Бала үшін отбасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Көзделген нәтижеге жету мақсатында ата- аналар мен

жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал

процестерінің жалпы атамасы.

Отбасы- тұлға қалыптастырушы бесік.

Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетерлік еңбектік және әлеуметтік бағыт- бағдар түзіледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қорытынды жасауға болады:

* Отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

* Қандай да бір басқа жағдайда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа- қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;

* Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамассыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;

* Салт- дәстүр жалғастығын қамтамассыз ететін отбасы;

* Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері- азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;

*Отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:

1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.

2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.

3. Отбасы анасы- әйел мойнына артылған екіталай- жұмыс орнында, жанұяда - ауыртпалық.

4. Көптеген әлеуметтік тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі- зайыптылардың ажырасуы.

5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.

6. Күннен- күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау- дамай.

7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.

Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?

Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес: тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Бәрімізде осы заңдылықтардың құрсауындамыз. Бароша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой- пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс- әрекетін белгілі бір жоспарларға орайластырғаны жөн. Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта. Қай дәрежеде өрістеуі мен балар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:

1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.

2. Қайырқом, мейірлі отбасы.

3. Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.

4. Алауыз, жауласқан отбасы.

5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.

6. Ата менаналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.

7. Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі және отбасы
Отбасылық тәрбие стилдері
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Отбасындағы сәтсіздік түрлері балалық шаққа педагогикалық демеу беру әдістері
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Балабақша мен отбасы қарым-қатынас ынтымақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz