Санадан тыс құбылыс - әрбір адамның психикалық әрекетінің міндетті құрамды бөлігі


Кіріспе.
Сана адамның барлық психикалық функцияларының жалпы сапасы болып табылатын бейнелеудің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Өзара қатынастағы барлық психикалық функциялардың дамуы адамда сыртқы әлемнің іштей бейнеленуі қамтамасыз етеді.
Психологияны қызықтыратын жеке сананың дамуы мен қалыптасуы қоғамдық санамен үздіксіз байланыста болады. Сана -бірлескен психика түрі, адамның еңбек әрекетінде қалыптасуының тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Сана - қоғамдық болмыс.
Сананың төрт негізгі сипаттамасы бөлінеді:
1. Сана - қоршаған әлем туралы ілімдердің жиынтығы. Сана құрылымына барлық танымдық үрдістер енеді: түйсік, қабылдау, ойлау, қиал, ес.
2. Санада субъект пен объект айырмашылықтарының бектлуі. Органикалық әлем тарихында тек адам ғана қоршаған ортадан өзін бөліп оған өзін қарсы қоя алады. Тіршілік иелері ішішен тек адам ғана өзін тануға қабілетті, яғни өзінің психикалық әрекетін өзіне бағыттай алады.
3. Мақсатты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді. Сана қызметі: әрекеттің мақсатын, оның мотивтерін қалыптастырады, еріктік шешімдер қабылдайды, әрекеттердің орындалу барысын қадағалайды
және т. б.
4. Сондай-ақ, сана құрылымына белгілі бір қатынастар да енеді. Тіл - сананың барлық аталған арнайы қасиеттерінің қалыптасуы
мен болуының міндетті шарты. Тіл - тарихи-қоғамдық тәжірибені немесе қоғамдық сананы білдіретін ерекше объективтік жүйе екені белгілі. Нақтылы бір адам меңгеретін тіл осы адамның шынайы санасы болады.
Тілдің белгілері жоғары жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Сөйлеу тілінде таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз - сананың өзегі.
Тіл біздің саналық болмысымыздың формасы - қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау - қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас үрдісінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
Философ Ю. К. Мельвиль: "Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас үрдісінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да қалыптасады", - деп атап көрсетті.
Тілдің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жинақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінің нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болды.
Сананың негізгі қасиеттері
Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, "болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты" қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. "Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды".
Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жэне ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.
Өзіндік сана-сезім
Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Өзіңдік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы өзіңді тану . Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау үрдісі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз мүшелерінің қалыпты жайы мен қимыл қозғалысын сезіну) өтеді. "Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін, есейген соң өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен салыстыруға, бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады" - деп, И. М. Сеченев дәріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып білу - іс-әрекет және қарым-қатынас үрдістерінде өтеді. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.
Адамның өзін-өзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.
Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі.
Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.
Өз басының қасиеттеріне берген өз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге көмектеседі екен.
Өзін-өзі байқау арқылы өзін-өзі тану. Тікелей өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау формасынада көрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау үрдістерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет объектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды. Өзін-өзі бақылау осыған негізделген. Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады. Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Жүрек алып-ұшып, тым өрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл-күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады.
Көп ретте, өзін-өзі байқауға есте қалғандар бойынша өзіне-өзі есеп беруді, яғни есте сақталған іздерді немесе есте қалған бейнелерді талдауды жатқызады. Адам есінде қалған оқиғаның барлық мән-жайын: сыртқы жағдайды, өз көңіл-күйін, қылықтарын қаз қалпында елестетуге тырысады. Бұл ретте ол құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды қалпына келтіруге және оқиғаны жүйелей жаңғыртуға күш жұмсайды. Психологиада мұндай құбылысты ретроспекция (өткенді қалпына келтіру) деп атайды. Көптеген психологтардың ойынша, инстроспекция, немесе өзін-өзі байқау әрқашанда тек ретроспекция болып табылады. Бұл әлбетте, тіпті де бұлай емес. Ретроспекция туралы сол кездегі көңіл, яғни сондағы күйзеліс қайта жаңғырған жағдайда ғана айтуға болады. Мұндайда зейін психикалық іс-әрекет объектісінен субъектіге, сол адамның, яғни сондағы күйзелісіне ауысады. Алайда, санада психикалық іс-әрекеттің басқа да түрі болуы - күйзелу мен сол күйзелуді талқылаудың бір мезгілде көрініс табуы мүмкін.
Үлкен ми жарты шарының қыртысында, бір мезгілде және қосарлана, жоғары жүйке қызметінің екі түрлі ағысы жүріп өтеді деуге негіз бар: оның бірі әсер етуші объектіні ой бейнесі немесе күйзеліс түрінде бейнелеумен, ал екіншісі - алғашқы ағысты талдау, бағалау және түзетумен байланысты. Жүйке қызметінің екінші ағысы, шындығында да, И. П. Павлов "күзетші орталық деп атаған, ұйқының да, сергек күйдің де тыныштығын қорғайтын үрдіс болса керек. Психологиялық, субъективтік тұрғыдан қарағанда, брі біздің "мен" деп жүргеніміз болып шығады. "Мен" деп аталатын бұл жүйеде белгілі бір шапшаңдық пен ми қыртысының басқа да орындарда болып жататын үрдістер тұрақты түрде бейнеленеді. Басқа сөзбен айтқанда, "Мен" - мидың психикалық қызметін бақылаушы әрі бір мезгілде оған бұйрық беруші қондырғы.
Тіпті санадан тыс өтіп жатқан сияқты болып көрінетін шегіне жете жетілдірілген, әбден машықтандырылған әрекеттің өзі де, шынында, тұрақты түрде байқалатыны баршаға белгілі. Оны аяқ астынан жіберілген қателіктердің дереу түзетілу фактілері дәлелдейді. Қолы қолына жұқпай қимылдайтын ең тәжірибелі деген тоқымашының өзі төмен түсіп кеткен тұзақты көтеру үшін бір сәтке тоқуды тоқтата қояды.
Жеке адамдар іскерлігі мен дағдылануына қарай өз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.
Өзін-өзі тану адамның өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктеріне белгілі бір көзқараста болуына әкеліп жеткізеді. Қайсыбір адамдар өз мінезінің дұрыс жақтарын білумен қатар өз басындағы кемшіліктерін батыл сынай алады. Басқалар өзі жіберген қателіктері мен кемшіліктерін көре-біле тұра, оларын жөндегісі келмейді, өз басының кейбір қадір-қасиетін арқа тұтып, тоқмейілсінуге салынады. Ақырында өз бойындағы өнегелі іс-қылығын байқамай, тек жаңсақ басуларын жіпке тізіп, өзін не қабілетсіз, не жігерсіз санайтын адамдар да кездеседі.
Тек адамның өзі жайындағы біз бірінші келтірген көзқарас қана өзіңді түзету ісінде көмектеседі және өзіңді-өзің тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге жеткізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz