Баланың тілінің дамуы


Жоспар.
- Кіріспе
II . Негізгі бөлім
2. 1. Сәбидің сөзді меңгеруінің алгы шарттары.
2. 2. Сөйлеуге түсіну және алғашқы сөздері.
2. 3. Сөздің дыбыстык, ерекшеліктерінің қалылтасуы.
2. 4. Сөзді пәрмснді меңгеругс көшуі.
2. 5. Баланың үлкендермен қарым- қатынас жасауының маңызы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Сәбидің сөзді меңгеруінің алгы шарттары.
Даму дегеніміз өзгерудің бір түрі. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.
Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады- биологизаторлық және социологизаторлық. Биологизаторлық бағытта адамды табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, мінез қырларын, мінез-құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік иесі деп қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын- оның темпін, тез немесе ақырын, оның шегін - дарындылығын анықтайды.
Биологизаторлық бағытта рекапитуляция теориясы пайда болды. Оның негізгі идеясы эмбриологиямен байланысты. Эмбрион ( адам ұрығы) өзінің ішкі дамуында адамға дейінгі организмнің дамуын қайталайды. Айлық ұрықта омыртқалылар типінің өкілін көруге болады-оның басы және құйрығы болады; екі айда адам түріне келе бастайды, оның құйрығы қысқарып, саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында эмбрионда адамның беті пайда болады.
ХІХ ғ Э. Геккел. онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген, - заң қалыптастырды
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәдени-тарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі - ХҮІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Биологиялық факторға тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темперамент және қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие- флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал. Екінші фактор- орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л. С. Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту процесінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С. Выготский енгізген.
Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі- берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі- жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.
Л. С. Выготский тұқымқаулаушы және әлеуметті мезеттердің даму процесінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар- адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады.
Сонымен, тұқымқаулаушы және әлеуметтік әсерлердің бірлігі-бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму процесінде өзгерістерге ұшырайды.
Даму процесі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай? Л. С. Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп өрсетті.
- Циклділік
- Дамудың бірқалыпты еместігі
- Бала дамуындағы метаморфоздар
- Бала дамуындағы эволюция және инволюция процестерінің байланысы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мүнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте- бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғүрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2- кезеңге бүлай секірмелі өтуді дагдарысты даму дейміз. Бүл жас дағдарыстары шамамен бірдей жағдайда түрған жас шағынан шамалас балалардың барлығында пайда болады да, балалық шақтың бірнеше жас шағына қарай кезевдерге бөлуге мүмкіндік береді. Осы уақыткд дейін баланы әртүрлі кезевдерге бөлу әртүрлі жүзеге асырылған. Мысалы: педалогия ғылымдарының өкілдері биология ғылымдарының факторлары бойынша ажыратқан. Мысалы: тісінің ауысу сапасына қарап, тіс жару кезеңі, тісінің шығу кезеңі т. с. с. Бірақ бұл дұрыс емес. Қазіргі психологтар мен педагогтар баланы туғаннан бастап, нәрестенің тіршілік етуіне байланысты өзгерістер мен әртүрлі дағдарыстарын санамағанда. Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықта 3 дағдарысты кезеңдерге бөлген.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене оырып жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі . Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін) ;
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін) ;
1-ден 3 жасқа дейінгі кез - сәбилік кезең деп аталады. Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 7 жасқа дейінгі кез - мектепке дейінгі кезең . Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
8-ден 11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас - жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде балада психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды. 16-17 жас жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
Кәрілік кезең және қартаю 60-70 жас аралықтарын қамтиды.
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды. Жас шамасымен жас кезеңінің арасында мынадай байланыс бар. Әр мемлекет өзінің бекіткен заңы бойынша мектепте оқыту жасын белгілейді. Мысалы: қазір 2-жастан бастап яслиге алып 6-7 жастан бастап мектепте оқытып жүр. Дегенмен адам өмірінде жаңа жас кезеңі басталғанда мүндай кезендерге бөлудің жалған көрсеткіш екені байқалады.
Сәбилік кезең баланың сөзді меңгеруінің біршама кемелденген кезі болып саналады.
1 . Алдымен балаларда дыбысты есту негізі қалыптасады. Баланың
дыбысты есту арқылы қабылдауы мен арнайы сөзді естуінің дамуына,
сезгіштікке дыбысты ажырата алуына ерекше мән беруіміз керек.
Сондықтан әр дыбыстың бала үшін сигналдық белгісі болуы керек.
Бала үшін арнайы сигналды ажырату үзақ процесс. Яғни
тамақтандыру, жөргегін ауыстыру, сергіту кезіндегі анасының
орындаған әрекеті тілдік қарым-қатынасы негізінде қимыл
қозғалысыыан заттық әрекетімеы байланысының өзі сигнал болып
саналады. Мысалы: жүріс-түрысы, тамағын дайындауы, тамаққа
қажетті қүралдарды көрсстіп сөйлеуінің бәрін көріп жатқан бала
ерекше мон береді. Осы кезде сөйлесіп отыру керек жәнс сол
уақыттағы мимика, дауыс интонациясы, сөйлеу мәнерінің де маңызы
бар. Өйткені бала көпке дейін сөздің мән-мағынасына емсс
интонациясына дикцияға ерекшс көңіл бөліп, соның негізінде сөзді
кабылдайды да дыбыс пен заттың әрекеттің арасында байланыс
болады да тактильдік қимыл қозғалыс түйсіктері жүмысының
нәтижесінде затқа қолын созып үлкендерге бір дыбыстық белгі беру
аркылы тілдік қарым- қатынасқа көшеді. Осы әрекетті тілдік қарым-
қатынасқа ауыстыру үлкендердің негізгі міндеті.
Баланың дыбысты естуі негізінде сөздік дыбыстар қүрайды да сөзді түсінуі мен қүрастыру дағдысы қалыптасады.
Екіншіден баланың заттарға ынтасының аударылуы олардың қасиеттерін
ажыратып онымен тікелей әрекет ете білуінің озі баланы қарым-
қатынас жасаута талпындырады.
Үшіншіден баланың айналасындағылармен қарым-қатынасы тікелей сөз арқылы қарым- қатынас жасаумен байланысты болады. Бүл сәбидің алғашқы сезді меңгеру жағдайы деп аталады. Осы кезден бастап үлкендердің дүрыс талап қоя білуі, бала тілінің дүрыс қалыптасып дамуының алғы шарты. Кейбір үлкендермен сирек қарым- қатынаста болатын балалардың тілінің дамуы артта қалады. Бала тілінің дамуындағы ситуациялык қабылдау бір жастың соңына дейін сақталады. Мысалы: Қолынды бер, алақаныңды шапалақта, деген сөздер еліктеу арқылы үлксндердің үсынысы бойынша жүзеге асады. Үлкендер ойнату мен жаттықтыру арқылы сөздік сигналға үйретеді. Бірақ бұл баланың сөзді түсіну кезеңі осымен аяқталады деген емес, бала өзіне таныс реакциялар бойынша дыбысты ажыратады және өзінің күнделікті тамақ ішіп жүрген қызыл гүлі бар кесесін көрсе ғана кесе деп түсінеді, басқа кесені кесе деп қабылдамайды. Яғни бала әлі жалпы есім, жалқы есім негізінде түсінеді.
Баланың тілінің дамуы ерекше қарқынмен дамиды. Өйткені бала тікесінен түрып жүріп, өздігінен қарым- қатынасқа көшеді. Заттарды өз қолымен үстап әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың создік қорын дамытады. «Киімінді окел! «Әжені шақыр! «Атаға таяғын алып бер» десе баланың түсінігі кеңейіп қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздік мәнін, қолданылатын орнын ажыратьш, түсінеді Мысалы «тәте» деп өзінің жасы үлкен барлық адамдарға айтылатын сыйластық атау екенін, мама деген сөздің анасына бағытталып айтылатынын түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмүнын түсініп қысқаша қызықты ертегіні тыңдап бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме ертсгіні тындап арқылы қабылдау, есте сақтау зейін қою ойлаудың ялғашқы белгілері байқалады.
Сөйлеуге түсіну және алғашқы сөздері. Баланың тілінің дамуы.
2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне байланысты 1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф - ф - ф- ф -ф - у - сіріңке, темекі, пеш, газ, шам, т. б. тамақ ішем, ет жеймін су ішемін. 2) түрған орнына қарай 3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки дейді. 4) дыбысы бойынша атау. Ля- ля- радио, музыка, ән. Қоқ - қоқ тауық, мияу-мысық деген сияқты 2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым - қатынас жасау нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегенін сұрайды, үлкендердің сүрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бүл қалай аталады?- деп сүрап әр заттың өз атауы болатынын біледі. 1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында баланың сөздік қүрамы түсініксіз жобалық негізде болады. Мысалы: Мака, мама, атата, тәмә. Майра мамам үрсады, тиме деген сөзді екі үш сөзбен айтып түсіндіреді.
Екі жас соңында да баланың тілі анық емес грамматикалық түрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалык күрылымын игерудің белгілі бір завдылығы болады:
- 60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем күрастырады.
- Сөзді тывдап отырып қайталайды.
- Ситуациялық сөз.
- Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты.
1-ден 3-жасқа дейінгі аралықта баланьщ сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.
1. Тілдік карым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін ажыратады.
2. Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.
З. Заттар мен қүбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады.
4. Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, дербестікке үйренсді
5. Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін болады, болмайды деген сөздер мәнін түсінеді.
б. Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.
7. Өзіне және өзгелерге баға бсріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік сезімі оянады.
8. Практикалық ойлау дамиды. Тақпақ жаттау, ертегі, әңгіме айту, дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады. Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады. 1 . психо-физиологиялық 2. психологиялық 3. логикалық жағынан
Психо-физиологиялық даму үшке бөлінеді:
1. бақыру (жылау) 2. былдырлауы З. нағыз сөзі
Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді
- үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді
- сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.
Бада тілінің дамуының үш жағын байкауға болады.
- психофизиологиялық
- психологиялық
3- логикалық, грамматикалық, фонематикалық
1. Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте- бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен күрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбыларымен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым- қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.
2. Баланың заттарға ынтасының аууы, олардың қасиеттерін ажыратып әрекет ете білуінің өзі баланы үлкендермен қарым- қатынас жасауға талпындырады.
З. Баланың үлкендермен қарым-қатынасы тек қана тікелей тіл арқылы қарым- қатынас жасаумен байланысты болады. Бүл сәбидің сөзді меңгеруінің алғашқы жағдайы (стимулы) . Осы кезде бала тілінің дүрыс дамуы үлкендердің олар мен дүрыс қарым-қатынас жасауына да байланысты және қарым-қатынас кезінде дүрыс талап коя білудің де мәні зор.
Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы бір ескеретін жай баланың барлық талап-тілектерін айтқанынан орындап кажеттіліктерімен қанағаттандыратын болсақ бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады. Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді. 1. Үлкендешуң сөзін түсінуі жоғарғы сатыға көтеріледі. 2. Сәбидің белсенді сөздік қоры қалыптасады. Бірақта балада алғашқы айтылған затқа қатысты сөзді байланыстыру дағдысы бірден қалыптаспайды.
Ең алдымен баланың сөзді түсінуі дәл сол затқа немесе әрекетке тұтастай қатысты болып, байланысқан жағдайда ғана сөзді түсінеді.
Шындығында бала үнемі бір адаммен жиі қарым-қатынаста болған жағдайда сөз арқылы белгілі бір әрекетті орындауды талап етсе, әбден анық орындауы мүмкін. Егер тура осы әрекетті орындауды басқа бір адам талап етсе, бала сөзді түсінбеуі немесе мүлде орындай алмауы мүмкін.
Өйткені баланың өз анасының қойған сұрағына дұрыс жауап беретін себебі өз анасымен өте тығыз байланыста болады. Анасы балаға тек сөзімен емес, барлық қылықтарымен, ым- ишарасымен, дауыс ырғағымен, қарым- қатынас жасау жағдайларымен балаға әрекет жасату қызметін атқарады. Бала айналасындағылардың сөзін белгілі бір қимылдардың бірнеше рет қайталануымен сәйкес келетін болса, дүрыс түсініп ажырата алады. Мысалы үлкендер баламен амандасып, қолын созса, бала сөзді тез түсінеді кейіннен ешқандай қимыл жасамай, айтылуъшен байланыстырмай-ак жағдайдың мәніне қарай сөзді түсініп, меңгере алады.
Екі жастың алғашқы айларында бала үлкендердің талап еткен әрекеттерін кандай болмасын таныс затқа қатысты сөзді, өзінен талап еткенде кәз алдында түрмаса үлкендердің талабын орындай алмайды. (мысалы: көп ойыншықтың ішінде аю көзіне көрініп түрмаса, баладан сүрағанмен басқа жақтан тауып әкеп бере алмайды)
Үш жасқа келгенде баланың үлкендердің сөзін түсініп айтуының сапасында өзгеріс байқалады. Бала үлкендердің созінің мәнін түсініп қана қоймайды. Жекелеген әрекетті үлкендердің нүсқауы бойынша орындауға қабілетті бола бастайды. Үлкендердің әрбір сөзін зер салып тьщдап, не туралы айтып жатқанын білгісі келеді және осы кезде тек балаларға арналған әңгіме емес, ойлауға қиын кейбір күрделі әңгімелерге де қүлақ асады.
Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады.
Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп бала сөйлеуге ынталы болып, тек заттың атын атап кана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.
Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің өзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мүндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдсй бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням- ням, мам- мам, ня- ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мүндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бүрмаланып алынған сөз болады. (сүт- түт, шәй- тәй, ішемін - тем)
Бала тілінің тез шығьп, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Егер үлкендер дүрыс қарым- қатынас жасап тәрбиелесе дербсстік сөздер тез жойылып кетеді. Өйткені үлкендер баладан әр сөздің дүрыс айтылуын талап етіп, түзету жасап, бағыт беріп отырса баланың тіл кемістігі тез жойылады.
Ал айналасындағылар баланың дербестік сөзін қолдап отырса сол сақаулық дербес сөз ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: 5 жасар Айгүл мен Жаннаның айналасындағы үлкендермен қарым-катынасының жеткіліксіздігінен өзара сөйлесіп жүріп өздері ғана түсінісетін дербес сөз тіркестсрін қүрап алған олардың сөз буындары мен дыбыстарды қүрап айтуы да анық емес болған, соңынан екеуін екі топқа бөліп қайтадан оқу-тәрбие жүмысын жүргізгенде олар дүрыс сөйлеуте үйренген. Баланың тілінін ерте дамьш сөйлеуді тез меңгеріп, сөздік корының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер етеді.
Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады.
Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды. Сәбилік шақта (1-3 жас) Бала қарқында дами бастайды. Психикалық даму үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл-ойы недәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады. Бірінші себеп - баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп түрлі заттардың қасиеттерін, үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңстіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды. Екінші себеп - әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы. Үшінші себеп - баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі. Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1, 5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.
... жалғасыСәбилік кезеңнің соңыңда жаңадан пайда болатын әрекеттер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz