Int бүтін сандар типі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СИ- тіліңде программалау

Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories
компаниясының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауымен дүниеге келді. Бұл
тілдің негізі Алголдан басталып, Паскаль және ПЛ1 тілдерімен катар пайда
болды.
Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесінде программалаумен тығыз
байланысты, өйткені бұл жүйе ассемлерде және осы Си тілінде жазылып шыкқан
болатын. UNIX жұмыс істеу ортасы Си тілін жүйелік программалау тілі ретінде
елге таныстырды, ол компиляторлар мен операциялық жуйелер жазу үшін қолайлы
деп саналды, кейіннен Си тілі кез келген салада программалар жазуға да өте
қолайлы тіл болып табылатыны анықгадды.
Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Bell фирмасының
лабораториясында PDP-7 мини-ЭЕМ-інде жасалып шықгы. UNIX PDP-7
компьютерінің ассемблер тілінде жазылды. Бұдан соң сол лабораторияның
жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа тілге арнап компилятор
жасап шықгы. Осы тілді Си (ағылшынша С) тілінің негізі деп атауға болады.
Жалпы Си тілінің тез дамуына 1983 ж. оның стандартын жасау мақсатында
Америка ұлттық стандарттар институтында (ANSI) Техникалық комиссияның
кұрылуы себепші болды. Комиссия жұмысына сол кездегі алдыңғы қатарлы
мамандардың көпшілігі араласып, олар тек программалау мәселелерін ғана
карастырмай, кең таралып келе жатқан IBM PC компьютерлеріне арналған
компиляторлар жасауды да осы стандартқа енгізді.
Си тілінің негізінде 1983-жылы Си++ тілі жасалып шыкты, сол кезден бері
тілдің бірнеше нұсқалары пайда болып, ол казіргі ең көп тараған тілдердің
біріне айналды. Біздің елде Си тілінің алғашқы нұсқасы орыс тілінде
Б.Керниган мен Д.Ритчидің "Си программалау тілі" деген кітабы арқылы
бірнеше рет жарық көрді (1985-1991 жж.).
Бірсыпыра фирмалар осы тілге арнап компиляторлар жазды, мысалы, Borland
International фирмасы 1989ж. жасаған бірікгірілген программалау ортасы
TurboC++ жұйесін дүниеге келтірді. Ол DOS ортасында жақсы жұмыс істеді. Ал
1992 ж. жасалған Borland C++ жүйесі Windows ортасында да жұмыс істейтін
жақсы компилятор болып табылады.
Сонымен СиСи++ программалары Паскаль тілінің біріктірілген
(интегралданған) ортасы сияқты DOS ортасында да және Windows жүйесінде де
жұмыс істей береді.
Біз қарастырғалы отырған Си тілінің негізгі ұғымдары мен операторлары кез
келген мектептің немесе жоғары оқу орнының компыотерлерінде жүре беретін
біріктірілген ортаның редакторы арқылы теріліп жұмыс істей береді.

Си тілінде жазылған программаның құрылымы
Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар
программа қүруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген
программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны
біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы
машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз. Келесі суретте Си программасының
жалпы кұрылымы көрсетілген.

Сонымен, Си программасы бірнеше функциялардан (main, fl, f2...) құралады
және олардың біреуі міндетті түрде main() болуы кажет.
Қарапайым программаның мысалын карастырайық.Жалпы кез келген функция оның
тақырыбы мен тұлғасынан (денесінен) тұрады.
Алдымен программа препроцессор арқылы өңделіп, оның директиваларын
(командаларын) орындайды. Мұнда программаға тақырыптық файлдар —
программаға қосымша элементтер енгізетін мәтіндік файлдар жазылады. Олар
мәліметгерді енгізушығару операцияларын немесе экран сипаттамаларын
өзгерту үшін кажет.
Программадағы кез келген функция тақырыбы препроцессордың директивасынан
және функция атынан тұрады. Функция атына жалғасып, жақша ішіне параметрлер
жазылуы мүмкін, кейде параметрлер болмайды, ондайда жақша ішіне ешнәрсе
жазылмайды.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі.
Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады.
Енді бір программа мысалын келтірейік:

* Герон формуласы арқылы үшбұрыш ауданын табу *
#include stdio.h * енгізушығару директивасы*
#include math.h *математикалықфункциялар директивасы *
main( ) * басты функцияны қолдану *
{
int a,b,c; * бүгін айнымальшарды сипатгау *
float p,s; * нақты айнымалыларды сипаттау *
printf("\n, үшбұрыш кабырғаларын енгіз:\п");
scanf("%f%f%f',&a,&b,&c);
p=(a+b+c)2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
printf("s=%f",s);
}
Программада түсініктемелер беру үшін * және * таңбалары қолданылады,
олардын ішіне қазақша, орысша, ағылшынша сөз тіркестерін жазуға болады.
Препроцессор директивалары #include сөзінен кейін жазылады stdio.h тіркесі
енгізу шығару операциялары орындалатынын білдіреді. Ал math.h сөз тіркесі
программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді.
Басты функция main() аргументсіз
жазылған, сол себепті жақша ішінде ешнәрсе көрсетілмеген. Ал функция
тұлғасы операторлардан (немесе баска функциялардан) тұруы тиіс. Int түйінді
сөзі а,Ь,с айнымалыларының бүтін мән қабылдайтынын, float
түйінді сөзі p,s айнымалыларының нақты мән қабылдайтынын сипаттап түр.
Келесі жол үшбұрыш кдбырғаларын енгізуді талап ететін сөз тіркестерін
экранға шығарады, мүндағы \п таңбалары сөз тіркесі алдында және одан кейін
курсор бір жол төмен түсетінін көрсетеді. Scanf сөзінен басталатын жол
а,Ь,с мәндерін пернелерден қабылдайды, сонан кейін жарты периметр
есептеліп, аудан мәні анықгалады да, соңғы нәтиже экранға шығарылады.
Си тіліндегі мәліметтер типтері
Мүнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қодданылады. Олар:
• сһаг (8 бит) — символдық, яғни таңбалық тип, -128...127
• short — қысқа бүтін сан,
• int — бүтін сан типі,
• long — екі еселенген бүтін сан,
• float — нақгы сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар,
• double — екі еселенген нақгы сан типі.
• unsigned — таңбасыз сан,
Алғашқы төрт тип бүтін саңдарды сипатгау үшін қолданылады.

Бүтін мәліметтерді сипаттау
1. Int бүтін сандар типі
Int типін стандарт бекітпеген, ол компьютерге немесе компиляторға
байланысты өзгеріп отырады. 16-разрядты процессорде ол 2 байт, ал 32-
разрядтысында — 4 байт.
Erep int аддында short спецификатор сөзі тұрса, онда ол әрқашан 2 байт, ал
егер спецификаторы long болса, 4 байт болады. Санға компьютер жадында
берілген орынға карай олардың мәндері өзгереді.
short int — 2 байт, оның диапазоны —32768 ..+32767;
long int — 4 байт, оның диапазоны —2 147 483 648..+2 147 483 647.
Int типі 16-разрядты компьютер үшін short int типімен бірдей, ал 32-
разрядты компьютер ұшін long int типімен бірдей.
Signed және unsigned модификаторлары да сандар шамасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Си тілінің объектілері
Си тілінің мәліметтер типі
Динамикалық массивтер
VISUAL C программасындағы негізгі функциялар
Си тіліндегі мәліметтер типі және олардың хабарлануы
С++ тілі. Мәліметтер концепциясы. Реттік тип
Си тілінен дәрістер
Әрбір оператордан кейін
Int - бүтін сан типі
Си программалау тілі
Пәндер