Шекарадағы ынтымақтастық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ресей

Ресей атауы - Ресей Феерециясы (РФ) - Европаның шығыс бөлігі мен

Азияның солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Атлант, солтүстік мұзды және Тынық мұхиттарының теңіздермен ұласады. Территориясы жөнінен ең үлкен ел материктің сегізден бір бөлігін алып жатыр. Аумағы - 17, 075 млн. шаршы км. Шекараларының жалпы ұзындығы - 58562 км (құрғақтығы - 14253, судағысы - 44309) .

Халқы - 148, 4 млн. адам (1994ж. ), халқының 4/5 - тен астамы еуропалық бөлігінде топтасқан (Оралды қосқанда), қалаларда тұратыны - 73%; орыстар - 81, 5% құрайды; 100- ден астам ұлыстардың өкілдері тұрады. Ресми тілі - орыс тілі.

Діні - дінге сенушілердің көбі - христиандардың (негізінен православиелік), сондай - ақ мұсылмандар, иудаистер, т. б.

Ұлттық ақшасы рубль.

Мемлекеттік құрылысы - Республикалық басқару жүйесі бар демократиялық федеративтік құықтық мемлекет. Әкімшілік жағынан Ресейдің 7 федеральдық округына 21 республика, 10 автономиялық облыс және автономиялық округ, 6 өлке, 50 облыс пен федеральдық маңызы бар қала (Мәскеу мен Санкт - Петербург) кіреді. Барлығы мемлекеттік суверенитеті туралы Декларация 1990 жылдың 12 саусымында РСФСР Халық депутаттарының І съезінде қабылданған.

Негізінен заңы - Конститутция (1993 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған) .

Мемлекет басшысы - Ресей Федерациясының Президенті, ол - Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы (жалпыға бірдей тікелей дауыс беру арқылы 4 жылғаи сайланады және бұл лауазымда қатарынан екі мерзімнен артық қала алмайды) .

Федеральдық Жиналыс - жоғарғы өкілетті және заң шығарушы орган (парламент) . Екі палатадан тұрады. Федерация Кеңесі (жоғарғы палата) және Мемлекеттік Дума (төменгі палата) . Федерация Кеңесі құрамына РФ - ның әр субъектінен екі өкіл кіреді. Мемлекеттік Думаның 450 депутатының жартысы мажоритарлық жүйе арқылы бір мандатты округтарының, жартысы өкілеттік пропорционалдық жүйемен партиялық тізімдер бойынша сайданады. 1993 жылдың Конституциясына сәйкес Федеральдық Кеңестің депутаттары 4 жылға сайланады.

Атқарушы билікті Ресей Федерациясының Үкіметі асырады. Үкімет төрағадан, оның орынбасарлары және федеральдық Минситрлерден тұрады. Үкіметтің Төрағасынан Мемлекеттік Думаның келісімен президент тағайындайды.

Ресей - қазба байлықтарға бай ел (70 - тен астам түрі бар), жалпы потенциальдық құны - 30 трлн. доллар. Мұнай қорлары әлемдік мұнай өңдірудің 17 % - ын, газдың - 30% - ға жуығын, сирек кездесетін және қымбат металдар, оның ішінде алтын - 10 % - дан 20 %- ға дейін, темір рудасы - 17%, тас көмір - 6% - ын құрайды. Ресей едәуір су және дер ресурстарының ие, ағаш қорлары көп, территориясының 4% - ын орман алқаптары алып жатыр.

Ресей индустриясының өте жақсы дамыған салалары: электроэнергетика, отын өнеркәсібі, химия және нефтехимия, қара және түсті металлургия, машина жасау мен металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі.

Ресей ішкі жалпы өнімі (ВВП 2005 жылы нарық бағасымиен өткен жылға қарағанда 6, 4 % - ға өсті. 20005 жылы өндірілген ішкі жалпы өнімнің (ВВП) номинальдық көлемі күнделікті бағаға шаққанда 21 трлн. 598 млрд. Рубльді құрады.

2005 жылы экспорт 2004 жылмен салыстырғанда 33, 9% - ға өсіп, 245, 3 млрд. Долларға жетті (2004 жылы 183, 2 млрд. Долларға жеткен еді) . Экспорттың өсуіне негізінен контрактық бағалардың өсуі себеп болды. Товарларды сыртқа шығару көлемнің өсуі мардымсыз.

2005 жылы импорт 2004 жылмен салыстырғанда 28, 5% - ға өсіп, 125, 1 млрд. Долларды құрады (2004 жылы бұл көрсеткіш 97, 4 млрд. Доллар болған еді) . Импорттың өсуі өнімдер алмасудың көлемінің ұлғаюы және сырттан тасылатын товарлардың көбіне контрактық бағалардың көтерілуне байланысты болды.

Сауда балансының кірісі мен шығыс арасындағы айырмасы (активті сальдо) 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 120, 1 млрд. долларды құрады.

Қиыр шетелдерде товар шығару 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 38, 3 %- ға өсіп, 211, 6 млрд. долларды құрады; бұл елдерден ішке тасу 33, 4% - ға өсіп, 103, 3 млрд - қа жетті. Қиыр (шетелдермен сауда балансының сальдосы (кіріс пен шығыс арасындағы айырмасы) 39, 8 млрд. долларға өсіп, 108, 3 млрд. доллар болды.

ТМД елдеріне экспорт 2005 жылғы 2004 жылмен салыстырғанда 11, 3 % - ға өсіп, 33, 6 млрд. долларды құрады. Достастық елдерінен импорттау 9, 5%- ға өсіп, 21, 8 млрд. долларға жетті. ТМД елдерімен сауда баланстың активті сальдосы 11, 6 млрд. долларды құрады. (2004 жылы 10, 3 млрд болған еді) . ТМД елдерінің 2004 жылғы экспорттағы үлесі 16, 5% - дан 2005 жылы 13, 7% - ға дейін қысқарды, импортта бұл көрсеткіштер тиісінше 20, 4% және 17, 4% - ды құрады.

2005 жылы өткен жылғымен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің өсімі 4% болды (2004 жылы - 8, 3% ) .

Қазақстан - Ресей қарым - қатынастары.

Қазіргі кезеңде Қазақстан - Ресей қарым - қатынастары жоғары деңгейдегі өзара сенім және стратегиялық серіктестіктің дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан мен Ресей арасында дұрыс шешімін таппаған проблема жоқ. Өйткені келіссөздер барысында екі жақтың да мүдделері назардан тыс қалмайды. Мұның экономикалық мәселелерге, Қазақстан мұнайын тасымалдауға Каспийдегі шектеу шараларына, «Байқоңыр » космодромын жалға беруге, қатысы бар. Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын шекараның өтетін жерлерін белгілеуде тең құқықтық және ұлттық мүдделер қағидаларын сақтай отырып келісімге келді.

Ендігі алда тұрған мәселелер - сауда - экономикалық ынтымақтастық пен аймақтық интеграцияны дамыту. Қауіпсіздікті нығайту да басты назарда. Осы айтылған барлық салаларда Қазақстан мен Ресейдің позициялары бір - біріне жақын немесе сәйкес келеді.

Ресей Федерациясы Қазақстанның аса ірі сауда айналымының үлесі ҚР барлық сыртқы тауар айналымының 23 % - ы, ТМД елдерінде тауар айналымының 75%- ын құрайды, ал ЕурАзЭО аясында 90 % - ға жетті.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің мәліметтері бойынша 2005 жылы ҚР мен РФ арасындағы сауда айналымы 9518, 5 млн. Долларды құрады (қазақстандық экспорт - 2927, 2 млн. доллар, импорт - 6591, 3 млн. доллар), ал бұл көрсеткіш 2004 жылы 7, 05 млрд. Доллар болған еді (тиісінше - 2, 83 млрд. Доллар және 4, 81 млрд. доллар) .

Товарларды Ресейге тасымалдаудың негізгі статьялары минеральдық өнімдер (барлық экспортқа өнімнің 66% - ы), қымбат емес, металдар және олардан жасалған бұйымдар (20%), азық - түлік тауарлары мен оларды өндіруге қажетті шикізат (6%), химия өнеркәсібінің өнімдері (3%), машиналар мен жабдықтар және т. б. (4%) .

Ресейден Қазақстанға әкелінетін тауарлардың негізгі статьялары: машиналар мен жабдықтар, транспорт құралдары (барлық импорт көлемінің 41% - ы), химия өнеркәсібінің өнімдері (16%), минеральдық өнімдер (13%) қымбат емес металдар мен оларды өндіріске қажетті шикізат (11%), азық - түлік тауарлары мен олардан жасалған бұйымдар (9%) және т. б. (10%) .

ҚР Сауда - өнеркәсіп палатасы ТПП мәліметтері бойынша қазір Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 1150 фирма мен ұйым жұмыс істеп жатыр.

Мұнай секторы . Қазақстан энергоресурстарын экспорттауда Ресейдің алатын орны ерекше. 2004 жылы Ресей труба құбыры жүйесімен таяу мен қиыр шетелдерге 37, 6 млн. тонна Қазақстан мұнайы шығарылады (оның ішінде КТК арқылы - 22, 5 млн. тонна Атырау - Самара - 15, 01 млн. тонна), бұл көрсеткіш 2002 жылы - 29, 5 млн. тонна, 2004 жылы - 16, 8 млн. тонна болды.

Жақын арадағы жылдары Қазақстанда мұнай өндіруді өсірудің және оны сатудың жасалған жоспары бойынша мұнай құбырларымен мұнайды айдауды ұлғайту қажет болды. КТК мұнай құбыры Қазақстан үшін мұнайды сыртқа шығарудың негізгі құралына айналды. КТК - ның қуатын арттыру үшін оны кеңейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Атырау -Самара мұнай құбырын модернизациялауға бағытталған жұмыстар жұргізілуде. Алдымен оның тасымал қуатын жылына 15-тен 20 млн. тоннаға, ал келешекте 25 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Қазақстан мен Ресей Каспи теңізінің шельфін бөлісуге екі жақты келіссөздер арқылы қол жеткізді. Жер асты байлықтарын пайдалану үшін екі ел теңіз түбі арқылы шекара белгіледі. Сонымен қатар “құрманғазы”, “Центральное” және '' Хвалынское'' кен орындарының юолашақ құрлымдарын жоспарлауда бірлесіп жұмыс істеу жөнінде кейбір ұйымдастыру мәселелері шешіледі.

“Құрманғазы” құрлымы бойынша контрактта өнімді болу жөнінде келісім қабылданды (бұдан әрі-СРП), ал “Центральное” және '' Хвалынское'' құрлымдарына байланысты Ресей Федерациясының заңдары негізінде осындай бөлісу туралы келісім (СРП) жасау мүмкіндігі қаралатын болды.

“Құрманғазы” құрлымындағы өнімді бөлісу жөніндегі келісімге 2005 жылдың 6 шілдесінде қол қойылды.

“Центральное” және '' Хвалынское'' құрлымдары бойына өнімді бөлісу туралы келісім жасау жұмыстары жалғасады. Сарапшылардың соңғы кездесуі тамыз айының соңында өтті.

Газ секторы . Екі жақты қарым-қатынастардың негізгі желісі-табиғи газды транзит арқылы Түркіменстан мен Өзібекстаннан Ресейге және одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау.

Газ құбырлары жүйесін модернизациялау мен дамыту үшін 2004 - 2005 жылдарға «Орта Азия - Орталық» (САЦ) газ транспорты жүйесін модернизациялаудың инвестицияларының негіздемесі жасалды. Бұл негіздемені «Газпром» ААҚ магистральдық газ құбырларын модернизациялаудың негізгі техникалық шешімдерін өзара үйлестіру үшін бағыттады. Сонымен қатар «ҰҚ Қазмұнайгаз» АҚ пен «Газпром» ААҚ - қа бірлескен кіәсіпорындарды жобалау, салу және жаңа газ тасымалдау қуаттарын іске қосу мәселелері туралы шешім қабылдау тапсырылды.

Қазақстанның табиғи газын Еуропа рыноктарына Ресейдің газ құбырлары жүйесі арқылы тасымалдаудың болашағы зор, пайдалы әрі арзанға түседі. Осы мақсатпен 2002 жылы «КазРосГаз» бірлескен кәсіпорыны құрылып, сол жылдың күзінен бастап осы құбыр арқылы Қазақстан газы Еуропа мен ТМД елдеріне шығарыла бастады, 2004 жылдың қорытындысы бойынша 7 млрд. Кубометр газ сыртқа шығарылады. Жақын арада бұл көрсеткішті жылына 15 млрд. Кубометрге жеткізу жоспарланды. Қазақстан мен Ресей негізінде табиғи газ өндіретін елдердің Еуразияның альянсын құру мәселесі қаралып жатыр.

Электроэнергетика (электр қуаты) . 2005 жылдың 15 шілдесінен Қазақстан мен Ресей энергетикалық жүйелерін бір кезде қатарынан іске қосты. ҚР, РФ және ТМД- ның басқа елдері арасына әлемдік рынокқа энергоресурстарды шығаруда бәсекелестік болдырмау үшін бұл саладағы жұмысты үйлестіру жөнінде ҚР мен РФ мүшелері болып саналатын ЕурАзЭС мемлекеттерінің отын энергетикалық балансын жасау үшін ұсыныстар дайындау үшін екі елдің отын - энергетикалық салалары өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

Космосты игеру аясындағы әрекеттестік. Бұл салада ынтымақтастық дамып келеді. Соңғы жылдары «Байқоңыр» кешенін жалға алуға байланысты Ресей өзіне алған міндеттемені орындап, Қазақстанға 115 млн. доллар төлді. «Байқоңыр» космодромында «Бәйтерек» ракета - космос кешенін құру және «Қазсат» байланыс және радио хабарын тарату, жер серігін жасау, ұшыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Оны ҚР парламенті бекітті. «Байқоңыр» космодромын пайдаланудың тиімділігін арттыру, онда істейтін ҚР азаматтарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, оның ішінде «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан мемлекеттік ұйымдастыру органдарының құрылымдық бөлімшелерін, космодромды электрмен жабдықтау, «Байқоңыр» кешенін пайдаланатын екі жақты келісім - құқықтық базасын жетілдіру және т. б. мәселелер бойынша шаралар қолданылуда.

2005 жылдың 30 наурызында «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорын құру жөнінде Астанада тисіті құжаттарға қол қойылды. Бұдан басқа қазіргі уақытта төменгі жерге жақын орбитаға кіші космостық аппараттарды ұшыруға мүмкін беретін МиГ - 31Д ұщақтарының негізінде бірлескен «Есіл» авиациялық ракета - космос кешенін құру туралы мәселелер қаралуда.

2005 жылдың маусымында ҚР және РФ президенттерінің қатысуымен «Байқоңыр» космодромының 50 - жылдығына байланысты салтанатты іс - шаралар өтті. Мемлекет басшыларының біріккен мәлімдемесі мен космодромдағы табиғатты пайдалану экологиясы туралы және кейбір басқа құжаттарға қол қойылды.

Транспорт . Автомобиль, темір жол, авиация және су транспорты салаларында екі жақты ынтымақтастықты белсендіруге ерекше көңіл бөлінді, РФ территориясы арқылы экспорттық - импорттық жүктерді тасымалдауда Ресей темір жолдарының бірыңғай тарифтеріне Қазақстан экспортерлері мен иппортерлерінің қолын жеткізуге біздің республика мүдделі болды. Еуразия транзиттік коридорының негізгі өзегі саналатын Трансазиялық темір жолы магитралін дамыту үшін белсенді іс - шаралар іске асырылуда.

Су транспорты саласындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Ақтау - Астрахань паромдық маршруты ашылды, Ертіс өзенінің бассейінінде Қазақстан және Ресей кемелерімен жүк және жолаушылар тасу көлемі өсіп келеді.

Моңғолия шекарасына шығуға мүмкіндік беретін Өскемен - Риддер (Лениногорск) - Хайзун - Усть - Кан - Туэкта - Иня - Кош - Агач - Ташанта (ұзындығы 102 км, оның 62 км Қазақстан территориясы арқылы өтеді) автомобиль жолын салу транспорт саласындағы маңызды жобалардың бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Қазақстанның шет елдерiмен тең құқықтық қатынастар құру
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және жалпы ережелері
Тақырыбы: XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет
Қазақстанның әлемдік саясаты
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz