Қаншалықты деңгейде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы
2.2. Жаңа технологияларды қолдануға арналған ұсыныстар.
2.3. Оқытудың жаңа технологиясы мен оқушылардың даму мониторингі
2.4. Деңгейлеп саралап оқыту

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу
жолындағы қолданылатын барлық қисынды амалдары мен әдістемелік құралдардың
жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті – деп жазады М.В.Кларин.
Басқа сөзбен айтқанда, білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің
тиімділігін қамтамасыз ететін, бөлім болып табылады.
Жаңа технология - әр түрлі пәннен оқушылардың саралап деңгейлеп,
жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен
қарауына, жаңашыл тәжірибелерін, жеке әдістемелерін кеңінен пайдалануға
мүмкіндік береді. Олай болса мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда
оқушыларды жаңа технология үрдісінде оқыту мәселесі алға қойылған
міндеттердің бірі болуы керек. Сондықтан қазіргі білім технологиясында жеке
тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше болғандықтан, әрбір мұғалім жаңа
технологияны меңгеріп, оқу үрдісіне қолдануы қажет. Мектепте технология
пәні көбінесе шығармашылық деңгейде өтетіндіктен, оқыту модулінің
ерекшелігіне байланысты, жоғарғы сатысы диалектикалық жүйе болса, төменгі
сатысы әдіс-тәсіл педагогикалық жаңа техника болуы керек. Осы тұста
өзіміздің пәнімізге профессор Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту
технологиясын қолдану тәсілінің тиімділігін айтар едім.
Бүгінгі таңда профессор Ж.А.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту
технологиясы кеңінен танымал болып, соңғы кездері химия, алгебра, физика,
география, биология, астрономия, тарих т.б. пәндері үшін тиімді деп
саналып, әдістемелік жұмыс дәптерлері дайындалып шығарылып нәтижелері
көрініп жатыр. Осы игілікті істердің қатарында технология пәнінің мектеп
тәжірибесінде шығармашылық деңгейімен ерекше орын алатындығын ескерсек,
саралап деңгейлеп оқыту технологиясы осы пән үшін ең тиімді деп айтар едім.
Оқыту үрдісінде бұл технологияны қолдану арқылы мектептегі
технологияны қолдану арқылы мектептегі технология пәні ғылым негіздері
болып табылатын басқа пәндердің қатарында жүретінді.
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі:
1. Жұмыс қорытындысы тез, уақытында шығады.
2. Уақытты тиімді пайдалану жинақылыққа үйретеді.
3. Баланың сенімге ие болуы оның жауапкершілігін арттырып, өзін-өзі
бағалауды үйренеді.
4. Оқушы мен оқытушы арасында өзара сыйластық, еңбек бірлестігі
қалыптасады.
5. Мұғалімнің еңбегі жеңілдейді.
Нәтижесі:
1. Сыныптың 92 пайызы сабақтың қорытындысын сол сабақта шығарып,
көрсеткіштерін анықтауға үлгереді.;
2. Әрбір қыз бала өзіне папка арнап, өз шығармашылық деңгейін анықтауға
оқу жылының соңына дейін міндеттеме алады;
3. Кезең тапсырмасын жүйелі түрде орындауға оқушының қабілетті
анықталады;
4. Шығармашылық деңгейін анықтауда оқушылардың әр түрлі
қабілеттерінің жиынтығы анықталып, осы нәтижелердің барысында Ғылыми қоғам
құрылады.
Ұсынысым:
Ж.А. Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – технология пәні
үшін тиімді әрі жемісті болады деген тәжірибелік пікірімді ұсына отырып,
Әл-Фарабидің: Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген
этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту - деген сөзді әр мұғалім өз
сабағына эпиграф етіп алса екен деймін.

2.1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы
Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуы білім беру жүйесінің
алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол міндет кез келген орында, бүкіл
техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына
бейімделе алатын орындаушы қалыптастыру. Ол орындаушы қалыптастыру. Ол
орындаушы бүгінгі алдымызда отырған оқушылар. Сол оқушыларды ертеңгі
уақытта талабына сай азамат етіп тәрбиелеуде бүгінгі беретін білім жоғары
деңгейде болу керек. Сапалы білім беру мұғалімнен тынбай ізденуді,
шығармашылық қабілетті, жан-жақты білімді талап етеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту (әдісі) технологиясы бірқатар
пәндерде қолданып жүр. Осы технологияны өз тәжірибемде технология пәнінде
қолдануды ұйғардым. Мұндағы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен
қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлік тапсырмаларды бір тарауды аяқтаған кезде нәтижесін
қорытындылау үшін қолдануға болады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының І деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс
орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Қандай оқушы болмасын жақсы
оқитынына қарамастан жұмысын оқушылық І деңгейді орындауға міндетті, ол
үшін жеңіл болса да, бастапқы тапсырмаларды орындаудан бастайды.
Барлық оқушы жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы білім игерудегі өз
қабілетіне қарай өз билігіне жетеді. Барлық оқушы І деңгей орындауға
міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Әдетте І деңгейді орындаған оқушы оны ары қарай орындауға ұмтылады, өз
білімін көрсетуге, толықтыруға талаптанады. Оқушылар білімін дүниежүзілік
білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай, балл жинау әдісімен бағаланады.
Мысалы,
І-деңгей 4 сұрақ х 2 ұпай = 8 ұпай
ІІ-деңгей 3 сұрақ х 3 ұпай = 9 ұпай
ІІІ-деңгей 2 сұрақ х 5 ұпай = 10 ұпай
ІҮ- деңгей 1 сұрақ х 10 ұпай = 10 ұпай
баға мониторингісін белгіленген.
І-деңгей 6-8 ұпай – 3 деген баға
І-ІІ деңгей 8-10 ұпай – 4 деген баға
І-ІІ-ІІІ деңгей 16-20 ұпай – 5 деген баға
ІҮ- деңгей шығармашылық жұмыс деңгейіне, жұмыстың орындалуына
байланысты 4 немесе 5.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде үлгере алмайтын, баяу
қимылдайтын оқушылар бар, оларға міндетті түрде орындайсың деп, талап
қойып, психикалық қысым жасамау керек.
Деңгейлеп оқыту кезінде мұғалім өзіне:
1) Теориялық даярлық;
2) Сапалы сабақ жоспары,
3) Пәнаралық байланыс;
4) Уақытты тиімді пайдалану;
5) Көрнекілік-құралдармен, ойындармен түрлендіру;
6) Тәрбиелік мәні;
7) Ұлттық элементтердің тиімді қолдану талаптарын қоя білуі керек.

2.2. Жаңа технологияларды қолдануға арналған ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының Президентінің халқына жолдауында ХХІ
ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз
болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымты өндірістері үшін
кадрларын қорын жасақтау қажет- деді.
Шынында, оқушылардың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып
отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі
ғылыми техникалық және әлеуметтік – мәдени жетістіктердің қарыштап дамуынан
туындауында. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге мамандарды жан-
жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы
сондықтан.
Он екі жылдық білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір
сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталады.
І саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар.
ІІ саты – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар
ІІІ саты – орта білім беру, 11-12 сыныптар
Осы саты іске асырылатын болса кәсіптік бағдар беру жүйесі де нақтылай
жолға қойылатын болады. Мұнда әрбір сатыға кәсіби бағдар беру жүйесі
тұрғысынан қарайтын болсақ:
І сатының өзінен бастап-ақ оқушыларды мамандық әлемінен таныстыра
бастаймыз, қазіргі уақыттағы мамандықтар туралы әңгімелер жүргізіліп, яғни
кәсіптік ағарту жұмыстары орындалуы тиіс.
ІІ сатыдағы сынып жетекшілері, мектеп оқытушылары, психолог мамандар
ата-атаналармен біріге отырып, әрбір оқушымен жекелей жұмыс атқарып, оларды
нақтылай мамандық таңдауға даярлайды. Біздің кәсіптік іріктеуміз осы жерде
жүзеге асырылуы керек. Ол үшін өзіміздің пайдаланып жүрген
психодиагностикалық тестілер, сауалнамалар, сұхбат және басқа да әдістерді
кеңінен пайдаланамыз.
ІІІ сатыдағы оқушыларға нақты таңдаған мамандығы бойынша білім беру
көзделеді. Осы жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын тоқтатпай, үздіксіз
мамандық әлемімен байланысты ақпараттармен, сол уақыттағы мамандыққа
қойылатын талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру. Қорытындысында
кәсіптік кеңес беру.
Қазіргі уақытта мемлекетке қажетті мамандықтар туралы кең ауқымды
мәселе көтерілуде. Сол істер қалай жүзеге асуда? Қаншалықты деңгейде? Бұл
мәселенің шешімін табу үшін біздер, мұғалімдер қауымы ат салысуымыз
керек. Яғни әрбір мұғалім үшін кәсіптік бағдар беру оның басты мақсатына
айналуы керек.
Мамандардың сапасыздығы дегенде біз, біріншіден, оларды дайындаған
білім ордаларына тоқталамыз. Көкейімізде мынадай сұрақтар туындайды: сол
білім орнына келген уақытта ол дұрыс жолын тауып келді ме? Осы мамандықты
ол бар ынтасымен беріліп атқара ма? Оның білімсіз маман болып шығуына
кімдер жауапты болмақ?
Міне осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін де әрбір оқушыға мамандық
таңдау жауапты міндет екені, оған немқұрайлы қарамау қажеттілігін
түсіндіру өте маңызды. Оның әрбір оқушыға жеткізу сіз бен біздің
міндетіміз. Кәсіптік бағдар жұмысының нәтижелі орындалуы қазіргі
экономикалық даму кезінде керек.
Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамыған кезі.
Сондықтан заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі туындайды.
Ал қазіргі кездегі мамандыққа сұраныстың өзіндік талаптарының құндылығы
артуы, яғни еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын жұмысшы болуы шарт.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда сұраныспен бірге ондағы талаптарға
толыққанды сай болуында. Ол өндіріске келгенде сол мамандықты өзі таңдап
келді ме, ол оқушымен кәсіптік бағдар жұмыстары өз деңгейінде атқарылды ма?
Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, мамандардың кәсіптік дайындығына
қойылатын талаптардың артуымен қатар, оқушыларға кәсіптік бағдар беру
көкейтесті мәселеге айналып отыр. Өйткені оқушылардың басым көпшілігінің
кәсіптік мүмкіндігі белгілі бір біліктілік деңгейімен және еңбек нарығының
сұранысымен сай келмейді.
Кәсіптік баңдар беру көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде:
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медицина-
физиологиялық сұрақтар көп ізденуді қажет етеді.
Білім беруде әрбір жаңалықты, әсіресе соның ішіндегі осы кәсіптік білім
берудегі жаңалықтарды өзіміздің тәжірибемізге енгізудің бізге қаншалықты оң
нәтижелер беріп жатқанын білеміз. Мұндай жаңалықтарды өз тәжірибемізге
енгізу кәсіптік бағдар жұмысының маңызын арттырады. Кейде мұғалімдеріміздің
жаңалыққа көңіл бөлмей немқұрайлы қарауы білім сапасына өз әсерін тигізіп
жатады.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бітіруші оқушылардың басым көпшілігі
мамандық әлемінде адасатынын білеміз. Олардың алдында кәсіпті мамандықты
кең ауқымды түрде таңдауы тұрады. Таңдау кезінде болашақта жай ғана іспен
шұғылданбай, ары қарай өзінің сүйікті ісімен айналысу үшін ол мамандықтың
кереметтігі немесе бастық болуы жолында емес, ол оның қажеттілігі мен
мүмкіндігіне, психологиялық ерекшеліктеріне сай келетіндей болуы керек.
Мамандық әлеміне қадам басу адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Оқушылардың
ең қиын сәттерінің бірі болып саналатын бұл уақыт, олар үшін тез ауытқитын
құбылмалы кезең. Бітірушілермен сұхбат жүргізген уақытта олар әлі нақты
мамандық таңдамағаны, не таңдауға қиналып жатқанын, оларға әр түрлі
ықпалдардың кездесіп жататыны белгілі. Мінекей осындау уақытта оқушы бізден
көмек сұраған жағдайда, біз оларға ешбір қиналмастан, қолдан келгенше
көмегімізді аямауымыз қажет.
Ол үшін оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының әдістерін
меңгеру қажеттігі туады. Кәсіптік бағдар беруде негізінен төмендегі әдістер
қамтылады: бақылау, зерттеу, болжау, айқындау.
Сонымен бірге мамандық таңдауда ата-аналардың алатын орны ерекше. Ал
енді оқушыға мұғалім көмегі көп қажет болып жатса, онда мұғалімдер
беделінің бір сатыға болса да жоғарылағаны.
Оқушылардың ата-аналарымен ақылдаса отырып, мамандық таңдаудағы шешуші
рөлді мұғалім атқаруы керек. Мамандық қажет ететін талаптарды оқушы
мұғалімнен біліп отырса, кәсіптік бағдарды мұғалімнен алып отырса, оның
болашақтағы жетістігі мұғалімнің жетістігі болып саналады.

2.3. Оқытудың жаңа технологиясы мен оқушылардың даму
мониторингі
Қазақстаннның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында орта
білім берудің жүйелі рефорамалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие
болды. Білім беруді реформалаудың жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты
қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен
туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық
технологиялары жасалып, мектеп практикасында енгізілуде. Атап айтқанда,
академик В.М Монаховтың оқыту технологиясы: Дьяченконың жұмыстарында
айтылатын оқытудың ұжымдық тәсілі.
Профессор Ж.А. Қараевтің жұмыстарында еліміздің көптеген
мектептерінде қолданып жүрген:
- оқытуды дербестендіру мен деңгейлік диференциалдау;
- Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне
негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет
зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық
технологиясын оқу- тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің
жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:
- білімді демократияландыру және ізгілендіруге;
- оқыту сапасын арттыруға;
- басқару тиімділігін жетілдіруге;
- оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
- оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Бұл жағдайда педагогикалық технология – компьютерлік техниканың
тиімді пайдалануына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар
мектептерде жүргізіліп жатқан біздің тәжірбиелік – сынақ жұмыстарымыздың
басты міндеті- дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық, технологиясын
оқыту процесіне енгізу болып табылады. Педагогикалық технология
дегеніміз-тәжірбиеде жүзеге асырылатын (В.П.Беспалько), белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы
Педагогикалық технология
Тәжірибеде

жүзеге асыру

+ Бұл жерде: Әдістемелік жүйе {Мақсат, мазмұн, әдіс, сабақтың
түрі, құралдар} Дпр {Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}

Тқ
Қайда: Мақсат-өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат). Ол дәстүрлі
оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай
өзгеруін талап етеді.
Тқ – оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады.
Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);
Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды
орындау.
Түз.ж. – түзету әрекеттері (қателермен жұмыстар);
Бә - бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Басқ. – педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерде) оқушылар
өзін-өзі басқарады.
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де,
жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту
мақсаты болып қалады. Бірақ ол мақсат - өздігінен дамуға ұмтылған жеке
тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі
бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік
жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының)
олардың өзара байланыстағы қалыптарымен өзгерулерін талап етеді.
Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз:
1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-
әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің –
мұғалімдердің күнделікті жұмыста пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен
айырмашылығы бар. Демек, біздің жағдайымыздағы оқыту әдістемесі- деп
отырғанымыз оқушы-мұғалім деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты
қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен
білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық
түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы – оқушыға деген
сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен
қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету
енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның жаңа мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық қоғам және интернет журналистика
Геосаяси әлеует ұғымы
Оқудың оқытудың мақсаттарын айқындау
Қазақстанның геология саласының дамуы
Қоршаған ортаның ластану мәселесінің салдары
Адам өміріндегі саясаттың ролі
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары
Бірінші кедейлік мәселесі
Мббж-ға жалпы түсінік
Ғылыми зерттеу пәні арқылы оқушылардың ғылыми стилін қалыптастыру
Пәндер