ие болғанда ғана
берік тұтастыққа ие болады, олар: 1.адамның бұлшық еттерін дамытуда
үйлесімді қалыптастыруда талап қою және тұлға құрылысы жөніндегі білім; 2.
спорттағы қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен мақсаттылығы жөніндегі білім;
3.дене жаттығуы техникасын жетілдіру негізінде эстетикалық сезімді дамыту
және тәрбиелеу жөніндегі білім; 4.дене шынықтыру және спорт сабағы
мазмұнының объективті негізін әсер ету жөніндегі білім.
Біздің негізгі ойымыз: оқушылар дене шынықтырудың эстетикалық маңызын
жалпы адам мәдениетінің бөлімі ретінде іштей үйренсе деген ниет. Өйткені,
дене тәрбиесі мен оны оқыту жүйесі әдемілік заңына бағынады. Оқушылардың
өздерінің қозғалыс дағдысы мен іскерлікті жетілдіруі ақыл-ой және адам
тәрбиесінің арасындағы көрсеткіштерге де қатысты. Дене тәрбиесінің
эстетикалық болмысын жоғары мақсатқа бағыттау шығармашылықта, еңбекте және
оқуда табысқа жету мен олардвң тәртібі мен мінез-құлқынан да көрінеді.
Оқушылардың қимыл-қозғалыс қабілеттілігін арттыру әдістемесінде
көптеген мәселелер ғылыми аспектеде толығымен қарастырылмаған. Әсіресе,
бұл әр түрлі жастағы балалардың жас және жыныс, әрі дене даярлығы
дәрежесінің факторлық құрылымында айқын байқалады.
Дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларға аса артық жүктеме беруге мүлде
болмайды. Тек ондай жәйттер жас шамасына қарай шектеулі шеңберде ғана
мүмкін нәрсе. Оқушылардың қимыл-қозғалыс қабілеттілігін арттыру әдістемесін
ыңғайлы етіп құрауда рның үлкен мәні бар. Соның нәтижесінде дұрыстығы,
дәлдігі, педагогикалық іс-әрекет әсерінің бағыттылығы болжанады. Ал, бұл
үшін ұл мен қыз баланың қимыл-қозғалыс ерекшеліктерінің факторлық құрылымын
зерттеу керек. Көптеген ауыл мектептерінде спорт залдарының жоқтығы
белгілі. Бірақ, олардың ашық спорт алаңдары мен қолайлы климаттық жағдайы
бар. Спорттық жеңіл атлетика түрін таңдау мақсатқа лайық. Өйткені, жеңіл
атлетиканың жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелеріне тиімді әсері бар
және жүгіру, секіру, тас лақтыру жаттығулары бұлшық еттерге пайдалы. Ал
жабық кеңселерден гөрі ашық ауада жаттығулар жасаудың тиімділігі екі есе
мол.
Салауатты отбасы-өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла
түседі. Өмірге деген алғашқы қадамның әліппесін бала отбасында алып, онда
адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Сонымен қатар, отбасы
сүйіспеншіліктің мектебі болғандықтан, онда әрбір адам: әйелі мен ері,
әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бала жүріп,
сүйіспеншіліктің әр түрлі өлшемдерін танып біледі, адамды өзара
түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де
тек сабалуатты отбасында қалыптасады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір
бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен,
әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.
Қазіргі заманда отбасы тәрбиесі жағдайында әлемдік деңгейде мән беріліп
отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995
жылы Қазақстанда қабылданған Баланың құқығы туралы Конвенция бола алады.
Онда Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсінігі
бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін байыпты ахуалдық ортасы бар отбасында
өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды
жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше
мейірімділікке, қамқорлыққа мұқтаж делінген. Конвенцияда әрбір ата-ана
жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай бейімделуін
қамтамасыз етуге міндетті екенін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта:
баланың жеке басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту, адам
құқығын құрметтеуге, баланың өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-
салтын, тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға
тәрбиелеу, баланы еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлтаралық қарым-
қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау, қоршаған ортаға
жанашырлыққа тәрбиелеу жүзеге асырылуы керектігіне ұсынады.
Спортқа деген көңіл бүгінгі күні ерекше екені белгілі. Соған сай заман
талабы бүгінгі отбасына оның ішінде ата-аналарға үлкен жауапкершілікпен
жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше
болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық,
психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген.
Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл
қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, білімге құштар болып өсуі, сонымен
қатар туған халқы мен Отанына адал болып өсуі ең жоғарғы тілек, білік
мақсат болып келген. Оның қуат алар қайнар бастауы-отбасы.
Отбасы баланың спорттық белсенділігін арттыруда екі жақты әсер етеді.
1.Отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі
арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен
әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.
2.Әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған шаралар арқылы әсер
етеді.
Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір
білімдер мен қабілеттер қажет. Осы тұста Ресей ғалымы а.Пинт Ата-аналар
балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек
өзгерістерді байқап білуге қабілетті болу керек. Олар балаларын суықтап
қалудан немесе әр түрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де,
өздерінің дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне
кері әсер ететінін ескере бермейді дей келіп, баланың спортқа
бейімделуіне, ата-ананың ұйымдастырушылық, байқағыштық қабілеттерінің болуы
керектігін баса айтады. Дегенмен, бүгінгі отбасындағы ата-аналардың
баланың дене тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен
мүмкіндіктері бірдей болмай отыр.
Отбасы өзінің дұрыс әрекеті арқылы спорт саласында ауқымды мәселелерді
шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасындағы ата-ана мен мектептегі
ұстаздардың өзара ынтымақтастығын нығайтудың өте маңызды екенін айта кету
керек. Ал спорт қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс
ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және
қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз
үйлесімін табуы тиіс.
Шағын кешенді ауыл мектептерінде дене тәрбиесін жүргізудің өзіндік
ерекшеліктері бар. Бір мезгілде 2-3 сыныптарға дене тәрбиесі сабағын
өткізуді ұйымдастыру күрделі де қиын жұмыс. Әсіресе, шағын кешенді бастауыш
мектептерде дене тәрбиесі мұғалімі ұлттық қозғалыс ойындарды сабақ
барысында қолдануда үлкен қиындықтарға кездеседі. Себебі, оқушылардың дене
дайындығы, қимыл-қозғалыстарды меңгеру дәрежелері біркелкі еместігімен
қатар ойынға қызығулары мен білім деңгейлері де әр түрлі болып келеді.
Сонымен қатар көпшілік жерлерде және осындай түрдегі ауылдық мектептерде
сыныптағы оқушылар санының аздығына байланысты дене жаттығуларын, ойындарды
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның барлығы ойын
материалдарының білікті сұрыпталуын, бастауыш сынып оқушыларының ойын
барысындағы қимыл-қозғалыстарының үнемі бақылауын қажет етеді.
Көптеген ауылдық мектептерде дене тәрбиесі сабағын арнайы мамандығы жоқ
мұғалімдер жүргізетіндіктен, оқушылар жеткілікті білім мен дағдыларды
қажетінше меңгере алмайды. Осыған байланысты біз мұғалімнің арнайы
дайындығын, оқушылардың дене жетілу, дене дайындық және дене дамуы
деңгейлерін тексердік.
Зерттеу жұмысы Қызылорда облысының Шиелі және Жаңақорған аудандарының
шағын кешенді ауыл мектептерінде жүргізілді. Үш мектептің бастауыш сынып
оқушыларын бақылау тобы, ал басқа үш мектептің оқушыларын эксперимент тобы
деп алдық. Оқушылардың жас мөлшері 7—10 жас. Эксперимент 8 айға созылды.
Зерттеу жұмысы келесі әдістерге сүйене отырып жүргізілді: ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан оқулықтарды талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама
жүргізу, математикалық және логикалық талдау, тұжырымдау әдістері
қолданылды. Барлық сабақтар мектеп алаңында ашық ауада өткізілді.
Тәжірибеде климат жағдайы ескерілді. Жаттығулар оқушылар ағзасының
функциялық қызметіне жақсы ықпал етуіне жағдай жасалды. Ұсынылған қозғалыс
түрлерінде жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің реакциясы тексерілді.
Тамыр соғу жиілігінің бастапқы деректері тыныштық кезде екі топта да елеулі
өзгеріс байқалмады. Бірақ, оқу жылының соңында экспериментті сыныптарда
функциялық сынама деректері бойынша тамыр соғу жиілігінің ұлғайғаны және
неғұрлым тез қалпына келетіні нақтыланды.
Бастауыш сынып оқушыларының дене даму деңгейі 1 және 4-тоқсанда келесі
көрсеткіштер анықталды: дене ұзындығы, салмақ, өкпенің тіршілік сыйымдылығы
және аяқ-қол динамометриясы. Нәтижесінде барлық көрсеткіштер бойынша
экспериментті сынып окушыларының дене даму деңгейі бақылау сыныптарына
қарағанда едәуір жоғары екенін көрсетті.
Оқу жылы көлемінде бастауыш сынып оқушыларының дене дайындығы мен дене
қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ұлттық ойындарды пайдаландық.
Ұлттық ойындарды дене қабілеттеріне байланысты саралаудан өткіздік. Екі
топта да оқушылардың дене дайындық көрсеткіштері барлық тоқсанда белгілі
тестер бойынша талданды. Біздің мұндай саралау экспериментті сыныптардың
және дайындық көрсеткіштері бақылау сыныптарынан жоғары. Біз оқушылардың
дене қабілеттерін жетілдіру мақсатында "Қара бөрік", "Қасқұлақ", "Айгөлек",
"Теңге алу , "Атшылар", "Ақ серек - көк серек", "Жігіт қуу", "Жалау алу",
"Мүше алып қашу", "Ептілер", "Допты түсірмек", "Қасқыр мен ешкі", "Соқыр
теке", "Ала күшік", "Төпетей тастамақ", "Орамал тастау", "Аларман", "Белбеу
ойыны", "Лақтыр ұста", "Жүзік алу", "Белбеу соқпай", "Арқадағы таяқ", Көпір
мен мысық", Қоян", "Тоқта", "Қораздар соғысы", "Тартыс", "Шамаң келсе
тартып ал", "Әуе таяқ", "Кісі көтеру", "Секіріп ойнау , "Текелер ұрысы",
"Бәлләй", "Ортаға түспек", "Жүрелей секіру", "Бөрік телпек", "Тырау, тырау
тырналар", "Тау менікі", "Жаяу көкпар", "Атшылар жарысы", "Көген тартыс",
"'Төрт аяқтап жарысу", "Аударыспақ" сияқты ұлттық ойындарды қолдандық.
Көрсеткіш барлық сыныпта бастапқы деңгейден 45—50 метрге дейін жоғарылады.
Оқу жылының аяғында экспериментті сынып оқушылары "Дене тәрбиесі" пөні
бойынша бағдарлама материалдарын бақылау сыныптарына қарағанда толық
меңгеріп шықты.
Сонымен бастауыш сыныптарда дене тәрбиесінің сабақ жоспарын дұрыс құрып,
ұлттық ойындарды сабақ барысында тиімді пайдаланса және сабақты арнайы
білімі бар маман жүргізсе оқу бағдарламасындағы материалдар толық
меңгеріліп, оқушылардың денесі дұрыс дамып, жетілетіндігі айқындалды.
Дене тәрбиесі сабағында ойындар неғұрлым көп өтілген сайын бұлшық ет
топтарының да бұған қатысу мүмкіндігі мол болатындығы белгілі. Ал ойынның
көп болуы дене қабілеттері ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейлерін де
дамыта түседі. Демек, оқушылардың дене бітімінің, тұлғасының дұрыс
қалыптасуы ұлттық ойындардың тәрбиелік құрылымына да көп қатысты. Жалпы
бастауыш сынып оқушылары 4 жыл мерзімде 70—80-ге жуық ойын түрлерін
меңгеруі тиіс. Міне, осы ойындарды толық меңгергенде ғана оқушылардың дене
қабілеттері мен денесінің жалпы дамып-жетілуі ғана емес, сонымен қатар ерік-
жігер қасиеттерімен бірге батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр,
зерек және сергек болуына көп септігін тигізетініне ешқандай күмәніміз жоқ.
Дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту
процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің
қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке,
Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. "Дене тәрбиесі —
адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл-әрекеттерін қалыптастыратын
адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие
бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық,
табандылық қасиеттерді шыңдайды.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және
белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса
маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой
және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін
қалыптастыруға да ықпал етеді.
Сондықтан да тәрбие теориясы дене тәрбиесі мәселесіне тұлғаның дене
күштері және ағзасын дамытудың негізгі бір факторы ретінде айрықша мән
береді.
Дененің дамуы - адам дене күштерін нығайту және жетілдірудің сапалық
өзгеруін қамтиды. Мұндай көзқарастар ол тек дене тәрбиесінің бір ғана
нәтижесі ретінде көрініс береді.
Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті
және спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz