Бірінші кітаршам үшін Паульсонның кітап құрастыру әдісін қырғыз балаларына бейімдей отырып қолданбақпын


Осының бәрі қосыла келіп, жалпы жұрттың оқуына арналып шыққан кітап мектеп көлемінен ұзамай, тек сол бір мектепте қалып қою қаупі бар. Оқушыларға немесе училищеде оқу курсын бітіргендерге ордалықтарға оқулықтардың мазмұнын түсіндіріп, таратады дерлік үміт аз, өйткені курс бітіргендердің көпшілігі (мүмкін, барлығы-да) мектептен құтылысымен, мойындарындағы бір ауыр жүктей-ақ, оқулықтарын лақтырып тастайды да, енді қайтып оны естеріне де алмайды .
Ал егер араб әрпімен жазылған пайдалы, әсіресе мазмұны қызықты кітап болса, мектепте тысқары жерде де көп оқшылар (оқырмандар) табыла кетеді, сондықтан қырғыз балаларының білімге құштарлығы онан сайын арттыруы үшін, осы кітаптар жетекші құрал болар еді. Шындығында, қырғыз сөз дері орыс әріптерімен анағұрлым дұрыс айтылады болса да . . . Біз бұл арада сол қолда бар басқа сапалы құралдың өзімен әрекет істеуіміз керек, ол ақылға қонымды, шындыққа бастайтын болсын, яғни қырғыздарға бұрыннан таныс, ешкім оқымастан итеріп тастамайтын және бұл сауатта жоғарыда айтылған қасиет болуы керек. Мұндағы мәселенің ең маңыздысы сол-фанатизм қырғыздарға ықпал етіп, олрдың білім алуына бөгет болмауында. Мұндай ықпалдан (фанатизмнен) қырғыз халқының өзіне бұрыннан таныс жазуда (сауатты) бірдей оқи алатын, пайдалы, адмның ой-өрісін өсіретін, мазмұны қызықты кітапты ана тілінде басып шығару арқылы, тым тез болмағанмен, жайлап арылтуға болады. Бұл жерде әріптің арабша немесе орысша болуы іске көп кедергі жасамайды, аздаған зияны болса, одан құтылу оңай.
Егер Сізде қалғаны бар болса, өзіңіздің қырғыздарға арналған сөздігіңізді бір данасын не сөздікке арналған материалдарыңызды маған жіберуге болмас па екен.
Қайыр қош. Ы. Алтынсарин.
1871 ж. 31 август
Торғай қаласы
Арқалық
Аса қайырымды Николай Иванович!
. . . Қырғыз тілінде бірінші рет оқуға арналған кітапшамды мына өлеңдермен кеше ғана бастадым:
Оқысаңыз, балалар Шамнан шырақ жағылар,
Тілегеннің алдынан,
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!. .
Бірінші кітаршам үшін Паульсонның кітап құрастыру әдісін қырғыз балаларына бейімдей отырып қолданбақпын. Қатал, сұрапыл өмірде өскен қырғыз балалары үшін мысалдарды қосқым келмейді, олар үшін, жалпы алғанда, елеулірек нәрсе керек. Қырғыз балаларының мысалдары біртүрлі келемеждеп, ықылассыз оқитынын мен тәжірибеден білемін, ал олардың ата-аналары балаларына ойда жоқ бірденелерді, мысалы, сауысқанның қарғамен сөйлескенің және сол сияқтыларды үйретеді деп реңжиді. Менің пікірімше, қырғыз балалары үшін күлдіргі әңгіме-ертегілер, ұшқыр ойлы сықақтар үлгі-өнеге боларлықтай жұмбақтар мен қысқа әңгімелер анағұрлым пайдалы болады, мысалы, жібек құртының көбелекке айналуы, құндыздардың өзіне үй салып алатын т. б. Егер өлең алсам, қыр ғыз өлеңінен алам.
Екінші кітапшамды табиғат құбылыстары мен күші туралы тарихи, географиялық, бір сөзбен айтқанда, ғылыми, сонымен қатар қызықты әңгімелерден құрастырғым келеді. Білімім мен іскерлігім жетер-жетпестей білмеймін, дегенмен әрекет етіп көрем, сондықтан бірінші реткі менің түсіндіру программама өзімдік көзқарасыңыздан хабарсыз қалдырмағайсыз . . .
Сізге шын көңілмен берілген Ы. Алтынсарин
1876 жыл 3 декабрь
Торғай қаласы.
Аса қайрымды Николай Иванович!
Сіздің жас мұғалімдер арқылы жіберген хатыңыз үшін менің шын жүректен шыққан алғысымды қабыл алыңыз! Сіздің хаттарыңызбен сіздің сөздеріңіз мен үшін өте қымбатты, өзімнің жаңа қызметіме деген күш-жігерім сіздің осы хатыңызды алғаннан кейін екі есе артты. Өзіңіздің бір хатыңызда «Балық жоқ жерде шаян да балық», - деп жазыпсыз, менің ісімде сол сияқты білімім өте аз болса да, егер ешкім еш нәрсе істемесе ешнәрседе істемейді дегендей, сол аз білімнің өзін іске асыруға тырысып жүрмін. Қазіргі дала жағдайы сондай, мектеп ісін ұйымдастырып, дұрыс жолға қоюға толық болады, ал бұған көп білмнен гөрі, мол тәжірибе керек сияқты. Ұйымдастыру және жолға қою деген екі етістікті жазу, әрине, оңай ал оны орындау үшін, сіздің алдан болжап айтқаныңыздай, маған көп ізденіп еңбек етуге сонын жолында күйінуге де тура келеді. Дегенмен тырысып көремін, негізгі бір мақсатқа жетуіме рақымды құдай жәрдем етер. Істеп жүрген жұмысымның бәрін жазсам, көп уақыт алар, менің бірінші ұсынғаным: әзірше болыстық мектептерді асықпау керек, өйткені олар үшін лайықты мұғалімдер жоқ және еш жерден таппайсын да; сондық қырғыз халқының ортасынан әрбір уезде бірден сол халыққа бейімделген екі кластық немесе үш кластық училище ашып, қазіргі уақытта далалық мектептерге тек орыстың тілімен сауатын ғана оқытатын орын деп қарау дұрыс емес екенің дәлелдей отырып, олардағы оқушыларды бір жерге тұрақты мекенденуге, жинақылыққа және дүниеге деген көз қарастарын әлде де болса дағдыландыру керек; бір сөзбен айтқанда бұл оқушылардың (училищелердің әрбіреуінде кемінде 40 оқушы болу керек) аз көпті білім алып, белгілі бір бағыты бойынша сіңіргеннен кейін, халыққа жаңа және дұрыс пікірде әсер етулері керек екені көзделіп олардың тәрбие мәселесіне баса көңіл аударған жөн.
Болыстық мектептер бұл мақсатқа қазір сәйкес келе алмайды, неге десеңіз, біріншіден, бүтіндей қырғыздарша өмір сүру үшін, яғни мектеппен бірге қыстап, бірге көшіп жүру үшін, даланың алыс түкпіріне азды-көпті қабілет бар адам 200-300 сомға бола бармайды; екіншіден, болыстық мектептерді жолға қою үшін қаржы жоқ. Ал егер бұл мектептерге қазақтарды немесе бүкіл Россиядан оырн таппаған азғын чиновниктерді жиберсе, оның үстіне шаруашылықты қалай болса да солай ұстаса, онда алғашқы кездің өзінде ақ - орыс мектебінен халықтың көңілін мүлдем сауытып алу қауіпі бар.
Бір уақытта біздегі қырғыздардың өздерінен сауатты, барлық жергілікті жағдайға сай келетін адамдар көбейгенде, болыстық мектептерді де салуға болады және ол күмәнсіз, пайдалы болар еді және мұны көп күтпестей едік., егер әлгі айтылған мектептер мұғалімдер тез арада бола қалса.
Менің бұл ұсыныстарымнынң жалпылай да, жекелей де бастықтар ұнатып, қабылдады және айтарлықтай кейбір даярлықтар жүргізіліп те жатыр. Жуырда жобаланған училищелер кімнің есебінен салынатыны жөніндегі мәчеле түбегейлі шешілмек.
Ерте көктемнен маған бүкіл облысты аралап, барлық шеттер мен түпкірлерді көруге, бұрын танымайтын қырғыздардың ру басыларымен жақын танысып, оларды өз балаларын және басқаларды ашылғалы отырған мектептен оқытуға шақыруға тура келіп отыр. Әзірше, осында тұрып, міне, екі айға жақындады, кейбір уәделерін, көмектерін т. б. алу үшін бастықтардың маңынан шықпай жүрмін, бір сөзбен айтқанда, епсіз, икемсіз қырғыз болсам да, қажетті жерде, епті адамның ролін ойнап жүрмін. Осымне бірге Сізге өзім құрастырған қырғыз хрестоматисын жібере отырып, аса қайырымды, баға жеткісіз қымбат Николай Ивановия, мұнымды Сізден ізгі ниетпен, мейлінше берілгендіктен белгісі ретінде және игілікті істер үшін, менің санама сіз сепкен ұрықтан зая кетпегендігіннің белгісі ретінде қабыл етуіңізді көптен-көк өтініп сұранамын.
Екатерина Степановнаға өзімнің айрықша сыйлайтынымды білдірем.
Сізге берілген Ы. Алтынсарин
1879 жыл 25 ноябрь
Орынбор.
Әрқашанда аса қайырымды Николай Иванович!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz