Проблемалық оқытудың зерттелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасы

Курстық жұмыс

Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын дамыту жолдары
( 3 - сынып)

Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының 4- курс студенті Мұңдыбекова
Г.

Ғылыми жетекші
оқытушы Танирбергенова А.Ш.

Арқалық

2007
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын 6
дамытудың теориялық негізі
1.1 Проблемалық оқытудың зерттелуі 6
1.2 Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын
дамытудың мүмкіндіктері 19
Бірінші тарау бойынша қорытынды 36
2 Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын
дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстары
37
2.1 Оқушылардың ойлауын психологиялық тұрғыдан анықтау жолдары
37
2.2 Оқушылардың ойлауын педагогикалық тұрғыдан анықтау жолдары
41
Екінші тарау бойынша қорытынды 46
Жалпы қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер 48

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылы 1-наурызда
халыққа жолдауында: Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың
бірі-деген1.

ҚР Білім туралы Заңында көрсетілгендей білім беру жүйесінің негізгі
міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке тұлғаныңы қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай
туғызу болып табылады. Сонымен екінші бапта білімнің негізгі міндеттері
рухани және дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері
мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу
арқылы ақыл-ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып
табылатыны туралы айтылған. Әр мектептің білім әрекеті әр оқушының
қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға
бейімделу қабілеттілігі мен қоғамдағы табысты іс-әрекетіне бағытталған2.
Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай,
оқушыларды ойлауға, қабілеттілігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр
оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты
баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауы болып
саналады.3
Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру
бүгінгі және болашақтың талабы. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептегі жетекші
оқу әрекетінің мол мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған жөн.
Қазіргі басты мақсат-оқушылардың интеллектісін дамыту және де біз
интеллект деп мәлімет аз жағдайдың өзінде адамның тез қорытынды жасауын
немесе логикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау қабілетін түсінеміз.4
Бұл тұрғыда бастауыш сыныптан бастап оқушылардың ойлауын дамыту өзекті
мәселердің бірі. Бұл тұрғыда проблемалық оқыту тәсілдерін тиімді
пайдаланудың қажеттігі туындайды.
Проблемалы оқыту — бұл ғылым негіздерін оқып- білу процесінде жеке
адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің
қалыптасуы.
Проблемалы окытудың мақсаты — мұғалім оқушыларды білім
жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай,
олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды
шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа
білімді игеру туралы қорытынды жасайды. Оны практикада қол
данады6.
Кез-келген оқыту белгілі бір мөлшерде оқушының дамытады. Дамытуда шешуші
ролді оқыту атқарады. Терістеу-дамудың қозғаушы күші.ол белгілі бір зат пен
құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау.Жаңа сапаның
болуына мүмкіндік туғызады. Даму- жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп,
ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді.
Ал проблемалық оқыту тәсілдерін практикада мұғалімдер көбіне қолдана
бермейді, себебі қазақ тілінде проблемалық оқыту тәсілдеріне бағытталған
әдістемелік құралдар жетіспейді. Бұл осы тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушыларының ойлауын дамытуда проблемалық
оқытудың тиімді жолдарын іздестіру.

Зерттеу обьектісі: бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі проблемалық
оқыту.
Зерттеу пәні: проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын
дамыту жолдары.
Ғылыми болжамы: егерде ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты
түрде құрылса проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын
дамытуға болады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ғылыми- әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық
негізін анықтау.
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау деңгейлерін психологиялық
педагогикалық тұрғыдан анықтау жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері:
- бақылау;
- тест;
- сұрақ-жауап;
- салыстыру.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасына байланысты педагогикалық-
психологиялық ой-пікірлер, жалпы білім беретін мектептің бастауыш
сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы бастауыш
білімнің мемлекеттік стандарты, жалпы білім беретін мектептің
бағдарламалары,оқулықтар,оқу құралдары;
Курстық жұмыс көлемі:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Пробемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын
дамытудың теориялық негізі тарауында проблеманың психология, педагогика
саласында зерттеу деңгейі қарастырылып, бастауыш сынып
тәжірибесіндегі проблемалық оқыту тәсілдеріне негізделген жұмыстардың
мүмкіндіктері туралы сөз болады.
Пробемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға
бағытталған тәжірибелік жұмыстары атты екінші тарауда оқушылардың ойлау
деңгейінің педагогикалық және психологиялық шамасы, оларды анықтау жолдары
туралы айтылады.

Курстық жұмысты жазу кезінде қолданылған әдебиеттер тізімдері
көрсетілді.

1 Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын дамытудың
теориялық негізі
1.1 Проблемалық оқытудың зерттелуі

Педагогика тарихында eкi түрлi қapaмa-қайшы пiкiр орын алып келедi.
Бiрi - жаратушының күштiлiгiң тұқым қуалаушьшық факторды қуаттаса, екіншiсi
керiсiнше барлық нәтиженi ортаның әcepiнe жатқызады.
Қазiргi күнгi ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сеулеленуiне яғни танымдық тәжiрибенi және әpeкeттi мeңгepyінe,
меншiктеуiне байланысты деп қарайды. Бұл - оқу бiлiм алу деген сез.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементi. Кез келген оқыту
белгiлi бiр мөлшерде адамды дамытады. Оқыту процесін іске асыру белгілі бір
заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады 7.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы,
берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады.
Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы
анықталған кезде зандылықты заң деп білеміз.
Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын
түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды
шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін
қоскан педагог - ғалымдар Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы,
Дистервегтің дәлелдеуінше, “жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз
оны іздеп табуды үйретеді”8.
Проблемалы окытудың мақсаты — мұғалім оқушыларды білім
жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай,
олардың танымдық, және шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды
шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа
білімді игеру туралы қорытынды жасайды. Оны практикада қолданады 9.
Проблемалық оқыту бағдарламаланған оқыту жүйесі сияқты білім
берудің белсенді технологиясына жатады. Оның негізінде қандай да бір
тапсырманы, мәселені шешу жатыр. Ғылымда проблемалық дегеніміз - қарама-
қарсы жағдаят, қандай да бір құбылыстың нысаны, үрдістің
түсініктемелерінің қарама-қарсы жағдайда көрінуі6.
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында проблемалық оқытуға қатысты
көптеген педагогикалық еңбектер жарық көрді. Бұл оқыту түрі
педагогикада жаңа пайда болған құбылыс емес, сонау
Сократ,Руссо,Дистерверг,Чернышевски й, Пирогов,Ушинский,Дьюй сияқты
есімдермен байланысты болған. Проблемалық оқытудың дәстүрлі оқытудан
айырмашылығы - мұнда мотивация жүйесі өзгеше, акцент интеллекттуалдық
ойлдарда жасалады. Проблемалық оқыту – бұл оқушылардың танымдық,
шығармашылық, теориялық және тәжірибелік іскерлігін оңтайлы басқару
жүйесі.
Проблемалық оқыту мәні - толық шешімін таппаған, таласты
сұрақтардың бірі. Проблемалық оқытуды дидактикалық жүйе, әдіс, оқыту
ұстанымы, типі деп атап жүр.
Сонымен ол оқыту үрдісі болып табылады, яғни:
-ойлау операцияларынын қисынын талдау, жүйелеу, қорытындылау мен
оқушылардың ізденіс әректтерінін заңдылықтары проблемалық жағдаяттың
танымдық қызығудың, қажетсінудің дәрежесін ескере отырып жасалған оқу
мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінін жүйесі;
-ойлау қабілеттері мен танымдық қызметтерін қалыптастыру, ақыл - ойын,
ойлауды дамыту
Заңдылықтары негізінде арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушыларды
ғылым негіздерін оқып үйрену, ғылыми біліммен қаруландыру арқылы
жүргізілетін жұмыс.
Проблемалық оқыту - оқытудың жаңа типі. Ол түсіндірмелік -
иллюстративтік әдісті алмастырып, оқушылардың шығармашылық ізденіс
үстінде білім алуына негіз болады (В.Загвязинский) 10.
Дәстүрлі оқыту мен проблемалық оқыту арасындағы негізгі
ерекшелік, айырмашылық екі жайттан көрінеді: педагогикалық үрдісті
ұйымдастыру мақсатынан және ұстаным қағидасынан.
Дәстүрлі оқыту мақсаты - таным мәселелерін меңгеру, оқушыларды
ғылым негіздері білімімен қаруландыру, оларға тиісті шеберліктер мен
дағдыларды сіңіру болса, проблемалық оқыту мақсаты - ғылыми таным
нәтижелерін, білім деңгейін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып
қоймай, бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үрдісін де меңгерту,
оқушының танымдық дербестігін және оның шығармашылық ізденіс
үстіндегі алғырлығы мен ойшылдығын арттыру қабілеттерін дамыту. Мұнда
түсіндірмелік иллюстрациялық оқытуды ұйымдастыру негізінде оқушыларға
ғылымның дайын қорытындыларын беру ұстанымы жатыр. Ал проблемалық
оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізінде оқушының оқу-танымдық ізденіс
әрекеті мен білімдерді меңгеру, яғни ғылым қорытындыларын, әрект
тәсілдерін ашу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану тәсілдерін ойлап табу
ұстанымы жатыр.
И.Я.Лернер проблемалық оқытудың төрт түрін атап көрсетеді: проблемалық
баяндама, эвристикалық(пікір алысу), жеке ізденіс (жартылай), зерттеу
әдістері 12.
Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны:мұғалім проблемалық жағдай
туғыза отырып , ізденіс материалын өзі баяндап түсіндіреді,логикалық іс-
әректтің,қайшылықтарын пайда болу негіздерін,оларды шешудің жолдарын
көрсетіп береді.Оқушылар әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз
болжамдарын ұсынады,ғылыми ізденіс жүргізеді.
Эвристикалық пікір алысуда мұғалім проблемалық мәселені тікелей
еңгізеді де бір-біріне байланысты сұрақтар қояды, қайтарылған тура
жауаптар мәселенің шешіміне әкеледі.
Жеке жартылай ізденіс әдісі оқушылардан қойылған проблены өз бетінше
шешуді талап етеді.Дегенмен мұғалім көмектесіп,ойлау әректінің жоспарын
белгілейді,қиындықтарды шешу жолын көрсетеді 12.
Проблемалық оқытудағы оқушылар білімінің,дағдысы мен
икемділігінің өзектілігі мынада:
-болжамды ұсыну және негіздеу;
-өзекті мәселені қалыптастыру,өзекті жағдай туғызу;
-болжамды тексеру;
-мәселені шешудің дұрыстығын тексеру;
-шешуші қорытынды жасау.
Проблемалық оқыту-дидактикалық ұстаным,ол жүйе де,әдіс те емес.
Пікірталаста түсінбеушілік тудырудағы қарама-қайшылық деңгейінің
араласуынан байқалады.
Бірінші деңгей,ғылыми білім мен белгісіздік
арасындағы қарама-қайшылық,келесі деңгей-оқу-танымдық іскерлік
деңгейі,яғни субъективті білім мен әлі анықталмаған белгісіз нысандардағы
шындық арасындағы қарама-қайшылық.Үшінші деңгей ғылыми көзқараспен
қарағанда аса қиын мәселе емес,бірақ Психологиялық сөздіктеберілген
проблематүсінігінің анықтамасы бойынша оқушыда қиындық пен қарама-
қайшылық тууы мүмкін.
Атақты физик, Нобель сыйлығының иегері, академик И.Тамма өмірінен
мысал келтірейік.Оған үнемі ағынға қарсы келуге тура келіп
отырды.Отызыншы жылдары ол нейтронның магнитті кезеңі бар деген идеясын
ұсынды.Белгілі физиктер түрлі тілде оны бұл идеядан бас тартуға көндірмекші
болды.Электірлі нейтронды бөліктерде манит кезеңі қайдан болсын.Бірақ,
И.Тамма өз айтқанынан қайтпады. Ақыры айтқан идеясы дұрыс болып
шықты.Бұдан біз оның нағыз үлкен мәселе алдында тұрғанын
байқаймыз.Ендеше адамзатқа белгісіз құбылыстын шешуін табу керек,манызды
ғылыми ізденістер,идеясын дәлелдейтін деректер керек13.
Осындай жағдай оқу үрдісінде кездесуі мүмкін бе?Мүмкін,бірақ мұндай
жағдай сирек кездеседі,өйткені білімгердің ғана емес,сонымен қатар
оқымыстының да қолынан проблемалық шешу әр уақытта келе бермейді.
Мәселелік тапсырма әрекеттің біразын қамтиды,оны шешу үшін оқушыға
өздігінен біраз ізденістер жасауға тура келеді.Мысалы,белгілі аймаққа
арналған типтік жобаның құрылыс типі мен байланысы бола ма?Бұл аса ірі оқу
– танымдық тапсырма.Бұл тапсырма шешімі арнайы ізденісті,жетіспейтін
мәліметті талап етеді.
Мәселелік жағдай- бұл интеллектуалдық қиындықтың адамда кездесетін
психологиялық күй, егер адам жаңа фактіні өз білімінің көмегімен
түсіндіре алмаса немесе өзіне белгілі әдістермен әрекетті орындай
алмаса, онда жаңа түрін іздеуі керек. Мұндай жағдайда белсенді ойлау
қажеттілігі, ең бастысы неге? деген сұрақ туындайды. Ол проблемалық
оқытудың мәні болып табылады. Оның төрт деңгейі бар:
1.Оқытушы проблеманы өзі қойып, оны оқытушыларды қатыстыра
отырып шешеді.
2.Оқытушы проблеманы өзі қояды, оқушылар оны өз бетінше
мұғалімнің басшылығымен шешеді. Мұнда ойлауға кеңістік ашылады.
3.Оқушы проблеманы өзі қойып, оны мұғалім көмегімен шешеді.
4.Оқушы проблеманы өзі қойып, өзі шешеді.
Проблемалық оқытудың үшінші, төртінші деңгейі кейде екінші зерттеумен
байланысты болады, яғни оқытудың мұндай түрі стандартты емес
тапсырмаларды шешуге үйретеді. Үрдіс барысында оқушылар жаңа білімдер
алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке
үйренеді 7.
Проблемалық оқытудың артықшылығы: зейіннін дамуына мүмкіншілік
жасайды, байқампаздықты танытады, оқушының танымдық іскерлігін белсенді
дамытады, жауаптылық, сыншылдық, өзін сынау, бастамашылдық және өзіне
баға беру әрекетін дамытады.Бұдан басқа проблемалық оқыту алынған
білімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, мұнда Б.Зейгарник
ашқан, психологияда белгілі аяқталмаған әрекет эффектісі жұмыс
істейді. Оның мәні мынада, басталған әрекеттер, бірақ аяқталмағаны
есте жақсы қалады: әрекеттің басы мен күтілетін нәтиже арасында
өзекті байланыс сақталады, сондықтан бізге аяқталмағаны ойландырады,
аяғына дейін істелгені есімізде сақталады.
Проблемалық оқытудың кемшілігі оның оқу үрдісінде оқушыға
қиындық туғызатындығын, соның арқасында шешу жолын ізденуге көп
уақытың кетуін жатқызуға болады. Сонымен қатар бағдарламаланған
оқытуға қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру
оқытушының шеберлігі мен көп уақытын талап етеді. Тап осы жағдайлар
проблемалық оқытуды кең қолдануға кедергі келтіреді. Бірақ, оған
талпыну керек және әрбір шебер педагог оны қолданады, өйткені
проблемалық оқыту зерттеумен байланысты және осыған сәйкес дәстүрлі
оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез-келген зерттеу- жаңа білім алу
үрдісі, ал оқыту – белгілі білімдерді тарату үрдісі болып табылады.
Ал проблемалық оқыту зерттей отырып оқытуға, оқыта отырып зерттеуге
үйретеді.
Проблемалық оқыту оқушының танымдық көкжиегін кеңейтеді,
шығармашылық белсенділігін арттырады, білім игеру қарқының тездетеді,
қасиет сапасын жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз
бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта –ықыласын оятады.
Проблемалық оқыту кезінде төмендегідей нәрселер айқын көрінеді:
мәселенің тууы және оны сезінуі,шешімін табуға іздену, оның
дұрыстығын тексеру. Проблеманы сезіну оқушыны қиын жағдайдан шығу
жолдарын табуға жетелейді. Бұл, сөз жоқ, оны өз бетінше ойлануға
мәжбүр етеді12.
Проблемалық жағдайдың бірнеше түрі бар. Бірінші түрінде
оқушылар мәселені шешуге қажетті білім жүйесін таңдауда оның
көптігінен қателікке ұрынады. Екінші түрінде білімнің
жеткіліксіздігінен мәселені шешудің мүмкіндігі жоқ екендігі сезінеді.
Үшінші түрінде білімді тәжірибемен ұштастыруға кезігеді. Төртінші
түрінде теориялық білімнің жетіспеушілігінен өмірлік қарама –
қайшылықтарға тап болады.Сабақ өту барысында әр түрлі проблемалық
жағдайлар тууы мүмкін.Мәселен,оқытушы тақырыптың өзінен-ақ сұрақ-жауап алу
арқылы оқушыларды қызықтыра алады.Мәселелік жағдайды тақырыптық мазмұнын
түсіндіріп тұрғанда да жасауға болады.
Проблемалық оқыту айрықша құрылымға ие. Оның ең бастысы-оқушының
мәселені шешуде мұғалімнің басшылығымен немесе өз бетінше жұмыс
жасауы болып табылады.Құрылымның негізгі элементі-игерілген білімнің
өзектілігі.
Проблемалық оқытудың өзіне тән ерекшелігі бар.Бірақ, қатып қалған
қағида жоқ, сабақты ұйымдастыру оның нақты мазмұны мен мақсатына
тікелей қатысты.Сондықтан проблемалық оқытудың талдабына жауап
беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Мұндай оқыту түрінің жөн-жобасын толық меңгерген тәжірибелі
ұстаздар сабағы төмендегідей кезеңдерден тұрады.
1-кезең. Мәселені қою және проблемалық жағдайларды талдауға
мыналар кіреді:оқушыдан шешімін күткен нәрсені айқындау;оны шешуге
оқушының қызығуы мен талпынысы, проблемалық жағдайды талдау.
Мұғалімнің жалпы мәселені қоюын эксперимент,эвристикалық сұхбат
көмек арқылы жүзеге асыруға болады.Бұл кезеңде проблемалық
жағдайларға талдау жүргізіліп, қиын жайттен оқушы шығуға әрекет
етеді.Талдау үрдісінде белгілі мен белгісіздің арақатынасы
айқындалып, оқушы нені білу керек?деген сұраққа жауап іздейді.
Сонымен жағдайды талдау нәтежесінде оқушы проблеманы сезініп,көп
нәрсені айқындай түседі.
2-кезең. Оқу мәселелерін шешуге мыналар кіреді:шешу жоспарын
құрастыру,гипотеза және оның негіздері.
Жоспар жасаудың мәні мынада.Оқушы өз бойына бұрыннан жиған
тәжірибесі арқылы белгілі мен белгісіздің арасындағы байланысты
орнатуға әрекет жасайды. Осының негізінде шешімдерді табу барысында
олар гипотезаға айналады.
3-кезең. Мәселені шешуді тексеруге мыналар жатады:бақылау
жұмыстарын орындау, қатені жөндеу мен орындау нәтижелерін тексеру
және тақырыпты бекіту.Ол тәжірибе негізінде белгілі мақсатты жолмен
тапсырма талаптарын мүлтіксіз орындату,сондай-ақ бақылау жұмыстарын
жаздыру арқылы жүзеге асырылады.Бұл кезеңде сабақтағы жалпы жағдай
заң,түсінік,т.с.с.өзара қатынасы арқылы жүзеге асады.Соның нәтежесіде
пәнаралық байланыстар орнатылып,оқушының жалпы дүниетаным көзқарасы
кеңейеді.
Негізінен, проблемалық оқытуды бірнеше кезеңге бөлуге
болады:олар-эксперименттік көмек арқылы тапсырмаларды
орындау,эвристикалық сұхбат негізінде мұғалімнің мәселені қоюы,бір
немесе бірнеше гипотеза қалыптастыру бойынша оқытушы мен оқушының
бірлескен жұмысы,оқышуның қателікті талдай білуі,мәселелік міндеттерді
шешу жолындағы оқушының өз бетінше жұмыс жасуы,т.б.
Проблемалы оқыту — бұл ғылым негіздерін оқьш - білу процесінде жеке
адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің
қалыптасуы. Психологтар адамның ойлағыштық іс-өрекетінің негізгі түрлерін
атайды: репродуктивті және продуктивті, шығармашылық32.
Репродуктивті іс-әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім
жаңа оқу материалын, жаңа үғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы
орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен
алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес
орындауға қажет 6.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім проблемалық
ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.
Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз бетімен
жаңа ситуацияда қолданауы немесе белгілі ситуацияда жаңа білімді, әрекет
жасаудың жаңа ережесін табады (алгоритмді өзі жасайды). Бірақ оқушының
дайын алгоритмді, үлгіні пайдалануы да мүмкін24.
Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлаумен,
байымдаумен, өз бетінше ізденумен сипатталады (проблема түрінде сұрақтар
қою, жорамал ой туғызу т. б.).
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритмнен, үлгіден, формализмнен
аумаушылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның
мәні, негізгі идеялары тез түсініп үғыну, істің кенеттен шешілу жолдарын
табу.
Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.
Проблемалық ситуация деп - пайда болған кұбылыстарды, фактілерді
адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан
қиыншылық қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді
немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық пайда болуынан проблеманың
шешілуіне дейін мынадай кезеңдері болады:
проблемалық ситуацияның пайда болуы;
проблеманы - сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
болжамды дәлелдеу;
— проблема шешімінің дұрыстығын тексеру29.
Проблеманы окьпу процесінде мұғалім оқушыларға сұрактар қояды, түрлі
тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады. Осының
нәтижесінде әрбір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге
тырысады.
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі
проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3 - сьшьш оқушысына
өзеннің бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол
сұрақтың мәнін үғып оны шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық
ситуация пайда болды, бірақ ол проблема бола алмады. Себебі, оны шешу үшін
оқушының білімі, тәжірибесі жеткіліксіз болды.
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын
проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген
сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды,
оны окушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-оезімінде
қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау киыншылығы проблемалық
жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиьш болуы, екінші
жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят
туғызу, проблемалық сұрақ кою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі15.
Жоғарыда қарастырылған мәселелерді талдай келе проблемалық оқытудың
тиімділігінің тізбегін беруге болады:
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
-оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Сонымен қатар проблемалық оқытудың кемшіліктері тізбегін беруге болады:
оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау21.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге
қатар қолданылады.

Проблемалық оқыту гректің проблема - есеп, іс, эерттеуді к,ажет
ететін міндет6.
Проблемалық оқыту мәні толық шешімін таппаған, таласты сұрақтардың
бірі. Проблемалық оқыту дидактикалық жүйе, әдіс, оқыту принципі, типі деп
атап жүр.
Проблемалық оқыту – проблемалық принципін ескере отырып жасалған оқу
процесі;
- ойлау операцияларының логикасы талдау жүйелеу, қорытындылау мен
оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын проблемалық ситуацияның,
танымдық, қызығушылығының, қажетсінуінің дәрежесін ескере отырып жасалған
оқу оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі;
- ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру, ақыл – ойын,
ойды дамыту заңдылықтары негізінде арнайы педагогикалық құралдар арқылы
оқуларды ғылым негіздерін оқып – үйрену, ғылыми біліммен
қаруландыру аркылы енгізілетін жұмыс.22..
Э.Г.Мингизовтың пікірінше, проблемалық оқыту, оқытудың жаңа
принципі, ол қазіргі кезеңде ең өзекті, оны іс – тәжірибеге енгізу
қажет жене де дидактикаға оқытудың әдіс жүйесі, типі, түрі, не формасы
мағынасында емес, оқыту формасы мағынасында енеді30.
В.И.Загвязинский Проблемалық оқыту - оқытудың жаңа принципі. Ол
түсіндірмелі - иллюстративтік өдісті алмастырып, оқушылардың
шығармашылық негізінде білім алуына негіз болады-деген анықтама
берген10.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында дәстүрлік және
проблемалық оқыту арасындағы негізгі ереше айырмашылық екі жайттан
көрінеді:
1 - педагогикалық процесті ұйымдастыру мақсатынан;
2 - қағидасынан (принципінен);
Проблемалық окыту мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білім
деңгейін, іскерлігімен дағдысын қалыптастырып қоймай, бұл нәтижелерге
жету жолының өз процесін де меңгерту, оқушының танымдық дербестігін
калыптастырып оның шығармашылық ізденіс үстіндеп алғырлығы мен ойшылдығын
арттыру, қабілеттерін дамыту;
Проблемалық оқыту процесін ұйымдастырудың негізінде оқушының оқу-
танымдық ізденіс әрекетінің, білімдерді ділгірлік меңгеру, яғни ғылым
қорытындыларын, әрекет тәсілдерін ашу, жаңа білімдерді төжірибеде қолдану
тәсілдерін ойлап табу. Проблемалық мәселенің мазмұны оқушылардың алған
білімімен, олар шешуге тиісті жаңа мәселелерінің арасындағы қайшылыққа
негізделген ділгірлік (ситуацияда) жағдайда. Проблемалық мәселенің шешімін
табу оқушылардан жаңа жағдайда алған білімін пайдалануды қажет етеді, бұл
олардың ойлау қабілетін дамытады9.
Проблемалық оқытудың негізгі мазмұны мынада: мұғалім проблемалық
жағдай туғыза отырып, ізденіс материалын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық
іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын
көрсетіп береді. Оқушылар әңгіменің желісіне зер салып, сұрақттар қояды, өз
болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді10.

1.2 Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын дамытудың
мүмкіндіктері

Әлемдік психолгого-педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамыту
мәселесін А.Н.Леонтьев, С.П.Рубинштейн, М.Л.Гуров, Е.Н.Кабанова,
Г.С.Костюк, Н.В.Запков, тағы басқа ғалымдар теориялық тұрғыда қарастырған.
Зерттеу барысында “Ойлау”, “Логикалық ойлау” ұғымдары бір-біріне пара-
пар.
М.Жұмабаев:”Ойлау-жанның терең, әрі қиын ісі”, - деген болатын.
Оқушылардың ойлау әрекетін өрістету өте қиын іс16.
Соның ішінде, ойлаудың қарапайым түрі логикалық ойауды дамыту
мұғалімдерді толғандырар іс. Себебі, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту -
қазіргі білім беру міндеттерінің бірі.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптағы білім мазмұны
тұжырымдамасында:... “Педагогикалық психология бастауыш сатыда оқушылардың
эмперикалық (көрнекі - бейнелі және көрнекі - әрекеттік) ойлау түрлерінің
деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып, логикалық ойлауды да тиімді
дамыды деп есептейді”, - дей келе ұғымдар жүйесінде ойлаудың барлық түрлері
қамтылғанын атайды4. Сондай-ақ, қазақстан орта мектептерінің айқын
(басым) міндеттерінің бірі - білім мазмұнында білім, білік дағдыларды
игеруінен бірте - бірте олардың талдау, жинақтау, логикалық ойлау
қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталу қажет 5.
Проблемалық оқыту процесінде негізгі 4 саты айқын болуы керек.

1. Жалпы проблемалық жағдайды түсіну ;
2. Проблеманы нақты құра білу және оны талдау;
3. Ұсыныстар жасау, болжам жасау жолымен проблеманы шешу;
4. Проблемалық міндеттерді шешудің дұрыстығын тексеру;
Проблемалық оқытудың мәні проблемалық жағдай тудыру , оны шешуде
оқушыладың әректін басқару болып табылады.\Н.А.Сорокин.\14
Кез-келген сұрақ проблемалық бола бермейді. Мысалы,Ұлы француз
революциясы қай кезде болды? Қорғасынның салмағы қандай? т.б.
Мұндай сұрақтарға жауапты анықтамалардан, энциклопедиядан табуға
болады. Ал проблемалық жағдайды шешу жаңа білімді, жаңа ойлау әдісін
меңгеруді қажет етеді .
Проблемалық жағдай тудырудың негізгі оқу процесінде кездесетін
қиыншылықтар дамудың қозғаушы күші болып табылады. Мысалы,
қайшылықтардың біірі проблемалық міндеттерді шешуде кездесетін
оқушыларда бар білім мен жаңа фактінің сәйкес келуі болып табылады.
Қиындықтар оқушыға лайықты жас ерекшелігіне, түсінігіне сай келуі
қажет. Өте оңай, өте қиын тапсырмалар проблемалық ситуация
тудырмайды.
Зерттеуші В Оконь проблемалық ситуация тудырудың төмендегі
белгілерін тұжырымдап берген:
1. Проблемалық ситуация оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын
ынталығын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болуы керек.
2. Оқушылардың тәжірибесіне, біліміне, жасына лайықты қиыншылықтардың
болуы керек.
3. Проблема анық, дәл қойылуы қажет.
4. Проблеманы толық немесе жартылай шешу-оның дұрысын таңдай білу.
5. Бір ситуациядан екіншісіне өтуде бірізділік , әсерлілік сақталуын
көздеу керек 12.
Проблемалық ситуация теориялық қана емес, практикалық міндеттерді
шешуде де туады. Мысалы, магнит темір ұнтақтарын тартады , ал күкірттің
ұнтақтарын тартпайды , темір ұнтақтары суға батады,
күкірт батпайды. Осыны бақылағанда оқушылардың алдына ешқандай проблема
туған жоқ ,бәріі де түсінікті . Ал осы екеуінің ұнтағын қосқанда әр
қайсысы өз қасиеттерін сақтай ма?деген сұрақ туады. Міне, бұл
проблемалық жағдай . Оқушылар әртүрлі пікірлер , болжамдар жасайды .Ал
тәжірибе бұл заттар өз қасиетін сақтайтының дәлелдейді.
Проблемалық оқыту оқушыларды ғылыми ,диалектикалық ,логикалық ойлауға
,кездескен қиындықты жеңуге үйретеді. Оқу материялын дәл,қызықты болуы ,
білімнің берік болып,сенімге айналуын , ұзақ есте сақтауын қамтамасыз
етеді.
Проблемалық әдіс бойынша мұғалім сабақта дайын ғылым қорытындысын
хабарлаумен қатар, белгілі дәрежеде олардың ашылу жолын байқатады ,
проблема қою арқылы мәселенің ішкіқайшылықтырын танытады. Оны шешу үшін
болжамдар жасайды ,талдайды, қарсы сұрақтарға тойтарыс беріп
,ақиқаттылығын дәлелдеп түсіндіреді,мүмкіндігіне қарай эксперимент жасап,
дұрыстығын анықтайды, яғни мұғалім оқушыларға ақиқатқа жетудегі ой мен
әрекет қозғалысын бақылап, ғылыми- зерттеу ісіне қатысқандай әсер алады.\
М.Н.Скаткин.\ 9.
Проблемалық ситуация тудыру және шешімін табу.
Тақырыбы:Дән.
Егілген дәннен екі сабақ өніп, бірі-тамыры жердің астына қарай
өседі,өнеді, ал екіншісі сабағы-жердің үстіне ,\бетіне\ қарай өседі .Яғни
тамыры-жердің астына ,төменге, сабағы жердің бетіне , жоғарыға қарай
өседі.
Себебі не? –проблема.
Осы проблеманы шешу үшін бірнеше болжам-жауаптар берілген:
1-болжам: дәннің өсуіне мүмкіндік тудыратын жарық күшіне байланысты.
Сабағы жарыққа , тамыры жарықтан қашып,төменге, ылғалға талпынып, жердің
астына қарай өседі . Бұл болжам дұрыс емес. Себебі дән де қараңғы жерде
өсіріп көргенде де, дәл солай \тамыры жердің астына , сабағы –жердің үстіне
қарай\ өскен, ал тамырына жарық беріп өсіргенде де, дәл солай өнген.
2-болжам:дәнді айналасынан ылғалдығы бірдей ортаға егу керек,өйткені ылғал
төмен тартады.Бұл болжам да дұрыс болмаған.
3-болжам:дәннің бұлай өсуі-тұрақты горизонтта өсуіне байланысты.Осы
жағдайдың өзі салмаққа және жердің тарту күшіне әсер ете алмаған.Дән
қалай егілсе , солқалпында өскен. Бұл уақытша ғана құбылыс.
4-болжам: дәннің сабағы мен тамырының құрылысы әртүрлі , содықтан
жердің тарту күші екі жағына екі түрлі әсер етіп ,бір-біріне қарама-қарсы
жаққа қарай өсуіне мүмкіндік тудырған .
Егер оқушыларға дайын білімді хабарлау жолымен берсек , олар дайын ғылымды
игеріп ,естерінде сақтар еді де,сонымен іс бітер еді.
Ал академик Тимирязов бірден дайын ғылыми ақиқатты бермей , білімнің
ақиқатқа жету жолын көрсеткен .
Проблемалы оқытудың артықшылығы:
1. Ғылыми ақиқатты дәл , саналы түсіндіруге ,білімнің сенімге
айналуына мүмкіндік тудырады. Білім негіздерін берік меңгеруді
қамтамасыз етіп, дүниетанымын қалыптастырады.
2. Диалектикалық ойлауға,ғылыми ізденушіліктің жолына үйретеді.
3. Проблемалық оқу эмоциональды беріледі де, сабақ тартымды болып,
оқушылардың қызығушылығын , белсенділігін тудырады.
Ғалымдар проблемалық оқытудың оқушыларды тартатынын эксперимент арқылы
дәлелдеді.
Проблема- шешілуі тиіс көкейкесті мәселе,психологиялық категория.
Бұл категориялық мәнді оқыту процесінде пайдаланып,оқушы мензерттешінің
ой-әрекет құрылымын жақындату арқылы білім беру мен дамыту тәрбиелеу
мәселелерін шешу көзделеді. Шығармашылық еңбек процесі – білімді , дағдыны
қолдана білумен қатар, байланыыстыра білу,сезіну .Мақсат-оқушыларды осыған
үйрету .
Бұрыннан қолданып жүрген әдістеріміз білім алудың алғашқы сатысы.Бұлар
білім бергенімен шығармашылық әрекеті-іздеу, зерттеу жолын үйрете
алмайды.
Проблемалық оқытудың мақсаты-міндеттерінен туатын мынадай өзіндік
сипаттары бар:
1. Шешуді қажет ететін көкейкесті міндеттер қою.
2. Оқушылардың алдына шешуін талап ететін жағдай тудыру.
3. Қойылған проблеманы шешудің жорамалы жасалуы.
4. Шешімнің бірнеше жолының болы.
5. Бұларды шешуге оқушының нақты дайындығының болуы.
6. Қорытынды жасалуы .
С.Л.Рубенштейн: Ойлау не проблемадан , не ситуациядан,не танудан , не
түсінбеуден ,не қиыншылықтан туады , -деген . Олай болса оқушыларға
қойылған сұрақтардың мазмұнында білетіні мен білмейтіні қатар болуы мүмкін
17.
Пробемалық оқыту жайлы көп сөз етілді . Проблемалық оқыту ерекшелігі
өз бетінше ізденіс пен проблемалық ситуацияны шешу болып табылады.
Проблемалық оқыту шығармашылық пен қызығушылығын шындай түседі. Басқа оқу
түрлеріне қарағанда балалар қызығушылығын, шығармашылығын оятумен
ерекшеленеді. Проблемалық оқыту мынадай кезендерден тұрады:
1. Ситуация тудыру .Ситуация тудыруда есепке алынатыны,ситуация өте жеңіл
де, өте ауыр да болмауы керек.Оқушылар шешімін табатындай болуы
керек.
2. Проблемалық ситуацияны шешу.
3. Шешу кезені. Шешімін тексеру.
Проблемалық оқыту өз бетімен білм алу; шығармашылығын жетілдіру;оқуға
деген қызығушылығын оятады;ойлау қабілетін жетілдіреді.
Проблемалық оқыытудың кемшілігі:Көп уақытты қажет етеді .Қазіргі жаңа
заман таабына сай оқыту-проблемалық оқыту.Проблемалық оқыту:
1. Проблемалық оқыту.
2. Проблемалық емес оқыту болып бөлінеді.
Бұлардың айырмашылығы неде?
Айырмашылығы методологиясында, оқыту ерекшелігінде. Ал ең бастысы
оқыту структурасында. Проблемалық оқыту логикалық-психологиялық және
дидактикалық негізінен туындайды.
Проблемалық оқыту дегеніміз-мұғалім проблемалық ситуациялар
тудырып,оқушыларды осы проблеманы өз бетінше шешуге үйретеді.Проблемалық
ситуация тудырып,оны шешудің тиімді жолын мұғалім көрсетеді.
М.И.Махмутов зерттеуінде проблемалық оқытудың 5 түрлі деңгейде
болып отырғандығы былай сипатталады.
1. Проблемалық оқыту ісінде оқытудың кездестірген қиыншылық
мәселелері мұғалімнің түсінігімен тиімді.
2. Проблнмалық ситуацияларды мұғалім құрап ,оны шешуге оқушылар
қатысады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Батырлар жырын оқыту
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі
Оқытудың ғылымилық принципі
Киелі сан есімдерді қазақ тілін оқытуда пайдалану
Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдары
Пәндер