Саяси элитаның түсінігі мен қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.

2.Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.

3.Саяси жетекшілік туралы ұғым.

4.Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасинттері.

Элита термині француздың elite деген сөзінен
шыққан,сұрыпталған,таңдалған,ірікте лген деген мағынаны білдіреді.XVIII
ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.ХХ ғ.бастап
саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары
адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және
олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау
алады. Мысалы, Конфуций ( б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (
билеуші элитаға) және төменгі ( қарапайым) адамдарға бөлді. Платон
билеуші –философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты.
Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. Басында италия
ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын Саяси ғылым негіздері
(1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен
басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери
ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет,
оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
Элита терминін ғылыми айналымға енгізген Вольфредо Парето (1848-
1923). Жалпыға бірдей социология трактатында (1916) ол элиталардың
айналу теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы
идеяны ұсынуының арқасында келкді. Ол идея жүзеге асқанда олардың
энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен
жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ.
Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды
жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) Саяси партиялар, Демократияның
олигархиялық үрдістері туралы очерк (1911) жеген еңбегінде олигархияның
темірдей заңы шығарды. Оның ойынша, бұхара халықтың өзін-өзі
ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия
жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болады. Сөйтіп кәсіби
дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол
көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым қолдарынан шығармай
мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан
шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек шеңбер пайда
болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие
болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. Олигархияның
темірдей заңы осы дейді Р.Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) Билеуші
элита атты еңбегінде АҚШ-тың ХХ ғ. Ортасындағы элитасына талдау жасайды.
Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын саяси,
экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет,
корпорациялар және әскери басшылар құрайды.
Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер Абсолюттік құқық
деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда
ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және әскер адамдардан тұратын
биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті
билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.
Сонда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар
жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби
басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және
әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктер; 3) қоғамда
басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара
халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан
шалғай өз жұмысымен айналысады).
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатын белгілейдіғ өз жоспарларын жүзеге асырудың
тетіктерін табадығ қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына
бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге
байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары
мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы
саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін,
әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б.
зерттейді.

Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп
алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық
түрде басұарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа
ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына,
кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең
алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белменділігін көрсете білуі
қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд рейган президенттікке
сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,
демократиялығымен, үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен
сипатталады. Сондықтан түрақты демократиялық елдерде бұл түр кен тараған.
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі-саясатқа
сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ,
авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін
болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси
шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық
көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымдық қызметке үміткерге көптеген
талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс
тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі
бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек.
Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық
қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның артықшылығы-
саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара
қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жагжалдың мүмкіндігін
кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең
тараған номенклатуралық элита жатады.
Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі,
топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита
деп бөледі. Басқарушы элита деп билікке ие, маңызды саяси шешімдерді
қабылдаушыларды айтады.Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін
күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол
қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе
контрэлита деп атайды.
Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және
жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне
есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана
толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.
Индия саясаттанушысы П.Шаран билік ету қорына байланысты элитаны
дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, саот, жол-жораға
байланысты бөлінуді кіргізеді.Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді,
дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға
заңға, формалды еределерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегін 4
топқа бөлді: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер
қабылдайтын жоғары элита; 2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін
(министрліктер, ведомстволар,комитеттер басшылары; 3) белгілі бір ,
кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары қызметкерлер,
менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш
көрсеткіштің (табысы, кәсібі, мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі
жетіспейтін аралық (маргиналдық) жағдайдағы адамдар.
Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен
билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде
номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін
мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке
көшті. 1993 жылы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді.
Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп,
атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде
халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент
аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары,
бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер
басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элитаға кіреді. Олардың
арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық.
Олар қаржы-қарадат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтар иелік етеді.
Аймақтық элитаға облыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элитаның түсінігі мен қазақстанның саяси элитасы
Саяси элита және саяси көшбасылық
Саяси элита туралы
Саяси элиталар және саяси көшбасшылық
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі туралы
Саяси элита
САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Саяси модернизация
Пәндер