САЛТЫН ОҚЬПУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасында "Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған" - делінген.

Салауатты өмірге тәрбиені баланың сәби шағынан бастау керек. Жас сәбидің дұрыс тамақтанып, дене бітімінің қалыпты жетіліп, ой-ерісінің дамуына ата-анасы жауапты.

Қазіргі кездегі қоғамдағы жоне семьядағы қалыптасқан жағдай салауатты өмір салтын қалыптастыруға тиісті мөлшерде әсер ете алмай отыр. Бұның ең негізгі бір себебі: барлығымыздың тіршілікте денсаулықты бірінші орынға қоя білмейтіндігіміз.

Біз оқушыларға:

• дұрыс тамақтану;

• жүйке шынықтыру;

• темекі тартпау;

• арақ ішпей, тағы да басқа зиянды нәрселермен айналыспауға нұсқау береміз. Дегенмен, біріншіден, үлкен адамдар осы нұсқауларды өздері күнделікті ұстана бермейді.

Қазіргі кезде жастар тәрбиесіндегі үлкен проблемаларды шешу үшін мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы қажет. Көпшілік ата-аналардың валеология ғылымы туралы тіпті түсінігі де жоқ.

Қай ғасырда болса да бала тәрбиесі, мәдениеті, негізінен ата-анаға байланысты. Ата -анамен педагогикалық оқулар өткізу де негізгі проблема. Осы ізденіспен "Ата-аналар" мектебін аштым. Айына екі рет оларға валеология пәні, оның міндеттері туралы мағлұмат беріп отырдым. Осы оқулардың қорытындысын ата-аналар арасында анкеталар жүргізу арқылы тексердім.

1. Балаңыздың күн тәртібіне талап қоясыз ба?

2. Балаңыз бос уақытын қалай пайдаланады, қадағалайсыз ба?

3. Достарын білесіз бе?

4. Балаңызбен тиянақты түрде оқу, өмір, рухани ана, әке кеңесі тақырыбында әңгіме бола ма?

5. Кітапты үйде отбасы болып оқисыздар ма?

6. Теледидарды көруін бақылайсыз ба?

7. Көруге болмайтыи киноларға тыйым саласыз ба?

8. Бір жаққа сұранғанда (ойнауға, дискотека, жолдастарымен кездескенде) нақты уақыт белгілейсіз бе?

9. Балаңыз сұрана ма, өз бетімен кете бере ме?

10. Отбасы бақыттылығы неде?

Ата - аналарға «СПИД - XXI ғасырдың обасы», «СПИД проблемаларь» және одан сақатну» атты тақырыпта баяндама оқып, ата-аналармен пікір алыстым. СПИД- адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема. Ол - тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Бүкіл дүние жүзіндегі СПИД-пен ауырғандарды зерттеп және осы ауруға қарсы күресуші ғалымдар мен мамандардың айтуы бойынша, СПИД-тен қорғанудың бір-ақ жолы бар. Ол - білім. СПИД-тің қандай қауіпті ауру екендігін, оның қандай жолдармен жұғып, тарайтынын әрбір адам нақты білім терең түсінуі қажет. Сондықтан обасындағы беріктік, сенімділік- СПИД-тен қорғанудың нақты түрі. Оқушылар арасында денсаулық сақтау шараларын, салауатты өмір салтын ұстануда насихаттау үшін қазақ тілінде жазылған оқулықтар, қосымша құралдар көп болса, сонда жасөспірімдер санасы дұрыс қалыптасуы мүмкіндік болар еді деп ойлаймын. 9-10-11 сыныптарының жетекшілерімен бірлесіп, олардың жас ерекшелігіне байланысты қазіргі кезде кең тараған аурулар туралы оқулар өткіздім.

Темекіге байланысты сабақтар өткеннен кейін, сенбілік мектеп бойынша сап түзеуде оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып, төмендегідей тәжірибе жасау арқылы тақырыпты қорытындыладым. Қойылған сұрақтар:

1. Балалар, темекіні не үшін тартасыңдар?

2. Темекінің қорабындағы жазуға көңіл аудардыңдар ма? (өзім оқып беремін) .

3. Темекінің денсаулыққа зиян екеніне көздерің жетті ме?-деп сұрақ бере отырып, оқушыларға тәжірибе жасап көрсеттім.

Жасалған тәжірибе

Кажетті заттар: бөтелке, мақта темекі, сіріңке. Жасалу жолы. Бөтелкенің ішіне мақтаны салып, аузына бір тал темекіні тұтатып қоямыз. Сонда тұтанған темекінің түтінін бөтелке ішіндегі мақта сора бастайды. Мақта көз алдымызда сарғаяды.

Қорытындысы. Бөтелке - адам, мақта - өкпе. Осындай тәжірибе жасау арқылы темекі түтінің адам өкпесіне тигізетін әсерін көруге болады, яғни, мақтаның сарғайғанын, қолға сап-сары боп жұққанын, исінің жағымсыздығын байқадық. Осындай тәжірибелер мен өмірдегі зерттеулер нәтижесінде өкпеге сіңген түтін әсерінен адамдардың 90% өкпе ауруымен ауыратынына оқушылардың көзін жеткізуге болады. Бұл медицинада да дәлелденген.

Бұл тәжірибені ата-аналар алдында да көрсеттім. Себебі, ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" деген халқымыздан қалған дана мақал бар. Әкелеріміз бен шешелеріміздің де есінде жүргені абзал емес пе?

Салауатты өмір салтына қалыптастыру мақсатында бүгінгі өскелең өмір иелері -жасөспірімдерді дұрыс өмір сүру үшін қажетті үш жағдайымен таныстыру да артық емес.

Өз тәжірибемде мынандай схема арқылы әр жағдайға тоқталып, анықтамалар бердім.

1. Тіршілік деңгейі дегеніміз - адамның материалдық, мәдени және моральдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету (материалдық мүмкіндік) .

2. Тіршілік сапасы дегеніміз - адам қажеттерін канағаттандыру сапасы (тіршілік ету жағдайы) .

3. Тіршілік әрекеті іс-әрекетіндегі алған бағьтты, адамның күнделікті іс-әрекеті.

Көпетеген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар осы үйі жағдайдың адамға әсерінің мынадай қатынаста екендігін дәлелдеген, яғни, материалдық, жағдайы мен тіршілік ету сапасы тіпті жақсы бола тұра тіршілік жағдайларының (нашақорлар, араққа салынып кетушілер, тағы басқа) әр түрлі болатындығын білеміз.

Сонымен, адамның тіршілік жағдайы адамның өзінің жеке басының әрекетіне байланысты екендігіне оқушылардың көзін жеткізе отырып, тест сұрақтары арқылы әр оқушының тіршілік әрекетіне бақылау жасадым.

Барлық сыныптардан "Валеологиялық өзін-өзі талдау" тест жұмысы алынды.

Онда, сен өзіңнің миық мен жүйкеңе қалай қарайсың?

1. Мен ақыл - ой жұмысынан тез шаршаймын. "Иә" "ЖОҚ"

2. Менің басым жиі ауырады. "Иә" "ЖОҚ"

3. Кейде менің басым айналады. "Иә" "ЖОҚ"

4. Көшеде мен өзімді абайсыз ұстаймын. "Иә" "ЖОҚ"

5. Мектепте мен жиі уайымдаймын. "Иә" "ЖОҚ"

6. Мен әрдайым оке-шешеммен келісе бермеймін. "Иә" "ЖОҚ"

7. Мені ренжіту оңай. "Иә" "ЖОҚ"

8. Мен мектепке ешбір қызығушылықсыз барамын. "Иә" "ЖОҚ"

9. Менің айналысатын сүйікті ісім жоқ. "Иә" "ЖОҚ"

10. Түнде әдетте менің ұйқым қанбайды. "Иә" "ЖОҚ"

Бақылау нәтижесін былай бағалап отырдым. Егер "иә" жауабының саны көп болса, өзіңнің миың мен жүйкене дұрыс көңіл бөлмейсің, яғни, тіршілік жағдайынды дұрыс қалыпқа келтіруің қажет деген сөз.

Осындай жұмыс жүргізгеннен кейін әр оқушыға жүйке жүйесін нығайту бағдарламасын жасау тапсырмасын бердім. Көптеген бағдарламалар өз деңгейінде жасалынған екен. Соның, ішінде 8 сынып оқушысы Құсбекова Гүлнұрдың бағдарламасына тоқталып өтейін.

Құсбекова Гүлнұрдың бағдарламасы:

1. Мен ақыл-ой жұмысынан шаршамау үшін күн тәртібін дұрыс орындауға тырысамын.

2. Көшеде өзімді дұрыс ұстауға дағдыланамын.

3. Ойымды сабақтан басқа нәрселерге аудармауға тырысамын.

4. Мен мектепке келгенде жан-жақты білім алуға өзімді міндеттеймін.

5. Сүйікті ісіммен айналысамын.

6. Демалыс уақытымды дұрыс пайдалануын әдеттенемін,

Ал тіршілік әрекеті негізінен тәрбисіне байланысты. Қазіргі кездегі мектептің алдына қойылып отырғам мақсаттың ең негізгісі - білімді, дені сау жеке тұлға тәрбиелеу. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін әр адам өзінің денсаулығын сақтай білуге үйрену қажет.

Әр жас адамда: мен жасымнан денсаулығымды сақтауым қажет, ол үшін мен не істеуім керек?-деген жоспар болуы шарт.

Бұл жұмыс тұрақты, жүйелі, бірте-бірте күрделенуі қажет. Міне, сонда ғана салауатты өмір салтын іске асыра бастадық деп айта аламыз. Ол үшін алдымен жастарға білім қажет. Онда:

- денсаулық, оны сақтау, дұрыс тамақтану оның жолдары, жағымсыз әдеттердің (арақ, темекі, есірткі) ағзаға зияны туралы мәліметтер болуы шарт.

Екіншіден, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу үшін білік қажет. Онда: жолдастарына, олардың жағымсыз ыкпалдарына қарсы тұра білу, мұғалімдермен пікір таластыру, өз ойнап дәлелдей алу, денсаулығын сақтау үшін өзі жеке шешім қабылдай алуы.

Үшіншіден, жастар өзінің ортасында басқаларды бағалауға және өзін басқаға бағалатуға үйрету.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі -мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген ыкылас-жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның, әсіресе, бүгінгі таңда аса маңыздылығы жыл сайын жоғарылап келеді. Өйткені, мектеп оқушыларының денсаулық деңгейі жылдан жылға төмендеп барады.

Мектеп окушыларының дене тәрбиесі жөніндегі бұрынғы оқу бағдарламаларында "ГТО" кешені нормативтерін міндетті түрде орындау мақсаты да, оқушылардың дене тәрбиесіне дайындығының міндеттері де көзделген болатын. Алайда, ол салауатты өмірді қалыптастыруға ықпал жасай алмады.

Тұлғалық міндеттері бар оқушылардың дене тәрбиесі, оқу процесі жағынан салауатты өмір мәні мен оның қоғамдағы дәлелді басты міндеттері толығынан ашылмады.

Салауатты өмір салты өздігінен жасалмайды, оған жүйелі түрде тәрбиелеу қажет.

Біздің ойымызша, оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимылды ойындардың маңызы өте зор.

Өйткені, ұлттық ойындар тарихының кенелігіне қарамастан үнемі жаңа, ол топ бастайтын, ескірмейтін дәстүр. Себебі, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге куат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы ойын.

Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында дене тәрбиесі мұгалімі оқушыларға, балаларға әр түрлі ойындардың бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалап отырған жөн. Өйткені, мұның оқушыларға салауатты өмір саятын қалыпастыруда тәрбиелік маңызы зор.

Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы ерекшеліктері бар. Ойын - балалардың негізгі әрекеттерінің бір түрі. Ұлттық ойындар арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, заттармен танысып, олардың пайдалану жолдарын меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни бала ұлттық қимылды ойылдар арқылы салауатты өмірдің мәнін түсінеді.

Ойын - жас балаларға керекті істің бірі. Қызғылықты, қимылды ойындар балалардың шаршаған миын тынықтырады. Бойын жадыратып, жігерлендіріп жібереді. Мұғалімнің бақылауымен жүргізілген ойындар балаларды, оқушыларды әділдікке, дұрыстыққа үйретеді. Бірлесіп ойналған ұлттық ойындар, көздеген мақсатқа ұйымшылдықпен бірлесіп жетуге болатынын үқтырады. Ол әділ де, шапшаң болуға, қас қағым сәтте шешім қабылдап, ұғымды әдіс қолдануға жаттықтырады.

Ойынға қатысып үйренген, ысылған балалар - назарлы, ынталы, зейінді, батыл, жігерлі, төзімді болып қалыптасады.

Белгілі бір ереже бойынша ойналатын ойындар, баланы жас шағынан тәртіп пен еңбекке, салауатты өмірге баулиды.

Қызғылықты қимылды ойындар - мәдени ермек, негізгі еңбек болады, ынтаны көтереді.

Жаңа ойлау жүйесіне негізделген бүгінгі өмір талабы ұлттық қимылды ойындардың және дене жаттығулардың дамуына жаңаша қарауды талап етеді. Міне, осыдан келіп дене тәрбиесі жұмыстарына ресми деңгейде қарау кажеттілігі туады. Өткеннің бай мұрасы негізінде жергілікті жерлерде спорттық - көпшілік жұмыстарын жандандыру аса қажет және олай ету болашақ азаматтардың денсаулығын шыңдауға, оларга салауатын өмір салтын қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Негізгі мақсат - ұлт денсаулығын шыңдауда. Сондықтан ұлттық қимылды ойындардың дене тәрбие процесіндегі оқушыларға салауатты өмірді қалыптастыруда алатын орны және атқаратын қызметі орасан зор.

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ

Егемен елдің туын көкке көтеретін, әрине, өркениетті ұрпақ. Ендеше сол елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек? Өкінішке орай, қазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына қайшы келетін іс-әрекеттерге баратыны барлығымызға белгілі жайт.

Сондықктан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани - адамгершілік қасиеттерін қкалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және кәсіп өнер сырларын бойына мұқият сіңірген, қоғам, мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде тандаған өркениетті ұрпақ тәрбиелеу кезек күттірмес міндет. Бұүл жерде балаларға валсологиялық тәлім- тәрбие беру ерекше орында. Сопдықтан валеологияны оқыту барысында балалар мен жасөспірімдердің бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру мен денсаулықты сақтау және нығайту мәселелеріне айрықша мән беру керек.

Сабақты оқытудың белсенді түрлерін пайдаланып өткізген дұрыс: сюжетті ойындар, тест, реферат жазу, пресс-конференциялар, семинарлар өткізу, ғылыми қарапайым әдебиетпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.

Сонымен қатар валеологиядан алған білім мен тәрбиенің бірлескен жүйесі бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында көптеген іс-шаралар өткізілуі қажет.

Себебі мектептегі барлық жұмыстың бағыты салауатты өмір салтының негізгі құралдарын орындау болып табылады, яғни баланың

- денсаулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу;

- жас кезден бастап дұрыс тамақтануы;

- жас кезден бастап белсснді демалыс мәдениетін, қозғалыстың қажеттігін тәрбиелеу; - зиянды әдеттердің алдын алу, осы заттардың зиянын түсіндіру.

Сөзімді дәйектеу үшін мына сызбаларды ұсынып отырмын.

Осыған орай, мектеп тәрбие ісінін менгеруші, валеология пәнінің мұғалімі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, мектеп психологы мен медбибінің араларында үлкен байланыс болу керек, яғни, мектепішілік салауатты өмір сүру салтының жоспары бірлесіп жасалуы қажет

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫІІ 15-18 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ОҚЬПУ

Сабакбарысы.

1. Сергіту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектепте оқыту технологиясы
Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
Кәсіби педагогика және технология
Жоғары мектепте оқытудың қазіргі кездегі теориялары және концепциялары
Оқыту процесінің заңдылықтары
Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны
Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері
Тұтас педагогикалық процес
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz