Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Психология және педагогикасы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі

Орындаған : Аға оқытушы С. Қ. Дәрібаева

Қызылорда, 2010

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. 1 Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық сипаты, ерекшеліктері мен педагогикалық мәні

І тарау Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің ғылыми-теориялық, тұжырымдамалық негізі

І. 1 Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық сипаты, ерекшеліктері, педагогикалық мәні . . . 7

1 . 2. Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты мен оны рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде ұйымдастырудың шарттары . . . 23

1. 3 Өзін-өзі тәрбиелеу - студенттерді жетілдіруге бағытталған саналы әрекет, өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері . . .

. . . 32

1. 4 . . . Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастырудың жолдары . . . 39

Бірінші тараубойынша тұжырым . . . 43

ІІ тарау. Зерттеу жұмысының эксперименттік бөлімі.

2. 1. Өзін-өзі тәрбиелеуде рухани-адамгершілік құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері, оның мазмұны

2. 2жүзеге асыру әдіс-тәсіл, құралдары

ІІ тарау бойыншатұжырым

Дипломдық жұмыс бойынша қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімін, құндылықтарын, мәдени мұрасын бағалай білетін, қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға, заманауи талаптарға сай білімді, білікті рухани-адамгершілік қасиеттері биік, дара тұлғаны, құзіретті маманды тәрбиелеу ең өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты жоғары мектеп студенттерінің білім сапасына, тәрбиелік деңгейіне жаңа талаптар қойылуда. Қазақстанда да, Ресейде де, әлемдік деңгейде оқыту, тәрбиелеу, кәсіби даярлау проблемаларына толассыз назар аударылуда. Солардың айғағы: «Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті-жеке тұлғаның ұлттық, жалпыадамзаттық, рухани-адамгершілік құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру», - деп көрсетілуі қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі [ 1] . , Жеке тұлғаның өзіндік сана -сезімі мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері педагогиканың көрнекті өкілдері: Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбергенов, Х. Досмухамедұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, т. б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Тәрбие - көп қырлы, күрделі процесс, қоғамдық құбылыс. Сара Алпысқызының: «Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу-бүгінгі таңдағы . . . баршамыздың басты міндетіміз . . . қаласаңыз оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп те атауға бролады», -деген сөзі бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді [ 2] . Сонымен қатар Л. С. Выготскийдің: «Тәрбие ең ақырғы нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеу болып шығады», - деген пікірін толық қолдай отырып, Селевко студенттің өзін-өзі жетілдіру, тәрбиелеу іс-әрекетінің теориялық, технологиялық аспектілерін қарастырады, анықтама береді [3] . Ол: «Өзін-өзі тәрбиелеу деп жеке тұлғаның өз даму жолын саналы басқару процесі, өз қызығушылықтары мен субъективтік мақсаттарына орай сапалық қасиеттерін, қабілетін дамыту» - деп тұжырымдайды [4 ] .

Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі Ш. Уалиханов, К. А. Абульханова-Славская, А. А. Вербицкий, Ю. М. Орлов, В. Г. Романенко, И. И. Чесновкова, т. б., ал өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін Н. Е. Анкудинова, А. И. Липкина, В. С. Магун, Е. И. Савонько, В. Ф. Сафин, т. б. ғалымдар еңбектерінен көруге болады.

С. А. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» бағдарламасының аясында жүргізілген зерттеулерді ғылыми-теориялық, тұжырымдамалық, тәжірибелік тұрғыдан қарастырған ғалымдар: З. Т. Шерьязданова, Т. А. Левченко, М. Х. Балтабаев, А. А. Семченко, Л. К. Көмекбаева, З. Б. Мадалиева, Е. Е. Бурова, Б. А. Әлмұхамбетов, К. Ж. Қожахметов, К. Н. Шамшидинова, т. б. өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелерімен айналысуда. Тұжырымдаманы құрастырушылар қазіргі қоғамдағы тәрбие жеке тұлғаны жан-жақты жарасымды дамытуға рухани-адамгершілік білім беруге бағытталуы қажет деп есептейді. Сонымен зерттеу барысында бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай студенттердің өзіндік сана-сезімін, өзін-өзі тәрбиелеуі мәселесін теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен осы бағыттарухани-адамгершілік құндылықтарды пайдаланудың жоғары оқу орны тәжірибесінде өз дәрежесінде болмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығына көз жеткіздік.

Демек, біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты аталған қайшылықтың шешімін табудың психологиялық сипатын, педагогикалық негізін анықтау болып саналады. Аталған мәселенің көкейкестілігі, теориялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі » деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу объектісі: жоғары оқу орны студенттерінің өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі.

Зерттеу пәні - рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде с туденттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық ерекшеліктері, сипаты, педагогикалық негізі.

Зерттеудің мақсаты - с туденттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық сипатын, педагогикалық негізін теориялық, тұжырымдамалық тұрғыдан айқындау, оны қалыптастыру жолдарын, әдіс-тәсілдерін пайдалану тиімділігін іс- тәжірибеде көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінде рухани-адамгершілік құндылықтар тиімді қолданылса, студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық негізі, психологиялық сипаты анықталса және өзін-өзі тәрбиелеу әдістері, өзін-өзі тану, сезу, реттеу бағалау компоненттерімен байланыстырылса, олардың өзіндік танымына, өзіндік бағдарын анықтауға бағытталса, онда студенттердің ішкі мүмкіндіктері арқылы тұлғалық дамуының деңгейі көтеріледі, өйткені оқу-тәрбие үрдісі студенттердің өзін-өзі тану, жетілдіруін басқаруына тиімді ықпал етеді, толымды тұлғалық сапасы, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға ретінде дамуына жол ашылады.

Зерттеудің міндеттері:

  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің теориялық, тұжырымдамалық, педагогикалық негізін, психологиялық сипатын анықтау және құрылымдық моделін жасау;
  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік беретін психологиялық ерекшеліктерді анықтау;
  • студенттердің тұлғалық дамуындағы өзін-өзі тәрбиелеу әдістемесін дайындау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;
  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің жолдарын, бағыттылығын, өзін ұсына білу, бағалауын анықтау әдіс-тәсілдерін меңгеруіне көмектесу.

Зерттеудің жетекші идеясы: с туденттерді өмірдің мәнін түсінуге бағдарлау өзін-өзі тәрбиелеуіне негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным, жеке тұлға теориясы, тәрбие мәнін анықтайтын психологиялық, педагогикалық идеялар, тәлім-тәрбие тұжырымдамасы, жеке тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық қағидалары, тұжырымдамалары.

Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, нормативті құжаттары, ҚР «Білім туралы» заңы, «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамалары, «ҚР жастар саясаты тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы», озық тәжірибелер, сондай-ақ, автордың педагогикалық, зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін шешу үшін төмендегідей әдістер таңдап алынды:

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді теориялық талдау, нормативтік құжаттарды, педагогикалық басылымдарды зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, «Тұлға бағыттылығын анықтау» анкетасы, Субъективті бақылау деңгейін зерттеу әдісі, М. Рокич әдістемесі, Адамның өзін-өзі ұсыну мен бағалау әдістемесі (Т. Лири), тестілеу, эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін өңдеу, қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы:

  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі теориялық, тұжырымдамалық тұрғыдан негізделді;
  • «өзіндік сана-сезім», «өзін-өзі тәрбиелеу», «өзін-өзі тану» ұғымдарының өзара байланысы анықталады;
  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің моделі жасалды, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
  • өзін-өзі тәрбиелеудің өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі басқаруға негізделген педагогикалық негізі, психологиялық сипаты анықталды.

Жұмыстың практикалық мәнділігі:

  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің құрылымы;
  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің нәтижелілігін бақылау мақсатында педагогикалық-психологиялық жүйе жасалды;
  • студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың әдістемесі жасалды.

Зерттеу базасы: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 1-, 2-, 4-курс студенттері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негізі, дерек көздері, зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жиналығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

«Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердіңөзін-өзі тәрбиелеуінің ғылыми-теориялық, тұжырымдамалық негізі» аталатын бірінші тараудың «Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық сипаты, ерекшеліктері мен педагогикалық мәні» бөлімінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің философиялық, тұжырымдамалық, педагогикалық негіздері, өзін-өзі тану, тәрбиелеу мүмкіндіктері, қағидалары мен шарттары анықталды және құрылымдық моделі жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері белгіленді.

«Өзін-өзі тәрбиелеу - студенттерді жетілдіруге бағытталған саналы әрекет, өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері», - деген бөлімде өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асырудың жолдары, мазмұны, әдістемесі, құрылымы сипатталды. Осы тарауда арнайы теориялық зерттелеу жұмыстарының нәтижесі, өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа моделінің тиімділігі негізделді.

Қорытындыда дипломд ық жұмыстың нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар берілді. Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетілді.

ТАРАУ. РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ, ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

І. 1 Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық сипаты, ерекшеліктері мен педагогикалық мәні

Қазақстан Республикасының біртұтас әлемдік білім кеңістігіне енуге бетбұрыс жасауы болашақ маман иелері-студенттердің оқу-тәрбие үрдісінің демократиялық және ізгіліктік ұстанымдар негізінде тұлғаға бағытталып жүргізілуін талап етуде. Өзін-өзі тәрбиелеудің философиялық негізін А. Н. Нысанбаев, Г. Г. Соловьева; педагогикалық, этнопедагогикалық тұрғыдан К. Ж. Қожахметова; психологиялық негізі Кон, Х. Т. Шериязданова еңбектерінде қарастырылады.

Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі студенттердің білікті де білімді, іскер де тәрбиелі, саналы да салауатты болып қалыптасуы жоғары мектептегі білім беру мен тәрбиелеудің сапалы ұйымдастырылуына, өзін-өзі тану, реттеу, тәрбиелеу, бағалау дағдыларының қалыптасу деңгейіне, өзіндік сана-сезімді қалыптастыру негізін білуіне байланысты болғандықтан, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, кәсіби құзіретті тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығарылып отыр.

Жоғары мектеп студенттерге кәсіби білім беру, даярлау міндетін нәтижелі шешу үшін алдымен «студент», «студенттік қауымдастық», «студенттік кезең, шақ», «жастық шақ», «студенттік типология», «студент тұлғасы», «жеке тұлға», «студенттік ерекшелік», «өзін-өзі тәрбиелеу», «өзіндік сана» т. б. негізгі ұғымдарға тоқталайық. Студент (studens) - латын сөзі. Қазақ тілінде ұқыпты, іждағатты түрде жұмыс істеуші, оқу-танымдық, ізденушілік әрекетпен шұғылданушы, білім алушы деген мағынаны білдіреді, жоғары оқу орнында білім алушы адам.

Студенттік шақ-екінші жастық, бірінші есею кезеңіне сәйкес келеді. Бұл адам өміріндегі ерекше орын алатын, дамуында мәнді роль атқаратын, жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасатын, дербес ерекшеліктері мен мүмкіндіктері айрықша байқалатын кезең. Өйткені жоғары оқу орнына түскен соң жас өспірімдердің әлеуметтік статусы өзгереді. Мақсатты түрде терең, тиянақты білім алу, бәсекелестік жағдайында өзін көрсету, алға ұмтылу, дербес шешім қабылдау, бастама көтеру, табандылық, жауапкершілік, өзін-өзі ұстау сияқты қасиеттерді өз бойларында бекітеді. Әлеуметтік ортада адамдардың өзара қарым-қатынас жасау, қатынасу ережелерімен танысып, меңгереді. Студент- жоғары оқу орындарында кәсіби білім алу мақсатында білім беру жүйесінің ұйымдастыруымен біріктірілген ерекше әлеуметтік категория. Бұл ұғым ХІ-ХІІ - ғасырда алғашқы университеттердің пайда болуымен қалыптасты [ ] .

Студенттік қауымдастықты «әлеуметтік-психологиялық категория» ретіндегі (Б. Г. Ананьев), «студенттің даму ерекшеліктері мен жеке тұлға типологиясын» (М. В. Буланова-Топоркова, С. И. Самыгин) зерттеулерінде кең көлемде қарастырады [ ] . Ғалымдар жинақталған бақылау нәтижелері, аталған проблема бойынша жасалған тәжірибе қорытындылары мен теориялық мәліметтерге сүйене отырып студентті белгілі бір әлеуметтік-психологиялық, психологиялық-педагогикалық позициясы бар оқу әрекетінің ерекше субьектісі ретінде сипаттайды.

Студентті жас ерекшеліне, жеке тұлғалық болмыс-бітіміне қарай төмендегідей үш негізде сипаттауға болады: біріншіден, психологиялық тұрғыдан; Ол психологиялық процестің, жағдайдың, тұлға қасиетінің (бағыт, темперамент, мінез, қабілет) бірлігін көрсетеді. Мұнда психологиялық қасиет негізгі роль атқарады, себебі психологиялық процестің өтуіне, психологиялық жағдайдың, психикалық пайымдаудың қалыптасуына әсер етеді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан; Студент- бір белгілі әлеуметтік топ, ұлт өкілі ретінде түрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Үшіншіден, биологиялық жағынан; Студенттің жоғары нерв жүйесінің қызметі, оның типі, анализаторларының құрылысы, шартсыз рефлекстерінің, инстинктерінің, физикалық күшінің, дене құрылысының, бет-бейнесінің, терісінің, көзінің, түрінің, бойының, т. б. ерекшеліктері қарастырады. Бұл негізінен тұқым қуалай берілген, туа біткен нышандары арқылы байқалады. Белгілі жағдайларда өмір сүру шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін. Мұндай қырларын зерттеу студенттің білім сапасы мен мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктері мен тұлғалық ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Егер студентке белгілі бір жас шамасындағы адам ретінде қарасақ, басқа кезеңдегі дамумен салыстырғанда бұл шақта оперативті есте сақтау, вербальды-логикалық мақсаттарды шешу жоғары деңгейде дамитындығы байқалады. Студенттік кезең- биологиялық, психологиялық, әлеуметтік дамуында адамның ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізетін шағы. Студенттің жеке тұлғалық дамуын зерттеу барысында оның өзіндік ерекшелігі, психологиялық жағдайы мен қасиеті ескеріледі.

Студентті жеке тұлға ретінде қарастырсақ, 18-20 жас - физикалық, дене күшінің адамгершілік, эстетикалық сезімдерінің даму, адам мінезінің қалыптасу, орнығу кезеңі. Мамандық иесі ретінде кәсіби-еңбегінің негізін меңгеретін, азаматтық болмыс-бейнесінің қалыптасатын, әлеуметтік рольдерді игеретін, әрі "экономикалық белсенділік" танытатын кезеңі. Демографтар "экономикалық белсенділік" кезеңі деп адамның дербес өндірістік қатынастарға түсуін, еңбек жолының басталуын, отбасы құруын атайды.

Құндылық бағыттар жүйесінің өзгеруі, кәсіби -мүмкіндіктерінің өсуіне орай студент қабілеті, интеллектісі белсенді қалыптасады. Бұл - спортта, көркем өнерде, техникалық, ғылыми жетістіктерге жететін кезеңі.

Студент тұлғасын зерттеуші ғалымдар: В. А. Попков, А. В. Коржуев, С. Д. Смирнов, оның ішкі дүниесі қарама-қайшылықты, өз бойында жоғары мәдениеттілікті, өзіндік сана-сезімді қалыптастыруда өзінің ерекшеліктерін түсінуде көп қиыншылықтарға кездесетіндігін атайды [ ] . Студенттік кезең В. Г. Ананьев, К. А. Абульханова-Славская, А. Г. Асмолов, А. А. Бодалев, А. В. Дмитриев, И. С. Кон, В. Т. Лисовский, Ю. Г. Фокин, т. б. ғалымдардың еңбектерінде талданған. Жастық шақ-өзін-өзі тану, өзіндік талдау жасау, өзін-өзі бағалау, өзгемен салыстыру кезеңі. Идеалдағы "Менді" нақты ақиқатпен салыстыру арқылы өзіндік бағалау жүзеге асырылады. Бірақ идеалды "Мен" әлі тексерілмеген сондықтан кездейсоқ болуы мүмкін, ал ақиқатты "Мен" тұлға тарапынан жан-жақты бағаланбауы мүмкін. Бұл обьективті қарама-қайшылықтар жас адамның тұлғалық дамуында өзіне деген «жалған» қатынасты, ішкі сенімсіздігін туғызуы мүмкін, кейде ол ішкі агрессивтілік, бейбастақтық, түсінбеушілік сезімдерімен қатар жүреді. Эриксонның пікірі бойынша, жастық шақ ұқсастық дағдарысы төңірегінде құрылады. Ол әлеуметтік және жеке-тұлғалық таңдау серияларынан, идентификациядан және өзін-өзі анықтаудан тұрады. Егер бозбала бұл міндеттерді шеше алмаса, онда адекватты емес ұқсастық қалыптасуы мүмкін[ ]

Түрлі «Жеке тұлға» тұжырымдамаларын қарастырған уақытта Ресей, Қазақстан, шетел психологтарың көзқарастарына байыпты талдау жасалуы керек. Тұжырымдамаларға қысқаша шолу жасар алдында, ескерте кететін мәселеле, мазмұндық жағынан қарастырсақ, құрылымдық, кейін жүйелік-құрылымдық қатынастың басым келетінін байқаймыз. «Жеке тұлға» тұжырымдамасының арасында грузин психологиялық мектебінің өкілдері: Д, Н. Узнадзе, А. С. Прангишвили пікірлерінің өзгеше бір оқшау тұратынын айта кетпесе болмайды. А. Ф. Лазурский, В. Н. Мясищевтің, Б. Г. Ананьев, А. Г. Ковалев, С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выгодский, А. Н:Платоновтардың жеке тұлға туралы тұжырымдамасының кең танымал болғандығы, әлеуметтік-психологиялық концепциялар арасынан В. А. Ядовтың диспозициялық тұжырымдамасы аталады [ ] . А. Г. Маклаков «Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы» деген тақырыпты қарастыру барысында әрбір психолог-әдіскер ғалымның тұжырымдамадағы, оның жеке тұлға туралы көзқарасын талдай отырып, мәселені теориялық тұрғыдан түсіну маңызды орын алады деген қорытындыға келеді. Мысалы, В. Н. Мясищевтің жеке тұлға тұжырымдамасында кемі мынандай екі жағдай бөліп қарастырылады. Біріншіден, ғалым жеке тұлға құрылымы туралы ашық түрде мәселе көтерушілердің алдыңғы қатарында болғандығын және осы сұрақты көтеруінің, жеке тұлға қатынасы идеясының Ресей психологтарының көпшілігіне, әсіресе, Санкт-Петербургтік психологтар мектебі үшін, ерекше бір мәні болуында. А. Ф. Лазурскийдің жеке тұлғаның табиғаты мен құрылымына көзқарасы да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді [ ]

Студент тұлғасы, жеке тұлға ұғымдарын қарастыру философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарастырылып «адам», «индивид», «жеке тұлға», «даралық иесі-дара тұлға» бірлікте талқыланғанда әрі бұл ұғымдардың мәнін толық ашқанда, құрылымдық талдау жасалғанда, қарастырудағы айырмашылықтардың себебін анықтағанда, бүгінгі күнгі тұлға психологиясының жағдайымен толық таныстырғанда ғана сапалы жүзеге асады. Әлі күнге психологияда «тұлға» ұғымының барлық ғалымдар мойындаған бір ауыздан қабылдаған анықтамасының жоқтығы мәселенің шешімін таппағандығын көрсетеді. Психологияда «тұлға» ұғымы кең және тар мағынада қарастырылады. Тұлға ұғымын кең мағынада қарастыруша ғалымдар жеке тұлға құрылымына ағзаның- организмнің дара биофизиологиялық сипатында қосады. Мысалы К. К. Платонов зерттеулерінде «Жеке тұлға құрылымы» төрт негізде: біріншіден, бағыттылығы; Ғалым жеке тұлғаның бағыттылығы арқылы қарым- қатынасының түрі мен моральдық бейнесі, адамгершілік қасиеті, сапасы бірлікте қарастырады. Екіншіден, әлеуметтік тәжірибесі білім алу, оқу, әлуметтік қатынастарға түсу арқылы құралады; Үшіншіден, тұлға-дене бітімі, жеке-дара өзіндік ерекшеліктері, бітімі денесінің констукциясы, қадір-қасиеті, таным процестерінің, қабілетінің өзіндік сипаты; Төртіншіден, биологиялық шарттық, типтік сапаларының жыныстық, жас ерекшелік байланысы; Тұлғаны осы негізде қарастыру әрбір адамның кескін келбетінің, болмыс-бітімінің қайталанбайтындығын, өзіндік дербестігі сақталатындығын білдіреді. Тар мағынада адамзатқа тән бар белгісінің сақталуын бейнелейді [ ]

Студент-ол материалдық және рухани өндірісте жоғары әлеуметтік және мамандық бойынша атқаратын рольдерін ұйымдастырылған түрде меңгерумен шұғылданатын, белгілі бағдарлама негізде мақсат-бағыттылы дайындалатын, өздеріне тән ерекше өмір салтымен, еңбегімен, тұрмысымен, мінез-құлық, психологиялық сипатымен, бағалық бағдарлау жүйесімен сипатталатын, жастардың құрамдас бөлігі, арнайы оқу-танымдық, ғылыми-зерттеу, кәсіби бағдарлық әрекет негізінде топтастырылған әлеуметтік топ [] .

Адам санасы тұлғаның бойынан өмірлік мәселелерді шешуде, өзі және қоршаған орта туралы мәліметтерді қолдануда әрдайым көрініп отырады. Адамның жануарлар дүниесінің дамуынан жоғары тұруы оның санасында өзіндік сана-сезім компоненттері арқылы қалыптасады. Бұл қоғамдық өмірдің және екінші сигналдық жүйенің, сөйлеудің арқасында мүмкін болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Оқытушының тұлғалық өсуі
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушының арасындағы педагогикалық қарым қатынас ерекшеліктері
Өзін - өзі тану аспектісіндегі тұлға қалыптастыру механизмі
Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы
Құқықтық тәрбие жайлы
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz