Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары


Кіріспе.
Адам туралы ғылымының жаңа бағыттарының бірі - салауаттану, ол «денсаулық» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны - адамның денсаулығы. Салауаттану кіріктірілген ғылым болғандықтан, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология және т. б. ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізін салушы И. И. Брехман «денсаулық» үғымына жаңаша мән берді. [1]
Барлық ғылым сияқты салауаттанудың өзіндік даму жолы бар. Салауаттанудың даму тарихы ежелден басталады және әрі ол медицинамен тығыз байланысты. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Жердің түкпір-түкпірінен жинақталған ежелгі қолжазба (папирустар), сурет, әдет-ғұрып, философиялық, діни және көптеген ғылыми мектептердің ізденуінуі арқылы жетті.
Салауаттану ғылымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған клиникалық медицина, физиологтер, гигиенистер және басқа ғылым салаларының мамандары, олар салауаттанудың ғылыми тұжырымдамасын құруға өз үлесін қосты.
Қоғам дамуының барлық кезеңдеріндегі адамның аурумен күресуі емдеу амалдарын ізденуімен, халықтық және ғылыми медицинаның дамуымен сипатталады. Қазіргі клиникалық медицина негізінен аурулардың себептерін айқындауға және смдеу амалдарына көбірек көңіл бөлуде. Егер медицина тек ауруларды емдсу жолдарымсн ғана айналысса, салауаттанудың негізгі мақсаты - денсаулықты сақтау мен нығайту, аурулардың алдын алу, яғни ауруды болдырмайтын дене күйін қалыптастыру.
Сондықтан салауаттанудың негізгі міндеті - денсаулықты зерттеу, әр түрлі ауытқуларды, мүшелердің қызметі бұзылғанын ерте анықтап, сала-уатты өмір сүруді калыптастыру арқылы дер кезінде аурудың алдын алу. Сонымен, салауаттану - адамның денсаулығын сақтау мен оны нығайту туралы ғылым. Кейде оны сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым деп те атайды. Бірақ бұл дұрыс емес, себебі науқастарды да денсаулығын сақтауға үйретуі тиіс.
Салауаттану термині қазір барлығына мәлім, бірақ көп адамдар әлі оның мақсаты мен міндеттерін, дамуын, ғылыми жетістіктерін біле бермейді. Алайда қазіргі уақытта салауаттанудың міндеті мен мақсатын көпшілік қауымға түсіндірудің қажеттілігі туындап отыр. Профессор Г. К Зайцевтың тұжырымдауы бойынша «салауаттану - бұл адамның денсаулығын салауатты өмір сүру арқылы сақтап қалу».
Салауаттану - салауатты өмір сүруді қалыптастырудың ғылыми негізі. Салауаттану санитарлық және гигиеналық тәрбиеден тұрады, себебі ол адамды өз денсаулығын сақтауға үйретеді, әрі ол денсаулықты сақтаудың құралы.
Зерттеу барысында салауаттану ғылымында әлі де шешілмеген мәселелер бар екені айқындалды. «Баршаның денсаулығы» тақырыбындағы бүкіләлемдік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша денсаулықты сақтау туралы сұрақтарға жауапты тек адамдардың өмір сүретін ортасынан (отбасы, мектеп, мекеме) іздеу қажет деп түсіндіреді. [2]
Қазіргі уақытта мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының көбінің жекеменшікке өтуіне байланысты денсаулыққа жаңа көзқарас қалыптастырған жөн. Сондықтан денсаулықты сақтауға көпшілікті, әсіресе өскелең ұрпақты үйретудің жаңа жүйесін қалыптастырудың мәні үлкен. Бұндай тәсіл салауаттанудан білім беруді әдіснамалық және әдістемелік қамтудың қазіргі уақытқа сай болуын қажет етеді.
Қазіргі уақытта мектептерде вариативтік оқытудың бір түрі ретінде «Салауаттану» курсы енгізіліп отыр. Бірақ көпшілік жағдайда бұл пәнді мамандығы жоқ мүғалімдер беруде. Бұдан денсаулықты сақтаудың «Зиян келтірме» деген негізгі қағидасы бұзылады. Сондықтан салауаттанудан тек сертификаты бар немесе биология пәнінің мүғалімдері ғана сабақ беруі керек. Сонымен бірге, мектсптерде байқаудан өтпеген, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте бекітілмеген көптеген оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға тыйым салынуы қажет.
Сауалнама жүргізудің нәтижесінде көптеген мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар «Салауаттану» пәнін таңдап алатыны анықталды. Олар бұл пән денсаулықты сақтауда өте қажет деп түсінеді. Бірақ қозғалу белсенділігі, тиімді тамақтану немесе психологиялық, кикілжіңді болдырмау, өзін-өзі реттеу сияқты тақырыптар тек салауаттану мәселелсрінің бір ғана жолы болып табылады. Ал салауаттануды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жаңа критерийлерді, ұғымдарды, негізгі тәсілдерді айқындаудың қажеттілігі туындап отыр. Соидай-ақ денсаулықты сактаудың жаңа критерийлерін анықтауға мұғалімдермен бірге дәрігерлер, психологтер, гигиенистср және физиологтердің қатысуы қажет. Әрине мұнда жаңа технологияларды, интербелсенді әдістерді, әсіресе тіршілікке қажетті мәселелер бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану, яғни салауаттану аспектілерін кешенді түрде шешу керек.
Салауаттануды тек шартты түрде медициналык және педагогикалық деп бөледі. Салауаттануды оқытуда педагогикалық бағыттың манызы зор. Оқушылар өз денсаулығын сақтау және қорғау жолдарын білу керек. Салауаттану ғылымының дамуы, сонымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру мемлекеттің бағдары болып, ұлттың генофондын сақтап калуға, адамгершілік, дене, психикалык және ұрпақ денсаулығын сақтауға бағытталады. [7]
Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты сақтау және тіршілікке бейімделу арқылы камтамасыз етіледі. Мүғалім балаға қажетті түрткіні қалыптастыруға көмектеседі, ол адамның жеке қажеттілігі және білімді меңгеру арқылы жүзеге асады.
Мүгалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегі арқылы салауатты өмір салтының үлгісін құруға болады. Оған ата-аналар, мүғалімдср, ғылым, спорт, өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірінің үлгісі мысал бола алады. Өкінішке орай, қоғамда көбінесе денсаулық мәдениетінің төмендегені байқалады, оған тәрбиеге жағымсыз, рухани жағынан төмен бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері әсер етеді. Осыдан мектепке дсйінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік және жоғары оқу орындарында салауаттану сабақтарын өткізу өзекті мәселеге айналуда.
Адам денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде, оны қалыптастырудың әдістері мен жолдары туралы жеке ғылымның қажеттілігі туындап отыр. Бірақ атам заманнан белгілі болып келе жатқан салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жиналған мәліметтердің ғылыми болжамы жасалмады, ол тек эмпирикалық сипатта болып келеді.
Салауаттанудың зерттеу нысаны денсаулық болғандықтан, денсаулыкқа сипаттама берейік. Бұл үғымсыз медицина да, салауаттану да ғылым ретінде қалыптаса алмайды. Ғалымдардың денсаулыққа берген бірнеше сипаттамалары бар. Олардың саны қазір 600-ге жетіп отыр. Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының денсаулыққа берген сипаттамасы қазіргі жағдайда ескеріп қалды, яғни оны толық аша алмайды.
Профессор А. А. Остроумовтың айтуынша «денсаулық дегеніміз бұл организм күштері мен қоршаған ортаның арасындағы тепе - теңдік күйі». Кіші медициналық энциклопедияда денсаулыққа берген сипаттама мынадай -«денсаулық дегеніміз организмнің табиғи күйі, яғни қалыпты, зін - өзі реттей алатын, барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқаратын, қоршаған ортамен динамикалық тепе - теңдікте болатын күй».
Ал патфизиологтердің айтуы бойынша «денсаулық дегеніміз әр лі қоғамдық және еңбек әрекетіне толық қатыса алатын болмыс».
Профессор В. П. Казначеев денсаулықты «физиологиялық, биологиялық даму, сақтану үрдісі және адамның өмір сүруіндегі әлеуметтік белсенділігі» деп таниды. [12]
Профессор А. Г. Шедрина «Денсаулық өлшемі» тақырыбындағы әдістемесінде денсаулыққа мынадай тұжырымдама береді, «Денсаулық дегеніміз бүтін, көпбағытты динамикалық күй, ол әлеуметтік және экономикалық орта жағдайларында генетикалық потенциалды жұмсау нәтижесінде дамиды, адамның биологиялық және әлеуметтік қызметін қамтамасыз етеді. [11]
Тақырыптың өзектілігі: Егеменді Қазақстанның ұлттық мектептерінде тәлім-тәрбие жұмыстарын жаңаша құру, оның ішінде ойындарды кеңінен пайдалану қазіргі күннің талабына айналып отыр. Бұл тек демократияның салтанат құруына байланысты "1996ж. "Тәрбие тұжырымдамасында" "…дені сау, ар-ожданы биік" "ұрпақ тәрбиелеу міндетін" алдымызға қойды. "Білім туралы" Заңында (1999ж. ) бұл істің өркендеуі қарастырылған. Сондықтан дене тәрбиесінде ойындарды пайдаланып, насихаттау ісі бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің біріне айналды. Осыдан дипломдық жұмысымыздың тақырыбының өзектілігі туындайды.
Тақырыптың болжамы: Қазір ұлттық мектептерде оқу-тәрбие мәселесін халықтық педагогиканың негізінде құру міндеті қойылып отыр. Осыған байланысты халық ойындары мол материал болуға тиісті. Бастауыш сынып оқушыларын ойындар арқылы дамыту, қалыптастыру жолдары зерттелінсе, белгіленсе, ол бүгінгі күннің баға жетпес маңыздылығына ие болуы сөзсіз.
Зерттеу обьектісі: дене тәрбиесіне байланысты жүргізілетін ойындармен олардың жүргізілу нәтижесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптарда ойын арқылы осы мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеудің алға қойған методикасы.
Міндеттері: 1) Халық ойындарын зерттеушілердің мақсатын, еңбектерін жинап, қорыту. 2) Халық ойындарын жинақтау. 3) Жинақталған халықтық ойындарды бастауыш сыныптардағы бала жасына, жынысына сәйкес анықтап, саралау. 4) Халық ойындарын жүргізу тәсілдерін, түрлерін айқындау. 5) Халық ойындарын тәрбие жұмыстарында пайдалану жолдарын нақтылау.
Мақсаттары: бастауыш сынып оқушыларының ойындарды пайдалану, қолдану әдістерін, түрлерін айқындау.
Осы көрсетілген міндеттерді шешу барысында мынадай ғылыми әдістерді пайдаландым: анализ, синтез, абстрауциялау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: осы жұмыс болашақ мұғалім даярлайтын педагогикалық оқу орындары үшін және мектеп мұғалімдері үшін де қажетті әдістемелік нұсқау бола алатындығында. Зерттеу материалдары, мектептегі пән бірлестігіне баяндала жасау арқылы, институттағы педагогикалық практиканың қорытындысында есеп беру арқылы апробациядан өтті.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол баланың ақыл-ой, санасының жан-жақты дамуының бір көрінісі деп атап көрсетуге болады.
1. Жасөспірімдердің өсіп - дамуындағы (жалпы) заңдылықтары.
Организм және орта. Орыс физиологиясының негізін салушы И. М. Сеченов мынандай қорытынды жасаған: « Организмнің тіршілігін қолдайтын сыртқы орта, сондықтан организмнің ғылыми анықтамасына, оған әсерін тигізетін орта да кіруі тиіс. Шындығын айтқанда, табиғат пен әлеуметтік ортадан тыс адамның болуы мүмкін емес».
И. П. Павлов Сеченовтың ойын одан әрі дамытты: адам сыртқы ортамен тығыз байланыста болып тұратын бір тұтас организм және оның сыртқы ортамен біркелкі тәуелді жағдайы әр уақытта сақталмақ.
Организм біртұтас, оның барлық тканьдерінің, органдарының және системаларының құрылысы мен қызметі өзара байланысты. Қандай болмасын бір орган немесе системаның құрылысы мен қызметі өзгерген жағдайда, басқа органдардың құрлысы мен қызметі де өзгереді.
Сырқы орта жағдайларының организмге әсер етуі және организмнің тіршілік жағдайына реакциясы нерв системасы арқылы жүзеге асады. Сонда нерв системасы органдар мен системалардың өзара байланысты, организмнің біртұтастық қызметін қамтамасыз етіп отырады.
Бала организмі сыртқы ортаның белгілі бір жағдайына тәуелді дамиды. Орта организмге үздіксіз әсер етіп, оның даму бағытын анықтайды. Сондықтан организмнің өсіп - жетілуі орта жағдайына тікелей тәуелді. Бала организмнің құрылысы мен қызметінің өсіп - жетілуіне әлеуметтік ортаның тікелей маңызы бар. Әлеуметтік орта баланың психикасы мен денесінің дамуына белсенді, жүйелі және мақсатты әсерін тигізеді. Қоршаған табиғаттың әр түрлі факторлары бала организміне тұрақты әсер етеді. Мысалы, ауа, температура, жарық сәулесі, судың құрамы, тамақ, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері және басқалар. Осы табиғи жағдайлар балалардың ой- өрісіне және денесінің дамуына ықпалын тигізіп, физиология - логиялық қызметіне әсер етеді: зат алмасуына, тыныс алуына, қан айналымына, астың қорытылуына және басқалар.
Әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты, зат алмасу процесі - нің сан және сапа жағынан өзгеруі организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді. Сонда организмнің қызметі сыртқы ортамен байланысты бола отырып, бала организмнің құрылысы мен денесінің өсіп - дам- уын өзгертеді.
Дене еңбегі мен дене жаттығуларына тәрбиелеуді, оқытуды, тамақтануды, күнделікті өмірді тиімді ұйымдастыру арқылы баланың ақыл - ойы мен денесінің өсіп - дамуын дұрыс бағытқа өзгертуге болады. Жүйелі дене еңбегі, әр түрлі жаттығулар мен спорт ойындары, сезім органдары мен нерв системасы қызметін жетілдіре түседі, ой және дене еңбегіне жұмыс қабілетін жоғарыла - тады, организмнің құрылысын және оның реакция туғызу қабілетін өзгертеді.
Организмнің өзі И. П. Павлов айтқандай, системалардың системасы болып есептеледі. Сөйтіп, барлық клеткалар, тканьдер, органдар және системалар бірлестікте қызмет атқарып, организмнің біртұтастық тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Организмнің өсіп - дамуы сыртқы орта факторлармен қатар, ішкі факторлары да тәуелді. Ішкі факторларға тұқым қуалау, нерв системасының жағдайы мен ішкі секреция бездерінің әрекеті, әсіресе, гипофиз, жыныс бездері, қалқанша безі, және т. б жатады. [12]
Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, сыртқы және ішкі факторлары ұрпаққа тек қана организмі емес, сонымен қатар әке организмі арқылы да жағымсыз әсер етеді.
Әкесі немесе шешесі ішкілікке шалдыққан жағдайда, ұрпақтың дамуы жиі бұзылады. Маскүнемге айналған адамдардан дүниеге келген балалардың ақыл - ой қабілеті төмен болады.
Өсу және даму. Организмнің өсуі және дамуы туралы мәселе биологияның іргелі проблемасының бірі болып саналады. Өсу - организмнің анатомиялық және морфологиялық жағынан өзгеруі яғни дененің ұзындығы мен салмағы. Өсу жас мөлшерінің және бай- ланысты белгілердің, бала организмінің сан жағынан өзгеруіне бай- ланысты сипатталады.
Бала организмінің өсуі мен дамуы өзара байланысты келісімді әрі сан, әрі сапа өзгерістеріне ұшырайды. Кейде өсу және даму процестерінің кезеңдері күшейеді немесе бәсеңдейді. Организмнің өсу процесінің нәтижесінде жаңа сапалы ерекшеліктер байқалады. Мысалы, қимыл- қозғалыс әрекеттері күрделене түседі.
Қалыпты жағдайда өсу және даму процестері үздіксіз жүріп жатады, бірақ әр уақытта бір қалыпты бола бермейді. Ондай жағдай осы екі фазаның гетерохрондылығы деп аталады. Бұл жағдайдың мәнісі неде десек, ол сан жағынан пайда болған өзгерістер белгілі уақыттың аралығында кенет өзгеріп, организм жаңа сапалы өзгеріс- ке ауысады. Сонда дененің бір бөлімінің мөлшері дененің басқа бір бөлімінің мөлшеріне теңесетіні байқалады. Бұлшық еттердің күші мен қозғалу қарқыны, ақыл- ой әрекетіне сай келеді. Соның нәтиже- сінде өсу мен даму гармониялық немесе үйлесімді даму жағдайына жетеді. Бала организмінің өсу және даму жағдайындағы гетерохрон- дылық пен гармониялық өзгерістер көптеген биологиялық және әлеуметтік факторлерге байланысты болады. Өсу мен дамудың биологиялық факторы организмнің өзінде болады да, айқын өзгеріс- тер түрінде көрінеді, ал, әлеуметтік фактор қоғам құрылысында, тұрмыс жағдайларында, білім және тәрбие беру жағдайында. Бұл факторлер өсу және даму процесіне сапа жағынан баға беру кезінде еске алынады.
Бала организмінің өсуі мен дамуының біркелкі болмауы тек де- ненің өсуіне әсер етіп қоймай, сонымен бірге психиканың дамуына да әсер етеді. Біркелкі жастағы балалардың өзінде психикалық да- му дәрежесі әр түрлі болады. Ол тек жеке басындағы ой- өрістің дамуына байланысты болып қоймай, сонымен бірге баланың тәрбие жағдайына да тәуелді.
Қазіргі кезде балалар мен жас өспірімдерді зерттеу нәтижесінде алынып, орташа сандарға негізделген таблицалар немесе цифрлар, өлшеу кезінде алынған сандармен салыстырылады. Егер салыстыру кезінде алынған орташа сандардан едәуір ауытқу сандар шығатын болса, онда дененің өсуінде белгілі кемшілік болғаны. Ондай кемші-ліктердің болуында, бастан өткен әр түрлі ауру - сырқаулар және кейбір факторлар себеп болуы мүмкін. Сондықтан, антропометрия- лық зерттеулер жүргізу, тек дененің өсіп - жетілу дәрежесін анықтау ғана емес, сонымен қатар баланың денсаулық жағдайына жалпы баға беру.
Әрбір мұғалім және тәрбиеші өзінің қарамағындағы тәрбиеле- нушілермен күнделікті жұмыс жасай отырып, олардың қалыпты өсіп- даму процесіне ерекше жауапты қарауы тиіс. Балалар денесінің даму дәрежесіне дұрыс баға беру педагог үшін міндетті және жауап- ты іс болып табылады. Бұл мәселе тек гигиеналық жағынан ғана емес, сонымен қатар әрбір жеке баламен оқу- тәрбие жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыра білу үшін де қажет. Себебі, өсіп- даму процесінде кемшілігі бар балалар ерекше көңіл аударуды талап етеді [14] \
Организм жеке басының әрбір даму кезеңінде өсу процестерінің қарқыны түрліше өзгеретіні белгілі. Сонда бойдың ұзындығы мен дене массасының ең тез өзгеру қарқыны бала өмірінің алғашқы жылдарында байқалады. Алғашқы жылдары дененің ұзындығы орташа есеппен алған 25 см-ге жоғарылайды, ал массасы 6-7 кг артады. Организмнің бұл даму кезеңін алғашқы созылу кезеңі деп аталады. Осыдан кейін өсу қарқыны бір шама төмендейді де, жұмырлану кезеңі басталады( 1 жастан 3 жасқа дейін ) . Жаңа өсу қарқыны яғни, екінші созылу кезеңі 5-7 жаста байқалады. Осы кезде дененің өсуі жыл сайын 7 - 10 см-ге жетеді. Содан кейін өсу қарқыны қайтадан баяулайды яғни жұмырланудың екінші кезеңі басталады ( 7- ден 10 - 11 жасқа дейін ) . Ары қарай дененің даму қарқыны жыныстық жетілу кезеңінде байқалады яғни созылудың үшінші кезеңі жалғаса- ды ( 11-12 жастан 15-16 жасқа дейін) . Осыдан кейін өсу қарқыны төмендей түседі де қыздар шамамен алғанда 18-22 жасқа дейін, ұлдар 20-25 жасқа дейін өседі.
Өсіп - даму процесінің сырт көрінісі дене пропорциясының өзгерісінен байқалады: жас жоғарылаған сайын бастың мөлшері бір шама кішірейеді де, қол мен аяқтың ұзындығы біршама ұзарады.
Жыныстық жағынан алғанда балалардың өсіп - даму процесі шамалас болып келеді. Жобамен алғанда қыздар мен ұлдардың салмағы 10 жасқа дейін шамалас болады. 11-12 жаста қыздар салмақ жағынан ұлдардан біршама жоғары болады яғни бір жылдың ішінде 4-5 кг, ал 14-15 жасында 5-8 салмақ қосақы.
Жас кезеңдері. Өсу және даму дәрежесіне байланысты органдар- дың құрылысы мен қызметі, организмнің мұқтаждығы өзгереді, баланың ынта- көңілімен мінез құлығы басқаша болады. Соған тәуелді баланың өмір сүруін ұйымдастыру да, тәрбие және білім беру жағдайы да өзгеруі тиіс. Баланың өсіп- даму кезеңдерін жүйелі сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтау мақсатында бірнеше жас кезеңдеріне бөлуге көптен бері әрекет жасалуда. Педагогтер үшін өте ыңғайлы жас кезеңдеріне бөлу схемасын ұсынып отырмыз. Бұл схема баланың дүниеге келген күнінен бастап, 17-18 жас аралы- ғын қамтып, педагогикалық және әлеуметтік критерийлердің негізінде құрылған. Бұл схема былай сипатталады:
- Нәрестелік жас 1- жасқа дейін.
- Мектеп жасына дейінгі ( алғашқы кезең ) 1- ден 3 жасқа дейін.
- Мектеп жасына дейінгі ( екінші кезең ) 3-тен 7 жасқа дейін.
- Төменгі мектеп жасындағылар 7- ден 11-12 жасқа дейін.
- Орта мектеп жасындағылар 11-12- ден 15 жасқа дейін.
- Жоғары мектеп жасындағылар 15-тен 17-18 жасқа дейін.
Бұл жас кезеңдерінің бөлінуінде биологиялық жас көрсеткіші ретінде баға беретіндей көптеген белгі көрсеткіштер қамтылған: денесі мен органдарының мөлшері, массасы, сүйектердің қатаюы, тістің жарылуы, ішкі секреция бездерінің дамуы, бұлшық еттердің күші, жыныстық жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ұлдар мен қыздардың ерекшеліктері ескерілген.
1. 1. Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері.
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.
Адам өмірін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаюы.
Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жас- тардың жыныстық жетілу және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілеті- нің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұ- ған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қа- зыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу - қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, келденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адмдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz