ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
3. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін
жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән
заңдылық-тары бар аса күрделі қасиет. Психикалық өмірді де атомның қүрылысы
сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін
білу үшін осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның
өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы
сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер
ғылымда өзіне тән метод, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым
болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән
әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі
тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекетті де
белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұкият
үйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет
қайталанған іс — әрекеттері мен қылыктары, сөз саптауы мен бет пішініндегі
мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен
еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама
жәрдемдеседі.
Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер
бар. Олардын бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады.
Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.
Байқау әдісі
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның
психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау
әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ
жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз
реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға
болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де
байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және
сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір
сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке
түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қажетті кейбір шарттар:
1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет
қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2)Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың максатын түсіне
білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар оқушыны алатын
болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір
ерекшеліктерін білу;
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру; зерттелінушінің сөз
реакцияларын стенографиялап оты-ру, кейін оған мұқият талдау жасау, басты
фактілерді іріктеп алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.
Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей
алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта
тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бүл әр түрлі
кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы),
субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің
жоқтығы т. б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға
қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек те болады.
ЭКСПЕРИМЕНТ
Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез
болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда
эксперимет лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға
жеке-жеке тоқталып өтейік.
Лабораториялық эксперимент
XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін
эксперимент (тәжірибе) кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт
(1832—1920) психологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды,
тұңғыш рет лаборатория ашты (1879)
Эксперимент жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын
айттық. Енді оқушыларды кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық.
Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін —
хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін — эстезиометр, зейіннің
көлемін анықтау үшін —тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін — аудиометр, денедегі
бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін — эргографты пайдаланады.
Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі
жағдайларға байланысты болады:
1.Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері
болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
2.Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар
т. б. жазу-сызуқүралда-рымен қамтамасыз ету);
3.Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға сай
жүргізу;
4.Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және
сапалық жағынан дербес талдау жасау;
5.Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар
шығара отырып, эксперимент жүргізуде ашылған кейбір ғылыми
деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-
тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл эксперименттің
негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.
Табиғи эксперимент
Эксперименттің екінші бір түрі — табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи
экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде
көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874—1917) болды.
Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда эксперимент жүргізуші өзіне
керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын,
сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір
әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса,
сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін
оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы
(оқыту, констатациялау эксперименттері т. б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір
қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін
арттыруға мүмкіндік алады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы
әдістер деп атайды. Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі
жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім
көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік
тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда
сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып
алынып (алынған мәліметтерді сол бойда жазып отырудың қажеті шамалы),
кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады.
Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамнын, іс-әрекетінің нәтижесін талдау
(яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын
жұмыстары, түрлі формадағы творчестволық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни
зерттелушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын
зерттеу, оның өмірбаян, естелік, мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша)
әдістері жатады.
5. Қазіргі заман психологиясының міндеттері
Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық
міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның
негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра
зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы біршама
кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психологая
ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз
өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен
толығуда. Б. Ф. Ломов "Психологияның методологиялық және теориялык
проблемалары" атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай
келе, "бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен
оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт
жоғарылады", - деп жазады. Психологияның зерттейтін құбылыстар әлемі
ұланғайыр. Оның ішіне күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері,
процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым
жеке белгілерінен бастап, жеке адам мотивтерінің тайталасы кіреді.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда. Б. Ф. Ломов өзінің еңбегінде
психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын,
жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін
айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды:
бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл-
қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына
жататын түсініктер - "әлеуметтік" және "биологиялық". Адамның әлеуметтік
және табиғат қасиеттерінің обьектив байланыстарын, оның дамуындағы
биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым
міндеттерінің ең бір қиыны.
Алғашқы 10 жылдықтарда психологаяның теориялық (дүниетанымдық) тарапы
басымдау болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы рөлі көп өзгеріске
ұшырады. Ол енді білім жүйесіндегі, өндірістегі, мемлекеттік басқару,
медицина, спорт және т.б. кәсібі практикалық қызметтің ерекше саласына
айналып барады. Психология ғылымының практикалық міндеттерді шешуге
араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да біршама өзгерді. Шешімі
психологиялық біліктілікті қажет еткен міндеттер адамдық фактор маңызының
жоғарылауынан қоғам өмірінің барша тарапында әр қилы формада пайда болуда.
Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа
білім беру мекемелерінде кең психологиялык, қызмет тармақтарын іске қосу
идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол
келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы
кәміл.
7.ІС- ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына
байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен
жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын
арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан
алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге
байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Әрекетіміз дұрыс
болу үшін,— дейді Әл-Фараби, — біздің соған баратын жолымыз қандай болу
керек екенін ...анықтап алуға тиіспіз. Адам іс-әрекеті — күрделі процесс.
Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.
Іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажет.
Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын.
Әрекет-іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға
бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-
әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді
түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің
саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты
белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған Істен бір нәтиже
шығару — оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі
өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам
психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да
күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-
әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе
психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан.
Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат,
міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі
қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде
түрліше көрінетіндігінде.
10. Сөз (сөйлеу) қызметтері
Сөз негізінен екі қызметті атқарады: коммуникативтік, сигнификативтік. Осы
қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы ой мен сананың көріну формасы ретінде
танылады. Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында
екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда біздің
назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі
қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір
заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысы-мен де адам тілі
жануарлардың қысқа мерзімді, кылықтық, күйін білдіретін аффектік "тілінен"
ажыратылады.Сөздің бұл қызметі -сигвификативтік қызмет деп аталады. Сөздің
белгілеу қызметі нақты ұлт өкіліне түсінікті сөздерден құралған тілдің
қызметі.
Сөздің және бір, күрделірек қызметі бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың
мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастыру
мүмкіншілігіне ие боламыз. Сөздің бұл 2-ші қызметі "сөз мағынасы"
терминімен белгіленеді. Сөйлесудің және бір қызметі - коммуникативтік
өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орьндалады. Адам
тіліндегі көңіл-күй көрінісі үлкен маңызға ие.
Сөз бір нәрсе жайында баяндаумен 6ірге_ықпал жасау құралы да болып қызмет
етеді. Адам тілінің ықпалдық қызметі - өте мәнді құбылыстардан. Ол тікелей
әрекет-қылықты өзгертпегенімен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезіміне
қандай да өзгеріс ендіреді. Сөйлеу -әлеуметтік міндетті орындау, тіл
қатынасының құралы бола тұрып, саналы ықпал қызметін орындайды
Сәйлеу процесінің негізгі тірегі - түсіну, түсінісу. Сөз коғамнан тыс болуы
мүмкін емес, сөйлеу тілдесуге арналған және тілдесуде пайда болатын
әлеуметтік өнім.
Сөйлеу саналы әрекетке айналуы үшін әңгіме арқылы шешілетін мәселе және
оның мақсаты анық болуы қажет.
Сөйлеу түрлері
Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам аралық қатынас құралы.
Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз
кезегінде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық
болып бөлінеді.Адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны
ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады.
Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба
сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Жазба сөйлеу
-естумен қабылданатын тілдік дыбыстардьң, көрумен танылатын әріптер мен
адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады.
Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады.Диалогтық сөйлеу
әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы
толық болмауымен ерекшеленеді. Монологгық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға
қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте
бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы,
баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар т.б.). Қалаған ақпаратты екінші
адамға жеткізу үшін таңбалар, не таңбалар жүйесін қол-данамыз. Осыған орай
тілдестік қатынас процесінде вербалды (таңба ретінде – сөз, баян) және
вербалды емес (таңба ретінде - сөзден тыс белгі, ишаралар)
байланыстар қолданылады.
Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қолданылған. Мұндайда
сөйлеу - лексикалық және синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты тіл,
яғни фонетакалық белгілер жүйесін түсінеміз.
Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру – қозғалыс жүйесіне байланысты өз
ішіне ым, ишара, пантонима т.б. қамтыған белгілер тобы өте маңызды.
Вербалды тілдесуге "қосымша" ретінде паралингвистикалық және
экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық
қосымшалар - бұл дауыс ырғағы, әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз
барысындағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.
Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу барысында өте
маңызды жәрдемші (кейде дербес) ]роль атқара отырып, сөз мәнісін күшейту не
кемітумен бірге, әңгімелесуге катысқандардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен
бірге қолдана отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың өзара байланысты
қызмет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
8. ТОП ЖӘНЕ ҰЖЫМ
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Жеке адам санасының дамуы
қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы
мүмкін емес.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен
(макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған,
контактылы (адамдары ылғи да жүздесіп жүретін топ), оқшауланған, формалы,
формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т. б. болып
бірнешеге бөлінеді. Мәселен, класс оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери
бөлімше, отбасы контактылы немесе реалды топқа жатса, футбол
алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Белгілі
бригада мүшелері, студенттер тобы — ресми топ деп аталынса, отбасы
мүшелері, дос жарандар, ағайынтуыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі
адамнан бастап құралады; екіден қырық адамға дейінгі топ шағын топтар
(мектеп класы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын (саяси
партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар т. б.) үлкен топтар деп атайды.
Әрбір топтың ресми, не ресми емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар
ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Мұның ішінде
референттік топ дегеннің мәні ерекше. Реалды, контактылы топтың
жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А. С. Макаренконың
айтуынша ұжым — мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі дәстүр салттары
бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет ұжым тіршілігіне арқау еткен
адамдар тобы.
11. ЖЕКЕ АДАМ .ЖЕКЕ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы,
нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін
түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре
алмайды. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (от басы, мектеп
т. б.) тығыз байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең
алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі
екендігіне, сондай-ақ оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары,
білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар
екендігіне назар аударуымыз қажет.
Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда
пайда болған. Ең әдепкі кезде пайда болып жайылған теорияның бірі —
материалистік теория, мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах Эпикур.
Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері, қылықтары, оның жағымды сезімдерге
ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам
өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашан да жағымды сезімдерді тудырып, сол
сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу, жағымсыз сезімдерді жоюға
талпынады. Сексуалдық теория. Немістің оқымысты психоналистік-
психоневрологі 3. Фрейд (1856—1939) адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға,
яғни құмартуларға апарып теңейді. Оның айтуынша, адамның екі түрлі
ынтығулары болады. Бірі — сексуалдық, яғни жыныстық ынтығу; екіншісі —
мендік, яғни өзін-өзі қорғауға ынтығу. Мендік, яғни өзін-өзі қорғауға
ынтығуы сексуалдық ынтығудан кейін пайда болады. Адам қасиеттері
материалдық және рухани қажет болып екіге бөлінеді.
Адамда екі түрлі күш бар: бірі — биологиялық күш, ол жыныс ынтығуы,
екіншісі — әлеуметтік. Біріншісі — санасыз, екіншісі — саналы. Осы екі
күштің арасында күрес болады. Бірақ күресте биологиялық, санасыз күш жеңіп
шығады, себебі — ол саналы күштен ертерек пайда болып, оның биологиялық
жағы күштірек болып, адамды басқарып отырады. Адамның жыныс ынтығулары,
яғни құмартулары өте ерте кезде пайда болып, бірнеше кезеңнен өткен.
Мысалы, емшектегі балалардың да өзіне лайықты жыныс ынтығулары болады. Мұны
баланың анасының емшегін емуінен байқауға болады. Не болмаса, жас
балалардың жыныс мүшелерін сипаса, оларда жағымды сезімдер пайда болады.
Екінші кезең-де балалардың жыныс ынтығуы, өздерінің жеке тән мүшелерімен
байланысты көрінеді. Бала өзінің тәніне, тән мүшелерінің сұлу көркемдігіне
құмартады, бұларды бір түрлі әуес керіп, өзін-өзі жақсы көре бастайды.
Үшінші кезеңде баланың ынтығуы басқа жеке заттарға беріледі. Бала түрлі
заттарды, болмыстарды жақсы көріп, соларға құмар болып, ынтығып отырады.
Тертінші кезеңде балалардың ынтығулары өзіне қарама-қарсы жынысты адамдарға
беріледі. Мұндай балаларда кәдімгідей жыныс сезімдері ояна бастайды.
12. ТҮЙСІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
А. Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.
Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі.
Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз
тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз
байланысты.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы
болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау
үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға
жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны
білінбейді. Оны айыра білу үшін 3—4 грамм қосу керек. Айыру табалдырығы
түйсіктің әр түрінде түрліше болып келеді.
Ә. Адаптация
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп
бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.
Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын, немесе төмендеуін көрсетіп
отырады. Түйсіктердін қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру
түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден караңғы үйге кіру бізде
қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде
көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17
есе көбейеді деген сөз. Қөздің караңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне
орналаскан таяқшалардың әсері өте күшті. Олардың нашар жарыкты да жақсы
сезе алатын қасиеті бар. Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де
күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді
түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол.
Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де,
адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты
артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, с е п с и б а л из а ц ия
сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін кұбылыс болып табылады.
Сезім мушелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады.
Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп
тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге
жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту
түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамнын ақ,
қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық
кезінде ұшқыштардың көздеріне 20—30 минут бойына қызыл көзілдірік
киетіндері осыдан.
В. Синестезия
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына
сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен,
кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz