Сана және санадан тыс кұбылыс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Сабақтың тақырыбы: Психиканың жоғарғы формасы - саны

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Студенттердің психиканың жоғарғы формасы сана екендігін толық түсіндіре отырып, білімін кеңейту

2. Тәрбиелілік: Студенттерді саналы түрде әрекет етуіне және адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

3. Дамытушылық: Сана туралы түсінігін қалыптастыра отырып көз қарасын кеңейту, дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, байқау, жазбаша, сұрақ - жауап.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Тірек - сызба, анаграмма.

Жоспар:

1. Адам санасының дамуы.

2. Адам санасы мен тілі.

3. Сананың негізгі қасиеттері.

4. Сана және санадан тыс кұбылыс.

5. Адам және жануарлар психологиясындағы айырмашылықтар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Жалпы психология. Қ. Жарықбаев. Алматы 1993ж.

2. Психология негіздері. Сәбет Баб-Баба. Алматы 2005ж.

3. Психология . Ж. И. Намазбаев. Алматы 2005ж.

4. Психология және педагогика сөздік. Алматы 2002ж.

1. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі - ойлай білетін адамның дүниеге келуі.

Адам санасының қалайша пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан

бірден - бір дұрыс түсіндірген марксизм - ленинизм классиктері болды. Марс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған, адам қоғам мүшесі, сондықтан оның санасы да әлеуметтік - тарихи құбылыс деп түсіндіреді.

«Сана» дегеніміз - ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған

индивидтен тыс басқа адамдар мен және заттар мен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады» - деп жазды К. Маркс.

Сана жеке адамға тән қасиет адамда жеке сана мен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық санада болады.

Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін

түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды.

Детерминизм - тек сана құбылыстарының пайда болуы ғана емес

ол табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті

себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді.

Детерминизм - латынның «детерминаре» деген сөзі, қазақша белгілеу, анықтау деген мағынаны білдіреді.

Дүниедегі барлық құбылыстың себепке байланыстылығын С. Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасында өте жақсы көрсетті.

«Ойласам дүниеде қанша жан бар

Адам бар, ағаш, шөп бар, мал мен аң бар,

Жанды, жансыз нәрсенің бәрі - дағы,

Әр себептің жемісі байқасандар.

Мал болмақ маймыл болмақ адам болмақ

Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып қонбақ,

Сол болғандар болмаған өздігінен,

Болғызған еріксіз бір себеп қолдап»

С. Торайғыровтың пікірінше адам сыртқы дүниемен байланыса

отырып оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл - ойын дамытады. Бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ

оны тануға әбден болады деп ақын өте дұрыс материалистік тұжырым жасайды.

2 . Тілдің пайда болуы - адамның күрделі саналы әрекетін қалыптастыратын екінші шарт.

Тіл алғашқыда адамның еңбек процесінде қарым-қатынас жасау қажеттілігіне байланысты қалыптасады.

Тіл - заттарды олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуіне ие болды. Осыдан тілде еңбекпен қатар, сана қалыптасуының негізгі себептерінің бірі. Сана сөзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиеттерді бейнелеудің ерекше формасы.

Қорыта айтсақ, сана психиканың біріктіруші ең жоғарғы өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндеттері шарты-тіл, сөз. Тіл-бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекітетін ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл, сол адамның нақты санасының көрінісі.

Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетті қалыптастыратын шарттар:

1. Тіршіліктің әлеуметтік тарихи сипаты:

2. Өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы:

3. Еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білуі:

4. Тілдік қатынастың пайда болуы:

3. Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Сана психика дамуын жоғары сатысы ретінде ерекшелінеді. Адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауына, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жеке адамның санасымен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады.

Саналы қатынастар көп жағдайларда интелектуалды-эмоцияналды сипатта екеуі аралас келеді (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру жирену, түрінде көрінеді) . Саналы адамның шығармашылық қабілетінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды».

Хайуан еш нәрсені өзі орната алмайды. Егер ол өзі мекен деген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді. Оның тіршілік етуі соған жеткізеді.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл жерді мекендеуіне жэне ғарышқа да жол табуына да мүмкіндік береді. Адам өзінін ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді.

Білім негізіндё жеке адамньщ іс-әрекетіндегі және мінез құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады.

4. Санадан тыс құбылыс-әрбір адамның психикалық әрекетінің міндетті құрамды бөлігі. Санадан тыс құбылыс туралы алғаш рет Платон айтты. 1910 жылы АҚШ-та өткен халықаралық жиналыста ғалымдар санадан тыс құбылысты адамдар ара-қатынастың өнер туындыларының, эмоциялар табиғатының, тұқым қуалаушылықтың, мінез-құлықтың әр түрлі мәселелерін талдау кезінде ескерту керек болатын фактор екенін мойындады. Фрейд санадан тыс құбылысты зерттеудің жаңа дәуірін бастады. Санадан тыс құбылыс, сананың тікелей қатысуынсыз болып жатқан мінез -құлықтың реттелуіне әсер етуші факторлардың барлығын біріктіреді.

Көптеген зерттеушілер санадан тыс құбылыстар аумағына сондай-ақ түс көру кезінде пайда болатын психикалық құбылыстар; ұғынылмайтын тітіркендіргіштер тудыратын жауап реакциялары; машықтанған қозғалыстар; әрекерке итермелеуші кейбір түрткілерде жатады деп санайды. Санадан тыс құбылыс адам санасының қоғамдық жағдайларымен шарттанып, онымен үздіксіз байланыста болатын адамға тән психикалық құбылыс.

5. Адамның санасының пайда болуымен оның сипаты психика дамуының ең жоғарғы жаңа сатысынан дерек береді.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эвалюциясында озінің үзаққа созылатын тарихына ие болганымен, ол алғашқырет еңбек пен қоғамдық қатынасқа түскен адамға ғана пайда болады.

Адамның жануарлардан түпкі ерекшелігі псхикасы мен Дс эрекетімен санасының сапалық ерекшеліктері. Жануарлар эрекет қылығының бәрі адам іс-әрекетінің биологиялық табиғи сипатымен ажыратылады. Яғни жануарлар әрекеті тек тіршілікке қажетті затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Сондықтанда жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты объектив бейнелеу тәсілі қалыптаспаған.

Жануарлардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты.

Жануарларда еңбек бөлісі атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызыметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың «тіліндегі» ерекшеліктері де анықтап отырады, көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді.

Жануарлардың дыбыстық әрекеті - белгілі мазмұнға сай сараланбайды, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады, (қоректі қажетсіну, үрку, қорғаныс) тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар.

1. Адамның саналы іс-әрекеті биологияялық себеп-салдарымен биологиялық қажеттікке бой ұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлікпен жанпидалыққа бару.

2. Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан оны тереңірек жан-жақты тануға бағытталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санадан тыс құбылыс - әрбір адамның психикалық әрекетінің міндетті құрамды бөлігі
АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Тұлға теориялары
Сана адам миының функциясы
Саналы және санасыз психикалық процесстердің психофизиологиясы
Сана және тілдің өзара байланысы
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан
Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде
Адам психикасы
Абай және қазіргі заман. Шоқан және географиялық детерминизм. З.Фрейд және психоанализ. Ф.Ницше және аса күшті адам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz