Орынбор қамалы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Оқытты Орынбордың қаласында,

Аямай жастай айырып анасынан

Алаң боп көңіл қойып оқымас деп,

Еш хабар жүргізбейді арасынан.

(Қошанның немересі Жағыпар дегеннің өлеңі деседі. )

3. Ыбырай Алтынсариннің туған жері, ескі әкімшілік болыс бойынша, Арақарағай болысы - қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданы.

Алтынсариннің ұлы бабасы Жаңбыршы батыр (Ұзын қыпшақ Алтыбас руынан) Тобыл өзенінің бойын қыстайды екен. Жаңбыршы батырдың заманында - рулар жауласып жақын ауылдар біріне-бірі шабуыл жасаған кезде осы жердің биік шоқыларынан қарайтын болған.

Ыбырай Алтынсарин жазда Аяқ-көк-иыққа жақын жерге жайлауға шығатын. Бұл жердің көк орай шалғыны қалың, оған жақын медет алатын көл бар. Жергідікті халық оны Алтынсарин көлі деп атап кеткен.

4. алтынсарин Қостанайдан 3-4 километр жерден үй салғызып, сол жерге үлкен бау өсірген (үйі сақталмаған) . Қостанайдағы Алтынсарин салдырған мектеп үйіне қазір Жамбыл атындағы қазақ орта мектебі орналасқан, ал мектеп жанындағы бақ «Пионер бағы» деп аталады.

Алтынсарин өзінің қызметі туралы

Қазіргі Торғай облысының төңірегінде қызмет істегеніме 26 жыл болды, алғаш облыс бастығы В. В. Григорьевтің қасында тілмаш (аудармашы ) болып істедім; облыстық басқармада қызмет істеп жүргенімде Ильминскийдің (қазір қазақ мұғалімдер семинариясының директоры) көмегімен алған, осы кезде пайдаланып жүрген аздаған білім үшін ол кісіге қарыздармын; одан кейін Торғай қаласында мұғалім, аудармашы, іш жүргізуші өзік бастығының аға көмекшісі мировой (келістіруші) судья тергеуші, ақырында, қырғыз мектептерінің инспекторы болып істедім.

Осы Торғай қаласында істеген 23 жылғы қызметімнің бәрі де полковник Яковлевпен, облысытық губернатор генерал-лейтенат Белюзекпен (ол қайтыс болды) бірге өтті.

(ЦГИАЛ, халық ағарту департаментінің фондысы, №73, 156976-а, 1885)

Қазан оқу округының қатынас қағаздарынан

Қырғыз халқынан шыққан харунжий Ыбырай Алтынсарин қырғыз балаларына арналған бұрынғы Орынбор мектебінен оқып, білім алған. Оның ғылым мен кітаби ұғымнан түсінігі онша айтарлықтай болмаса да, орыс тілінен таныс. Ақыл апрасатынан жағынан да, білім жөнін де қырғыздардың көпшілігінен жоғары болғандықтан, өз бетінше орыс кітаптарын оқу арқылы білімін толықтыруға зор мүмкіншілігі болған.

(ЦГИАЛ, Халық ағарту департаментінің фондысы, 156534-іс, хөалық ағарту министрлігің қазақ оқу округі қамқоршысының жолдамасынан, 1879 жыл)

Радлов айтып отырған . . . Ыбырай Алтынсарин Орынбор Шекара комиссия жанындағы қырғыз мектебінен оқыған, онан соң бұрынғы ОРынбор бекінісіндегі (Торғай өзені бойында) мектепте мұғалім болған. Қырғыздар үшін шығарылатын кітаптардың комиссиясына мүше болуға толық жарайтынын географиялық қоғамның Орынбор бөліміндегі оның әдеби еңбектер көрсетті.

(ЦГИАЛ, Халық ағарту департаментінің фондысы, 733, 170 парақ, 156534-іс, 1872 жыл. Қазақ оқу оуругі қамқоршысы Шестоковтың шығармасынан) .

Орынбордағы оқу округі қамқоршысының жазба

баяндамасынан

Мұнда йөте пайдалы іске жеткілікті білімі бар, қырғыз халқының әдет-ғұрпы мен мінез-құлқың жақсы білетін, Торғай даласында қызмет істеуші қырғыздан шыққан хорунжий Ыбырай Алтынсаринді меңгеру шақыртты.

Алтынсарин мырза ең алдымен оқу хрестоматиясын құрастыруды ойлады, сонымен қатар ол хрестоматияның тек оқу жасындағы балалар ғана емес, үлкендерде пайдалануына болатыын көздеді. Мұндай хрестоматияның бірінші бөлімі қазір даяр, екінші бөлмі даярланып жатыр.

(ЦГИАЛ, Халық ағарту департаментінің фондысы, 733, 170 парақ, 156534-іс, 1872 жыл. Орынбор оқу оуругінің қамқоршысы Н. Лавровскийдің

Халық ағарту министрлігіне жолдаған жазба баяндамасынан) .

Н. И. Ильминскийдің қызмет бабында

жазысқан хаттарынан

Алтынсарин қырғыздарға білім беру ісіне жан-тәңін сала ықыласымен кіріскендіктен көзге түсті . . . орынбор оқу округінің бірінші қамқоршысы Н. А. Лавровский сол уақыттың өзінде оған халық ағарту ісін, әсіресе қырғыщдарға білім беру ісін, тапсырған болатын.

(ЦГИАЛ, Халық ағарту департаментінің фондысы, 169739-іс, 27 парақ, Ильминский, 1881 жыл) .

IV Ы. Алтынсарин Хаттарры

Н. И. Ильминскийдің «Алтынсарин туралы естеліктер» деп аталатын кітаптың алғы сөзінен

Мен онымен отыз жылға жуық, яғни 1859 жылдың ноябрі-нен таныс едім. Мен оған шын ықыласпен берілдім, әсіресе оның орыс біліміне ерекше құмарлықпен ұмтылып, ол білімнің қырғыздар үшін де керек екенін ешқаншан есінен шығармайтындығын айрықша бағалайтын едім.

. . . Алтынсариннің мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттері өзінің ішкі сезімі мен көңіл күйін тура және әсерлі етіп баяндаған хаттарында жақсы суреттелген. Бұл жөнінде оның маған 1860-1870 ж жазған алғашқы ерекше хаттары көңіл аударарлық. Бұл хаттарында оның білім жарығына деген ынтызарлығы, құштарлығы байқалады. Менде оның көптеген хаты жинаулы; бірақ ол әсіресе өзі инспектор болып істейтін мектептерге тиісті мәселе жайында. Орынбор оқу округінің татар, башқұрт және қырғыз мектептерінің инспекторы В. В . Каратинский мен Торғай облысындағы қырғыз мектептерінің мұғалімдері: А. А. Мозохин мен Ф. Д. Соколовқа да жиі хат жазып тұратын.

. . . естелігіме қосымша ретінде Алтынсарин марқұмның маған және басқаларға жазған хаттарының өзін (түп нұсқасын) бастыруды орынды көрдім, бұл хаттардан оның тамаша адамгершілік қасиеттері көрінеді.

Ы. Алтынсариннің Н. И. Ильминскийге жазаған хаттары

Аса қайырымды Николай Иванович!

Сіздің өткен жылдың 24 октябріндегі хатыңызды 1864 жылдың мартында алдым.

Өзіміздің өрескел ісмінен, яғни ұзақ уақыт бойы жауапсыз жатып алғанымнан кейін, көпке дейін Сізден хат алатыныма сенбеп едім. Биыл Сізге хат жазуға талай рет ойлансам да, бірақ хатты неден бастарымды, Сізді хат жазуға талай рет ойлансам да, бірақ хатты неден бастарымды, Сізді мүлдем ұмытқан кісідей ұзақ уақыт үнемдей жатып алғаныма қалай ақаталарымды білмедім. Дегенмен, солай бола тұрса да, мен Сізді қайырымды, ақ көңіл ізгі жанды адам еді ғой, сол қайырымдылығы маған көмектесер деп ойлаушы едім, - солай болды да!

Николай Иванович! Мен әлі күнге дейін Орынбор бекінісіндемін. өткен екі-үш жыл туралы үнемдей-ақ қояйын, қазіргі жағдай туралы айтайын. 8 январьда, менің көптен күткен арманым орындалып, мектеп ашылды, оған қырғыздардың 14 баласы келіп түсті; бәрі де жақсы, зерек балалар. Балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқаырдай қызу кірістім. Мені соншалықты қуантқан - бұл бұлардың не бары үш-ақ айдың ішінде орысша, татарша оқи алатын және тіпті, жазуды да үйренгендігі. Оқыту тәсілін Сіздің әдісіңізбен жүргіземін: алдымен заттың атын, кейбір жағдайда заттың атына байланысты сөз, сонсын заттың санын білдіретін сөзді - сын есімді, содан кейін барып заттың аты мен сынын қостырып айтуды, мысалы, ақ адам т. б. Одан әрі етістікті, одан соң сөздерді септеу, жіктеуді, сөз тегі мен санды кейінірек «Өздігінен тіл үйрену» кітабынан аударып сөйлесуге үйретем. Бұрын да өзімнің тәрбиемде болған екі оқушым осы ережелердің бәрін дерлік қазірдің өзінде-ақ жаттап алды, аударып сөйлесуді үйреніп жүр және «Балалар әлемін» оқып, одан да аударма жасайды. Тәрбиеленушілерім аздап орысша сөйлесуге үйренген соң, оларды осы маңда тұратын орыс балаларымен араластырып жіберем, оған заң жүзінде правосы да бар. Бір сөзбен айтқанда, бұл жігіттер 4 жылда, курсты бітіргенше, әжептәуір сөйлейтін де, әр нәрседен мағлұмат алатын да болады. Олардың адамшылық қасиеттеріне кір келтірмеуіне кір - пара-қор болмауына - ықпал етуге бар күшімді саламын. Мені мазақтап күлуіңізге болады, сабақтан бос уақытымда кейде балаларға ресми түрде «молда» болып дін тарихынан білетінімді, оған қоса ресми түрде «молда» болып дін тархынан білетінімді, оған қоса түсініктірек пайдалы әңгімелерді де айтып берем . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 - 1775 жж)
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақстан қалаларының тарихы
Қазақ жеріндегі орыстардың әскери бекіністері
18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс
Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ БОЛДЫ
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтеиісұлы бастаған көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz