Қиял түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1.Жалпы психология зерттеу пәні, міндет-рі,мақсаты.
Псих-я- психика-қ құбылыс-ң, яғни жан құбылыс-ын қуат-ң пайда болу же
қалыптасу зандылық-ын зерттейтін ғылым.Пән атының өзі де грек тілінен
аударғанда психология- жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым")
дегенді аңғартады.Кең тараған түсініктерге жүгінсек,алғашқы психологиялық
көзқарастар діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында ғылым
тарихы көрсеткеніндей, ежелгі грек философтарының алғашқы тұжырымдары
адамды практикалық тану негізінде бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан
қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пікір бағыттарының жалпы дүние,соның
ішінде жан жөніндегі діни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күресінде дамуын
тапты.Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік
аймағының кемелденуінде бірінші кезең болды да психологая әуел бастан
"жан" туралы ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу
оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы
түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзкарастардың қалыптасуы мен дамуы
философияның өзекті мәселесін-материя мен сана, затгық же рухани
болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелді болып келді.Дәл осы мәселенің
шешімі төнірегінде бір-біріне тікелей қарсы философия бағыттары-идеализм
мен материализм пайда болды.Идеалисттер психиканы болмыс бастауы, өз
бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды. Ал
материалистік танымда психика –туынды, материяға тәуелді құбылыс.Жан
жөніндегі танымдар қандай құбылыс - өзгерістерге енгенімен өмірлік іс-
әрекетгің қозғаушы күші - жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре алмады.
Тек 18 ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты.
Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай
қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді.Декарт ғылымға екі
түсінікті -рефлекс же сананы бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан
мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс материя же рух
жасайтынын уағыздады. 19ғ. психологая дені жөнінде жаңа түсініктер қылаң
бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы берілді.Осыдан
жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келді.19 ғ.2-ші жартысында
дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына әртүрлі мақсаттарды
белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін қолданған, бір-бірін ауыстырып отырған
теориялар таласында жүріп отырды. 19ғ. аяғындағы барша теориялар, XX
ғасырдағы біршама тагылымдар сананың осы интроспектік психологиясы
шеңберінде зерттелді.Психология басқа ғылымдармен, яғни жаратылыстану,
медицина, әдебиет же басқа да ғылымдармен араласып дамып келді.19ғ-ң 2
жартысынан қарай ойлау, сезім,т.б,яғни тәжірибе жүзінде әр түрлі аспап-р-ң
көмегімен зерттеді.Осы кезде псих-я өз алдында дербес тәжірибе ғылым
ретінде дамыды.Ғылым-ң эксперименттік енгізген Вундт болған. Сана
психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды: зерттеуші белгілі
жағдайлар жасап, онда психикалық процестердің өтуін бақылал отырды. Бірақ
бұл бақылаулардың ерекшелігі адам өзінің ішкі жан-күйін, сезімін, ой
толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектік аталған әдіс
қолданылды. 20 ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда
болып, оньщ өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да
емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының
жиынтығы - әрекет-қылық еді.Бұл бағыт бихевиоризм (ағылш. behavior-қылық)
аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін
қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін
қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп
білді.Тек бір онжылдықтың өзінде-ақ бихевиоризм бүкіл дүниеге тарап,
психология ғылымының ықпалды бағыттарының біріне айналды.
2.Жалпы психологияның салалары,басқа ғылымдармен байланысы.
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға
тәуелді байланысынан ғана емес.Көп жағдайда олар қоғамдық, практиканың
өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта
теориялық тарабы басымдау, дүниетанымдық пән болса; ол қазіргі кезде өзінің
танымдык, қызметін сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті басқарудағы, білім
беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы
және т.б. кәсіби практикалық; іс-әрекеттің бір саласына айналуда.Осы заман
психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылъп, әр түрлі еңбек
тәжірибесімен байланысуда.Психология салаларын жіктеудің негізгі принципі -
психиканың іс-әрекетте даму принципі.Көбінесе психология салаларын
топтастыру негізіне адамдардың әр түрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған
орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің
психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық
тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған
білімдерге жіктеледі Олардың ішінде: инженерлік психология, авиация
психологиясы, ғарыштық психология т.б. бар.
Педагогикалық психологияның қызметі адамды оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық, заңдылықтарын ашу.Оның бөлімдері:оқу психологиясы, тәрбие
психологаясы, сондай-ақ, мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды
оқыту-тәрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлығының
психологиялық, мәнін зергтейді. Ол психикалық құбылыстардың ми
физиологиялық құрылдарымен байланысын айқындаушы нейропсихология;емдік
дәрілердің адамның психикалық, жағдайына ықпалын белгілеуші
фармакопсихологая; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық әсерлерді
зертгейтін психотерапия;
Заң психологаясы құқық, жүйесін іске асыруға байланысты психикалық
мәселелерді қарастырады. Онда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер
психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы және т.б.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін; қолбасшы мен
оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологаялық
тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясы-ң әдістерін же
т.б. зерттейді.
Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әр түрлі психикалық процестері
мен психикалық қасиетгерінің онтогенезін зерттейді де келесі салаларды өз
ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересек
адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы.
Дамуы қалыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология:
олигофренопсихология (ақыл-ойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер),
тифлопсихология (зағиптер).
Салыстырмалы психология - психикалық өмірдің филогенетикалық (біртұтас
даму) формаларын зерттейді.Психология салаларын топтастырудың және бір жолы
- қоғам мен жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай
"Әлеуметгік психология" атымен психологаяның көптеген салалары бірігеді.
Әлеуметгік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе
ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын
зерттеумен шұғылданады.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптері мен
маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оньщ негізгі пәндік түсініктері
сипатталады. Бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде
топтастырылады: пснхикалық процестер, психикалық қалыптар мен психикалық
қасиеттер не жеке адамның дара ерекшеліктері.
Психология-ң басқа ғылымдармен байланысы.
19 ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір
саласы болып келді, сондай-ақ, бұл жаратылыстану, медицина, әдебиеттану
ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. В. И. Ленин өзінің
Философиялық дәптерлерінде психология таным теориясы және диалектика,
ғылым тарихының көптеген салаларымен (баланың ақыл-ойының дамуы,
хайуанаттар ойының, тіл дамуының тарихы, сезім мүшелерінің физиологиясы)
құралуы керек.Психологияның тарих, әдебиет, лингвистика, география,
антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор.Психологияның педагогика
ғылымымен де байланысы күшті. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.
Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шәкірттердің жан дүниесіне әсер
ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық
әрекеттерінің мазмұнын, өсіп-дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке
психологиялық өзгешеліктерін білу қажет.Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие
жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін. Қазіргі кездегі психология ғылымының
салалары 40-тан астам, олардың бастылары: еңбек психологиясы — бұл мамандық
таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін
арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге
қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық
жақтарымен шүғылданады.
4. Ми және психика. Мидың құрылымы.
Нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады,
айналадан келетін тітір-кендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв
жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат
алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын
жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.Орталық нерв жүйесіне
жұлын мен ми, ал перифе-риялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен
тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.Орталық нерв жүйесінің екінші бөлігі
— ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша,
ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.Ми бағанасы
әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше атқарады.Сопақша
ми—жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас
қорытудың нерв орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұ-тыну
сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.Сопақша мидың сырт
жағында, формасы ағаштьщ жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық
организмнің қозғалысын, оның бір қалыпты жүріс-тұрысын басқарып
отырады.Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады.
Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп атайды. Бұл бөлім дененің барлық
рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі —
афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.Мидағы осы орталық, оның
төменгі бөліктеріне (жұлын т.б.) басшылық ету процестерінің жұмысын
реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған
баратын импульстерді іріктеп, іріктеп өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны
миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге
болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды кажетті
энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен
айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы
бөлігінің жүмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш нерв орталығы эмоция, ерік
процестерің басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде
елеулі қызмет атқарады.
Егер осы айтылған ми бағанасының. кұрамдары эво-люциялық дамудың төменгі
сзтысында тұрған жануар-лардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса, жо-
ғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі қызметті ми қабығы
атқарады. Денеде болатын барлық қүбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми
қабығы адамдарда ерекше жетілген.Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді.
Олар:маңдай,төбе,желке және самай деп аталынады. Ми кабығы бірыңғай тұтас
мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың
ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т. б.
анализаторлардың нерв орталықтары бар Мәселен,.мидың желке бөлігінде көру
зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары
орналасқан. Ғалымдар қазір арнаулы құрал арқылы мидың кез келген
бөліктерімен байланыса алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін
тірі электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықтарының жаны да
сіріден берік. Өйткені, егер бір тал сымы істен шыққан радиоприемник
жұмысын дереу тоқтататыи болса, жүздеген, мыңдаған нерв клеткалары
зақымданған ми өз жұмысын одан ары жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар
да қалпына келіп отырады екен. Мәселен, адам қатты ашуланған кезде, нерв
клеткаларының бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары
істен шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан-жағындағы клеткалар
жойылып, артынан өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі
психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейронда-рымен синапстарының (нерв
талшықтарының клеткаларға ұштасқан жуандау жері) кейбір бөлімдері бұзы-лады
да, кейін бұл нерв клеткалары өзгеріске түсетін көрінеді.
Ми құрылымы.
Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі мен құрылым ерекшеліктерін
айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән адам миының құрылымымен
танысып, оның жан күйі көрінстерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста
болатынын білу қажет.Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан түрады. Ми
бөліктері сан алуан жүйке қызметі орындайды. Олардың орналасу деңгейі
жоғарылаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен
жайласқан арқа миы, оның қызметі, бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер
кызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша
ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет
топтары, дем алу, қан айналымы, ас қорыту және т.б. жұмыстарды біріктіру).
Бұлардан жоғарылау орталық жүйке бөлігі күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене
қалпын реттеуге қатысатын орта ми жайғасқан. Сопақша ми мен орта ми бас
миының бағаналы бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары
бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Жарым шарлардың
үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты бас миы қабығы көмкерілген. Бұл
қабық, қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын манда жатқан көру төмпешіктері
мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты деп аталады. Ми қабығы қабық
астымен қосыла рефлекторлық әрекетіің күрделі формаларын басқарады.Жүйке
жүйесінің барша бөлімдері өзара тығыз, ықпалды байланыста. Бірақ олардың
әрқайсысының; ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі -
сопақша ми, орта мимен қосыла .тума рефлекстер орталығына бірігеді.Арқа
миында ең қарапайым рефлекстер орталығы (тізе рефлексі) бар. Дене мен аяқ-
қол сүйек бұлшык, еттерін реттейтін, ішкі мүшелер жұмыстарын басқарушы
рефлекторлық орталықтар да осы арқа миында. Бас миының бағаналы бөлігі
күрделі де тіршілікке өте қажет шартсыз рефлекстік әрекетгерді басқаратын
орталық.Сору, шайнау және жұтыну рефлекстері осы тетік құрамындағы сопақша
мидың жауап әрекет орталығынан басқарылады. Кейбір қорғаныс рефлекстерін
(түшкіру, жөтел, жас ағу) де осындағы жүйке іске асырады.Орта мида көз бен
құлақ қозуларын қозғалыс аймағына жеткізетін орталықтармен қатар көз
қарашығын тарылтатын жүйке тетігі жайғасқан, бірақ бас миы бағаналы
бөлігінің қызметі бұнымен шектелмейді. Сопақша мида орналасқан дем алыс,
жүрек-тамыр мүшелерінің қызметін, сонымен бірге организмнің ішкі құрылым
тұрақтылығын сақтаушы басқа да органдардың жүмысын реттеуші орталықтар
ерекше маңызға ие. Өте күрделі қызметтер мишыққа жүктелген.
13.Қабылдау. Қабылдаудың ерекшеліктері.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызда бей-неленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен
құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері тұтас
күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық.Мұнда біздің
анализаторларымызға оның қызыл түсі,. хошиісі, тәтті дәмі т. б. осындай
қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда
болады.Кабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады.
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Қісі бұлардың бәрін
бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы
поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.
Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.Қабылдау —
ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.
Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы
мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары
жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру
анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни
тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түр түсі, мөлшеріне
қарамай-ақ оның тұлғасын;тануға мүмкіндік береді.Сөйтіп, қабылдау —
түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың
бірлесіп кызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың
(көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.
Қабылдаудың ерекшеліктері.
А) Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.Кей кезде бұрынғы
тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы,
үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында
қабылдаймыз.
Ә) Қабылдаудың мағыналылығы
Бұл ерекшелік те қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы
көрсетеді.Ол объектілердін мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі
тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қабылдауда
объектінің аты сөзбен (екінші снгнал жүйесі) берілсе, қандай нәрсе болса да
оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген
сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ, азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы
қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінетіндіктен ғана
оларды толық қабылдай алады.
Б) Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның
қасиеті,сапасын) қабылдаудың таңдамалығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда
ондағы бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер
кітапта университет деген сөз унверситет деп қате жазылса да біз мұны
университет деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл
бөлінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, жеке
әріптерге шұқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстің
мазмұны ұғылмай, күнгірт қалып қоятын кездері болады.
В) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)
Қабылдаудьщ константтылыгы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан,
заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады.
Мәселен,біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-бірінен қашықтығы
көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын
бір-біріне тең деп қабылдаймыз.Өйткені, олардың шындықтағы қалпы осындай.
Г) Қабылдаудағы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді.
Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де
болады.Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды
и л л ю з и я деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда
болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың сынған құсап
тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ
пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты. Қөзге қозу процесінің
жайылуы, көздің затқа бейімделуі (аккомадация), қозғалысы, қабылданатын
затқа көздің төселмеуі т. б.).
Д) Апперцепция
Қабылдаудьщ адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен, тәжірибесінің
мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцеіщия тұрақты және
уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен
мамандығы, білімі меи дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен,
түбір деген сезді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді
ести салысымен сөздін түбірі жайлы айтқысы келеді.
14.Зейін. Зейіннің түрлері.
3 е й і н деп—адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиялдың дамуы
Қиял туралы түсінік
Қиял анықтамасы
БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
Қиял процесі
Ертегі - қиял жемісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Пассив қиялдың айкын көрінісі адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады, Қиялдагы образды қайта жасау механизмі
Қиялдың түрлері
Пәндер