Өкілдік органдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекетті өздерінің оқу пәндеріне сәйкес көптеген пәндер, оның ішінде заң пәні зерттейді. Саясаттанушылық алда мемлекеттің мәнін түсінуде екі тәсіл қатысады. Бірінші тәсіл мемлекетті бірлесіп өмір сүруге мұқтаж адамдарды құрылымдық байланыспен қамтамасыз ететін күш ретінде қарайды. Екінші тәсіл мемлекет ретінде оның құрамдас бөлігінің бірі - мемлекеттік билік механизмін қарастырады. Мемлекет қашан және неліктен пайда болған? Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше теория бар.

Теологиялық теория мынадай негізгі идеяға ие: мемлекеттің құдайлық пайда болуы, және мемлекеттік биліктің әрбір нақты актісі табиғаттан жоғары тұрған құдіреттің, Құдайдың еркімен түсіндіріледі және рұқсат етіледі.

Патриархалъды теория Аристотельдің идеяларымен ұсынылды. Ол мемлекет өскен отбасы негізінде пайда бодды, оның негізін қалаушы патриарх, ол бірінші патша болды деп санады; сондай-ақ ағылшын ойшылы Роберт Филмердің (XVII ғ. ) тұжырымдамасы ұсынылды, ол мемлекет рулардың тайпаларға механикалық бірігуі нәтижесінде пайда болды, олар өз кезегінде патриархальды қамқоршы биліктегі мемлекеттік құрылымды түзді деп есептеді.

Қоғамдық келісім теориясы Қайта өрлеу жоне Жаңа заман кезеңіндегі көптеген ойшылдардың (Д. Локк, Т. Гоббс, Ж. -Ж. Руссо, Г. Гроций) еңбектерінде дамытылды. Бұл теорияға сәйкес адамдар дамудың белгілі бір кезеңінде «барлығының барлығына қарсы соғысын» тоқтату үшін осы келісімді (шартты) жасау және келісім шарттарын сақтауды қадағалап отыратын арнайы орган құру қажет деген тұжырымға келген.

Куш көрсету (бағындыру) теориясы XIX ғасыр оқымыстылары Л. Гумпилович, К. Каутский және басқаларының еңбектерінде ұсынылды. Оларда мемлекеттің бір халықтың екінші халықты жаулап алуы нәтижесінде өзінің үстемдігін нығайту үшін арнайы басқару органын -мемлекет кұрады деген тұжырым бекітілді.

Маркстік теория бойынша, «мемлекет қоғамның белгілі бір даму сатысындағы жемісі; мемлекет мойындау болып табылады, бұл қоғам өзімен өзі шешілмес қайшылыққа ұшырасты, ымыраға келмес қарама-қайшылыққа шырмалды, одан құтылуға дәрменсіз болды. Қарама-қайшылықтар, қарама-кайшы экономикалық мүдделері бар таптар және қоғам нәтижесіз күресте бір-бірін жеп қоймас үшін мұндайда қоғамнан биік тұратын күш, қақтығысты қалыпты жағдайға келтіретін, оны «тәртіп» шегінде ұстап тұратын күш қажет болды. Қоғамнан шыққан, өзін бәрінен жоғары қоятын, барған сайын одан өзін жатсындыра беретін осы күш мемлекет болып табылады» (Ф. Энгельс) . Осы теорияға сәйкес жеке меншіктің пайда болуы, еңбектің бөлінуі, қоғамның таптарға жіктелуі және олардың арасындағы антагониялық қайшылықтардың асқынып кетуі мемлекеттік пайда болуының негізгі себептері болды, ол бір таптың екінші тапқа үстемдігіне қолдау көрсету машинасы болды

Мемлекеттің пайда болуы - қоғамдық қатынастардың күрделену, саяси билікті, үстемдік етуші таптың қолына шоғырланырылған экономикалық артықшылықтарды ұстап тұру арнайы мәжбүрлеу ашаратын талап етгі. Мұндай аппарат мемлекет болды.

Қазіргі заманғы саясаттану жоғарыда аталған теориялардың қолдақылуға құқығы бар екендігін тани отырып және соларға сүйене отырып мемлекеттің пайда болуына басқа да факторлар әсер еткен деп есептейді. Мысалы, поляк саясаттанушысы Ежи Вятр 4 факторды бөліп көрсетеді: 1. Осы қоғамға сыртқы қауіптің болуы, бұл ұйымдасу процесін жеделдетеді.

2. Бөтен үлгілердің әсері. Мысалы, славян тарихындағы бірінші мемлекет - Карантия (қазіргі кездегі Словакия) жерлерді қамтуы арқасында ашық қатынаста түзіжендіктен емес, римдік үлгінің айрықша әсерінің арқасында пайда болған.

3. Этникалық қарым-қатынастар. Адамдарды құлдар мен еркіндіктегі адамдарға бөлу елеулі этникалық айырмашылықтар жоққа шығарылған жерлерде болды, онда өзінң тайпаласыңа қарағанда бөтенді құлға айналдыру оңай болды.

4. Географиялық жағдай, ол адамдарды ынтымақтасуға, қоғам құруға, мемлекеттің пайда болуына итермелеп, мәжбүрлейді.

Саясаттану және мемлекетгану пәндері қазіргі кезде мемлекет ұғымына мынадай анықтама береді:

- қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі;

- нақты елдің жоғарғы билігі шоғырландырылған ұйым. Сөйтіп, мемлекет қоғамның ұйымдасу формасы және

басқару аппараты және сонымен бірге билік қуралы.

Мемлекет мынадай негізгі элементтер базасында құрылған: терршпория, хаяық, бияік. Территория - құраушы бастау. Екінші элемент - халық. Оны құраушы индивидтердің қарым-қатынасы бастапқыда өзара келісім, содан кейін салттар негізінде құрылады, және соңына құқық негіздерін құрайды, ол халықты бірдей мемлекетке бағынышты индивидтердің жиынтығы ретінде қарауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік үшінші элементі - билік. Ол ішкі тәртіпті күшейтуден және ұстап тұрудан, құлықтық және материалдық мақсаттарды жүзеге асырудан, елдің ұлттық мүддесінің беделін ұстап тұрудан және қорғаудан көрінеді. Мұнда қолында биліктің барлық тұтқасы бар ықпалды мемлекеттік басқару аппаратының болуы маңызды болып табылады. Қазіргі мемлекеттерде мемлекетгік аппараттың ұйымдық құрылымының бес элементі бөліп көрсетідеді: .

1. Өкілдік органдар.

2. Атқарушы-басқару органдары.

3. Сот органдары.

4. Прокурорлық қадағалау органдары,

5. Мемлекеттік бақылау органдары.

Мемлекет белсенділігінің түрлері Фшциялар ретінде жіктеледі. Мемлекеттің мынадай негізгі функциялары бөліп көрсетіледі: саяси басқару; ұйымдық-шаруашылық; оның тәуелсіздагін сыртқы қауіптен және мүдделерін халықаралық қатынастардың барлық саласында Қорғау; мәдени-идеологиялық; ұлттық интеграция; құқық тәртібін қамтамасыз ету; тәрбиелік және басқалары. Мемлекеттің мәні мен оның функцияларының нақты көрінісі және атқарушылары мемлекет формасы ретінде көрінеді, ол үш жіктеу критерийінен тұратын құрылымды біддіреді:

1) басқару формасы - монархия және республика

2) мемлекеттік құрылыс формасын - унитарлық федератавті, конфедератавті;

3) саяси режим - тоталитарлық, авторитарлық, либералды, демократиялық және т. б. осындай жіктеу осындай типтегі мемлекеттің қызметі мен саяси мәдениетіндегі елеулі айырмашылықты анықтауға мүмкіндік берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік билік
Атқарушы және сот органдары
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Мемлекет механизмі
Мемлекет механизмі түсінігі
Сот органдары
Мемлекеттік биліктің басты қызметтері
Мемлекет механизмы
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz