Пәнаралық байланыстар география сабағында


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

2

І. КІРІСПЕ.

I. I. Бітіру жұмысының өзектілігі.

Қоғам алға жылжыған сайын жасөспірімдердің таным деңгейлері, көзқарастары да өзгеріп отырады. Білімге, кейбір пәндерге деген оқушының немқұрайлы көзқарасы- Мұғалімді шығармашылықпен жұмыс істеуге, көп іздеуге итермелейді. Себебі ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, азамат қоғамын алға апаратын күш тек білімде. Сондықтанда білім беру жүиесі пән ұстаздарына биік міндет қойып отыр. Пәндерді оқытуда барлық әдіс тәсілдерді қолданып пәндік іскерлікті дамытуға және оқытудың практикалық бағытына баса көңіл бөледі.

География пәнін оқытудағы ең бір маңызды дидактикалық ұстанымдардың бірі - пәнаралық байланыс бұл - ғылыми жаратылыстану пәндерінің қоғамдық - гуманитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің барысындағы байланыстарды қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуде пайдалану география пәні мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігін, оның жан-жақтылығын, іздемпаздығын, еңбекқорлығын талап етеді, география пәндеріндегі әсіресе «Физика география» (6-сынып), «Материктер мен Мұхиттар географиясы» (7-сынып), «Қазақстанның физикалық географиясы» (8-сынып) . Қазақстанның физикалық географиясындағы көптеген заңдылықтар мен түсініктер басқа пәндермен, оның ішінде -физика, химия, биология, тарих, әдебиет, медицина және экология, математика т. б. өте тығыз байланысты.

География пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады 1. Методологиялық қызметі. Осы қызметі оқушылардың табиғаттануға, олардың біртұтастығы дамуына диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен әсенін тигізеді.

Екінші-оқушының білімдік-ой санасын қалыптастырып оның жүйелілігін, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыс арқылы байланыстырады, игеруге мүмкіндік туғызады. Географиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланады.

Үшінші-Тәрбиелік қызметі. Пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруға көмектеседі.

3

Төртінші - Конструктивтік қызметі. Осы қызметті оқу материалдарының мазмұнын, әдісі мен формаларын арттыруға көмектеседі.

Физикалық география курысынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.

а) Физикалық географияның әрбір курысының және басқа да пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап қосымша әдебиеттерді пайдалану.

ә) Курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестеп, сабақтың жоспарын құрыу. б) Нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік тәсілдермен керекті құрал жабдықтарды дайындау т. б. жалпы географиялық ұғымдар мен өзара байланыстарды мектеп оқушыларына олар жаттап алуға тиісті дайын анықтамалар түрінде ғана емес, қайта оны балалар табиғаттағы өз байқаулары сабақ үстінде, географиялық алаңда, табиғатқа жасау нәтижесінде практикалық жұмыстар оқушыларды өз беттерінше тиісті қортынды жасай алатындай етіп оқыту керек.

Физикалық географияны оқып үйрену үшін мыналарды көздеу керек.

  1. - Оқушыларды жер сфералары туралы, оларды зерттеу әдістері жайындағы, табиғатты зерттеу әдістері жайындағы табиғат комплексінің негізгі компененттерінен олардың арасындағы өзара байланыстар жөніндегі білімін түсінікті түрде қамтамасыз ету керек.
  2. - Өздері тұрған жердің географиялық ерекшеліктері туралы білімді I-V кластармен салыстырғанда (рельефті, өзендер режимі, климаты, табиғат комплексі туралы) жоғары теориялық дәрежеде тереңдете түсуі тиіс.
  3. - Топографиялық планмен жерді глобуста және картада кескіндеу ерекшеліктерімен таныстыру қажет.
  4. - Жер шары халқының саны мен өсуі, нәсілдік құрамы жөнінде жалпы мағлұмат беру керек.
  5. - Жалпы ұғымдарды қалыптастыру процесінде оқылатын жеке табиғат объектілерінің орналасуы ТМД - елдерімен жеке-жеке мемлекеттерінің дүниежүзілік саяси картадағы орны туралы картографиялық түсініктерді қалыптастыруы тиіс.

4

Бұл курстың мазмұны оқушылардың I-V кластарда өткен табиғаттану жөніндегі дайындықтарына сүйенеді.

Табиғаттанудың бүкіл курсының география үшін зор маңызы бар. Әсіресе, оның мазмұнда Солтүстік және Оңтүстік жарты шардағы гидросфераның бөліктері: Олардың өзгеру себептері судың ерігіш қасиеті тау жыныстары және пайдалы қазбалар, олардың қасиеттері мен шаруашылықта пайдаланылуы топырақтың түзілуі оның қасиеттері, өсімдіктер мен жануарлардың жылу, жарық, ылғал мөлшеріне тәуелділігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің пайдаланылуы және өзгеруі табиғат байлығын қорғау сияқты мәселелердің маңызы өте зор.

Физикалық - географияның курсын оқып үйренудің өзіндік ерекшеліктері төмендегідей:

а) Оқушылардың өздері тұрған жергілікті жердің географиялық ерекшеліктерін оқып үйренуді тереңдете түсінудің өзі теориялық бөлігін (рельеф, су қоймаларының режимі, климат, негізгі компоненттері бар табиғат комплексі) дамытумен тығыз байланысты жүргізілетін.

б) Жергілікті жерді өлшеу жұмыстарын кеңінен жүргізу.

в) Карталар бойынша білімін үнемі кеңейтіп отыруға және онымен жұмыс жасау іскерлігін жетілдіре түсу. Физикалық географияның бастауыш курсының мазмұны, оны оқыту әдістерімен ұйымдастыру формалары оқушыларды оқып үйрететін оъбектілерді, жер шары қабықтары мен олардың мезгілге қарай өзгеруге себепті болатын процестер арасындағы өзара байланыстарды материалистік тұрғыдан түсінуді соған даярлауды қамтамасыз етуіміз қажет. Оқушылардың литосфера, гидросфера, тропосфера, биосфера табиғат комплексі және жер шарының бүкіл географиялық қабығы туралы жалпы физикалық-географиялық түсінігін кеңейту, оларды жалпы географиялық заңдылықтарды түсінумен қатар, жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық циклдегі пәндермен байланыса отырып, оқушылар ел тану және жер туралы VII-сыныптағы физикалық географияның бастауыш курсымен салыстырғанда анағұрлым жоғары ғылыми дәрежеде түсінік алады. ТМД-ның экономикалық және әлеуметтік дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарында «жер қыртысының», биосфераның, дүниежүзілік мұхиттың және гидросфераның, атмосфераның құрлымы мен эволюциясы, космос кеңестігі, сондай-ақ әлем комплексі зерттелсін деп атап көрсетті.

5

Гидросфера құрлымын, эволюциясын, бөліктерін зерттеудегі басты мәселе жер гидросферасының және әрбір аудандағы су бөліктерінің өзгеріп отыруын әр пәндермен байланыстыра отырып сырын ашу.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Пәнаралық байланыс туралы.

Пәнаралық байланыстардың тиімділікпен жүзеге асыру мектептегі оқу - тәрбие процесін жетілдірудің маңызды резервтерінің бірі болып табылады. Олар оқытумен тәрбиелеуге кешенді көзқарастың құралы есебінде көрініс береді. Оның іс жүзінде асырылуы оқушылардың білімінің мазмұны мен құрамына сапалық өзгерістер енгізеді. Өйткені ол білімнің интеграциясын қамтамасыз етіп, оның ғылыми деңгейін арттырады, тұтастайалғанда танымдық әрекетке тән болып табылатын дағдылардың кешенін, оның ішінде арнаулы дағдылардың ғана емес, сонымен бірге кең профильді дағдылардың да қалыптасуына жағдай жасау жұмысының негізгі міндеті болып табылады. Зерттеудің актуальдылығы қазіргі заманғы көптеген үздік жаңалықтар ілімінен техникалық прогресстің әр түрлі салаларының тоғысқан тұстарында жасалады. Ғарышты, жасыл өсімдіктердегі фитосинтез процесін, клеткалардың өмір сүруіндегі шетін, механизмдерді және басқаларды оқып үйренудегі табыстар әртүрлі салалардағы ғалымдардың: географтардың, физиктердің, химиктердің, математиктердің, биологтардың, дәрігерлердің және басқалардың ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады.

Әр түрлі ғалымдар табысының синтезі табиғатты оқып, білуге зерттеушілік тұрғыдан қарағанды қамтамасыз етіп, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына жағдай туғызады. Сондай-ақ оқу материалдарының саналықпен меңгеруге жаддай жасап, оқушылардың оқып отырған пәнінен құбылысқа деген ынтасын арттырады, олардың бойында ғылыми дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Мектепте ондаған пәндер оқылады.

Солардың әрқайсысы өз ілімі арқылы диалектикалық материалистік көзқарасты қалыптастырады. Олардың бәрі көптеген ақпараттар береді. Алайда әр пән нақты өмірдің фактілері мен құбылыстарын өз позициясы арқылы біршама біржақты қарайды. Екінші тұрғыдан алғанда оқу материалын бір оқу пәнінің шеңберінде ғана алып, тар ауқымда (алып) қарайтын

6

болсақ, онда жеткіншектерді айналадағы орта жөнінде дұрыс түсінік ала алмауына және оқшауланып қалуына ұрындыруы мүмкін. Соның салдарынан оқушылардың білімге ұмтылысы жолында, ғылыми түсініктерінде және табиғат пен қоғамдағы диалектикалық бірлікті танып білуіне елеулі қиыншылықтар бой көтереді.

Кеңестік психологтар Б. Г. Аноньев, Ю. А. Самарин және басқалары оқу аралық немесе пәнаралық ассосиациялар құрылымы жатқандығын атап көрсетті. Ассосация дегеніміз - психикалық процестердің байланысы, ал физиологиялық механизм дегеніміз - мидың үлкен жарты шарындағы байланыстар болып табылады. Олар мынандай ассосациялық байланыстарды даралап шығарады: фактілер арасындағы қарапайым локальді байланыстар («волга» - ол өзен деген тұрғыдағы ұғым. Мұндай байланыстарда кейбір жүйелік элементтері пайда болғанымен біршама оқшауланған байланыстар тән болып келеді) : жеке жүйелік - белгілі бір оқу пәнінің материалдарында пайда болып, ойлау қызметінде айшықты роль атқаратын байланыс: жүйешілік (немесе пәншілік байланыстар) белгілі бір курстың әртүрлі тараулар арасындағы байланыстар. Жүйеаралық (немесе пәнаралық байланыстар) - әр түрлі оқу пәндер арасындағы байланыстар.

  1. Пәнаралық байланыстар география сабағында.

Пәнаралық байланыс - күрделі педогогикалық проблемалардың бірі. Ол

әдіснама, педогогика, психология, дидактика, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелуде.

Әдістеме тұрғысынан пәнаралық байланыстардың мазмұны (1) оны жүзеге асырғанда оқушының оқуы (2) және мұғалімнің оқыту (3) процестері қарастырылады. Әрбір оқу пәндерінің мазмұны төрт түрлі білімдер жүйесінен тұрады:

  1. Деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар.
  2. Біліктер жүйесіне конспектілеу, рефарат жасау, библиография құрастыру, есептің шартындағы берілген шамалардың бір-біріне қатынасын немесе есепте табылатын және берілген шамалар қатынасын байқау, ең қарапайым шешу жолын көре білу, т. б. әр пәннің өзіне тән практикалық біліктері кіреді.

Шығармашылық жұмыс (іс әрекеттер) жүйесіне оқушылардың білім мен біліктіліктерін өз бетінше жаңа мәселені шешуде

7

қолдана білу, есептің басқа тиімді шығару жолын көре білуі т. б. проблемалық ситуацияларды байқап, объектілердің жаңа функцияларын болжауы т. б. жатады.

  1. Өмірге көзқарас яғни оқушыларға берілетін тәрбие жүйесі. Міне осы жүйелер бойынша төрт түрлі пәнаралық байланыс жүзеге асады. Бірінші, екінші білімдер жүйелері бойынша біршама зерттеулер

жасалған. Ал үшінші, төртінші бағыттар бойынша әлде де көп пәндер арасында байланыстар қаралған жоқ деуге болады.

Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды. Ал қажет уақытында қайталап айтады, яғни репродукт жолымен игереді. Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда оқушы бір жаңалық ашқандай сезінеді. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүниетанымы жан-жақта болады. Міне, бұл өте тиімді. Сондықтан мұғалім оқыту барысында осы «нәтижелі» жол үлесін көбейтуге тырысуы қажет.

Пәнаралық байланыс мазмұны мен оқушылардыңоны игеруі мұғалім тарапынан әр түрлі әдіс-тәсілдері ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.

Негізінен пәнаралық байланысты жүзеге асыруда екі түрлі ұйымдастыру формалары байқалады. Ол пән сабақтары және кластан тыс жүргізілетін оқу процестері (факультативтік сабақтар немесе оқу үйірмелері) .

Пәнаралық бйланыс бірнеше жолдармен жүзеге асырылады.

  1. Пәндердің оқу бағдарламаларын сәйкестендіру.
  2. Байланыстырылатын пән мұғалімдердің оқу әдістемелік жұмыстарын үйлестіре жүргізу.
  3. Сабақта жаңа материалды өткенде оқушы білімін бекіткенде т. б. сабақ бөлімдерінде мұғалім өз жұмысында мүмкіндігінше пәнаралық байланысты жүзеге асыруы керек.

4. Оқушының пәнаралық байланысын жүзеге асыруын қадағалау.

Әр пән арасындағы байланысты нәтижелі жүзеге асыру үшін мынадай шарттардың орындалуы қажет.

8

  1. Әр пәнде ішкі байланыстар үнемі жүзеге асырылуы қажет. Пән ішіндегі байланысты көріп, оны жүзеге асыра білу, пәнаралық байланысты жүзеге асыруды жеңілдетеді, себебі жүзеге асыру тәсілдері бірдей.
  2. Білім мен біліктер арасындағы пәнаралық байланыстарды жыл басынан жоспарлау.
  3. Оқушының пәнаралық білімді шығармашылық ізденіс үстінде игеруі.
  4. Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда әр түрлі тәсілдерді қолдану.

2. 2. Биология, тарих, химия, қазақ әдебиеті

пәндерімен байланысы.

Жаратылыстану ғылымы және гуманитарлық циклдегі пәндер мен пәнаралық байланыстарды тірек, сабақтас және перспективалық байланыстар деп бөледі.

Тірек байланыстар.

Оқыту барысындағы картографиялық-топографиялық мәселелерді оқып үйрену план және карта, жердің модулі, глобус плюстер экватор (табиғаттану IV-V) маштаб бұрыштың шамасы және оның өлшемдері (математика туралы

білімге үйренуді талап етеді. Географиялық геоморфологиялық білім жер бетінің формаларын өзі туған жердегі тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың қасиеттері туралы (табиғаттану III-V сыныптар) білімнің негізінде дамытылуы тиіс.

Су айналымы дүние жүзілік мұхит құрлықтағы су, климат, табиғат компоненттерінің өзара байланысы жөніндегі білім судың, ауаның, топырақтың қасиеттері жануарлар өсімдіктердің тіршілік ету ортасына тәуелділігі (IV-V сыныптар) туралы мәліметтердің негізінде қалыптасады. Материктердің табиғи зоналарын оқып үйрену жер бетіндегі организмдердің алуан түрлілігі (табиғаттану V сынып) топырақ және оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы (ботаника V сынып) туралы білімге үйренуді талап етеді.

Халық туралы мәселені қарастырғанда ТМД халықтарының достығы және басқа да елдер халықтарының достығы (тарих V сынып) туралы білімді ескеру қажет.

Ғылыми - техникалық революцияның ең соңғы жетістіктері негізінде еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі экономикалық білім,

9

сондай-ақ экономикалық аудандар туралы білім қоғамдық еңбек өнімділігі (Орыс мемлекетінің) Сібірді, Приамурьені, Приморені игерудің прогресті маңызы (тарих V-VIII сыныптар) туралы білімнің негізінде дамытылады. Экологиялық мәселелерді адам денсаулығын сақтайтын және бұзатын факторлар (биолгия) туралы білімге сүйеніп оқылады.

Сабақтас байланыстар.

Географияның бастапқы курсын оқығанда географиялық координаттар туралы білім түзумен жазықтықтағы координаттар осьттері, параллель түзелер, перпендикуляр (математика IV сынып) жөніндегі біліммен: дүниежүзілік су айналымы туралы білім жапрақтардың суды буландыруы (биология VI-сынып) жөніндегі білімнен: табиғат компоненттерінің өзара бірге байланыстары туралы білім өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігі топрақ өсімдіктердің тіршілік ортасы екені, өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар (ботаника VI сынып) жөніндегі бөлімнен «Атмосфера. Гидросфера» тақырыптары бойынша практикалық жұмыстар жүргізу. Графиктер, оң және теріс сандар (математика VII сынып) жөніндегі бөлімнен дүниежүзілік судың қасиеттері (Физика, химия VIII сынып) жер бетіндегі суды қорғау (ботаника VII сынып) бөлімінен басталады. VII сыныптың - география курсында материктердің табиғат зоналары, олардың адам әрекетінің әсерінен өзгеруі және табиғат қорғау мәселесі, табиғат бірлестіктеріндегі өсімдіктердің өзара байланысы, адам әрекетінің өсімдіктер бірлестігінің әсері және оларды қорғау (ботаника VI сынып) жөнінде білім алумен оқылады.

Африка халқының орналасуының материктің қоныстану тарихына тәуелділігі мәселелері арабтардың VI-XI ғасырдағы шапқыншылығы жөніндегі біліммен санасады: Материктердің ашылуы жөніндегі мәліметтер XV ғасырдың басындағы географиялық ашылулар (тарих VII сынып) жөніндегі біліммен: климат түзеуші факторларды және олардың атмосфералық қысымға тигізетін

ықпалын оқып үйрену атмосфералық қысым (физика VII сынып) жөнінде білім алуы сабақтас етеді.

Перспективалық байланыс:

Табиғат компоненттерінің өзара байланыстары туралы білімді табиғат бірлестіктерін өткенде географиялық жыл санау туралы білімді органикалық дүниенің дамуын өткенде: географиялық қабық туралы білімді экологияның негіздерін (биология, математика V-IX

10

сыныптар) өткенде пайдалануға болады. Заттардың агрегат күйінің өзгерістерін ауадағы су буы, жауын-шашын туралы мәліметтерді, электромагниттік құбылыстарды (физика VI-VIII сыныптар) өткенде комплекстің жәрдемімен бағдарлай білу қабілетін ескереді.

Атмосфера оны ластаудан қорғау туралы білім ауаның құрамын өткенде (химия VIII-X сыныптар) пайдаланылады.

2. 3. Халықтық педогогикамен байланысы .

Халықтық педогогика - ұлттық тәрбиеге негізделген. Халықтың тәрбиесі - әрбір халықтың ой арманымен, кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып қалыптасқан тарихи қазынасы.

Қазақ халқының ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де, өмірлік тәрбиеден оқып үйреніп, сұлулық пен әсемдікке таңдай да табиғатты қорғайды да аялай да білген. Біздің биология мұғалімдерінің міндеттері ғасырлар бойы сақталып келген халқымыздың табиғат туралы ойларын, тәжірибелерін жас ұрпаққа жеткізіп оларды дұрыс пайдалана алуына үйрету, жас ұрпақты имандылыққа, аяушылыққа, табиғатты сүюге баулу.

Атадан келе жатқан рухани мұраны жастардың бойына дұрыс орынды дарыту біздің азаматтық борышымыз.

Жастарды өз халқының салтына, дәстүріне сай тәрбиелеу мектеп қабырғасында сабақ пен тәрбие жұмыстары арқылы іске асады.

Әрбір сабақта халықтың педогогикасын, элементтерін қолдану күнен-күнге кең өріс алуда.

әрбір пән мұғалімі берілген тақырыптың мәнін, мазмұнын терең талдай отырып оны халықтық педогогикамен байланыстыруды негізгі мақсат деп алсақ, оқушыларымыз рухани байланыспен сусындай ма?

Әрине сусындайды. Міне осы сезімді дәлеудеу үшін дипломдық жұмыстың гипотезасын география пәнімен халықтық педогогиканың бай қазынасының арасындағы байланысты айқындау, оны ашуды белгіледік.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде халқымыздың бай мұрасын, салт-дәстүрін оқушылар санасына сіңіру оны рухани қазынасына қазына етіп қабылдау жолдарын, әдістер мен тәсілдерін ашу, анықтау.

Халықтық педогогика нәрімен жас ұрпақты имандылыққа, қайырымдылыққа, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

11

Дипломдық жұмыстың зерттелу жұмыстарын 6-7 сынып оқушылары арасында педогогикалық практика кезіндегі және Арқалық қаласындағы №6 мектепте жүргізілді.

Зерттеу жұмысының алға қойылған міндеттері:

  1. Халқымыздың асыл мұрасын география пәні бағдарламасы мен оқушы мазмұнынан анықтау. Халықтық педогогика - элементтерін табу.
  2. Халқымыздың асыл мұрасын салт-дәстүрін оқушылар санасына сіңіру жолдары мен тәсілдерін анықтау.

Бұл тәсілдер мен жолдар оқушының пәнге қызығушылығын, белсенділігін, білімпаздылығын, шеберлілігін, тапқырлылығын анықтауға халықтық педогогиканың рухани байлығын оқушы бойына сіңіру жағдай жасауға биімделген.

Бүгінгі қоғамдық өмірімізде халқымыздың рухани мұрасына танып білуге үлкен бет бұрыс жасалған. Осы негізде халықтық тәрбие ерекше өз алдына дами бастады. Тәрбиенің алдында тұрған күрделі проблемаларды шешуге көмектеседі деген үміттер оған үлкен мән берілген. Бірақ халықтың тәрбиеге қатынасты мәселелердің бүгінгі таңда нақтылы бағдарға айқындалады деп айту қиын. Әсіресе халықтың тәрбиені бүгінгі ұрпақтың қалыптасып дамуын қамтамасыз ететін біден-бір тәрбиелік жүйе деп, ертеңгі күннен адамның бір ғана ұлттық шеңберде тәрбиелеу неліктен деген ұғым тәрбиені тым тар мағынада түсінушілік сияқты болып көрінеді. Тәрбие адамның қоғамда өмір сүруіне қажет сапарларын қалыптастыратын дамыту мақсатында, оған сырттай ықпал ету процессі.

Қай заманда қай халық болсын тәрбиеге ерекше мән берген және оны үнемі қоғамның дамуына сәл ілгерлетіп, жетілдіріп отырған. Алайда адамды кіргізіп жіберіп, бар міндетінен арылтып бірден қалыптастырып жіберетін тәрбиенің өз алдына тігілген отауы жоқ. Ол халықтың, әдеп-ғұрыптың, әдебиет және өнер туындыларымен, адамның сан алуан қарым-қатынастарымен, адам санасындағы қоғамдық мұраттарымен бірге келіп отырады. Ол қоғамдағы білім ағарту жүйесі арқылы күрделеніп, толғанып белгілі бір мақсат сәйкестендіреді. «Халқымыз сегіз қырлы бір сырлы» адам тәрбиелеуді мұрат ете отырып өзіндік бай тәрбиелі жүйе қалыптастыра білген.

Ырымдарда, әдеп-ғұрыптарда, арыздарда, ертегілерде баланы әдептілікке, қайырылымдылыққа, кішіпейілділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу жағы басым болып келсе батырлар жырындағы негізгі

12

мақсат, баланың туған халқына, жеріне сүйіспеншілігіне қалыптастыру, ел қорғауға қашанда әзір болуға тәрбиелеу. Қазақ халқының ақыл ой жағынан дамуы өркениетті елдердің ешқайсысынан кем емес. Оны шешендер мен билердің күрделі қоғамдық мемлекеттік деңгейдегі мәселелері ғана емес, күнделікті тұрмыстағы жағдайларды қатаң реттеп отырудағы ойлау дәрежелеріне, бүгінде мәнін жоймаған даналық сөздерден, айтыс өнерінің, ауыз екі айтылған сөзді ерекше есте сақтау қабілетін айқын көруге болады.

«Халықтық тәрбие» мен кәзіргі айтып жүрген халықтық педогогиканың бір түсінігі емес. Педогогика өз алдына қалыптасқан тәрбие процессін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылармен тарих сабақтарында пәнаралық сабақтарды дамыту жолдары
Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Музыка сабағындағы пәнаралық интеграция элементтері
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Көркем шығарманы оқытудың әдістемесі
Жалпы географиялық карталар
Ағылшын тілі мен пәнаралық байланыстың маңызы
Пәнаралық байланыс ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz