Заттардың табиғаты туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев (1845-1904) - ұлы ақын, ойшыл, ағартушы. Философиялық,
этикалық, діни идеялары поэзиялық шығармаларында және қара сөздерінде
бейнеленген.
Абсолютті эпсіне салыстырмалы ақиқат - зерттеліп отырған объекті жөніндегі
толық емес білімді салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді
абсолюттік ақиқат деп атайды.
Абстракция - таным формасының бір жагы, заттардың бір қасиеттерін оиша
бөліп алып, дерексіздендіру.
Авенариус Рихард (1843-1896) -швейцариялық философ - позитивист,
эмпириокритицизмнің негізін қалаушылардың бірі. Агностицизм - дүниені тану
мүмкіншілігін толық және жартылай жоққа шығаратын ілім.
А. Аврелии (354 – 430ж.ж) – Шіркеу әкейлері ішіндегі ХІІІ ғасырға дейін
фмлософияның дамуына үлкен ықпал еткен философтардың бірі. Аврелли
философияның көзқарастарын қалыптастырып скертицизм Платон философиясы
нелплатонизм әсер етті. Негізгі еңбектері: Тәубеге келу, Құдай қаласы
туралы
Адам - қоғамдық қүбылыс. Биологиялық тұрғыдан, адам-жануарлар дамуының ең
жоғарғы сатысы.
Адамзат -жерді мекендейтін адамдардың жиынтығы, планетаның халқы.
Аксиология - құндылықтар туралы философиялық ілім.
Анаксимсандр (шамамен б.д.д. 611 – 545 ж.ж.) жалғастырды. Негізгі еңбегі:
Табиғат туралы, Жер картасы, Глобус. Анаксимсандр барлық денелердің
бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтеріп,
осы апейрон деп атады. Апейрон бастама да, түпнегізде.
Анаксимен (б.д.д. VI ғ. ортасы ) жалғастырды. Негізгі еңбегі – Табиғат
туралы, Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны атады. Ауа шексіз
апейрон. Аук денелердің ғана бастамасы емес, сонымен қатар жанның да
бастамасы. Ал жан – тірі денелердің біріктіретін бастама.
Антиномия - пікір алмасу кезінде кездесетін бір - біріне қарама -қарсы,
сонымен бірге бірдей дәлелді пайымдаулар.Қоғамдастыққа қарсы құбылыс
жалпыға бірдей өнегелік және адамгершілік нормаларына қайшы келетін
әлеуметтік құбылыс.
Аңғал реализм - дүниенің, заттардың өмір сүруі, сезім - санадан тыс, қалай
қабылдасақ солай болмақ деген, күнделікті қарапайым тәжірибеге сүйенген
адамның пікірі.
Антропологизм - адам табиғаттың ең жоғарғы құндылығы және адамның барлық
ерекшеліктері мен қасиеттері тек табиғатпен байланысты дейтін ілім.
Апейрон - шексіз, шетсіз, үнемі қозғалыстағы материяны белгілейтін
Анаксимандр кіргізген ұғым.
Априори - тәжірибеге дейін, оған сүйенбей алынған білімді белгілейтін ұғым.
Араньяк – Брахмандарға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларды іштей сыйлап
- ұрметтеу,олар туралы ойланып толғану сияқты көзқарас.
Аристотель (б.з.д. 384-322 жылдары) - ежелгі Греция философиясының биік
шыңдарының бірі –болды. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласына
ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: Категориялар, Аналитика
(І-ІІ-томдар), Топтика, Физика, Метафизика, Этикалық трактаттар,
Саясат, Риторика, Поэтика, т.б.
Аргумент - логикада қандайда да болмасын бір пайымдаудың ақиқаттылығын
құптап, дәлелдейтін пікір, пайымдау.
Арнайы материализм -материализмнің негізгі принциптерін бұрмалаған, XIX ғ.
ортасында пайда болған философиялық ағым.
Атараксия - ежелгі гректерде сабырлылық, жан тыныштығын белгілейтін термин.
Атрибут - заттың ажырымас, айрылмас қасиеті.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) -өз заманының энциклопедист ғалымы,
Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған. Қоғам, мемлекет туралы
әлеуметтік- саяси, философиялық концепция жасаған.
Әл Ғазали (1085 – 1111ж.ж) Әбу Хамид Мұхаммед. Әл Ғазали Еуропада туып өмір
сүрген, ислам әлемі оған Шйех – ул Ислам деген құрметті атақ берген.
Негізгі еңбектері. Бақыт алхимиясы, Нұрдың орын алуы, Жұмыс өлшемі.
Әл Кинди – 800жылы туған. Торлық есімі бу Юсуф Якуб бну – Искак. Әл Кинди
.Ол жан –жағқты, терең ойлы ғұлама. Әл Кинди еңбектері метафизика, логика,,
музыка, этика, математика, астрономия және оптика сияқты білім ғылымға
арнлған. Еңбектері Еуропада Х- ХІ ғасырдалатын тіліне аударылып, оны
ғалымдар әлемдегі аса үздік 20 ойшылдардың бірі деп мойындады.
Әлем - материяның әр түрлі формаларынан құралған, уақыт пен кеңістікте
шексіз табиғат.
Әлеуметтік кепілдік - қоғам мүшелерінің конституциялық, әлеумет -
экономикалық және әлеуметтік саяси құқықтарын жүзеге асырудың қамтамасыз
ететін материалдық юристік құралдар
Белинский Ал (1811-1848) - орыстың революционер -демократы, сыншыл, орыс
реалистік эстетикасының негізін салушы.
Бейнелеу теориясы - шындықты тану туралы материалистік ілім, яғни таным
процесі адам санасында бейнелену арқылы жүреді, бейнелеудің алғы шарты өлі
табиғатта.
Ф. Бекон (1561- 1626ж.ж.) философияда механикалық көз қарастың қалыптасуына
зор үлес қосқан ойшыл, ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми
зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы. Негізгі еңбектері:
Ғылымдар табысы, Жаңа органон, Жаңа Атлантида.
С. Бенедикт (1632 – 1677ж.ж) нидерланд филдософы. Негізгі еңбектері: Діни
саяси толғау, Декарт философиясының қағидалары, Этика және
т.б. Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды
біріктіретін ұғым ол – субстанция.Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары
( тіршілік, рух, жан) барлық жеке денелер мен құбылыстарды қамтиды.
Бердяев Н.А. (1874-1948) - орыс философы, экзистенциалист. Қоғамның
жаңаруын православияны реформалаумен байланыстаған.
БерклиД. (1685-1753) - ағылшьга философы, субьективті идеалист.
Брахман – Самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер
Брахма – бұл атманмен (адамның рухани мәнділігі) біртектес тұлғасыз
мәнділік.
Бруно Джордано (1548-1600ж.ж.) – Коперниктен кейін әлем дүниесінің құрылымы
жайында терең пікірлер айтқан итальян ғалымы әрі философы. Ол әлем
дүниесінің сырын ашып, оның табиғи заңдылыққа бағынатындығын дәлелдеді.
Бруно (1548-1600)- итальян философы, римкатолик шіркеуіне, схоластикалық
философияға қарсы күресуші, материалистік философияны насихаттаушы.
Буддашылдың - азат құтылудың жолдарын здестіріп, нирванаға жетуді мақсат
ететін дүниежүзілік дін.
Болжам – субъектінің келешектегі мүмкін боларлық жағдайы туралы ғылыми
дәлелденген пайымдау.
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, бүкіл объективті рас, бар дүниені
қамтитын философиялық ұғым.
Бұлжымас императив – И.Канттың жалпыға бірдей моральдық заңы.
Р. Бэкон (1214 – 1294ж.ж) – ағылшын философы, экспериментке сүйенген жаңа
заман ғылымының негізін қалаушы.Ортағасырлық философияның идеяларымен
келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірейбенің беделін
көтерген ойшылдардың бірі. Ол
философияны табиғаттану ғылымдарын теолгиядан бөлу керектігін уағыздап,
ғылымдар ғимаратының ірге тасын - тәжрибе, эксперимент математика деп
есептеген.

Ведалар (санскрит: веда – білім)-ежелгі үнділердің қасиетті кітаптары.
Қазіргі үнді философиясының негізі.
Л.Г. Вильгельм (1646 – 1716ж.ж). Немістің көрнекті физигі, математигі,
тарихшысыжәне философы. Негізгі еңбектері: Адамның ақыл ойы туралы жаңа
тәжірибелер, Монадология т.б.
Вольтер шын аты – жөні Франсуа Мари Аруэ (1694 – 1788ж.ж) Негізгі
шығармалары: Тарих философиясы, Эстетика, Хаттар т.б. Ол құдайдың
бар екенін мойындайды бірақ ол жоқты бар ете алмайды, ол тек табиғаттың
алғашқы қорғаушы күші ғана.
Галилей Галилео (1564-1642жж.) - дүниетанымның жақтаушысы, Коперник пен
Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырушы итальян астрономы, физигі,
математигі, философы. "Ғылымның жаңа екі саласына
байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар", "Табиғат туралы
кітап", т.б. еңбектер жазған. Оның пікірінше, философия алфавит
әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат кітабын оқуы керек.
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-183 Іжж.) - льм философия әлемінде
өзіндік ерешелігімен өшпес із қалдырған ғұлама ойшыл, неміс классикалық
философиясының ең биік шыңы Фрифрих 1770 жылы Штутграт қаласында туып,
1831 жылы қайтыс болған. Негізгі еңбектері: Рух феномологиясы, Логика –
ғылым, Құқық философиясы, Дін философиясыт.б. Гегель өз философиясының
бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Гегельдің ілімі ХІХ – ХХ ғасырлар
философиясына үлкен әсер етіп, осы кезеңге дейін маңызын жоймай келді.
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Людвиг Фейрбах 1804 жылы
Ландсгутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген
дерде қайтыс болды. Негізгі еңбектері: Христиан дінінің мәні, Діннің
мәні, Гегелге қарсы сын т.б.Ақыл ойды объективті нақтылықты дұрыс
бейнелейді деп сенеді. Таным процесінде басты рөлді сезім атқарады, ал
олйлаудың қызметі сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстыру.

Гераклит (шамамен б.д.д. 544 – 483 ж.ж.) боды. Негізгі еңбегі: Табиғат
туралы. Гераклит заттардың – түпнегіздік генетикалық бастамасын от деп
есептеген. От мәңгі құдай тектес. Әлемді құдай да, адам да, жаратқан жоқ,
ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұрған, әр уақытта
болған, бар және болатын тірі от.
Т. Гоббс (1588- 1979ж.ж) Бэконның ілімін жхалғастырушы және бір жүйеге
келтіруші. Ол механикалоық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар
қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың
негізін қалады. Негізгі еңбектері: Азамат туралы философиялық бастапқы
негіздеме, Левифан – материя, түр, мемлекттік, діни және азамттық билік.
Гуманизм (лат. адамгершілік) адамға деген қамқорлық, және оның жан жақты
дамуына жағдай жасауды мақсат тұтатын көзқарастардың.

Ғылым - тарихи қалыптасқан білімдердің реттелген жүйесі, ақиқаттығы,
практикада тексерілетін қоғамдық сана.
Ғылым обьектісі - кез-келген бір ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне ие болған
обьективтік және субъективтік шындықтың бөлігі.

Даосизм - б.д.д. VI ғасырда Лаоцзы - негізгі қалаған көне Қытай
философиясында ағымы ілім. Идеализм мен мистикаға қарсы күресте пайда
болған ілім. Негізін қалаушысы – Лао – Цзы (б.д.д. VI ғ – өмір сүрген).
Негізгі еңбегі – Дао және дэ туралы кітап. Оның пікірінше табиғат пен
адамдарды басқаратын көк аспан емес, дао.
Дао - дұрыс жол.
Дао - заттардың табиғи өсуі, өшуі, әлем сол заңға бағынады.
Дэ – даоның әрі қарайғы өмір сүруі дэге байланысты.
Дарвин Ч.Р. (1809-82жж.) - ағылшын жаратылыстанушысы, эволюциялық
теориясының негізін салушы.
Дәлелдеу - қандай да болмасын ойдың ақиқаттығына немесе жалғандығын
негіздейтін пайымдау.
Деваяна жолы – адамдардың өзін-өзі ой елегінен өткіғіп, өз артықшылықтары
мен кемшіліктерін саналы түрде пайымдау жолы. Бүкіл қоршаған әлемнің
шарттылығын зердемен игеру арқылы өзіңді меңгеруге ұмтылу.
Р. Декарт ( 1569 – 1650ж.ж) франзуз ғалымы және философы ақыл ойды таным
процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің ролін сол ақыл ойдың
мәлменттерімен тексерген. Негізгі еңбектері: Тәсіл туралы ойлар, Бірінші
философия туралы метафизикалық ойлар, Философия бастамасы т.б.
Декарттың пікірінше, бір мезгілді, бір біріне тәуелсіз, бірақ байланысты
рухани түпнегізбен қатар, материалдық түпнегіз де өмір сүреді.
Демокрит б.д.д. 460-370 ж.ж. ерте дүниедегі Грецияның ең үздік
материалисі. Ол материя құрылысы жөнінде дұрыс ұғымға негіз болған теория
жасады. Демокрит бір ғана субстанцияны – бос кеңістікке жайылған зат тегін,
материяны таныды. Оның пікірінше, материялық денелер бос аралық арқылы
бірінен-бірі бөлінетін, көрінбейтін жеке бөлшектерден тұрады. Демокрит
ондай бөлшектерді атомдар деп атады.
Б. Джордж (1684 -1753ж.ж) ағылшын философы. Негізгі еңбектері: Танымның
бастамасы туралы трактат. Берклидің ілімі бойынша жалпы материя
деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтын сияқты, жалпы
материя да болмайды.
Догматизм - уақыт пен нақты жағдайларды ескермейтін, сіресіп қалған
ұғымдарды пайдаланатын ойлау әдісі.
Дуализм - моиизмге қарама - қарсы, дүниенің тегін екі субстанциядан
(заттың, рухани) шығаратын философиялық үғым.
Д. Скотт (1268 – 1308ж.ж) шотланд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын
айтып, құдайдың да, адамның да ақыл ойын оның ерік жігеріне тәуелді.
Скоттың ілімі скотизм деп аталған.
Дүниенің бірлігі мен көп түрлігі -дүниенің бірлігі деп оның материалдығын,
яғни дүниедегі барлық өмір сүретін заттар мен құбылыстар, мәңгі
қозғалыстағы материяның әртүрлігі мен қасиеттері болып табылады.
Дхарма - адамның өз міндеттерін дүрыс атқаруын бейнелейтін үнді
философиясының ұғымы.
Жекешелік, жалпылық, өзгелікшілік дүниенің объективті байланысын және
байланыстарды тану сатысын қарастыратын философиялық категориялар.
Дін - діни санадан, діни ұйымдардан құралған күрделі әлеуметтік жүйе.

Еңбекті гуманизациялау - еңбекті үйымдастырудың формасын өзгерту арқылы,
оның маңызын байытып, мәртебесін көтеру.
Еркіндік және қажеттілік - адамдардың қызметі мен табиғат пен қоғамның
объективті зандары арасындағы өзара қатынастарды айқындайтын философиялық
категориялар.
Еңбек - өзінің қажеттілігіне керек заттар жиынтығын жасайтын адамның ең
басты іс - әрекеті.

Жан - адамның мінез-құлқы ішкі дүниесін бейнелейтін үғым.
Жэнь - ата – анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.

Зерде - құбылыстардың тереңіне бойлау және үңілу.
Зенон (шамамен б.д.д. 490– 430 ж.ж.) болды. Негізгі еңбектері:
Философтарға қарсы, Табиғат туралы. Болмыстың жалқылығын және
біртұтастығын Зенон өзінің атышулы тәсілі эпихейрема арқылы
дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің мәні – тікелей дәлелдеу тәсілінің орнына
бұрмалау дәлелдеудің негізінде қарсыластарының пікірін абсурдтық жағдайға
дейін әкелу арқылы, оған өзінің бұрыңғы айтқан пікіріне қарсы пікірді
мойындаттыру.

Идеализм - материализмге қарсы, дүниенің тегін санадан, идеядан бастайтын
философиялық бағыт.
Ибн Рушд (1126 – 1198ж.ж) фәлсафанфң аса көрнекті соңғы өкілі. Негізгі
еңбектері: Жоққа шығаруды жоққа шығару.
Ибн Сина (980 – 1037ж.ж) Орта ғасырлық тәжік философы, дәрігер. Басты
еңбегі Айығу
Идеалды - материалды дүниеге қарсы идеалды дүниенің, адам санасындағы
сипаттамасы.
Идеялық - саяси, ғылым, көркем шығармалардың мазмұндық ерекшелігі.
Идеология - топтың немесе әлеуметтік қозғалыстың мұратын, мүддесін, т.б.
білдіретін идеялар жүйесі.
Идея - болмыс және ой категориялармен тығыз байланыстағы, "мән", "мағына",
"маңыз" терминдерімен туыстас ұғым.
К. Иммануил (1742 – 1804ж.ж) - немістің классикалық философиясының
негізінқалаушы, көрнекті ғалым бүкіл өмірін Кенигсберг қаласында өткізеді.
Негізгі еңбектері: Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы, Таза
ақыл ойды сынау, Практикалық ақыл- ойды сынау т.б. Әдетте, Кантты сыни
кезеңге дейінгі және сыни кезеңдегі деп екі
кезеңге бөліп қарайды. Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның
болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын, адамның
танып білуге мүмкіндігінің шекарасын белгілеп аламыз.
Индивидуализм - жеке адамның мүддесін қоғам мүддесінен жоғары қоятын
моральдік принцип.
Инструментализм - американдық философ Дьюидің ілімі, прагмтизмнің бір түрі.
Инь - әйел
Иррационализм—дүниенің қозғаушы күшін адамның еркінен іздейтін философиялық
ағым.

Кампанелла Томмазо (1568-1639жж.) - итальяндық философ, Күн сәулетті
қала утопиясының авторы.
Кант Имануил (1724-1804жж.) - неміс классикалық философиясының негізін
қалаушы.
Карма – жазылмыш заңдылық, бұл жанның мәңгілікекөшуі мен қайта оралуының
өнегелік заңын айқындайды.
Категориялар - дүниенің жалпы, маңызды қырларын, жақтарын әйгілейтін
философияның негізгі ұғымдары.
А. Кентерберийский – (1033 – 1109ж.ж) (Асельм ' д Аоста) орта ғасырлық
теолог және философ, ерте схолостиканың өкілі. Негізгі еңбектері:
Монологион және Прослогион, Сауаттылық туралы, Еркін таңдау туралы,
Үштік туралы.
Конвенционализм - ғылыми теориялар және ұғымдар ғалымдардың келісіміне
негізделген деген философиялық концепция.
Конт Огюст (1798-1857жж.) - француз философы, позитивизмнің негізін
қалаушы.
Қолданбалы саясаттанудагы кон тент - талдау - ақпарат алу мақсатымен
құжаттарды (кодекстер, бағдарламалар, конституция) оқып үйрену.
Конфуциандың - жу-изя (кітапқа сүйенген) ғаламдардың мектебі, көне қытай
философия кейіннен дінге айналған.
Конфуцийшылдық мектеп: Негізгі қалаған Конфуций (б.з.д.551 – 479 ж.ж.).
Ізбасарлары: Мэн – цзы (б.д.д. 372 – 289 ж.ж.).
Конфуции - көне Қытай философиясының негізін қалаушы. Конфуций барлық нәрсе
өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады деп тұжырымдаған. Негізгі
еңбегі – әңгімелер мен пікірлер (Лун юи). Оның ілімінше, ең жоғарғы
жаратушы күш – аспан. Ол жерде әдептілік болуын қадағалап отырады. Конфуций
өз ілімінің өзегі етіп адам арасындағы қарым – қатынас, тәрбие мәселелерін
қабылдайды. Конфуцийылдық б.д.д. I ғ. мелекеттік
ілімге, ал IХ ғ – дан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналады.
Концептуализм - схоластикалық философияның бағыты (Абеляр, Оккам).
Коперник Николай (1473-1543ж.ж.) – поляктың ұлы ғалымы әрі ойшылы жаңа
гелиоцентрлік дүниені тану ілімін қалыптастырушы. Коперниктің жүйесі
гелиоцентрлік жүйесі деп аталады. Оның ілімі астрономиялық білімдердің жаңа
негізбен дамуына ірге салды.
Креационизм - дүниенің, тірі және өлі табиғаттың жаралуы Қүдайдың
жасампаздығының нәтижесі.
Ксенофан (шамамен б.д.д. 519 – 487 ж.ж.) болды. Оның пікірінше, барлық
заттардың негізі – жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді.
Тіршіліктің шығуына жермен қоса судың да маңызы бар. Жанның өзі де жер мен
судан жаралған.
Кузанский Николай (шын аты-жөні Николай Кребс) (1401—1464 ж.ж.) -
cхоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа
жол ашқан неміс ойшылы болды. Негізгі еңбектері: "Мүмкіндіктің болмысы
туралы", "Жер шарыныңайналуы туралы", "Құдайдың көріпкелдігі туралы", т.б.
Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар
математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне өте алатыны
сияқты, бір-біріне ауысып отырады.

Қарама-қарсылық - қайшылықтың бір жағын бейнелейтін категория.
Қайшылық –диалектикада қандай-да болмасын қозғалыстың ішкі себебін,
өміршеңдігін даму принципін көрсететін категория.
Қулиеленуші қоғам - алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда
болған алғашқы таптық қоғам.
Қоғамдық сананыц формалары - практикалық іс - әрекетте қалыптасатын рас
дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасындағы бейнеленуінің әртүрлі
формалары.
Қозғалыс- материяның айырылмас қасиеті. Қозғалыс деп материалды
объектілердің өзара байланысын, қоғамдағы, табиғаттағы өзгерістерді атайды.
Құдайіздеушілік- дінді халық арасына таратудың жаңа жолдарын іздестірген
Ресейдегі діни - философиялық ағым.
Қоғамдық болмыс - қоғамның материалдық өмірін қамтитын философиялық ұғым.
Қабылдау - объективті дүниенің сезім мүшелеріне тигізген әсерінен пайда
болған заттың тұтас бейнесі.
Құндылықтар - адам, қоғам үшін маңызы бар материалдық және рухани
объектілер мен құбылыстардың қасиеті.
Құндылықтар бағдарлары - мүдделер, ниеттер, қажеттіліктер.

Легизм – (заңгерлердің) негізгі өкілдері – Шан Ян (б.д.д. IV ғ.) Легистер
конфуцийлдардың мемлекетті әдептілік негізделген заңдардың басқару керек
деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше тек қана билеушінің өзі шығарып,
өзі бекіткен заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, мейірімділік пен
адамгершілік- қылмысқа апаратын бірден бір жол.
Левкипп (б.д.д. V ғ.) болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден,
атомдардан тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да,
бір – бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды.
Леонардо да Винчи(1452-1519 ж.ж.) – гуманистік ойды қалыптастырып, оны
жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі,
табиғат зерттеуші ғалымы, инженер, көрнекті философының қосқан үлесі өте
зор болды. Да Винчидің философиясы беделділіктің әсерінен бас тартып,
тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін,
адамзат мәдениетінің өміршендігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы
тұрғыдан орта ғасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты
пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет
өнері саласында сынның маңызы туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның
қалыптасуына үлкен әсер етті.
Д. Локк (1632 – 1704ж.ж) ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі
еңбектері: Адамның ақыл ойы туралы тәжірибе, т.б. Таным концепциясын
психологиялық теория негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол
ашты.
Лукреций Кар б.э.д. 396-255ж.ж. - Эпикурдың жолын ұстап, оның ілімін әрі
қарай жалғастырған ежелгі Рим философы және ақыны болды. Негізгі еңбегі
Заттардың табиғаты туралы. Лукреций Эпикур сияқты атомдардың қозғалыс
барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда
болуы және өзгеріп, дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді.

Мән және кұбылыс - әрбір объектіге тән қажетті нақтылық жағын бейнелейтін
философиялық категориялар.
Макиавелли Николай (1469—1527 ж.ж.) - ілімі адам еркін, бостандығын жүзеге
асыруда қоғамның мемлекеттің рөлін көрсететін ағымдардың ішінде ерекше орын
алатын итальяндық саяси қайраткер және тарихшы еді. Негізгі шығармалары:
"Билеуші және Тит Ливидің бірінші декадасы туралы пікірлер", "Олардың
принциптері (қағидалары)", т.б. Макиавелли Тит Ливидің шығармалары
негізінде саяси іс-әрекет тәртібін
жүйелеп, христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасы мен күшін
дәріптейді.
Монтеське Шарль Луи (1689- 1755ж.ж) Құқық және тарих мәселелерін философия
тұрғысына қарастырған франсуз ойшылы. Негізгі еңбектері: Фарсылық хаттар,
Римдіктердің ұлылығы мен
күйреуінің себептері туралы пікірлер. Монтеське әр халықтың және елдің
заңдарын, саяси өмірін олардың табиғи және тарихи жағдайларының
ерекшеліктерінен деп түсіндіреді.
Мооцийлік - материяның жоғалмайтындығы және жасалмайтындығымен байланысты
дүниенің өмір сүруінің шексіздігі
Мо – Цзы (б.д.д 479 – 400 ж.ж) ілімі күні бұрын белгіленген өмір жоқ, әрбір
адам тағдыры оның іс - әрекетінен туындайды. Біздің барлық біліміміз екі
нәрсеге – сезімге (улу), ойлануға (синь) байланысты.
Мэн – Цзы (б.д.д 372 – 289 ж.ж) – Конфуцийдің ілімін әрі қарай жалғастыра
отырып, аспан объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде игілікті қорғайды және
оның еркі – адамдардың жігер – еркі арқылы көрінеді.
Материя қозғалысыныц формасы - материалды объектілердің өзара қатынасының,
қозғалысының негізгі түрлері.
Мәдениет - адамның қолымен, ақылымен жасалғанның бәрі; халықтың қол жеткен
табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.

Натурализм - философияда қоғам дамуын табиғат заңдылығыныңтүсіндіру.
Натурфилософия - табиғат философиясы.
Неоконсерватизм - консерватизмнің қазіргі замандағы формасы.
Неолиберализм - либерализмнің қазіргі формасы.
Неоплатонизм - Рим империясының құлдырау кезіндегі философия.
Неопозитивизм - ХХғ. философиясы, позитивизм философиясының кезеңі.
Неотомизм - Ф. Аквинскийдің іліміне сүйенетін католик шіркеуінің ресми
философиясы.
Нигилизм - қоғамдық ережелерді, салт - сананы жоққа шығару.
Ницше Фридрих (1844-1900жж.)-неміс философы, тіршілік философиясының
өкілі.
Номинализм – орта ғасырлық философияның негізгі ағымдарыныңбірі, олардың
пікірі бойынша ұғымдар тек қана жеке заттардың атауы ғана болып табылады.
Номиналисттердің пікірі бойынша реалды түрде тек қана жеке заттар өмір
сүреді.
Ноосфера - адам ақыл - ойының іс -әрекетінің нәтижесінен құралған
биосфераның үстіңгі қабаты.

Объективизм - құбылыстарды танып-білуде бейтарап бағалауды көздейтін дүние
танымдық қағида.
Ой тұжырымы - пайымдау барысында ой тұжырымының алғышарты деп аталатын бір
немесе бірнеше пайымдаудан шыққан жаңа пайымдау.
Ойлау – синь.
Ой және дене еңбегі - адамның іс -әрекетінің өзара байланысқан екі жағы.

Өтпелілік заңы - көрінген адамның мінезіне негіз болатын, барлық уақытқа,
тіпті барлық адамзатқа тән этикалық принцип.
Өлшем - барлық обьектілер мен құбылыстардың жалпы болмысының формасы.
Өмір салты - жалпы социологиялық категория ретінде, қоғамдық әлеуметтік
топты, тұлғаны реттейді; адамдардың қалыпты өмірі мен жағ-дайының көрінісі.

Өмір философиясы - XIX және XX ғасыр аралығында Германия мен Францияда
қалыптасқан субъективті идеалистік ағым.
Өзара өркениет - денелердің бір-біріне өзара әсері, материалдық
объектілердің арасындағы қатынас, байланыс.

Патристика - христиандық қүдайлық ілім, христиан дінінің кағидаларын
қорғаушы шіркеу әкелерінің қызметімен байланысты ортағасыр философиясының
дамуының алғашқы кезеңі. Пауперизм - халықтың көпшілігінің қайыршылық
жағдайы.
Парменид (шамамен б.д.д. 540 – 480 ж.ж.) болды. Оның негізгі шығармалары:
Табиғат туралы, Ахиллес. Парменидтің қарастырған мәселелері – болмыс
пен бейболмыстың арақатынастары мен болмыстың ақыл – ойға
қатынасы.Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша
айтқанда болмыс – нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе.
Пифагор б.д.д. 580-500 ж.ж. және пифагоршылар туралы Аристотель былай
дейді: олар – математикамен шын мәнінде шұғылданған алғашқы
ойшылдар. Пифагор тек қана математикамен шұғылданып қана қоймай, оның
негізгі қағидаларын – сандарды – жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және
сол сандардың арақатынастарын, олардың арақатынас пропорцияны - әлемдік
үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты өзінің фиолософиялық ілімінідегі
өзек етіп қабылдаған. Оның пікірінше, сандар – заттардың, ғарыштың негізі.
Платонның б.д.д. 427-374 ж.ж. ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен
ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф
логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі
кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни
проблематика мен мистицизмге зор көңіл бәлінсе, қазіргі уақытта
платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына,этикалық-саяси
проблематикасына баса назар аударылады.
Пайым және зерде - пайым деп, көбінесе ойынды дұрыс ретімен құра білуді,
пайымдау, түжырымдау қабілетін айтады.
Парыз - міндетті орындаудың қажеттілігін айғақтайтын ұғым.
Пацифизм - қақтығысты шешуде әскери күшті қолдануды жақтамайтын концепция.
Патристика – II-VIII ғасырлардағы христиан ойшылдарының философиялық-
теологиялық ілімінің жиынтығы, оның негізгі мақсаты – христиан дінін
қорғау, оның негізгі қағидаларын теория жүзінде негіздеу.
Пракрити – бұл мәңгі әрекеттегі және құбылмалы энергия.
Пуруши – таза сананың немесе меннің, рухтың болмысы.
Персонализм - ХІХ-ХХ ғасырлар арасында америкада тараған діни -философиялық
ағым.
П. Албеляр (1079 – 1142ж.ж) батыс схолостиканың ірі өкілдерінің бірі оның
еңбектері негізінен теологиялық, логикалық және этикалық сипатта болды.
Негізгі еңбегі: Бар және жоқ.
Плебисцит - қоғам мен мемлекет өмірінің кейбір мәселелеріне байланысты
халықтың пікірін білу мақсатымен өткізілген дауыс берудің бір түрі.
Плюрализм - дүниенің негізі саны көп, біркелкі, оқшау тұрған мәндер деп
түсінетін концепция.
Позитивизм - философия ғылым емес, әрбір ғылым өзінше философия дейтін
әртүрлі кезеңдерге бөлінетін философиялық ағым.
Посттоталитаризм - өктемшілдіктің бір түрі.
Прагматизм - Батыста, әсіресе Америкада кең таралған философиялық ағым.

Реалдық - Жоқ дүние, ықтимал дүниелермен салыстырғанда шығатын заттардың
болмысы, растығы.
Реализм – схоластикалық ортағасырлық философиядағы жалпы ұғымдарды, яғни
универсалийлерді жеке заттарға қарағанда реалды өмір сүреді деп есептейтін
философиялық ағым.
Референдум - мемлекеттік маңызы бар проблема туралы бүкілхалықтық сайлау.

Реформа - нақты қоғамдық құрылысты жетілдіру мақсатымен қоғамды қайта қүру.

Руссо Жан Жак (1712 – 1778ж.ж.) франсуз ағартушылығы ағымының шеңберінен
шыға алмаса да , оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы
және философ. Негізгі еңбектері; Теңсіздіктің 24 себептері туралы,
Қоғамдықтың келісімі туралы, Эмил немесе тәрбие туралы. Руссоның
теңсіздік, қоғамдық келісім туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани
өміріне мемлекеттік құқық , тәрбие, т.б. тұрғысынан әсер етті.

Санныц сапаға өтуі- диалектиканың даму процесінің қалай жүретінін
түсіндіретін негізгі зандарының бірі.
Славянофилдер - Ресейдің өткен, тарихын аңсайтын славянофилдердің саяси
ілімі.
Самхит – Құдайларға арналған гимндер жинағы
Самсара – омірдің мәңгі айналымы.
Санкхья - б.з.д. III ғасырда пайда болып, б.з.д. III ғасырда дербес ілім
ретінде толық қалыптасқан философиялық жүйе. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құлиеленушілік қоғам күйреуі
Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным. Ойлаудың логикалық нормаларын зерттеу
БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Аристотель жан туралы
Төртінші тараудың тақырыбы - ақыл
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Кальций фосфатын қыздырған кездегі табиғаты мен құбылысы
Комплексті қосылыстардың химиялық қасиеттері
Дисперстік жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі
Пәндер