Сақтау шарты бойынша жауапкершілік


ЖОСПАР
Кіріспе
1 тарау. Сақтау және сақтандыру шаралары туралы түсінік
1. 1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
1. 2 Сақтау шарты бойынша жауапкершілік
2 тарау. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
2. 1 Сақтандыру жіктелуінің негіздері
2. 2 Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 768-6. 1-т. ) .
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т. б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларьгаың сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып та-былуы мүмкін. Бұл аталған кэсіпкерлерге қайта үй жайларының кұрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т. б. сақтау жүзеге асырылады.
Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын камтамасыз ете алатын (соның ішінде ұрлаудан сақтай алатын), оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала алады. Әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.
Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің туындауы әртүрлі себептермеи жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ережелермен анықталатын болады. Қазіргі жағдайларда мүлікті сақтау бойынша міндеттердің тұлғаға оның еркінен тыс жүктелуі сирек кездесетін жағдайларды қоспағанда, мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз, мұны қаласақ та, қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгінуге мәжбүр боламыз.
1 тарау. Сақтау және сақтандыру шаралары туралы түсінік
1. 1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай-ақ, сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру (атап өту) кезінде тағы бір рет ситтатталатын (нақтырақ) болады.
Пост кеңестікте сақтау институтының қазіргі жай күйіндегі мәселелерін жан-жақты баяндаған аз ғана авторлардың бірі - М. И. Брагинский. 1 Оның сақтау қамтамасыз етілетін мүмкін болатын заңдық құрылымдарды талдауы назар аударуға тұрарлықтай (біз осындай құрылымның негізі болып тікелей сақтау шарты табылатындығын атап өттік) .
Аталған автор сақтау бойынша қатынастардың төрт негізгі құрылымын ажыратады. Біріншісі ретінде, біз айтқандай, шарт үлгісі аталады. Ол бүтіндей және толығымен заңды анықтама аясына сай келеді. Бұл құрылымға деген қажеттілік немесе мұқтаждық сақтау қызметі дербес сипатқа ие болғанда туындайды.
Сақтау бойынша міндеттеме басқа түрдегі шарттар мазмұнына кіретін жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл объективті де субъективті де факторлармен түсіндірілуі мүмкін.
Осылайша сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары, олардың басқа шарттардың мазмұнына кіруіне негізделеді.
Бұл жағдайларда да, сақтау бойынша қатынастардың қалған үш құрылымын ажыратып алуға мүмкіндік беретін вариациялар мүмкін болады.
Екінші құрылым болып сақтау бойынша міндеттеменің бір тұтас күрделі шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусыз әрекет ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады. М. И. Брагинский Г. Ф. Шершеневичке сілтеме жасайды (Шершеневич Г. Ф. Курс торгового права. Т. II. С. -Петербург, 1908ж. 240-б. ) . Г. Ф. Шершеневич тасымалдау шартында мынадай төрт элементті ажыратқан: жеке жалға алу; мүліктік жалға алу; тапсырыс және жүк. Осы элемент (сақтау) тек тасымалдау шартында ғана емес, сондай-ақ басқа да күрделі шарттарда, соның ішінде кепіл, консигнация (тауарларды сатуға беру туралы шарт) шартында, почта байланысының қызметтерін көрсету кезінде және т. б. бар.
Сақтау күрделі емес, аралас шарттың да құрамына ене алады. Сақтаудың аралас шарттың құрамына енуі екі құрылымды мүмкін етеді.
Бірінші құрылым (яғни жалпы тізім бойынша үшінші) кезінде сақтау шарттағы тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның өзі қосымша болып табылады. Оны ашатын мысалдарға бірнешеуін келтіруге болады. Мәселен, сақтау бойынша қосымша міндеттеме тараптардың келісімімен көлік экспедициясы, мердігерлік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.
Төртінші құрылым сақтау бойынша міндеттеменің басқа міндеттемелермен қатар орын алуын (басымды немесе кем дегенде теңдей тәртіпте) көздейтін болады. Сақтаушы өзіне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк беруші пайдасына қосымша мердігерлік жұмыстар атқару және т. б. міндеттерді қабылдауы мүмкін.
Сол бір немесе өзге құрылымды қолдану, сақтау бойынша қызмет көрсететін субъект пен оның несие берушісі қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге әрине ықпал етеді. Алайда, біздің ойымызша, сақтау жөніндегі жалпы, негізгі ережелердің де маңызын кемсітпеген жөн.
Елеулі айырмашылық сақтаудың күрделі шартқа енуі мен сақтаудың аралас шартқа енуі арасында айқын көрініс табады. Бірақ, жоғарыда айтылғанды ескере отырып, М. И. Брагинскийдің "сақтау шарттың басқа элементтерімен қосылып кететін күрделі шартқа қарағанда оған белгіленген біртұтас құқықтық режимге бағынады . . . аралас кезінде АК 412-бабы күшіне енеді" 1 деген біржақты пікірі дұрыстау емес деген ойдамыз, Мүмкін, күрделі шарт қатынастарын тікелей реттейтін нормалар әрекетінің басымдығы және сақтау туралы нормаларды қолдану мүмкіндігі туралы айтқан жөн болар. Әйтпегенде, күрделі шарттар аясында "жүк элементін"'(сақтауды) бөліп көрсету мәнісінен айырылады. Бұған қоса, заңнаманы осылай талқылау арқылы біз бірқатар ұқсас жағдайларда сақтау туралы нормалардың жалпы (бағыттаушы) маңызын елеулі түрде төмендетіп аламыз. Сақтаушылар және жүк берушілер деп тікелей аталмаған субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтауда айтарлықтай қиыншылықтар туындайды, алайда олардың іс жүзіндегі жағдайы сақтаушы мен жүк берушінің жағдайы сияқты болып табылады немесе соған жақынырақ болады.
Сақтау шартын (міндеттемесін) аралас шарттардан бөлектеген жөн. Бұл сақтау шартының өзі туралы толық пікір (әсер) алуға мүмкіндік береді.
Сақтау шартының қарым-қатынасы туралы осы мәселені баяндауда А. П. Сергеева мен Ю. К. Толстойдың редакторлығымен шыққан азаматтық құқық оқулығының авторлары қомақты үлес қосты.
Аталған оқулықтың авторлары атап өткендей, сақтаудың жалга алу мен асудадан ерекшелігі - сақтаушының мүліктің сақталуын оны пайдалану құқықтарын иеленбей қамтамасыз етуге тиіс екенінде. Ал жалға алушы мен несие беруші мүлікті пайдалану құқығын иеленеді. 1 Яғни екі жағдайда да мүлікті уақытша иелікке берудің мақсаттары әртүрлі (осының өзі салыстырмалы талдау жасауға түрткі болды) .
Аталған ерекшелікке сүйене отырып, сақтаушының әрекеттерін, егер ол өзінің шарттық өкілеттіктерін асыра отырып, мүлікті пайдаланатын болса, заңсыз деп тануға болады. Жалға алу шартында сақтау элементін бөліп көрсету мүмкін емес, өйткені жалға алушы, мүлікті уақытша болса да өз иелігіне ала отырып, оны өз мақсаттары үшін сақтайтын болады. Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалға алушының міндеттері тікелей мүлікті жалға алу шартынан туындайды (тек осы шарттың ерекшелігін құрайды) . Жоғарыда мүлікті жалға алу шартын қарастыра отырып, біз мүлікті ұстау жөніндегі ауыртпалық сәйкесінше жалға алушыға өтуге тиіс екендігі туралы айтқанбыз. Егер де сақтау шарты туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мүлікті ұстау ауыртпалығын сақтаушыға беруге жол берілмейді.
Осы айтылған сөз аралас шарттардың соның ішінде жалға алу элементтері бар сақтау шартының бекітілуін жоққа шығармайды. Мұндай сәттерде, тиісінше жалға алу немесе сақтау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардың қандай қатынастарына қолдануды анықтау міндеті туындайды. Бұл жөнсіз мәселе емес. Мәселен, жалға беруші мүлікті жалға бере отырып, затты пайдалану нәтижесінде оның мүмкін болатын тозуымен алдын-ала келіседі. Ал, жеке беруші болса затты бұрьшғы күйінде, тозусыз қайта алуға жиынтық айырмашылық айқын көрінеді. Қандай нормалар басымды болып табылады, тараптар мүдделерінің балансы қайда? Бұл даулар бойынша істерді шеше алатын аяттар, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтық қүқықтың өзге де мамандары үшін күрделі сұрақтар болып табылады. Сондықтан олардың мәнісіне , мазмұнына нормативтік реттелуі мен осыған байланысты, мүмкін болатын тәжірибелік айырмашылықтарға сүйене отырып біз сақтаумен заем сақтау мен қозғалмайтын мүлікті күзету шарттарын ажыратамыз.
Бірақ біз аталған оқулық авторларының мынадай пікірімен келіспейміз: "сақтау шартын, басқа азаматтық-құқықтық міндеттемелердің құрамдас бөліктері болып табылатын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерден ажырату қажет. Дәлірек айтқанда, мұндай міндеттер заңмен мердігерге (АК 914-бабы) тасымалдаушыға (АК 796-бабы) комиссионерге (АК 998-бабы) және бірқатар өзге міндеттемелердің қатысушыларына жүктеледі. Осындай және соларға ұқсас барлық жағдайларда тараптардың өзара қарым-қатынастары сақтау шарты туралы нормалармен емес тиісті шарттар туралы ережелермен реттеледі". Келіспеушілік себебін жоғарыда атап өткенбіз. Жалға алушы мүлікті өз мақсаттары үшін алатын жалға алуға қарағанда, кәдімгі сақтаушы сияқты, мердігер де затты құр сақтайды және мердігердің осы міндетінің тәртібін реттеу үшін мердігерлік туралы нормалардың өзі жеткіліксіз болғанда сақтау туралы нормалар қолданылуға тиіс. Енді шарттың өзін нақты қарастыруға көшейік.
Әрекет етуші заңнамада сақтау шартының бірқатар түрлерінің тәртібі ретке келтірілген. Ең алдымен, сақтаудың барлық шарттары үшін маңызды болатын сақтау туралы жалпы ережелер бөліп қарастырылады. Олармен кәдімгі (тұрмыстық) сақтау да реттеледі.
Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады:
1) заттарды ломбардта сақтау;
2) құндылықтарды банкте сақтау;
3) көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау;
4) ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау;
5) қонақ үйде сақтау;
6) даулы заттарды сақтау - секвестр.
Кәсіпкерлік аясындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін арнайы көзделген жэне осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен міндеттеріндегі елеулі ерекшеліктерге байланысты жеке бөліп қарастырылатын сақтау шартының тағы бір түрі болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады.
Сақтау шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, 39-тарауда(768~802-баптар) қамтылған. Сақтау қатынастарына қатысты нормалар сондай-ақ өзге де заңдық және заңға сәйкес нормативтік актілерде көрініс тапқан. Оларға мыналарды жатқызуға болады: 31 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңы, 19 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Астық туралы Заңы, 20 шілде 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығы, 10 шілде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз осы заңның атауын тексеру керек айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет ету шаралары туралы" Заңы және басқа да жекелеген заңдар. Заңға сәйкес нормативтік актілерге мыналар жатады: ҚР Ұлттық банк Басқармасымен 16 шілде 1995 жылы бекітілген Ломбардтар туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 17 сәуір 2000 жылғы № 35 бұйрығымен бекітілген арестке алынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен жағдайлары туралы нұсқау, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тұсындағы кеден комитетінің 6 шілде 1995 жылғы № 125 бұйрығымен бекітілген, Кеден қоймалары туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 ақпан 2000 жылғы № 273 "Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін элеваторларда қабылдау, сақтау, қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері туралы" қаулысы. Бұл, сондай-ақ сақтау мәселелері жөніндегі нормативті актілердің түпкілікті тізімі емес.
Сақтау шартының мерзімі. Сақтауды реттейтін АК нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты қысқа мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін.
Мерзімдік белгісі бойынша дәл осы шарттарды бөлудің тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардың нысанының ерекшеліктерімен байланысты (оларды ауызша бекітуге мүмкіндік беретіндігімен) . Қандай мерзімнің қысқа болып табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда шарт мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін. Мәселен, театрдың, стадионның, мұражайдың киім ілгішіне сақтауға өткізілетін зат соларда болатын уақытқа ғана сақталады. Қысқа мерзімді шарт сол бір немесе өзге мекеменің жұмыс тәртібіне бағдарланатын киім ілгіштің жұмыс тәртібінің ұзақтығы бойынша анықталуы мүмкін.
Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірнеше тәуліктен аспайды.
АК 773-бабында сақгау шартын талап етілмелі мерзімге немесе мерзімін көрсетпей бекіту мүмкіндігі туралы айтылады. Онымен қатар жоғарыда атап өтілгендей сақтаудың мерзімді шарттары да бекітілуі мүмкін.
Соңғыларының мерзімі сақтаушы міндеттерінің уақыт ішіндегі шектерін анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етілмей немесе мерзімсіз шарт сияқты әрекет ете алады. Тек, мерзімді шарт бойынша сақтаушы мерзімнің аяқталу сәтіне затты қайтарудың барлық жағдайларын (мүмкіндіктерін) қамтамасыз етуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Өз кезегінде жүк беруші де құқық бұзушы рөлінде болып қалмас үшін мерзімнің аяқталу сәтінде затты алуға тиіс.
Талап етілмелі шарттың мәнісі - жүк берушіге шартты кез келген уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға келтірілген шығындарды оған жүктеу қаупінсіз, бұзу құқығы берілетіндігінде. Талап етілмелі шарт мерзімді де мерзімсіз де сақтау шартының элементтерін қамтуы мүмкін. Талап етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертеді. Егер зат талап етілмелі сақтауға өткізілген болса (шарт мерзімі оны бекіту жағдайларынан туындайды), сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк берушінің заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бірге, жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті Мерзімсіз сақтау шартының құрылымы сақтаушы мен беруші мүдделерінің теңдігіне негізделеді. Сақтауды аяқтаудың дәл қажетті мерзімі туралы сенімді емес жүк беруші сақтаушымен затты сақтау бойынша сақтаушы міндетінің жоғарғы шегі формальді түрде шектелмейтіндігі туралы келісімге келе алады. Осыған сүйене отырып, жүк беруші өзінің белгілі бір өзекті сатып алушыны тауып әкелуі мүмкін, оның өндірістік мақсаттарда пайдалануы мүмкін және т. с. с.
Сонымен бірге, сақтаушының мүддесіне затты шексіз сақтау кірмейді. Соның салдарынан, талап етілмелі шарт кезінде сияқты, сол бір немесе өзге жағдайларда кәдімгі мерзім өтіп кеткенде, сақтаушы жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім бере отырып, оны қайтып алуды талап етуге құқылы болады.
Сақтау шарты талап етілмелі шарт ретінде анықталмаған жағдайларда, жүк беруші де, шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделсе де, кез келген уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бірақ жүк беруші, егер шартпен өзгеше көзделмесе, сақтаушыға шартты мерзімінен бұзу салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге міндетті болады.
Сақтау шартының субъектілері (тараптары) . Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады, Бұл азаматтың ұзақ іс сапарға кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді жэне т. б. беруге қатысты болуы мүмкін, Кейбір жағдайларда сол бір азаматтар қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле- радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады. Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі еш мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді.
Сақтау шартының қолданылу аяларын қосымша сипаттау оның субъекті лік қатарын айқындау мақсатында беріліп отыр.
Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау) . Кейде шартты азаматтармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастырушылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс.
Коммерциялық болып табылмайтын заңды тұлғалар (мекемелер) сақтау қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырларды, бас киімдерді және т. б. орналастыру үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды (міндеттемені, сақтау шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама (мәселен табылған заттар орны (стол находок) нормаларының әрекет етуіне байланысты немесе өзінің арнайы құқық қабілеттілігін жүзеге асыру аясында жүзеге асырады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос тұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субъектілермен сақтау жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті.
Сондай-ақ сақтау шартының екі жағынан да жеке кәсіпкерлікті де заң-ды тұлға түріндегі ұйымдастырушылық кәсіпкерлікті де жүзеге асыратын кәсіпкерлер шыға алады.
Сақтау шартының сол бір немесе өзге түрлеріндегі нақты субъектілік құрамды кейінірек қарастырамыз.
Сақтау шартының пәні. Бұрын әрекет еткен заңнамада мүлікті сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау пәні нақтыланбаған. Қазіргі әрекет етуші заңнамада шарт пәні ретінде заттың (заттардың) 1 өзі анықталған. Бұл шешім орынды және толық түсіндіріле алады. Бұрынғы заңнамада "мүлік" пен "зат" түсініктерінің арасындағы айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пәнін анықтау үшін "мүлік" терминін де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда, яғни заңнамаға сәйкес мүлік құрамы соншалықты біртектес болмаған кезде, шарт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін бұрмалауға алып келуі мүмкін. Сақтау шарты өз бетінше "консервативті" деуге де болады. Егер сатып алу сату, жалға алу, сыйға тарту және кейбір өзге шарттар үшін олардың пәндері бола алатын обьектілер аясы бірден кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрынғы қалпын сақтап қалды.
Сақтау шартының пәні болып қозғалмалы заттар табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да, тектік белгілермен анықталған заттарды да жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz