Психика тек адамға тән қасиет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Психика дамуы
Жоспары:1Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары.
2Жануарлардың тума әрекет-қылығы.
3Жануарлар дағдысы.
4Жануарлардың интеллекттілік қылық -әрекеті.

1Психиканың пайда болуы,яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар
өзара тығыз байланысты .Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы
көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселеның теориялық
ерекшеліктерімен сипатталады.
Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт
қалыптасқан .Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында
Р.Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық
антропопсихизмбағдары.Оның мәні психиканың пайда болуы адамның келіп
шығуымен байланысты.Психика тек адамға тән қасиет .Осылай пайымдаудан
адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа
шығарылды.Мұндай пікір қазіргі күнде өз қолдауын табуда.Бұған қарама
–қарсы екінші теория панпсихизм,яғни бүкіл табиғаттың жан –рухани
қасиетке иелігі жөніндегі ұғым.Бұл біріне қайшы екі көзқарастың аралығында
кеңірек өріс алған биопсихизмтеориясы бар.Биопсихизмшілердің пікірі
–психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлігіне ғана
тән нәрсе қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас
психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арсындағы жүйке
жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс .Мұндай тұжырым
нейропсихизмдеп аталған.
Каоцерваттардың индиферент әсерлерді елемей зат алмасу процесіне
себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады,ал бұл тітіркену
құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанда
көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды әрқандай тірі организм сыртқы
тітіркендіргіштерге таңдамалы қатынас жасап тірі материяның өзіндік
реттеу деп аталатын жаңа сапалық қасиетін танытады. Тітіркену –бұл
биологиялық бейнелеудің ең қарапайым формасы болумен, өсімдік және
жануарлар эволюциясының барша кезеңдеріндегі тірі организмдерге тән
құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биолгиялық мәнді әсерлерге
жауап беру қабілеті.Осылай
1

органикалық дүниеге өту барысында бейнелеудің сапалық жаңа формасы келіп
шығады,әлбетте, бұл бейне айналадағыдай дәл сипатты бере алмайды.
Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар тиісті мүшеге түсумен
бейтарап тітіркендіргіштерді де қабылдай алатын сезу қасиеті өмір
формасына түпкілікті өзгерістер енгізеді.Ең бастысы тіршілік иесі
қоршаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі
өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып өсімдіктерге белсенді
қатынас жасай отырып өсімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың жеке -дара
өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.
Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет –қылықтың қалыптасуы
өте баяу болад ы, солайда болса, бұл процестің экспримент жағдайында
брамштедтбайқауға қол жетті.Бір жасушалы жануарлар жылуды сезінеді де
жарықты қабылдамайды.Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншісі қараңғы
суы теңдей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды.Ал егер
камерадағы судың бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа
келіп жиналады.
Көпжасушалылар дәредесіне өту –тіршілік жағдайын күрделендіріп
жіберді. Қоршаған ортадағы бағыт-бағдар таңдаудың белсенділік ролі артып,
күрделі қозғалыстар мен қозудың жылдам жүрісін қамтамасыз ету
қажеттілігін туындайды.Бұл көпжасушалылардың дене құрлымының
күрделенуіне тітіркенуді сезуге байланысты арнайы жасушалардың
түзілуімен пайда болуына, бұлшық ет қысқарту-тарту жасушалардың
түзілуі мен торлы-тармақты сипатқа ие жүйке жүйесінің дамуына
әкеледі.
Мұндай жүйке көрінісін. Мысалы :медуза,актиния және теңіз
жұлдызшаларында байқауға болады.Бұл даму кезеңіне тән құбылыс:торлы
жүйке жүйесіне орай қозу жүрісі бірқанша жылдамдасады.Бірақ, тіршілік
дамуында ұнамды із қалдырғанмен диффуздық жүйке жүйесінің кемшілігі де
бар: қозу торлы жүйке тармақтарымен бүкіл дене бойлап теңдей
таралады.Сондықтан сырттан келген әсерді қабылдап, өңдеп және бейнелеп
танитын жетекші органның болмағанынан бұл деңгейдегі тіршілік иесінің
әрекет –қылығы шектеулі болатыны табиғи фактор.Мұндай кемшілік бұдан әрі
эволюциялық даму барысында көрінеді.
2
2Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі ганглиоздық жүйке жүйесінің
пайда болуымен байланысты.Мұндай жүйке жүйесі жоғары омыртқасыздарда,
соның ішінде жәндіктерде күшті дамыды. Ганглиоздық жүйкенің туындауы
және оның көмегімен әрекет –қылықтардың қалыптасуы тіршілік
эволюциясындағы өте маңызды ілгерілеу болды.
Енді қарапайым омыртқасыздардың өздерінде –ақ өткен кезеңмен
салыстырғанда жүйке жүйесінің түбегейлі басқа құрылым принципн
байқауға болады.Химиялық және сезімді қабылдағыш жүйке талшықтары
жәндіктің бас жағында топтасқан, олар арқылы химиялық жылу жарық
өзгерістерін және сыртқы ортадағы дымқылды қабылдайды.Бұл сигналдар
бас жүйке нүктесінде өңделіп осыған байланысты әрекет-қылық
бағдарламасы дененің әр бөлігінде жайласқан жүйке жүйесінен мүлде
басқаша жаңа принцип іске қосылып жүйке жүйесі бір орталыққа
бағынышты болды.
Жәндік денедегі жүйке құрлымының күрделенуі бұрынғылармен
салыстырғанда жетіліңкіреген бірақ өте қарапайым әрекет-қылықтардың жаңа
түрлерін пайда етті, сонымен бірге бұрыннан қалыптасқан дағдыларды
сақтап тұру мүмкіндігіне ие болды, яғни жануарда ес қасиетінің
белгілері нышан берді.
Әрекет-қылықтың бүдан кейінгі дамуы тыстан келетін әртүрлі
бөлшектенген ақпаратты қабылдауға арналған тән арнайы тетіктерінің
пайда болуымен және жануарға қоршаған ортаның тұрақты біркелкі ,
бірақ өте күрделі жағдайларына икемделуге жәрдем беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана мен бейсана
Психика мен сана дамуы
Психика туралы жалпы үғым
Психиканың пайда болуы және дамуы
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Адам психикасының айырмашылықтары
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер
Адам психикасы
Адамның психикалық қасиеттері
Пәндер